Аааааааааа

Абайсызда жасалған қылмыстарды қандай санаттағы қылмыстарға жатқызамыз: онша ауыр емес, ауырлығы орташа қылмыстар;

Адам құқығы жөніндегі Европалық Соттың судьяларының саны: 15;

Адвокат құқылы: көмек сұраған тұлғаға кез-келген заңи көмек беруге;

Адвокаттар коллегиясының жоғарғы органы қалай аталады: коллегия мүшелерінің жалпы жиналысы (конференциясы);

Адвокаттық контораның түрі: мекеме;

Азаматтардың (сотқа)жүгіну түрлері: ұсыныс беру, арыз, шағым, тілек білдіру, сұраныс беру.

Азаматтардың жеке шағымдарын қарайтын халықаралық сот органы: адам құқығы бойынша Европалық Сот;

Азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы, жүгінулер бойынша қабылданған шешімдердің орындалмауы, лауазымды тұлғалардың құқыққа қарсы әрекеттері жайлы айту қалай аталады: шағым айту;

Азаматтардың мемлекеттік органдарға субьективтік құқықтарының жүзеге асуы жөнінде ресми жүгінуі қалай аталады: арыз айту;

Азаматты өлді деп жариялауға не негіз болады: егер тұрақты тұратын жерінде ол туралы 3 жылдан бері мәлімет болмаса;

Азаматтық заңмен қандай қатынастар реттеледі: мүліктік, жеке мүліктік емес және мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастар;

Азаматтық қоғам қандай бөлшектерден құралады: мемлекеттік емес экономикалық, әлеуметтік, гуманистік және рухани қатынастардың жиынтығынан;

Азаматтық құқықтық қатынастарда басқаға сенім жүктеуге бола ма: иә, егер бұл сенім хатпен сенім білдірілген болса немесе бұған сенім хат берушінің мүддесін қорғау үшін туған жағдайдың күшімен мәжбүрленген болса;

Азаматтық құқықтық қатынастардағы наразылық шағым беру мерзімдері деп: құқық иесінің міндетті тұлғаға талап - арыз бере алатын мерзімі;

Азаматтық процеске мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және басқа тұлғалардың қатысуына негіз болатын не: заңның арнайы құзыреті, яғни олар процесске тек заңда көрсетілген жағдайларда ғана қатысады.

Азаматтық процеске прокурордың қатысуына не негіз болады: мемлекеттік не қоғамдық мүдделерді немесе азаматтардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау;

Азаматтық процессте арызды қабылдаған күннен бастап қанша уақыт ішінде судья сот отырысына дайындық жүргізеді; 7 күн;

Азаматтық процессте жіберіп алынған іс жүргізу мерзімін кім қалпына келтіреді: сот;

Азаматтық процессте сот отырысына прокурор келмей қалған жағдайда сот не істеуі керек :сот істі қарауды кейінге жылжытады, прокурордың себепсіз келмей қалғанын жоғары тұрған прокурорға хабарлайды.

Азаматтық процесте апелляциялық шағым қанша мерзім ішінде берілуі мүмкін: 15 күннің ішінде;

Азаматтық процесте іс жүргізуге қатысу деп: іске екі немесе бірнеше жауапкерлердің қатысуы.

Азаматтық сот қандай дәлелдемелерді қабылдайды :істе қатысқан барлық тұлғалардың ұсынған дәлелдемелерін;

Азаматтық іс жүгізудің қандай сатысында өкілдік орын алады: өкілдің іс жүргізудің белгілі бір сатысында қатысуы соттың қарауына байланысты болады.

Азаматтың әрекет қабілеттілігін шектеуге қандай негіз болады: спирттік ішімдіктер немесе наркотиктерді үзбей пайдалану отбасын ауыр материалдық жағдайға келтірумен байланысты;

Аймақта мемлекеттік шекараны арнайы шекаралық белгілермен белгілей жүргізу қалай аталады: демаркация;

Ата-ана құқығынан айырылған ата-аналар өздерінің балаларына қамқорлық жасау керек пе: ата-аналар құқығынан айырылу оларды өздерінің балаларына қамқорлық жасаудан босатпайды;

Аталған жазалардың қайсысы негізгі жазаға жатады: бостандығын шектеу, қамау, бостандығынан айыру;

Аталған мемлекеттік органдардың ішіндегі жанама жолмен сайланатын мемлекеттік орган: Сенат;

Аумақтық соттылықтың жалпы тәртібі бойынша арызды талапкер қандай сотқа беруі керек :жауапкердің тұратын жеріндегі, егер жауапкер заңды тұлға болса, оның органының тұрған жеріндегі сотқа;

Ауызша жасалған халықаралық шарт қалай аталады: джентельмендік келісім.

ӘӘӘӘӘӘӘӘӘ

Әкелікті белгілеу туралы талап-арыз талап-арыздың қай түріне жатады: тану жөніндегі арызға;

Әкімшілік жауапкершілік қанша жастан басталады: 16 жастан;

Әкімшілік қамаудың (ең жоғарғы) мерзімі: 45 тәулікке дейін;

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті органдарды атаңыз: сот және басқа да мемлекеттің уәкілетті органдары;

Әкімшілік үрдістің(процестің) қай сатысы негізгі болып саналады: әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау;

Әкімшілік-құқықтық қатынас субьектілеріне арнайы нормалар шегінде өз қалауынша әрекет ету мүмкіндігінің берілуі қалай аталады: құзырет беру нормасы;

Әлеуметтік-еңбек және соған байланысты қатынастарды реттеудің жалпы (принциптерін) қағидаттарын бекітетін құқықтық акт қалай аталады: бас келісім;

Әрекетті есі дұрыс емес күйде жасады деп есептеу үшін ненің болуы талап етіледі: есі дұрыс еместіктің бір медициналық белгісі мен бір заңды критерилері(талаптары);

Әрекетті құқық бұзушылық деп тануға мүмкіндік беретін элементтер жиынтығынан тұратын заңды құрылымның аталуы: заңдық құрам;

Әрекеттің қауіптілігі мен қайшылығын жоятын мән-жайларға жатпайтын не :мастық күй.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: