Емтихан билеті № 8

1. Шешімдерді әзірлеу мен қабылдау міндеттерінің ерекшеліктерін атаңыз. Басқарушылық шешімдерді әзірлеу, қабылдау мен іске асыру мінеттері көптеген ерекшеліктерге ие.Мұндай ерекшеліктерге жататындар:- сындарлық, шешімніңтерминалды нұсқасын таңдау құндылықтардың тиісті жүйесі негізінде және нақты басқарушылық проблеманың мазмұнымен сәйкес жүзеге асырылатынын білдіреді;- терминалдық, процессқабылданған шешімді іске асырумен аяқталатынын білдіреді;- бейресмилік, нақты басқарушылық шешімдердеқажетті толықтықпен және дәлдікпен мазмұндала алмайтын элементтердің болуын білдіреді;- белгісіздік, ақпараттық жоспарда басқарушылық шешімдерді әзірлеу, қабылдау және іске асыру міндеттері әдетте алуан түрлі белгісіздік жағдайларында шешілетінін білдіреді;- тәуекелдік пен жауапкершілік, басқарушылық міндеттердің көбі тәуекелдік және онымен байланысты шешімді қабылдайтын тұлғаның жауапкершілігі жағдайында шешілетінін білдіреді;- байланыстылық және ие болушылық, басқарудың нақты міндеттері тәуелсіз болып табылмайтынын, олардың өзара байланысқан, өзара әсер ететін, дәйіктілікпен және біруақытта шешілетін міндеттердің қандай да жалпы жүйесіне кіретінін білдіреді

2. Басқарушылық шешімдерге қандай талаптар қойылады? 1.Басқарушылық шешімдердің күші бар заңдылықпен және компанияның жарғылық құжаттарының ережелерімен сәйкестігі. 2. Басқарушылық шешімдер мәтінінде анық мақсатты бағыттылық пен атаулықтың болуы (атқарушыларға әзірленетін шешім неге бағытталатыны және қандай құралдар қолданатыны айқын болуы керек).3 Басқарушылық шешімдер нысаның оның мазмұнына сәйкестігі.4.Уақыттылықты қамтамасыз ету (озуға да, қалуға да болмайды).5. Шешім мәтінінде өз-өзіне немесе бұрын іске асырылған шешімдерге қарама-қайшылықтарын болдырмау.6.Басқарушылық шешімдердің техника- лық, экономикалық және ұйымдасты- рушылық орындалуының мүмкіндігі.7. Басқарушылық шешімдердің орындалуының ішкі немесе сыртқы бақылауы үшін параметрлерінің болуы.8. Экономикалық, әлеуметтік, экология- лық және басқа салалырында басқа- рушылық шешімдерді іске асыру кезінде мүмкін жағымсыз салдарларды есепке алу.9. Негізделген жағымды нәтиже мүмкіндігінің болуы.

3.Басқарушылық шешімдерді дайындау мен іске асыру процесінің негізгі қатысушыларын атаңыз. Басқарушылық шешімдерді дайындау мен іске асыру процесінде төрт негізгі қатысушыны бөліп көрсетеді: шешімді тапсырушы, шешімді жасаушы, шешімді орындаушы және шешімді пайдаланушы. Әрбір қатысушыны бірнеше адам, топтар немесе ұйымдар көрсетуі мүмкін. Шешімді тапсырушылар бір уақытта шешімді жасаушылар мен орындаушылар болуы мүмкін.Шешімді жасаушылар ретінде болуы мүмкін: жеке мамандар, соның ішінде басшылар, жобалық ұйымдар, заң және бақылау органдары, қоғамдық ұйымдар.Шешімді орындаушылар ретінде қызметтікнұсқауларға немесе келісімдерге сәйкес мұндай міндеттерге ие компаниялардың немеме қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері болуы мүмкін.Шешімді пайдаланушылар болып табылады: персонал немесе халық, олар үшін шешім дайндалады, іске асырылады, басқарудың сәйкес деңгейінің басшылары, ұйымдар немесе бөлімшелер.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: