Каспий мемлекеттік

ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

БЕКІТЕМІН
Оқу ісі жөніндегі проректор
__________М.Б. Имандосова
____________
 

«Экономика және құқық» факультеті

«Экономика» кафедрасы

5В050600 «Экономика»

мамандығының

«Шаруашылық қызметті экономикалық талдау»

пәні бойынша

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР ӨТКІЗУГЕ АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ

АҚТАУ 2014

ӘОЖ 330.1 (076.5)

«Шаруашылық қызметті экономикалық талдау» пәні бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулық

Университеттіңоқу-әдістемелік кеңесі бекіткен («___»_____2014 №___ хаттама);

Факультеттің оқу-әдістемелік бюросы ұсынған (14.02.2014 №3хаттама);

Бюро төрағасы       Джолдасбаева Г.У.
    (қолтаңбасы)   (аты-жөні, тегі)

Кафедра отырысында мақұлданған (25.12.2013 № 4 хаттама);

Кафедра меңгерушісі       Даубаев Қ.Ж.
    (қолтаңбасы)   (аты-жөні, тегі)

Құрастырған:

Доцент, э.ғ.к.       Көшімова М.Ә.
(лауазымы)   (қолтаңбасы)   (аты-жөні, тегі)

Пікір беруші:

Доцент, э.ғ.к.       Кизимбаева А.Б.
(лауазымы)   (қолтаңбасы)   (аты-жөні, тегі)

Аңдатпа

«Шаруашылық қызметті экономикалық талдау» пәнінен тәжірибелік сабақтарды оқыту бойынша әдіcтeмeлік нұcқaулық студенттерге осы пәннің оқу әдістемесін өз бетімен меңгеруге бағыт береді. Әдістемелік нұсқаулықта тәжірибeлік сабақтың жоспары, өзін-өзі бақылау сұрақтары, эссе мен реферат тақырыптары, есептерді шығару бойынша нұсқаулар және өз бетімен шығаруға арналған есептер, қолданылатын әдебиеттер қaрacтырылғaн.

АЛҒЫ СӨЗ

Бүгінде шаруашылық субъектілері қызметінің жетістіктері басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің объективтілігіне, нақтылығы мен шұғылдығына, ғылыми негізделуіне тікелей байланысты. Кәсіпорында материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының тиімді пайдаланылуына жасалатын тиянақты талдау оның экономикалық дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.

«Шаруашылық қызметті экономикалық талдау»оқу құралы студенттер мен мамандардың практика жүзінде қолданылатын шаруашылық қызметті талдаудың әдіснамалық негіздері мен тәжірибелік дағдыларын меңгеруі жолымен олардың аналитикалық және шығармашылық ой-танымын қалыптастыруға толықтай мүмкіндік береді.

Аталған нұсқаулықта әрбір тақырып бойынша тәжірибелік сабақтың жоспары, материалды ойдағыдай меңгеру және өзін-өзі тексеру мақсатымен бақылау сұрақтары, эссе мен реферат тақырыптары, есептерді шығару бойынша нұсқаулар және өз бетімен шығаруға арналған есептер берілді. Бұл әдістемелік материалдар студенттер білімдерін тереңдетіп, олардың кәсіпорынның шаруашылық қызметін өз бетімен талдау дағдысына ие болу мүмкіндіктерін арттыра түседі.

Әдістемелік нұсқаулық «Экономика» мамандығында оқитын студенттер үшін жұмыс оқу бағдарламасына сәйкестендіріліп дайындалды.

КУРСТЫ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Әдістеме - нақты бір міндетті шешуге арналған әрекетті практикалық не теориялық тұрғыдан игерудің біршама біркелкі тәсілдерінің, операцияларының жиынтығы.

Практикалық сабақтарды өткізу әдістемесі.

Практикалық сабақты өткізу келесі түрде болуы мүмкін. Студенттердің алдын – ала дайындаған дәрісті немесе алдыңғы өткен сабақты қайталауға және студенттердің білімін, біліктілігін, дағдысын бақылауға бақытталған тапсырмаларды орындауға береді. Сабақтың барысында тапсырманы орындау бойынша ауызша түсіндіру жүргізіледі, интерактивтік тақтаны пайдалану арқылы теориялық материал қайталанады. Қажетті жағдайда, студент тақта арқылы мысал есепті шығаруды, графиктерді құруды, құрал саймандарды қолдануды көрсетіп түсіндіреді. Студентті тақтаға шығарып, оған жеке тапсырма береді, оған қалғандардың көңіл бөлу үшін бағыт береді және бақылап отырады. Мұғалім алдыңғы сабақта өтілген материалды ашып, өткен сабақты қайталай алады. Мұндай әдістеме сабақты екпінді түрде өткізуге мүмкіндік береді.

Семинарды өткізу бағдарламалық-техникалық кешенді қолданып келесі түрде жеткізуге болады.Семинар сабағы белгілі бір тақырып бойынша әңгімелесу немесе дискуссия формасында өткізіледі. Оқытушы алдын ала тақырыпты және қарастырылатын сұрақтар бойынша презентациялық материалдар дайындайды. Слайдтарға талқылау қажет етілетін негізгі сұрақтарды және сабақта белсенділікпен қызығушылықты тудыратын семинар тақырыбын түгелдей ашуға қажет ақпараттық объектерді кірістіреді. Оқытушы сабақ барысын интерактивтік тақта арқылы басқарып отырады. Сонымен қатар семинар сұрақтарын ұжымдық топтың әңгімелесу, талқылау түрінде ұйымдастыруға болады. Кейбір сұрақтарды толық игеру үшін студенттер графикалық ақпаратты қолданады. Сонымен, интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын ала дайындалған оқу материалдары – презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпарат объектер-сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Сонымен, «Активті экран» кешенін қолдану арқылы оқыту үрдісінде жаңа дидактикалық мүмкіншіліктерді ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар тәжірибе сабақтарының тақырыптары келесідей формаларда қабылданалды:

Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар, тәртіп бойынша, ерекше құрылымға ие, сондықтан жауаптар жиналған материалды талдау негізінде ғана берілуі керек.

Эссе – бұл сын мен публицистиканың түрлі жанрларында өзекті әлеуметтік – экономикалық мәселелерге деген өз ойларын білдіру, баяндау.

Дәріс конспектілеріне талдау жасау, өткен материалды қайталау бағдарламалық материалды игеруге, теориялық білімдерді нығайтуға мүмкіндік береді.

Есептер мен сандық тапсырмаларды шығару. Оларды орындаудың мақсаты тәжірибелік сұрақтарды шешуде теориялық білімдерді пайдалану дағдысы мен ептілігіне ие болу болып табылады.

Глоссарий – қазақ және орыс тілдерінде, мүмкін болса шет тілдеріне аудару арқылы терминдер мен түсініктердің қысқаша түсіндірмесі; ол берілген тақырып бойынша орындалады. Глоссарийді құру макроэкономиканың түсініктілік аппараты білімінің қалыптасуына және оны пайдалану дағдыларының өңделуіне ықпал етеді.

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

1-тақырып. Экономикалық талдаудың теориялық негіздері

Тәжірибелік сабақтың жоспары:

1. Экономикалық талдау: түсінігі мен қалыптасуы

2. Шаруашылық қызметті экономикалық талдау пәні; мәні, мақсаты мен міндеттері

3. Шаруашылық қызметті экономикалық талдау пәнінің атқаратын қызметтері және қағидалары

4. Экономикалық талдаудың негізгі түрлері

5. Шаруашылық қызметті талдаудың көрсеткіштері

6. Шаруашылық қызметті талдаудың ақпараттық көздері

7. Экономикалық талдау кезеңдері

Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Экономикалық талдау пәні мен объектілері болып не табылады?

2. Экономикалық талдаудың көмегімен қандай міндеттер шешіледі?

3. Экономикалық талдаудың түрлері мен оларды қолданудың ерекшеліктерін атаңыз.

4. Экономикалық талдау көрсеткіштері қандай белгілер бойынша жіктеледі? Сандық және сапалық көрсеткіштердің айырмашылығын анықтаңыз.

5. Салыстырмалы көрсеткіштерді пайдалануға қажеттілік қай кезде туындайды?

6. Шаруашылық қызметті талдауда қандай ақпарат көздері пайдаланылады?

7. Әдетте талдау жұмыстары қандай кезеңдерден тұрады?

Эссе мен реферат тақырыптары:

1. Экономикалық талдау – кәсіпорын қызметін тиімді басқарудың маңызды қызметі ретінде.

2. Бухгалтерлік баланс – экономикалық талдаудың басты ақпарат көзі ретінде

Есепті шығару бойынша әдістемелік нұсқау.

1. Кестеде берілген мәліметтерді пайдаланып, кестенің бос көздерін толтырыңыз:

Жыл Жұмысшылар саны, адам Өсу, адам Өсу қарқыны, % Өсім қарқыны, %
базистік тізбекті базистік тізбекті базистік тізбекті
    - -        
               
               
               

Шығарылуы: Өсу мен өсім коэффициенттерінің төмендегі формулаларын пайдаланып, кестенің бос көздерін толтырамыз:

және

Жыл Жұмыс-шылар саны, адам Өсу, адам Өсу қарқыны, % Өсім қарқыны, %
базистік тізбекті базистік тізбекті базистік тізбекті
    - -       0,00
        (61/54)*100= 112,96 (61/54)*100= 112,96 (61-54)/54) *100=12,96 (61-54)/54) *100 =12,96
        (67/54)*100= 124,07 (67/61)*100= 109,84 (67-61)/54) *100=24,07 (67-61)/61) *100 =9,84
      -8 (59/54)*100= 109,26 (59/67)*100= 88,06 (59-67)/54) *100=9,26 (59-67)/67) *100= -11,94

Өз бетімен шығаруға арналған есеп:

1. Кестеде берілген өндіру мен өткізу көлемі көрсеткіштерінің мәнін пайдаланып, олардың салыстырмалы ауытқу мәндерін табыңыз (кестенің бос көздерін толтырыңыз):

  Өндіріс көлемі, млн теңге Өсу қарқыны, % Сату көлемі, млн теңге Өсу қарқыны, %
базистік тізбекті базистік тізбекті
    100,0 100,0 49,5 100,0 100,0
  52,4     52,6    
  55,8     54,3    
  54,1     53,5    

2-тақырып. Қызметті экономикалық талдау әдістерінің жіктелуі

Тәжірибелік сабақтың жоспары:

1. Шаруашылық қызметті талдау әдістерінің жіктелуі

2. Шаруашылық қызмет нәтижелерін талдаудың дәстүрлі әдістері

2.1. Салыстыру әдісі

2.2. Экономикалық ақпараттарды өңдеуде абсолютті, салыстырмалы және орташа шамаларды пайдалану

2.3. Талдау ақпараттарын топтау әдісі

2.4. Графикалық әдіс

2.5. Баланстық әдіс

Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Басқарудың қандай міндеттері экономикалық талдаудың көмегімен шешіледі?

2. Экономикалық талдаудың дәстүрлі әдістерін атап беріңіз.

3. Экономикалық талдауда салыстыру әдісінің рөлі қандай?

4. Экономикалық талдаудың ақпараттарды топтау әдісіне мысалы келтіріңіз.

5. Экономикалық ақпараттарды өңдеуде абсолютті, салыстырмалы және орташа шамаларды пайдаланудың қажеттілігі неде?

6. Экономикалық талдау графикалық әдісі қалай жүргізіледі?

7. Талдаудың баланстық әдісі деп қандай әдісті айтамыз.

Эссе мен реферат тақырыптары:

1. Салыстыру әдісі – талдаудың негізгі дәстүрлі әдісі

2. Топтастыру әдісінің артықышылықтары мен кемішіліктері

Есепті шығару бойынша әдістемелік нұсқау.

1) Кестеде берілген мәліметтерді пайдаланып, А және В бұйымдарын өндіру жоспарының орындалуын, яғни жоспарлы және көрсеткіштерін салыстырыңыз.

Тауардың түрі Өндіріс көлемі, дана Абсолютті ауытқу, дана Өсу қарқыны, %
жоспар нақты
А        
В        

Шығарылуы:

Абсолютті ауытқуды анықтау үшін жоспарлы және нақты көрсеткіштер мәнінің айырмасын анықтаймыз. Ал өсу қарқынын төмендегі формуламен анықтаймыз:

.

Тауардың түрі Өндіріс көлемі, дана Абсолютті ауытқу, дана Өсу қарқыны, %
жоспар нақты
А     27 (300-327) 109
В     -25 (225-250) 90

Демек А тауарын өндіру жоспары 9 пайызға артық өндірілсе, ал В тауарын өндіру жоспары 10 пайызға орындалмаған.

Өз бетімен шығаруға арналған есептер:

1. Кестеде берілген кәсіпорынның шығыны мен табысы, пайдасы туралы мәліметтерді пайдаланып, кестенің бос көздерін толтырыңыз:

Көрсеткіштер Базистік жыл Есептік жыл Абсолютті ауытқу, дана Салыстырмалы ауытқу,%
Өнімді өткізуден түсім        
Өткізілген өнімнің өзіндік құны 5,9 6,5    
Коммерциялық шығындар 0,5 0,2    
Басқару шығындары 0,2 0,1    
Төлемге пайыз 0,3 0,2    
Басқа да өткізуден тыс табыстар 0,9 0,6    
Басқа да өткізуден тыс шығындар 0,3 0,2    
Есептік кезеңдегі (шығын) пайда        

2. Кестеде берілген еңбек өнімділігінің көрсеткіштерін пайдаланып, кестенің бос көздерін толтырыңыз:

Көрсеткіштер Базистік жыл Есептік жыл Абсолютті ауытқу, дана Салыстырмалы ауытқу,%
Еңбек өнімділігі        
Еңбек өнімділігінің күндері        
Бір жылға шығарылған өнім        
Өтелген жұмыс саны 1,5      
Бір ауысым ұзақтығы        
Жұмысшылардың орташа тізімдік саны        

Өз бетіңізбен түйіндер жасаңыз.

3-тақырып. Факторлық талдау.

Тәжірибелік сабақтың жоспары:

1. Экономикалық ақпараттарды факторлық талдау әдістерінің түрлері

2. Детерминирленген факторлық талдау әдістері

2.1. Тізбектеп алмастыру әдісі

2.2. Абсолютті және салыстырмалы айырмалар әдісі

2.3. Индекстік әдіс

2.4. Интегралды әдіс

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдауда факторлық талдаудың алатын орны мен рөлі қандай?

2. Детерминирленген факторлық үлгілердің түрлерін атаңыз.

3. Детерминирленген факторлық үлгілерді құру тәсілдерін түсіндіріңіз.

4. Элиминирлеу дегеніміз не?

5. Тізбектеп алмастыру әдісін қолдану алгоритмін түсіндіріңіз.

6. Абсолютті және салыстырмалы айырмалар әдісін қолдану алгоритмін сипаттаңыз.

7. Факторлық талдаудың индекстік әдісінің мәні неде?

Эссе мен реферат тақырыптары:

1. Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдауда факторлық талдаудың алатын орны

2. Тізбектеп алмастыру әдісінің ерекшеліктері

3. Абсолютті және салыстырмалы айырмалар әдісін қолдану алгоритмі

Есепті шығару бойынша әдістемелік нұсқау.

1. Төмендегі кестеде келтірілген мәліметтерді пайдаланып, өнім өндіру көлеміне жұмысшылар саны мен бір жұмысшының өндіру көлемінің әсерін тізбектеп алмастыру, абсолютті және салыстырмалы айырмалар әдісін қолданып талдаймыз.

Факторлық талдау үшін бастапқы мәліметтер

Көрсеткіштер Шартты белгілері Жоспарлы мәні Нақты мәні Өзгеріс (+,-)
Абсолютті Салыстырмалы, (%)
Тауар өндірісінің көлемі, мың теңге V     +480 16,40
Жұмысшылар саны, адам R     +5 25,00
Бір жұмысшының өндіру көлемі, мың теңге W     -10 -6,85

Шығарылуы:

1) Тізбектеп алмастыру әдісі бойынша:

Тауар өндірісі көлемінің берілген факторларға тәуелділігін мультипликативті үлгінің көмегімен көрсетуге болады.

бұдан: мың теңге.

Сонда жұмысшылар санының өзгерісінің жиынтық көрсеткішке әсерін мына формуламен есептеуге болады:

мың теңге,

мың теңге.

Енді жұмысшылардың өнім өндіру көлемі өзгерісінің жиынтық көрсеткішке әсерін анықтаймыз:

мың теңге.

мың теңге.

Сонда тауар өндірісі көлемінің өзгерісіне жұмысшылар санының 5 адамға артуы оң әсер етіп, яғни өндіріс көлемін 730 мың теңгеге өсірді. Бір жұмысшының өндіру көлемінің 10 мың теңгеге азаюы өндіріс көлемін 250 мың теңгеге қысқартып, оның көлеміне теріс әсер етіп отыр.

2) Абсолютті айырмалар әдісі бойынша:

Жоғарыда кестеде берілген мәліметтерді пайдаланып, абсолютті айырмалар әдісін қолданып, өндіріс көлеміне жұмысшылар саны мен бір жұмысшының өндіру көлемінің әсерін анықтаймыз.

бұдан:

Жұмысшылар санының өзгерісінің жиынтық көрсеткішке әсерін анықтаймыз:

мың теңге.

Енді жұмысшылардың өнім өндіру көлемі өзгерісінің жиынтық көрсеткішке әсерін анықтаймыз:

мың теңге.

Сонда абсолютті айырмалар әдісі бойынша есептеулер мәні тізбектеп алмастыру әдісі мәніне тең.

3) Салыстырмалы айырмалар әдісі бойынша өндіріс көлеміне жұмысшылар саны мен бір жұмысшының өндіру көлемінің әсерін анықтаймыз.

Факторлардың салыстырмалы ауытқуларына мыналарға тең:

Енді өндіріс көлеміне әрбір фактордың әсерін анықтаймыз:

мың теңге.

мың теңге.

Сонымен салыстырмалы айырмалар әдісі бойынша да алынған есептеулер нәтижесі жоғарыда келтірілген екі әдіспен шығарылған көрсеткіштер мәндеріне тең.

Өз бетімен шығаруға арналған есептер:

1. Өнімді өткізу мен еңбек өнімділігі жоспарының орындалуын талдау қажет. Абсолютті айырмалар әдісін қолданып, өткізу көлеміне әсер ететін факторлардың әсерін есептеңіз: Бастапқы мәліметтер:
Көрсеткіштер Жоспар Нақты Өзгеріс (+,-)
Абсолютті Салыст. (%)
Өнімді өткізу көлемі, мың теңге        
Бір жұмысшының бір күндегі орташа өндіру көлемі, теңге   46,8    
Бір жұмысшының орташа жылдық өндіру көлемі, теңге        
Жұмысшылар саны, адам        

Өз бетіңізбен түйіндер жасаңыз.

2. Келтірілген мәліметтер негізінде пайданың факторлы үлгісін құру және оның сомасының өзгерісіне әсер ететін факторларды тізбекті әдіспен есептеңіз.

Бастапқы мәліметтер:

Көрсеткіштер Өткен кезең Есептік кезең Өзгеріс (+,-)
Абсолютті Салыст. (%)
Өткізілген өнім көлемі, дана.        
Өткізу баға ы, мың. тг.        
Бұйымның өзіндік құны, мың. тг. 3,5 4,2    
Пайда, мың. тг.        

Өз бетіңізбен түйіндер жасаңыз.

4 - тақырып. Өнім өндіру мен өткізу көлемін талдау.

Тәжірибелік сабақтың жоспары:

1. Өнім өндіру мен өткізу көлемін талдаудың қажеттілігі, міндеттері және ақпарат көздері

2. Өнімді өндіру мен өткізу жоспарының орындалуын талдау

3. Өнімнің ассортименті мен құрылымын талдау

4. Кәсіпорын жұмысының бірқалыптылығын талдау

5. Өндірілген өнімнің сапасын талдау

6. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін талдау

Өзін - өзі бақылау сұрақтары:

1. Өнімнің ассортименті бойынша жоспардың орындалуын бағалаудың негізгі әдістерін сипаттаңыз.

2. Өндірілетін өнімнің сапасын сипаттайтын көрсеткіштерді атаңыз.

3. Өнім өндіру құрылымын талдауда қандай әдістер қолданылады?

4. Өнім ассортиментінің құрылымын талдаудағы АВС-талдау әдісін жүргізудің бірізділігін сипаттаңыз.

5. Өндірістің бірқалыптылығын талдау қандай мақсатта және қандай бірізділікпен жүргізіледі?

6. Өнімнің сапасын сипатайтын қандай көрсеткіштерді білесіз.

7. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің қандай көрсеткіштерін білесіз және оны таладудың қажеттілігі неде?

Эссе мен реферат тақырыбы:

1. Өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін талдаудың қажеттілігі

Есепті шығару бойынша әдістемелік нұсқау.

1. Кестеде берілген мәліметтерді пайдаланып, абсолютті және салыстырмалы айырмалар әдісін қолданып өнім өнідірісі жоспарының орындалуын талдау қажет:

  Өнім түрлері Өндіріс көлемі, мың теңге  
  Жоспар Нақты  
  А бұйымы      
  Ә бұйымы      
  Б бұйымы      
  Барлығы ? ?  
 

Шығарылуы:

1) Абсолютті айырмалар әдісі бойынша өндірістің жалпы көлеміне факторлардың әсерін анықтаймыз:

Өнім түрлері Өндіріс көлемі, мың теңге Абсолютті ауытқу, мың теңге
Жоспар Нақты
А бұйымы     +27 (327-300)
Ә бұйымы     -15 (235-250)
Б бұйымы     +10 (5 0-500)
Барлығы     +22 (+27-15+10)

Кестеден алынған көрсеткіштер мәнінің негізінде мынадай түйін жасаймыз:

ü өндірістің жалпы көлеміне А бұйымын өндіру көлемінің өзгерісінің әсері +27 мың теңгені құрады;

ü өндірістің жалпы көлеміне Ә бұйымын өндіру көлемінің өзгерісінің әсері -15 мың теңгені құрады;

ü өндірістің жалпы көлеміне Б бұйымын өндіру көлемінің өзгерісінің әсері +10 мың теңгені құрады;

Өндіріс көлемінің жалпы өзгерісі +22 мың теңге (+27-15+10) болды.

2) Салыстырмалы айырмалар әдісі бойынша өндірістің жалпы көлеміне факторлардың әсерін анықтаймыз:

Өнім түрлері Өндіріс көлемі, мың теңге Салыстырмалы ауытқу, мың теңге
Жоспар Нақты
А бұйымы     +9
Ә бұйымы     -6
Б бұйымы     +2
Барлығы      

Өнім өндірісінің жоспарлы көлемі мен өндіріс көлемінің өсім қарқынын есепке алғандағы,

ü өндірістің жалпы көлеміне А бұйымын өндіру көлемінің өзгерісінің әсері 300×1,09-300=+27 мың теңге;

ü өндірістің жалпы көлеміне Ә бұйымын өндіру көлемінің өзгерісінің әсері 250×(-1,06)+250=-15 мың теңге;

ü өндірістің жалпы көлеміне Б бұйымын өндіру көлемінің өзгерісінің әсері 500×1,02-500=+10 мың теңге;

Өндіріс көлемінің жалпы өзгерісі +22 мың теңге (+27-15+10).

         

Өз бетімен шығаруға арналған есеп:

1. Тізбектеп алмастыру, абсолютті және салыстырмалы айырмалар әдістерін қолданып, өндіріс бағдарламасының орындалуына факторлардың әсерін және олардың мәнін анықтаңыз:

Көрсеткіштер Базистік жыл Есептік жыл
Тауарлы өнім, мың теңге    
Жұмысшылардың орташа тізімдік саны, адам    
Еңбек өнімділігі, мың теңге/адам ? ?

5-тақырып. Кәсіпорында негізгі қорларды пайдалануды талдау

Тәжірибелік сабақтың жоспары:

1. Негізгі өндірістік қорлардың көлемін, серпінін және құрылымын талдау

2. Негізгі өндірістік қорлардың техникалық жағдайы мен қозғалысын талдау

3. Кәсіпорынның негізгі құралдарымен қамтамасыз етілуін талдау

4. Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін талдау

Өзін - өзі бақылау сұрақтары:

1. Қандай негізгі бағыттар бойынша негізгі өндірістік қорларға талдау жасалады?

2. Негізгі қорлардың қозғалысы мен техникалық жағдайын бағалау үшін қандай көрсеткіштер қолданылады?

3. Еңбектің қормен жарақтануы мен техникалық жарақтануы көрсеткіштерін есептеу не үшін қажет?

4. Өндірістік құрал-жабдықтар пайдалану деңгейіне қарай қандай түрлерге бөлінеді?

5. Құрал-жабдықтар паркін пайдалану деңгейін бағалау үшін қандай көрсеткіштер қолданылады?

6. Өндірістік қуаттылықты пайдалану деңгейін қандай коэффициенттермен бағалауға болады және оларға сипаттама беріңіз.

7. Негізгі құралдардың қор қайтарымдылығы мен қор сыйымдылығын есептеудің экономикалық мәні неде?

Эссе мен реферат тақырыбы:

1. Негізгі құралдардың қор қайтарымдылығы мен қор сыйымдылы-ғын талдаудың қажеттілігі

Есепті шығару бойынша әдістемелік нұсқау.

1. Кәсіпорынның қор қайтарымдылық көрсеткішінің өндірілген өнім көлеміне әсерін талдау қажет.

Бастапқы мәлімет:

Көрсеткіштер Жоспар Нақты Жоспардан ауытқу
1.Тауарлы өнім көлемі, мың теңге 73 288 74 763 + 1 475
2. Негізгі қорлардың орташа жылдық құны, мың теңге оның ішінде: 35 646 34 292 - 1 354
3. Белсенді бөлігінің құны 19 712 18 689 - 1 023
4. Белсенді бөлігінің үлес салмағы, % 55,3 54,5 -0,8
5. Қор қайтарымдылық, теңге 1 қатар/2 қатар 2,056 2,180 +0,124
6. Белсенді бөлігінің қор қайтарымды-лығы, % 1 қатар/3 қатар 3,71 4,0 +0,29

Шығарылуы:

Абсолютті айырмалар әдісін қолданып өнім өндіру жоспарының орындалуына факторлардың әсерін анықтаймыз: Өндірілген өнім көлемі келесі факторлардың әсерінен 1475 мың теңгеге өскен:

1. Негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құнының өзгеру әсері:

2. Қор қайтарымдылық өзгерісінің әсері:

Факторлардың жалпы әсері:

.

Кестеден негізгі құралдар құрылымының нашарлағанын, яғни қорлардың белсенді бөлігінің үлес салмағының азайғанын байқаймыз. Егер:

десек, онда: болады.

мұндағы, – негізгі қорлардың белсенді бөлігінің үлес салмағы;

– негізгі қорлардың белсенді бөлігінің қор қайтарымдылығы;

– тауарлы өнім көлемі.

Алынған мәнді жоспармен салыстырсақ, онда қор қайтарымдылық 0,124 теңгеге өскен, оған келесі факторлар әсер еткен:

1) белсенді негізгі қорлар бөлігінің үлес салмағының өзгерісінің қор қайтарымдылыққа әсері: .

2) белсенді негізгі қорлар бөлігі қор қайтарымдылығының өзгерісінің қор қайтарымдылыққа әсері:

Факторлардың жалпы әсері мынаған тең:

Жоғарыда аталған факторлардың тауарлы өнім көлеміне әсері былай анықталады:

1) белсенді негізгі қорлар бөлігінің үлес салмағының өзгерісі:

2) белсенді негізгі қорлар бөлігі қор қайтарымдылығының өзгерісі:

Факторлардың жиынтық әсері: .

Егер кәсіпорын жалға алынған негізгі құралдарды пайдаланған жағдайда, онда оларды пайдаланудың тиімділігін бағалау үшін қор қайтарымдылықтың орнына төмендегі көрсеткішті пайдалануға болады: . мұндағы, - жалға алынған құралдарды пайдалану шығындары.

2. Кестедегі мәліметтерді пайдаланып, негізгі өндірістік қорлардың қозғалысын сипаттайтын жаңару, істен шығу және өсім деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін коэффициенттерге талдау жасау қажет:

Бастапқы мәліметтер:

Негізгі қорлар құрамының элементтері Кезең басына, мың тг Түскені, мың тг Шыққаны, мың тг Кезең соңына, мың тг Жаңару коэф, % Шығу коэф, %
Ғимарат            
Құрылыстар   - -      
Машиналар мен құрал-жабдықтар            
Көлік құралдары            
Өндірістік және шаруашылық инвентарь            
Жер телімдері -   -      
Барлығы:            

Шығарылуы:

Жаңару коэффициентінің (Кжаң) формуласы:

Шығу коэффициентінің (Кшыгу) формуласы:

Жоғарыда аталған формулаларды пайдаланып, кестенің бос көздерін толтырамыз:

Негізгі қорлар құрамының элементтері Кезең басына, мың теңге Түскені, мың теңге Шыққаны, мың теңге Кезең соңына, мың теңге Жаңару коэф, % Шығу коэф, %
Ғимарат         8,11 0,03
Құрылыстар   - -   - -
Машиналар мен құрал-жабдықтар         11,03 2,70
Көлік құралдары         19,05 10,51
Өндірістік және шаруашылық инвентарь         93,05 91,86
Жер телімдері -   -   - -
Барлығы:         17,07 4,14

Кестеде алынған мәліметтерден кезең ішінде жаңару коэффициенттері неғұрлым жоғары негізгі қор элементтері – өндірістік және шаруашылық инвентарь (93,05%), көлік құралдары (19,05%), машиналар мен құрал-жабдықтар (11,03%) екенін байқаймыз.

Өз бетімен шығаруға арналған есеп:

1. Кестедегі мәліметтерді пайдаланып, негізгі құралдарды пайдаланудың негізгі және нақты көрсеткіштерін анықтап, оларды талдау қажет (кестенің бос көздерін толтырыңыз):

Көрсеткіштер Жоспар Нақты Орындалу пайызы Ауытқу, +/-
Бастапқы мәліметтер:        
1. Негізгі құралдардың орташа жылдық құны, млн. тг.        
2. Негізгі құралдардың белсенді бөлігінің орташа жылдық құны, млн. тг.        
3. Құрал-жабдықтар саны,бірлік        
- қолдағы бары        
- жұмыс жасайтыны        
4. Негізгі құралдардың жаңаруы, млн.тг        
5. Өнімді шығару көлемі, млн. тг   674,4    
         
6. Бір жылдағы жұмыс істелген күндер саны        
7. Жұмыс күнінің ұзақтығы, сағат 7,9 7,1    
8. Өнімнің өзіндік құнына кіретін амортизациялық шығындар, млн. тг        
Есептік көрсеткіштер:        
9. Негізгі құралдардың белсенді бөлігінің үлес салмағы, %        
10. Негізгі құралдардың тозу коэффициенті        
11. Негізгі құралдардың жаңару коэффициенті        
12. Барлық негізгі құралдардың қор қайтарымы        
13. Негізгі құралдардың белсенді бөлігінің қор қайтарымы        
14. Құрал-жабдықтарды пайдалану коэффициенті        
15. Құрал-жабдықтардың еңбек өнімділігі млн. тг./станок-сағат        

6-тақырып. Материалдық ресурстарды пайдалануды талдау

Тәжірибелік сабақтың жоспары:

1. Кәсіпорынның материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуін талдау

2. Кәсіпорынның материалдық ресурстарға қажеттілігін бағалау

3. Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігін талдау

4. Материалдық шығындар өзгерісінің өндіріс көлеміне әсерін талдау

Өзін - өзі бақылау сұрақтары:

1. Кәсіпорында материалдық ресурстарды пайдалануды талдаудың негізгі мақсаты мен міндеттерін атаңыз.

2. Кәсіпорынның материалдық ресурстармен қамтамасыз етілу деңгейін бағалау үшін қандай көрсеткіштер қолданылады?

3. Кәсіпорынның материалдық-техникалық жабдықталу сапасын талдау қандай бағыттарда және қандай көрсеткіштердің негізінде жүргізіледі?

4. Күнмен есептелген кәсіпорынның қорлармен қамтамасыз етілу көрсеткіші қалай анықталады?

5. Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштерін сипаттаңыз.

6. Өнімнің жалпы материал сыйымдылығына қандай факторлар әсер етеді?

Эссе мен реферат тақырыбы:

1. Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері

Есепті шығару бойынша әдістемелік нұсқау.

1. Кестедегі мәліметтерді пайдаланып, кәсіпорынның материалдық ресурстармен келісім-шарт бойынша және нақты қамтамасыз етілуін талдау қажет:

Бастапқы мәліметтер:

Жеткізілетін материалдар-дың түрі Жеткізу көлемі Оның ішінде
Келісім шарттарын орынғаны үшін есепке алынады Келісім шарттарын бұзғаны үшін есепке алынбайды
Жоспар Нақты Жеткізу мерзімі Сапасы Көлемі Номен- клатурасы
Қаңылтыр           - -
Тот баспайтын бетше         -   -
Барлығы:              

Шығарылуы:

Сырттан материалдық ресурстарды жеткізудің тауар өндірісі жоспарын қанағаттандыруын талдау келесі көрсеткіштердің көмегімен бағаланады:

1) келісім-шартқа сәйкес жеткізілетін материалдармен өндірістік жоспарды қамтамасыз ету коэффициенті ():

2) нақты орындалған келісім-шарт бойынша материалдармен қамтамасыз ету коэффициенті ():

Кестеде келтірілген мәліметтерден кәсіпорынның материалдық ресурстармен қамтамасыз етілу жоспарының 5,3%-ға артық орындалғанын көруге болады, яғни:

Демек жоспар бойынша қамтамасыз етілу коэффициенті

Келісім-шарт міндеттемелерін есепке алғандағы жоспардың орындалу пайызы:

Демек кәсіпорынның материалдық ресурстармен нақты қамтамасыз етілу коэффициенті

Бұл жағдайлар ресурстарды жоспардан тыс артық жеткізумен және келісім-шарт міндеттемелерінің бұзылуынан материалдардың уақытылы жеткізілмеуімен байланысты болуы мүмкін.

Материалдардың уақытылы жеткізілмеуінің әсерін анықтаймыз:

1) Жеткізілмеудің жалпы пайызы , оның ішінде:

- жеткізу мерзімінің бұзылуынан:

- сапасының төмендеуінен:

- толық көлемде жеткізілмеуінен:

- номенклатурасының (тізімі) жетіспеуінен:

Сонымен қатар келісім-шарт талаптарына сәйкес жеткізушілерден алынған материалдардың сапасы, олардың стандарттарға сәйкестігі мен техникалық жағдайы тексеріледі, егер келісім міндеттемелері бұзылған жағдайда жеткізушілерге шағым түсіріледі.

Өз бетімен шығаруға арналған есеп:

1. Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігін сипаттайтын маңызды көрсеткіш – өнімнің материал сыйымдылығын талдаңыз (кестенің бос көздерін толтырыңыз):

Бастапқы мәліметтер:

Көрсеткіштер Өткен кезең Ағымдағы кезең Өсу қарқыны, %
1. Тауар өндірісінің көлемі, мың теңге      
2. Материалдық ресурстар шығыны, мың теңге      
оның ішінде:      
- шикізат пен м

Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: