Номинализм

Реализм - ортағасырлық схолистикада орын алғаг философиялық бағыт, ол ұғымдар (универсалиялар) реалды түрде өмір сүреді және жалқы заттардан бұрын өмір сүреді деген көзқарасты қалыптастырды. Ортағасырлық реализм іс жүзінде ұғым мен обьективтік дүниенің, жалпы мен жалқының арақатынасы туралы мәселенің шешіміне кедгенде Платонның бағытын жалғастырды. Көрнекті өкілдері – Ансельм Кентерберийский және Шамполық Гильом, Фома Аквинский болды. Ортағасырлық реализмге қарсы номинализм өкілдері күрес жүргізді.

Реализмнің өмір шындығын бейнелеудегі әдісі, стильдік формасы алуан түрлі.
Романтизм әдісі көбіне сирек кездесетін ерекше жағдайларға көңіл аударса, Реализм айналадағы нақтылы өмір құбылыстарын толық көрсетуді қажет етеді. Реализм болмыстың ең маңызды сипатын сұрыптап, көркем образ арқылы бейнелейді, өмір шындығын анық кескіндейтін образдар жүйесін жасайды. Реализм өмірде үнемі кездесетін нақтылы жағдайларды, адамның іс-әрекеттерін бейнелеуді басты міндет санайды, дегенмен оған алға ұмтылушылық, алыс арманға, асқақ қиялға бойұрушылық мүлде жат деп түсіну дұрыс емес. Алайда реалистік әдістің негізгі ерекшелігі — өмірдегі типтік жағдайларды кеңінен қамтып, қай құбылыстың болсын даралық белгілерін де, жинақталған көптеген құбылыстарға ортақ сипаттарын да нанымды суреттеп, нағыз типтік дәрежедегі көркем образдар, бейнелі тұлғалар жасау. Бейнелеу өнерінде сыншыл Реализм 18 ғ-дан байқалды.Суретшілер шығармндағы қарапайым адамдардың күнделікті тіршілігіне үңілу, жекелеген мінезге көңіл аудару, қоғамдағы кертартпа салт-сананы келемеждеу (Францияда Ж.Б. Шарден, Ж.Б. Грез; Англияда У.Хогарт; Германияда Д.Н. Ходовецкий) ағартушылық идеяларының шартына бағындырылды. Реализм әдістерін қалыптастыруда Ф.Гойя шығарм. ерекше орын алды. Ол өз еңбектерінде төңіректі қоршаған дүниенің жанды поэзиясын қалай ашса, әлеум. қайшылықты аяусыз талдауда соншалықты батыл қадам жасады. 18 ғ. мен 19 ғ-дың алғашқы бөлігінде, романтизмнің қалыптасу кезінде бейнелеу өнері (портрет, тұрмыстық жанр мен табиғат көрінісі саласында) Реализмге бет бұрды.
Реализмнің алғашқы нышандарын ауыз әдебиеті мен көне жазбалардан да табуға болады.
Оның айрықша белең алған кезеңі — қайта өркендеу дәуірі (15 — 17 ғ-лар). Реализм белгілері М.Сервантес, У.Шекспир шығармаларынан айқын көрінді, 18 ғ-да Англияда (Д.Дефо, С.Ричардсон), Францияда (Д.Дидро, Ж.Ж. Руссо, Германияда (И.В. Гете) реалистік романдар жарыққа шықты. 19 ғ-дың 30-жылдарында бой көрсеткен сыншыл Реализм бурж. қоғам өмірін жан-жақты қамтып көрсетуді мақсат етті. Батыста У.Теккерей, Р.Флобер,Дж.Элиот, Ресейде Л.Н. Толстой,М.Ф. Достоевский, А.П. Чехов Реализмнің дамуына зор үлес қосты. Реалистік әдіс орыс әдебиетінде Пушкиншығарм. арқылы биік дәрежеге көтерілді. Пушкиннің “ Евгений Онегин”, “Капитан қызы ” романдары, көптеген лирик. өлеңдері осы әдістің орыс әдебиетінде берік орын алуына мүмкіндік туғызды. Реализм әдісі одан әрі И.А. Гончаров, И.С. Тургенев шығармаларында кеңінен орын алған. Қазақ әдебиетінде Реализм әдісі Абай мен Махамбет Өтемісұлы поэзиясы негізінде жоғары сатыға көтерілді. Шернияз Жарылқасынұлы, Алмажан Азаматқызы, Жамбыл ақындармен қатар, Абайға жалғас шыққан қазақ әдебиетінің ірі өкілдері Ш.Іұдайбердіұлы, С.Торайғыров,М.Дулатов, М.Сералин, С.Көбеев, т.б. қаламгерлер Реализм әдісін өркендетіп, дамыта түсті

Номинализм (лат. nomen – есім, атау) – ұғымды тек жекелеген заттардың атауы ғана деп есептейтін ортағасырлық философиялық бағыт. Ортағасырлық реализмге қарсы номиналистер тек өздеріне тән қасиеттері бар заттар ғана өмірде бар деп тұжырымдады. Заттар туралы біздің жалпы түсінігіміз олардан тысқары бола алмайды, тіпті заттардың шынайы күйі мен қасиеттерін елестете алмайды. Номиналистер заттардың бастапқы, ал ұғымның соңғылығын мойындай отырып, материалистік тенденциялармен байланысты көзқараста болды. Көрнекті өкілдері: Росцелин, Дунс, Скотт, Оккам.

Оккам.Пьер Абеляр реализм мен номинализмнің біржақты пікірлерін толықтыруға тырысты, сөйтіп өзіндік ерекшелігі бар концептуализм ілімін жасады. Абеляр Аристотельдің Платон идеялары туралы ойларын қайтадан жаңғыртты. Ойшылдың пікірінше, жалпы нақты заттардан тыс бола алмайды. Ол заттармен бірге, оның болмысымен біте қайнасқан. Адам ақылы оны заттан бөліп, сол арқылы заттың ішкі мәні мен мағынасын анықтайды, сөйтіп жалпы ұғымдарды тудырады. Жалпы ұғым адамның ақылында концепт ретінде өмір сүреді.

13. Ғылыми таным дамуындағы араб-мұсылмандық әлемнің тарихи бастамаларын сипаттаңыз.

Батыста философия, өнер және ғылымның дамуы орта ғасырда біршама тоқтап қалды, ал Шығыста араб ойшылдарының арқасында ерекше дами бастады. Арабтардың ұлттық сана-сезімiнің оянуы, мәдениетінің кең өріс жаюы, VII ғасырда Араб жерінде жаңа, ислам діннің пайда болуымен тікелей байланысты.

Ислам Шығыстық дәстүрді сақтап, Құдайды табиғаттың объективтік заңдарын орындаушы, оларды адамдарға жеткізуші құдіретті күш ретінде таныды. Ал адамды көп тіршілік иелерінің тең бірі деп санап, қанағатшылды, руханилыққа шақырды. Иудаизм діні Құдайдың Жерді адам үшін жасағаны, адамды өзіне ұқсас етіп жасауы сияқты, т.б. идеяларын қабылдаған және «адам-құдай» ілімімен оны тереңдете түскен Христиан дініндей, Ислам табиғатқа немқұрайлы қарамайды. Оны бар күнәнің көзі демей, керісінше, дәріптеп пір тұтады. Бұл табиғатпен, байлық үшін басқалармен соғысудан құтқарады, табиғаттану ғылымдарынан гөрі, қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың көп жетілуіне жол ашады. Исламда «пантеистік» (табиғаттың өзін құдай деп тану) сарын басым (Ибн Сина, Ибн Рушд ілімдерінде) болғандықтан, Крест жорықтарының нәтижесінде фундаменталдық күйге түскен кезге дейін, «құдайды тану - табиғатты оқу» қағидасына сүйеніп, араб тілді елдерде барлық ғылым салалары, мәдениетте ерекше дамыды. Орта ғасырдағы Шығыс ─ дін мен ғылымның үйлескен кезеңі, әрі ғылымның қайта жаңғыруының негізгі себебіне айналды.

Орта ғасырда Бағдат қаласы үлкен мәдени, рухани орталыққа айналды. Мұнда Платон, Аристотель, Гипократ, Гален, Эвклид, Архимед және Птолемейдің шығармалары араб тіліне аударылып, мұсылман әлеміне кеңінен танымал болды. Х ғасырдың екінші жартысында олар Испанияға, орталық Пиреней түбегіндегі Кордово қаласына ойысты. Араб әлемінде танымал болған шығармалар, бұл жерде латын тіліне аударылып, батысеуропалық ғылым дамуының қайнар көзі болды. ІХ-ХIІ ғасырда мәдени даму ─ өзінің шарықтау биігіне көтеріліп, шегіне жетті. Осы кезде Аристотель ағымның ықпалы өте күшті болды. Сөйтіп, мұсылман перипатетизімінің (гр. Peripatetikos - серуен кезінде бiлiм алу) негізі қаланды. Ол негізінен екі ағымға бөлінген.

1. Шығыстық Аристотелизм: Әль-Кинди, Әл-Фараби және Ибн-Сина (Авиценна).

2. Испан Аристотелизімі: Ибн Рушд (Аверроэс) және Ибн Туфайль.

Осылар арқылы мұсылман әлемі Платон және Аристотель еңбектерімен тікелей танысуға мүмкіндік алды. Мұсылмандық шығыс перипатеизмнің алғашқы өкілі Әль-Кинди (шамамен 800-870 ж) «араб философы» деген құрметті атаққа ие болды. Ол астролог, математик әрі дәрігер, сонымен қатар Аристотель шығармаларына түсініктемелер берді. «Органон» және «Метафизика» еңбектеріндегі мәселелер бойынша бірқатар трактаттар жазды. Ол өзінің дүниетанымына негіз етіп, жалпыға ортақ себепттік байланыс идеясын алды. Бұл идея ─ «егер кез-келген бір затты ақырына дейін ой елегінен өткізетін болсақ, онда бүкіл ғаламдық нәрсені айнадағыдай тануға мүмкіндік туады» ─ дейді. Ол ғылыми танудың үш сатысын көрсетіп, бірте-бірте керек жағдайда білімнің ақиқатына жетуге болатынын айтты.

1. Логикалық-математикалық сатыда.

2. Ғылыми жаратылыстануда.

3. Метафизикада (философияда).

Ол өз уақытында дүниені адамның ақыл-ойымен тануға болады деген революциялық идеяны ұсынды. Оның ойынша танымның көзі және эталоны ─ ақыл-ой.


14. Орта ғасырдағы еуропалық философия және тәжірибелік-қолданбалы білімдердің дамуын сипаттаңыз.

Ортағасырлық батысеуропалық философия — дүние-таным дамуындағы өзіндік ерекшелігі бар кезеңдердің бірі. Бұл ерекшелік философиялық ой дамуының тікелей діни-теология-лық шеңбері ішінде, христиандық діни ілімнің апологетикасы төңірегінде өрбуімен сипатталады. Ортағасырлық батысеуро-палық философияның қалыптасуы мен дамуына Муций Фе-ликс, Тертуллиан, Ориген сияқты апологеттер, неоплатонис-тер және Аврелий Августин өздерінің интеллектуалдық ықпал-дарын тигізді. Рим шіркеуі Әулие Августинді (375—383) сенім мен ақылдың үйлесімділігі тұрғысынан христиандық діни ілімді негіздеудегі орасан зор сіңірген еңбегі үшін «әкей» ретінде мойындаса, көптеген батыстық зерттеушілер оны «батыстық ортағасырлық мәдениеттің ұлы сәулетшісі» дейді. Аврелий Ав-густин өзінің «Құдай қаласы туралы» еңбегінде атақты фор-муласын — «сгесіо иі ІтІеШуат, іпІеШсІо иі сгедат» (үғыну үшін сенемін, сену үшін ұғынамын) формуласын негіздейді. Бұл «ақыл мен сенімнің өзара бірін-бірі толықтыру принципі» V— XV ғасырлар аралығын қамтитын Батыс Еуропаның бүкіл ор-тағасырлық философиялық ойының ең негізгі дүниетаным-дық кредосына айналды.
Егер Аврелий Августин Рим шіркеуінің «әкейі» болса, онда Боэций (480—526) М.Грабманның дәл сипаттамасы бойынша «соңғы римдік және бірінші схоласт» болып табылады және сонымен қатар Ортағасырлықтың негізін қалаушы ретінде де (Э. Рэнд) орынды саналады. Боэций антик дәуірінің рухани-философиялық мүрасын ортағасырлық мәдениетпен байланыс-тырушы, антиктік интеллектуалдық-философиялық дәстүрдің ортағасырлық руханиятпен сабақтастығын жүзеге асырушы қуат-ты транслятор болып табылады. Боэций аристотельдік ілімнің үғымдық аппаратын рухани трансляция жасап қана қоймай, ортағасырлық философиялық ойлау мәдениетіне теологиялық проблематиканың негізгі қаңқасын да енгізді: универсалийлер мәселесі, тринитарни (Қүдіретті Құдай, оның Үлы және Қасиетгі Рух арақатынастары), субстанция мәселесі және акциденция.


15. Орта ғасырдағы жалған ғылымдардың қалыптасуы –магия, оккультизм, алхимия мен астрологияны түсіндіріңіз.

Ортағасырлық алхимияда магиялық негіз айқын көрінді. Қайта өркендеу дәуірінде Дж.Делла Порта, Дж. Кардано, Парацельс сынды ойшылдардың еңбектерінде магиялық белгілер көрініс тапқан. Табиғат күштеріне бағынышты ежелгі адам күрделі мәселелерді шеше алмағандықтан құпия, тылсым күштерге арқа сүйеп, магиялық іс-әрекеттер жасады. Олар магияны табиғатпен қарым-қатынас формасы ретінде және өзара қарым-қатынас барысында қолданды. Магия көптеген тылсым құбылыстарды жұмбақ күштердің әсеріне жатқызуға негізделіп, адамдарға, жануарларға, рухтарға, тағы басқаға әсер ету мақсатын көздейтін салт-жоралар жиынтығынан көрінеді. Магия адамдардың өзінің немесе басқалардың бойында табиғатқа ықпал етудің табиғаттан тыс барлық мүмкіндіктеріне сенімін білдіреді.

Магия — алғашқы қауымдық дін формаларының бірі; іс-әрекеттердің (жеке дара немесе ұжымдық) символдық бейнесі. Магия алғашқы қауым адамы ойының көрінісі және жаратылыстан тыс күштерге сенімнің күшеюімен тікелей байланысты болды. Магиямен байланысты дүние туралы түсініктер ежелгі натурфилософиялық ілімдер мен алуан түрлі “құпия ілімдер” негізінде алынды.

Магия мынадай түрлерге бөлінеді: өндірістік, емдеу, сақтаушы (қорғаушы), зиян келтіруші, соғыс, ауа райы магиясы.

· Өндірістік магия ежелгі адамның шаруашылық іс-әрекетімен — егін егу, аң, балық аулау, тағы басқа байланысты.

· Емдеу магияның мақсаты — дуалау, үшкіру, басқа да “сиқырлық” тәсілдер арқылы ауруларды емдеу.

· Сақтаушы (қорғаушы) магия тыйым салу (табу) жүйесінен тұрады. Магиялық тыйым салу жаман ниеттер мен бақытсыздықтардан сақтану үшін қолданылады.

· Зиян келтіруші магия — жануарларға зиян, залал келтіру үшін қолданылатын дуалар жүйесін білдіреді.

· Соғыс магиясында — жау әскеріне қарсы сиқырлық іс-әрекеттер жасалады.

· Ауа райы магиясында — шаруашылық өмірге қолайлы табиғат жағдайын туғызу үшін сиқырлық әрекет жасау орын алады.

· Оккультизм) – ғылыми зерттеуге келмейтін ғажайыптар мен тылсым күштердің бар екенін мойындайтын және олармен өзара іс-қимылдың ерекше әдістерін жасайтын ілім.19-ғасырда мистик. ағым ретінде пайда болған оккультизм барлық заттар тұтастықты, жиынтықты құрайды, олардың арасында мақсатты қатынастар болады деген теорияға негізделеді. Оған ‘’магия, теософия, спиритизм’’ секілді әр түрлі ілімдердің мистик. бағыттары жатады. Оккультизм тәжірибелік мақсаттар үшін пайдалану мүмкін деп есептейтін жасырын табиғи күштерді зерттеумен шұғылданады.

· Алхимия (лат. alchemіa) — химия дәуірлерінің алғашқысы, ерте дүние мен орта ғасырлардағы (1,5 мың жыл бұрын) ғылыми және мәдени дәстүр; оның негізі табиғатта кездеспейтін " философиялық тас " жай металдарды алтынға айналдырады деген сенімнен туған.[1] Алхимия жер бетіндегі және космостағы процестерді, жанды және жансыз табиғатты, табиғат пен қоғамды, адам әрекеттері мен зат әрекеттерін тұтас алып қарауды білдіреді

· Астрология (көне грекше: ἄστρον — жұлдыз, көне грекше: λόγος — ғылым) — аспан шырақтары мен адамдар арасында байланыс бар деп есептейтін ілім; орта ғасырларда таралған, қазір де келешекті болжап айту үшін (гороскоп құрастыру үшін) астрологтар пайдаланады. Табиғат құбылыстарның шын мәнісін түсінбеген ертедегі адамдар аспан шырақтарын да құдай деп қастерлеп, оларға табынатын болған. Міне, сондықтан да абыздар планеталарды өздері табынатын құдайларының атымен Юпитер, Марс, Венера т.т деп атайтын болған.

16. Адамға бетбұрыс, оның жеке даралығы мен креативтілік бастауы – Қайта өрлеу дәуріндегі маңызды ерекшелігі екендігін дәйектеңіз.

«Адам бар нәрсенің өлшемі» деген Протогор аксиомасындағы релятивизм мен прагматизм Горгия нигилизміне ұласқанымен қатар, сөз өзінің шынайылығынан гөрі нандыру мен сендірудің құралы дегенге саятын теориялық жаңалыққа әкелді. Сондықтан б.з.д. V ғасырдаҒЫ Грекияда риторика немесе сендіру өнері «мемлекет қайраткерінің қолындағы нағыз штурвалға» (В.Иегер) айналды. Сократ та софистер секілді өзінің басты назарын адам табиғатына аударғанымен қоймай, адамның мәні – ақыл-ойға негізделген белсенділік және адамгершілік бағдар ұстанған әрекет ретіндегі оның жаны деген түйінге тоқталады. Белгілі бір мағынада Сократ құныдылықтарды дәстүрлі жүйесінді төңкеріс жасалды. Байлық, даңқ, билік, денсаулық, сұлулық өз табиғаттарында ешқандай игілікке жатпайды, бірақ олар тек ғылыммен, таныммен және дұрыс пайымдаумен басқарылғанда ғана нағыз игілікке айналады. Сократ бойынша таным игілікті істің, қайырымды қылықтың қажетті алғы шарты («Ізгілік – бұл білім»). Сократ сондай-ақ бақыттың жаңа ұғымын қалыптастырды: адам өз бақытының да, бақытсыздығын да ұстасы. Сократтың өзі күш көрсету төңкерісін теориялық тұрғыда өмір сыйлады. Жанды адамның мәнділігі ретінде белгілеу, танымды нағыз ізгілік ретінде, өзін-өзі билей алуды ішкі еркінділік ретінде бағалауы – оның этикасының осы тұжырымдары

Ерте Қайта Өрлеудің «жаңа адамдары» антика философы мен шешені Цицеронды өздерінше түсініп, енгізген. Термин адамның алуан табиғатының толықтығы мен бөлінбейтіндігін білдірді. Ерекше мәдени орта –гуманистер тобы тез қалыптасты. Олардың құрамы бастапқы кезде өте алуан болды: шенеуніктер мен тақсырлар, профессор мен көшірмешілер, дипломаттар мен дін басылары. Бұл европаның зиялы қауымының дүниеге келуі болды. Гуманистердің оқу сабақтарының ең салмақты нәтижелері адамзат даралығын теориялық дәлелдеу, адамның ішкі әлемін ашу және айрықша концепцияны жасау болды.

17.Қайта өрлеу дәуріндегі пантеизм ерекшеліктерін сипаттаңыз.

Пантеизм (гр. pan – бәрі, tcheos – құдай) – Құдай мен әлем біртұтас деп танитын, құдіретті табиғатпен бірлікте қарастыратын философиялық ілім; Құдай барлығы деген ілім; бар ғаламды, табиғатты дәріптеу ілімі. Пантеизм табиғаттың ішкі сырларын бейнесіз әлемдік рух деп танып, табиғаттан тыс бастамалардың барлығын жоққа шығарады. Пантеизм терминін философияға алғаш енгізген ағылшын философы Джон Иолланд (1670 – 1722) болды. Ол деизмді өткір сынға алып, дүниенің жаратылуын, жанның мәңгілік екендігін, о дүниедегі өмірдің бар екенін жоққа шығарды. Пантеистік идеялар үнді (брахманизм, индуизм, ведант), қытай (даосизм), ежелгі грек (Фалес, Анаксимандр, Анаксимен) философияларында дамыды. Ежелгі грек философы Ксенофан өзінің пантеистік көзқарасында табиғатты сезіммен біліп болмайды, тек ақылмен ғана ұғынуға болады деп санады. Кейінірек стоицизмнің натурфилос. және этик. ілімдері пантеистік сипатта болды. Еуропада 16 – 17 ғасырларда пантеистік бағытты дамытқан Д.Кардано, Т.Кампанелла, Дж.Бруно, т.б. болды. Бруноның пікірінше, “табиғаттан тыс ешқандай күш жоқ. Табиғат өз заңдылығымен дамиды. Әлем мен құдай бір. Әлем – әмбебап бастама, сондай-ақ жалғыз ғана мәнділік”. Нидерланд философы Б.Спиноза пантеистік дәстүрге сүйене отырып, өзінің жан-жақты материалистік философиялық жүйесін қалыптастырды. Бұл ілімде “құдай” және “табиғат” ұғымдары бір-біріне барабар. Қазіргі кезде Пантеизм ғылымды дінге жақындастырумен, табиғаттың заңдылықтарын, ішкі сырын діни, мифтік тұрғыда сипаттаумен ерекшеленеді.

Қайта өрлеу дәуірінің пантеистік философиясының негізін салған италян философы Николай Кузанский (1401-1464) математика және жаратылыстану ғылымдарымен шұғылданған. Құдай мен дүние арақатынастарын қарастырып, теологияны жоққа шығарды. Құдай шексіз тіршіллік иесі, абсолютті максимум, Құдай әлеммен өлшенбейді, сондықтан ол абсолютті принципиалды түрде танылмайды. Егер құдай шексіз болса, яғни абсалютті максимум болса, соңы жоқ болса, онда сонда мағынада одан ажырамас абсолютті минимум да болады. бұндай сәйкестіктен мына қоытындыны шығаруға болады, Құдай барлығында әлемді құдайдан тыс қарау шартсыз, екіншіден, Құдай себеп пен салдардың, жаратқанның және жаратылғанның бірлігі; үшіншіден көрініетін заттар мен Құдайдың мәні бір-біріне сәйкес, бұл әлемнің бірлікте екендігінің дәлелі. Әлемдегі процестерді өз заңдылықтарына сүйеніп, түсіндіруге бағытталған Н.Коперниктің (1473-1543 ж.ж.) негізгі еңбегі — «Аспан денелерінің айналуы туралы» әлемнің күн орталық жаратылысы қағидасының негізінде Джордано Бруноның (1548- 1600ж.ж.) философиялық көзқарастары қалыптасты. Негізгі еңбектері: «Себептілік, бастама және біртұтастық туралы», «Әлемнің және заттардың шексіздігі туралы», т.б.Бруноның пікірінше, табиғаттан тыс ешқандай күш жоқ. Ол кеңістікте де, уақытта да шексіз, ал қозғалыс оның өмір сүру тәсілі. Табиғат өз заңдылығымен өмір сүреді. Әлем мен құдай бір. Әлем — универсум (әмбебап бастама), жалғыз ғана мәнділік. Сондықтан ол мәңгі және өзгермейді. Ал әлемге кіретін денелер сансыз көп, олар үздіксіз қарапайым және өзгерісте болады. Барлық заттар өшпейтін, мәңгі, қозғалыста бөлшектерден тұрады. Оларды Бруно — монада деп атады. Монаданың материалдық денелерге ғана емес, психикаға да қатысы бар. Ал психикалық құбылыс барлық заттарға тән болғандықтан әлемде жансыз денелер жоқ.

18.Коперниктің, Галилейдің, Бруно мен Кеплердің жаратылыстанулық-ғылыми жетістіктері.

1.Галиллей Галилео – итальяндық ойшыл, классикалық механиканың негізін салушы, астроном, математик, физик, жаңа механикалық натурфилософияның бастаушысы. Галиллейдің дүниетанымында әлемнің объективті өмір сүретіндігі, шексіздігі мен мәңгілігі туралы ой қозғалып, ол құдайлық алғашқы қозғаушы түрткіні мойындайды. Табиғатта ешнәрсе пайда болмайды және жойылмайды, тек денелердің өзара орналасуы мен олардың бөліктерінің қозғалысы ғана жүзеге асып отырады. Таным теориясында табиғатты танудың шексіз экстенсивтілігін басшылыққа алса да, интенсивті тану арқылы абсолютті ақиқатқа қол жеткізудің мүмкін екендігін көрсетті. Табиғатты тануда басты екі тәсілді ұсынды: резлютивтік – қарапайым бақылауға ғана емес, жоспарлы түрде қойылған тәжірибеге сүйену керектігі туралы аналитикалық әдіс; екіншісі – композитивтік – дедукциялық тізбекпен гипотетикалық болжамдарды талдау арқылы ақиқаттылықты тексеру.

2.Джордано Бруно Филиппо - итальяндық материалист, философ, ақын. Сонымен қатар Еуропадағы құпия, әрі мистикалық ілім Каббалаға табынушы. Шексіз әлем тұтастай алғанда, сол Құдайдың өзі болып табылады, ол барлық жерде ішінде де, үстінде де емес, бірақ қатысу арқылы бар. Универсум өзінің ішкі күштері арқылы қозғалады, жеке заттар өзгермелі және өзінің ұйымдасуына сәйкес келе отырып, мәңгі рухтың ырқында болады дей келе, ол табиғатты, материяны құдаймен теңестіреді (Заттардағы құдайлық). Барлық болмысты панпсихизм ретінде түсініп, гилозоизмге ойысады. Жер тірі тіршілік иесі ретінде күнді айнала қозғалады, планеталар да өз орбитасымен оны қоса айналып жүреді, сансыз өзге дүниелер де шексіз әлемге орналасып алып жануар сияқты болып тірі тіршілік иесі ретінде өмір сүреді деп мынадай ойларын дәйектейді: әлем өзінің барлық мүшелері арқылы жанданған. Бруноның пікірінше, табиғаттан тыс ешқандай күш жоқ. Ол кеңістікте де, уақытта да шексіз, ал қозғалыс оның өмір сүру тәсілі. Табиғат өз заңдылығымен дамиды. Әлем – универсум (әмбебап бастама), жалғыз ғана мәнділік. Сондықтан ол мәңгі және өзгермейді. Джордано Бруноның негізгі түсініктері әлем мен оның құрылымы турасындағы философиялық ойтолғамдарға тоғысты.

3. Гелиоцентрлік жүйеніңтүрақтануында шешуші роль атқарған неміс ғалымы Иоганн Кеплер болды. Ол кезінде Ураниборг обсерваториясын тұрғызған дат астрономы Тихо Брагемен (1546-1601) бірге жұмыс істеген. Тихо Браге планеталардың, кометалардың қозғалысын зерттей отырып, ескі Коперник теориясындағы материалдық сфераның жоқ екенін дәлелдеп, оның орнына орбита түсінігін енгізді. Тихо Брагенің, өзінің және басқа да астрономдардың байқауларын қорытындылау арқылы Кеплер ғ аламшарлар (планеталар) қозғалысының үш негізгі заңдарын ашты, олар қазір Кеплер заңдары деп аталады. Қазіргі тұжырымдауда олар мыналар:

1. Әрбір ғаламшар фокустарының бірінде Күн бар эллипс бойынша қозғалады.

2. Әрбір ғаламшар Күннің ортасы арқылы өтетін жазықтықта қозғалады, мұнда ғаламшардың радиус-векторымен жасалған орбита секторының ауданы айналу уақытына пропорционалды түрде өзгереді.

3. Ғаламшарлардың Күнді айналу уақытының квадраттары олардың Күннен орта қашықтықтарының кубтарына қатысты.Өз идеяларын жасау арқылы Кеплер екі мың жылдан астам уақыт бойы билік құрған аспанның кемелдігі туралы догматтық сенімге және аспан денелерінің дұрыс шеңбермен қозғалуын бір ғана мүмкіндік деп есептейтін идеяға шек қойды.

4. Птоломей жүйесі мен Аристотель механикасының барлық құрылысын құлатқан ғылыми төңкеріс Николай Коперниктің (1473-1543) еңбегінен басталды. Студент кездің өзінде Николай Коперник Жердің қозғалуының мүмкіндігі туралы идеялармен танысты. Ол аспан денелерінің көрінетін қозғалысын Жердің екі қозғалысымен түсіндіруге болады -Жердің өз кіндігімен айналып түруымен жөне оның басқа ғаламшарлармен бірге дүниенің ортасында тұрған Күнді айналып жүруімен - деген кәміл сенімге келді. Коперниктің теориясы сол кездегі Әлем бейнесі туралы қалыптасқан тұжырымдарды жоққа шығарып қана қойған жоқ, ол сонымен бірге жаратылысты-ғылыми ойды кеңістіктің шектеусіздігі мен шексіздігін мойындауға бағыттады. 1543 жылы, Коперниктің дүниеден өту жылында оның "Аспан сфераларының айналуы" деген кітабы жарық көрді. Кітап үлкен қызығушылық пен көптеген пікірталастарды қоздырды. Әлемнің Коперник жасаған гелиоцентрлік жүйесінің маңыздылығы Кеплер ғаламшарлардың (планеталардың) эллиптикалық қозғалысының ақиқат заңдарын, ал Ньютон олардың негізінде бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқаннан кейін көрінді. Бұл Коперник ілімінің салтанаты, оның ақиқаттығының дәлелі емес пе?Аспан механикасын зерттеудің орасан табыстарының нәтижесінде Католиктік шіркеу Коперниктің, Галилей мен Кеплердің шығармаларына салған тыйымдарын жоюға мәжбүр болды.

19. Н.Макиавелли шығармашылығындағы саяси көзқарасының негіздерінің қалыптасуын сараптаңыз.

Макиавеллидің, әлбетте, әдеби шығармалары, теориялық қорытындылары мен көкірек-көзінің оянуы аса маңызды болды. Оның бұрынғы буырқанған саяси мансабының бәрі осыларға әзірлеуге арналмады ма екен? Іс жүзіндегі саяси енжарлығы мен әдеби белсенділігінің осы жылдарында ол «Патша», «Тит Ливийдің бірінші онкүндігіне арналған пайымдаулары», «Мандрагора» комедиясы, «Соғыс өнері туралы» ғақлиясы, «Флоренция тарихы» шығармасы сияқты және басқа да бірқатар шығармаларын жазды. Макиавеллидің шығармаларында әртүрлі саяси қайраткерлердің жалғандығын, екіжүзділігін және зұлымдығын ашып көрсету сарыны аңғарылады. Дегенмен де, оның іс жүзіндегі саясатты және оның өзінің мұраттарын байқауларынан Макиавеллидің кеңестері мен қорытындыларының сәйкес келу мүмкіндігін толықтай теріске шығармаған жөн, алайда оған тағы да ескерту жасамаса болмайды.4 (Гегель Г.В. Ф. Көрсет., шығ.С. 151). Әйгілі флоренциялықтың шығармашылығында күні өткен феодалдық саясатты, бұзылған имандылық және рухани құндылықтарын, феодалдық қоғамның құқықтық жүйесін сынау сарыны, сондай-ақ шындыққа қол жеткізуде сол заманның көп қабатты шекарасын ашуға ынталы ұмтылысы мен саясат пен заңнама саласының ортақ заңдылықтарын ашып көрсетуі болуы да мүмкін. Егер қандай да бір мақсатты ол сөзсіз ақтайтын құрал деп есептеген болса, онда бұл-көптеген бытыраңқы князьдықтарды біріктірген біртұтас Италия мемлекетін құру болар еді. Макиавеллиді елдің бүкіл тарихындағы атақты италиялықтардың бірі деп тегін есептемейді. Оның шабытқа толы шығармалары төрт жүз жыл өтсе де қызу жақтаушылары, сондай-ақ оған қарсыластары бола тұра, өткір айтыстың мәселесіне айналған. «Государь» атты шығармасында Макиавелли «билеуші қандай әдістермен мемлекетті басқара алады және билікті ұстап тұрады» деген сұраққа «биліктің мықты негізін қалау» арқылы қол жеткізуге болады деп жауап береді. Оның айтуынша, қандай да бір мемлекет болсын, биліктің негізгі жақсы заңдар бола алмайды, мықты әскер бар жерде ғана жақсы заңдар бола алмайды, мықты әскер бар жерде ғана жақсы заңдар өмір сүре алады.

20. Ф.Бэконның ғылыми таным дамуына қосқан үлесін көрсетіңіз және елестер туралы ілімін байыптаңыз.

Ф.Бэконның философиялық идеясының – эмпиризмнің мәні: таным негізінде тек қана тәжірибе жататындығына. Жеке адам немесе адамзаттың тәжірибесі (теориялық, практикалық) көбейген сайын ол ақиқат білімге жақындай түседі. Ф.Бэкон «танымның басты әдісі индукция болуға тиіс» деген новаторлық идея ұсынды. Индукция әдісін Бэкон Декарт ұсынған дедукция әдісіне қарсы қойды. Фр.Бэкон пікірінше, индуция әдісінің дедукциядан артықшылығы – мүмкіндіктердің ұлғаюы мен таным процесінің күшеюінде. Индукцияның кемшілігі – оның түпкілікті айқын болмауы, болжамдық сипаты (өйткені бірнеше заттың немесе құбылыстың белгілері ортақ болса, осы тектес заттардың, құбылыстардың барлығы аталған белгіге ие дегенді білдірмейді: әрбір құбылыс әр жолы тәжірибе жүзіндегі тексеруді қажет етеді). «Танымның басты әдісі - индукиця» деп анықтап берген философ таным әрекеті іске асатын нақты жолдарды көрсетеді. Олар:

· «өрмекші жолы»

· «құмырсқа жолы»

· «ара жолы».

«Өрмекші жолы» - «таза ақылдан» рационалистік жолмен алынатын білім. Бұл жол нақты фактілердің, практикалық тәжірибенің мәнін төмендетеді немесе ескермейді. Рационалистер, Бэкон пікірінше, шын дүниеден қол үзіп догматизмге салынады. «ой өрнегін өз ойларынан тоқиды».

«Құмырсқа жолы» - тек қана тәжірибеге сүйеніш білім алу жолы немесе догматтық эмпиризм (өмірден қол үзген рационализмге керісінше). Бұл әдіс те біржақты «Ара жолы» - танымның ең дұрыс жолы. Осы жолды ұстаған зертеуші философ «өрмекші жолы» мен «құмырсқа жолдарының» жақсы жақтарын алып, олардың кемшіліктерінен арылады. «Ара жолын» ұстана отырып фактілерді жинап, жалпылап (мәселеге «сыртынан» қарап), ақыл мүмкіндігін қолданып мәселенің «ішіне» үңіліп, мәнін түсіну қажет. Бэкон пікірінше танымның ең дұрыс жолы – индукцияға негізделетін (фактілерді жинау және жалпылау, тәжірибе жинау) заттар мен құбылыстардың ішкі мәнін ақылмен түсінудің рационалистік тәсілдерін пайдаланатын эмпиризм.

Фр.Бэкон таным процесі өтетін жолдарды көрсетіп қана қоймай, адамғаның (адамзаттың) ақиқат білім алуына кедергі болатын себептерді көрсетіп берді. Ол себептерді Бэкон «елестер» («идолдар») деп атап, төрт түрге бөліп сипаттайды:1.Тектік елестер;2.Үңгір елестері;

3.Базар елестері;4.Театр елесі.

Тектік және үңгір елестері – дүниені тануда таным табиғаты мен өз табиғатын алмастырудан туатын, адамдардың туа біткен адасушылықтары. «Тектік елестер» - танымның адам (танушы субъекттің) тұлғасының таным процесіне әсері, нәтижесінде адамның бұған дейінге сенім – нанымдары, қағидалары – таным нәтижесінде көрініс беретіндігі («үңгір» - адасушылық).

Базар – театр елестері – жүре пайда болған адасушылықтар. Базар елестері – тілдегі, ұғымдық аппараттағы сөздерді, анықтамаларды дұрыс қолданбаудан туатын адасушылық. Театр елестері – таным процесіне сол кезеңдегі таным процесінің әсері. Көп жағдайда ескі философия танымды дұрыс бағыттан кері бұрып, жаңа мүмкіндіктерге кедергі жасайды (мысалы, схоластикалық философияның танымға әсері). Осылайша, танымның 4 түрлі негізгі кедергелерін зерттей отырып, Бэкон аталған «елестерден» барынша алшақ жүріп, олардың ықпалынан жоғары болып, «таза білімге» ұмтылуға кеңес береді.

21.Р.Декарт шығармашылығындағы таным мәселесіне тоқталыңыз.

Декарт Рене (1569-1650 жж.) – француз физигі, физиологы, математигі және философы, рационализм бағытының көрнекті өкілі. Негізгі шығармалары: «Әдістер жөніндегі пікір», «Философия бастамасы», «Метафизикалық толғаныстар» т.б. Ол механика, космогония салаларында біршама жетістіктерге жетті. Философияны екі саладан тұрады деп түсіндірді: материалистік физика (табиғат туралы), идеалистік метафизика (философиялық жеке өз жүйесі).

Таным теориясы мәселелеріне баса назар аударып, білімнің көзі мен оның ақиқаттылығының өлшемі ол сыртқы дүниеде емес, адамның ақылмен іздеуінде деп байыптап, танымның көзі – интеллектуальды интуиция екендігін дәйектейді. Бұл сезім мүшелерінің көрсеткіштері мен логикалық дәлелдерге сүйенбейді, әрі ақиқатқа тез жете алады деп интуицияның артықшылықтарына сүйенді. Интеллектуальді интуиция – материалды шындықтан таза ақылмен бөлінген нәрсе, ол жалпыға бірдей: ойлайды, өмір сүреді, таниды, мәселен, үшбұрыш үш сызықтан тұратындығын аңғарады т.б шындықтарды біледі. Бэконның таным теориясындағы индукцияға қарсы бірден-бір таным дедукция деп білді. Ол жалпыдан жекеге қарай жүретін логикалық тұжырым бола отырып, жеке ақиқатқа сәйкес келетін жалпы ұғымдардың интеллектуальді интуициясынан туындайды дей келе, нтуицияда ой қозғалысы жоқ, оған алғашқы, тікілей нақты жалпы қағидалар беріледі; дедукцияда ой қозғалысының процесі жүзеге асады. Интуициядан берілгендердің мазмұнын ашу дедукцияға жүктеледі деп пайымдайды.

Декарт білімдердің ақиқаттығына күдіктеніп, танымның басты екі мақсатын көрсетті:

1) қағидалардың, метафизиканың шығу көзін табу;

2) фантастикалық елестерден қашу, жалған ұғымдардан құтылу, схоластикадан арылу. Ғылым жолын осылай тазалау керек деп ой түйді.

Танымның негізгі тәсілі геометриялық дедуктивтік, аксиоматикалык тәсіл болуы керек. Таным процесінде ең басты рөлді Декарт рационалдық (ақыл-ой) танымға береді де, ол арқылы адамдар сезімдік түйсінулер бере алмайтын табиғаттың сыры мен мәнін ашуға мүмкіңдік алады деп тұжырымдайды. Декарт әрі қарай ойын жалғастырып ақыл-ой сезімдік түйсінуге мұқтаж емес, себебі рационалдық таным заттарды, құбылыстарды «туа біткен идеяларға» сүйеніп танып-біле алады дейді. Бұл идеялардың табиғаты туралы Декарт: бұл идеяларды мен өзіме-өзім бере алмаймын, себебі олар өздерінде жетілдірген нақтылықты жиынтықтаған, ал «мен» қалыптастырған идеялар, ондай шындықтан туындамағаңдықтан туа біткен идеялардың деңгейінде жете алмайды. «Туа біткен идеялардың» себебі рухани түпнегіздің (құдайдың) өзі болғаңдықтан олар айқын және анық, ал олардың негізінде алынған білім де, айқын және анық, басқаша айтқаңда, ақиқат болады. Олай болса, оларды тәжірибе арқылы тексерудің қажеттігі жоқ. «Туа біткен идеялардың» табиғатына үйдес келетін математика болғандықтан, математикалық тәсіл ғалымдардың ең жоғарғы зерттеу тәсілі болуы керек.

22.Спиноза мен Лейбництің таным туралы ілімдерін саралаңыз.

Спиноза Бенедикт (Барух) (1632 —1677 жж.) – Нидерланд философы, материалист, пантеист. Негізгі шығармалары: «Саяси-діни трактат», «Этика» т.б. Танымның геометриялық тәсілі ойың рационализмімен біртүтас жүйе құрайды.

Таным теориясында Спиноза рационализмнің өкілі ретінде керінді. Гносеология мәселелерін зерттей келіп Спиноза танымның үш сатысын жіктейді:

1.тікелей адам танымынан бастау алатын және ешбір сыртқы себептерге (сезім, тән, т.б.) тәуелді болмайтын «таза түрдегі таным» - танымның жоғарғы түрі;

2.ақиқаттағы төмен, ақыл әрекеті нәтижесінде логикалық операциялар қалыптасқан таным;

3.қоршаған дүниенің санада бейнеленуі нәтижесінде қалыптасқан таным. Спиноза пікірінше, ол білімдер айқын емес, толық емес, терең емес, дәлелмен негізделмеген. Бірақ олар ақиқат білім алуда үлкен рөл атқарады.

Жаңа замандағы көрнекті ойшылдардың бірі – ЛейбницГотфрид Вильгельм (1646-1716 жж.) неміс философы, математик, физик, тарихшы, заңгер, тілші. Негізгі философиялық шығармалары: «Метафизика туралы ойтолғамдар» (1685), «Табиғаттың жаңа жүйесі» (1695), «Теодицея» (1710), «Монадология» т.б. ейбниц философиядағы рационалистік бағытты жақтады. Оның философиялық зерттеулерінің негізгі мәселелері:

1.Субстанция;

2.Таным.

Ал танымдық теориясында Лейбниц сенсуализмге қарсы Декарт бағытын қуаттады. Алайда, ол Декарттың да "туа біткен идеяларына", ақиқатын өлшемі анықтық, айқындық деген тұжырымына да, күмәндану қағидасына да қарсы шықты. Идеялар Лейбництің пікірінше, зердеде ұрықтық дәрежеде болады да, кейіннен саналы ұғымдарға айналады.Сонымен қатар,Лейбництің таным процесі туралы іліміне келсек, ол сезімдік түйсіну мен рационалдык танымдардың өзара қатынасын екі түрлі ақиқаттың табиғатын айқындаудан шығарады. Бірінші түрі — ақыл-ой ақиқаты, немесе кездейсоқтық ақиқаты деп аталады. Бірінші ақиқат деп отырғанымыз логика мен математиканың қағидалары. Оларды сезімдік түйсіну арқылы танып-білуге, дұрыстығын дәлелдеуге болмайды. Сондықтан, бұл ақиқатқа жетудің бірден-бір жолы Аристотельдің логикалык заңдарына сүйеніп, танып-білу.Ал, фактілер ақиқатына келетін болсақ, олар табиғатынан кездейсоқтық мәнде болатындықтан, оларды аталған логика заңдары арқылы түсіндіріп, білу өте қиын, сондықтан олардың дұрыстығын, ақиқаттығын дәлелдеу үшін, «жеткілікті негіздеу» заңын қолдану керек. Сөйтіп, Лейбниц логиканың төртінші заңын ашты.

23Дж. Локктың бірінші және екінші сапалары туралы идеясын талдаңыз.

Джон Локк (1632-1704 жж.) - XVII ғ. философия ғылымына зор әсерін тигізген ұлы ағылшын ғалымы. Оксфорд университетінде оқып, білім алған. Алғашында медицина ғылымымен айналысып, соңында саясатқа бетбұрыс жасаған. Өмірінің соңғы кезеңінде философияға көп көңіл бөлген тұлға.Негізгі еңбектері: «Адамның зердесі жөніндегі тәжірибелер», «Мемлекетті басқару жөніндегі екі трактат», «Тәрбие жөніндегі кейбір ойлар» т.с.с.

Адамның жан дүниесінде ешқандай туа біткен идеялар болмағаннан кейін, оны «таза тақта» (tabula rasa) ретінде қарауға болады. Адам өмірге келіп, тәжірибе жинап сол «таза тақтаға» жазады. Мұндай сырттан алынатын тәжірибені Дж.Локк сезімдік тәжірибе (sensation) дейді.Ал адамның ішкі рухани өміріндегі тебіреністерді, неше түрлі қиял идеяларды қайда жібереміз? Әрине, Дж.Локк оларды теріске шығармайды. Ол оның бәрін терең ішкі тәжірибе, сезім, ой-өрісі ретінде қарайды да, оған рефлексия (reflection - бейнелеу) деген ат береді. Егер сыртқы тәжірибеден алған идеяларға біз көзбен көру, құлақпен есту, иісті сезіну т.с.с. арқылы келсек, ішкі тәжірибе адамның өзіңің ішкі ой-өрісін талдау арқылы келеді. Сыртқы және ішкі тәжірибені бір-бірінен айырып қарағаннан кейін, Дж.Локк идеялардың бірінші және екінші сапасының бар екенін мойындайды. Енді соларға мінездеме берейік.

Бірінші сапалар - олар заттардан ешқашанда бөлінбейтін негізгі қасиеттер - созылу, бітім, қозғалыс, тұрақтылық, тығыздық, заттың сандық жақтары т.с.с.

Екінші сапалар - әрқашанда өзгерісте, бір жағынан пайда болып, екінші жағынан жоғалып жатқан заттардың қасиетері. Оларды біз түйсіктеріміз арқылы ашамыз: түрлі-түсті нәрселерді көзбен көреміз, әртүрлі дыбыстарды құлақпен естиміз,неше иістерді мұрнымыз арқылы сезінеміз, ащы-тұщыны тіл арқылы сезінеміз т.с.с. «Бірінші сапалық идеялар ұқсастықтан туады, ал екіншілер олай емес. Тәттілік, жасылдық, жылылық т.с.с. заттардың өзіндегі белгілі бір бітім, көлем, көрінбейтін бөлшектердің қозғалысы ғана», - дейді ұлы ойшыл. Сонымен екінші сапалар тек адамның өзінде ғана болғанымен, оны тудыртатын соңғы себеп - ол заттардың бірінші қасиеттерінің әртүрлі бір-бірімен қосылуы деген пікірге келеді.

Ал енді тұрпайы идеялардан күрделіге көшетін болсақ, оны Дж.Локк субстанция ұғымы арқылы береді. Ол тұрпайы идеялардың бір-бірімен қосылуынан болады.Дүниедегі әртүрлі заттарды Дж.Локк эмпириялық, яғни тәжірибеден туатын субстанция дейді. Ол: нан, су, қаз, үйрек, тас т.с.с. Ал философиялық деңгейге көтерілсек, онда ол – материя, рух.

Гносеология саласындағы келесі күрделі мәселе - ол жалпылық. Дүниедегі өмір сүретіннің бәрі - жалқы, жеке, нақты. Жалпы ұғымдарды алатын болсақ, ол ақыл-ойдың әрекетінен пайда болады, заттардың бір-біріне ұқсас қасиеттері олардан ой арқылы бөлініп жалпыланады. Қайсыбір тілдегі сөздер арқылы біз жалпылықты көрсетеміз.Тілдің жалпы азаматтық және философиялық жақтары бар. Оның бірінші жағын алып қарасақ, ол нақтылы әлеуметті өмірде қолданылады, адамдар бір-біріне тіл арқылы неше түрлі ақпараттар, өздерінің сезімдерін т.с.с. жеткізеді.Ал тілдің философиялық мағынасына келер болсақ, онда әрбір ұғымның нақтылы көлемі, мазмұны айқын анықталуы керек. Неше түрлі ғылым саласындағы дау-дамайлар, түсінбеушілік, тілдегі ұғымдардың әртүрлі мағынада қолданылуымен байланысты. Әсіресе ғылымға зор әсерін тигізетін нәрсеге неше түрлі мазмұны тайыз, нақтыланбаған сөздерді ойлап шығарып, оны ғылым саласына кіргізу жатады.

24.И. Канттың жаратылыстанулық идеяларынның маңыздылығын бағалаңыз.

Иммануил Кант (1724-1804 жж.). И.Кант 1745 ж. жергілікті университетті бітіргеннен кейін жаратылыстану мәселелерімен айналысады. Тек 1770 ж. бастап өмірінің соңына дейін философиямен шұғылданады. И.Канттың бұл өмір кезеңін «сындық кезең» деп зерттеушілер атап кеткен. Себебі,II Канттың бұл уақытта жарыққа шығарған үш негізгі еңбектері «сен» деген сөзден басталады. «Таза зердені сынау», негізінен, дүниетаным мәселелеріне арналған, «Практикалық зердені Сынау» мораль мәселелеріне, ал «Пайымдау қабілетін сынау» табиғат философиясы мен өнер мәселелеріне арналған. Жаратылыстану саласындағы ғылым ізденістер кезеңі, ол “Жалпыға бірдей жаратылыстану тарихы және аспан теориясы” (1755) туындысымен аяқталады. Бұл кезеңнің негізгі өзегі – табиғаттың дамуы мәселелеріне арналды. Бұл идея метафиз. көзқарасқа берілген алғашқы соққы болды.Өзінің «сындық кезеңге» дейінгі өмір сатысында И.Кант күн жүйесінің пайда болуы жөнінде болжам жасайды. Оның ойынша, ғарышта тараған әртүрлі материалдық бөлшектер тарту күші арқылы үлкен бұлттарды құрайды, ал оның ішіндегі тарту және оған қарсы бағытталған итеру күштері үлкен дауылдарды тудырып, шарға ұқсайтын ұсақ бөлшектердің үйкелесуінің негізінде қызып жанатын объектілер дүниеге келеді.Ғарышта бір жұлдыздық жүйелер пайда болып, екіншілері сөніп жатады. И.Канттың ойынша, біз өмір сүріп жатқан жер планетасы сияқты ғарышта сан алуан объектілер бар. Ал олардың көбі біз сияқты саналы пенделерді тудыруы мүмкін. Табиғат, жалпы алғанда, мәңгілік іс-әрекет пен жаңару жолында өмір сүреді, ол өзінің бітпейтін қайта құру әрекетін тоқтатпайды. И.Канттың гносеология (таным) саласында жасаған «копер-никандық төңкерісі» «мен нені біле аламын?» деген сұраққа жауап беруінен шығады. Біріншіден, И.Кант білімді екіге бөледі. Олар тәжірибелік (апостериорлық) білім және априорлық (яғни тәжі-рибеден бұрын, таза, оны тіпті туа біткен деген мағынада да түсінуге болады, өйткені ол тәжірибеге дейін бізге берілген).Өзінің практикалық философиясында, яғни моральдық ілімін-де, априорлық деп дүниедегі барлықты емес, болуға тиіс, керектігін көрсететінді айтады.И.Канттың таным теориясындағы тағы да жиі кездесетін категориялары - ол трансцендентальдық және трансценденттік.Трансцендентальдық деп И.Кант тәжірибенің алдында және сол тәжірибелік танымның мүмкіндігін жасайтын ұғымдарды айтады. Ал трансценденттік деп тәжірибелік шеңберден шығып кетуге ұмтылған, оның әр жағында жатқанды айтады.Келесі екі ұғым - ол «зат өз ішінде», яғни заттың өзіндігі, оны И.Кант «ноумен» деген ұғыммен береді, ол – мән. ант өзінің аспан әлемінің механикалық заңдарға сай табиғи жолмен пайда болуы жөніндегі ғылыми тұжырымын «Аспанның жалпы табиғи тарихы және теориясы» (1755) деген еңбегінде жария қылады. Аспандағы планеталар бір кезде табиғи жолмен заңды түрде пайда болған, бір кезде олар жоқ болуы мүмкін; Күн де мәңгі жанып тұрмайды, түбі сөнеді; табиғат құбылыстарына тарихи тұрғыдан қарау керек деген диалектикалық тұжырым жасайды. 1754 жылы Кант бір еңбегінде «Жер физикалық тұрғыдан картая ма?» - деген мәселе көтереді. Кант жаратылыстану саласындағы еңбектерімен, дейді Энгельс, метафизикалық көзқарасқа түңғыш соқкы берді. Ағылшын философы А.Н. Уайтхед Кант жөнінде: егерде Кант барлық күш-жігерін философияға жұмсамағанда, ол аты әлемге жайылған ұлы физик болар еді - деп жазды[3]. Кант бірақ ғылымда жаратылыстану саласымен шектеліп калмады. Оны қызықтырған тағы бір ғылым саласы философия болды. Философтың өзінің айтқаны бар: «өмір бойы мені екі нәрсе таңдандырумен келеді: төбемдегі жүлдызды аспан мен бойымдағы моральдық заң».

25.И. Кантың таным теориясындағы агностицизм мен антиномиялар ілімін талдаңыз.

Кант таным мәселелерін жаңаша қойды және жаңаша шешті. Ең алдымен ол таным процесінін аумағын, шекарасын анықтады: бұл-субъект пен объектің ара - қатынасы, өзара әрекеті. Кант «таным субъекті» және «таным объекті» деген ұғымдарды жаңаша қарастырды. Таным субъекті - өзімен өзі өмір сүретін, дара адам, аралдағы Робинзон емес; Ол - басқа адамдармен әр алуан қарым-қатынаста болатын, әлеуметтік ортада тәрбиеленіп жетілген қоғам өкілі; таным субъекті — бүкіл қоғам. Субъект бүкіл адамзат игілігіне — мәдениетіне, ғылымына, біліміне, техникасына арқа сүйеді. Таным процесінде, ғылымда, философияда қоғам алға тартқан мәселелер қойылып, шешімін табады. Таным объектін де Кант жаңаша түсінеді: бұл - бүкіл объективтік реалдылық емес, онымен субъект қарым-қатынас жасай алмайды. Объективтік дүние - шексіз. Таным объекті сол шексіз дүниенің бір жағы, бөлшегі (фрагменті) ғана.

Кант-ғалым дүниенің танылатынына күмән келтірмейді, бірақ дүние шексіз болғандықтан, ол ешкашан да бұратала танылмайды. Канттың кезінде де, одан кейінде де Кантты «агностик» деп айыптау Канттын ұстанымын түсінбеуден туған. Кант таным процесіне нақты, тарихи тұрғыдан карауды талап етеді. Формальды тұрғыдан «дүние танылмайды» деген пікір агностицизмді білдіреді. Бірақ Канттың пікірі таным процесінін күрделілігін, дүниенің шексіздігін, ал субъект пен объектің тарихи, нақты кұбылыстар екендігін түсінуден туған. ант философияда тұңғыш рет таным ерекшелігі жөніндегі мәселені қойды. Кант өзінің трансцендентальді идеализмін ұсына отыра, универсумдық-континуумдық ойтолғамдарында «антиномиялар» деп аталған қайшылықтарын дәйектей түсіп, ондағы өмір сүрмейтіндік парадигманың көріністерін жалпы концептуалдық мәнде шолып өтеді. Мәселен, бірінші антиномияның тезисінде: «Әлем уақыт бойынша басталған және кеңістікте шектелген» және оның антитезисінде: «Әлем уақыт бойынша басталмаған және кеңістікте шектелмеген» деп атап өте отырып: «Егер әлем уақыттың бастауын иеленсе, оған дейін бос уақыт (уақытсыздық) болған болар еді. Бос уақытта қандай-ма болмасын заттардың пайда болуы мүмкін емес, ал егер әлем аяқталатын және кеңістікте шектелген болса, онда әлемнің бос кеңістікке қатынасы болуы тиіс. Бұл кеңістік Ештеңе болып табылады. Немесе ол тек форманың көрінісі ғана және өздігінен әлдебір шынайылық емес»,-деп тұжырымдайды.Сонымен бірге Канттың ойында да терең мағына жатыр: танымның өзіндік ерекшеліктері бар, таным жайын объект арқылы да, субъект арқылы да тиянақты біліп алу мүмкін емес. Адамға салсаң, ол бәрін де танып білгісі келеді, ал бұл мүмкін емес. Кантқа дейінгі материалистер танымды сыртқы дүниедегі заттардың айнадағыдай бейнесі деп танып, таным жайын сыртқы дүние арқылы түсіндірмек болды.Кант ілімінде дүниенің, өмірдің қайшылықты сипаты терең ашылған. Осының салдарынан таным да қайшылыққа, антиномияларға кездесіп отырады. Мысалы, дүние шекті ме, әлде ш


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: