double arrow

БИЛЕТ №17

1. Қаржылық бақылау - каржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айрыкшалык кызмет жэне каржыны баскарудың функциялык элементтерінің бірі. Ол баскарудың қаржылық жоспарлау, қаржыны оперативті басқару сияқты басқа элементтерімен тығыз байланысты жэне бір мезгілде жүзеге асырылады.

Қаржылық бақылаудың болуы экономикалық категория ретіндегі каржыға бақылау функциясының тэн болуымен объективті түрде шарттасылған. Бұл функ- ция арқылы каржы бөлудің калыптасып отырған үйлесімдері, қорлардың ара салмағы, оларды қалыптастырудың көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп оты- рады. Қаржының бақылау функциясы материалдык игіліктерді өндіру, айырбас- тау, бөлу және тұтыну үдерісіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан ықпал жасауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық катынастарда ғана адамдардың катысуымен, мынадай белгілі бір шарттардың кезінде: бақылаудың айрықша органдарын күсрғанда; оларды білікті мамандармен толыктырғанда; бұл органдардың құқыктарын регламенттегенде шындыққа айналады.

Сөйтіп, бақылау функциясы қаржыны бакылаудың кұралы ретінде пайда- лану үшін объективті жағдай жасайды, ал оны саналы түрде колдану коғамдық өндірісте қаржының іс-әрекет ету барысында жүзеге асырылады. Егер қаржы экономикалық базистің қатынастарын, яғни өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдірсе, каржыны басқарү элементтерінің (жоспарлау, есеп жэне талдаумен катар) бірі ретіндегі каржылық бакылау кондырмалық категория болып табыла- ды. Практикада каржының бақылау функциясы қаржылык бақылау нысанында жүзеге асырылады, бірақ бұл ұғымдарды бірдей деуге болмайды. Бацылау функ- циясы - каржының ішкі касиеті, ал қаржылық бақылау каржыға тэн объективті мазмұн ретіндегі бакылау функциясын практикалық қолдану болып табылады. Қаржылык бакылау жеке емес, баска функциялармен етене байланысты іс-әрекет етеді.

Қаржылық бақылаудың өзіндік өзгешелігі - оның ақшалай нысанда жүзеге асырылатындығында. Оның объекті қаржылық ресурстарды, соның ішінде ұлтт>Л{Лхіаруашылыктың барлық деңгейлері мен буындарында табыстар мен қорланымдарды калыптастыру үдерістері, акшалай қорларды жасау жэне пайда- лану болып табылады. Қаржылық бакылаудың алдында тұрған міндеттерге мыналар жатады: шаруашылық жүргізуші субъектілердің карамағындағы акшалай ресурстар- ды (бюджеттік жэне меншікті каражаттарды, банк кредиттерін, бюджеттен тыс каражаттарды) пайдаланудың дұрыстығын тексеру; мемлекет, ұйымдар жэне халық алдында қаржылық міндеттіліктердің орын- далуын тексеру; каржылық ресурстарды өсірудің, соның ішінде өзіндік кұнды төмендету жэне өнім, қызметтер рентабелділігін арттыру жөнінде ішкі өндірістік резевтерді аныктау; кәсіпорындарда, ұйымдарда және мемлекеттік мекемелерде қаржылық опера- цияларды, есеп айырысуларды жасаудың және ақшалай каражаттарды сақтау ере- желерін сақтауды материалдық құндылықтар мен ақшалай ресурстарды ұтымды жұмсауды тексеру; қаржылық тәртіпті бұзуларды жою жэне ескерту. Оларды айқындап біл- ген жағдайда ұйымдарға, лауазымды адамдарға жэне азаматтарға белгіленген тәртіппен ықпал ету шаралары қолданылады, мемлекетке және ұйымдарға залал- ды өтеу қамтамасыз етіледі. 2.Заңдык мағынасында отбасы дегеніміз — бұл некеден туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзгеде нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүлікке катысты емес жекебастың құқықтарымен байланыскан адамдар тобы. Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады. Отбасы-неке қатынасын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңы болып табылады. Отбасылық құқық тек шартты түрде ғана отбасылық деп атауға болатын өзге де қатынастарды реттейді. Мәселен, немерелері мен әжелерінің арасындығы қатынастар; өздерінің отбасын құрып, бөлек тұратын кемелетке толған ағалары мен қарындастарының арасындағы қатынастар. Бұл көрсетілген қатынастардың негізіне көбінесе туыстық жатады, сондыктан да мұндай қатынастарды туыстық қатынастар деп атау керек. Туыстық дегенде бір негізден немесе ортақ бір атадан тарайтынқандас адамдардың байланысы түсініледі. Туыстықтың екі тармағы болады: тікелей және жанама туыстық. Тікелей туыстық адамдардың бір негізден тарайтындығына негізделеді. Туыстық жоғары және төменгі тармаққа ажыратылады. Туыстықтың жоғары тармағы ұрпақтан арғы атаға қарай тарайды (әкеге, шешеге, атаға, атаның атасына және т.б.), төменгі тармак — арғы атадан ұрпақтарына карай тарайды (балаға, немереге, шөбереге және т.б.).

3.Қазақстан Республикасының Үкіметі атқарушы биліктің жоғары органы болып табылады. Үкімет атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың іс-әрекетіне басшылық етеді. Үкімет бүкіл елде мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады. Үкімет мүшелері республика халқына және Президентке ант береді. Үкімет Президент өкілеттігі мерзімінің негізінде әрекет етеді және жаңадан сайланған Президент алдында өз өкілеттігін доғарады. Үкімет мүшелерінің өкілетті органдарда (мысалы: Парламент,мәслихат) депутат болуға, өзге де ақы төленетін жұмысты атқаруға (оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда), кәсіпкерлікпен шұғылдануға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе бақылаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы жок. Үкіметке кең ауқымды өкілеттіктер берілген. Бұл өкілеттіктердің бәрі — Конституцияда және "ҚР Үкіметі туралы" Конституциялық заңда көрсетілген.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



Сейчас читают про: