Тесттік тапсырмалар

Тест №1. Төменде келтірілген препараттар ішінен селективті бета 2- адреномиметикті таңдаңыз:

1.Изадрин

2.Кетотифен

3.Зафирлукаст

4.Сальбутамол

5.Эуфиллин

Тест №2. Бронх өткізгіштігі бұзылыстары синдромында қабынуға қарсы препараттар ретінде қолданылады:

1.Глюкокортикоидтар

2.Антигистаминді препараттар

3.Антибактериальды препараттар

4.Бета 2- адреномиметиктер

5.Пролонгирленген теофиллиндер

Тест №3. Бронх демікпесінде ингаляция түрінде қолданылатын глюкокортикоидтар тобының препараты:

1.Преднизолон

2.Зафирлукаст

3.Беклометазон дипропионаты

4.Ипратропия бромиді

5.Кромолин-натриі

Тест №4. Бронхообструктивті синдромның алдын-алу және ұстамасын басу үшін қолданылатын жұптастырылған препарат, сонымен қатар балалар практикасында:

1.Кромолин-натриі

2.Формотерол

3.Тиотропий бромиді

4.Метацин

5.Беродуал

Тест №5. Балалар тәжірибесінде қолданылатын миотропты бронхолитик:

1.Кромолин-натриі

2.Сальметерол

3.Эуфиллин

4.Метацин

5.Тиотропий бромиді

Тест №6. Бронх демікпесінің ұстамасын тоқтату үшін қолданылады:

1.Изадрин

2.Сальбутамол

3.Метацин

4.Тиотропий бромиді

5.Преднизолон

Тест №7. Бронх демікпесінде қолданылатын аллергияға қарсы зат:

1.Тиотропий бромиді

2.Изадрин

3.Эуфиллин

4.Кетотифен

5.Беродуал

Тест №8. Бронхтардың М-холинорецепторларын тежеу нәтижесінде бронхоспазмды басады:

1.Эуфиллин

2.Дексаметазон дипропионаты

3.Зафирлукаст

4.Ипратропий бромиді

5.Формотерол

Тест №9. Кромолин натрий және недокромилді қолданылады:

1.Бронхообстуктивті синдромды басу үшін

2. Бронхообстуктивті синдромның алдын алу үшін

3. Бронхообстуктивті синдромның алдын алу және ұстаманы басу үшін

4.Тыныс жетіспеушілігін емдеу үшін

5.Сурфактант синтезін ынталандыру үшін

Тест №10. Фенотерол, бронхолитикалық әсерден басқа, көрсетеді:

1.Миотропты спазмолитикалық

2.Гипертензивті

3.Токолитикалық

4.Қабынуға қарсы

5.Аллергияға қарсы

«Тыныс алу жүйесі» модулі бойынша СОӨЖ арналған әдістемелік нұсқаулар

№1 сабақ.

1.Тақырыбы: «Тыныс жетіспеушілігінде қолданылатын заттар. Балаларда қолдану ерекшеліктері»

2.Мақсаты: тыныс жетіспеушілігінде, соның ішінде балалар тәжірибесінде, қолданылатын заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының негізгі заңдылықтары бойынша білімді қалыптастыру, тыныс жетіспеушілігі кезінде тиімді фармакотерапияны қамтамасыз ету мақсатында препараттарды таңдай білу.

3. Оқыту міндеттері:

1. Тыныс жетіспеушілігінде, сонымен қатар балалар практикасында қолданылатын заттардың жалпы сипаттамасын, әсер ету механизмін және негізгі фармакологимялық әсерлері туралы білімді қалыптастыру.

2. Емнің тиімділігін арттыру мақсатында тыныс жетіспеушілігінде, сонымен қатар балалар практикасында қолданылатын дәрілік заттарды таңдау принциптері туралы білімді қалыптастыру.

3. Тыныс жетіспеушілігінде қолданылатын заттардың дәрілік қалыптарын таңдауды, оларды қабылдау тәсілдеріне және рецептте жазу дағдыларына үйрену.

4. Тыныс жетіспеушілігінде, сонымен қатар балалар практикасында қолданылатын дәрілік заттардың қолдануға қарсы көрсетулерін анықтауға үйрену, жағымсыз жанама әсерлерін ажырата білу және оларды дер уақытында реттеу.

5. Негізгі фармакологиялық әсерлерін күшейту үшін дәрілік заттардың жұптасуын таңдауды немесе кейбір препараттардың жағымсыз жанама әсерлерін жоюды үйрену

4. Оқыту әдістері: барлық сұрақтар бойынша кеңес беру, тақырыпты өз бетінше оқу, жағдайлық есептерді шешу, кестемен жұмыс істеу, өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмаларды орындау, электрондық материалдармен жұмыс істеу, кіші топтарда жұмыс істеу.

5.Тақырып бойынша тапсырмалар:

1. Тыныстың жедел жетіспеушілігінде, сонымен қатар балалар тәжірибесінде, қолданылатын заттардың жіктелуі.

2. Этил спирті, әсер механизмі, қолдану ерекшеліктері.

3. Наркотикалық анальгетиктер, жедел тыныс жетіспеушілігі кезінде қолдану ерекшеліктері, препараттардың сипаттамасы.

4. Артериялық қысымды төмендететін заттар (ганглиоблокаторлар, азот тотығының донаторлары, зәр айдайтын заттар және т.б.), жедел тыныс жетіспеушілігі кезінде қолдану көрсеткіштері.

5. Сурфактант препараттары, қолдану ерекшеліктері, препараттардың салыстырмалы сипаттамасы.

6. Сурфактант синтезін ынталандыратын заттар, әсер механизмі, қолданылуы, жанама әсерлері.

6. Қолданылатын материалдар: кестелер, жағдайлық есептер, өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмалар, үлгілер, суреттер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Фармакология: оқулық /Д.А. Харкевич; жауапты редактор С.Б.Сламжанова. – 11ші басылым және толықтырылған. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2014. - 784 б.

2. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.-608 б.

3. Машковский М.Д. Лекарственные средства. – 16-е изд., перераб., испр. и доп. - М. Новая волна: издатель Умеренков, 2012.- 1216 б.

Қосымша:

1. Клиническая фармакология: Учебник, 4-е издание, перераб. и доп.\ Под ред. В.Г.Кукеса.– М: ГЭОТАР-МЕДИА, 2009, - 1056 б.

2. Клиническая фармакология. \Под ред.Ю.Б.Белоусова, В.Г. Кукеса, В.К. Лепахина, В.И. Петрова. – М: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014. – 976 б.

3. Венгеровский А.И. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров: уч. пособие.-М.: Гэотар-Медиа. 2012.- 726 б.

4. Р.Н. Аляутдина. Фармакология.4-е изд. перераб. и доп. «ГЭОТАР-МЕД». 2013.- 832 б.

5. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии. \Под ред. Д.А. Харкевича, «ГЭОТАР-МЕД». 2012.- 488 б.

Бағдармалық препараттар: этил спирті, фуросемид, бензогексоний, маннит, пентамин, натрий нитропруссиді, нитроглицерин, морфин, фентанил, таламонал, экзосурф (сурфактант препараты)

8. Бақылау

Өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмалар:

Тест №1. Тыныс жетіспеушілігінің (өкпе ісінуі) фармакотерапиясы үшін қолданылады:

1.Ганглиоблокаторлар

2.М-холиномиметиктер

3.Наркотикалық анальгетиктер

4.Зәр айдайтын заттар

5.Альфа-адреноблокаторлар

Тест №2. Тыныс жетіспеушілігінде көбік басушы зат ретінде қолданылады:

1.Этил спирті

2.Морфин

3.Маннит

4.Нитроглицерин

5.Пентамин

Тест №3. Натрий нитропруссиді өкпе ісінуінде қолданылады, себебі:

1.Кіші қан айналым шеңберінде қысымды төмендетеді

2.Кіші қан айналым шеңберінде қысымды жоғарлатады

3.Диурезді күшейтеді

4.Кардиотоникалық әсер көрсетеді

5.Көбік басушы әсер көрсетеді

Тест №4. Препаратты аңықтаңыз: антисептикалық және дезинфициялаушы зат хирургтың қолын өңдеу үшін, операциялық аймақты және хирургиялық инструменттерді дезинфекциялау үшін қолданылады. Сонымен қатар, альвеолаларда транссудаттардың беткейлік тартылуын азайтады, сондықтан тыныс жетіспеушілігінде қолданылады:

1.Нитроглицерин

2.Морфин

3.Фуросемид

4.Бензогексоний

5.Этил спирті

Тест №5. Жедел тыныс жетіспеушілігінде фуросемид қолданылады:

1.Бронхолитикалық зат ретінде

2.Кардиотоникалық зат ретінде

3.Қабынуға қарсы зат ретінде

4.Диуретик ретінде

5.Көбік басушы ретінде

Тест №6. Тыныс жетіспеушілігінде шеткі қан тамырларының кеңеюі нәтижесінде кіші қан айналым шеңберінде қысымды төмендететін препараттарға жатады:

1.Маннит

2.Бензогексоний

3.Пентамин

4.Натрий нитропруссиді

5.Нитроглицерин

Тест №7. Нәрестелерде тыныстың жедел жетіспеушілігінде (респираторлы дистресс-синдромда) қолданылатын сурфактант препаратын атаңыз:

1.Фентанил

2.Пентамин

3.Этил спирті

4.Экзосурф

5.Таламонал

Тест №8. Нәрестелерде тыныстың жедел жетіспеушілігінде (респираторлы дистресс-синдромы) қолданылатын препараттарды атаңыз:

1.Фуросемид, нитроглицерин

2.Натрий нитропруссиді, морфин

3.Дексаметазон, экзосурф

4.Маннит, пентамин

5.Этил спирті, бензогексоний

Тест №9. Сурфактант синтезін ынталандыратын заттарға жатады:

1.Дексаметазон

2.Экзосурф

3.Трийодиронин

4.Бромгексин

5.Эуфиллин

Тест №10. Балаларда тыныс жетіспеушілігін емдеу үшін қолданылатын миотропты спазмолитикалық препарат:

1.Нитроглицерин

2.Фуросемид

3.Бензогексоний

4.Натрий нитропруссиді

5.Эуфиллин

№2 сабақ

1. Тақырыбы: «Қақырық түсіретін заттар. Жөтелге қарсы заттар. Балаларда қолдану ерекшеліктері»

2.Мақсаты: Қақырық түсіретін және жөтелге қарсы заттардыңфармакокинетикасы мен фармакодинамикасының негізгі заңдылықтары бойынша білімді қалыптастыру, тыныс алу жүйесі патологияларында тиімді фармакотерапияны қамтамасыз ету мақсатында препараттарды таңдай білу.

3. Оқыту міндеттері:

1. Қақырық түсіретін және жөтелге қарсы заттардың жалпы сипаттамасын, әсер ету механизмін және негізгі фармакологимялық әсерлері туралы білімді қалыптастыру.

2. Емнің тиімділігін арттыру мақсатында қақырық түсіретін және жөтелге қарсы дәрілік заттарды таңдау принциптері туралы білімді қалыптастыру.

3. Қақырық түсіретін және жөтелге қарсы заттардың дәрілік қалыптарын таңдауды, оларды қабылдау тәсілдеріне және рецептте жазу дағдыларына үйрену.

4. Қақырық түсіретін және жөтелге қарсы дәрілік заттардың қолдануға қарсы көрсетулерін анықтауға үйрену, жағымсыз жанама әсерлерін ажырата білу және оларды дер уақытында реттеу.

5. Негізгі фармакологиялық әсерлерін күшейту үшін дәрілік заттардың жұптасуын таңдауды немесе кейбір препараттардың жағымсыз жанама әсерлерін жоюды үйрену

4. Оқыту әдістері: барлық сұрақтар бойынша кеңес беру, тақырыпты өз бетінше оқу, жағдайлық есептерді шешу, кестемен жұмыс істеу, өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмаларды орындау, электрондық материалдармен жұмыс істеу, кіші топтарда жұмыс істеу.

5.Тақырып бойынша тапсырмалар:

1. Қақырық түсіретін және жөтелге қарсы заттардың жіктелуі

2. Рефлекторлы және тікелей әсер ететін қақырық түсіретін заттардың механизмі

3. Муколитиктердің әсер механизмі, қолдану ерекшеліктері

4. Қақырық түсіретін заттардың қолдануға көрсетілулері, жанама әсерлері

5. Орталыққа және шетке әсер ететін жөтелге қарсы заттардың әсер механизмі.

6. Жөтелге қарсы заттардың қолдану ерекшеліктері.

7. Жөтелге қарсы заттардың жанама әсерлері.

6. Қолданылатын материалдар: кестелер, жағдайлық есептер, өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмалар, үлгілер, суреттер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Фармакология: оқулық /Д.А. Харкевич; жауапты редактор С.Б.Сламжанова. – 11ші басылым және толықтырылған. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2014. - 784 б.

2. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.-608 б.

3. Машковский М.Д. Лекарственные средства. – 16-е изд., перераб., испр. и доп. - М. Новая волна: издатель Умеренков, 2012.- 1216 б.

Қосымша:

1. Клиническая фармакология: Учебник, 4-е издание, перераб. и доп.\ Под ред. В.Г.Кукеса.– М: ГЭОТАР-МЕДИА, 2009, - 1056 б.

2. Клиническая фармакология. \Под ред.Ю.Б.Белоусова, В.Г. Кукеса, В.К. Лепахина, В.И. Петрова. – М: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014. – 976 б.

3. Венгеровский А.И. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров: уч. пособие.-М.: Гэотар-Медиа. 2012.- 726 б.

4. Р.Н. Аляутдина. Фармакология.4-е изд. перераб. и доп. «ГЭОТАР-МЕД». 2013.- 832 б.

5. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии \Под ред. Д.А. Харкевича, «ГЭОТАР-МЕДИА». 2012.- 488 б.

Бағдармалық препараттар: термопсис шөбінің тұндырмасы, калий йодиді, бромгексин гидрохлориді, амброксол, кристаллды трипсин, ацетилцистеин, кодеин, глауцин гидрохлориді, тусупрекс, либексин

8. Бақылау

Өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмалар:

Тест 1. Қақырық түсіретін заттар:

1. Амикацин, бензогексоний

2. Меропенем, амброксол

3. Левофлоксацин, бактрим

4. Экзосурф, бромгексин гидрохлориді

5. Термопсис шөбінің тұндырмасы, калий йодиді

Тест 2. Рефлекторлы әсер ететін қақырық түсіретін зат:

1. Термопсис шөбінің тұндырмасы

2. Калий йодиді

3. Бромгексин гидрохлориді

4. Амброксол

5. Кристаллды трипсин

Тест 3. Тікелей әсер ететін қақырық түсіретін зат:

1. Меропенем

2. Левофлоксацин

3. Фуросемид

4. Термопсис шөбінің тұндырмасы

5. Калий йодиді

Тест 4. Сурфактанттың синтезін жоғарылататын муколитикалық зат:

1. Сальбутамол

2. Термопсис шөбінің тұндырмасы

3. Бромгексин

4. Беродуал

5. Зафирлукаст

Тест 5. Ацетилцистеиннің муколитикалық әсер механизмі:

1. Бронхиалды бездердің секрециясын рефлекторлы ынталандырады

2. Дисульфидті байланысты бұза отырып қақырықтың тұтқырлығын төмендетеді

3. Бронхтың кірпекшелі эпителиінің белсенділігін рефлекторлы ынталандырады

4. Бронхтың жиырылғыштық белсенділігін рефлекторлы жоғарылатады

5. Бронхтық бездерге тікелей ынталандырғыш әсер көрсетеді

Тест 6. Жөтелге қарсы заттар:

1. Бромгексин гидрохлориді, амикацин

2. Калий йодиді, глауцин гидрохлориді

3. Амброксол, левофлоксацин

4. Глауцин гидрохлориді, либексин

5. Термопсис шөбінің тұндырмасы, тусупрекс

Тест 7. Орталыққа әсер ететін наркотикалық типтес жөтелге қарсы зат:

1. Кодеин

2. Калий йодиді

3. Либексин

4. Амброксол

5. Глауцин гидрохлориді

Тест 8. Шетке әсер ететін жөтелге қарсы зат:

1. Термопсис шөбінің тұндырмасы

2. Калий йодиді

3. Фуросемид

4. Левофлоксацин

5. Либексин

Тест 9.. Кодеин, жөтелге қарсы әсерімен қатар, көрсетеді:

1. Қабынуға қарсы әсер

2. Аллергияға қарсы

3. Ауыру сезімін басатын

4. Қақырық түсіретін әсер

5. Қан тамырларын кеңейтетін әсер

Тест 10. Либексиннің жөтелге қарсы әсері:

1. Жөтел орталығын тежейді

2. Тыныс орталығын тежейді

3. Тыныс жолдарының шырышты қабығын жансыздандырады

4. Асқазанның шырышты қабығын жансыздандырады

5. Тыныс жолдарының шырышты қабығын

№3 сабақ

1. Тақырыбы: «Тыныс алу жүйесі» модулі бойынша аралық бақылау

2. Мақсаты: тыныс алу ағзаларының патологияларында қолданылатын дәрілік заттардың фармакокинтеикасы мен фармакодинамикасы ерекшеліктері туралы білімді қорытындылау.

3. Оқытудың міндеттері:


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: