Силлабус

УНИВЕРСИТЕТІ

ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ КАФЕДРАСЫ

ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

ПӘНІ БОЙЫНША

OZ2217

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Тіс емдеу

мамандығына арналған

КУРС: 2

АЛМАТЫ, 2008

МАЗМҰНЫ:

Силлабус………………………………………………………………………......3

Дәрістер

кешені……………………………………………………………….……………22

Семинарлық сабаққа

арналған әдістемелік нұсқау ……………………………………………………52

Өзіндік жұмысқа

арналған әдістемелік нұсқау …………………………………………….……...65

Бақылау-өлшеуіш құралдар..............……………………………….…………..74

СИЛЛАБУС

Пән Қоғамдық денсаулық сақтау OZ 2217

Мамандығы 051302- «Тіс емдеу»

Кафедра Қоғамдық денсаулық сақтау

Курс 2 Семестр 3

Дәрістер 9 сағат

Тәжірибелік

сабақ 27 сағат

Студенттердің

өзіндік жұмысы 18 сағат

Бақылау формасы дифференциалдық сынақ

2.7. Тақырыптық жоспарлар

Аптаның № Тақырып-тың № Бөлімнің № Дәрістің, тәжірибелік сабақтың, СӨЖ тақырыбы Өткізу формасы және ұзақтығы (сағат) Балл
        д пр. СӨЖ  
      Қоғамдық денсаулық сақтау ғылым саласы және оқыту пәні ретінде. Қоғам денсаулығы, денсаулық деңгейлері және оның көрсеткіштері.        
      Демография, оның әлеуметтік-медициналық аспектілері.        
      Халық аурушылдығы және оны зерттеу әдістері.       6,5
      Стоматологиялық аурушылдық.       1,5
      ҚР денсаулық сақтаудағы ұйымдастыру-құқықтық негіздері.       5,5
      Қала және ауыл тұрғындарына емдеу-профилактикалық көмекті ұйымдастыру.       8,5
ЕМП жұмысын талдау.     6,0
Қала және ауыл тұрғындарына стоматологиялық көмекті ұйымдастыру. Стоматологиялық мекемелердің жұмысын талдау.     1,5
      Аралық бақылау       4,0
      Қазіргі жағдайдағы денсаулық сақтау экономикасы.       7,5
      Денсаулық сақтаудағы менеджмент және маркетинг негіздері.       7,5
      Денсаулық сақтау ісі және азаматтар денсаулығының халықаралық аспектілері.       5,5
      Аралық бақылау       4,0
      Барлығы: 54       60,0
                       
                                 

2.8. СӨЖ арналған тапсырмалар

Аптаның № Тақырып-тың № Бөлімнің № СӨЖ тақырыбы Сағат Балл
      Маңызды жұқпалы емес аурулардың медициналық-әлеуметтік аспектілері.    
      Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Қазақстан Республикасының заңдары.    
      Ана мен баланы қорғау.    
      Дәрігерлік-еңбектік сараптау. Уақытша және тұрақты еңбекке жарамсыздықты сараптау.    
      Денсаулық сақтауды жоспарлау және қаржыландыру.    
      Маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыру.    
      Шет елдердегі денсаулық сақтау.    
      Барлығы:    

1- ші тақырып.

ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҒЫЛЫМНЫҢ САЛАСЫ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ПӘНІ РЕТІНДЕ. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ, ДЕНСАУЛЫҚ ДЕҢГЕЙЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ.

Мақсаты: Студенттерде «қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау» пәні туралы жалпы ұғым болу керек, негізгі түсніктерін, бөлімдерін және әдістерін білуі керек.

Денсаулық (Health) – БДҰ Уставы бойынша, тек қана аурудың немесе дене ақауларының болмауы ғана емес, бұл физикалық, психикалық және әлеуметтік толық аман есендік (ДДҰ Устав, 1948). БДҰ принципі бойынша «ең жоғарғы денсаулық деңгейіне қол жеткізу әр адамның негізгі құқығы болып табылады».

Физикалық денсаулық (Physical health) – бұл өмір сапасына қол жеткізуді, қоғамның салауаттылығы мен қоғамдық денсаулықты сақтау және нығайтуды қамтамасыз ететін жеке индивидуумның, адамдар тобы немесе жалпы қоғамның физикалық даму деңгейімен, физикалық мүмкіндіктермен және бейімделу қабілетімен сипатталатын жағдай.

Психикалық денсаулық (Mental health) – бұл психикалық құбылыстардың детерминациялығы, нақты жағдайларды бейнелеу мен индивидуумның оған көзқарасы арасындағы үйлесімді байланыс, ағзаның әлеуметтік, психологиялық және физикалық (биологиялық) өмір сүру жағдайларына адекватты реакциясымен, жеке тұлғаның өз іс-әрекетін басқара білуі, микро- және макроәлеуметтік ортада өзінің өмір жолын жоспарлап, жүзеге асыра білу қасиеттері тән психикалық іс-әрекеттің қозғалмалық үрдісімен сипатталатын жағдай.

Денсаулықтың бірнеше деңгейлерін ажыратады: жеке денсаулық – жеке адамның денсаулығы; топтық денсаулық – қандай да бір белгі бойынша біріктірілген адамдардың денсаулық сиппаттамасының жиынтығы: жанұя, еңбек ұжымдары, студенттер және тағы басқалар; аймақтық денсаулық – белгілі бір территорияда өмір сүретін адамдар денсаулығы сипппатамасының жиынтығы және қоғамдық денсаулық - ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін медициналық-әлеуметтік ресурс және қоғамдық потенциал.

Қоғамдық денсаулық факторлардың кешенді әсеріне байланысты, бұл факторларды бірнеше топқа біріктіруге болады: саяси (мемлекеттік әлеуметтік саясат, денсаулық сақтау саласындағы саясат, денсаулық сақтау жүйесін мемлекеттік реттеу, денсаулық сақтау саласындағы құқықтық актілер және т.б.); әлеуметтік-экономикалық (тұрғындарға есептелетін ішкі жалпы өнім, денсаулық сақтау жүйесінің қаржыландырылуы, еңбек және тұрмыс жағдайы, денсаулық сақтау жүйесінің ұйымдастырылуы, өмір сүру салты және т.б.); табиғи-климаттық, экологиялық (қоршаған орта жағдайы және ластануы); биологиялық (жасы, жынысы, тұқым қуалаушылық, ұлты, конституция, жүйке жүйесінің типі және т.б.)

БДҰ денсаулықты адамның негізгі құқықтарының бірі ретінде қарастырады. Барлық адамдарға денсаулықты қамтамасыз ететін қажетті ресурстар қол жетімді болуы тиіс.

Денсаулық барлығына (Health for all) – әлемдегі барлық адамдардың денсаулық деңгейі белсенді өндірістік, әлеуметтік және жеке өмір сүруге мүмкіндік беретін деңгейге қол жеткізуге бағытталған БДҰ саясаты.

«Алдағы он жылдықтағы үкімет пен БДҰ негізгі әлеуметтік міндеті Жердегі барлық адамдардың денсаулығы әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан өнімді өмір сүруге мүмкіндік беретін деңгейге қол жеткізуі».

Европалық аймақта «Денсаулық 21: Европалық аймақта денсаулық барлығы үшін жетуге бағытталған саясатының негіздері» құжаты қабылданды. Денсаулық барлығына әр елде әлеуметтік және экономикалық сипатына, денсаулық жағдайы мен тұрғындардың өлім көрсеткішіне, денсаулық сақтау және денсаулықты қорғау жүйесінің даму деңгейі мен статусына сәйкес әркелкі талданады.

Қоғамдық денсаулық сақтау (Public Health system) –тұрғындардың денсаулығын сақтау және нығайту концепциясын, ауру мен жарақаттардың алдын алу, белсенді өмір сүру ұзақтығын және еңбекке қабілеттілікті қоғамның күшін біріктіру арқылы арттыруды жүзеге асыруға бағытталған, іс әрекеті медициналық және медициналық емес сипаттағы құрылымдарды қамтамасыз ететін ғылыми және практикалық шаралар жүйесі.

Қазіргі жағдайда пәннің мазмұны қацта қарауды және толықтыруларды, сонымен қатар денсаулық сақтаудың заң шығару негіздерін өңдеу, өзгерген әлеуметтік-экономикалық жағдайларда қоғамдық денсаулықтың тенденциясын зерттеу, денсаулық сақтау іс-әрекетін экономикалық негіздеу, медициналық көмек сапасын басқару және т.б.қажет етеді.

Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау (1995 ж.) бойынша жаңа денсаулық сақтау – бұл денсаулықты нығайту, аурудың алдын алу, әлеуметтік әділеттілікті қолдау интеграцияланған денсаулық сақтау саясатын дамытуға бағытталған қоғамның ұйымдасқан күш салуы.

Егер ХХ ғасырда жоғарғы инфекциялық аурулық, масштабты және жергілікті тоқтаусыз соғыстардың салдарынан хирургиялық көмекке жоғарғы қажеттілік, аналар және сәбилер өлімінің жоғары деңгейі алдыңғы орындарда болған болса, бұл қажеттіліктерді экономикалық дамыған елдердерде, соның ішінде Қазақстанда жалпы түрде шешілді деуге болады. Аса қауіпті жұқпалы аурулар жойылды, басқа инфекциялық аурулардың таралуы төмендеді, тұрғындардың өлім деңгейі азайды, орташа өмір ұзақтығы артты.

ХХI ғасырдағы денсаулық сақтаудың жаңа моделі жаңа өмір талаптарына сай болуы керек, соның ішінде өмір салтымен байланысты аурулар (ең бірінші орында қан айналым жүйесі аурулары, қатерлі ісіктер, тыны салу жүйесі аурулары, жарақаттар және уланулар); адамның қауіпті жүріс-тұрысына байланысты аурулар (жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, ЖИТС, нашақорлық); адамның өмір сүру ортасының бұзылуымен байланысты аурулар; миграцияға, әлеуметтік шиеленіске байланысты аурулар; бұрын белгісіз аурулар: ауыр жедел респираторлық синдром (атиптік пневмония), құс тұмауы және т.б.

Қоғамдық денсаулық сақтаудың негізгі бөлімдері: медицина тарихы және денсаулық сақтау; денсаулық сақтаудың теориялық негіздері және ұйымдастырылу принциптері; тұрғындар денсаулығын қорғаудың негізгі заңдылықтары; дәрігерлік этика және деонтология (биоэтика); медицина және денсаулық сақтау теориялары; биомедициналық статистика; тұрғындар денсаулығы және оны зерттеу әдістері; демография; тұрғындар аурулығы; емдік-профилактикалық көмекті ұйымдастыру; аналар мен балалар денсаулығын қорғау; әлеуметтік және медициналық сақтандыру; дәрігерлік-еңбектік сараптама; маңызды аурулар және олардың медициналық-әлеуметтік маңызы; санитарлық-эпидемиологиялық қызмет; санитарлық ағарту және салауатты өмір салтын қалыптастыру; денсаулық сақтау экономикасы; денсаулық сақтауды жоспарлау; денсаулық сақтауды қаржыландыру; денсаулық сақтауды басқару (менеджмент); денсаулық сақтау маркетингі; медициналық социология; медициналық білім беру; халықаралық денсаулық сақтау.

Қоғамдық денсаулық сақтаудың негізгі әдістері: ақпаратты-аналитикалық, статистикалық, социологиялық, экономикалық, ұйымдастыру эксперименттік, тарихи, эпидемиологиялық, медициналық-географиялық, эксперттік бағалау, математикалық моделдей және т.б.

Әдебиеттер:

1. Аканов А.А., Девятко В.Н., Кульжанов М.К. Общественное здравоохранение в Казахстане: концепция, проблемы и перспективы. –Алматы, 2001.– 100 с.

2. Камалиев М.А., Бигалиева Р.К., Хабиева Т.Х. История народной медицины и общественного здравоохранения Казахстана. – Алматы, 2004. – 173 с.

3. Лисицын Ю.П., Полунина Н.В. Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник. – М., 2002.– 416 с.

4. Тульчинский Т.К., Варавикова Е.А. Новое общественное здравоохранение: Введение в современную науку. – Иерусалим, 1999.– 1049 с.

5. Юрьев В.К., Куценко Г.И. Общественное здоровье и здравоохранение. – С.-Петербург, 2000.– 914 с.

Бақылау сұрақтары:

1. Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтауға анықтама беріңіз

2. Денсаулықтың деңгейлерін көрсетіңіз

3. Тұрғындар денсаулығына қандай факторлар әсер етеді?

4. Пәннің негізгі бөлімдерін атаңыз

5. Пәннің негізгі әдістерін атаңыз

2- ші тақырып.

ДЕМОГРАФИЯ. ОНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-МЕДИЦИНАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Мақсаты: Студенттер медициналық-демографиялық жағдайды бағалауды және есептеу тәсілдерін білуі керек

Демография (грек тілінен аударғанда demos – халық) – халық туралы және оның қоғамдық дамуы туралы ғылым. Демографиялық статистика (тұрғындар статистикасы) ежелгі уақыттан бері белгілі, біздің эрамызға дейін ежелгі Египетте, Вавилон, Қитай, Рим және басқа елдерде тұрғындар санын тіркеу жүргізілген.

Медициналық демография – бұл халықтың механикалық және табиғи қозғалысы процесіне медициналық-әлеуметтік факторлардың әсерін зерттейтін және тұрғындар денсаулығының көрсеткіштерін жақсартуға арналған ұсыныстарды өңдейтін ғылым. Демографиялық статистика көрсеткіштері тұрғындар денсаулығын бағалауда; көбею заңдылықтарын; тұрғындар саны мен құрылымы негізінде денсаулық сақтау кадрлары мен ұйымдарын жоспарлау, орналастыру және болжауда; медициналық-әлеуметтік шаралардың тиімділігін бағалауда кеңінен қолданылады.

Демография статика (халықтың сандық және сапалық құрамын), динамика – халықтың өзгерушілігін: механикалық (миграция) және табиғи (көбею) зерттейді.

Статика белгілі бір уақытқа сәйкес халық санын, орналасуын, жасы, жынысы, ұлты, әлеуметтік және кәсіптік тобы және т.б. белгілеріне сәйкес таралуын сипаттайды, оларды тіркеу кезеңді түрде жүргізілетін халық санағы арқылы жүзеге асырылады. Негізінде халық санағы он жылда бір рет жүргізіліп отырады. Халық санағына қойылатын негізгі талаптарға жатады: жалпылылық, санақ бағдарламасының болуы және оның бірлігі, әрбір жеке адамнан белгіні тіркеу, мәліметті тікелей халықтан жинау, бақылаудың экспедициялық әдісі, санақтың біркезділігі, санақтың орталықтандырылуы, мәліметтерді автоматы түрде өңдеу, мәліметтерді тұтас жинау әдісін мәліметтердің қосымша іріктелген жинау әдісімен тіркестіру, санақ құпиясын сақтау.

Халық миграциясы бұл халықтың әкімшілік территория ішінде орын (ішкі миграция) немесе одан тыс жерлерге (эммиграция, иммиграция) ауыстыруы. Миграциялық процестер келесі түрде болуы мүмкін: жеке немесе жалпы көшу; ұйымдасқан немесе ұйымдаспаған (стихиялық) көшу; қайтымсыз және тұрақты мекен-жайын уақытша өзгерту; маусымдық миграция (белгілі бір жыл мезгіліде көшу, жиі жазда); маятник тәрізді миграция (басқа елді-мекеннен оқуға немесе жұмыс орнына күнделікті бару).

Халы қтың табиғи қозғалысы - бұл туу және өлу, халықтың табиғи өсімі, неке және ажырасулар тәрізді демографиялық құбылыстардың жиынтығы.

Туу көрсеткіші календарлық жылда тірі туылғандардың санын бір жылдағы халықтың орташа санына бөліп, 1000 көбейту арқылы есептейді.

БДҰ анықтамасы бойынша тірі туылған деп жүктілік ұзақтылығының мерзіміне байланыссыз ана ағзасынан ұрықтандыру өнімінің толық шығарылуы немесе алынуын айтады, осындай жолмен бөлініп алынған ұрық бұдан соң тыныс алады немесе жүрек соғуы, кіндік пульсациясы немесе ерікті бұлшықет қимылы тәрізді тіршілік белгілерін көрсетуін атайды. Тіршілікке қабілетті деп жүктіліктің кез келген мерзімінде туылған ұрықты есептейді. Өлі туылған деп жүктілік мерзіміне байланыссыз ана ағзасынан ұрықтандыру өнімінің толық шығарылуға немесе алынуға дейінгі өлімін есептейді.

Қазақстанда тірі туылған деп жүктіліктің 28 аптасынан немесе одан жоғары мерзімдегі (яғни ұрық ұзындығы 35 см және одан жоғары, дене салмағы 1000 грамм және одан көп) ана ағзасынан ұрықтың толық шығарылуы немесе бөлінуін есептейді, ана денесінен бөлінген ұрық бұдан соң тыныс алады немесе жүрек соғуы, кіндік пульсациясы немесе ерікті бұлшықет қимылы тәрізді тіршілік белгілерін көрсетеді немесе жүктіліктің 28 аптасына дейін туылған (яғни ұрық ұзындығы 35 см аз және дене салмағы 1000 гр төмен) ұрықтың туғаннан соң 7 тәуліктен (168 сағат) көп өмір сүруін есептейді. Тіршілікке қабілетті деп туылу кезінде тыныс алу белгілері бар нәрестені есептейді. Тыныстың болмауы немесе реанимациялық шаралардың нәтижесінде 15 минут ішінде қалпына келмеуі өлі туылуды көрсетеді.

Өлі туылған деп жүктіліктің 28 аптасынан немесе одан жоғары мерзімдегі ұзындығы 35 см және одан жоғары, дене салмағы 1000 грамм және одан көп ұрықтың ана ағзасынан толық шығарылға немесе бөлінуге дейінгі өлімін есептейді. Тірі және өлі туу критерилерінің әркелкілігі басқа елдермен мәліметтерді салыстыру мен сараптауды қиындатады. Қазақстанда БДҰ тірі туу критериіне көшу жоспарлануда.

Өлім көрсеткішін бір жылдағы өлгендер санын халықтың орташа жылдық санына бөліп, 1000 көбейту арқылы есептейді. Өлім көрсеткішін талдағанда, жалпы көрсеткіштермен бірге арнайы көрсеткіштер де есептеледі, мысалы жасына, жынысына, кәсібіне және т.б. байланысты өлім көрсеткішін есептеген кезде белгілі бір жастағы (немесе жынысы, кәсібі) өлгендер санын сол жастағы (немесе жыныс, кәсіп) халықтың орташа жылдық санына бөліп, 1000 көбейту арқылы есептейді. Қазіргі кезде экономикалық дамыған елдердегі халық өлімі себептерінің құрылымында қан айналым жүйесі аурулары, қатерлі ісіктер, жарақаттар басым. Қан айналым жүйесі ауруларынан ер адамдардың өлуі барлық жас топтарында жоғары.

ЮНИСЕФ анықтамасы бойынша балалар өлімі балалардың салауаттылығын сипаттайды және бір жыл ішіндегі 1 жастан 5 жасқа дейінгі өлген балалар санынын тірі туылғандар санына қатынасы, 1000 көбейту арқылы есептейді. Балалар өлімінің негізгі себептеріне жатады: тыныс алу жүйелерінің аурулары және инфекциялар, оның ішінде басты орында ішек инфекциялары, сепсис және менингиттер. Балалар өлімі мен тамақтанудың бұзылуы, анемия, емшекпен қоректендірдің болмауы немесе ерте тоқтату арасында байланыс анықталған.

Қайғылы оқиғалар – жол-көлік жарақаттары, термиялық және химиялық күйіктер, биіктен құлау үлесі орасан. Көп жағдайда қайғылы оқиғаларға ер балалар көбірек ұшырайды. Осы жас кезеңінде ауылдық жерлерде өлім жағдайының жоғарғы көрсеткіші тіркелген.

Сәбилер өлімі халықтың әлеуметтік салауаттылығығын, медициналық-әлеуметтік көмектің деңгейі мен сапасын, акушерлік-гинекологиялық және педиатриялық көмектің тиімділігін бағалайтын оперативті критерий және индикатор болып саналады. Сәбилер өлім көрсеткіші осы календарлық жылдағы 1 жасқа толмай өлгендер санын осы жылдағы тірі туылғандар санына бөліп, 1000 көбейту арқылы есептейді. Туу көрсеткішінің айқын тербелісі кезінде былтырғы туылғандар санына нақты есептеу жүргізіледі – 1 жасқа толмай өлгендер санын биыл туылғандардың 2/3 мен былтыр туылғандардың 1/3 қосындысына бөліп, 1000 көбейту арқылы есептейді. Қазақстан Республикасындағы сәбилер өлімінің себептері: перинатальды кезеңде туындайтын жағдайлар; туа пайда болған ақаулар; тыны салу жүйесінің аурулары; қайғылы жағдайлар; улану және жарақаттар, инфекциялық және паразитарлық аурулар.

Табиғи өсім - 1000 тұрғынға есептегендегі туу және өлім көрсеткіштерінің айырмашылығы. Егер туу көрсеткіші өлім көрсеткішінен басым болса оң деп бағаланады; теріс, егер өлім туу деңгейінен жоғары және нольдік. Егер туу көрсеткішінің төмендеуі фонында өлім көрсеткішінің деңгейі артса, онда депопуляция процесі немесе «демографиялық қиылысу» деп атайды.

Әдебиеттер:

1. Аканов А.А., Девятко В.Н., Кульжанов М.К. Общественное здравоохранение в Казахстане: концепция, проблемы и перспективы. –Алматы, 2001.– 100 с.

2. Лисицын Ю.П., Полунина Н.В. Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник. – М., 2002.– 416 с.

3. Сакбаев О.С., Вагнер А.В. Совершенствование методологии изучения и оценки здоровья населения. – Алматы, 1995. - 364 с.

4. Юрьев В.К., Куценко Г.И. Общественное здоровье и здравоохранение. – С.-Петербург, 2000.– 914 с.

Бақылау сұрақтары:

1. Медициналық демография нені зерттейді?

2. Халық статикасына не кіреді?

3. Халықтың табиғи қозғалысына нелер жатады?

4. Халық өлімінің құрылымын көрсетіңіз?

5. Сәбилер өлімінің себептерін атаңыз?

3- ші тақырып.

ХАЛЫҚ АУРУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

Мақсаты: Студенттер халық аурулығын бағалау және есептеу әдістерін білуі керек.

Аурулы қ – халық арасында аурудың таралуы.

Алғашқы аурулық (ауру сырқаулық) халық арасындағы жаңа, бұрын еш жерде тіркелмеген және биылғы календарлық жылда алғаш рет анықталған аурулардың жиынтығы.

Жалпы аурулық – бұл биылғы жылы бірінші реет анықталған аурулар мен өткен жылы анықталып, биылғы жылы сол аурудың салдарынан бірінші рет қаралған халық арасындағы барлық аурулардың жиынтығы.

Медициналық тексеру мәліметі бойынша аурулық (патологиялық зақымдалу) дәрігерлік қарауда айқындалған аурулар мен түрлі морфологиялық және функционалдық өзгерістердің жиынтығы.

Аурулар диагнозы мен өлім себептерін унификациялау, оларды статистикалық тіркеу, аурулардың ішкі және халықаралық таралу деңгейлерін салыстыру, ақпараттық база құрастыру мақсатында Халықаралық жіктелу ұсынылды, ол қайта қаралып және толықтырылып отырады. 1996 ж. БДҰ 43-ші халықаралық конференциясында аурулар мен денсаулыққа байланысты мәселелердің Халықаралық статистикалық жіктелуінің (қысқаша ХАЖ-10) Х қаралымы бекітілді. Жалпы этиологиясы, патогенезі, орналасуы бойынша біріктірілген аурулар негізінде әріппен белгіленген 21 класс қалыптастырылды. Әрбір класста үш мәнді рубрикадан тұратын, оның біріншісі әріп, екеуі санмен белгіленген100 ауру тобы бар. Үш мәнді рубрикадан құралған әр топ 10 ауру кодына немесе ауру тобына бөлінеді. ХАЖ-10 төрт мәнді рубриканы қолданғанда шамамен 25000 ауруды, үш мәнді рубриканы қолданғанда шамамен 2500 ауруды индивидуализациялауға мүмкіндік береді.

Халық аурулығы жөніндегі мәліметтер халық арасында таралған аурулардың деңгейі мен құрылымын анықтауға, қауіп- қатер факторларын табуға, емдік-профилактикалық шараларды ендіру тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Олар денсаулық сақтау ұйымдары мен органдарына жедел басқару, күнделікті және перспективті жоспарлау, жалпы денсаулық сақтау жүйесін немесе жеке мекемелерді жетілдіру үшін қажет.

Аурулықты зерттеу статистикалық зерттеудердің жалпы қабылданған схемасы және қатаң кезекті этаптар бойынша жүргізіледі.

Халық аурулығын бағалау үшін 1000. 10000, 100000 тұрғынға есептеліп шығарылған орташа жылдық халық санына қатысты аурулар саны ретінде есептелген көрсеткіштер қолданылады.

Аурулықта себеп-салдарлық байланысты анықтау үшін халықтың құрамын (жасы, жынысы, жанұя жағдайы, әлеуметтік статусы және т.б.) ескеру қажет.

Басқа статистикалық зерттеулер тәрізді аурулықты зерттеу әдістері жаппай немесе таңдамалы болады. Жеке территориядағы немесе оның жеке топтарында халық аурулығын зерттеу әдісін таңдау зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сай анықталады. Аурулықтың деңгейі, құрылымы және динамикасы жөніндегі бағдарлық мәліметті емдік-профилактикалық мекемелердің есебінен немесе жаппай әдісті қолданатын басқару органдарының есептерінен алуға болады. Аурулық заңдылығын және себеп-салдарлық байланысты терең анықтау үшін таңдамалы әдіс кезінде алғашқы тіркеу құжатынан қажетті мәліметтерді статистикалық картаға көшіру арқылы анықтауға болады.

Халықтың және оның жеке топтарының аурулық деңгейін, құрылымы мен динамикасын бағалау кезінде көрсеткіштерді республика, облыс, район, қала көрсеткіштерімен салыстыру қажет.

Аурулықты зерттеудің негізгі әдістеріне жатады:

- емдік-профилактикалық мекемелерге өз бетімен қаралуы бойынша

- өлім себептері мәліметтері бойынша (Өлім туралы дәрігер куәлігі (106/т)

- медициналық тексеру мәліметтері бойынша (профилактикалық тексерулерді тіркеу картасы (131/т)

Осындай көздерден алынған халық аурулығы туралы мәліметтер толық болып келмейді, ол көптеген факторлар кешеніне тәуелді.

Халық аурулығын зерттеу көздерінің әрқайсысының артықшылығымен қоса кемшіліктері де бар.

Зерттеу әдістері Артықшылығы Кемшілігі
1. Емдік–профилактикалық мекемелерге қаралу мәліметтері бойынша Емдік-профилактикалық мекемелерге қаралған барлық халық ескеріледі Емдік-профилактикалық мекемелерге қаралмаған тұрғындар ескерілмейді
2. Өлім себептері мәліметтері бойынша Нақты ауруды және өлім себебін идентификациялауға мүмкіндік береді Науқастың өліміне әкелмеген ауру ескерілмейді
3. Медициналық тексеру мәліметтері бойынша Тек қана манифестті формадағы ауруды ғана емес, сонымен қатар аз немесе асимптомды ауруларды, преморбидті формаларын, морфологиялық және функциональдық ауытқуларды анықтауға мүмкіндік береді Барлық халық медициналық тексерулермен қамтылмаған. Медициналық тексеруді ұйымдастыру көлемді ресурстық қамтамасыз етуді қажет етеді

Әрбір ауру сәйкесінше тіркеу мен есепке алудың қабылданған талаптарына сай міндетті түрде тіркеуге алынады.

Өз бетімен қаралу бойынша аурулықты тіркеу медициналық көмекті қажет еткен пациенттің қаралу орнына сәйкес жүргізіледі:

- амбулаторлық-емханалық ұйымдарға қаралғанда – амбулаторлық науқастың медициналық картасы (025/т), қорытынды (анықталған) диагноз тіркелген статистикалық талон (025/2т), амбулаторлық пациенттің статистикалық картасы (025-05/т).

- стационарда - стационарлық науқастың медициналық картасы (003/т), аурудың стационардан шыққан картасы (066/т)

- диспансерге – венерологиялық ауруы бар науқастың медициналық картасы (065/т), саңырауқұлақ ауруы бар науқастың медициналық картасы (065/1т), туберкулезбен ауыратын науқастың медициналық картасы (081/т)

- жедел жәрдемге – жедел және шұғыл медициналық көмекті шақыру картасы (110/т), медициналық көмек станциясының жолдама парағы (114/т).

Әдебиеттер:

1. Аканов А.А., Девятко В.Н., Кульжанов М.К. Общественное здравоохранение в Казахстане: концепция, проблемы и перспективы. –Алматы, 2001.– 100 с.

2. Лисицын Ю.П., Полунина Н.В. Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник. – М., 2002.– 416 с.

3. Медик В.А. Заболеваемость населения: история, современное состояние и методология изучения. – М., 2003. – 512 с.

4. Сакбаев О.С., Вагнер А.В. Совершенствование методологии изучения и оценки здоровья населения. – Алматы, 1995. - 364 с.

5. Юрьев В.К., Куценко Г.И. Общественное здоровье и здравоохранение. – С.-Петербург, 2000.– 914 с.

Бақылау сұрақтары

1. халық аурулығының негізгі түрлерін атаңыз?

2. Жалпы және алғашқы аурулық көрсеткіштері қалай есептеледі?

3. Халық аурулығы қандай әдістермен зерттеледі?

4. Аурулықты зерттеудің артықшылығы мен кемшіліктерін атаңыз?

5. Аурулар мен денсаулықпен байланысты мәселелердің Халықаралық жіктелуінің мәні неде?

4- ші тақырып.

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Мақсаты: Студенттер Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау жүйесін реттеудің негізгі заңдылық принциптерін білуі қажет.

Қазақстан Республикасында азаматтар денсаулығын қорғау сұрақтарын реттейтін негізгі құқықтық актілер болып табылады: ҚР конституциясы, «Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» ҚР заңы, «Денсаулық сақтау жүйесі» туралы ҚР заңы, «Азаматтардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» ҚР заңы, «Психиатриялық жәрдем және оны көрсеткен кезде азаматтардың құқықтарына берілетін кепілдіктер туралы» ҚР заңы, «ЖИТС-ауруының алдын алу шаралары туралы» ҚР заңы, «Дәрі-дәрмектік заттар туралы» ҚР заңы, нұсқаулар және халық денсаулығын қорғау сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің басқа да нормативтік актілері.

Аталған денсаулықты қорғау және денсаулық сақтау заңдарынан басқа ҚР азаматтардың конституциялық құқтарына қатысты басқа да құқықтық және нормативтік құжаттар бар. Оларға жатады: қылмыстық заңдар, еңбек заңдары: «Қазақстан Республикасының еңбек туралы» ҚР заңы, «Еңбек туралы кодекс», әкімшілік заңдар: Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР кодексі, неке және жанұя заңдары, қоршаған ортаны қорғау заңдары және т.б.

«Қазақстан-2030» «Өркендеу, қауіпсіздік және барлық қазақстандықтардың салауаттылығын арттыру» стратегиясы. Ұзақ мерзімді приоритеті 4. «Денсаулық, білім беру және азаматтардың салауаттылығы». Осы мақсатты жүзеге асыруда стратегия келесі компоненттерден тұрады: аурулардың алдын алу және салауатты өмір сүру салтына жағдай жасау, нашақорлық және наркобизнеспен күрес, ішімдік ішу және темекі шегуді қысқарту, ана мен бала денсаулығын жақсарту, ана мен бала денсаулығын қорғау, тамақтану сапасын арттыру, экология және қоршаған орта тазалығы, таза ауыз сумен қамтамасыз ету, гигиена және санитария ережелерін сақтау.

Қазақстан Республикасының Конституциясы (30.08.1995 ж), 29 бап.

1. Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.

2. Республика азаматтары заңмен белгіленген кепілді медициналық көмек көлемін тегін алуға хақылы.

3. Мемлекеттік және жекеменшік емдеу мекемелерінде, сондай-ақ жеке медициналық практикамен айналысушы адамдардан ақылы медициналық жәрдем алу заңда белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүргізіледі.

«Қазақсан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» ҚР заңы (07.07.2006 ж.) Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді, мемлекеттік органдардың, меншік нысандарына қарамастан жеке және заңды тұлғалардың денсаулық сақтау жөнінде азаматтардың Конституциялық құқығын іске асыруға қатысуын реттейді.

Заң негізі ретінде Адам құқығының жалпы декларациясы халықаралық нормалары, БДҰ негізге алынатын құжаттары, балалар құқығы туралы Конвенция және т.б. қолданылды. Алғаш рет денсаулықты қорғау сферасында азаматтардың міндеттері институты бекітілді. Республика экономикасының нарықтық қатынастарға көшуіне орай меншіктің әр түріне негізделген медициналық көмекті дамытуға акцент жасалды: мемлекеттік, жеке ұжымдық. Салауатты конкуренция жағдайында медициналық қызмет нарығының сапасы мен көп түрлілігіне жағдай жасай отырып, әлеуметтік-қорғалмаған халық тобын кепілді мемлекеттік медициналық мекемелер қызметімен қамтамасыз ету көзделген.

«Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының заңы денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және азаматтардың денсаулық сақтауға арналған конституциялық құқықтарын іске асыру және олардың сақталу кепілдігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесі қызметінің құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді.

Заңда денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мен міндеттері (3 бап) анықталған. Заңда азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтарын қамтамасыз етудің кепілдіктері (Бап 5) көрсетілген: тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға, алғашқы медициналық-санитарлық көмекке бірдейқол жеткізуіне, санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылыққа, дәрілік заттармен, медициналық және санитарлық-гигиеналық мамақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етілуіне, біріңғай медициналық стандарттар бойынша тегін және ақылы негізде көрсетілетін медициналық көмектің сапасына, мазмұнына және көлеміне, кәсіпкерлік қызмет еркіндігі құқығына кепілдік береді.

Сонымен қатар заңда денсаулық сақтау ұйымдары мен жеке медициналық практикамен айналысатын физикалық тұлғаларға міндетті денсаулық саласындағы стандарттар (13 бап) анықталған. Медициналық қызметпен айналысу үшін лицензиялау (10-бап), денсаулық сақтау ұйымдарын аккредитациялау міндетті болып табылады. Заңда медициналық қызметтің 12 түрі (19-бап), медициналық көмектің 4 түрі (20 бап), медициналық көмек көрсету нысандарының 6 формасы (26 бап) анықталған. Азаматтардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз етудің құрам бөлігіне медициналық сараптама қызметі жатады. Заңда медициналық сараптаманың 8 түрі анықталған (35 бап), медициналық сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін денсаулық саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

«Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» ҚР заңы (04.12.2002 ж.) ҚР халқының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етудің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларын айқындайды.

Заңда халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етудің міндеттері мен принциптері анықталған:

1. азаматтардың денсаулығын сақтауға, тіршілік етудің қолайлы жағдайларына және санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылыққа құқықтары мен міндеттерін іске асыру;

2. халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметтің профилактикалық сипаты, тіршілік ету ортасы факторларының халық денсаулығына зиянды әсер етуінің алдын алу;

3. халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы жариялылық;

4. санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шараларды орындау және лауазымды, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңдарын міндетті түрде сақтауы;

5. халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ететін іс-шаралардың ғылыми-практикалық негізділігі;

6. Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік;

7. жеке және заңды тұлғалар ҚР халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңдарын бұзу салдарынан адамның немесе бір топ адамдардың денсаулығына келтірген залалын өтеу міндеттілігі болып табылады.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы

2. Назарбаев Н. Послание Президента страны народу Казахстана «Казахстан 2030» Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев.- Алматы, 1999. - 67 с.

3. О здравоохранении в Республике Казахстан: Основные законодательные акты. – Алматы: ЮРИСТ, 2004. – 182 с.

4. Охрана здоровья граждан в Республике Казахстан. Сборник законодательных и нормативных правовых актов Республике Казахстан по вопросам охраны здоровья граждан / Под редакцией Девятко В.Н., Аканова А.А. – Алматы, 1997.– 440 с.

5. Сагиндыкова А.Н. Конституционно-правовые проблемы охраны здоровья граждан в Республике Казахстан. – Алматы, 1997. – 167 с.

Бақылау сұрақтары:

1. ҚР денсаулық сақтау туралы негізгі заң актілерін атаңыз?

2. Денсаулықты сақтаудың конституциялық құқығы мәні неде?

3. «Қазақстан-2030» стратегиясында денсаулық приоритеті мазмұны неде?

4. Денсаулық сақтау заңдарымен қандай қатынастар реттеледі?

5. Денсаулық сақтауды заңдық реттеуде қандай құқық салалары қатысады?

5- ші тақырып.

Стоматологиялық аурушылдық

Мақсаты: Халық денсаулық жағдайын зерттеудегі аурушылдық статистикасының маңызын көрсету. Медициналық көмекке өздігінен келуі бойынша аурушылдықты зерттеудің негізгі тіркеу-оперативтік құжаттары және жекелеген ауру түрлерін, соның ішінде стоматологиялық аурушылдықты арнайы тіркеуге алу. Профилактикалық байқау және өлім себептері бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық аурушылдығын зерттеу. Қазақстандағы стоматологиялық көмектің дамуын, мамандарды даярлау және стоматологиялық көмектің номенклатурасын сипаттау. Халықты дәрігер-стоматологтармен және стационарлық көмекпен қамтамасыз ету сұрақтарын ашып қарастыру. Республикадағы стоматологиялық аурушылдыққа, оның аймақтық ерекшеліктеріне сипаттама жасау.

Қазақстандағы стоматологиялық көмектің дамуы.

Стоматологиялық дәрігерлерді дайындау.

Қазақстанның қазіргі территориясындағы халыққа арнайы стоматологиялық көмек жөніндегі алғашқы мәліметтер 1896 жылмен белгіленеді. Бұл Бочкарева Е.В. және Бурвассер М.Ш. тіс дәрігерлері еді. 1913 жылға дейін Қазақстанда Ресейден келген 31 дәрігер болды да 1 дәрігерге 180 547 халық саны келді.

1959 жылдың шілдесінде ҚазКСР Денсаулық сақтау министрлігінің

№ 245 бұйрығымен республикада 100 студент оқытатын стоматологиялық факультет ашылды. Бұл жағдай жалпы стоматологиялық білімнің дамуындағы маңызды қадам болды. Факультеттің ұйымдастырылуы мен дамуы барысында мынадай тамаша адамдар тұрды: профессор Карынбаев С.Р., Насыбулина Х.К., Самарин Р.И. Олар студенттерді қабылдап оқу процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етті.

Сонымен қазақстандық стоматологиялық мектептің қалптасуын мынадай сатыларға бөлуге болады: бірінші сатыда қалыптасу көрші республикалардың медициналық жоо, практикалық денсаулық мамандарын шақырту есебінен жүргізілді; екінші сатыда – өзіміздің жоғары білікті мамандарды даярлау жүргізілді; үшінші саты – С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ базасында Диссертациялық кеңестің құрылуы.

Стоматологиялық мекемелердің номенклатурасы (республикалық, областық, қалалық, ауылдық стоматологиялық мекемелер).

Халыққа стоматологиялық көмек келесі медициналық мекемелермен көрсетіледі: 1.Қалалық стоматологиялық емхана. 2.Қалалық, айдандық, балалар емханасының стоматологиялық бөлімі (кабинеті) 3. Қалалық аурухананың стоматологиялық кабинеті. 4. Медико-санитарлық бөлімнің, өндірістің денсаулық сақтау пунктінің соматологиялық кабинеті. 5. Диспансердегі стоматологиялық кабинет. 6. Әйелдер консультациясындағы стоматологиялық кабинет. 7. Мектептегі стоматологиялық кабинет. 8. Ауылдық учаскелік ауруханандағы стоматологиялық кабинет. 9. Аудандық, облыстық ауруханалардың стоматологиялық бөлімі. 10. Санаториялардың стоматологиялық кабинеті. 11. Шаруашылық есептегі (ақылы) стоматологиялық емхана немесе кабинет.

Стоматологиядағы тіркеу-оперативтік құжаттары.

Кез-келген мамандықтағы медициналық мекеменің негізгі жылдық құжаты №30 жылдық есеп беру формасы (қосымшасымен бірге) болып табылады.

Тіркеу-оперативтік құжаттарға: стоматологиялық аурудың медициналық картасы (ф. № 043/т), диспансерлік байқаудың бақылау картасы (ф. № 030/т), стоматологиялық емхана, бөлім, кабинет стоматологының (тіс дәрігерінің) (ф. №037/у), стоматолог-ортапед дәрігерінің (ортодонт) күнделікті тіркеу қағазы (ф. № 037- 1/т), түрлі меншік иелігіндегі стоматологиялық мекемелердің дәрігер-стоматологтың терапевтік және хирургиялық қабылдауларындағы күнделікті тіркеуінің жинақ ведомостісі (ф. №039-2/у), дәрігер-стоматолог-ортодонттың күнделікті тіркеуінің жинақ ведомостісі (ф. 039-3/т), дәрігер-стоматолог-ортопедтің күнделікті тіркеуінің жинақ ведомостісі (ф.№039-4/т), консультацияға және қосымша кабинеттерге жолдама қағаз (ф. №028/т), берілген еңбекке жарамсыздық қағаздарын тіркеу кітабы (ф.№0366/т), еңбекке жарамсыздықтың қортынды жағдайына берілетін талон (ф.№025-9/4-у-96).

Өздігінен келуі бойынша, профилактикалық байқау, өлім себептері бойынша стоматологиялық аурушылдық.

2006 жылы оқушылардың тістерінің жағдайын бағалау мақсатымен алматылық оқушылардың арасында жүргізілген профилактикалық медициналық байқау мәліметтері бойынша: орта шамамен кариеспен, пародонтозбен және кариозды емес аурулармен ауыатындар шамамен 80,0%, кейде балалардың 90,0% -на дейін.

Оқушылар арасындағы аурушылдықтың жиілігі шамамен екі, екі жарым тіске тең. Тексеруді алты, жеті және он екі жас топтары аралығында өткізген. Стоматологтар осы жастарды тістің қалыптасу тұрғысынан критикалық деп есептеледі.

Стоматологиялық аурушылдықтың ұлғаюы себептерінің бірі болып мектептердегі стоматолог кабинетінің жабылуы табылады.

Халықтың көп бөлігі ақы төлеу қабілетінің төмендігіне байланысты орта есеппен 3-4 жылда бірреттік ауыз қуысының санациясын (емдеу) жүргізеді. Бірақ үлкен адам стоматологта жылына кемінде 1 рет болуы тиіс.ал балаларды жылында кемінде 2 рет көрсету қажет.

Қазақстандағы стоматологиялық аурушылдықтың сипаты.

Соңғы онжылдықта ірі мегаполисте – Алматы қаласында бет-жақ облысының негізгі хирургиялық аурушылдық топтары ұлғаюда. Бет-жақ аймағының туа біткен, жүре пайда болған кемшіліктері, деформациялары мен аномалиялары 2,2 есеге артқан (100 мың халыққа 22,9-дан 51,4-ке); қатерсіз ісіктер мен ісік тәрізді түзілістер – 2,1 есе (27,8-ден 59,4-ке); одонтогенді қабыну аурулары – 1,9 есеге (71,4-тен 136,0-ға); одонтогенді емес қабыну аурулары – 1,8 есе (52,8-ден 96,6-ға); бет-жақ аймағының жарақаттанулары – 1,7 есеге (58,0-ден 100,5-ке). Онжылдық мерзімде (1997-2006 жылдар) хирургиялық патология 35,4%-ға артқан.

Иллюстрация:

- Қазақстандағы стоматологиялық аурушылдықтың құрылымы.

- ҚР стоматологиялық мекемелердің номепнклатурасы.

- стоматологиядағы тіркеу-оперативтік құжаттар.

Бақылау сұрақтары:

1. ҚР стоматология бойынша негізгі тіркеу-оперативтік құжаттар?

2. Қандай жағдайда стоматологиялық аурушылдық уақытша еңбекке жарамсыздыққа әкеледі?

3. ҚР стоматологилық мекемелердің номенклатурасы?

4. ҚР дәрігер-стоматологтарды дайындау сатыларын атаңыз?

Әдебиеттер:

1. Аканов А.А., Девятко В.Н., Кульжанов М.К. Общественное здравоохранение в Казахстане: концепция, проблемы и перспективы. - Алматы, 2001. - 100 с.

2. Лисицын Ю.П., Полунина Н.В. Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник. - М., 2002.- 416 с.

3. Социальная гигиена и организация здравоохранения / под редакцией Серенко А.Ф. и Ермакова В.В.- М., 1984.- 639 с.

4..Юрьев В.К., Куценко Г.И. Общественное здоровье и здравоохранение. - С.-Петербург, 2000.- 914 с.

5. В.Н. Миняев, Н.И. Вишняков Общественное здоровье и здравоохранение.М., 2006 – 520 с.

6- ші тақырып.

Қала және ауыл тұрғындарына емдеу-профилактикалық, стоматологиялық көмекті ұйымдастыру

Мақсаты: Студенттерді қала және ауыл тұрғындарына емдеу-профилактикалық және стоматологиялық көмекті ұйымдастыру жүйесімен таныстыру. Қала, ауыл және стоматологиялық медициналық мекемелердің құрылымын, функцияларын және жұмыс көрсеткіштерін талдау.

Қалалық емхана жұмысын ұйымдастыру

Емхана – жоғары дамыған, арнайы мамандандырылған, келген ауруларға және үй жағдайында көмек көрсететін, ауруды және олардың асқынуларын емдеу бойынша емдеу-профилактикалық шаралардың кешенін іске асыратын емдеу-профилактикалық мекеме.

Емхана түрлері: Территориальдық жағынан: қалалық, ауылдық.

Ұйымдастыру жағынан: стационармен біріккен, стационармен бірікпеген. Мамандандырылуы жағынан: жалпы (ересектердің және балалардың), ересектер, балалар, стоматологиялық, курорттық, физиотерапевтік орталықтар, диагностикалық орталықтар. Категориясы бойынша: қуаттылығына сәйкес ауысымға келетіндер санымен анықталады.

Емхана жұмысының негізінде учаскелік-территориальдық принцип жатыр, яғни бекітілген территорияда тұратын халыққа медициналық көмек көрсету. Емханадағы негізгі жоспарлық көрсеткіш болып тұрғындардың келу саны (жылына 1 тұрғынға келушілік саны) табылады.

Ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету ерекшеліктері.

Ауыл мен &#


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: