Билет № 27. 1.Бүгінгі таңда елімізде стратегиялық бағыттар белгіленіп, 2020 жылға қарай білім­ді ел

1. Бүгінгі таңда елімізде стратегиялық бағыттар белгіленіп, 2020 жылға қарай білім­ді ел, саналы экономика және жоғары білікті жұмысшы күшін қалыптастыру межесі көзделіп отыр. Яғни, білім беру ісін дамыту еліміздің келешектегі гүлденуінің басты кілті, тұғырнамасы болуы тиіс. Бұл үшін білім беруді түбегейлі түрде жетілдіру қажет, демек, білімге салынатын қаржының мөлшерлі және тұрақты түрде көбеюі дегеніміз – білім беру сапасының артуы болып шығады. Білім тек экономикалық жағынан тиімді ғана болып қоймай, әлеуметтік тұрғыдан да пайда әкеледі. Елдің даму үдерісінде адами құндылық­тар­дың өркендеуі стратегиялық маңызды мақсат болып саналады. Қазақстандағы қазіргі білім беру жүйесінің көркеюі адам капиталының рөлін бағалауға, тең білім алу мүмкіндіктерін туғызуға, жоғары білім беру стандарттарына қол жеткізуге көңіл бөле отырып жүргізуді қарастырады. Осы орайда Елбасының “Болашақ” бағдарламасы адам капиталын дамытуға зор үлес қосқан жобалардың бірегейі болып табылады. Егеменді елімізді өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, Ыбырай Алтынсарин анықтама беріп кеткендей, “Мектептің басты жүрегі – мұғалім”. Қо­ғам үшін мектеп – білім

мен тәлім-тәр­бие­нің ұясы, келешектің тағдырлар тоғысы, ұрпақтар сабақтастығының тірі куәсі. Мұғалім қандай болса шәкірті де сондай болмақ.

2.Келер шақ — қимыл, іс-әрекеттін дәл казір емес, болашақта істелетінін білдіретін етістік шағы. Келер шақ мағынасы мен формасына қарай үшке бөлінеді:

1. Ауыспалы келер шақ.Ӏс-қимылдын алдағы уакытта анық іске асатынын білдіреді. Ол негізінде етістіктін түбіріне / жұрнақтары жалғану аркылы жасалады: Біз айтқанды орындаймыз.

2. Болжалды келер шақ.Ӏс-кимылдын келешекте іске асуына күмәндануды білдіреді. Етістіктін түбіріне есімшенін -ар/-ер/-р жүрнағы жалғану аркылы жасалады: Әуелі өзіміз барармыз.[1]

3 Мақсатты келер шак. Ӏс-кимылдын мақсатын білдіреді, етістіктін түбіріне есімшенің - мақ/-мек жүрнағының косылуы аркылы жасалады: Олар ауылға қайтпақ.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: