ТЖ зардаптарын жою

ТЖ зардаптарын жою кәсіпорынның, өндірістің, ұйымның, олардың ұйымдастырушылық-құқықтық формасына қарамастан, жергілікті өзіндік басқару ұйымының, субъектілердің атқарушы билігі ұйымының жеке құралдарымен төтенше жағдай бойынша сәйкес комиссиясының жетекшілігімен төтенше жағдай болған аймақта жүзеге асырылуы тиіс.

ТЖ зардаптарын жою ҚР Қарулы күштерінің, Азаматтық қорғаныс күштерімен, арнайы және Азаматтық Қорғаныстың әскериленбеген құрылымдарымен жүзеге асырылады.

Төтенше жағдай зардаптары құтқару және басқа да шұғыл жұмыстар аяқталғаннан соң жойылған болып есептелінеді.

Кесте 7

ТЖ зардаптарын жою

Апаттық-құтқару жұмыстары Өзге шұғыл жұмыстар
1. Құрылымдар қозғалысының және атқарылуы тиіс жұмыс аймақтарын барлау. 1. Үйінділер мен залалды аймақтарда бағаналық жолдар мен өтпел құрылғыларын ұйымдастыру.
2. Құрылымдардың қозғалысы жолдарындағы және жұмыс аймақтарындағы өрттерді сөндіру 2. Коммуналдық -энергетикалық және технологиялық желілерде апаттарды оқшаулау.
3.Зардап шегушілерді іздестіру және оларды үйінділер астынан, бұзылған, жанып жатқан, газданған, түтін басқан және су астында қалған ғимараттардан шығару. 3. Жұмыстарды орындауға бағыттайтын жолдар бойындағы опырылу мүмкіндігі бар ғимарат құрылыстарын бекіту немесе құлату.
4. Зардап шегушілерге алғашқы дәрігерге дейіңгі көмек көрсету және оларды емдеу ұйымдарына көшіру.  
5.Адамдарды санитарлық өңдеу, олардың киімдерін, аймақты, үймереттерді, техника, су және азық–түлікті залалсыздандыру.

ТЖ зардаптарын жоюды ұйымдастыруға келесілер кіреді:

- залалданған ошақты барлау, қажетті ақпараттар жинау;

- болған жағдайды әр түрлі дәрежедегі басшылармен бағалануы (өрттік, радиациялық, химиялық, апаттық және барлығын қоса алғандағы);

- кәсіпорын басшыларының апаттық – құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша шешім қабылдауы;

Апаттық құтқару жұмыстары жүріп жатқан АҚ және нысан жетекшілері шешім қабылданғаннан кейін, белгіленген уақытта қандай іс-шараларды, қандай кезекпен атқару керектігін, сонымен қатар оларды жүзеге асыру үшін қандай құралдар мен күштер қажет екендігін анықтаулары қажет.

Апаттық құтқару жұмыстарының ұйымдасқан түрде жүзеге асырылуы үшін АҚ күштері мен топтары құрылады. Күш топтарынның құрамына нысандық және аймақтық құрылымдар және АҚ әскери бөлімдері кіреді. АҚ күштік топтары көбінесе келесілерден жүктеледі: құрама отряд, құтқару отряды, қызмет құрылымдары.

АҚ күштері мен құралдары төмендегілерді қамтамасыз ету қажет:

- залалданған ошаққа тез арада жету;

-қысқа мерзімде апаттық құтқару жұмыстарын жүргізу және өрістету;

- олардың жүргізілуінің үздіксіздігі;

-жұмыс барысының өсуіне орай күш жүгерді ұлғайту;

-жұмыс барысында күш пен құралдарды игере білу, құрылымды өзара алмастыра алу мүмкіндігі, адамдарды іздеу мен үйінді, бұзылған қорғаныс үймереттерінің астынан шығаруға арналған жоғары өнімділікті техника мен аппаратурамен жұмыс атқара білу;

-басқарудағы ыңғайлылық.

Апаттық құтқару жұмыстарын жүргізуде халық шаруашылығындағы құрылыс және жол машиналары мен механизмдерінің, шаруашылық коммуналдық техниканың барлық түрлері қолданыла алады.

2.10 Жұмыс орнындағы микроклиматтың нормативті көрсеткіштерін қамтамасыз ету

Жұмыс орындарында микроклиматтың тиімді (ЭЕМ бөлмелері, программистер, конструкторлар, зертханалар бөлмелері үшін) немесе рұқсат етілген (қоймалар, ашыту цехтары, дәнді дақылдарды өсіру орындарынан басқа, өндірістік ғимараттарда) көрсеткіштері қамтамасыз етілуі керек. Денеге күш түсетін жұмыстар категориясы олардың ауырлығы бойынша анықталады және 8-кестеде жылдың салқын және жылы мезгіліндегі өндірістік ғимараттардың жұмыс аймағындағы температураның, салыстырмалы ылғалдылықтың және ауа қозғалысының жылдамдығы шамалары салыстырылады.

Жұмыс шарты мен орындалатын жұмысқа, сонымен бірге жұмыс істейтін жабдықтың тұрған орнына байланысты (жылытылатын бөлме, жылытылмайтын бөлме немесе көшеде тұрып жұмыс істеу) адам ағзасына суықтық жарақат туындататын кері температуралардың әсерін төмендету бойынша шаралар жасалынады: микроклиматтың көрсеткіштерін еңбек жағдайы бойынша қамтамасыз ету үшін, сонымен бірге жұмыскерлерді ЖҚҚ қамтамасыз ету үшін техникалық сипаттағы құрылыстық, жылыту жүйелері, калориферлерді пайдалану, жылулық шатырлар және т.б. пайдалану, қарастырылады.

Азық –түліктік өндірістердің мекемелерінде көптеген өндірістік үрдістерді төмендетету жабдықтардан және материалдардан бөлінетін жылу бөлумен қатар жүреді. Өндірістік ғимараттарда температураның жоғарлауы нәтижесінде қоршаған ортамен адам денесінің жылу алмасуы бұзылады, ол жұмыскерге қолайсыз жағдай туындатады, оның жұмыс қабілеттілігін төмендетеді, ал микроклиматтың жоспарланған көрсеткіштерінен көп мөлшерде ауытқу болған кезде кәсіби аурулар туындайды және кейде жылулық соққының салдыранан есінен де танып қалады. Сонымен бірге жабдықтардың сыртқы беттері немесе қоршауыш құрылымдардың сыртқы беттерінің температурасы рұқсат етілген мөлшерден (450С) артқан кезде сол жабдықтарға жақындаған жұмыскерлердің қорғалмаған бөлігінде, тері қаптамаларында күйік пайда болады. Жабдықтардың немесе коммуникациялардың беттерінің жоғары температураға дейін қыздырылғандағы инфрақызыл сәулеленудің әсері, адам ағзасындағы морфологиялық және функционалды өзгерістерге алып келеді. Осыған байланысты дипломдық жобада жұмысшы орындарында микроклиматтың қажетті көрсеткіштерін қамтамасыз ететін шаралар жасалуы керек: желдету (жалпы-алмастырушы, жүйелі, ағымды, сорушы немесе аралас) кедергілерден қорғайтын қондырғылар, ауаны желдету және т.б.

Дипломдық жобада инфрақызыл сәулеленуден қорғауды қарастыру қажет- ыстық беттерді жылу оқшаулау, жылу бөлетін беттерді салқындату, сәулелену көздерін экрандау, ауалы суландыру, жұмыс пен демалыстың тиімді режимін ұйымдастыру.

8-кесте

Өндірістік ғимараттардағы микроклимат көрсеткіштерінің рұқсат етілген шамасы

Жыл мезгілдері Энергия шығыны деңгейі бойынша жұмыс категориясы, Вт Ауа темпера­турасы °С Беттердің темпера­турасы, °С Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, % Ауа қозғалысының жылдамдығы, Кем емес, м/с  
Салқын Iа(до 139) Iб (140-174) IIа(175-232) IIб(233-290) III(более 290) 20-25 19-24 17-23 15-22 13-21 19-26 18-25 16-24 14-23 12-22 15-75 15-75 15-75 15-75 15-75 0,1 0,1-0,2 0,1-0,3 0,2-0,4 0,2-0,4
Жылы Iа(до 139) Iб (140-174) IIа(175-232) IIб(233-290) III(более 290) 21-28 20-28 18-27 16-27 15-26 20-29 19-29 17-28 15-28 14-27 15-75 15-75 15-75 15-75 15-75 0,1-0,2 0,1-0,3 0,1-0,4 0,2-0,5 0,2-0,5
                 

2.11 Жұмыс орындарын аттестациядан өткізу

Еңбек жағдайы бойынша өндірістік объектілерді аттестациядан өткізу, бұл өндірістік объектілерді, цехтарды, учаскелерді қауіпсіздікті, зияндылықты, оларда жұмыс істейтін ауырлығы мен қауіпсіздік пен еңбек қорғау облысындағы жүргізілетін іс-әрекеттер.

Өндірістік объектілерді аттестациядан өткізуге кіретіндер:

- қауіпсіздік пен еңбек қорғау облысындағы нақты нормативтермен сәйкес ұйымдардың жұмыс орындарын аттесттациядан өткізу;

- қауіпсіздік пен еңбек қорғау облысындағы олардың нормативтерімен сәйкестігі бойынша ұйымдардың өндірістік объектілерін кешенді бағалау:

-еңбектің қауіптілігі мен зияндылығы дәрежесін бағалау;

-жарақат қауіпсіздігі дәрежесін бағалау мен ұжымдық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету;

-жеке қорғаныс құралдарымен жұмыскерлердің қамтамасыз етілуін бағалау.

Өндірістік объектілерді аттестациядан өткізу нәтижесі келесідей мақсаттарда қолданылады:

- нормативті құқықтық актілердің талаптарымен сәйкес жұмыс орындары үшін еңбек қауіпсіздігі мен жағдайын жақсарту бойынша ұйымдық –техникалық шаралар кешенін өткізу;

- жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі мен өндірістік ортаның нақты жағдайының шарттарын бағалау;

- жұмыскерлерді қажетті жеке қорғаныс құралдарымен және ұйымдық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуін анықтау, олардың нақты жұмыс шартымен және оларға қойылатын стандарттар талаптарымен сәйкес келуін анықтау;

- кәсіби аурулар мен кәсіби аруларға диагноз қоюға қауіп туындаған кезде орындалатын жұмыс пен кәсіпке байланысты аурумен байланыстылығын анықтау үшін қауіпті немесе зиянды жұмыс жағдайында жұмыс фактісін тағайындау, сонымен бірге дау-дамайлы жағдайларды шешу мен басқада жағдайларда сот түрінде шешу кезінде жұмыс фактілерін анықтау қажет;

- өндірістік объектілерді немесе жабдықтарды пайдалануды (тоқтату), сонымен бірге технологияның өзгеруі туралы шешім қабылдау;

- еңбек жағдай туралы статистикалық есеп беруді жасау;

-жұмыскерлердің еңбектік міндеттерін (қызметтерін) орындауы кезінде, жұмыскердің денсаулығы мен өміріне келтірілген зиянына жұмыс берушінің жауаптылығын сақтандыру кезінде сақтандырушының (жұмыс берушінің) сақтандыру тарифін анықтау;

- Қазақстан Республикасының еңбектік заңнамаларымен қарастырылған, зиянды және қауіпті еңбек жағдайындағы жұмыстарда жұмыскерлерге жеңілдіктер мен жәрдем ақылар төлеуді негіздеу;

- зиянды өндірістік факторлар мен олардың әсерінен қорғау бойынша жүргізілетін шаралар туралы еңбек қорғау мен қауіпсіздік шарттары туралы жұмыскерлермен нақты ақпарат алу.

Алғашқы мәндері өндірістік және диплом алдындағы тәжірибеден өту кезінде жиналуы мүмкін. Алғашқы мәліметтер жоқ болған жағдайда бөлімнің кеңесшісімен келісуі қажет.

2.12 Техникалық регламенттің талаптарын енгізу

Техникалық реттеу – санитарлық және фитосанитарлық («Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңы 1.46 ст) шаралардан басқа, бекітілген талаптарды сақтай отырып, мемлекеттік бақылау мен аккретизациялау жағдайларын дәлелдеу бойынша іс-шараларды қоса отырып, үрдістерге, қызметтерге, өнімдерге қойылатын ерікті және міндетті түрдегі талаптарды орындау және қабылдаумен, бекітумен, анықтаумен байланысты құқықтық және нормативті қарым-қатнасты реттеу.

Техникалық регламент - ИСО, МЕСТ, ТР және басқа стандарттармен салыстырғанда, техникалық реттеу (өнімдерге, сонымен бірге ғимараттарға, құрылыстарға, үймереттерге, өндіріс үрдістеріне пайдалануға, сақтауға, тасмалдауға, жүзеге асыруға және жоюға) объектілеріне қойылатын талаптарды орындау мен қабылдауға арналған міндетті түрдегі орындалатын құжат (нормативті құқықтық акт).

Техникалық регламенттер міндетті түрде сипатталынады, бірақ қауіпсіздік облысында минималды қажетті талаптар ғана бекіте алады, кейде белгілі бір мақсаттарда ғана қолданылуы мүмкін, әсіресе:

а) азаматтардың денсаулығы мен өмірін, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың мүлігін, мемлекеттік немесе муниципалды мүлігін қорғауда;

б) қоршаған ортаны, жануарлар мен өсімдіктердің денсаулығы мен өмірін қорғауда;

в) тұтынушыларды адастыруға алып келетін іс-әрекеттердің алдын-алуда;

г) энергетикалық тиімділікті қамтамасыз етуде.

Техникалық реттеу мен метрология облысындағы регламенттейтін жұмыстар, нормативті құқықтық актілері, болатын:

-«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

-«Өлшем бірліктердің бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

-«Сәйкестікті бағалау облысындағы аккредитация туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

- 2010 – 2014 жылдардағы Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуы бойынша мемлекеттік бағдарлама;

- 2010 – 2014 жылдардағы Қазақстан Республикасының сапа инфрақұрылымын құру мен техникалық реттеу бойынша салалық бағдарлама.

Өнім шығаратын жұмыстарда, технологиялық үрдістердің қауіпсіздігінде, шығарылатын өнімде және т.б. нақты техникалық регламенттермен сәйкестігі дәлелденуі қажет, кейде олар жоқ болса- стандарттармен немесе басқа нормативті құжаттармен дәлелденуі қажет. 3 –қосымшада ҚР қабылдаған, техникалық регламенттерінің тізімі келтірілген.

2.13 Нормативті жарықтандыруды қамтамасыз ету

Жобаланатын немесе қайта құрылатын объектілер немесе нақты тұрақты жұмыс орындары үшін, ажырату объектісінің ең кіші өлшемдері бойынша көру жұмыстары разряды мен сипаттамасын бекіту қажет. Фонмен бірге объекті контрасы мен фонның сипаттамасы бойынша жасанды жарықтандырудың нормативті мәндерін бекітуді лк және табиғиды –КЕО деп бекіту қажет.

Жобаланатын объектілер үшін табиғи жарықтандырудың рационалды түрін (жанындағы, жоғарғы немесе аралас), ал жасанды жарықтандыру үшін жарық көздерін және жарықшамдарды пайдалану қажет. Нақты жұмыс істеп тұрған өндірістерде жарықтандыру жүйесін жақсарту бойынша ұсыныс жасау қажет. Апаттық және эвакуациялық жасанды жарықтандыру сұрақтарын қарастыру қажет.

2.14 Өрт жарылыс қауіпсіздігі

Жобаланатын өндіріс ғимараттарының (9 және 10-кесте) жарылыс өрт қауіпсіздігі категориясына және жарылыс- немесе өрт қауіпті ғимараттар аймағы класына, ғимараттар мен үймереттердің өрт тұрақтылық дәрежесіне жатқызуға болатындығын анықтау.

Осы мәліметтер негізінде жарылыс пен өрттің таралуы мен алдын-алу, жарылыстан қорғану құралдары, өртті сөндіру құралдары, электрлік және басқада арнайы жабдықтар түрлерін өшіру құралдары, майлар, жанғыш сұйықтар бойынша шараларды жасау және дәлелдеу қажет.

9-кесте

Жарылыс өрт және өрт қауіпсіздігі бойынша ғимараттарды категорияға бөлу

Ғимарат категориясы Ғимараттағы заттар мен матриалдардың сипаттамалары
А Жарылысөрт қауіпті а) Жанғыш газдар, тұтану температурасы 280С –дан жоғары жеңіл тұтанатын сұйықтар, осындай көлемде олар бу-газ ауалы жарылыс қауіпті қоспалар түзуі мүмкін, тұтану кезінде ғимараттағы жарылыстың артық есептік қысымы 5 кПа асып кетеді; б) сумен, ауадағы оттегімен немесе бір-бірімен өзара байланысқа түскен кезде жарылуыға қабілетті материалдар мен заттар, сондай мөлшерде ғимараттағы жарылыстың артық есептік қысымы 5 кПа асып кетеді.
Б Жарылыс өрт қауіпті Жанғыш шаңдар немесе мақта, тұтану температурасы 280С- дан жоғары жеңіл тұтанатын сұйықтар, сондай мөлшердегі сұйықтар жарылыс қауіпті шаң ауалы немесе бу ауалы қоспалар түзуі мүмкін, олар тұтану кезінде ғимаратта жарылыстың артық есептік қысымы 5 кПа асып кетеді
В1 – В4 Өрт қауіпті В1-В4 категориялары бойынша ғимараттарды бөлу НПБ 105-03 –мен сәйкес меншікті өрттік жүктеме шамасы бойынша жүргізіледі Жанғыш және қиын жанатын жанғыш сұйықтар, қатты жанғыш және қиын жанғыш заттар мен материалдар (сонымен бірге шаңдар және талшықтар), сумен, оттегімен немесе бір-бірімен өзара байланысы кезінде жануға қабілетті заттар мен материалдар, ғимаратта ондай заттар болады және олармен жұмыс істеледі, А және Б категориясына жатпайды.
Г а) Жанбайтын заттар мен материалдар жанған, еріген немесе балқыған күйінде өңдеу үрдістерінде сәулелі жылудың, жалынның, ұшқынның бөлінуімен қатар жүреді; б) отын ретінде жанатын және жойылатын жанғыш газдар, сұйықтар және қатты заттар.
Д Суық күйіндегі жанбайтын заттар мен материалдар; Д категориясына жатқызуға болады. Майлау, салқындату және гидрожетекті жабдықтарда 60 кг бірліктегі 0,2 МПа мөлшердегі жанғыш сұйықтары бар ғимараттарды, жабдықтарды, жұмыс орындарындағы жеке мүліктік заттарды, кабельді электрлік желілерді

10-кесте

Жарылыс қауіпті және өрттік аймақтарды топтау (ӨБЭ)

Аймақтар класы Аймақтардың сипаттамалары
Жарылыс қауіпті аймақтар
В-I Ғимараттардағы орналасқан, аймақтарда белгілі мөлшерде және белгілі қасиеттерімен бөлінетін ЖТС булары немесе жанғыш газдар қалыпты жұмыс режимінде ауамен жарылыс қауіпті қоспалар түзуі мүмкін.
В-Iа Ғимараттардағы орналасқан аймақтар, жарылыс қауіпті жанғыш газдар қоспаларын немесе ЖТС буларын қалыпты жағдайда пайдаланған кезде ауамен өзара байланысқан кезде жарылыс туындамайды, тек апат пен ақаулардың салдарынан ғана болуы мүмкін.
В-Iб Ғимараттардағы орналасқан аймақтар, жарылыс қауіпті жанғыш газдар қоспаларын немесе ЖТС буларын қалыпты жағдайда пайдаланған кезде ауамен өзара байланысқан кезде жарылыс туындамайды, тек апат пен ақаулардың салдарынан ғана болуы мүмкін, ол келесі ерекшеліктерімен ерекшеленеді: - жанғыш газдар ЖТТКШ 15% және жоғары, тұншықтырғыш исі бар; - газ түріндегі сутегімен жұмыс істеумен байланысты өндіріс ғимараттарында технологиялық үрдістердің шарты бойынша жарылыс қауіпті қоспа ғимараттың бос көлемінен 5% асып кетсе ғимараттың жоғарғы бөлігінде ғана жарылыс қауіпті аймақ түзуі мүмкін
В-Iг Сыртқы қондырғылардағы кеңістікте: жанғыш газдар немесе ЖТС бар технологиялық қондырғылар
В-II Ғимараттағы орналасқан, шаңдар немесе талшықтар қалқыған күйінде бөлінетін, аймақтарда қалыпты жұмыс режимінде ауамен жарылыс қауіпті қоспа түзуі мүмкін.
В-IIа Қауіпті жағдайы В-да көрсетілген, ғимаратта орналасқан, аймақ, апат немесе ақаулардың салдарынан ғана жарылыс болуы мүмкін.
Өрт қауіпті аймақтар
П-I Жанғыш сұйықтармен жұмыс істейтін, ғимаратта орналасқан аймақ.
П-II Ауа көлеміне 65г/м3-тан жоғары ТКПР –мен жанғыш шаңдар мен талшықтар бөлінетін, ғимараттағы орналасқан, аймақтар.
П-IIа Қатты жанғыш заттармен жұмыс істейтін, ғимараттағы орналасқан, аймақтар.
П-III Жанғыш сұйықтар немесе қатты жанғыш заттармен жұмыс істейтін, ғимараттың сыртындағы орналасқан аймақ.

2.15 Қоршаған ортаға жобаланатын өндірістің жағымсыз әсері мәселелері

Осы бөлімді жазған кезде «Экология және тұрақты даму», «ТҚН» курстарынан өткен кездегі алған білімдерін пайдалану қажет. Студент жобаланатын өндірістің төмендегі келтірілген схемамен (1-сурет) сәйкес қоршаған ортаны ластау көздеріне сипаттама берулері қажет, өндіріс пайдаланатын шикізаттық, отындық, энергетикалық ресурстарды көрсету; өнімді даярлау кезіндегі алынған қоршаған ортаны ластау өнімдері; оларды тазалау немесе жою әдістері, қайта пайдалану әдістері; олардың қауіптілік класстары; өндірістің қауіптілік класын анықтау және нормативті құжаттармен сәйкес нормативті санитарлы-қорғаныстық аймағының өлшемдері.

Шикізат отын электрэнергиясы су

↓ ↓ ↓ ↓

Өндірістік мекемелер

↓ ↓ ↓ ↓

өнім қалдықтар тасталынғандар қатты қалдықтар

1-сурет

Өндірістік үрдістер мен мекемелердің экологиясындағы ұйымның тұрақты даму қатнасында ең бағалы және қызықтысы, дипломдық жұмыстағы келесі мәселелерді жасау:

- қалдықсыз өндіріс, сонымен бірге қалдықтарды пайдалану (қатты, сұйық және басқа күйінде) осы өндірістерде және аралас салалы өндірістерде, ауылшаруашылық өндірістерінде;

- тұтыну қалдықтарын пайдалану;

- рұқсат етілген концентрацияға дейін зиянды заттардан ағынды суларды тазалау;

-шекті рұқсат етілген қалдықтарды анықтаумен атмосферадағы технологиялық қалдықтардың зиянды заттардан тазалау;

- өнім алуға пайдалану және өнімнің дәстүрлі түрін алмастыратын, шикізат өндірісі үрдісінде пайдалану, бірақ аздығымен ерекшеленетін, оны алу (өндіру) табиғатқа минималды шығын келтіретін өнімдер;

- жеке технологиялық үрдістердегі немесе өндірістерде түгелдей энергия отынды жинау шаралары.

Жобаланатын өндірістерде, цехтарда, технологиялық желілер үшін экологиялық төл құжатты жобалап құруда немесе оны бағалауда келесі аспектілері қосылуы қажет:

- Цехтар мен өндірістік объектілер. Мұнда өндірістік объектілер мен цехтардың атаулары туралы, олардың бекітілген қуаттылығы, шығарылатын өнімдер мен олардың көлемдері туралы мәліметтер келтіріледі.

- Жер ресурстарын пайдалану. Негізгі және қосымша ғимараттардағы бөлінген жер аудандары туралы мәліметтер келтіріледі, сонымен бірге административті –тұрмыстық қызметтегі, территорияның қатты қаптама аудандары мен көгалдандыру газондары туралы мәліметтер келтіріледі. Сонымен бірге осы бөлімде уақытша пайдаланылатын бөлінген жер аудандары туралы мәліметтер беріледі: құрылыстық материалдар қоймалары, жолдар, құбыр өткізгіштер, электр берілісі желілері және басқада желілі үймереттер.

- Өнім түріндегі қосымша материалдар қорлары мен шикізат шығыны. Мұнда қосымша қорлар мен шикізат түрі туралы, қолданылатын шикізат өнімдері мен шикізат шығыны атаулары, сонымен бірге жылдағы жалпы тұтынатын өнім бірлігі туралы мәліметтер келтіріледі.

- Өнім түрі бойынша энергия қорының шығыны. Осы бөлімдегі ең маңыздысы, энергияға кететін өзіндік құнның артуымен байланысты, өндіріске кететін шығын мен өнім түрлері бойынша мәліметтер келтіріледі: электр энергиясы, газ, мазут, көмір және отынның басқа түрлері, сонымен бірге жылулық энергия; осы мәліметтерді өнім бірлігінде жалпы шығын бойынша беріледі, жылулық энергия бойынша қазандықта қанша шығындалады және қайтымды қорларды пайдаланғанда қанша болатындығы көрсетіледі.

- Өндіріс бойынша толығымен атмосфераға тасталынған зиянды заттардың сипаттамасы. Мұнда бөлінетін зиянды заттардың атаулары, олардың мөлшері, сонымен бірге тазалаудан өтпеген тасталынған заттар және тазалуға жіберілген заттар, сонымен бірге соңғы мәліметтерінде қанша зиянды заттар ауланды және қаншасы залалсыздандырылды және қанша жойылды көрсетіледі. Өндірістің атмосфераға тасталған зиянды заттардың (жеке түрлері бойынша) жалпы көлемі, олардан қаншасы ауланды және қаншасы пайыздық мөлшерде рұқсат етілген мөлшердегі қалдықтар мен мөлшерден асып кеткен қалдықтардың мөлшері туралы мәліметтер келтірілген.

- Атмосфераға зиянды заттардың қалдықтарын бөлетін көздердің сипаттамалары. Мұнда сызбаларда нөмірлеріне ұсыныстары көрсетілген мәліметтер, көздерден шыққан зиянды заттар мен олардың көлемдері туралы, шаң аулайтын жабдықтарды орнату туралы, оған кететін күрделі және пайдалану шығындары көрсетіледі, сонымен бірге атмосфеараға тасталынатын зиянды заттардың көлемі- максималды, жылдық-қосынды және өнім бірлігі мәліметтері келтіріледі, сонымен бірге қалдықтардағы (олардың көлемі мен температура) газ ауалы қоспалардың көрсеткіштері туралы мәліметтері келтіріледі.

- Су объектілерінен алынған, судың көлемі. Мұнда су объектілерінің атаулары келтіріледі, сонымен бірге су өткізу жүйелері, суды жинау лимитін бекіту және жылдағы алынған мөлшері, технологиялық және қосымша қажеттіліктерге кететін суды пайдалану, сонымен бірге шаруашылық- ауыз су шығындары мен тасмалдау кезіндегі судың жоғалымы туралы мәліметтер.

- Ағынды су көздерінің сипаттамалары Мұнда ағынды сулар көздерінің атаулары, жіберу режимі, бақылау-өлшеу аспаптары, ағынды сулардың максималды және орташа шығындары көрсетіледі (рН сутегілік көрсеткіштері, қалқымалы заттар, түсі, улылығы, арнайы нормативті қоспалары).

- Тазалау үймереттерінің сипаттамалары. Мұнда тазалау құрылғыларының атаулары және ағынды суларды тазалау әдістері, оның жобаланған өткізу қабілеттілігі және ингредиенттер бойынша тазалау тиімділігі беріледі.

- Су айналым жүйелерінің сипаттамалары (САЖ). Осы мәліметтер өндірістің экологиялық төл құжатында міндетті түрде көрсетілмейді. Олар айналымдық жүйелер туралы мәліметтерден (қызмет етілетін өндірістің атауы, судың шығыны, жүйелердің типтері, жазылу туралы мәлімет) және суды қайта пайдалану жүйелері (алғашқы және қайта пайдалану және судың шығындары туралы мәліметтер) туралы мәліметтер бар.

- Өндірістегі пайда болатын қалдықтардың сипаттамасы. Мұнда қалдықтардың атаулары, олардың мөлшері және пайдалану туралы мәліметтер беріледі, сонымен бірге осы мақсатта берілген басқа өндірістер мен мекемелер, қалдықтарды залалсыздандыру (жою), оларды қоймалау, шақыру кезеңділігі және қалдықтарды пайдалану себептері туралы мәліметтері беріледі. Егер өндірістің, қалдықтарды көмуге (қоймалау) арналған полигоны мен жинайтын арнайы жерлері болса, оларды орналастыру орындары, қамтыған ауданы, санитарлы-қорғаныстық аймақтардың өлшемдері және осы үймереттерді сипаттайтын басқада мәліметтер келтіріледі.

- Бұзылған жерлерді қайта өңдеу және топырақтың бұзылған қабатын аршып алу. Мұнда бұзылған жерлердің ауданы мен егістікке, ауылшаруашылыққа, орман ағаштарын отырғызуға, су қоймалары мен басқада мақсатта пайдалану үшін оларды қайта қалпына келтіру туралы, сонымен бірге топырақтың өнімділік қабатын пайдалану мен оларды аршу туралы мәліметтері келтіріледі.

- Өндірістегі көліктер. Мұнда машиналардың типі және саны, олардың жүріп өткен уақыты, зиянды заттардың (СО, NОх, көмірсутегі) меншікті қалдықтары мен жылдық қалдығы туралы мәліметтер келтіріледі.

- Қоршаған ортаны ластайтын қалдықтарға төленетін ақы, қалдықтарды орналастыру. Мұнда рұқсат етілген, бекітілген лимиттері, осы лимиттер шегіндегі төлем мөлшерлері, мен осы мөлшерден асып кеткендегі төлемдері, бекітілген лимиттер шегіндегі жеке көлемдері және олардың асып кетуі туралы мәліметтер келтіріледі.

Өндірістік орындардың табиғатпен толық өзара байланысындағы экологиялық төл құжаты, жобаланатын және жұмыс істеп тұрған өндірістер үшін міндетті түрде болатын құжаты, соңғы уақытта осы құжат жыл сайын өндірістегі болып жатқан өзгерістермен жаңартылып отырады: өнімділіктің өзгеруі мен шығарылатын өнімнің түрі, жаңа тазалау қондырғыларының құрылғылары және т.б.

Дипломдық жобаларды жасау кезінде (жаңа немесе жұмыс істеп тұрған өндірістерді қайта қалпына келтіру) жобаның жазбасында экологиялық төл құжаттың алдыңғы немесе соңғы бөліміне жататын, экологиялық төл құжаттың барлық бөлімдерінің атаулары көрсетілуі керек; осы мәліметтер сандық материалдармен, кейде жазбаша түріндегі сипатта болуы мүмкін.

ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИТТЕР ТІЗІМІ


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: