Кредит № 2

1. Тақырып №1: Еңбек гигиенасындағы өндірістік физикалық факторлар және оларды бағалау. Өндірістік микроклимат.

2. Дәрістің мақсаты: студенттерді жалпы физикалық зиянды және қауіпті өндірістік факторлармен таныстыру. Өндірістік бөлмелердің микроклиматының өндірістегі зиянды және қауіпті фактор ретіндегі рөлін көрсету.

3. Дәрістің тезистері:

Өндірістік физикалық факторларға мыналар жатады:

- микороклимат (температура, ылғалдылық, ауаның қозғалу жылдамдығы, жылулық сәулелену);

- иондамайтын сәулеленулер;

- иондаушы сәулелер;

- шу, ультрадыбыс, инфрадыбыс;

- діріл (жергілікті, жалпы);

- негізінен фиброгенді әсері бар аэрозолдар (шаң);

- жарықтандыру (табиғи немесе жасанды);

- аэроиондар – ауаның электр зарядталған бөлшектері.

Әрбір фактордың бағалануы – сәйкес дәрістерде.

Өндірістік микроклимат адамның қоршаған ортамен жылу алмасуына, жылу жағдайына әсер ететін физикалық факторлар (температура, ылғалдылық, кешенімен сипатталады. Ол, іс жүзінде, организмнің барлық жүйелеріне әсер етеді.

Организмге әсер ету дәрежесіне байланысты микроклимат қалыпты, салқындатушы және қыздырушы болып бөлінеді.

Бейтарап микроклимат – оның факторлары организмнің жылу тепе-теңдігін қамтамасыз ететін жағдайы. Бұл кезде жылу түзілу (Qм) мен суммарлық жылу бөлудің (Qсум) айырмашылығы ±2 Вт шамасында болады, ал ылғалдың булануы арқылы жылу бөлудің үлесі жалпы жылу жоғалтудың 30%-нан аспайды.

Салқындатушы микроклимат – оның факторларының қоршаған ортаға жылу беру (Qсум) организмдегі жылу түзілуінен (Qм) асып түсетін, организмде жұмыс ауысым барысында 2Вт-тан аса жалпы немесе жергілікті жылу тапшылығына әкелетін жағдайы.

Қыздырушы микроклимат – оның факторларының адамның қоршаған ортамен жылу алмасуы өзгеріп, организмде жылу жинақталатын (жұмыс ауысым барысында 2 Вт-тан аса) немесе ылғалдың булануы арқылы жылу жоғалту үлесі 30%-дан аса болатын жағдайы. Қазап кетудің ең қауіпті көрінісі – ыстық өту. Адамның созылмалы қызуы жұрек-тамыр жүйсеі ауруларынан өлу қаупі факторы болып табылады.

Микроклимат параметрлерін нормалау жылу алмасуына көрсеткіштердің кешенінің әсерін, сондай-ақ олардың әрбіреуінің көңіл-күйге, денсаулыққа, қоршаған ортаға әсерін де ескереді.

Қызып кетуден және үсуден қорғау шаралары: кондиционерлеу жйелері, ауа душы, демалысқа арналған бөлмелермен жабдықтау, жеке басты қорғау құралдаын пайдалану, қыздырушы немесе салқындатушы ортада жұмыс істеу кезеңін шектеу, жұмыс ауысымын қысқарту және т.б.

Микроклимат параметрлерін өлшеу үшін жалпы қабылданған аспаптар қолданылады: парометрлер, психрометрлер, анемометрлер, кататермометрлер және т.б

4. Иллюстрациялық материал: еңбек гигиенасы бойынша оқулықтар және оқу-әдістемелік құралдар.

5. Әдебиет:

Негізгі:

1. Гигиена труда. Оқулық. Н.Ф. Измеров, В.Ф. Кириллов. М.-«ГЭОТАР», 2008.

2. Алексеев С.В., Усенко В.Р. Гигиена труда. Оқулық. М., Медицина, 1988.

3. Руководство по гигиене труда. Т. I, II. Н.Ф. Измеров а. М.-1987.

Қосымша:

4. «Еңбек жағдайының қауіптілігі және зияндылық көрсеткіші бойынша еңбек шарттарының класификациясы, гигиеналық бақылау критериі, еңбек үрдісінің қауыртылығы мен ауырлығы» ҚДСМ ҚР,№1.04.001.-2000, 30.11.2000 ж.

5. Измеров Н.Ф. Актуальные проблемы медицины труда и промышленной экологии.//Медицина труда и промышленная экология.-2002-№3, с.1-8.

6. Руководство по профессиональным болезням. Н.Ф. Измеров. М.-Медицина.-1996.

7. Российская энциклопедия по медицине труда. Н.Ф. Измеров. М.-Медицина.-2001.

8. Измеров Н.Ф., Каскаров А.А. Медицина труда. Введение в специальность. М.-«ГЭОТАР».-2002, 390 б.

6.Бақылау сұрақтары.

1. Физикалық факторларға қандай факторлар жатады?

2. Өндірістік бөлмелердің микроклиматына анықтама беріңіз?

3. Бейтарап микроклимат немен сипатталады?

4. Салқындатушы микроклимат немен сипатталады?

5. Қыздырушы микроклимат немен сипатталады?

6. Салқындатушы микроклиматтың әсерінен қандай аурулар болады?

7. Қыздырушы микроклиматтың әсерінен қандай аурулар болады?

8. Үсуден қорғау шаралары.

9. Қызып кетуден қорғау шаралары.

10. Өндірістік бөлмелердің микроклиматын нормалау кезінде қандай көрсеткіштер ескеріледі?


1. Тақырып № 2: Өндірістік шу, діріл, инфрадыбыс, ультрадыбыс. Гигиеналық нормалау және алдын алу шаралары.

2. Дәрістің мақсаты: өндірістің зияндылықтар ретінде шуға, дірілге, инфрадыбыс пен ультрадыбысқа сипаттама беру және олардың адамға әсерімен күресу шаралары көрсету.

3. Дәрістің тезистері:

Шу – ортаның механикалық тербелісі. Шу деп кез келген жағымсыз дыбысты немесе оганизмге қолайсыз әсер көрсететін, жұмыс істеуге және демалуға кедергі жасайтын түрлі жиіліктегі және қарқындылығы түрлі болатын ретсіз құралатын дыбыстар жиынтығы. Қалыпты еститін адам қабылдайтын 16 Гц – 20 кГц жиіліктегі акустикалық тербелістер дыбыстық, 16 Гц-тен төмен – инфрадыбыс, 20 кГц-тен жоғары – ультрабыс деп аталады. Шудың әесрінен кәсіптік кереңдік дамиды және организмнің басқа да жүйелері зардап шегеді. Шудың гигиеналық нормативтері бар.

Дыбыс толқыны тербелу периодымен, тербелу жиілігімен және тербелу амплитудасымен сипатталады. Шуды гигиеналық нормалау үшін 20 Гц-тен 11000 Гц-ке дейінгі дыбыс диапазонын пайдаланады. Оған орташа геометриялық жиіліктері 31,5; 63; 125; 250; 500; 1000; 2000; 4000; 8000 Гц болатын 9 белсенді жолақ кіреді.

Шу децибелмен (дБ) – дыбыс қысымының логарифмдік бірліктерімен өлшенеді. 2*10-5 Па тең болатын дыбыс қысымына нөл децибел сәйкес келеді. Стресс факторы ретінде әсер ете отырып шу орталық жүйке жүйесінің реактивтілігінің өзгеруін туғазады, соның салдарынан адамның органдары мен жүйелерін реттеуші функцияларының бұзылыстары болады. «Шу ауруы» - негізінен есту органы, орталық жүйке және тамыр жүйелері зақымдалатын, ұзақ уақыт қарқынды шудың әсерінен дамитын организмнің жалпы ауруы.

Шулар кең жолақты және тоналды, тұрақты, тұрақсыз және импульсивті болып бөлінеді.

Гигиеналық бағалау үшін жұмыс орнындағы тұрақты шудың сипаттамасы дБА-мен көсретілген шудың деңгейі және орташа геометриялық жиіліктері 31; 63; 125; 250; 500; 1000; 2000; 4000 и 8000 Гц болатын октавалық жолақтардағы дыбыс қысымдарының деңгейлері болып табылады. Тұрақсыз шудың сипаттамасы дБА-мен көсретілген шудың деңгейлері, дБА-мен көсретілген шудың эквивалентті деңгейлері және дБА-мен көсретілген шудың максималды деңгейі болып табылады. Импульсты шудың сипаттамасы дБАS-мен көсретілген шудың деңгейі, дБА-мен көсретілген шудың эквивалентті деңгейі және дБАІ-мен көсретілген шудың максималды деңгейі болып табылады. Мұндағы дБАS, дБАI – сәйкесінше, «А» жиілік коррекциясында және шумомердің «баяу» және «импульс» уақыт сипаттамасында өлшенген дыбыс деңгейлері.

Шудан қорғану құралдары мен әдістері акустикалық, сәулет-жоспарлау және ұйымдастыру техникалық болып бөлінедә. Жеке басты қорғау құралдарына наушниктер, вкладыштар, шлемдер, каскалар мен костюмдер жатады.

Діріл – серпімді байламдары бар ортаның тербеліс қозғалыстары. Оператор-адамға берілу тәсілі бойынша жергілікті және жалпы дірілді ажыратады. Спектр сипаттамасы бойынша тар жолақты және кең жолақты дірілді, жиілік құрамы бойынша төмен жиілікті (негізінен 8-16 Гц октавалық жолақтағы максималды деңгейлер), орташа жиілікті (31,5 және 63 Гц), жоғары жиілікті (125, 250, 500 и 1000 Гц – жергілікті діріл үшін; жұмыс орындарының дірілі үшін 1 және 4 Гц, 8 және 16 Гц, 31,5 және 63 Гц) дірілді ажыратады. Уақыт сипаттамалары бойынша діріл жылдамдығының өзгерісі 1 мин кем емес бақылау уақытында 2 еседен аспайтын (6 дБ-ге) тұрақты дірілді, және, діріл жылдамдығының өзгерісі 1 мин кем емес бақылау уақытында 2 еседен асатын (6 дБ-ге) тұрақсыз дірілді ажыратыды.

Тұрақсыз діріл уақыт ішінде тербелетін – үздікті және импульсытға бөлінеді. Дірілдің көзі – соққымен әеср ететін аспаптар, соққылы-айналмалы машиналар, айналмалы әсерлі механикаландырылған қол машиналары.

Жалпы діріл транспорттық, транспортты-технологиялық және технологиялық болып бөлінеді.

Діріл организмге әсер еткенде діріл ауруы пайда болады. Жергілікті діріл әсерінен болатын тамыр бұзылыстары мен полижүйкелік симптомдары айқын діріл ауруының маңызы үлкен.

Дірілді өлшеуде виброметрлер қолданылады (ШВК-1, ВМ-1, ВШВ-ООЗ).

Дірілдің организмге қолайсыз әсерін болдырмау шараларына техникалық шаралар, тиімдің жұмыс тәртібін енгізу, жеке басты қорғау құралдарын қолдану, емдік-алдын алу шаралары жатады.

Ультрадыбыс дегеніміз – жоғары есту шегі 20кГц-тен асатын, қатты ортадағы механикалық тербеліс жиілігі. Ультрадыбыс физико-химиялық корсеткіштері бойынша дыбыспен бірдей сипатталады. Ультрадыбыс көзі – ультрадыбыстық тербеліс генераторы болып табылады. Ультрадыбыс бірнеше қасиеттерге ие, соның ішінде тірі организмге де әсер етеді. Ол көбінесе бактерицидті әсер көрсетеді. Вегетативті тамырлық дистония және астеникалық синдром – ультрадыбыстың организмге әсерінің жиі көрінісі болып табылады. Ультрадыбысты диапазон төменгі жиілікті 20-дан 100кГц және жоғары жиілікті 100-ден 1000мГц-ке дейін болып бөлінеді. Жоғары жиілікті ультрадыбыс қысқа толқынды ұзындықта тәжірибе жүзінде ауада таралмайды және жұмысшыларға дене беткейімен жанасқан жағдайда ғана әсер етеді. Ультрадыбыстың нормаланған параметрлері болып жанасу жолымен таралуы, 0,1-10мГц жолақ жиілігіндегі діріл жылдамдығы немесе децибелдегі логарифмдік деңгейі пиктік мәні болып табылады. Жұмыс аймағында приборлармен істейтін қол жұмыстарының ультрадыбыспен жанасқандағы ШРЕД-і 110дБ немесе 0,1В/см құрайды. Ультрадыбыстың жанасулық әсерінің алдын алу автоблокировканың көмегімен детальдарды жүктеу және түсіру кезінде тербелісті өшіру арқылы жүзеге асырылады. Жеке қорғаныс заттары – шуға қарсы, екі қабатты қолғаптар (сырты-резина, іші-қағазмақта). Еңбек және демалыс режимін сақтау керек. Оған ультракүлгін сәулелері, су процедуралары, массаж қолданылады.

Интрадыбыс – жиілігі 20Гц-тен төмен акустикалық тербеліс. Организмге әсері – астенизация, қолайсыз сезімдер тудырады, организмнің функционалдық жүйесінің жағдайын өзгертеді. Инфрадыбыс кең жолақты және гармоникалық, тұрақты және тұрақсыз болып бөлінеді. Инфрадыбыстың нормаланған сипаттамасы дыбыс қысымының деңгейі болып табылады. Күресу шаралары – негізгі шығу көздерін төмендету. Жеке қорғаныс шаралары – наушниктер, вкладыштар. Жұмыс орнында инфрадыбыстың деңгейі 105дБ октавалық жолақта жиі 2-16Гц, 102дБ 31,5Гц жиіліктен аспау керек.

4. Иллюстрациялық материал: еңбек гигиенасы бойынша оқулықтар және оқу-әдістемелік құралдар.

5. Әдебиет:

Негізгі:

1. Гигиена труда. Оқулық. Н.Ф. Измеров, В.Ф. Кириллов. М.-«ГЭОТАР», 2008

2. Алексеев С.В., Усенко В.Р. Гигиена труда. Оқулық. М., Медицина, 1988.

3. Руководство по гигиене труда. Т. I, II. Н.Ф. Измеров. М.-1987.

4. Руководство по профессиональным болезням. Н.Ф. Измеров. М.-Медицина.-1996.

5. Российская энциклопедия по медицине труда. Н.Ф. Измерова. М.-Медицина.-2001.

6. Измеров Н.Ф., Каскаров А.А. Медицина труда. Введение в специальность. М.-«ГЭОТАР».-2002, 390 б.

Қосымша:

7. «Еңбек жағдайының қауіптілігі және зияндылық көрсеткіші бойынша еңбек шарттарының класификациясы, гигиеналық бақылау критериі, еңбек үрдісінің қауыртылығы мен ауырлығы» ҚДСМ ҚР,№1.04.001.-2000, 30.11.2000 ж.

8. Измеров Н.Ф. Актуальные проблемы медицины труда и промышленной экологии.//Медицина труда и промышленная экология.-2002-№3, б.1-8.

6. Бақылау сұрақтары

1. Шуға анықтама беріңіз.

2. Шу өлшеу бірліктері?

3. «Шулық ауру»белгілерін атаңыз.

4. Шуды гигиеналық бағалауда қандай дыбысты диапазон қолднылады?

5. Кеңжолақты, тональды, тұрақты, тұрақсыз, және импульсты шуға сипаттама беріңіз.

6. Шудан қорғау заттарынажәне әдістеріне сипаттама беріңіз.

7. Дірілге анықтама беріңіз.

8. Жалпы және жергілікті діріл дегеніміз не?

9. Тұрақты, тұрақсыз діріл дегеніміз не?

10. Дііріл ауруын сипаттаңыз.

11. Дірілмен күресу шаралары.

12. Ультрадыбыс дегеніміз не?

13. Ультрадыбыс диапазондарының бөлінуі?

14. Ағзаға ультрадыбыс әсері?

15. Ультрадыбыс параметрлерін сипаттаңыз.

16. Ультрадыбыс нақты әсеріне профилактикалық шаралар.

17. Инфрадыбыс дегеніміз не?

18. Ағзаға инфрадыбыс әсері?

19. Инфрадыбыс нормаларына сипаттама?

20. Инфрадыбыс жеке бас қорғау заттарын атаңыз.



Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: