Гусев В., Минеева Л.А., Микробиология –М: Изд-во Москва ун-та, 1985. 2.Краткий определитель бактерий Берги –М: Мир, 1980

2.Краткий определитель бактерий Берги –М: Мир, 1980.

3.Шлегель Г.Общая микробиология. –М: Мир, 1972.

4.Дарқанбаев Т.Б., Шоқанов Н.Қ. Микробиология және вирусология негіздері. Алматы, Мектеп, 1982.

5.Шоқанов Н.Қ. Микробиология. Алматы, «Санат», 1997.

Қосымша әдебиеттер:

1.Лурия С., Дарнелл Дж. и др. Общая вирусология – М.: Мир, 1981.

2.Общая и частная вирусология. –М.: Медицина, 1982. –Т. 1-2.

3.Пяткин К.Д., Кривошеин Ю.С. Микробиология. –М.: Медицина, 1980.

4.Стейнер Р. Эделберг Э., Ингрем Дж. Мир микробов. М.: Мир, 1979- Т.1-3.

5.Тимаков В.Д., Левашов В.С., Борисов Л.Б. Микробиология. –М.: Медицина, 1983.

6.Руководство к практическим занятиям по микробиологии (Под. Ред Н.С.Егорова. –М.: Изд-во Моск. ун-та, 1983).

7. “Отбасы және Денсаулық” журналы, № 11 – 2006 ж.

Дәріс №21

Адам мен жануарлардың вирустық аурулары және оларға қарсы күрес

Мақсаты: Студенттерге адам, жануарлардың вирустық ауруларды, (тұмау, аусыл, шешек т.б.) олармен қарсы күрес және алдын-алу шара өткізетін жолдарын білу қажет.

а) Вирустық аурулары. Ең үлкен вирустар, яғни шешек, құтыру, трахома вирустары 200-400 миллимикрондай, ал ең ұсақтары- полиомиелитті, энцефалитті қоздырушылар бірнеше ондаған мың миллимикрондай ғана болады. Мәселен, полиомиелит вирусының бөлшегімен салыстырғанда кәдімгі ашытқы саңырауқұлақтар 1000 еседей асып түседі. Сонда тігін машинасының инесінің ұшына 100 мыңдай вирус бөлшегін орналастыруға болады екен. Егер де вирустар бір жерге жиналса, онда әдемі кристалдар түзетінін байқайсыз. Мұндай кристалдарды тек пробиркадан ғана емес, зақымданған жасушалардан да айқын байқауға болады.

Ал вирустарды химиялық жолмен зерттегенде онда негізінен нәруыз және аз мөлшерде нуклеин қышқылы болатыны анықталды.

Нуклеин қышқылдары- вирус бөлшектерінің ең маңызды бөлігі. Сондықтан нуклеин қышқылдарын екіге бөледі: дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) және рибонуклеин қышқылы (РНҚ). Бұлардың барлығы дерлік нуклеотидтер деп аталатын «кірпіштерден» тұрады. Адам, жануарлар, өсімдіктер және бактериялар жасушаларында РНҚ және ДНҚ міндетті түрде кездеседі, ал вирустарда мұның тек біреуі ғана болады. Сондықтан олар құрамында РНҚ және ДНҚ-ы бар вирустар деп ажыратылады. Мәселен, шешек вирусы, аденовирустар, бактериофагтарда ДНҚ, ал тұмау және полиомиелит вирустарында тек РНҚ болады.

Вирустарда нуклеин қышқылы жеке бір бөлшектер ішінде орналасады да, сыртқы нәруызбен қапталады. ДНҚ мен РНҚ мөлшері әр түрлі вируста түрліше болады. Мәселен, тұмау вирусында РНҚ 1%, қалған %-ы нәруыз үлесіне тиеді, ал темекі теңбілі вирусында РНҚ 6%, полиомиелит вирусында 24% болады. Кейбір бактериофагта ДНҚ мөлшері 50%-ға дейін жетеді. Нуклеин қышқылының құрамына кіретін нуклеотидтердің саны да түрліше болады. Тұмау вирусының РНҚ-да 6000 нуклеотид, полиомиелит вирусында 7300 нуклеотид, картоп вирусында 11300 нуклеотид болады.

Вирус бөлшегінің құрамына кіретін жоғары молекулалы қосылыс- нәруыздың да құрамы күрделі, ол амин қышқылдарынан тұрады. Амин қышқылдарының жалпы саны-20. 20 амин қышқылдарынан математикалық есеп бойынша 2,43 · 1017 түрлі вариант жасауға болады. Мұнда әр вариант белгілі қасиеті бар өзіндік ерекше нәруыз құрайды.

Соңғы жылдары нәруыз молекуласындағы ең болмаса бір амин қышқылын өзгертсе, оның қасиеті де өзгеретіні дәлелденді.

Жуықта ғалымдар темекі теңбілі вирусындағы нәруыз құрылымын зерттеп, шешті. Оның жеке тізбегінің өзінде 158 амин қышқылдары, ал вирустың барлық тізбегінде 2130 амин қышқылдары болатыны анықталды

Құрамы күрделі вирустарда нәруыз бен нуклеин қышқылдарынан басқа, көмірсулар, май тәрізді заттар, әсіресе маңызды нәрсе- ферменттер кездеседі.

Вирус бөлшегінің жеке компоненттері өте күрделі қызмет атқарады. Мысалы, нәруыз қабықша вирусты қолайсыз жағдайдан сақтайды, нуклеин қышқылы оның тұқым қуалаушылық және зақымдаушылық қасиетін анықтайды, ал ферменттер басқа организм жасушасын ерітіп, вирустың оған енуін оңайлатады.

Нуклеин қышқылдары бір типті, белгілі бір тәртіппен орналасқан нәруыз молекулаларынан, яғни капсулалардан тұрады. Сонда вирус бөлшектері текшеленіп бұрама сияқты бұрандаланып орналасады. Ал бактериофагтарда бұл аздап өзгеше. Олар итбалыққа тым ұқсас, яғни олардың басы және құйрығы болады. Құйрығы нәруызбен қапталған. Осы арқылы бактериялар жасушаларына бекіп, дәл сол жерден бөлінетін ерекше фермент көмегімен олар бактерия жасушаларын ерітіп жібереді.

Вирустар адамның серігі, өйткені олар адам туғаннан бастап, оны қоршайды және онымен бірге тіршілік етеді. Олардың кейбіреулерін біз елең етпесек, қалған біреулерімен жанассақ болғаны ауырып қаламыз. Адам организміне вирустар бірнеше жолмен енеді: ауамен немесе тағаммен, маса немесе кенелер көмегімен.

Тұмау. Тұмаумен ауырмаған адам жер шарында некен-саяқ болар. Бұл жөнінен кейбір мәліметті ежелгі дүние дәрігері- Гиппократтың еңбектерінен кездестіруге болады. Тұмау эпидемиясы адам баласына шешек пен обадан кем тимеген. 1918-1920 жылдары тұмаумен 500 миллиондай адам ауырып, оның 20 миллиондайы қаза тапқан, ал мұның өзі бірінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқандар санынан әлдеқайда көп.

Тұмау кенеттен басталып тез тарайды. Тұмаудың нағыз қоздырушысы 1933 жылы табылды. Осыған дейін ауруды бір кішкене ғана бактерия қоздырады делініп келді. Кейінірек ол микроб тұмау вирусының серігі екені анықталды. Қазір тұмау вирусының толып жатқан топтары бар. Сондықтан оның бір тобына жақсы әсер ететін құрал, екіншілерін мүлде зақымдамайды. Бұлардың ішінде ішекті зақымдайтын энтеровирустар, бездерді қабындыратын аденовирустар бар.

Полиомиелит. Бұл да ертеден бері таралған ауру. Археологтар зираттарды қазғанда қисайып біткен сүйектері бар түрлі қаңқаларды тапқан. Полиомиелитвирусы тұмау вирусынан әлдеқайда майда және оның шапшаң таралып, індетті тез қоздырғыштық қасиеті бар.

1916 жылы тек Нью-Йоркте полиомиелиттен екі мыңдай қаза тапқан. Жеті мыңдай адамның денесі жансызданып, салдыққа ұшыраған. Бұл ауру, әсіресе балалар арасында көп тараған. Организмге қоздырғыш әдетте тағам арқылы таралады, ал кейде ол ауадан да келіп түседі. Одан соң вирустар жүйке жасушаларына еніп, әсіресе адам қозғалысын басқаратын жүйкелерді бұзып, жансыздандырады. Осының нәтижесінде адамның кейбір мүшелері жансызданады, омыртқалары қисайып бітеді және оны емдеу де өте қиынға соғады.

Полиомиелит ауруына тым ұқсас вирус 1948 жылы Коксаки қаласында тұратын ауру балалардан табылды. Олар жазда және күзде байқалады. Көбінесе осы вирусты ауру және сау адамдар ішегінен, лас судан және шыбындардан кездестіруге болады. Коксаки вирусының қоздыратын ауруы полимиелитке тым ұқсас және одан өлім- жітім аздау болады.

Шешек. Қазір шешекке қарсы вакцина егілетіні баршаға аян. Бұлай ету адамдарды аса қауіпті шешек ауруынан аман сақтап қалудың басты шарты, егу жұмыстары елімізде міндетті түрде жүргізіліп тұрады. Осының арқасында бірте-бірте шешек азайып, ақыр аяғында мүлде жойылды. Бұл ауру ерте бастан белгілі болған. Біздің дәуірімізден бірнеше ғасыр бұрын шешек Африка, Үндістан және Қытай елдерінде болған, XVI- XVII ғасырларда Еуропада шешекпен ауырмаған адам ілуде біреу-ақ болды. Сол кездің өзінде Германияда шешектен 70 000 адам қырылды, ал Франциядағы өлім осының жартысындай болса керек. Тірі қалғанның өзінде олардың беттерінде сепкілі, яғни шешек дақтары болды.

Ал, Америкаға қатынас басталысымен шешек солай қарай ауысты. Әрине мұнда да адам өлімі айтарлықтай болды.

Еуропада соңғы үш ғасыр ішінде шешектен 150 миллиондай адам өлген. Шешекті қоздыратын Пашен денешіктері, олар бактериялық сүзгілерден өтіп кетеді. Сондықтан шешекті қоздырушы микробтарды сүзгіленуші вирустарға жатқызып жүр. Бұл вирус, әсіресе ауру адамның кеңсірігінде жиналады. Ауру адам жөтелгенде ол вирустар шашырап сау адамдарға жұғады. Сонымен бірге ауру терісі ісініп, іріңдейді де, ол ойылып, жараға айналады. Кейде шешектен ауырған адамдар саңырау немесе соқыр болып қалады. Жалпы бұл аурумен ауырғандардың 15-30% -дай мөлшері өледі.

Жай шешектен басқа сиыр, қой, есек және құс шешектері де кездеседі. Бұлар адам үшін аса қауіпті емес. Шала-жансар шешек вирустарын адамға еккенде, аса тұрақты иммунитет пайда болады да, адам шешекпен екінші рет ауырмайды. Бұл ауруды негізінен вирустар қоздырады, олардың жиынтық аты- герпевирустар.

Аусыл. Шапшаң таралатын, жұқпалы және ауыр ауру. Аусылмен мүйізді ірі қара, шошқы, түйе, қой мен ешкі ауырады. Адамда ол өте сирек кездеседі. Ауруды қоздырғыш-вирус. Жасанды қоректік ортада өспейді. Ол көбінесе тек тірі жасушада тіршілік етуге бейімделген. Вирустың А,О, С деген үш типі анықталған. Сондықтан мал осы вирустың бірінен соң бірімен-үш типімен де ауруы мүмкін. +60 - 70º С-та вирус бірнеше минутта, ал 100 º С-та бірден өліп кетеді. Төменгі температураға ол төзімді. Табиғатта бұл вирус әр жерде кездеседі және 100 күнге дейін өз тіршілігін жоймай сақталады. 2-3% күйдіргіш сілті ерітіндісінен ол қырылады.

Мал аусылмен ауырғанда оларға вакцина енгізеді және карантин ережелері қатаң сақталады.

Құтыру. Жылы қанды жануарлардың жұқпалы ауруы. Бұдан көбінесе орталық жүйке жүйесі зақымдалады да, ақыр аяғында жануар өледі. Ауру жануардың сілекейі арқылы сауларына таралады. Бұл аурумен, әсіресе ит және балық үй жануарлары, құстар, жабайы жануарлар (қасқырлар, түлкілер және т.б.) және адам ауырады. Құтыру қауіпті аурудың белгісін беретіндіктен, оны зерттеу де ертеде басталған еді. Л. Пастер бұл ауруға қарсы қондырғыш вакциналарды жасады.

Аурудың қоздырғышы- сүзгіленуші вирус. Вирус ірі саңылаулы. Шамберлен сүзгісінен де өтіп кетеді екен. Құтыру вирусы организмге енгеннен кейін іле-шала аурудың белгілері байқалмайды. Ол үшін біраз уақыт қажет. Оны инкубациялық кезең деп атайды. Мәселен, ауру иттің сілекейіне енгеннен кейін 13 күннен соң білінсе, үй қояндары 15-20 күннен кейін ауыра бастайды.

Құтыру вирусы да басқа вирустар сияқты жасанды қоректік ортада өспейді. Ол үшін тауық жұмыртқасы аса қолайлы орта. Вирустар +50º С-та бір сағаттан кейін, 60º С-та бірнеше минуттан кейін жойылады. Құтырумен күресу үшін биокомбинаттарда арнаулы вакциналар жасалып таратылады.

Вирустық аурулардың бұлардан басқа сан алуан түрі бар. Ғылыми зерттеулердің нәтижесінде вирустардың химиялық құрамы мен ауру қоздырғыштық қасиеті, құрылымы біршама анықталып отыр. Осыған байланысты вирусологиялық талдаудың өте күрделі де, нәзік әдістері жасалды. Вирустарды жасанды қоректік ортада өсіруге болмайтындықтан, қазір тіндер себіндісі әдісі қолданылып жүр. Егер ішінде қоектік ортасы бар пробиркаға тіннің бір үзімін салып, + 35-37 º С –та ұстаса, ол өте шапшаң өніп-өсе бастайды, бөлінеді.

Тінді әлсін-әлсін жуып, таза, жаңадан жасалған қоректік ортаға салса, ол ұзақ уақыт тіршілік ете алады. Бұл үшін алдын-ала ұсақталған тінді + 35-37 º С –та асқазан ферменті- трипсинмен бірқатар уақыт өңдейді. Трипсин жасушалар арасындағы байланысты бұзады да, пробиркада бірыңғай заттар түзеді. Осы түзілген заттарды жуып, трипсинді бөледі де, арнаулы затпен сұйылтады. Бұдан соң осы қоспаны пробиркаларға немесе арнаулы ыдыстарға құйып, +37 º С-та термостатта ұстайды. Осындай жағдайда жасушалар шыны қабырғаларына жабысып, көбейе бастайды. Микроскоппен қараса, оның негізгі құрам бөлігі- ядро, ядрошық, цитоплазма және қабықшасы айқын көрінеді, ал электрондық микроскоппен қарап, оның цитоплазмасындағы митохондрийі мен рибосомаларын, ядродағы хроматиндерін ажыратуға болады.

Бақылау сұрақтары:

1. Вирустардың клеткалы организмдерден айырмашылығы?

2. Вирустардың әртүрлілігі немен байланысты?

3. Вирустарды сипаттаңыз?

Негізгі әдебиеттер:


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: