Сынапты термометр

Біз дәстүрлі сынапты қызуөлшегішті әлі де ұзақ уақыт қолданамыз. Электрондық термометрлердің пайда болғанына қарамастан, көбісі бұрынғысынша тек сынапты қызу өлшегішке сенеді (сурет 43).

 
 
www.baby.ru


Сурет 43.

Сынапты термометр

Сынапты термометр капиллярдан тұратын шыны колба, оның ішінде сынап болады. Оның әсері температура өзгергенде сынаптың кеңею қабілетіне байланысты негізделген. Сынап бағанасы ысыған кезде жоғары нүктеге көтеріледі де, суығанда қайта түспейді. Қайтадан бастапқы қалыпқа түсіру үшін, қызуөлшегішті сілкілеуіміз қажет.

Артықшылығы:

· Температураны өлшеудің жоғары дәлдігі (кемшілік жіберуі 0,1°)

· Температураны өлшеу әдістерінің алуан-түрлілігі (қолтық асты, ауыз арқылы, ректалды).

· Ұзақ уақыт қолданады (егер қызуөлшегішті түсіріп алмай және онымен абайлап жұмыс істесе, сынапты термометр сына қоймайды). Сонымен қатар кезеңді түрде батарейкасын ауыстыруды қажет етпейді.

· Дезинфекция жасауға еш кедергі жоқ (бірақ қайнатуға болмайды).

· Қызуөлшегіштің арзан бағада болуы.

Жетімсіздігі:

· Қызу өлшегіштің корпус құрылымы өте нәзік және осал болғандықтан, тез сынып қалады және улы сынаппен ластануы және шыны сынықтары шашылуына әкеледі.

· Температураны өлшеу уақыт ұзақтығы —10 минуттай.

· Термометрдің сүйір пішінде болуы, ректалды өлшегенде «жоғалтып алу» қаупін жоғарылатады.

· Кішкентай балаларға ауыз арқылы қолданбағаны дұрыс.

Сандық немесе электронды термометр

Электронды термометр - қалам түріндегі пішінде, арнайы кіріктірмелі сезімтал тетігі бар, өлшеу нәтижесі сан түрінде шыны құрылғысынан көрінетін пластикалық қондырғы. Олар қосымша қызметтерімен ерекшелінеді: соңғы өлшеген нәтижені есінде сақтау, өлшеу уақыты және нәтижесі туралы дыбыстық сигнал беру, гигиеналық қолдану үшін ауыстыратын ұштықтарының болуы, корпусы су өткізбейді және т.б. Электронды термометрлермен ауыз арқылы, тік ішекте және қолтық астында температураны өлшейді (сурет 44).

 
 
irecommend.ru



Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: