ISBN 978-601-241-059-4 12 страница

1. Жер үстi сулары. Облыстың негiзгi су көзi – Есiл өзенi. Ортакөпжылдық жылдық көл ағысы 2,23 км3 құрайды. Мұз басу қараша айының екiншi жартысында болады, мұз басудың ұзақтығы – 5 ай. Есiл суы жоғары минералдандырылған өзендерге жатады, бұл су жинақтық бассейнi климатының құрғақтығымен және өзендi суаратын жер асты суларының жоғарғы тұздылығымен айқындалады. Суды жалпы минералдандыру сабалық кезеңдерде 500-800 мг/л құрайды, су кермек. Оттегi режiмi қанағаттанарлық.

Өзеннiң су режiмi көктемгi тасқын және ұзақ мерзiмдi сабамен сипатталады. Көктемгi су тасу ұзақтығы өзеннiң жоғарғы және төменгi ағысында 1-1,5 ай және төменгi ағыс бойынша 2-3 айға созылады. Көктемгi су тасу үлесiне 86-95% жылдық ағысы жатады.

Есiл өзенiнiң үстiңгi ағысы Петропавл қаласын, Солтүстiк Қазақстан облысының елдi-мекендерiн сумен қамтамасыз ету және саяжайлық массивтердi суаруға пайдаланады. Есіл өзені Обь өзені жүйесіне жатады. Есіл Нияз каласынан бастау алады (Сарыарка) 560 м биіктікте, теңіз деңгейінің үстінде, Ертіс өзеніне құйылады. Өзеннің ұзындығы 2450 км, бұл әлемдегі екінші реттегі ең ұзын саласы; су тарту алаңы 177000 км 2, Өзеннің қайнар көзі сағаға дейін – 513 м, орташа еңісі – 21 см/км. Есіл ағысының құрылуы Қазақстандық ұсақ шоқы шегінде болады.

Есіл өзені қарды қоректену типіне жатады, ол 80 пайыздан астам жылдық ағыс береді. Өзеннің режімі анықты көктемгі су тасуымен ерекшеленеді, оның басталуы 10-12 сәуірге келеді, ал нағыз кезі – сәуірдің үшінші онкүндігіне келеді.

Облыс шегiнде өзен арнасы Петропавл және Сергеевка су қоймаларымен реттелген. Жоба бойынша екi су қоймасының толық сыйымдылығы 712,2 млн. м3 құрайды, олардан Сергеевкалық – 693 млн. м3, Петропавлдық – 19,2 млн. м3.

Сергеевка су торабы (Петропавл қаласынан жоғары 175 км Есіл өзені ағысының ортасында орналасқан) көп жылдық реттеу ағысының су қоймасын құрайды, үлкенірек толық деңгейде – 138,0 м, ағыс бойынша жоғары қарай 100 км жалғасады. Толық көлемі – 693 млн. м3, пайдалы – 635 млн. м3. Су қоймасын толтыру су тасқыны кезінде 1970 жылы атқарылды. Сергеевка су торабы су қоймасымен 1969 жылдан бастап бар.

Петропавлдық маусымдық реттеу су торабымен су қоймасы Есіл өзенінің орташа ағысында Петропавл қаласына жақын орналасқан, іске 1973 жылдан бастап енгізілген. Осы су қоймасы, Сергеевка су қоймасы Сергеевка су қоймасының сарқырамасында жұмыс істей отыра, бірыңғай су шаруашылық кешенін құрайды, ол шаруашылық-ауыз су және техникалық қамтамасыз ету үшін арналған.

Су қоймалары сарқырамада жұмыс iстей отыра, бiрыңғай су шаруашылық кешенiн құрайды, олар шаруашылық-ауыз су және техникалық сумен қамтамасыз ету үшiн арналған.

Солтүстiк Қазақстан облысы Қазақстанның өзендермен ең бай аймағы болып табылады. Мұнда аумақ ландшафтысының бөлiнбес құрамы ретiнде 2,3 мыңға жуық кiшi көлдер саналуда. Көлдер су айдынының жалпы көлемi 340 мың га жетедi, су көлемi – 4,5 млрд. м3 жуық. Көлдердiң ең үлкен тереңдiгi 1,5-3,0 метр құрайды.

Ағынсыз сулардың бар болуы су тарту алаңдарының болуымен белгiленедi немесе су тартулармен. Баланстың кiрiс бөлiгi – бұл негiзiнен атмосфералық жауыншашындар, олар су айдынына түседi (жылына 350 мм), және сулар, су тарту алаңынан көлге түсетiн, жиi жер асты ағындысы қосылады. Баланстың шығындық бөлiгi ашық су бетiнiң булануынан құралады (жылына 650-700 мм жуық буланады). Сонымен, су тарту көлдiк экожүйенiң бөлiнбес бөлiгi болып табылады.

Су тарту алаңдары әр түрлi, бiрақ негiзiнен олар 3-5 рет көлдердiң акваториясынан асып кетедi, бұл жазықтар үшiн тән.

2. Жер асты сулары. Солтүстiк Қазақстан облысында жер асты суларының 20 жуық саны есептелуде, олар бұрғылау және скважиналарды орналастыру жолымен елдi мекендердi сумен қамтамасыз етудiң баламалы көздерi ретiнде пайдаланады.

Есiл өзенi су тарту алаңының ауданында жер асты суларының болжамдық көлемi 85,1 млн. м3/жылына құрайды.

Жалпы облыс бойынша тұрғындардың 53,5% ашық көзден құбырлық сумен қамтамасыз етiлген, 18,5% - жер асты көзiнен құбырлы сумен, облыс тұрғындарының 26,2% орталықтандырылған көздерден су пайдаланады, 1% әкелiнген су пайдаланады, 0,8% ашық тоғандардан су пайдаланады.

Өнеркәсіп. 2009 жыл бойынша облыстың өндірістік кәсіпорындары (шағын, қосалқы кәсіпорындар мен үй шаруашылығы секторын қоса есептегенде) қолданылып жүрген бағалармен 76 832,9 млн.теңгеге өнім өндірді, ол 2008 жылғыдеңгейі 5,1 пайызға жоғары.

Өнеркәсіп өндірісі құрылымында барынша үлес алатын (76,3 пайыз) өңдеу өнеркәсібінде 2009 жылда 58 618,9 млн.теңгеге өнім өндірілді, бұл 2008 жылдың деңгейінен 3,2 пайызға жоғары.

2009 жылда 34 087,7 млн.теңгеге тамақ өнімдері өндірілді, ет консервілер өндірісі — 22,4 пайызға, ет және тағамдық өнімдер — 7,6 пайызға, шұжық өнімдері — 7,1 пайызға, тазартылмаған рапс майы — 7,9 пайызға, этил спирты 2,0 есеге ұлғайды.

Өңдеу өнеркәсібі көлемінің 27,6 пайызын алатын машина жасау саласында 16 177,2 млн. теңге сомаға өндірістік сипаттағы қызмет көрсетілген, бұл 2008 жылғы көлемінен 27,7 пайызға жоғары. Мамандырылған автомобильдер — 2,2 есеге, сұйықтарды айдауға арналған орталықтан тепкіш сорғылар (2,4 есеге) және ауылшаруашылық үшін машина бөлшектері (21,4 пайызға), мұнай өңдеу жабдықтары (3,5 есеге), мұнай (82,5 пайызға) өндірісі ұлғайған.

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде 1 372,1 млн.теңгеге өнімі өндірілді.

Өзге металл емес минералды өнімдер өндірісінде 1 233,3 млн.теңгеге өнім өндірілді.

2009 жыл бойынша электр қуат, газ, су өндіру мен бөлудің көлемі 2008 жылдың деңгейімен салыстырғанда 5,9 пайызға ұлғайды және 17 939,4 млн.теңгені құрады.

Облыстың индустриялық — инновациялық дамуы аясында 3,5 млрд. теңгеге, 6 инвестициялық жобалары іске асырылды, 295 жаңа жұмыс орындары құрылды.

Қазіргі уақытта 4,0 млрд.теңгеге сомасына алты жобаның іске асырылуы және 700 жаңа жұмыс орындары құруын жоспарлайды: соның ішінде бір жоба тау-кен өнеркәсібінде; екеуі — құрылыс материалдар өнеркәсібінде, үшеуі — машиножасау саласында.

Ауыл шаруашылығы. 2009 жыл бойынша облыста ауыл шаруашылық өнімінің жалпы көлемі 238,3 млрд. теңгені, нақты көлем индексі 2008 жыл-деңгейінен 114,2 пайызды құрайды.

Облыс экономикасының аграрлық саласын дамытудағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру аясында 2009 жылы республикалық бюджеттен 4,6 млрд. теңге қаржы ресурстары бөлініп, игерілген.

Жерді пайдаланудың экономикалық нәтижесін арттыру мақсатында 2,9 млн. га егістікте нөлдік және минималдық топырақты өңдеуі дәнді — дақылдар өсіру жаңа ресурс сақтандыру технологиясымен орындалуда, немесе 74 пайыз бүкіл дәнді дақылдар егістігі, бұл 2008 жылғы-деңгейден 1,4 есеге артық.

2009 жыл бойынша астықтың жалпы түсімі бункерлік салмағымен 6,4 млн.

теңгені 16,6 центнер астық гектардан құрайды немесе 28% 2008 жылдын-деңгейіне құрайды.

2010 жылғы егістікке 546,2 мың.тонна жақсы дәнді дақылдар тұқымы салынды, бұл облыс шаруашылықтарының толық қажеттілігін қамтамасыз етеді. Сақтауға салынған бүкіл тұқымдар сұрыпталған және аудандырылған.

2009 жыл бойынша астықтың 1 003,7 мың. тоннасы, одан бидай — 868,7 мың. тонна, арпа — 135,0 мың.тонна экспортталды. Сонымен қатар, рапс тұқымының майы — 33,9 мың. тонна, ұн — 300,7 мың тонна экспортталды. Елдің басқа өңірлеріне астық жеткізілімі 1 745,2 мың тоннаны құрады, бұл 2008 жылдың сәйкес кезеңінен 36 пайызға үлкен.

Құнарлықты ұлғайту үшін топыраққа 37 мың. тонна минералдық тыңайтқыштар және қызмет ететін заттқа дәнді дақылдар егістігі 4,8 кг бойынша гектраға енгізіледі, торлық алқапқа олардың енгізілуі жалғастыруда.

2009 жыл бойынша агросубъектілермен жалпы сомасы 17,7 млрд. теңгеге қазіргі заманға сай ауыл шаруашылық техникасының 1 157 бірлігі сатып алынды, соның ішінде «КазАгроФинанс» АҚ арқылы қаржылық лизинг шарттары бойынша — 4,1 млрд. теңгеге 223 бірлігі.

Мал шаруашылығын интенсификациялау бойынша қолданылған шаралар нәтижесінде мал, құс және өнім өндірудін барлық түрлерін дамытудың оң үрдісі сақталады. 2009 жыл бойынша ет — 96,2 мың тонна тірі салмақта 2,0% өсуімен 2008 жылдың сәйкес кезең деңгейіне қарағанда өндіріліп, сүт — 573,3 мың. тонна (4,7%), жұмыртқа — 305,6 млн. дана (17,3%), жүн — 789,5 тонна (4,5%) артық шығарылды. Осы кезеңде ірі қара мал саны 2,2%, ешкі мен қой — 5,9%, жылқы — 3,7%, шошқа — 5, 8% және құс — 12,8% өсті.

Әрекеттегі нысаналы өңірлік бағдарламаларды іске асыру аясында ірі инновациялық, жоғары технологиялық өндірісті игеру бойынша инвестициялық жоспарларды іске асыру есебінен саланы индустриализациялауға және әртараптандыруға бағытталған жүейлі жұмыс жүргізілуде.

Тайынша ауданындағы «Баско» компаниясымен пайдалануға берілген 50 мың басқа арналған шоқа кешенінің бірінші кезегі жұмыс істейді. Жылдық қуаттылығы 9,0 мың тонна ірі ет өнімін өңдеу комбинаты, сондай-ақ 210 мың. тоннаға арналған құрама жем зауыты салынып жатыр. «ҚазАгроФинанс» АҚ арқылы «Қазэкспортастық" холдингімен, «Тайынша — Астық" ЖШС жаңа заманғы шетел технологиясы бойынша 1000 басқа ірі сүт кешенінің құрылысы жалғасуда, бірінші кезектегі сүт кешені сиыр қорасының құрылысы аяқталды.

«M.A.D. Corporation» израиль фирмасы «Петропавл бройлер фабрикасы» ЖШС бірлесіп, қуаттылығы жылына 15,8 мың тонна бройлер еті құс фабрикасының қалпына келтіру жобасын іске асырып жатыр. Құс фабрикасының бірінші корпусы пайдалануға енгізілген. Құс фабрикасының бірінші кезегі пайдалануға берілді, қазіргі уақытта өнім дүкендерде сатылды. Құс сою цехы 2009 жылы іске қосылды, жаңа инкубатордың салуы басталды.

«Зенченко и К» командиттік серіктестікте Канададан мал әкеліп 800 басқа арналған сүт кешені қызмет істейді, 2009 жылы бір сиырдан 7000 кг сүт сауымы алынды.

Шағын кәсіпкерлік. Облыста 1 желтоқсанға 4 543 шағын бизнес кәсіпорыны тіркелді, соның ішінде жұмыс істейтіндер 2 648 немесе барлық санынан 58,3%.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмыс істейтін кәсіпорындардың айтарлықтай саны саудаға — 38,8%, ауыл шаруашылығына -18,4%, өнеркәсіпке — 9,1% келеді.

Инфляция. Облыста 2009 жыл бойынша инфляция-деңгейі — 5,9%, құрады, бұл орташа республикалық деңгейінен 0,3% төмен. 2009 жылдың деңгейінен азықтүлік тауарлары — 2,7 пайызға ұлғайды, азық-түлік емес тауарлар 8,1%-ға қымбаттады, ақылы қызметтер 8,5%-ға өсті (Республика бойынша — 3,0%, 8,6%, 8,4%-ға сәйкесінше).

Негізгі капиталға инвестициялар. 2009 жылғы қаңтар-желтоқсан айларындағы қайта есептеумен негізгі капиталға инвестициялар көлемі 47226,2 млн.теңгені құрады, бұл 2008 жылдың қаңтар-желтоқсан қарағанда 108,2% құрайды.

Инвестиция көлемінің 46,8% құрылыс-монтаж жұмыстарына, 49,1% машина және құрал-жабдықтар сатып алуға келеді.

Кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың меншіктік қаражаттары (46,4%), қарыз қаражаты (18,9%), бюджеттік қаражат (32,9%) және шетелдік инвестициялар (1,8%) инвестицияларды қаржыландырудың көздері болып табылады.

Ауыл шаруашылығы, аңшылық және орман шаруашылығы (жалпы көлемнен 28,7%), өнеркәсіп (28,3%), көлік және байланыс (17,0%), жылжымайтын мүлікпен операциялар, тұтынушыларға жалға беру және қызмет көрсету (8,0%) негізгі капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар болып табылады.

Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданын әлеуметтік-экономикалық дамыту проблемалары:

Тау металлургиялық саласының технологиясын жетілдіру;

Егін алқаптарының құрылымын жетілдіру;

Топырақты сақтау жүйесін және ауыспалы егістік енгізу негізінде

ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыру;

Малдар санын ұлғайтып мал азығы базасын нығайту;

Табиғи шабындықтар мен жайылымдықтырды дұрыс пайдалану.

Тақырыпты игеруді бақылау сұрақтары

1. Солтүстік Қазақстанның табиғи-экономикалық әлеуеті.

2. Аймақтың мамандандырылу бағыты.

3. Аймақтың ҚР экономикасындағы орны.

4. Аймақ облыстары экономикасының жағдайы.

5. Казіргі кездегі аймақ экономикасын дамыту проблемалары.

6. Аймақтың болашақтағы даму жолдары.

13 тарау. Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтары

Арнайы экономикалық аймақтар экономикалық өсу нүктесі болып табылады және өзінің орналасқан өңірдің және елдің барлық экономикасына оң әлеуметтікэкономикалық әсер береді.

Бүгінгі күні Қазақстанда 10 арнайы экономикалық аймақ құрылды, оларды шартты түрде үш негізгі мынадай топқа бөлуге болады:

1) өнеркәсіп-өндірістік аймақтары – «Ақтау теңіз порты», «Оңтүстік», «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі», «Астана-жаңа қала» индустриялық кіші аймағы бөлігінде, «Сарыарқа», «Қорғас-Шығыс қақпасы» және «Тараз химиялық паркі».

2) қызмет көрсетуші – «Бурабай» және Астана-жаңа қала» индустриялық кіші аймағы бөлігінде.

3) техника-енгізетін аймақ – «Инновациялық технологиялар паркі».

Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламада арнайы экономикалық аймақтардың қызметін мониторинг жүргізу шеңберінде 3 нысаналы индикаторларға қол жеткізу қарастырылған:

Нысаналы индикаторлары Жоспар (2008 жылдан 2012 жылға дейін) Нақты (2008 жылдан 2012 жылғы қыркүйекке дейін)
1. АЭА аумақтарында тауарларды және қызметтерді    
  (жұмыстарды) өндіру көлемін арттыру    
2. АЭА қатысушылар санын ұлғайту    
3. АЭА аумағында өндіріске инвестицияларды арттыру    

АЭА қызметінің нәтижесінде инвестицияларды тартудың маңызды бір құралы ретінде өзінің тиімділігін көрсетті.

Жалпы соңғы бес жылда статмәліметке сәйкес белсенді жұмыс жасап жатқан АЭА аумағында өзінің жобаларын іске асырып жатқан кәсіпорындар негізгі капиталға 428 млрд. теңге инвестиция салды, бұл жоспарлы көрсеткіштен 70% артпайды.

Өз кезегінде инфрақұрылымды салуға мемлекет 90 млрд. теңге бюджеттік қаражат салды. Нәтижесінде салынған бюджеттік 1 теңгеге 4 теңгеге жуық жеке инвестициялар тартылды.

Төрт АЭА аумағындағы кәсіпорындар 202,4 млрд. теңге сомасына өнім өндірді. Өнім шығару көлемі бойынша көшбасшы болып:

«Ақтау теңіз порты» АЭА – 104 млрд.тг.

«Астана – жаңа қала» АЭА – 72 млрд.тг.

«ИТП» АЭА – 6,5 млрд.тг.

«Оңтүстік» АЭА – 1,5 млрд.тг.

10 АЭА аумағында 492 қатысушы тіркелген.

Жобалар:

Қазіргі таңда 8 АЭА алаңдарында (Қорғас және Химиялық парк Таразды қоспағанда) 60 өндірістер іске асырылуда:

- «Астана – жаңа қала» Индустриялық аймағында 41 жоба іске асырылуда оның ішінде 7 эксплуатацияға еңгізілген. 2012 жылдың желтоқсан айында Елбасының қатысуымен 5 жаңа өндіріс салтанатты түрінде жұмысын бастады- электровоз өндірісі және фотоэлектрлік модульдарды дайындау бойынша өндіріс, құрылыс материалдар өндірісі бойынша, полиэтилен бұйымдары және үйқұрылыс комбинаттары бойынша өндіріс;

- «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА 145 қатысушы тіркелген, оның ішінен 15-АЭА аумағынан тыс жерде орналасқан (эксаумақты). Аса табысты кәсіпорындар: Delta IT-күш құрылымына арналған байланыс құралдарының өндірісі, Alpha Network талшық-оптикалық байланыс жүйесінің бөліктерін шығаратын көшбасшылардың бірі, пассивті бөліктірді шығарады, Қазақтелекомды қамтитын LS Network құрамына кіреді;

- АЭА «Ақтау теңіз порты» 47 қатыскшы тіркелген, 5 жоба іске асырылған. 2013 жылы 3 жоба (Бұл экологиялық таза отын және полимерлер синтезін өндіретін зауыты, болат шығаратын металлургиялық зауыт, қысымы төмен полиэтеленнен құбыр шығаратын зауыты) эксплатацияға енгізу жоспарланған, 19 жоба жоспарлану сатысында.

- «Оңтүстік» АЭА 23 қатысушы тіркелген, 3 жоба іске асырылған оның ішінде 2012 жылдың қараша айында қағаз өндіру жобасы эксплуатацияға еңгізілген. 2013 жылы 4 жобаны эксплуатацияға енгізу жоспарланған («Конвеерлер ағыны бар тігін фабрикасы және қолданбалы материалдарды шығаруға арналған цех»; «Картон қағазын және 3-5 қабат гофрокартон шығару проектсісі»; «целлюлоз-қағазды өнім өндіру жобасы»; «Клем шығару проектісі»).

- «Бурабай» АЭА 2 қатысушы тіркелген, 2012 жылдың желтоқсан айында «Burabay Lake Resorts Hotel» туристік ойын-сауық кешен құрылысының жобасы іске асырылған.

- «Мұнай химиялық паркі» АЭА 31 қатысушы тіркелген, 1 жоба іске асырылуда-Атырау облысында интегралданған газ-химиялық кешенінің құрылысы.

- «Сарыарқа» АЭА 53 қатысушы тіркелген, 5 жоба іске асырылуда, оның ішінде 2013 жылдың 1 тоқсанында 1 жоба эксплуатацияға еңгізіледі-интерактивтік жабдықтар шығару зауыты. 6 компания нольдік циклдың құрылысын бастауға дайындалуда.

- «Павлодар» хлор-сілті өнімдерін шығаруға арналған АҚ «Каустик» кәсіпорны бар.

2012 жылдың нәтижесі бойынша келесі нәтижелерге қол жеткізілді:

Біріншіден, арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары саны және іске қосылып жатқан инвестициялық жобалардың саны өсуде. Екіншіден, АЭА аумақтарында негізгі капиталға инвестициялар көлемі өсуде, бірақ оның қарқыны 2012 жылы болжамғандай өткен екі жылдан кем болады.

АЭА дамуына әсер ететін негізгі сұрақтар: инфрақурылыммен қамтамас ету, кәсіби басқарма және заңнамаларды жетілдіру.

1. АЭА қамтамасыз ету заңнамасы

Қазіргі уақытта Қазақстанда АЭА қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп жатқандығын айта кеткен жөн.

2011 жылы әр түрлі мемлекеттік қолдау шараларын қарастыратын «АЭА туралы» жаңа Заң қабылданды.

Заңды жүзеге асыруда Үкіметтің 11 қаулысы және АЭА толық жұмыс істеуі үшін қажетті ИЖТМ-нің 6 бұйрығы қабылданды.

«АЭА туралы» Заңның қабылдануымен:

Шетелдік жұмыс күшін тартуға оңайлатылған тәртіп енгізілді;\

Бірінші рет «экстерриториалдылық» қағидасы 2015 жылға дейін «ИТП» АЭА үшін қолданды: «ИТП» АЭА қатысушылары АЭА-тан тыс жерде бола алады және салық преференцияларын пайдалана алады (НДС және кедендік баж салығын қоспағанда).

АЭА қатысушылары ұжымдық жеке табыс салығынан, мүліктік салықтан, жер салығы, жер участкаларын пайдалану құқығы үшін төлемнен және кедендік баж салықтарынан босатылады.

«Ортақ терезе» қағидасы бойынша инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы қарым-қатынас қызсеттері жүзеге асырылуда.

2011 жылдың қазаннан бастап «Инновациялық технологиялар паркі», «Ұлттық индустриялды мұнай-химиялық технопаркі», «Астана-жаңа қала», «Морпорт-Ақтау», «Бурабай», «Оңтүстік» АЭА аумағында АЭА қатысушыларына қызмет көрсету уақыты мен сапасын жақсарту мақсатында Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс атқарады.

Инфрақұрылымның аяқталмауы инвесторларды тартудағы кедергілерге байланысты. Толықтай алғанда, АЭА инфрақұрылымның құрылысын қаржыландыруға бюджеттен 90 млрд.тг. бөлінді.

Бүгінгі күнге:

- «Оңтүстік» АЭА инфрақұрылымы толық аяқталды (бюджеттен 8,2 млрд. теңге бөлінді).

- «Бурабай» АЭА аяқталу сатысында (дайындығы – 85%), электр қамтамасыз ету, су құбыры және канализация мәселелері қалды (бюджеттен 14,8 млрд. теңге бөлінді).

- «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА бойынша ТЭН түзетумен ЖСҚ инфрақұрылым құрылысымен жетілдірілуде (бюджеттен 7,4 млрд. теңге бөлінді).

- «Морпорт-Ақтау инфрақұрылымдың дайындығы 10 % құрайды (бұл 2000 га –дан 196 га). Бүгінге 6 субаймақтан 3ші субаймақтың жұысы аяқталып, 1ші субаймақтың жұмысы басталды. Бюджеттен 6,1 млрд. тенге бөлінген. АЭА инфрақұрылымын құруға 2013-2015 жылдарға 4,9 млрд. теңге қаражаты қарастырылған. АЭА «Ақтау теңіз портының» 1ші субаймағының инженерлі инфрақұрылымын құруға 2012 жылы 1 032 млрд. теңге қаражаты бюджеттен бөлінген.

- «Астана-жаңа қала» бірінші индустриялық парк инфрақұрылымының 90 % аяқталды (бюджеттен 147,3 млрд. теңге бөлінді). Қазір күн тәртібінде 2012 жылғы мамырға АЭА аумағына қосылған 2-ші Индустриялық паркі (433 га) инфрақұрылымының құрылысын қамтамасыз ету мәселесі тұр.

- «Ұлттық индустриялды мұнай-химиялық технопаркі» АЭА бойынша Мұнай және Газ Министрлігімен ТЭН инфрақұрылым құрылысының жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, бұл жұмыс 2013 жылы аяқталуға жоспарланған (оның ішінде ЖСҚ әзірлеуіне және интегралданған газохимиялық кешенінің инфрақұрылымының жеке объктілерінің құрылысын бастауыға арналған газохимиялық кешеннің инфрақұрылым объектілерін құруға 14 млн. теңге бюджеттік несие).


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: