Білімгер келесі жұмыстармен танысуы қажет:
- биржалық сауда нәтижелері бойынша қазақстандық тенге және шетелдік валютамен жасалынатын қолма-қолсыз есеп айырысуларды жүргізу;
- биржаның корреспонденттік шотына сауда биржаларының қатысушыларының қаржыларын уақытылы түсуін қадағалау;
- биржаның банк-қатысушыларының ағымдағы шоттарын есепке алу және қадағалау;
- биржалық сауда нәтижелерінің есептерімен байланысты биржаның атынан басқа да іс-әрекеттерді орындауға;
- биржа мүшелеріне комиссиялық төлемдерді және енгізілген мүшелік төлемдердің көшірмесін жүргізу;
- биржадағы банк-қатысушыларының пруденциалдық нормативтер мен баланстардың орындалуына бақылау жасау;
- бекіту жүйесін қолданушыларға жататын сауда шоттарын ашу, бұл жүйе бойынша операцияларды жүзеге асыру құқығы, басқа қатысушыларға, яғни, аталмыш жүйені қолданатындықтарын растаған жағдайда беріледі.
|
|
V. ЖЗҚ тәжірибе
Практикант келесілермен таныс болуы қажет:
- ұйымның жарғысымен және қаржы институтының жүргізетін негізгі операциялар түрлерімен;
- құрылтайшылармен және жарғылық қормен;
- ұйымның ұйымдастыру құрылымын және оны басқару құрылымын оқып үйрену;
- ЖЗҚ қызметін реттейтін нормативті-құқықтық және инструктивті құжаттарды тереңірек оқып үйрену.
1. Зейнетақы қызметтерін дамыту департаментіндегі тәжірибе
Зейнетақы қызметтерін дамыту департаментінде практикант келесілерді білуі қажет:
- департаменттің салымшаларды тарту жұмысына талдау жасау;
- салымшыларды тарту әдістерін қарастыру;
- берілген зейнетақы қорының маркетингтік жұмысымен танысу;
- болашақта түсетін ақшалай түсімдерімен танысу.
2. Жинақталған зейнетақыларды есептеу және аудару департаментінде
Білімгер келесі жұмыстармен танысуы қажет:
- әр салымшының шотындағы зейнетақы жинақтарын есепке алумен;
- қордан басқа қорларға жинақталған зейнетақыны аударумен.
3. Бухгалтерлік есеп және бухгалтерлік есеп беру департаментіндегі тәжірибе
Білімгер танысуы қажет:
- жинақталған зейнетақыларды төлеу және есепке алу жұмысын;
- корпоративтік және мемлекеттік құнды қағаздарға инвестицияланатын ақшалай қаражаттарды есепке алу.
|
|
VІ. Алматы қ. аймақтық қаржылық орталықтағы тәжірибе
Практикант дамыту департаментінде тәжірибеден өту барысында ААҚО құрылымдық бөлімшелерімен танысуы қажет. Берілген департаменттің қызметі бойынша аналитикалық ақпараттарды жинауы қажет:
· Процесстердің нәтижелерін жақсартуды үнемі қамтамасыз ету;
· СТП қаржылық орталығының қызметін қамтамасыз ету;
· СТП қаржылық инструменттерін енгізу, жасау және оқып үйрену;
· Басқа да биржалармен қарым-қатынасты орналастыру және оны СТП жұмысында қолдану.
1. Әкімшілік-қаржылық департаментінде
Негізгі міндеттермен танысуы қажет:
- ААҚО қызметін ұйымдастырушылық, кадрлық, қаржылық, материалды-техникалық ақпараттық, шаруашылық қамтамасыз ету;
- Құжат айналысын ұйымдастыру және сапа менеджмент жүйесінің жұмысын координациялау;
Негізгі мақсаттармен:
- ААҚО мемлекеттік саясатын мемлекеттік қызмет аясында жүзеге асыру;
- Агенттіктің бюджетін жоспарлау және оны іске асыру;
- Агенттіктің активтерінің сақталуын ұйымдастыру;
- Тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің мемелекеттік сатып алуларын ұйымдастыру және жүргізу;
- Агенттіктің ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесінің қызметін ұйымдастыру;
- Агенттік қызметінің кадрлық қамтамасыз етілуі;
- Ұйымның құжаттармен жұмысы;
- Құжаттарды мемлекеттік тілге аудару жұмысын ұйымдастыру;
- Агенттікке сапа менеджмент жүйесін енгізуді ұйымдастыру.