Тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайда­ланылады:

1) адъюнктура – әскери оқу орындарында жоғары білікті ғылыми-педагогтік кадрлар даярлау нысаны;

2) академия – мамандықтардың бір-екі топтары бойынша жоғары және жоғары оқу орны-нан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын, ғылыми-зерт­теу қызметін және педагогтік қызметті, кадр­лардың біліктілігін арттыруды және қайта даяр­лауды жүзеге асыратын оқу орны;

3) атаулы стипендия - тиісті білім беру бағ­дарламаларын ойдағыдай меңгерген, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын, оқу орны­ның қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене қатысатын неғұрлым қабілетті білім алушыларды көтермелеу үшін жеке немесе заң­ды тұлғалар тағайындайтын стипендия;

43) мемлекеттік аралық бақылау - оқыту сапасын білім беру ұйымдарына тәуелсіз бақылаудың бір түрі;

44) мемлекеттік атаулы стипендия - Қазақстан Республикасының Президенті және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын стипендия;

2-бап. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы Қазақстан Республика-сының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратифика­циялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

3-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері

1. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мыналар болып табылады:

1) баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі;

2) білім беру жүйесін дамытудың басымдығы;

3) әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі;

4) білім берудің зайырлы, гуманистік және дамытушылық сипаты, азаматтық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдығы;

5) адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу;

6) жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту;

7) білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі;

8) оқыту мен тәрбиенің бірлігі;

9) білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білім беру жүйесі қызметінің ашықтығы;

10) білім беру ұйымдарының меншік нысандары, оқыту мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы.

2. Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне тыйым салынады.

7-бап. Білім беру жүйесін басқару органдарын ақпараттық қамтамасыз ету

1. Білім беру жүйесін басқару органдарын толық, дұрыс, салыстырмалы ақпаратпен уақтылы қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Респуб­ликасында білім беруді тиімді басқарудың мүм­кіндіктерін қамтамасыз ететін білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесі құрылады және жұмыс істейді.

2. Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесі білім беру мониторингінің деректерін, оның ішінде ведомстволық статистикалық байқауларды және білім беру саласындағы уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органдар, білім беру ұйымдары өз міндеттерін жүзеге асыру кезінде алған өзге де деректерді қамтиды.

8-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктер

1. Мемлекет білім алу құқығын білім беру жүйесін дамыту, оның жұмыс істеуінің құқықтық негізін жетілдіру және Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес білім алу үшін қажетті әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасау арқылы қамтамасыз етеді.

9-бап. Оқыту және тәрбиелеу тілі

3-тарау. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ

10-бап. Білім беру жүйесі ұғымы

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі өзара іс-қимыл жасайтын:

1) білім беру деңгейінің сабақтастығын қамтамасыз ететін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының және білім беретін оқу бағдарламаларының;

2) меншік нысандарына, үлгілері мен түрлеріне қарамастан, білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының;

3) білім беруді басқару органдары және тиісті инфрақұрылымдар, оның ішінде білім сапасы мониторингін жүзеге асыратын ғылыми және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету ұйымдарының жиынтығын білдіреді.

11-бап. Білім беру жүйесінің міндеттері

1. Білім беру жүйесінің міндеттері:

1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.

12-бап. Білім беру деңгейлері

4-тарау. БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ

13-бап. Білім беру мазмұнының ұғымы

Білім беру мазмұны – жеке адамның біліктілігі мен жан-жақты дамуын қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі бойынша білімдер жүйесі (кешені).

Білім беру мазмұны білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде әзірленетін білім беретін оқу бағдарламаларымен айқындалады.

14-бап. Білім беретін оқу бағдарламалары

15-бап. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары

16-бап. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағ­дарламалары

1. Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары баланың жеке басын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң талпынысы мен алғырлығын: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған.

17-бап. Техникалық және кәсіптік білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары

18-бап. Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары

20-бап. Орта білім беруден кейінгі кәсіптік оқу бағдарламалары

21-бап. Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары

22-бап. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары
23-бап. Қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: