Стоицизм (Стоя) философиясы

Стоя философиясын (stoa-Афина қаласындағы философтардың жиналатын ғимараты) б.ғ.д. 300 ж. Китионнан шыққан Зенон деген ойшыл қалаған. Ол мектеп 500 жылдай уақыт өмір сүрген. Оны Көне Стоя (3-2 ғ.ғ.), Орта Стоя (2-1 ғ.ғ.), Соңғы Стоя (1-2 ғ.ғ.) деп үш уақытқа бөледі. Көне және Орта Стоя мектебінің өкілдерінің толық бір шығармалары қалмаған. Көбінесе Стоя философиясында этика мәселеріне көбірек назар аударылған.

Зенон өзінің философиясында бүкіл әлемдік мемлекет жөніндегі ілім жасаған (космополис). Бұл мемлекетте толық теңдік орнаған – еріктелер мен құлдар, байлар мен кедейлер, еркектер мен әйелдер - бәрі де тең құқылы. Бұл елде тек даналық сатысына жеткен адамдар өмір сүреді. Олар табиғат заңына сәйкес өмір салтын ұстайды.

Алайда, табиғатқа сәйкес өмір сүру - ол өмірдегі материалдық қундылықтарды кеңінен пайдалану, қазіргі замандағы сияқты жаңа қажеттіктерді тудыру және оларды өтеу жолдарын іздеу емес, керісінше, адамды қоршаған сыртқы дүниеден тәуелсіз өмір сүру; егер біздің жануарлар әлемінен негізгі айырмашылығылымыз ақыл-ойда, саналығымызда болса, онда ақыл-ойдың, ар-ұжданның басшылығымен өмір сүру - ол нағыз табиғатқа сәйкес өмір сүру болады.

Әрине, бұл ойлардың бәрі, шамасы, үлкен қалалардың тез өсуіне, рухани өмірдің тайызданып, азғындауына, тәтті өмірге деген көпшіліктің ұмтылысына сол кездегі ойшылдардың жаратпағындығынан туса керек.

Олай болса, сыртқы Дүниеде қандай төңкерістер жүріп жатса да сені тағдыр қандай тәлтекке салса да, ақыл-ойға негізделген адамгершілік жолдан таймауың керек. Сыртқы Дүниеге қызығу, оған құмарту әр-түрлі залымдықтарды тудырады. Стоиктер Аристотельдің “ортаңғы жолын² қатты сынға алады. Ақыл-ойдың, зерденің шын қызметі екі қарама-қарсы жатқан қумартудың арасындағы ортаңғы жолды табу емес, олай болса ақыл-ой әлі де өмірге деген құмартудан толық арылған жоқ. Сондықтан, адамның негізгі мақсаты - құмартудан құтылу, еріктік алу, самарқаулық дәрежеге жету (apatіa-самарқаулық). Соңғы стоиктер оны даналық - София – дейді.

Байлықты аңсап, соның соңына түскен адам бақытсыз, өйткені ол өз-өзіне зардап әкеледі, ол жаман адам, өйткені ізгіліксіз; ол ақымақ адам - өйткені,- ақылсыз. Стоиктердің айтуынша, мұндай адамдар - халықтың көпшілігін құрайды.

Адамдардың сыртқы бір-бірінен әлеуметтік айырмашылығы надандықтан шыққаннан кейін, оған тіпті мән беріп, я болмаса оған қарсы күреске шақыру керек емес нәрсе. Оған, әдемісі, көңіл аудармау керек.

Сондықтан, тағдырға көніп, ешқандай іңкәрлік жолына түспеу қажет, өйткені, ол адамның жан-дуниесін түтіндетүі мүмкін.

Бірақ, адамның өзіне қарамастан, сыртқы қолайсыз жағдай, адамның жан-дүниесінің тыныштығын бұзып үне бойы зардап әкеле берсе - ондағы ең жақсы жол - адамның өзін-өзі өлтіріп бұл Дүниеден кетуі.

Өздерінің натурфилософиясында Стоиктер Гераклиттің көзқарасына жақын болған. Дүние шығармашылық алғашқы оттан пайда болып, уақыты өткеннен кейін лаулаған Дүниежүзілік отта жанып кетеді. Содан кейін тағы да Дүние басқа түрде келіп, тағы да жанып кетеді, ол-мәңгілік алмасу. Құдай табиғаттың барлық жақтарынан өтеді, сіңеді. Сонымен қатар ол бүкіл Дүниені басқарады және барлық болатын жер бетіндегі оқиғаларды біліп отырады. Мұндай көзқарас адам өмірінде фаталистік көзқарасты тудырады (fatum,-лат. сөзі,-тағдырға сену).


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: