Активтендіру энергиясы

Химиялық реакция жүру үшін активті молекулалардың кездесуі керек. Қозғалыстағы бөлшектердің бәрінің жылдамдығы бірдей емес. Соқтығысулардың бәрі емес, тек активті соқтығысулар ғана реакцияның жүруіне себеп болады. Осындай “активті” деп аталған молекулалардың жылдамдығы орташа жылдамдықтан жоғары, соған сәйкес энергиясы да мол болып келуі тиіс. Активті молекулалардың энергия қоры олар кездескен кезде әрекеттесе алатындай дәрежеде болады. Кез келген активсіз молекуланы активті ету үшін оның кинетикалық энергиясын активтендіру энергиясы шамасына жеткізу керек.

Реакцияласушы заттардың бір моліндегі молекулалардың барлығын активті молекулаға айналдыру үшін жұмсалатын энергияның мөлшерін активтендіру энергиясы дейді.

Активтендірілген молекулалардың бәрі бірдей реакцияға түсе бермейді. Швед ғалымы Аррениус мынадай теңдеу ұсынды:

k = k0 e-Eакт/RT

k - жылдамдық константасы

(k0 = zp, z - бір секундта болатын соқтығысулар саны,

р - тиімді болатын ориентациялар санының дәрежесін көрсететін фактор)

е - натуралды логарифмнің негізі

Еакт - активтендіру энергиясы

R - газ тұрақтысы

Т - абсолюттік температура

Осы теңдеуге математикалық өңдеулер жасап, активтендіру энергиясын шығаруға болады:

Еакт

lnk = - _______ + ln k0

RT

Активті күйге жеткен молекулалар алғашқыда тұрақсыз, уақытша біріккен агрегат - активтелген комплекс түзеді. Бүл комплекс ауыспалы күйде болады - молекулалардың активті күйі:

Н2 + І2 ([Н2 ... І2 ] (2HІ

Cодан кейін өнім түзіледі.

24. Реакция жылдамдығына катализатордың әсері

Катализатор дегеніміз - химиялық реакцияның жылдамдығын өзгертіп, бірақ өздері процестің нәтижесінде Өзгермей қалатын заттар. Катализатордың әсерінен жылдамдығы өзгеретін процестерді каталитикалық процесс немесе катализ деп атайды.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: