Ерекшеліктері

1. Қабылдаудың тұтастығы. Қабылдау объектісі жеке қасиеттерден, бөлшектерден тұрғанымен біз оларды бүтіндей тұтас қабылдаймыз.

2. Қабылдаудың тұрақтылығы. Біз өзіміздің тәжірибемізге, білімімізге байланысты заттар мен құбылыстарды тұрақты түрде қабылдаймыз. Қабылдау кезінде қабылданатын заттар мен құбылыстардың кейбір белгілері, түрлері, формалары өзгерсе де біз оларды бұрынғы қабылданған күйінде қабылдаймыз.

3. Қабылдаудың таңдамалылығы. Бізге қабылдау кезінде бірнеше заттар немесе құбылыстар әсер етуі мүмкін. Бірақ біз өзіміздің қажеттілігімізге байланысты біреуін ғана қабылдаймыз. Қабылданған зат қабылданғанның объектісі деп аталады. Ал объектіден тыс қалған заттар қабылданғанның фоны деп аталады

4. Аперцепция. Қабылдаудың тәжірибеге, білімге, сенімге, іс-әрекеттің нәтижесіне және мамандыққа тәуелді болуын аперцепция деп атаймыз. Аперцепция 2-ге бөлінеді: тұрақты және уақытша.

Тұрақты түрі - адамның дүниеге көзқарасын, мамандығына, іс-әрекетіне және табандылық көрсетуіне байланысты.

Уақытша түрі – адамның қабылдау кезіндегі көңіл-күйіне және психикалық қалпына тәуелді болады. Аперцепция жеке адамның қабылдауына белсенділік сипат береді. Қабылдау кезінде кейде қате қабылдауларда кездеседі. Мұны психологияда элюзия деп атайды. Элюзияның ішінен көру элюзиялары көбірек, жиі кездеседі. Көру элюзиясы деп – заттардың алыстығын, түрін, көлемін қате қабылдау.

36.Ес туралы түсінік Ес процестері түрлері Ес [1]— адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері мен бейнелерін ойында ұзақ уақыт сақтап, қажет кезінде қайта жаңғырту қабілеті, жүйке жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі. Адамның есте сақтау қабілеті үнемі дамып, жетіліп отырады. Ертедегі грек философы Аристотель әр түрлі нәрселер мен бейнелердің есте әсерлену (яғни сақталу) сипаттарын үш топқа бөледі:

а) әсерленген нысанның белгілі бір кеңістік пен уақытқа ұштаса қабылдануы;

ә) әсерленген нысанның басқа бір нысанға өзара ұқсастығы;

б) олардың бір-бірінен айырмашылығы мен қарама-қарсылығы.

Осыған орай ол нәрселер мен бейнелердің есте ассоциациялануы түрлерін алғаш зерттеп тұжырымдады:

1) аралас не іргелес ассоциациялар (мысалы, түс — сары);

2) ұқсас ассоциациялар (мысалы, қарындаш, дәптер);

3) қарама-қарсы ассоциациялар (мысалы, ақ — қара; ұзын — қысқа)

37.Ес туралы ғылыми теорияларға сипаттама Естің физиологиялық сипатын орыс физиологы И.П. Павлов зерттеді. Ол ассоциацияларды шартты рефлекс теориясымен түсіндіріп, ми қабығындағы екі қозу процесінің қабаттасып келуінен пайда болып, сан рет қайталау нәтижесінде бекіп отыратын уақытша байланыстар деп атады. Қазақ ғұламасы Абай ес туралы “Отыз бірінші сөзінде”: “Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: бірінші — көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде иә көргенде ғибратлану керек, көңілденіп, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші — ой кеселді нәрселерден қашық болу керек”, — дейді. Ес адамның әр алуан іс-әрекеттерімен байланысты болып, тіршілікте аса маңызды қызмет атқаратын болғандықтан, оның түрлері мен көріністері де әр қилы.Психикалық белсенділік сипатына байланысты ол қимыл-қозғалыс есі, эмоциялық-сезімдік ес, бейнелі-көрнекілік ес және сөздік-мағыналық (логикалық) ес болып бөлінеді. Іс-әрекеттің мақсат сипатына қарай ерікті ес, еріксіз ес болып бөлінеді. Адамның ақпаратты қанша уақытқа дейін есте сақтай алатындығына қарай қысқа ес және ұзақ мерзімді (түпкілікті) ес, сондай-ақ, шұғыл ес болып бөлінеді. Естің кейбір түрлері арнайы аспап — мнемометр арқылы өлшенеді. Қимыл-қозғалыс есі дегеніміз — ойын, спорт, еңбек, оқу әрекеттеріне байланысты әр түрлі қимыл-қозғалыстар мен әрекеттерді есте қалдырып, оларды қайта жаңғыртып отыру. Эмоциялық ес бойынша адам басынан кешіргендерін еске түсіргенде бозарады не қызарады. ґйткені, оның басынан өткен әр алуан жағдайлар оған күшті әсер етіп, эмоциялық күйге ұшыратады. Бейнелі-көрнекілік ес заттар мен құбылыстардың қасиеттерін, нақты бейнесін ойда қалдырып, қайта жаңғыртуда айқын көрініс береді. Естің бұл түрі арқылы табиғат көрінісі, бастан кешкен оқиғалар, дыбыс, иіс, дәм жаңғыртылады. Егер қалыпты дамыған адамдар үшін есту есі мен көру есінің маңызы зор болса, ал соқыр, саңырау адамдарда мұның есесіне сипау, иіс, дәм естері өте жақсы дамып, басқа естердің кемістіктерін толықтырады. Бейнелі ес, әсіресе, көркемөнер кәсібімен шұғылданатын адамдарда жоғары әрі өте нәзік түрде дамыған. Сөздік-мағыналық (логикалық) ес ұғым, пікір, ой қорытындылары сияқты түрлі пішімдер арқылы із қалдырып отырады. Ойдың қандай формасы болса да тілмен, сөзбен байланысты. Естің бұл түрінің сөздік-мағыналық (логикалық) деп аталуы да сондықтан. Сөздік-мағыналық ес оқушылардың білім жүйесі мен оқу материалдарын есте сақтауында жетекші мәнге ие. Естерді ерікті ес және еріксіз ес деп бөлу орындалуға тиісті әрекеттердің маңыздылығы мен қажеттілігіне байланысты. Белгілі мақсат қоймай-ақ, арнайы есте қалдырмай-ақ есте сақтау мен жаңғырту, еске түсіру еріксіз ес деп аталады. Егер мақсат қоятын болсақ, онда бұл ерікті ес болады. Қажетті материалдар мен нәрселерді есте сақтау үшін адам тиісті әдіс-тәсілдер қолданып, оны қалай да жадында қалдыруды мақсат етеді. Бұл сол әсер еткен нәрселер ізінің есте берік қалуы деп аталады. Мұндай жағдайда осыдан біршама уақыт бұрын қабылдаған нәрселердің бейнесі адамның көз алдына елестеп, құлағына дауысы естіледі. Естің бұл түрі қысқа мерзімді ес деп аталады. Психология ғылымында қысқа мерзімді ес “шұғыл” ес (түрлі амал-тәсілдер есі) деп аталады. Ал түпкілікті ес қабылдаған нәрселерді, құбылыстарды олардың белгі-қасиеттерін ұзақ уақыт бойы есте қалдырады. Түпкілікті есте қалдырудың тағы бір ерекшелігі — әсер еткен нәрселердің ұзақ мерзімге созылуына және адамның арнайы мақсатына да қатысты болуы. Ес түрлері бір-бірімен өзара байланысты. Мысалы, сөздік-мағыналық ес мағыналы болумен бірге еріксіз не ерікті де болады. Сондай-ақ, ол қысқа мерзімді не түпкілікті болуы да мүмкін. Ес бірнеше дара процестерден тұрады. Олардың негізгілері: есте қалдыру, қайта жаңғырту, ұмыту. Есте қалдыру дегеніміз жаңадан қабылданған бейнелер мен материалдарды, олардың мәнін есте бұрынғы сақталғандармен байланыстырып отыру. Есте қалдыру арнайы есте қалдыру, еріксіз есте қалдыру болып екіге бөлінеді. Еріксіз есте қалдыруда адам алдына арнайы мақсат қоймайды. Ал арнайы есте қалдыру үшін мынадай шарттар қажет:

1) арнайы мақсат қою, оны меңгеруге ұмтылу;

2) Есте қалдырудың қоғамдық, тәжірибелік мәнінің адам қажетіне байланысты болуы;

3) Есте қалдыруды жоспарлап, оқыған материалдардың ішінен еске түсерлік түйінді мәселелердің мәнін білу;

4) сол мән-мағыналарды түсіну үшін оларды ойлау процесімен тығыз ұштастыру;

5) қабылдаған нәрселерді өз сөзімен құрастыру, сөйтіп, қажетті материалдарды есте қалдыруды жеңілдету.

Есте сақтаудың тиімді әдісі қажетті материалдарды жаттап алу. Ғылымда есті дамытуға арналған жаттау тәсілін мнемоника (жаттап алу амалы) деп атайды. Қайта жаңғырту еріксіз және арнайы болып екіге бөлінеді. Еріксіз қайта жаңғырту — мақсатсыз жүзеге асады. Мысалы, музыканттың белгілі ән-күйлерді күнде орындауы. Арнайы қайта жаңғыртуда белгілі мақсат болады. Адам оған өзінің ерік-күшін жұмсайды, арнайы әдіс-тәсілдер қолданып, бұрынғы қабылдағандарын қайта жаңғыртады. Ұмыту дегеніміз — қабылдағанды, есте қалдырғанды қажет болған кезде еске түсіре алмау, танымау. Ұмыту жүйке қызметінің күйіне байланысты. Жүйке жүйесі әбден шаршағанда не ауруға ұшырағанда адамда ұмытшақтық пайда болады. Мұндай құбылыс психологияда амнезия деп аталады. Бұл құбылыстар мидағы тежелу, өшу заңдылықтарына байланысты. Бірақ ұмытылған нәрсе бір кезде жаңғырып, еске түседі. Бұл ес процесінде реминисценция делінеді. Есті дамытып, жетілдіріп отырудың басты шарты — адамның әр түрлі іс-әрекеттері. Ақыл-ойды тарих жасаған білім қорымен үнемі байытып отыруға ұмтылу естің мән-мазмұнын тереңдете түспек. Қазіргі кезде ес туралы түрлі анықтамалар мен теориялық болжамдар бар. Осы орайда, бүгінде естің механизмі мен оның заңдылықтары жайында қалыптасқан психологияжәне нейропсихология бағыттарға қосымша үшінші бағыт — биохимиялық тұрғыдан зерттеу қосылып отыр. Сондай-ақ, есті бұлармен қатар кибернетика ғылымы тұрғысынан зерттеуде де едәуір қалыптасқан жүйелер бар. Соңғы жылдары ес психологиядан басқа ғылым салалары арқылы да қарастырылуда.[2][3]

Ес түрлері[өңдеу]

Ес түрлері үш негізгі белгіге байланысты бөлінеді:

1. Психикалық белсенділікке қарай:

1) Қозғалыс есі - еңбек әрекетіне байланысты қимыл-қозғалыстарды есте қалдырып, оны қайта жаңғырту есі;

2) Сезімдік ес - бұл адамның басынан өткізген сезімдерін есте қалдыру;

3) Бейнелі ес - заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақты бейнесін есте қалдырып және қайта жаңғырту;

4) Сөз логикалық ес - бұл адамның ойыныңтүрлі формаларын есте қалдыруды айтамыз.

2. Мақсатқа қарай:

1) Ырықты ес – түрлі мәліметтерді есте сақтауға саналы мақсаттың қойылуы;

2) Ырықсыз ес – адамның мақсат қоймай материалды есте сақтауы.

3. Материалды есте сақтау ұзақтығына қарай:

1) Қысқа мерзімді есте қалдыру;

2) Ұзақ мерзімді есте қалдыру (ұзақ мерзімді ес);

3) Оперативті ес - өзімізге керекті материалдарды дер кезінде еске түсіру, есте сақтау және қайта жаңғыртуды айтамыз.

Ес процесстері[өңдеу]

1. Есте қалдыру. Есте қалдыру - мәліметті белсенді қайта өңдеу, жүйелеу, жалпылау және оны теру процесстері. Есте қалдыру түрлері төменде көрсетілген:

1) Қысқа мерзімді есте қалдыру;

2) Ұзақ мерзімді есте қалдыру;

3) Оперативті есте қалдыру;

4) Ырықты есте қалдыру. Жаттау - ырықты есте қалдырудағы ең негізгі тәсілдердің бірі болып табылады. Жаттаудың белсенді болуы уақытқа байланысты;

5) Ырықсыз есте қалдыру;

6) Логикалық есте қалдыру;

7) Механикалық есте қалдыру - заттар мен құбылыстардың мазмұны есте сақталмай, олардың ерекшеліктері мен формалары есте сақталады.

Логикалық есте қалдыруда қабылдаған нәрселердің мазмұны есте сақталады. Логикалық есте сақтаудың тәсілдері:

1) Есте сақтауға тиісті материалдың жоспарын құрастыру.

2) Салыстыру.

3) Материалды топтастыру және жіктеу.

4) Есте қалдыру мен қайта жаңғыртуды алмастырып отыру.

5) Бейнелі байланыстарға сүйену.

6) Есте қалдыруда өзін-өзі бақылау.

7) Мағыналы байланысты орнату.

2. Қайта жаңғырту. Қайта жаңғырту – бұрын қабылдаған заттармен құбылыстарды өзімізге керек болған кезде есімізге түсіруді айтамыз. Мұндағы негізгі процесс – елес. Елес – бұл бұрынғы қабылдауларды қайта өңдеу. Қайта жаңғыртудың бір көрінісі – тану. Тану – бұрын қабылдаған нәрсеге, құбылысқа қайта кездескенде ғана болатын процесс. Тану 2-ге бөлінеді: 1) Толық. 2) Толықсыз.

Қайта жаңғыртудың біртүрі – еске түсіру. Еске түсіру – белгілі қиындықтарды жеңумен байланысты ерік күшін жұмсауды талап ететін санасы қайта жаңғыртуды айтады. Қайта жаңғырту 2-ге бөлінеді: 1) Ырықты. 2) Ырықсыз.

3. Есте сақтау. Есте сақтау – бұл алынған нәрселерді есте ұстауға бағытталған есте ұстаудың алғы шарты болатын процесс. Ол 2-ге бөлінеді: 1)Ырықты. 2)Ырықсыз.

4. Ұмыту. Ұмыту – бұрын қабылдаған нәрселерді керек кезінде еске түсіре алмау және қайта жаңғырта алмау процессі. Ұмытудың себептері: 1) Жағымсыз индукцияның әсері. 2) Проактивтік тежелу. 3) Ременисцения – кешіктіріліп еске түсіру. 4) Шектен тыс тежелу.

38.Ойлау түрлері түсінік және олардың түрлері Психология ғылымы өзінің тарихи дамуы барысында философиядан бірте –бірте алшақтай түсті, сондықтан психологтардың назарына, ең алдымен, алғашында философтардың назарында болған ойлаудың түрлері түсті. Бұл теориялық, пайымдап ойлау. Ірі философтардың бірі Р. Декарт “Мен ойланамын, яғни мен тіршілік етемін”, деген формуланы ұсынды. Егер формуланың философиялық мағынасын бір жақта қалдырсақ және оны тек нақтылы–психологиялық тұрғыдан ғана қарастырсақ, онда бұл формула, ойлауды адамның тіршілік етуінің белгісі деп есептей отырып, ойлауды адамның психикалық өміріндегі бірінші орынға шығарады: автордың пікірі бойынша, ойлаудан басқа ештеме де адамның тіршілігін сенімді дәлелдей алмайды. Сонымен, пайымдап ойлау, сөздік–логикалық ойлау бөліп алынды. Бұл ойлау бүгінгі таңда да тіл, тілдік құралдар базасында болатын, қызмет ететін түсініктерді, логикалық конструкцияларды пайдалануымен сипатталатын ойлаудың негізгі түрлерінің бірі ретінде бөлінеді. Бірақ қазіргі кездегі психология ойлаудың бұл түрін жалғыз түр ретінде қарастырмайды.

Адамның ойлауы өзіне әр түрлі түрдегі және деңгейдегі ойлау операцияларын қосты.

Адамның ойлауы әр түрлі деңгейдегі ойлау операцияларынан тұрады. Ең алдымен олардың танымдық мәндері әр түрлі болады. Танымдық қатынаста баланың алдында тұрған қиындықты шешетін қарапайым ойлау актісі және қандай да бір күрделі процестердің өту заңдылықтары жайлы ғылыми мәселені шешкенде ғалым адам қолданатын ойлау операцияларының жүйелері тең болмайды. Сөйтіп, оның жалпылау деңгейі қаншалықты биік, бір маңызды мәнді құбылыстан басқа оны анықтауға баратын жағдайлар қаншалықты терең болғанына байланысты ойлаудың әр түрлі деңгейлерін ажыратуға болады. Ойлаудың осындай әр түрлі деңгейлеріне қарапайым формадағы көрнекі ойлау және дерексізденген, теориялық ойлау жатады. Осындай әр түрлі деңгейдегі ойлаудың түрлері ретінде қарапайым көріністегі көрнекі, ойлау мен берілген көрініс шегінен шығатын теориялық ойлауды бөліп көрсетуге болады.

Өз пәнінің заңдылықтарын ашатын теориялық ойлау ойлаудың жоғарғы деңгейі болып табылады. Алайда ойлауды абстрактілі түсініктерде теориялық ойлауға апару мүлдем дұрыс емес. Біз ойлау операцияларын тек теориялық проблемаларды шешекенде ғана емес, көрнекі оқиға аясында қала отырып, объективті шарттарды ескеріп кез келген міндентті ұғынып шешеміз, сондықтан да біз абстрактілі теориялық құрылуға барғанда да оларды қолданамыз. Тек дерексізденген ғана емес, сондай–ақ көрнекі ойлау да болады, себебі кейбір жағдайларда біз көбінесе көрнекі мәліметтерге сүйене отырып алдымызда тұрған міндеттерді шешеміз.

Осылайша, шығу тегі мен пайда болуы (генезі) бойынша ойлау келесі түрлерге жіктеледі:

Көрнекі-әрекеттік ойлау –мәселені шешу жағдаятын шынайы түрлендіретін, бақыланатын қозғалыстық әрекет арқылы іске асатын ойлау түрі. Мысалы кіші жастағы балалармен жүргізілген тәжірибеде иінтіректің оң жағына бала үшін тартымды, оны алу тілегін туғызған ойыншық бекітілген. Үстелдегі ойыншықты қолмен алу мүмкін емес. Бір ғана жол бар – сол жаққа бекітілген тұтқаны пайдалану. Тұтқаны өзіне қарай тартқанымен ойыншық тае қана жылжиды, әдетте заттарды өзіне қарай тартқанда жасалатын әрекеттерге кері қозғалыс жасау қажет. Кіші жастағы бала үшін елеулі қиындықтармен іске асырылатын, бұл тәсілді табуды ойлау психологиясында солай атайды. Бұл көрнекі-әрекеттік ойлау, ол жоғары жануарларда да болады және оны И.П. Павлов, В. Келер, Н.Н. Ладыгина–Котс және т.б. сияқты ғалымдар жүйелі түрде зерттеген. Көрнекі-әрекеттік ойлаудың негізгі сипаттамасы атауында бейнеленген: тапсырмаларды шешу, бақыланатын қозғалыс актісінің көмегімен, жағдайды шынайы өзгертудің көмегімен іске асырылады.

Көрнекі–бейнелік (бейнелік) ойлау –жағдаят тек бейне жоспарында ғана түрленетін ойлау түрі. Психологияда сонымен қатар дербес түр ретінде бейнелік (немесе көрнекі-бейнелік) ойлау бөліктеніп тұрады. Н.Н. Поддъяков пен оның қызметкерлерінің зерттеулерінде мектепке дейінгі жастағы балаға белгілі бір формалы жайпақ фигураны ұсынған, мысалы фанерден кесіліп жасалған қазды. Одан кейін фигура фанерлік дискімен жабылады, сөйтіп оның тек басы мен мойыны ғана көрініп тұрады. Содан кейін фигураны бастапқы жағдайынан басқа бір бұрышқа бұрады да, балаға қаздың басы мен мойынының орналасуы бойынша оның құйрығы қай жерде екендігін анықтауды тапсырады. Бейнелік ойлаудың қызметі адамның жалпы жағдайлардың нақтылануымен жағдайды өзгертетін өз іс-әрекетінің нәтижесінде алғысы келетін, жағдайды және ондағы өзгерістерді түсінуімен байланысты. Бейнелік ойлаудың көмегімен заттың іс жүзіндегі әр түрлі сипатталарының әр алуандығы біршама толық түрде қайта жасалады. Бейнеде затты бір мезгілде бірнеше көзқарас тұрғысынан көру тіркелген. Бейнелік ойлаудың өте маңызды ерекшелігі – заттар мен олардың қасиеттерінің әдеттегі емес, “керемет” сәйкестіктерін анықтау. Көрнекі — әрекеттік ойлауға қарағанда көрнекі–бейнелік ойлауда жағдай тек бейне тұрғысында өзгереді.

Көрнекі ойлау және дерексізденген–теориялық ойлау көптеген тәсілдермен бір–біріне өтеді. Олардың арасындағы айырмашылықтар салыстырмалы; ол сыртқы кереғарлықты көрсетпейді, алайда ол маңызды.

Кез келген ойлау азды–көпті жалпыланған абстрактілі ұғымдарда жасалады және барлық ойлау азды–көпті көрнекі сезімдік бейнелерге қосылады; ұғымдар және бейне–түсініктер оларда үздіксіз бірлікте беріледі. Адам түсініктерсіз, сезімдік көрнекіліктен тыс ойлай алмайды; ол сондай–ақ ұғымдарсыз, тек қана сезімдік-көрнекі бейнелерде де ойлай алмайды. Сондықтан да көрнекі және ұғымды ойлау туралы оларды сыртқы қайшылықтар деп айтуға болмайды; алайда түсініктер және ұғымдар бір– бірімен байланысып қана қоймаған, олардың бір–бірінен айырмашылығы да болады, біртұтас ойлаудың ішінде, бір жағынан, көрнекі, екінші жағынан– абстрактілі–теориялық ойлауды ажыратуға болады. Біріншісі үшін тән нәрсе түсініктер мен ұғымдардың бірлігі, жалпы мен жалқы үшін көрнекі бейне– түсініктердің формасы тән болады; екіншісі үшін көрнекі бейнелер – түсініктер және ұғымдардың бірлігінде жалпы ұғымдар формасы тән болады.

Танымның әр түрлі деңгейлері немесе сатылары болатын, бейнелі және абстрактілі–теориялық ойлау бірыңғай процестің әр түрлі жағы болып табылады және объективті шындықтың әр түрлі жақтарын танудың адекватты тәсіліне тең. Дерексізденген ойлау ұғымы жалпыны бейнелейді; алайда жалпы ешқашан да ерекшені және жалқыны жоққа шығармайды; осы соңғысы бейнелерде бейнеленеді.

Сондықтан да әсіресе Гегель жүйесінде ретті жүргізілген ой, бейне танымның төменгі деңгейі бола алады, егер де жоғары деңгейде олар ұғымдармен алмастырылмаса, осы жағдай шындықты ұғыммен жасауды қате қиялдаған рационалисті адастыру болып табылады. Сондықтан да біз көрнекі –бейнелі ойлау мен абстрактілі–теориялықты екі деңгей ретінде ғана емес, бірыңғай ойлаудың екі түрі немесе екі аспектісі деп ажыратамыз; тек ұғым ғана емес, ойлаудың барлық, тіпті жоғарғы деңгейінде бола алады.

Бейне ойды байытады дегенге кез келген метафораның мысалында көз жеткізуге болады. Кез келген метафора жалпы ойды көрсетеді; метафораны түсіну үшін оның жалпы мағыналық мазмұнын бейнелік формада ашуды талап етеді, себебі метафоралық бейнені қолдану үшін жалпы ойды адекватты білдіретін бейнелерді табуды талап етеді. Егер бейне жалпы ойға ештеңе қоспаған болса, онда метафорлық бейнелер қажетсіз әшекейлер мен артық масыл болған болар еді.

Метафораның бүкіл мәні метафоралық бейнеге апаратын жаңа көркем бояуларда болады; оның құндылығы жалпы ойларға қосылуына байланысты болады. Жалпы ойларда көрсететін метафорлық бейнелер ойларға жалпы жағдайда тұжырымдама беретін болғандықтан бір мағынаға ие болады.

Сөздік–логикалық (пайымдаушы) ойлау –тілдің және тілдік құралдардың көмегімен шығарылатын ұғымдарды, логикалық құрылымдарды пайданумен сипатталатын ойлаудың негізгі түрлерінің бірі.

Көрнекі-әрекеттік, көрнекі–бейнелік, сөздік–логикалық ойлау онтогенез бен филогенездегі ойлаудың даму кезеңдерін қалыптастырады. Қазіргі таңда психологияда ойлаудың бұл үш түрі үлкен адамда да болатындығы және әр түрлі тапсырмаларды шешуде қызмет ететіндегі сенімді көрсетілген. Бейнеліп көрсетілген топтастыру (үштік) жалғыз емес. Психологиялық әдебиеттерде бірнеше “жұптық” топтастырулар пайдаланылады.

Егер біреу “Менің жұлдызым сөнді” деп айтса, онда ол онымен дерексізденген тұжырымды беріп отыр, яғни енді жолым болмайды дегені. Алайда бейнелік көрсетулер өзіне ғана тән мәнерлі сипаты бар қосымша бояларды береді. Ол тек жалаң фактіні ғана емес, оған деген қатынасты да береді.

Жұлдызбен салыстыру айтушының көзқарасы тұрғысынан сәтсіздік жайлы емес, елеулі, көтеріңкі, үстем жағдайды, адамның тағдыры туралы айтады. Ол стихиялық кезеңді болып жатқан оқиғаның адамның еркінен тәуелсізділігін ығыстырады, сөйтіп жеке кінәні осымен жойып жібереді. Ол сонымен қатар айтушының сәтсіздіктерге әкелген тағдыры жайлы эпикалық қатынасты да айтады. Бейнелі метафорлық ойлар жалпы ойды адекватты білдіреді, және жалпы жағдайда берілмеген қосымша кезеңдерді және бояуларды кіргізе отырып оның шегінен шығады. Метафоралық ойлар ұғымдар мен бейнелердің жалпы ойларының бірлігінің айқын дәлелдемесі сияқты оның бейнеден, ұғымнан да айырмашылығы болады. Поэтикалық бейне үшін ерекше нәрсе көрнекілік емес, оның мәнерлілігі. Осы жағдайды көркем ойлауды ұғу үшін маңызы бар.

Көркем ойлауда бейненің өзі жалқыны нақтылы бейнелей отырып, сонымен бірге жалпыланған функцияны орындайды; абстрактілі схема болған, ол индивидтің нақты бейнелеуін көрсетеді, толық мәнді көркем бейне жалпыға дейін жоғарылайды. Бейнеде тек жалқыны ғана көру өте қате болар еді. Бейнелер жалқының және жалпының бірлігін береді; олар бір бірімен өзара байланысты болуы қажет, себебі бейнелетін объективті болмыста олар өзара байланыста болады.

Көркемдік ойдауда бейнелер жалпыланған функцияны атқарады, сондықтан да көркем шығарманың бейнелі мазмұны оның идеялық мазмұнын тасушы болады. Егер де көрнекі бейне өзіне идеялық мазмұнды қоса алмаса, онда ылғи да көрнекі бейнелі материалмен жасалатынын көркем шығарма идеясыз, үрдісшіл болар еді, себебі үрдісшілдік және көркем емес бейнелерсіз жалпы формулада мүлдем еш нәрсе бермейтін бейнелерден басқа идеялық мазмұнды беретін шығарма болар еді.

Шын мәнінде кез келген көркем шығарманың қандай да бір идеялық мәні болуы қажет, себебі әрбір көркем шығарма қандай да бір дәрежеде белгілі бір идеологияны бейнелейді. Мәселенің мәнісі ол оны қаншалықты дәрежеде жасайтындығында. Шынайы көркем, бір мезгілде идеялық және көркем шығармада оның бейнелік мазмұны оның идеялық мазмұнын ғана тасымайды, ол оны басқаша білдіреді, және ол дерексізденген формулада және жалпы жағдайда жасауға болады. Бейнелік ойлау, сөйтіп, ойлаудың ерекше түрі болып табылады.

Сонымен қатар психологияда ойлаудың қос классификациясы да танымал.

Мәселенің түріне байланысты:

1. Теориялық ойлау –ғылыми ұғымдарды пайдалану негізінде заңдар мен ережелерді танып–білуден тұратын ойлаудың жоғары дамыған түрі.

Практикалық ойлау –ақиқатты физикалық түрде өзгертуге дайындық күйін (мақсат қою, жоспар, жоба, схема құру) білдіретін ойлау түрі. Бұл ойлау түрі кеңес ғылым–психологы Б.М. Тепловпен едәуір көп зерттелінген.

Қазіргі жаңа психологияда көрнекі–бейнелі және ойлауда теориялық және практикалық ойлау жайлы мәселелер қатар тұрады. Дәстүрлі психология ойлаудың сырттай қарсы қойылуынан және практикалық іс-әрекеттен басталды, ойды зерттеуде теориялық іс–әрекетті шешуге бағытталған ғылыми ойлаудың міндеттерінің дерексізденуі еске алынды. Ойлау мен іс- әрекеттің арақатысы жайлы мәселе көбінесе жай ғана шешіліп отырды: теориялық интеллектуалдық операциялар алғашқы ретінде қабылданды; ол операциялар сананың ішкі дүниесінде жасалады; сосын іс-әрекет солардың негізінде құрылады. Осы тұрғыдан ақылға қонымды іс-әрекет, теориялық ойлаудың нәтижелерін әрекеттің сыртқы жағына ауыстырады. Гетенің Фауыстындағы “алдымен іс болды” деген терең мағыналы сөзіне қарамастан –дәстүрлі психология үшін алдымен ойлау, содан кейін әрекет болды. Ойлаудың әрекетке қатынасы ылғи да іс-әрекеттің абстрактілі ойлаудан бір жақты тәуелділігі ретінде ойланды; және бұл тәуелділік тарихи дамудың барлық сатысында өзгермей берілді. Теориялық ойлау–бұл заңдарды, ережелерді тану. Менделеев кестесінің ашылуы–оның теориялық ойлауының нәтижесі. Теориялық ойлауды жүзеге асырмаған кез келген әрекет тек қана дағды,-бір сөзбен айтқанда интеллектуалдық операциямен емес, инстинкті реакциямен ғана болар еді; сондықтан да баламалы жағдай туды: немесе әрекеттің интеллектуалдық сипаты жоқ, немесе ол–теориялық ойлаудың бейнеленуі. Адамға ұқсас маймылдарды зерттеген В. Келердің зерттеулері ақыр соңында мәселенің дұрыс қойылмауына әкелді; осы зерттеулерге байланысты практикалық интеллект деп аталатын ұғым пайда болды. Практикалық ойлаудың негізгі міндеті–шындықтың физикалық өзгеруін дайындау: мақсат қою, жоспар, жоба, сызба құрастыру. Келер эксперименттерінің типі бойынша шимпанзеге, содан кейін–алдымен Келер, содан соң К. Бюлер–балаларға осы эксперименттерді жасады; оған кейін қалыпты және ақыл–есі кеміс балаларға және ересектерге көптеген бірқатар эксперименттер жасалды.

“Практикалық ойлау” немесе “практикалық интеллект” термині төтенше белгілі. Ол, бір жағынан, интеллектіні теориялық операцияларда ұғымдардағы абстрактілі сөздік ойлау қарастырған көзқарастарды көрсетеді: практика мен интеллект, практика мен ойлау ұғымдардың бірлігіне бірігеді. Алайла практикалық интеллектіні теориялыққа қарсы қою интеллектіні ұғуға ықпал етті және теориялық ойлау мен практиканың ескі дуализміне тереңдеп енді.

Практикалық ойлауды кеңестік психолог Б.М. Теплов терең талдап берген. Теориялық ойлау біршама біртіндеп ғылыми шығармашылық психологиясының контексінде зерттелуде. Практикалық ойлаудың маңызды ерекшеліктерінің бірі, оның уақытының қатал тапшылығы жағдайларында айқындалатындығы. Сонымен, мысалы, іргелі ғылымдар үшін бір жылдың ақпан немесе наурыз айларында заңның ашылуының принципті мәні жоқ. Күрес біткен соң жоспар жасаудың мағынасыз екендігі мәлім. Практикалық ойлауда болжамдарды тексеруге арналған мүмкіндіктер өте шектеулі. Осының барлығы практикалық ойлауды, теориялық ойлауға қарағанда, біршама күрделендіре түседі. Теориялық ойлауды кейде эмпириялық ойлаумен салыстырады. Бұл жерде мынадай критерий қолданылады: ойлау жұмыс жасайтын жалпылаудың сипаты, бір жағдайда бұл түсінік, ал келесісінде–тұрмыстық, оқиғалық жалпылаулар.

Ақыр соңында кез келген ойлау практикамен байланысты болады; тек сол байланыстың сипаты ғана әр түрлі жағдайда әрқалай болады. Практикаға сүйенген теориялық ойлау тұтас алғанда, практиканың жеке жағдайынан тәуелсіз болады; көрнекі-әрекеттік ойлау әрекет жасалатын сол жеке практикалық жағдаймен тікелей байланыста болады.

Адамда бірыңғай интеллект болады. Әр түрлі биологиялық механизмдер ретінде екі әр түрлі интеллект жайлы сөз болуы да мүмкін емес. Алайда ойлау процесі жасалатын әр түрлі шарттардан тәуелді болатын ішкі бірлікте ойлау операциясының әр түрлі және олардың өту сипаты дифференцияланады.

Егер практикалық ойлау деп практикалық іс-әрекет барысында және тікелей практикалық міндеттерді шешуге бағытталған ойлауды түсінетін болсақ, онда бұл тұрғыда практикалық ойлауды теориялық ойлаудан ажыратуға болады. Оның практикалық іс-әрекеттен айрықша теориялық іс- әрекеті ретінде, дерексізденген теориялық міндеттерді шешуге бағытталған практикамен тек жанама байланысқан ойлаудан ерекшелігі бар. Жоғарыда айтылған мағына бойынша теориялық және “практикалық” ойлаудың алдында ең алдымен түрлі міндеттер тұрады. Мұнда практикалық ойлауға қатысты басқа да жағдайлар болуы мүмкін: бір жағдайда практикалық ойлау, яғни практикалық іс-әрекетке қосылған ойлау сипаты бойынша дерексізденген теориялық іс-әрекеттің нәтижелерін қолданып шешетін болуы керек. Практикалық ойлаудың бұл күрделі формасына теориялық ойлау оның компоненті ретінде кіреді. Өнертапқыштың күрделі міндеттерді шешудегі ойлау іс-әрекеті осындай, азды–көпті күрделі теориялық ойлап табуды қажет етеді.

Алайда басқа жағдай да болуы мүмкін, мәселен, практикалық іс-әрекет барысында міндеттерді шешу үшін дерексізденген теориялық ойлау талап етілмейді: тек аталған көрнекі жағдайға бағдарланып шешетін қарапайым міндеттер ғана кездеседі. Мұндай жағдайда практикалық ойлау, яғни практикалық іс-әрекетте қосылған және жеке практикалық міндеттерді шешуге тікелей бағытталған ойлау көрнекі-әрекеттік ойлау формасын қабылдайды. Көрнекі-әрекеттік ойлау–бұл қарапайым практикалық міндеттерді, шешуге тәкелей бағытталған қарапайым практикалық ойлаудың формасы. Ерекше практикалық интеллектінің болуы жайлы дәлелдеме мынаған сүйенеді, кейбір адамдар күрделі теориялық міндеттерді шешуді ойлаудың жоғарғы деңгейін таба отырып, ойдағыдай жүзеге асырады, алайда олар қандай да бір практикалық жағдайдан шығар кезде дәрменсіз болып қалады және керісінше өте күрделі практикалық жағдайлардан шығып кете алатын адамдар, қарапайым теориялық мәселенің алдында дәрменсіздік танытады. Осы фактіні түсіндіру үшін сол екі жағдайдағы ойлау операцияларының арасындағы айырмашылықты білу қажет. Ең алдымен шешіліге тиісті міндеттердің объективті айырмашылықтарын ескеру керек. Кейбір міндеттер мәні бойынша жекелеген проблемалық жағдайдың шегінен шығуды жалпыланған және жанама жағдайларды жасауды талап етеді,- бұлар теориялық ойлауды қажет етеді; ал басқа практикалық міндеттер проблемалы жағдайдың көрнекі мазмұнында берілген мәліметтер негізінде шешіле алады.

Мұндай міндеттерді шешуге бағытталған ойлау үшін оның объективті шындықпен тікелей әрекеттік байланыстағы әрекет жағдайында болуы тән– яғни ойлауды “ой өрісі” әрекет өрісімен сәйкес келеді; ойлау және әрекет бір ғана салада жасалады; ойлау операциясының барысы практикалық әрекет барысына, әрекеттік жағдайға тікелей қосылған; онда практикалық әрекет міндеттерді шешудің әрбір сатысын игеріп, тұрақты түрде тікелей практиканың тексеруінен өтеді.

Әрекетті жағдайда ойлау процесінің өтуі, оның практикалық әрекетпен тікелей байланысты оларға ерекше із қалдырады. Әрекет ойлау операцияларына қосылмаған жағдайда субъекті міндеттерді шешуді тұтастай ойластыруы керек, оның барлық буындары басынан аяғына дейін ойша ескерілуі қажет. Сонымен қатар тікелей-әрекеттік жағдайда алдымен нені жасау қажеттігі жайлы және шешімді ары қарай жасау үшін шешімнің алғашқы сатысын табу керек. Егер де шешімнің бірінші сатысын практикалық әрекетте жүзеге асырсақ, онда бұл әрекет алғаш белгіленген және алдын ала ойластырылған проблемалық жағдайды шынайы өзгерте отырып, практикалық әрекет аяқталғанға дейін қарастырылмаған өзгерістерді тауып алады. Ойлау операциялары өтіп жатқанда оған кіріккен әрекет жақындағы белгіленген міндеттерді шешу сатысын таратып, алдын ала қарастыру, түсіндіру, қиялдау қажеттіліктерінен оларды босатады және оқиға проблемасындағы барлық өзгерістерді ескереді, олар әрекет барысында тікелей өтетін міндеттерді шешуді алдын ала қарастыруды және ойша ескеруді қажет ететін жағдайларды да кіргізеді. Сөйтіп, практикалық әрекет міндеттерді бұған дейінгі шешу кезеңдерінен шығатын кейбір салдарды алдын ала көру және алдын ала есеп жүргізу жөніндегі ойлау операцияларын ішінара алмастырады және міндеттерді шешу процесінің тікелей компоненті болып табылады. Бұл жағынан алғанда әрекетпен ойлаудың орын алуы, әрине шартты түрде. Практикалық әрекетпен орындалатын бұл функцияда міндетті практикалық әрекетпен шешу барысына тікелей қосылған ойлау операциясының ерекше артықшылығы білінеді.

Алайда мұндай ойлау операциясы бір жағынан жалпыланған теориялық шешім жасау кезінде міндеттер ұсынатын талаптардан айырмашылығы бар өзінің ерекше талаптарын ұсынады. Ол жеке, бөлек детальдарға кеңейтілген бақылау мен зейін аударуды талап етеді, осы аталған жағдайда осы проблемалы жағдайдағы айрықша және жеке жағдайда міндетті шешу үшін пайдалану ептілігін ұсынады, бұл теориялық жалпылауға толығымен кірмейді; ол сонымен қатар ойлаудан әрекетке өтуді және керісінше әрекеттен ойлауға өтуді талап етеді. Біреулері үшін мұндай ауысулар демалу, жеңілдеу болып табылады; ал басқалары үшін олар елеулі қиындықтар туғызтын, кейде олар ойлау процесінде ұйымдастыруды бұзатын жағдайлар ретінде қабылданады.

Сол және басқа жағдайда ойлау процесінің мотивациясы ерекше болады; егер де ойлау процесі үшін практикалық, әрекеттік жағдай ынталандырушы болса, онда субъект кездескен қиын жағдайда тез шығуы қажет болады; ал басқа жағдайда адамның басына түскен практикалық жағдаймен байланысты емес теориялық мәселені шешу жайлы сөз болса, ондай жағдай басқаша болады. Шынында да осы екі оқиғаның әрқайсысы ойлау прроцесі үшін әр түрлі психологиялық жағдайды жасайды: олардың қызығушылықтарына, ақыл деңгейіне және тұтас алғанда тұлғасына байланысты әр түрлі адамдарда әр түрлі нәтиже беруі тиіс.

2. Таным түрі бойынша:

1. Эмпириялық ойлау –теориялық ойлаумен салыстырғанда, қарадүрсін, жағдаяттық жалпылаулармен байланысты болатын ойлаудың түрі.

2. Теориялық ойлау –ғылыми ұғымдар негізінде заттар мен құбылыстардың мәнін танып–білу.

3. Рефлексия немесе саналу деңгейі бойынша:

1. Интуитивтік ойлау –тез өтетін, анық кезеңдері жоқ, көбінесе саналанбайтын ойлаудың түрі. Бұл ойлау түрі кеңестік психологияда Я.А. Пономаревпен, Л.Л. Гуровпен және т.б зерттелінген.

2. Рациональдық ойлау (аналитикалық немесе логикалық ойлау) – уақыт бойынша кең таралған, айқын кезеңдері бар, ойлаушы субъектінің санасында едәуір көрініс табатын ойлау түрі.

Интуитивті және рациональдық ойлаудың айырмашылығын білу үшін әдетте үш белгі қолданылады: уақыттық (процестің өту уақыты), құрылымдық (кезеңдерге бөлу), ағым деңгейі (ұғынған немесе ұғынбаған). Рациональдық ойлау уақытқа таралып, айқын көрінетін кезеңдері бар, елеулі деңгейде ойланушы адамның өзінің санасында бейнеленген. Интуитивті ойлау тездігімен, айқын көрінетін кезеңдерінің болмауымен сипатталады, ол минималды ұғынған болып табылады. Отандық психологияда бұл ойлауды Я.А. Пономарев, Л.Л. Гурова және т.б. зерттейді.

Әрекеттің тәсілдері негізінде:

Вербалдық (сөздік) ойлау –тілдік құралды пайдалану арқылы адамның өз пікірін тұжырымдамауы, білдіруі.

Көрнекі ойлау –мәселені шешу нақты бейнелі түрде көрінуінде жүзеге асатын ойлау түрі.

Ойлау бағыттылығымен байланысты:

Шынайы (немесе реалистік) ойлау –ақиқат шындыққа басым түрде бағытталған, логикалық заңдармен реттелетін ойлаудың бір түрі.

Аутистік ойлау– адамның ниеттерін жүзеге асыруымен байланысты болатын ойлау түрі. Осыған ұқсас келетін эгоцентрлік ойлаудың ерекшелігі–адамның басқа біреудің позициясында тұра алмауы.

Шынайы ойлаудың аутистік ойлаудан айырмашылығы мынада: шынайы ойлау негізінен сыртқы әлемге бағытталған, логикалық заңдармен реттелінеді, ал аутистік ойлау адамның тілектерін іске асырумен байланысты (біз тілегіміздегі нәрсені шын мәнінде бар нәрсе тәрізді етіп көрсетеміз). Кейде аутистік ойлаудың орнына “эгоцентрлік ойлау” деген ұғым қолданылады, ол ең алдымен басқа адамның көзқарасын қабылдаудың мүмкін еместігімен сипатталады.

Ойлау іс — әрекетінің өніміне байланысты:

Продуктивтік ойлау –адамның ойлау іс-әрекетінің жаңа өнімін шығару.

Репродуктивтік ойлау –ойлау іс-әрекеті барысында өмірде бар білімдерді пайдалану.

Продуктивті және репродуктивті ойлауды ажырату маңызды болып табылады. З.И. Калмыкова бұл айырмашылықты “субъектінің білімдеріне қатысты ойлау іс-әрекеті процесіндегі алынған өнімнің жаңашылдық деңгейіне” негіздейді.

7. Ойлаудың функцияларына байланысты:

Творчестволық ойлау –ақиқат дүниге жаңалықты тудырумен, жаңа білімдерді тауып, негіздеумен байланысты болатын ойлаудың түрі.

Критикалық ойлау –заттар мен құбылыстарды терең зерттеу негізінде, солар жөніндегі көзқарастар мен пікірлердегі қайшылықтар мен кемшіліктерді таба білуімен байланысты болатын ғылыми дәйектелген сындық пікірден тұратын ойлаудың бір түрі.

8. Еріктік күштің жұмсалуына байланысты:

Ырықсыз ойлау –түс көру бейнелерін ырықсыз трансформациялау.

Ырықты ойлау –проблемалық жағдаяттарды, ой есептерін мақсатты түрде шешу.

Еріксіз ойлау процестерін ерікті ойлаудан ажырату қажет: мысалы, түс көрудегі бейнелердің тура трасформациялары және ойлауға бірілген тапсырмаларды мақсатқа бағытталған тұрғыда шешу. Ойлаудың түрлерінің келтірілген тізімі толық емес. Олардың арасында күрделі қатынастар бар. Сонымен, мысалы, З.И. Калмыкова продуктивті ойлаудың сөздік–логикалық және интутивті–практикалық көмпоненттерін бөледі.

Ойлаудың әр түрлі түрлерінің арасындағы сәйкестік тұтасымен әлі анықталмаған. Ең соңында ойлаудың әр түрлі түрлерінің айрықша ерекшеліктерінің әр түрлі адамдарда олар шешуге тиіс міндеттер шаттастырылған; олар іс-әрекеттің сипатына тәуелді құрылатын индивидуалды ерекшеліктерімен байланысты болады.

Бірақ бастысы айқын: “ойлау” ұғымымен психологияда сапалық әртекті процестер белгіленеді.

39. Ойлау формалары мен операциялары Ойлау формасы[өңдеу]

Ойлау формасы болып табылатын ұғымдар, категориялар, идеялар мен теориялар танымның субъектісі мен объектісінің арасын байланыстырып тұрған қоғамдық тәжірибенің негізінде, қоғамдық-тарихи процесте қалыптасып дамиды және заттар мен нәрселердің сезімдік таным формаларында (түйсік, қабылдау, елес) берілмейтін мәнді байланыстары мен қатынастарын өрнектейді. Осының арқасында адам дүниенің заңдары мен заңдылықтарын танып білуге мүмкіндік алады, алды-артын болжап, болашағын айқындап, алдына саналы мақсаттар қойып, соларға жету жолдарын саралайды, табиғатты өзгертеді және өзі де өзгереді. Адам өмірінде, тәжірибелік және танымдық қызметінде шешуді қажет ететін мәселелер туындап, соларды қою және шешу барысында oйлау қабілеті де түрленіп, шығармашылықпен дамып отырады.

40.Ойлаудың әрекет теориялары\А.Н леонтьев,П.Я.Гальперин,В.В Давыдов,О.К Тихомиров\ Ойлау тарихы адамның пайда болып, дамуының тарихымен байланысты. Ойлау – қоғамдық-тарихи қалыптасқан адам миы қызметінің жемісі. Ойлау мен тіл өзара терең байланыста, тіл – адам ойлауының құралы. Адам ойы сөз арқылы өрнектеледі, сөздің ар жағында ой жатады. Сөз бен ойды теңестіруге болмайды, алайда сөзсіз ойлау іске аспайды, ой айтылмай, үнсіз тұншығады. Ойды үнсіз іштегі сөз деп, тілді дыбысталған ой деуге болады. Ойлау тек табиғи тіл арқылы ғана емес, жасанды тілдер (мысалы, абстрактылы математика тілі немесе нақтылы-бейнелі “өнер тілі”) арқылы да іске асады. Ойлау күрделі тарихи-әлеуметтік құбылыс болғандықтан, оны зерттеумен көптеген ғылымдар – психология, логика, таным теориясы, лингвистика, кибернетика, физиология, т.б. шұғылданады. Философияда ойлау белсенділігі, логикасы туралы мәселелер қарастырылып, оның ақиқаттылығының өлшемі зерттеледі. Бұл мәселелер философия тарихында әр түрлі тұрғыда (материалистік және идеалистік, рационалистік және эмпирикалық, априорлық және апостериорлық, диалекттік және метафизикалық, т.б.) зерделеніп, ойлау жөнінде әр түрлі ілімдер орын алған. Ойлау тек адамға ғана тән қабілет ретінде оның шынайы адами болмысының қайнар көзі әрі басты құралының бірі, адам еркіндігінің мүмкіндігі мен шындығының кепілі болып табылады.[1][2][3]

Педагогикада[өңдеу]

Педагогикалық ойлау - кез келген педагогикалық құбылысты тікелей немесе жанама түрде белгілі бір көзқараспен ой елегінен өткізу бойынша жасалатын әрекет. Оның мәні - білімнің мазмұны, мұғалімнің және оқушының қызметі сияқты үш бөлшектің сәйкестігінде.

41.Қиял туралы ұғым.Қиялдың әлуметтік табиғаты Қиял дегеніміз — сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: «...барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатынсөзімдік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби). Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бүрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға туседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өндеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады.
Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға болады:

1) әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиетгеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бүл арада суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан тапсыратын студенттің машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген инженердің қиялын салыстырып көруге болады;
2) қиялдың мазмүны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де, білім тәжірибесіне де байланысты. Мәселен, көргені де, түйгені де көп, өмір тәжірибесі мол, әр тарапты білімі бар ересек адамның қиялы мен енді ғана өмірге аяқ басайын деп түрған жеткіншектің қиялын бір өлшемге салуға болмайды;
3) қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады. «Жаратылыстың қүшағында,—деп жазады М. Жүмабаев, — меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада түрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті».
4) қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс. Мәселен, алға қойған мақсатты жоспарлап, жүзеге асырудың жолдарын іздестіру қиялсыз мүмкін емес. Бұл - қиялдың ерікпен байланысына жақсы мысал. Қиялдың ойлау процесінде алатын орны ерекше. Өйткені ойлау белсенділігі адамды шығармашылық әрекетке жетелейді. Ал ондай әрекет қиялдың өте күшті дамуын қажет етеді. Ойлау мен қиял бір-бірімен тығыз байланысты. Жан қуаттарының осы екеуі де мәселені шешуге, сұраққа жауап беруге қатысады. Бірақ қиялда мәселені шешудің өзіндік ерекшелігі болады. Қиял — мәселені суреттеу, жанды көрініс арқылы шешсе, ойлау оны тірі суретсіз жалпылай, ұғым, пікір, тұжырым түрінде шешеді;
5) адам қиялы еңбек процесінде, іс-әрекет үстінде жарыққа шығып, дамып отырады. Мұндағы негізгі шарт: саналы мақсаттың болуы, болашақты болжай алу, істейтін еңбектің нәтижесін күні бүрын көре білу, яғни оны өңдеп, өзгертіп, елестете алу — адам қиялына тән негізгі белгілер. Қиялда адамның дүние жөніндегі әр түрлі таным-түсінігі әртүрлі формада қиюласып, жаңа сапаға ие болады. Қиял бейнелері адам қажеттігінен тәуелді бола түрып, оны белсенді кызметке итермелейді,творчестволық ісіне күш-жігер қосады. Қиял тек теориялық және практикалық қызметте ғана емес ол адамның бүткіл рухани өмір жүйесінде елеулі орын алады. Кісінің өмір жолы, жеке басының ойдағыдай дамуы, даралық қасиеттері, іс-әрекетінің қүрылымы, өмір салтының қалыптасуы мүнсыз мүмкін емес. Адам санасының жануар психикасынан басты айырмашылығы адамда ойлаумен қатар қиял әрекетінің олғандығында.
Айдаһардың бейнесін Италияның атақты суретшісі Леонардо да Винчи қиял арқылы былайша суреттейді: «Көкжал аңшы иттің не жай иттің басын аламы, оған басқа мысықтың көзін саламыз, құлағы үкінікі болады, мұрыны тазынікі секілді, қасы арыстандікі, самайы — әтештікі, мойны суда жүзетін тасбақанікі сияқты». Осы бейненің өзі шындықта бар нәрселерді топтастыру арқылы туып отыр. Бірақ осы топтастыру нәтижесінде келіп шыққан тұтас образдың өзін көре білу үшін адамға ең күшті, өрен жүйрік қиял қажет.
Қиял процесінің адам әрекетінің қандай саласында болмасын зор маңызы бар. Қиялдың өзі осы әрекет арқылы өзгеріп, дамып отырады.
Тіпті бала қиялындағы фантастикалық образдардың өзі де оның танымын кеңейтетіндігі, қоғамдық тәжірибені меңгеруге жағдай жасайтыны, мұның өзі баланың психологиясына қатты әсер ететіні байқалады. А. П. Чехов «Үйде» деген әңгімесінде осы жайлы өте жақсы көрсеткен. Шылым шегіп әдеттенген жеті жасар балаға ешбір сөз әсер етпей қойған. Бірде әкесі оның қиялына әсер етуді ойлайды. Ол баласына мынадай әңгіме айтады: «Кәрі патшаның патшалыққа мұрагер болатын жалғыз ғана ұлы болыпты,— өзі дәл сен сияқты кішкентай бала екен. Өзі жақсы бала екен. Еш уақытта өкпелемейді, ерте жатады, столдағы нәрселерге тимейді екен... өзі ақылды болыпты... Оның бір ғана кемшілігі — шылым тартады екен... Патшаның баласы шылымнан көкірек ауру болып жиырма жасында өліпті. Қаусаған ауру шал ешбір қолғанатсыз қалыпты. Мемлекетті басқарып, сарайды қорғайтын ешкім болмапты. Жау келіп, шалды өлтіріп, сарайды қиратып тастапты, сонымен, енді бақша да, шие де, құстар да, қоқыраулар да қалмаған...». Эмоциялы әсерге толы осы әрекеттің оған күшті әсер еткендігі сонша, бала «қараңғы терезеге ойланып сәл қарап отырып, селк етті де, мұңайған дауыспен: — Мен енді шылым тартпаймын...— деді»...
Қиялдың адам қажетіне асуы, оның шындықпен байланысты болып келуі адамға ерекше қанат бітіріп, оның ілгері өрлеуіне себепші болады. Халық «Қыран жетпеген жерге қиял жетеді» деп өте тауып айтқан. Бір кезде талантты орыс ғалымы Қ. Э. Циолковский (1857-1935) космосқа ұшуды армандап еді. Космос кораблімен аспан әлеміне тұңғыш жол салған Ю. Гагарин мен қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің және басқаларының ерліктері осындай шындықпен тығыз байланысты қиялдың іске асуы болып табылады.

42.Қиял түрлері және қасиеттері Қиял актив, пассив болып екіге бөлінеді. Қиялдық б


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: