Флипчарт

Флипчарт – бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы. Бұл аймақта презентацияны құруға және оны көрсетуге қажетті құралдардың барлығы көрсетіледі. Бірнеше флипчарттарды бірден ашып, бір флипчарттан келесі флипчартқа, объектілерге сілтемелер қоюға немесе объектілерді бір мезетте келесі бетке көшіруге болады. Флипчартты басу құрылғысынан шығаруға немесе әр түрлі форматтарда экспорттауға болады.

Флипчарттың кескіні

ACTIVstudio программасы іске қосылғанда бірден компьютердің экранына сәйкес келетін жаңа флипчарт құрылады. Бұл 1-ші флипчарттың қолдануға дайын беті. Флипчарт батырмасын басқаннан кейін ғана іске қосылады. Бұл батырманы ACTIVstudio мен Windows арасында байланыс жасауға қолданылады.

Флипчарттың тақырып жолындағы батырмалар

нақты элементтің немесе сұхбат терезесіндегі анықтаманың көрсеткіші.

флипчарт беттерінің жұмыс бетін немесе флипчарт бетінің кескінін өзгерту әдістері. Экранда беттің орналасу әдісін немесе оның көлемін таңдауға болады.

флипчарттың келесі бетіне ескертулер қосуға болады.

флипчартты экранда реттеу. Мұнда барлық ACTIVstudio терезелері кітапхана ресурстары немесе кітапхана сілтемелері ескеріледі.

флипчарт терезесін бүктеу. Флипчартты бүктегенде ол Windows-тың тапсырмалар тақтасында көрінеді. Бұл мәтінді және кескінді Office –тан флипчартқа ауыстыруға мүмкіндік береді.

флипчарт терезесін алдыңғы қалыпқа келтіру.

флипчарттың терезесін экранның бетімен бірдей түрге келтіру.

флипчарт терезесін жабу.

Жаңа флипчарт құру

Жаңа флипчарт құру үшін, Меню – Флипчарт – Құру командасын орында. Параметр менюінің тізімінен өлшемді таңда:

Экран өлшемі ACTIVstudio алдыңғы экранның көлеміндегідей жаңа флипчарт құрады. Мысалы: компьютерде 640х480 пиксел орнықтырылған болса, онда флипчарттың көлемінің ені - 640, ал биіктігі - 480 пиксел болады. Бұл өте ыңғайлы және экранның көлемін білесің.

800х600 Стандартты флипчарттың көлемінің ені - 800, ал биіктігі - 600 пиксел болады.

1024х760 Стандартты флипчарттың көлемінің ені - 1024, ал биіктігі - 760 пиксел болады.

Баптау... Сұхбат терезесінің көмегімен флипчарт бетінің көлемін құруға мүмкіндік береді



Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: