Аудармалары

авторитетный - беделді

коллега - әріптес

образцовый - үлгілі

среди - арасында

учереждение - мекеме

организация - ұйым

руководитель - басшы

туу

оқу

бітіру

жұмыс істеу

7. Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін құжаттар

ҚОЛХАТ, СЕНІМХАТ, КЕПІЛХАТ – белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алыс-берісін куәландыратын, азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін ресми құжат түрі. Құжаттың бұл түрлері міндетті түрде мөрмен бекітіліп, құқықтық сипатқа ие болады.

ҚОЛХАТ -белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын куәландыратын және оны белгілі бір мерзімде қайтарып беретіндігін міндеттеп, азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін ресми құжат түрі. Бұл бағасы төмен құндылықтарды уақытша пайдалану жағдайында рәсімделеді. Сондықтан қолхат негізінен мекемеішілік қатынастарда жиі қолданылады.

Қолхаттың мазмұндық-құрылымдық жүйесі:

- құжаттың аты;

- қолхат беруші туралы толық мәлімет (жеке куәлік нөмірі, мекен-жайы, аты-жөні);

- қолхат алушы туралы толық мәлімет (жеке куәлік нөмірі, мекен-жайы, аты-жөні);

- алынғат заттың атауы (егер ақша болса, көлемі санмен де, жазбаша да көрсетіледі);

- қайтарылатын нақты уақыты;

- қайтара алмаған жағдайдағы шарты;

- қолхат жазылған күн;

- тараптардың қолы;

- мекеме мөрі.

Сөздік:

қолхат- расписка

азамат- гражданин

мерзім-срок

кепілақы- задаток

қарыз- долг

ақша- деньги

уәде- обещание

қайтарып беру- вернуть, возвращать

алу-брать

кабылдап алу- принять

уақытында-вовремя

кепіл ақы- задаток

Үлгі:

Қолхат

Мен жеке куәлік нөмірі..., «Мұнайгаз ісі» мамандығының студенті Мәлік Нұршаұлы университеттің оқу залынан уақытша пайдалану үшін қазақ тіліндегі «Қазақстан» энциклопедиясын (бағасы 1000 теңге) алдым. Кітапты бір аптада қайтарып беремін деп міндеттенемін.

15 ақпан,2003ж. (қолы)


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: