double arrow

Кіріспе. «Дивидендтік саясат» атауы акционерлік қоғамда пайданы үлестірумен байланысты


«Дивидендтік саясат» атауы акционерлік қоғамда пайданы үлестірумен байланысты. Дивидендтік саясат, капитал структурасын басқару, кәсіпорынның акция бағасына әсер етеді. Дивиденд акционерлердің ақшалай табыстарын көрсетеді және кәсіпорынның акциясына салған ақша қаражаттарын ойдағыдай жұмыс істеп жатқанын көрсетеді. Бірақта пайданы үлестіру принциптері мен әдістері тек қана акционерлік қоғамда ғана қолданылмайды, сонымен қатар кез - келген басқа да ұйымдастырылған – құқықты түрде әрекет етуші кәсіпорындарда қолданылады. Акционерлік қоғамда пайданы бөлу өте күрделі болып келеді, сондықтанда механизмнің барлық аспектілері қаралады.

Кеңінен айтылып жүрген «Дивидендтік саясат» термині қағидасын меншік иесіне төленетін пайданың бөлігін қалыптастыру механизмі деп түсінуге болады. Курстық жұмыста компанияның табысын үлестіру процесі сипатталды.. Бұл тақырып өзекті, өйткені компанияның даму болашағының деңгейі, оның нарықтық бағасы қолданылған табыспен және капитализация арасында қатынастың ең оптималды қатынасын табу. Табысты үлестіру схемасын былай көруге болады. Жарты табыс дивидендке төленеді, қалған бөлігін қайта инвестициялайды компанияның активіне.

Дивидендтік саясатты жасаудың негізгі мақсаты меншік иелерінің жасаудың ағымдағы пайданы пайдалану және оның болашақта өсуі мен кәсіпорынның нарықтық құнының барынша өсуі және оның стратегиялық дамуын қамтамасыз ету үшін қажетті үйлесімді орнату.

Курстық жұмыста қарастыратын ең негізгі факторлары, қаржы басқармасы ескеруі қажет, қандайда шешім қабылдамас бұрын, қай бөлігі акционерлер арасында дивиденд формасында төленуі қажет және өзін- өзі баламалы үлестіру. Мәселенің зерттелу деңгейі «Қазақтелеком» АҚ табыстарының үлестірілуін және де ерекшеліктерін қарастырып дивиденттік саясатын талдаумен зерттелді.

Негізгі мақсат бойынша – дивидендтік саясат ұғымының теориялық мәнін ашып , ғылыми-тәжірибелік ұсыныстар жасау кәсіпорын мысалында зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер орындалады:

1. Дивидендтік саясатты қалыптастыру теориясы, дивидендтік саясатты

анықтаушы факторлар, табысты үйлестіру принципі және мәніне тереңірек тоқталу;

2. «Қазақтелеком» АҚ -ның ұйымдық – экономикалық сипаттамасы,

«Қазақтелеком» АҚ -ның шаруашылық іс әрекетінің рентабельділігін және пайданың құрылымын талдау, «Қазақтелеком» АҚ -ның пайданы бөлуін және дивидендтік саясатын талдап , акцияның табыстылығын есептеу

3. Кәсіпорында дивиденттік саясаттың тиімділігін бағалау

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері ретінде, кәсіпорынның дивидендтік саясатының ережесі мен кәсіпорынның пайдалылығы болып табылады.

1. Кәсіпорынның дивиденттік саясатының теориялық аспектілері

1.1 Дивидендтік саясатты қалыптастыру теориясы

Нарықтық экономикасы дамыған елдерінде оптималды дивидендтік саясат қалыптастыруға көптеген теориялық зерттеулер арналған. Олардың ішінде дивиденд саясатын қалыптастыру механизмімен байланысты ең көп тараған теорияларға жататындар:

ü Ерікті дивидендтік теориясы. Оның авторлары Ф.Модильяни және М.Миллердің тұжырымдауынша таңдалған дивидендтік саясат не кәсіпорынның нарықтық құнына (акцияның бағасына), не меншік иесінің ағымдағы немесе болашақтағы кезеңдегі тұрмыс жағдайына ешқандай әсерін тигізбейді, өйткені бұл көрсеткіш үлестірілген пайдаға емес, қалыптастырылған сома көрсеткіштеріне байланысты. Осыған сәйкес дивидендтік саясат теориясының пайданы басқару механизмі енжарлық рөл атқарады. Соның өзінде олар өз теориясына көптеген шектеулер жасаған, сондықтан көптеген нақтылы практикада пайданы басқаруды қамтамасыз етуі мүмкін емес. Аталған кемшіліктеріне қарай, практикада қолдануда Модильяни және Миллер теориясы дивидендтік теорияны қалыптастыру механизмнің оптималды шешім қабылдауды іздестірудің басталған жері ретінде қаралады. Бұл теорияның маңызы акционерлердің игілігіне дивиденд әсер етпейді, табысты қайта инвестициялау тиімді талдау айқындаған.

Соның нәтижесінде, дивиденд төленеді мына жағдайда табыстың есебінен қайта қаржыланса, инвестициялық проектіге қолайлы және тағы басқа табысты қайта инвестициялауды қолдану орынды, дивидендтің барлығы төленбейді, керісінше, инвестициялық проектіге икемді болмаса , табыстың барлық көлемі дивидендке төленеді. Мысалы ретінде 1 кестеде келтірілген.

Капиталдың бағасы - 16%, Инвестициялау қызметінің займдық көлемінің оптималдылығы- 30%, таза жылдық табыс- £ 350.000. Бұл жағдайда компания, табыстарын келесі жобаларға инвестициялайды: А,В,С, олардың табысы >= 16 %, оған қажет £ 300.000, £ 90.000 заемдық қаражат көлемінде түседі. Дивиденд төлеуге қалған қаражат құрайды (350.000-(300.000-90.000))= £ 140.000

Бұл теорияның кемшілігі салыққа қатыстың жоқтығын және қосымша акцияларды шығаруға шығынның жоқтығы. Сонымен қатар табысты инвестициялау процесі тәуекелділікпен қатысы жоқтығын айтқан.

ü Артықшылықты дивиденттер теориясы. «Аспандағы тырнадан гөрі қолда бар сары шымшық артық» оның авторлары – М. Гордон және Линтнердің тұжырымдауынша, ағымдағы табыстың әрбір бірлігі (дивиденд түрінде төленген) жайына қарай, ол «тәуекелдіктен тазартылған» әруақытта болашаққа бөлінген табыстан артық болады. Осы теорияға сәйкес пайданы капитализациялаумен салыстырғанда дивидендтік төлемді көбейту дұрысырақ.

Бірақта бұл теорияның қарсыластары көптеген жағдайларда дивиденд түрінде алынған табыстар бәрібір акцияға қайта инвестицияланады деп тұжырымдайды. Жоғарыда аталған теорияның оппоненттерінің ойынша дивидендтік саясат акционерлердің игілігіне әсер етеді. Бұл теорияның мақсаты инвесторлар болашақта ағымдағы дивидендтерді қалайды, бастапқы тәуекелді минималдау принципіне, акционерлердің капиталына мүмкін теңестірілген үлесі. Содан басқа, компаниялар табысты инвестициялауға мақсатталған инвесторларға қатысты тұрақсыздылық деңгейін азайтады ағымдағы дивиденд төлеуде: оларды инвестицияланған капиталға норма аз табысы қанағаттандырады, акционерлік қоғамның нарықтық бағасының өсуіне әкеледі. Керісінше, егер дивиденд төленбесе онда тұрақсыздылық өседі, акционерлердің норма табысы қолайлы және өседі, акционерлік қоғамның нарықтық бағасының төмендеуіне әкеледі.

Екінші көзқарас көп қолданылды. Соған байланысты келесі факт, қандайда бір бірлік нысандандырылған алгоритм дивидендтік саясатта анықталған өндірім - көптеген факторлармен анықталады, сонымен қатар қиын нысандандырылған, мысалы психологиялық. Сондықтан әр компания өзіне тән субъективті саясатын таңдау қажет. Екі негіз қалаушы вариантты ерекшелесе болады, дивидендтік саясатты оптималды таңдау процесінде таңдалады. Олар өзара байланысты және қамтамасыздандырылған қорытынды:

· Акционерлердің жиынтық игілігін барынша көбейту;

· Компанияның қызметін қаржыландыру жеткіліктілігі;

Дивидендтік саясатта барлық элементтер қарастырылады: дивиденд көздері, төлеу тәртібі, дивиденд төлеу түрі және т.б.

Дивидендтерді азайту теориясы немесе салық теориясының артықшылығы. Бұл теорияға сәйкес дивидендтік саясаттың тиімділігі меншік иесінің ағымдағы және болашақ табыстарынан салықтық төлемдерді азайту критерийлерімен анықталады. Өйткені ағымдағы табыстарға алынатын дивиденд түрінде салық салу әруақытта болашақтікімен салыстырғанда жоғары болады. Дивидендтік саясат дивидендтік төлемді азайтуды қамтамасыз етіп, соған сәйкес пайданы барынша капитализациялау арқылы, меншік иесінің жинақ табысын салықтан қорғау үшін қажет. Бірақта дивидендтік саясатқа мұндай әдіс көптеген табыстары шамалы ұсақ акционерлерді қанағаттандырмайды, өйткені олар тұрақты түрде түсімге ағымдағы дивидедтік түсімге тұрақты түрде мұқтаждық етеді.

Аталған теорияларды практикада қолдану дивидендтік саясатты қалыптастырудың үш әдісін жасауға мүмкіншілік тудырады - «консервативті», «бірыңғай», «агрессивті». Аталған әрбір әдіске белгілі дивидендтік саясат типі сәйкес келеді , 2 кестеде келтірілген.

Дивидендтік саясатқа әсер етуші объективті және субъективті сипаттар бар. Солардың негізгісін қарастырайық:

1.Құқықтық шектеу сипаты.

Фирмалардың меншікті капиталы ірі үш элементтерден тұрады: акционерлік капитал, эмиссиялық табыс, үлестірілмеген пайда. Көптеген мемлекеттерде дивиденд төлеуге заңдылықпен екі схеманың біреуіне рұқсат берілген - не тек таза пайдадан, немесе пайдадан және эмиссиялық табыстан.

Сонымен дивидендтік саясатқа тікелей қатысты үш жалпы ереже бар:

а) таза пайда ережесі

б) капиталдың эрозиялану ережесі

в) төлеуге қабілетсіз ережесі

Бірінші ережеге сәйкес дивидендтер тек қана ағымдағы және өткен кезеңдердегі пайдадан ғана төленуі мүмкін; дегенмен ереже бірдей айтылғанымен, оның талқыламасының біршама айырмашылығы бар. Айталық, Англияның заңы бойынша компанияларда эмиссиялық табыс үлестірмеген қорға жатады және дивиденд төлеуге пайдаланылмайды; қол сұғылмайтын тек баланстық бағаланған жарғы капиталы. Екінші ереже, бірінші ережеге сай - дивидендті жоғары капиталы есебінен төлеуге тыйым салынады. Үшінші ережеге сәйкес төлем қабілетсіз компания дивидендті төлемейді: Ұлттық заңдарда басқадай да дивиденд төлеуге шек қоюшы жайлар бар. Сонымен қатар, акционерлердің тек қана алған дивидендтерге табыс салығы салынуына қарай дивидендке үлестірілмеген пайдаға салынатын салық төмендетілген мөлшерлемемен салынады.

Кәсіпорын меншік капиталы 3 элементтен тұрады : акционерлік капитал, эмиссияланған табыс, таратылмаған табыс.

Көптеген мемлекеттерде заңда екі схеманың біреуін таңдауға рұқсат берілген - дивиденд төлеуге шығымдалады тек табыстан, немесе пайдадан эмиссиялық табыстан.

2. Келісім- шартты шектеу сипаты.

Көптеген елдерде төленетін дивидендтердің көлемі арнайы келісім- шартымен сол уақытта реттеледі, егер коммерциялық кәсіпорын ұзақ мерзімді несие алғысы келсе. Мұндай қарызға қызмет етуді қамтамасыз ету үшін келісім-шартта: қайта инвестицияланбаған табыстың минималды пайызы, максималды табыс пайызы, дивиденд төлеуге бағытталған, әлбетте үлестірілмейтін пайданың төменгі шегі қаралады.

3.Өтемділіктің жетіспеушілігіне байланысты шектеу.

Жоғарыда ескерткендей ақшадай түрде дивидендтер тек сол уақытта төленеді, егерде фирманың есеп шотында ақшасы болса. Теориялық тұрғыдан қарағанда коммерциялық мекемелер дивидендті төлеуге несие алуына болады, бірақ та ол қосымша шығындармен байланысты. Сонымен, коммерциялық мекемелер пайдалы болуы мүмкін, бірақ дивиденд төлеуге дайын болмауы мүмкін, себебі нақтылы ақша қаражатының болмауы себебінен.

Қазақстанда кәсіпорындардың өзара төлем қабілетінің болмауы жағдайына байланысты мұндай жағдайлардың болуы мүмкін. Дивиденд ақшалай форма түрінде төленеді, тек мына жағдайда кәсіпорын есеп шотында ақшасы болса және ақша эквиваленті, айырбасталатын ақшалар, төлеуге жеткілікті болады. Теорияда кәсіпорын дивиденд төлеу үшін несие алуына болады, бұл әрқашан мүмкін бола алмайды, одан басқа қосымша шығындармен байланысты. Соның нәтижесінде кәсіпорын табысты бола алады, дивиденд төлей алмайды, себебі нақты ақша қаражаттарының жоқтығынан. Ресейде төлемқабілеттігі төмен ондай жағдай болуы мүмкін.

Мұндай жағдай альтернативті бола алады:

ü Дивиденд, вексель немесе қолхат формасында төленеді, тағы басқа дивидендке куәлік;

ü Компанияның меншік акцияларын екі нарықта сатып алу;

Бірінші жағдайда бәрі түсінікті болса, ал екіншісіне түсініктеме қажет. Мына жағдайда қолданылады, егер компания меншік акцияларын сатып алуға аз ақша қаражаттары қажет болса, акционерлерге дивиденд төлеу жағдайына қарағанда.

4. Өндірістің ұлғаюымен байланысты шектеу.

Көптеген компаниялар, кәсіпорындар бастапқы қалыптасу кезінде өндіріс қуатын кеңейтуге байланысты қаржы көздерін іздестіру проблемасымен әуре болуда. Қаржы ресурстарының қосымша көздері- өндіріс көлемін жоғарғы қарқынмен дамытатын фирмаларға – қосымша өндіріс қуатын алуға, сондай-ақ салыстырмалы түрде шамалы қарқынмен дамитын фирмаларға да, оның материалдық техникалық базаларын жаңартуға қажет. Бұл жағдайда көбінесе дивиденд төлеуге шек қойылады. Практикада құрылтайшылардың құжаттарында өндірісті дамытуға байланысты, ағымдағы пайданың бөлігін минималды жасап, қалғанын өндірісті дамытуға қайта қаржыландыруға бағыттайды.

5.Акционерлердің мүддесіне байланысты.

Жоғарыда айтылған дивиденд саясатының негізінде жалпыға белгілі қаржыны басқару принципінің кілті- акционерлердің жинақ табысын барынша молайту. Өткен кезеңдегі оның көлемі алынған дивидендтің сомасы мен акцияның бағамдық құнының өсімінің қосындысынан жинақталады. Сондықтан, фирмалардың директорлары және акционерлер дивидендтің оңтайлы мөлшерін анықтай отырып, дивидендтің көлемін фирманың тұтас құнына қалай әсер ететіндігін бағалауы керек. Соңында, нарық бағасымен бағаланған акцияға көптеген факторлар әсер етеді: фирманың жалпы қаржы жағдайы, тауарлар және қызмет көрсету, төленетін дивидендтің мөлшері, олардың өсу қарқыны және тағы басқа.

Жоғарыда айтылған дивидендтік саясаттың кілті принципі қаржылық басқару - акционерлердің жиынтық табысын барынша көбейту принципі. Көлемі, дивиденд алынған сомадан өту кезеңінен құралады және акция бағасының бағамдық өсуі. Сонымен дивидендтік оптималдылығын анықтағанда, компанияның басшысы және акционерлер бағалау қажет, дивидендтік компанияның тұтастай бағасы әсері қандай. Соңғысы акционерлердің нарықтық бағасына айқындалады. (Гордон формуласы) көптеген факторларға байланысты, компанияның қаржы жағдайы нарықта тауар және қызметті, дивиденд төлеу көлемі, өсу темпі және тағы басқа. Акционерлер арасында да қарсылықтар болуы мүмкін. Ауқаты жақсы акционерлер табысты қайта инвестициялауға дауыс беруі мүмкін, салықтан жалтару үшін, ауқатты орташа акционерлер басқа көз қарасты ұстауы мүмкін. Дивидендтік саясат мына проблемамен байланысты «разжижения» меншік құқығымен. Жаңа акционерлердің пайда болуын қарастырады, егер жоғарыда дивиденд төленсе, дамып келе жатқан компанияға қаржы ресурстарын көбейту қажет, ережеге сәйкес қосымша эмиссияланған акция шығарады. Соған байланысты әр бір акционердің қатысу үлесін төмендетеді. Оны қаламастан дивиденд көлемі қысқаруы мүмкін.

6. Жарнама-ақпараттық сипатқа шектеу.

Нарықтық экономикада фирмалардың дивидендтік саясаты жөніндегі ақпарат талдаушылармен, менеджерлерімен, делдалдармен және т.б тиянақты бақылап отырылады. Фирмалардың дивидендтің өз уақытында төленбеуі практика жүзінде акцияның нарықтық бағасының төмендеуіне әсер етеді. Сондықтан коммерциялық кәсіпорындар конъюнктуралардың өзгеруіне қарай дивидендтік саясатты тұрақты деңгейде ұстап тұрады.

Дивидендті төлеу күні (мерзімі) - директорлар кеңесінің дивиденд төлеу күні, олардың мөлшері хабарлар күні, олардың мөлшері хабарланған күн. Көптеген фирмалар, компаниялар бұл хабарды қаржы баспасөзінде жариялайды.

Санақ күні - дивиденд алуға құқысы бар акционерлердің тізімге тіркеу күні. Мұндай тізімге тіркеудің қажеттілігі, акцияның нарықтық айналымына сәйкес акционерлер құрамы тұрақты түрде өзгерісте болады. Тізімге тіркеу әлбетте дивиденд төленген күннен бастап 2 - 4 жеті мерзімінде белгіленеді. Дивидендті алуға кімнің қатысы бар екендігін белгілеу үшін экс- дивидендтік күн белгіленеді. Экс-дивидендтік күн әлбетте, дивидендтік тізімге тіркелгеннен кейін төрт күн мерзімінде хабарланады.

Дивидендтік төлем көздері - қоғамның ағымдағы жылдағы таза пайдасы; артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер арнайы құрылған қордан төленеді. Сондықтан коммерциялық кәсіпорындар ағымдағы дивидендтердің жалпы сомасын, есептегі кезеңдегі пайдадан асырып төлеуге мүмкіндігі бар. Бірақ базалық болып ағымдағы кезеңдегі таза пайданы бөлу варианты есептелінеді. Осыған байланысты компаниялармен акционерлермен қатынастың тұрақты болуын қалайды.

- Пайданы тұрақты пайызбен үлестіру әдісі.

Жоғарыда айтылғандай, таза пайда артықшылықты акцияға (Дрs) дивиденд төлеуге және қарапайым акциялар (Pcs) иелеріне үлестіріледі. Соңғысы, өз кезегінде акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен қарапайым акцияға (Дсs) дивиденд төлеуге және үлестірілмеген пайдаға (RP) таратылады.

Дивиденд саясатын сипаттаушы, негізгі аналитикалық көрсеткіштердің бірі қарапайым акцияның пайдаға қатынасымен анықталады «дивидендтік түсім» коэффиценті.

Дсs/ Pcs=k%=const (1)

Бұл жағдайда, егер коммерциялық кәсіпорын жылдық шығынмен аяқталса, онда дивиденд мүмкін төленбейді, нарықта акция бағасының ауытқуына әкеледі. Мұндай дивидендтік саясат кейбір компанияларда қолданылады, бірақ теорияда және тәжірибеде қолдануға ұсыныс береді.

- Тіркелген дивиденд төлеу әдісі.

Бұл саясат акцияға дивидендтік төлемді тұрақты мөлшерде ұзақ мерзімге төлеуді қарастырады. Егер фирманың бірнеше жылдар бойы табысы дамыса және бірнеше жылдар бойы акцияға тұрақты табысты кейбір деңгейден артса, онда дивиденд мөлшері де жоғарлауы мүмкін.

- Кепілденген минимум және экстра- дивиденд төлеу әдісі.

Бұл әдістеме алдағының жалғасы болып есептеледі. Фирма тұрақты түрде тіркелген дивиденд төлейді, бірақ әр кезеңде табысты жұмыстың нәтижесінде акционерлерге экстр- дивидендті төлейді. «Экстра» термині премия ұғымымен түсіндіріледі және жылына бір рет қана дивидендке үстеме ретінде есептейді.

- Қалдық принциппен дивиденд төлеу әдісі.

Бұл әдістің мағынасы, батысты елдерде кең таралған, дивидендтер, компанияның барлық негізделген инвестициялық қажеттілігі орындалғаннан кейін ғана төленеді.

- Дивидендті акциямен төлеу әдісі.

Бұл есептеу түрінде акционерлер ақшаның орнына қосымша акция пакетін алады. Оны қолдану себептері әртүрлі болуы мүмкін. Акциямен төленген дивидендтің мөлшеріне байланысты акцияның нарықтық бағасы өзгермелі болады. Шамалы дивидендтер бағаға аса ықпал ете алмайды, егер дивиденд ауқымды болса, онда дивиденд төленгеннен кейін акцияның нарықтық бағасы барынша төмендеп кетуі мүмкін. Бұл формада акционерлер ақшаның орнына қосымша пакет акция алады. Оны қолданылатын тәсілі әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы: компанияның қолма-қол ақшасы болмауы мүмкін, қаржылық жағдайы тұрақты болса. Қалайда болса акционерлердің көңілінен шығу үшін, ұйымның басшысымен дивидендті қосымша акция беруін ұсынады. Екінші вариантта болуы мүмкін: компанияның қаржылық жағдайы тұрақты, жылдам темппен дамыса. Сондықтан қаражаттар оның дамуына қажет- таратылмаған табыс түрінде болады. Мынадай себеп болуы мүмкін, қаражат көзінің структурасын өзгерту немесе басқару персоналына қосымша акция көлемін үлестіру, компанияда ұстап тұру үшін. Бұл методика тәжірибеде жүзеге асырғанда акционерлер ештеңе алмайды, оларға төленген дивиденд тең олардың қаражаттардың төмендігіне, резерв және акцияға капитализацияланған. Акцияның көлемі өсті, валюта балансы өзгерген жоқ, т.б бір акцияға активті бағалау азайды.

Соған қарамастан кейбір акционерлерге қолайлы, олар бағалы қағаздарды алып содан кейін сатады. Дивиденд, акциямен төленген көлемнің бағасы әр түрлі болады. Дивиденд 20% құраса бағаға әсер етпейді: егер көрсетілген сома жоғарыласа, акцияның нарықтық бағасы төмендеп кетеді.

Дивиденд акциямен төлеуін қолдайды немесе бір уақытта валюта балансын немесе жарғылық капиталының өсуіне әкелуі мүмкін немесе валюта балансының көбеюінсіз өзінің көзін қайта орналастырады. Экономикасы дамыған елдерде екінші вариант қолданылады.

1.2 Дивидендтік саясаттың кейбір мәселелері

Дивидендтік саясатты тәжірибе жүзінде қалай жүзеге асыратынын қарастырмас бұрын, теориялар жөніндегі біздің көзқарасымызға әсер ете алатын үш мәселені қарастыру керек. Олар:

1. Ақпараттық мазмұны жөніндегі гипотеза.

2. Клиентура эффектісі.

3. Дивидендтік саясат және агенттік шығындар арасындағы байланыс.

Ақпараттық мазмұны жөніндегі гипотеза.

Ақпараттық мазмұны жөніндегі гипотеза теориясында көптеген шарттар арасында инвесторлар да, менеджерлерде фирма табысы және дивидендтер мөлшеріне қатысты күтулері бірдей деп көрсеткен. Ал, шынайы өмірде инвесторлардың болашақтағы дивидендтік төлемдер және соған тән белгісіздік турыл пікірлері қарама-қайшы, ал менеджерлер акцияның сырттағы иелеріне қарағанда болашақтағы жағдай туралы жақсы ақпарат алған. Бұл ақпараттық ассиметрияның бір түрі. Дивидендтің өсуі акцияның құнының өсуіне әкеледі, ал дивидендтерді қысқарту негізінен бағаның түсуіне әкеледі. Бұл акционерлер жалпы алғанда капитал өсуінен түскен пайданы қалайтынын көрсетеді.

Фирма өз ісінің жағдайларының өзгеруінен кейін дивидендтерді төлеу саясатының өзгертуді ойластыру кезінде сигналдық эффекті ескерілуі керек.

Клиентура эффектісі.

Акционерлердің әр түрлі топтары немесе клиентуралар дивидендті төлеудің әр түрлі саясатын қалайды. Кейбір акционерлер егер табысы максимумға жетсе реинвестициялауды қалайды, өйткені оларға капиталданған табысты материализациялау қажет емес. Егер фирма табысты реинвестициялап, дивидендті төлемесе, ағымдағы табысты қалайтын акционерлердің көңілі толмайды. Олар капиталды өсіруден табыс тапса да, қолма қол ақша алу үшін өз акцияларының бір бөлігін сатуға тура келеді. Сонымен қатар кейбір институционалды инвесторлардың акция сатуға, капиталды қолдануға құқы болмайды. Ал дивидендтерді жинақтауды қалайтын акционерлер төмен дивиденд саясатын қажет етеді. Осылайша инвестициядан түсетін ағымдағы табыс қажет инвесторлар фирманың дивидендтік үлесі жоғары акцияларына ие болуы керек, ал ағымдағы табысты қажет етпейтін инвесторлар төмен үлесті акцияны меңгеру керек.

Акционерлер өз инвестицияларын фирмалар арасында бөле алады, ал фирманың жаңа саясаты ұнамайтын жаңа акционерлер өз акцияларын басқа инвесторларға сатады. Бұл әрқашан тиімді бола бермейді. Сондықтан менеджерлер өздерінің дивидендтік саясатын өзгерткісі келмейді, өйткені бұл өзгерістер кейбір акцонерлердің акцияларын сатуына, ал ол бағаның түсуіне әкелуі мүмкін. Жаңа дивидендтік саясатқа қосылған инвесторлар саны аз болса, акция құны төмен болып қала береді. Бірақ жаңа саясат көп клиентті тартып, акция құнының өсуіне әкелуі мүмкін. Модильяни және Миллер инвестордың белгілі бір типі басқасынан кем емес, сондықтан клиентура эффектісінің болуы, бір дививдендтік саясат басқасынан жақсы деп айтуды білдірмейді деген.

Дивидендтік саясат және агенттік шығындар арасындағы байланыс.

Дивидендтерді төлеу саясатының неғұрлым даулы мәселелерінің бірі – фирмалар неге дививдендтерді төлеп, кейін жаңа құнды қағаздар шығарады деген сұрақ туындайды. Өйткені жаңа құнды қағаз шығару шығыны көп болуы мүмкін, корпорацияның жалпы шығындарын минимизациялау үшін дививдендтерді тек инвестициялық мүмкіншіліктер аз болғанда ғана төлеу керек.

Агенттік қатынастар нәтижесінде акционерлер менеджерлердің әрекетін бақылау үшін агенттік шығындар жұмсауы мүмкін. Дегенмен өте ірі корпорацияларда акционерлерге қандай да бір жағдайда бақылаудың ең тиімді тәсілдері менеджерлерді облигация иелерімен акционерлер атынан бақылап отыратын «қамқоршы» ұйым құру. Мұндай органда директорлар кеңесі болуы мүмкін. Менеджерлердің әрекеттерін бақылау мәселесі егер фирма капиталдың маңызды көлемін жұмсаса жеңілдейді. Фирма акциялар мен облигациялар шығарған кезде, оның жедел және қаржылық шешімдерін әр түрлі мамандар тобы зерттейді – инвестициялық банк өкілдері, рейтингтік агенттіктің аналитиктері және жаңа құнды қағаздарға ие болатын инвесторлар. Осылайша, фирманың инвесторлары менеджерлер әрекетіне тек қана сайлау арқылы немесе өз құнды қағаздарын сату арқылы әсер етеді. Ал жаңа инвесторлар менеджерлер мнез-құлқын талдап, анализдей оытырп олардың әрекеті тиімсіз болса, құнды қағазды сатып алудан бас тарта алады. Нәтижесінде жаңа инвесторлар бұрынғыларға қарағанда менеджерлер әрекетін тиімдірек бақылайды, өйткені бұрынғы акционерлер үшін агенттік проблеманы азайтып, құнды қағаздарды максимал бағаға сатуға деген стимулы бар.

Сондай-ақ маңызды мәселелер қатарына жатқызылатын дивидендтер тұрақтылығы мәселесін де қарастырайық.

Фирманың дивидендтерінің тұрақтылығ мәселесі өте маңызды сұрақ болып табылады. Фирма табысы, ақша ағымдары және оның инвестициылқ мүмкіншіліктері уақыт бойынша шектеледі. Сондықтан корпорация өз дивидендтерінің көлемін өзгертіп отыруы керек. Дегенмен көптеген акционерлер дивидендтерге үміт артады, өз шығындарын жоспарлағанда дивидендтердің түсуі тұрақсыз болса оларға қиын соғады. Сонымен қатар инвестициялау мақсатында дивидендтерд төмендету үшін фирманың ішкі қаражат қажеттіліктерін акционерлердің қалауымен сәйкестендіру қажет.

Дивидендтер тұрақтылығының екі құрамдас бөлігі бар:

1. Өсу қарқының сенімділігі;

2. Ағымдағы дивидендтердің сенімділігі, яғни қазіргі уақыттағы сияқты дивидендтерді болашақта өсу қарқынын алуға сенуге бола ма, инвестор көзқарасы бойынша дивидендтік саясаттың неғұрлымтұрақтысы дивидендтің өсу қарқынын болжауға мүмкін болатыныны; мұндай фирманың табыстылығы ұзақ уақыт аралығында тұрақты болуы тиіс. Тұрақтылығы жағынан екінші саясат – фирманың инвесторлары парасатты шекараға сене алуы тиіс, ағымдағы дивидендтер болашақта төмендеп тұрақсыз болуы мүмкін, бірақ басшылық дивидендтердің төмендеуін қаламайды. Ал тұрақтылығы аз саясат бұл фирманың саясаты боцынша табыс пен ақша түсімі өзгермелі, инвесторлар компанияның қарапайым өндірістік циклда ағымдағы дивидендтерді ұстанатынына есепке ала алмайды.

3. Көптеген бақылаушылар дивидендтердің тұрақтылығы қолайлы деп сенеді. Бұл позиция шынайы болса инвесторлар болжана алатын дивидендтерді төлейтін акцияларды таңдайды. Егер фирма дивидендтерін ескере отырып тұрақтандырса акционерлік капитал бағасы минималданады, ал акция бағасы максимизацияланады.

2. Кәсіпорынның дивидендтік саясатын талдау («ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ»АҚ мысалында)

2.1 «Қазақтелеком» АҚ-ның ұйымдық-экономикалық сипаттамасы және тиімді дивидендтік саясатты таңдау мәселесі

Компанияның инвестициялық саясаты компанияның пайда табуын қарастырады. Алынған пайданы компания әр түрлі мақсаттарға бағыттауы мүмкін: негізгі қызмет барысында қолданылған операциялық активтердің қайта инвестициялануы, нарықтық бағалы қағаздарды сатып алу, қарыздарды өтеу немес акционерлердің арасында бөліну үшін пайдаланылады. Ағымдағы дивидендтерді төлеуге неғұрлым аз ақша қалады.

Дивидендтік саясат сондай-ақ компанияның ақша ағындары қозғалысына, өтімділікке, капитал құрылымына, акциялар бағасы мен құнына ықпал етеді. Осыған байланысты дивидендтік саясаттың аса маңызды қыры пайданы дивидендтік төлемдер мен компанияда оны дамыту үшін қалатын бөлігі арасында бөлудің оңтайлы қатынасын анықтау болып табылады. Осы тақырыпты зерттеуде ең тиімді дивидендтік саясатты ұстанатын, Қазақстан нарығындағы ең ірі корпорация Қазақтелеком» АҚ мысалы таңдалды.

Қазақтелеком» АҚ (Қоғам) — Қазақстанның жетекші телекоммуникациялық операторы. Республиканың барлық аумағы бойынша байланыс қызметтерінің кең көлемін көрсету бойынша дамыған орталық желілерге ие. «Қазақтелеком» АҚ акциялары Қазақстандық қаржы биржасының (KASE) ресми листингіне «А» санатымен кіргізілген, сондай-ақ Алматы өңірлік қаржы орталығының арнайы алаңында 1 жағдай бойынша сатылуда.

Бүгінгі күні «Қазақтелеком» АҚ компаниясының тобы инфокоммуникациялық қызметті тұтынушыларының барлық негізгі мақсатты нарығын қамтиды. «Қазақтелеком» АҚ ірі инфрақұрылым жобаларын жүзеге асырумен, телекоммуникация желілерін жаңғырту және цифрландырумен, жаңа технологияны енгізумен және ауылды телефондандырумен, сонымен қатар Интернетке кең жолақты қосылу қызметін дамытумен айналысады.

Транзиттік ұстанымды тиімді қолдану және дамыту мақсатында «Қазақтелеком» АҚ, «СЦС Совинтел» (Россия) және «China Unicom» (Китай) қатысуымен транзиттік сыйымдылықтарды ұсыну бойынша үш жақты альянс құрылды. Бұдан басқа, «Қазақтелеком» АҚ магистральдық желілердің шетел операторларының телекоммуникацияларымен қолданыстағы түйіскен жерін жаңғыртуды жүргізеді және жаңа түйіскен жерін салады. Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында «Қазақтелеком» АҚ және «China United Telecommunications Corporation» екінші ірі Қытай байланыс операторы арасында өзара түсінушілік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Осы құжаттар Азия мен Еуропа арасындағы ақпараттық ағыстар транзитін «Қазақтелеком» АҚ желісі арқылы қамтамасыз ету жөніндегі жобаны жүзеге асыру аясында шекаралық түйіскен жерді ұйымдастыру бойынша тараптардың ниеттерін бекітеді.

Акциялар эмиссиясы Қоғам құрылған сəтте əрбір акция үшін атаулы құны 1 000 теңге 10 922 876 жай атаулы акцияларды (дауыс құқығын беретін) жəне дауыс құқығын бермейтін 1 213 653 артықшылықты акцияларды құрады. «Қазақтелеком» АҚ дауыс беру құқығынсыз артықшылықты акцияларының үлесі эмитент акциялардың жалпы санының 10% құрайды.

«Қазақтелеком» АҚ-ның 51% акциясы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқаттылық қоры атынан мемлекетке жатады. «Қазақтелеком» АҚ компаниясы тобының құрылымына: «Алтел» АҚ (100%), «Мабайл-Телеком Сервис» ЖШС (51%), «GSM Казахстан» ЖШС - «Қазақтелеком» ААҚ (49%), «Нұрсат» АҚ (77,08%), «Сигнум» ЖШК (100%), «ШығысТелеком» ЖШС (100%), «Кептер телеком» АҚ (100%), «Radio Tell» ЖШС (100%) жатады.

Қазақтелеком» АҚ Жарғысына сəйкес Қоғамның органдары мыналар болып табылады:

1. Акционерлердің жалпы жиналысы — Қоғамды басқарудың жоғарғы органы, ол арқылы акционерлер Қоғамды басқаруға қатысу құқығын іске асырады.

2. Директорлар кеңесі — Қоғам қызметіне жалпы басшылық жасайтын, оның стратегиясын əзірлеуге жəне Басқарма жұмысына бақылау жасауға жауапты басқару органы.

3. Басқарма — Қоғамның ағымдағы қызметіне басшылық жасайтын жəне Директорлар кеңесі мен Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы белгілеген стратегияны іске асырушы алқалық атқарушы орган.

4. Ішкі аудит қызметі — Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасайтын, ішкі бақылау аясында бағалауды, тəуекелдерді басқаруды, корпоративтік басқару шеңберінде құжаттардың орындалуын жəне Қоғам қызметін жетілдіру мақсатында консультация беруді жүзеге асыратын орган.

Директорлар кеңесі — Басқарманың қызметіне жалпы басшылық жасауды жүзеге асыратын Қоғамның басқару органы.«Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесі мүшелері жыл сайынғы өтетін Акционерлердің жалпы жиналысында кумулятивті дауыс беру жолымен сайланады.

Директорлар кеңесі Қоғамның стратегиялық мақсаттарын, оны дамытудың басым бағыттарын айқындайды жəне оның қызметінің ұзақ мерзімді перспективаларға негізгі бағдарларын белгілейді, қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін тиісті қаржы жəне адам ресурстарымен қамтамасыз етеді, сондай-ақ Басқарма қызметіне бақылауды жүзеге асырады.

2007 жылы Директорлар кеңесінің шешімдерімен Аудит комитеті, сондай-ақ Тағайындау жəне марапаттау комитеті құрылды, олардың құрамы сайланды.Аудит комитеті Қоғамның Директорлар кеңесінің консультациялық-кеңесу органы болып табылады, акционерлердің мүддесіне өкілдік етеді. Комитет құрамына Директорлар кеңесінің 3 тəуелсіз директоры кіреді.Аудит комитетінің қызметі Директорлар кеңесіне сыртқы жəне ішкі аудит, қаржы есептілігі, ішкі бақылау жəне тəуекелдерді басқару, заңнаманың сақталуы жəне т.б. мəселелері бойынша көмек көрсетуге бағытталған. Тағайындау жəне марапаттау комитеті. Комитет құрамына 3 тəуелсіз директор кіреді.

Комитеттің басты міндеттері Директорлар кеңесінің құзырына кіретін Қоғам қызметінің, сондай-ақ оның еншілес, тəуелсіз жəне бірлескен-бақылаудағы ұйымдарының кадр мəселелері бойынша Директорлар кеңесі ұсынымдарын терең пысықтау мен ұсыну, Директорлар кеңесінің Қоғам басшыларын ынталандыру мен еңбегіне ақы төлеу, оның ішінде жыл ішіндегі жұмыс нəтижелері бойынша оларға сыйақылар төлеу жүйесі бойынша ұсынымдарын əзірлеу жəне ұсыну болып табылады.

Басқарма қызметі акционерлердің мүддесін мейлінше сақтау қағидаты негізінде құрылады жəне Акционерлердің жалпы жиналысы мен Директорлар кеңесі шешімдеріне толықтай есеп береді. «Қазақтелеком» АҚ Басқармасы мүшелерінің жеке құрамы Директорлар кеңесінің шешімімен анықталады. Басқарма 7 мүшеден — Басқарманың Төрағасынан жəне Директорлар кеңесі тағайындаған басқа да тұлғалардан тұрады.

Компания корпоративтік басқару жүйесін ең алдымен, өз акционерлерлерінің мүддесін қорғау жəне сақтау құралы, барлық мүдделі тұлғалармен теңбе-тең өзара қарым-қатынас жүйесін құру ретінде қарастырады. «Қазақтелеком» АҚ-ның корпоративтік басқару саясаты тұрақты қаржылық дамуды, Компаниялар тобының рыноктық капиталдандырылуын арттыруды, синергияны көтеруді, Компаниялардың тобында қарым-қатынасты үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған.

Байланыс саласын реформалау, ырықтандыру жағдайында «Қазақтелеком» АҚ көшбасшы ұстанымды сақтап қана қоймай, клиентбағдарлыдан «халық» компаниясына өзгеруді өз алдына міндет етіп қойды. 2010 жылдың қорытындысы бойынша барлық рынок сегментінде абоненттік базаның айтарлықтай өскен фактісі де «Қазақтелеком» АҚ-ның белгілеуі осындай тəсілдеменің дұрыстығын растайды. Тиімді дивидендтік саясат - акция ұстаушылардың арасындағы дивидендтердiң үлестiрiлудi серiктестiктiң пайдасының үлестiрiлудiң төңiрегiдегiн акционерлiк қоғамының саясаты. Дивидендтiк саясат директорлар Кеңесiмен қалыптасады. Серiктестiктер және ахуалдың ағымдағы серiктестiктiң пайдасының мақсаттарына байланысты қайта инвестициялауға, көшiрiп жазып ала алады немесе дивидендтердiң түрiнде төлеуге бөлiнбеген пайда. Дивидендтiк саясат сонымен бiрге кәсiпорынның ортақ қаржы саясатын кәсiпорынның нарықтық құнының максимизациясының мақсаты бар тұтынылатын және капиталға айналдырылатын пайдасының аралығында пропорцияның ықшамдау қорытушы құрама бөлiк болып табылады.

2.2 «Қазақтелеком» АҚ -ның дивиденттік саясатын талдап , акцияның табыстылығын есептеу

"Қазақтелеком" АҚ-ның дивиденд саясаты туралы Ережесі (әрі қарай - Ереже)Қазақстан Республикасы заңнамасына,"Қазақтелеком" АҚ корпоративтік басқарманың Жарлығына, Кодексіне және басқа ішкі құжаттарға сәйкес әзірленген.

Қолданылатын анықтамалар:

Қоғам - "Қазақтелеком" АҚ;

Акционерлер – Қоғамның акционерлері;

Дивиденд –Қоғамның шоғырланған қаржы есебіне сәйкес Қоғамның акционерлеріне Қоғамның жарғылық капиталындағы оларға жататын акциялар бойынша төленетін Қоғамның таза табыс (қорытынды пайда) бөлігі;

ХҚЕС – Халықаралық Қаржы Есеп Стандарттары;

Акционерлердің жалпы жиналысы – Қоғамның жоғары органы;
Көрсеткіш – Қоғамның есепті кезеңдегі шоғырланған таза табысындағы (қорытынды пайда) дивиденд есептеудің ең төменгі пайыздық бөлігі.

Ереженің мақсаты - Қоғам мен Акционерлер мүдделерінің балансын және акционерлер үшін Қоғамның дивиденд төлеудің мөлшерін анықтау кезіндегі айқын тәсілін қамтамасыз ету болып табылады.

Қоғам саясаты - Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Қоғамның Жарғысымен және оның ішкі құжаттарымен қарастырылған Акционерлердің құқықтарын құрметтеу мен қатаң сақтауға негізделеді. Қоғамның дивиденд саясаты Акционерлердің жақсы тұрмысын көтеруге, Қоғамның инвестициялық тартымдылығы мен оның капиталға айналдыруын арттыруға бағытталған.

Акционерлерге дивиденд төлеудің негізгі талаптары - Қоғам бір жылға алынған таза табыстың (қорытынды пайданың) мөлшері мен өндірістік және инвестициялық қызметтің даму қажеттіліктерінен шығатын капиталға айналдырудың өсуімен қатар Акционерлерге төленетін дивиденд мөлшерін арттыруға ынталанады.

Қоғамның Акционерлеріне дивиденд төлеудің талаптары:

1) Ереженің 3.1. тармағына сәйкес анықталатын Қоғамда бір жылға таза табыстың (қорытынды пайданың) бар болуы;

2) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22 бабы 5 тармағында қарастырылған дивиденд төлеуге шектеулердің болмауы;

3) Қоғам акционерлерінің Жалпы жиналысыныңшешімі болып табылады.

Дивиденд есептеудің мөлшерін анықтау тәртібі:

v Қоғаммен есептелінетін дивиденд мөлшері көрсеткіш есебімен анықталады. Қоғамның таза табысы (қорытынды пайдасы) оның ХҚЕС-на сәйкес жасалған ұзартылған қаржы есебі негізінде анықталады.

v Қолданыстағы заңнамаға және Қоғамның Жарғысына сәйкес Қоғамның директорлар Кеңесі Қоғамның өткен қаржы жылына және бір жылға Қоғамның бір қарапайым акциясы есебімен дивиденд мөлшеріне таза табысты бөлу тәртібі туралы ұсынысын дайындайды.

v Қоғамның директорлар Кеңесі Қоғамның өткен қаржы жылына және бір жылға дивиденд мөлшеріне таза табысын бөлу тәртібі туралы ұсынысын дайындау кезінде дивиденд төлеуге бағытталатын сома 17,5 %-дан кем емес таза табысты құрау керектігінен шығады.

v Қоғаммен қарапайым және айрықша акциялар бойынша тоқсан сайын дивиденд төлеу мүмкіндігі туралы мәселесі жарты жылда бір рет немесе жыл қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес реттеледі. Мәселе Қоғамның акциялары бойынша дивиденд мөлшерінің алынған қаржы нәтижелері мен болжамдық көрсеткіштеріне сүйеніп, Қоғам Басқармасымен қарастырылады.

v Қоғамның директорлар Кеңесі Қоғам Басқармасының ұсыныстары негізінде таза табысты (қорытынды пайданы) бөлудің негізгі бағыттарын қарастырады, сондай-ақ, дивиденд төлеуге бағытталатын таза табыстың (қорытынды пайданың) үлесі бойынша ұсынысты құрастырады.

v Қоғамның директорлар Кеңесімен құрылған өткен қаржы жылына және Қоғамның бір қарапайым акция есебімен бір жылға дивиденд мөлшеріне Қоғамның таза табысын бөлу тәртібі туралы ұсынысы акционерлердің Жалпы жиналысына қарастыруға салынады.

v Дивиденд мөлшері туралы соңғы шешім Қоғам акционерлерінің Жалпы жиналысының шешімімен белгіленеді.

Дивиденд төлеу тәртібі:

Ø Дивиденд Акционерлерге Қоғамның Жарғысымен және акционерлердің Жалпы жиналысының тиісті шешімімен белгіленген мезгілінде төленеді.

Ø Қоғам Акционерлерге уақытылы және толық дивиденд төлеуді қамтамасыз етеді.

Ø Дивиденд төлеу акционерлердің Жалпы жиналысында қабылданған дивиденд төлеу мезгілдері мен тәртібі туралы шешіміне сәйкес Қоғамның шотынан Акционерлердің банк шоттарына тиісті ақша сомасының аударылуы болып есептеледі.

Ø Дивиденд Қоғамның ақшасымен немесе бағалы қағаздарымен төленеді. Қоғам Қоғамның акциялары, бағалы қағаздары бойынша дивиденд төлеуге осы төлеу Акционерлердің жазбаша келісімі бар кезінде жарияланған акциялармен және Қоғаммен шығарылған облигациялармен жүзеге асырылатын жағдайда құқылы. Қоғамның айрықша акциялары бойынша бағалы қағаздармен дивиденд төлеуге рұқсат етілмейді.

Ø Төленетін дивидендке салық салу Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіппен жүзеге асырылады.

Қоғамның дивиденд саясаты туралы Акционерлерді ақпараттандыру:

- Қоғам осы Ережені, оған өзгерістерді және қосымшаны Қоғамның корпоративтік веб-сайтына орналастырады.

- Қоғамның жай акциялары бойынша дивиденд төлеу туралы акционерлердің Жалпы жиналысының шешімін қабылдаған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде Қоғам осы шешімді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. Сонымен бірге, Қоғам сондай-ақ, осы шешімді өзінің корпоративтік веб-сайтына жариялайды.

- Қоғамның жай акциялары бойынша дивиденд төлеу туралы шешімінде келесі мәліметтер болуы тиіс:

1) Қоғамның атауы, мекен-жайы, банк және басқа деректемелері;

2) Дивиденд төленетін кезең;

3) 1 қарапайым акция есебімен дивиденд мөлшері;

4) дивиденд төлеудің басталу күні;

5) дивиденд төлеу мөлшері, мерзімі, тәсілі және нысаны көрсетілген дивиденд төлеудің тәртібі мен үлгісі.

- Шешімдерді қабылдау үшін Акционерлерге ұсынылатын материалдарында дивиденд төлеуге қажетті шарттардың болуы/болмауы туралы барлық қажетті ақпараттар болуы тиіс.

Акционерлерге толық емес немесе мезгілсіз дивиденд төлеу үшін жауапкершілік- дивиденд төлеу, оның ішінде толық дивиденд төлеу туралы акционерлердің Жалпы жиналасының шешімдерін тиісті түрде және уақытылы орындалуына Қоғам Басқармасы жауап береді.

АҚ «Казақтелеком» өзінің табысының 17,5% дивидендке бағыттап отыр. АҚ «Казақтелеком»ның дивиденттік саясаты ашық және жарияда көрініс алып отыр. Табыстың 17,5% -ын дивидендке аудару бұл барлық батыс биржаларының талабы болып табылады. Мысалы, 2005 жылы АҚ «Қазақтелекомның» таза табысы 33 млрд. 982,3 млн. тенге құраған, осы табыстың 17% дивидент төлеуге бағытталып, компанияның бір акциясына 510,06 тенге төленген.

1997 жылдан бастап "Қазақтелеком" АҚ бағалы қағаздарын ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу "Тізілім-Сервис" АҚ маманданған тәуелсіз ұйымымен іске асырылады.

01.04.2011ж. жағдай бойынша "Қазақтелеком" АҚ жай акцияларын меншіктенушілер тізімі 3 кестеде берілген.

Қазақстандық қор биржасының (KASE) листинг компаниясы болып табылатын "Қазақтелеком" АҚ 2009 жылдың 01 қазан айындағы жағдайы бойынша өз акцияларын ұстаушыларының тізілімдері жүйесінен үзіндіні KASE-ке ұсынды. Компанияның тіркеушісі "ТІЗІЛІМ-СЕРВИС" АҚ болып табылады. Аталған үзіндіге сәйкес:

1. компанияның KZ1C12280417 жарияланған қарапайым акцияларының жалпы саны 10 922 876 дана, KZ1P12280412 артықшылықты акциялары - 1 213 653 дана құрайды;

2. компанияның жарияланған барлық акциялары;

3. компания өзінің 810 459 артықшылықты акциясын сатып алды;

4. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ-ның нақтылы ұстауында (Алматы) компанияның 8 753 105 қарапайым акциясы (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 77,28 % немесе компанияның орналастырылған қарапайым акцияларының жалпы санынан 80,14 %) және компанияның 177 597 артықшылықты акциясы (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 1,57 % немесе компанияның орналастырылған артықшылықты акцияларының жалпы санынан 44,05 %)бар;

5. компанияның орналасқан акцияларының жалпы санынан бестен астам пайызын құрайтын компания акцияларын әрбір меншіктенуші тұлғалар тізімі кесте түрінде 4 кестеде көрсетілген.

2011 жылғы 14 наурыздағы мәліметтер бойынша "Қазақтелеком" АҚ акцияларының эмиссиясы төмендегідей:

Эмиссияның жалпы сомасы 12 136 529 000 (он екі миллиард бір жүз отыз алты миллион бес жүз жиырма тоғыз мың) теңгені құрайды:

1. 10 922 876 000 (он миллиард тоғыз жүз жиырма екі миллион сегіз жүз жетпіс алты мың) теңге сомасына 10 922 876 (он миллион тоғыз жүз жиырма екі мың сегіз жүз жетпіс алты) дана санында көрсетілген құны 1000 (бір мың) теңге жай атаулы акциялар, оларға Ұлттық сәйкестендіру нөмірі Z 1C12280417 берілді;

2. 1 213 653 000 (бір миллиард екі жүз он үш миллион алты жүз елу үш мың) теңге сомасына 1 213 653 (бір миллион екі жүз он үш мың алты жүз елу үш) дана санында көрсетілген құны 1000 (бір мың) теңге артықшылықты атаулы акциялар, оларға Ұлттық сәйкестендіру нөмірі K Z 1P12280412 берілді.

«Қазақтелеком» АҚ акцияларын сатып алу бойынша инвестордың жаднамасы:

«Қазақтелеком» АҚ қарапайым акцияларын сатып алғысы келетін тұлға «Қазпошта» АҚ құжаттар қабылдау пункттерінің біріне өтініш беруі керек. Өтініш беруші «Қазпошта» АҚ операторына мына құжаттарды тапсыруға міндетті:

v Тұлғаны куәлендіретін құжат (көшірмесімен салыстырғаннан соң қайтарылады), ол жеке куәлігі немесе паспорты болуы мүмкін.

v Тұлғаны куәлендіретін құжаттың көшірмесі.

v Салық төлеушінің РНН берілгені туралы куәлігі (көшірмесімен салыстырғаннан соң қайтарылады).

v Салық төлеушінің куәлігінің ксерокөшірмесі. Тапсырысты сенімхат негізінде іс-әрекеттер жасайтын Өтініш берушінің өкілі бере алады. Бұл жағдайда мынадай құжаттар тапсырылады:

v Өтініш терушінің тұлғасын куәлендіретін құжаттың ксерокөшірмесі.

v Өтініш берушінің салық төлеуші куәлігінің ксерокөшірмесі.

v Өкілдің тұлғасын куәлендіретін құжат.

v Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес ресімделген Өтініш берушінің мүдделеріне өкілеттік жүргізуге берілген сенімхат (операторда қалады). Өтініш берушінің мүдделеріне өкілеттік жүргізуге берілген сенімхат негізгі болуы мүмкін, немесе онда өкілеттілік жүргізу құқығы бар «Қазақтелеком» АҚ қарапайым акцияларын сатып алу бойынша бағалары, акциялардың саны және құқылық іс-әрекеттердің тізбесі көрсетілуі керек.

Өтініш беруші бір ғана тапсырыс беруге құқылы. Бірден артық тапсырыс берген жағдайда қаралуға уақыты бойынша соңғы берілген тапсырыс қаралуға қабылданады. Басқа тапсырыстар жойылады.

Тапсырыстарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін сатушы тапсырыстарды қанағаттандырудың параметрлерін айқ


Сейчас читают про: