Діріл ауруы

Діріл ауруы дербес нозологиялық бірлік ретінде 50-ші жылдардың ортасында жалпы танылда (Е.Ц. Андреева-галанина). Оған дейін діріл әсерінің физикалық сипаттамалары мен организмнің жауап реакцияларының симптомдық кешендерінің арасындағы себептік байланыстарын зерттеу бойынша ғылыми фактілерді жинау кезеңі өтті. Діріл ауруының симптомдық кешендерінің құралуы маңызды вариацияланып, дірілдің физикалық параметрлеріне, оның әсерінің жұмыс ауысымының ішінде бөлінуіне, діріл беруші аспаптың конструкциясына, денеге түсуші күштің ауырлығына, өндірістіғк ортаның басқа жағымсыз физикалық және химиялық факторларының барына, басқа аурулармен сырқаттануына, жеке сезімталдығына, жасына, жынысына т.б. байланысты болады.

Көздің көруі. Діріл белгілі бір жиілік диапазонда және белгілі жеделдігінде көру функциясының нашарлауына келтіреді. Бұл мынамен түсіндіріледі – діріл жағдайында көздің тор қабатында бейнелердің ауысу шапшаңдығы өте жоғары болады.

Вертикальді дірілдің әсерінен көру өткірлігінің өзгеруі 15 Гц биік жиіліктерде байқалады, әсіресе 25-40 және 60-90 Гц, бұл дененің механикалық резонансымен байланысты. Дірілмен туған көру өткірлігінің нашарлануын объектінің жарықтануын жоғарылату арқылы компенсациялауға болады.

Объектінің синусоидальды салыстырмалы кқозғалысына көздің бақылау қабілеті 1-2 Гц жоғатыла бастайды, ал 4Гц жиілікте мүлдем жойылады.

Сөз. Сөйлеп тұрған адамда қатты дірілдің немесе селкілдетудің әсерінен оның сөзі айтарлықтай бұзылып, тіпті бөлініп кетуі мүмкін. Сөйлеп тұрған адамның денесіне 20 Гц-тен төмен жиіліктегі, әсіресе 4-10 Гц диапазондағы дірілдің әсері сөздің сапасын бұзады және сипатын өзгертеді. Ол сөйлеушінің дене қалпына (поза) және де дірілдің бағытына, қарқындығына және мерзімдігіне байланысты болады. Қауіптік жиілік диапазонының ішінде діріл деңгейі 0,3 Q жоғары болған түсінікті сөйлеу қиынға созылады. Осындай жағдайда жоғары артикуляцияны қалыпта ұстауына сөз, шу қатынасын жақсарту, сөйлеушінің және тыңдаушының «дірілдік» сөзді қабылдауына дағдылануы және осындай текті сөз үшін шектеулі лексиконды қолдану ықпал етеді.

Дірілдің әсерінде күрделі тапсырмаларды орындау тиімділігі (ұшқышткардың мысалында). Үнделенуі (жеделденуі) 0,1Q жоғары 1-30 Гц жиілік диапазонындағы синусоидальдың дірілдің денеге әсерінде, кейіннен компенсацияланатын, бақылау жұмыстарын (ұшқынтардың) орындауда қателерді көп жіберуіне келтіреді.

Көлденең діріл немесе шайқалу (тербелу) вертикальді дірілге қарағанда тапсырмаларды орындаудың тиімділігін маңызды төмендетеді. Сонымен қатар тапсырмаларды орындау сапасы дірілдің әсері ұзарған айын нашарлай түседі.

Нерв жүйесі тұрғысынан өзгерістер дірілдің әсері және діріл ауруы үшін өте тән болып келеді. Локальді дірілдің әсерінен орталық нерв жүйесінің функциональдық жағдайының өзгеруі анықталған, ол негізінен сенсорлық реобазаның және бұлшық еттердің хроноксиясының ұзаруымен байқалады. Бұлшық еттің рефлекторлық қатаб уақытының ұзаруы, рефлекс күшінің азаюы анықталған.

Діріл ауруының клиникасында жетекші орынды акроспазм құбылысы болатын қан тамырлық синдромы алады. Тыныш жағдайда саусақтардың артериялары мен веналарының тонусы төмендейді. Соныменқатар бас миының веналары мен артерияларының да тонусы төмендеуі мүмкін, мұнда венаның тонусының бұзылу ерте жүреді. Дірілдің әсерден қан тамырынығң өткізімдігі өзгереді, капилярлық – трофикалық кемсіздік синдромы байқалады.

Дірілдің ұзақ әсерінен бұлшық еттердің көлемі азайып, атрофиялық процестері жүреді. Дірілдің әсғерінен пайда болушы сүйек – буын өзгерістерінің дамуы үш фазада өтеді:

1-ші – кешенді функциональдық басқаша құрылуы (кейін қайтымды процесс)

2-ші – субкомпенсация кезеңі, ол дистрофикалық процесстердің дамуымен сипатталады (жартылай кейін қайтымды процесс);

3- ші декомпенсация құбылыстары, ол дегенеративті-дистрофикалық процестердің басымдылығымен сипатталады.

Рентгенологиялық тексерулерде сүйектер мен буындарда мынадай өзгерістер байқалады: сүйектерде кисталардың өсуі, тырнақ фалангаларының деңестіктерінің резорбциясы, региональды остеопороз (шалдығу псевдосынықтары», эностоздар, эпиканделиттер, септикалық некроз құбылыстары, остеохандроз, остеоартроз, т.б. Дірілдің әсерінен симпато-адреналдық жүйенің белсендігі жоғарылайды (гормональдық және медиаторлық буындарында да).

Дірілдің ұзақ әсерінен бүйректердің және су-тұздық алмасу функциялары өзгереді.

Дірілдің әсері есту органы мен вестибулярлы аппараттың функциональдың ауытқуына келтіреді.

Дірілдің гигиеналық бағалау және нормалау

Өндірістік дірілді гигиеналық бағалауды мына әдестермен жүргізеді:

- нормалаушы параметрді жиіліктігін (спектрлік) талдаумен (анализбен);

- нормаланушы параметрді жиілік (частотный) бойынша интегральды бағалау;

- дірілді дозалық бағалау

Негізгі әдіс болып жиіліктігін (частотный) талдау саналады, дірілді бағалау үшін дірілдің дозасын бағалау ұсынылады.

Жиіліктігін талдауда дірілдің нормаланушы параметрі болып жиіліктің октавалық жолақтарында өлшенген вибро жылдамдылықтың Vb, виброүделенуінің (а) орташа квадраттық мағынасы саналады (немесе олардың логарифімдік деңгейлері Lv және Lа). Виброжылдамдықтың тіректік өлшемі 5х10 – 8 дәрежесі м/с тең. Виброүделенудің тіректік өлшемі 10-6 дәрежесі м/с2.

Жиілік бойынша интегральдық бағалауда нормаланушы параметрі болып виброжылдамдықтың немесе виброүдеудің (коррективаланған мағынасы (немесе олардың деңгейі) саналады.

Дірілді дозалық бағалауда нормаланушы параметрі болып энергиясы бойынша эквивалентті корррективаланған мағынасы U экв. (немесе оның логарифмдік деңгейі) саналады.

Дірілдің нормаланушы параметрлерін өлшеу «Методические указания по проведению измерений и гигиенической оценки производственных вибраций» құжатына сәйкес жүргізілуі керек.

Дірілдің нормаланушы параметрлрін нормалау төмендегі санитарлық ережелер мен нормалардың негізінде жүргізіледі:

- «Санитарные нормы вибрации рабочих мест» 1.02.012.-94

- «Санитарные нормы и правила по ограничению вибрации шума на рабочих мест тракторов, сельскохозяйственных, мелиоративных, строительно-дорожных машин и грузового автотранспорта» 1.02.79-94

Дірілді өлшеу «Методические указания по проведению измерений и гигиенической оценки производственных вибраций» 1.02.013-94 жатына сәйкес жүргізілуі керек.

Профилактикалық шаралары

Ұйымдастыру – техникалық шаралары:

- жаңа машиниларды жасауда және қазіргі барларын жетілдіруді (модернизациялауда) конструкциялық және технологиялық әдістерін қолданып дірілдің пайда болу кезінде оны төмендету;

- дірілдің таралу жолында, діріл оқшаулаушы және діріл жұтушы құралдарды қолданып оны төмендету (діріл оқшаулаушы пассивті пружинасы бар арнаулы орындықтар, алаңдар арқылы, рехиналық, поролондық т.б. діріл басушы төсегіштерді, мастиктерді қолдану т.б.!

- жаңа түскен машинилардың паспорттарында дірілдің сипатамаларының барын тексеру. Олардың болмауында дірілдің сипаттамасына өлшеулерді жүргізу қажет;

- машиналарға жоспарлық және алдын-алалық жөндеулерді уақытында жүргізуі және дірілдік сипаттамаларына жөндеуден кейінгі бақылауды міндетті түрде ұйымдастыруы;

- машиналарды нормативті-техникалық құжаттарда қарастырылған тағайындығына сәйкесті қолдану;

- машиналардың дірілдік сипаттамасына әсер етуші, олардың жүруіне арналған жолдар мен беттердің профиліне, бетінің қаптамасына, тіреуші конструкцияларына, бекіту бөшектеріне уақытында жөндеу жұмыстарын жүргізу;

- жұмыс орындарынан тыс орналасқан діріл тудырушы жабдықтарымен жұмысшының жанасуын болдырмау;

- қолдануға тек жұмысы түзу машиналар ғана рұқсатталуы керек.

Діріл генерациялаушы қол машиналарының, егер олардың салмағы 6 кг. жоғары болса, тірек жасаушы қондырғылары болуы керек.

Бір қолдық машинаның жұмысына қажетті қысу күші 100 Н аспауы керек.

Екі қолдық машинаның жұмысына қажетті қысу күші 200Н аспауы керек.

Діріл тудырушы аспаппен жұмыс істеуіне 18 жастан асқан адамдарға ғана жіберіледі.

Емдеу профиалктикалық шаралар кешені:

- профилакткиалық медициналцық қараулар;

- еңбек және демалыс режимі;

- витаминизация

- жеке сақтану құралдары


ӨНДІРІСТІК МИКРОКЛИМАТ


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: