лекция. Математиканы оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері

Математиканы оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері.

1.Математиканы оқытудағы психологиялық процестер.

2. Ойлау іс-әрекетін ұйымдастыру.

1.Математиканы оқытудағы психологиялық процестер

Математика есебінен шығару - ойлау мен елестетуге, зейін мен ынтаға байланысты. Бұл айтылғандардың бәрі психологиялық процестер. Ал ойлау туралы факторлар жасына, қабілетіне, ерік күшіне, іске қызығуына, біліміне, тәрбиеленген ортасына, саналылығына да тәуелді. Демек, әрбір мұғалім ой қызметін зерттейтін психология элементтерін меңгеріп, оны оқыту кезінде пайдалана білуі керек.

Қазіргі зерттеулер бойынша оқушы өз зейінін 3 секундқа ғана тұрақты бағыттай алады. Демек, сабақты түсіндіру барысында ойлау қызметін белсендірмей, мәселені саналы меңгеру мүмкін емес. Әр оқушының назарын керек нәрсеге тұрақты бағыттап отыру да мұғалімнен шеберлікті талап етеді.

Зейін. Психикалық қызметтің бағытталуы мен шоғырлануы зейін деп аталады.

Математиканы оқыту белсенді ойлау қызметін талап өтеді.

“Тыныш, тыныш отыр!” ескертулерін сабақ үстінде пайдалану қозудағы жүйке тамырларын басқанымен, зейінді күшейте алмайды.

Зейінді күшейту үшін тітіркендігіштердің жаңа болуы, контрастылығы, оқушылардың қолдану эмоциясын тудыра алуы қажет. Осы жағдайда ғана зейін ұзақ уақыт (1-2 минут) бағытталады. Сондай-ақ зейінді ұзақ уақыт сақтау үшін, оқушының сол уақытқа сол жұмысқа шамасы келетіндей, тапсырманы орындауға қажет білімі, білігі және дағдылары болуы тиіс. Жұмыстың адамға қажеттігі де, оның табысты аяқталуы да, жұмыстың қызықтыруы да әсер етеді.

Тапсырма қиын болып, сенімді жойса, бірдей әрекеттерге келтірсе және тым қарапайым болса, зейінді әлсіретеді. Мұндай факторларды мұғалім ескерген жпғдайда оқытудың нәтижелі болуына себін тигізеді. Бір мезетте қабылданатын элемент саны зейін көлемі делінеді. Орта есеппен адам 0,1 секундта 9-12 дербес әріп, символ қабылдайды. Байланысты тізбекте ғана 12 не одан көбірек символ, әріп қабылдайды.

Байланысы жоқ, шашыранды элементтердің қабылдануы дда әлсіз, өйткені зйін көлемі аз. Зейін көлемі тірек сигналын жасауда, немесе қызығуды сақтау мен ассоциативтік байланысты орнатуда, немесе еске сақтауды жеңілдетуде падаланатын суретті салу үшін де ескеріледі. Егер зейін тұрақтылығы 3 секундқа созылса, шамамен 270-360 символдық материал қабылданады. Мәнісі: оқушы назарын бір салғанда осынша материалды қабылдай алады деген сөз. Сондай-ақ зейін көлемімен есептеу нәтижесі тақтаға не плакатқа шұбыртып ұзыннан ұзақ жаза беруге болмайтынын көрсетеді. өлшемді жазуды көз жақсы қабылдайды.

Түсіну. Обьективті процесс – ойлау мен мақсатты қызметтің тууы мен қалыптасуын, еске түсіру құбылысын басқа құбылыстармен байланыстырып, мида бейнелеу түсіну болады. Семиотика ілімінше айтсақ, түсіну дегеніміз, меңгеру немесе таңбалық жүйеге мағына беру. Байланыстар көбейген сайын түсіну тереңдей түседі. Материалды түсіну еске сақтауға көмектеседі. Нашар түсінілген материал сақталмайды немесе есте бұрмаланып сақталады. Оқыту процесінде бұрын ерікті еске сақтауға сүйендік. Мәселен, үйге: 5 деп тақтаның оң жақ бұрышына жазып, тапсырма бердік, күнделігіне жаздырып, оны қадағаладық. Сөйтіп, саналы қойылған мақсат пен ерік күші арқылы тапсырманы орындатуға тырыстық. Ақырында, оқушы қыруар күш жұмсап, тез шаршайтын болды. Тапсырмалар көбінесе орындалматын жағдайларға келтірді.

Еріксіз еске сақтауды ескерсек, үйге тапсырма беру әдісін енді өзгертуге тура келді. Мәселе, теореманы дәлелдеудің жоспарын құр, “негізгі ұғымдарды теріп жаз”, “бұрынғы меңгерілген материалды жаңа материалмен салыстыру арқылы бірін-бірі толықтыруын деген сияқты. Мұндай жұмыстарды орындау белсенді ойлау қызметін қажет етеді. В.Ф.Шаталов мұны сабақты өтудің төртінші кезеңінде орындайды: тірек сигналын оқушы материалымен салыстырады. Қорытынды жасайды. Белсенді ойлау қызметін талап ететін, көбіне есеп шығарғанда пайдаланатын, өздік жұмыстың мына түрін қарастырайық.

Әрбір сабақ сайын 10 минуттай уақыт бөліп, шығарылған есепте қоланылатын анықтаманы, қасиетті, теореманы, заңды эеке бетке жаздырып, артынша оны тексеріп отырса, оқушының нақты білімі бірте-бірте молая түседі. Тексерілген жұмыс оқушыға қайтарылып беріледі де, үйде оны қайта толықтырып жазу тапсырылады. Жұмысты орындаған оқушының аты-жөні, күні жазылып хатқалтада (конвертте) сақталады. Хатқалтасын әркім сабаққа келген сайын әкеліп отырады. Жиналған жұмыстарды өзара салыстыру арқылы, оқушының біліміндегі кекмшіліктерді мұғалім күнібұрын біліп, олармен айырмалап жұмыс істейді. Сөйтіп, оқу жылының аяғында не жарты жылдықта, не әрбір тоқсан сайын, мұғалім қажет деп тапқанда, меңгерген ұғымдарды, ережелерді, анықтамаларды, теоремаларды, алгоритмдерді, әдістеді топтайды.

Ұмыту мен қайталау. Халық педагогикасының қағидаларының бірі: қайталау – оқу анасы. Эббигаустың зерттеуі бойынша түсіндірілген материалдың бестен бір бөлігі (шамамен 200) сол заматта, тіпті сол минутта-ақ ұмтылады. Бұдан ұмытылған материалды еске түсіру үшін қайталау қажеттігі туады. Өзгертпей қайталаудан гөрі, өзгертіп қайталау пайдалы екенін психологтар да, мұғалімдер де біледі. Осыдан да дәстүрлік сабақ құрылысынан өткенді қайталау, жаңа сабақты бекіту, тоқсандық қайталау, жаңа сабаққа қажет материалды еске түсіру эдементтері осы уақытқа дейін сабақ кезеңінен түспей келеді.

2. Ойлау қызметін ұйымдастыру

Оқушыларға есте сақтау мен түсіну әдістерін айтумен бірге, оны өздерінің іс-әрекеттерінде басшылыққа алуын қадағалау қажет. Ол үшін:

1) Дем беруші –ынталандырушы буынды пайдалану керек.

Екі ойлаү процесінің аралығында ойды белсендіріп, олардың байланысын ашуға көмектесетін, аралық ойлау процесі-ынталандырушы буын деп аталады. Мәселен, теореманы дәлелдеуде қолданылатын сөйлемдер, схемалар, графиктер, бағытсызықтар-дем беруші буындар. Оны пайдалану материалдарды есте сақтаудың әсерлілігін күшейтеді. Ынталандырушы буынды пайдаланған ойлау қызметінің әдісін есте сақтау әдістері деп атаймыз. Іріленген дидактикалық және функциялық бірлік бұған мүмкіндік береді. В.Ф. Шаталов та мұны өз ісінде басшылыққа алады.

2)Ойша жоспар жасау. Тексті оқытқызып, оқиған көз алдына елестетеміз, әрі бірте-бірте алға жылжимыз. Сөйтіп, жоспар жасатып үйретеміз.

3)Мазмұнды тірек бабын (негізгіні) ажырату. Логикалық бөлім тақырыбын мазмұнды тірек бабы ретінде алуға болады. Олар бірігіп жоспар құрады. Мазмұнды тірек бабы-түсінудің тірегі. Бұл әдіс алгоритмдік әдіске жақын. Мұны автрлар, мұғалімдер жиі пайдаланады. Мәселен, сабақ құрылысын, не тақырып мазмұнын, есепті шығару кезеңдерін еске түсірейік. Материал мазмұнын сипаттайтын әсерлі факторлар, сурет, формула тірек сигналынан –тірек бабынан орын алады.

4)Қайта құру – материалдың мазмұнын бұзбай өзгшерту де түсінуге көмектеседі. Нақтылау, жалпылау, оның бөліктерінің орнын өзгерту де, сызбаны ыңғайлы етіп қайта салу да қайта құруға да жатады. әсіресе бұл жерде тіл қызметі ерекше орын алады.

5)Байланыстыру. Бұрынғы білімнің жаңа біліммен қатысын салыстырып табу – байланыстыру деп аталады.

Іс-әрекет

Сұрақтар:

1.Математиканы оқытудағы психологиялық процестер

2. Математиканы оқыту үдерісіндегі ойлау

Пайданылған әдебиеттер

1.Әбілқасымова А. және т.б. Математиканы оқытудың териясы мен әдістемесі. А, Білім. 1998 ж

2. Бидосов Ә. Математиканы оқыту методикасы. (Жалпы методика). А, Мектеп. 1989ж

3. Рахымбек Д. және т.б. Орта мектепте математиканы оқыту әдістемесіне арналған оқу құралы. Ш, 2003


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: