Семей 2012 3 страница

1. контрарлы (активті немесе пассивті шотқа қарсы тұрады, реттелетін объектінің бағасын нақтылау үшін қолданылады).

2. қосымша

Контрарлы шоттың өзін екіге бөледі: контрактивті және контрпассивті. Контрактивтілерге:материалдық емес активтердің амортизациясы, негізгі құралдардың тозуы; контрпассивтілерге – бағадан шегерімдер, сатудан шегерімдер жатады.

Қосымша шоттар реттелетін объект шамаларының сомасын толықтыру үшін қолданылады. Қосымша шоттарда есептелген сомаларды реттелетін объектінің алғашқы құнына қосады немесе алады. Ондай шоттарға: негізгі құралдарды қайта бағалаудан қосымша төленбеген капитал, инвестицияларды қайта бағалаудан қосымша төленбеген капитал шоттары жатады.

Операциялық шоттар– шаруашылық операциялар қызметтің есебі үшін арналған. Оларды бес топқа бөлуге болады:

Таратушы шоттар - өндіріс пен өнімді өткізумен байланысты шығындарды жинақтауүшін арналған. Бұлар үстеме шығындар шоттары.

Бюджеттік-таратушы шоттар - өндіріске шығындарды біркелкі қосу мақсатымен есептік кезеңдер аралығында табыстар мен шығындарды тарату мен есебі үшін, немесе алынған табыстар есебін бейнелеу үшін арналған. Бюджеттік-таратушы шоттар активті және пассивті болуы мүмкін. Активті шоттар - әр түрлі кезеңге қатысты шығындар шоттар (жол төлемі есебінің шоты, болашақ кезең шығындары есебінің шоты). Пассивті шоттар – болашақ кезең табыстарының, күдікті қарыздар бойынша резервтер есебінің шоттары. Болашақ кезеңдер шығындары шотында ағымдағы айда немесе жылда болған, бірақ алдыңғы есептік кезеңдердің шығындарына қосылған шығындар есепке алынады. (мысалы, газеттер мен журналдарға жазылымдар). Болашақ кезеңдер табыстарының есебі шотында есептік айда (жылда) алынған, бірақ болашақ кезеңдерге қатысты табыстар есепке алынады.

Калькуляциялық шоттар – кәсіпорынның өнім (қызмет, жұмыс) өндірісіне кеткен шығындары туралы ақпараттарды жинақтайды. Калькуляциялық шоттарда шығындарды пайда болу орындары мен белгілері бойынша топтау жүргізіледі. Негізгі өндіріс шығындарының, көмекші өндіріс шығындарының шоттары осы калькуляциялық шоттарға жатады.

Салыстырмалық шоттар - шоттың дебеті мен кредитіндегі есептелген деректерді салыстыру жолымен шаруашылық қызмет нәтижелерін анықтау үшін қолданылады. Салыстырмалық шотқа «Жалпы табыс (зиян)» шоты кіреді, мұнда кәсіпорынның жыл соңындағы табыстары мен шығындары салыстырылып, таза табыс (зиян) сомасы анықталады.

Кәсіпорынның бюджетін анықтаудағы табыстар мен шығындар есептелетін шоттар бюджеттік шоттар деп аталады. Оларды табыстар және шығындар шоттарына бөледі.

Табыстар шоттары өнімді (қызмет, жұмыс) өткізуден алынған және басқа да табыстарды есептеуге арналған. Оларға: негізгі қызметтен табыстар (дайын өнімді, жұмысты, қызметті өткізуден табыс) және негізгі емес қызметтен табыстар (материалдық емес активтерді, негізгі құралдарды, бағалы қағаздарды сатудан табыс, курстық айырмадан табыс) шоттары енеді.

Шығындар шоттары өткізілген өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын және өнімді (жұмыс, қызмет), айналыстан тыс активтерді, бағалы қағаздарды сатумен байланыстышығындарды бейнелейді. Оларға: өткізілген тауардардың (жұмыс, қызмет) өзіндік құны, тауарларды (жұмыс, қызмет) сату бойынша шығындар, жалпы және әкімшілік шығындар, негізгі емес қызметтен шығындар есебінің шоттары жатады.

Транзиттік шоттар – есептік кезең соңында қажетсіздендірілетін немесе алдыңғы кезеңде көрсетілген шоттарына жатқызылатын есептік кезең ағымдағы және соңындағы кәсіпорын қаржыларының қалдықтары туралы ақпараттар бейнеленетін шоттар. Оларды бағыттарына тәуелді түрде бірэлементті транзитті шоттар және қаржылықпен басқарушылық бухгалтерияны байланыстырушы транзиттік шоттар деп бөледі.

Бірэлементті транзиттік шоттарға өнім (жұмыс, қызмет) өндірісіне кеткен шығындарды экономикалық мазмұны бойынша топтағандағы шығындар шоттары келеді. Шығын элементтерінің шоттары ҚР бухгалтерлік есеп бойынша Ұлттық комиссиясымен бекітілген бухгалтерлік есептің Стандарттарында көрсетілген. Ол бухгалтерлік есептің басқа да концептуальді негіздерінен жоғары тұратын нормативті-құқықтық құжат.

Негізгі өндіріс, көмекші өндіріс және үстеме шығындары элементтерінің шоттарына материалдық шығындар, еңбек ақы шығындар, еңбек ақыцдан аударымдар, негізгі құралдардың тозуы және басқа да шығындар шоттары енеді. Есептік кезең ағымында осы шоттарда жинақталған шығындар есептік кезең соңында негізгі өндіріс, көмекші өндіріс, үстеме шығындар бойынша сәйкес шоттарға қажетсіздендіріледі.

Қаржылық және басқарушылық бухгалтерияларын байланыстыратын транзиттік шоттарға негізгі аяқталмаған өндіріс, өз өндірісінің жартылай фабрикаттары, көмекші аяқталмаған өндіріс шоттары келеді. Негізгі, көмекші өндіріс өз өгдірісінің жартылай фабрикаттары шоттарында анықталған аяқталмаған өндіріспен жартылай фабрикаттар сомаларын осы шоттардың кредитінен негізгі және көмекші аяқталмаған өндіріс, өз өндірісінің жартылай фабрикаттары шоттарының дебетіне аяқталмаған өндірістің инвентарлық тізімдеріне, бухалтерия анықтамаларына сәйкес қажетсіздендіреді. Аяқталмаған өндіріс сомаларының шоттарда бір-екі күн ағымында ғана есептейді. Мысалы, 31 желтоқсанда аяқталмаған негізгі, көмекші өндіріс өз өндірісінің жартылай фабрикаттары шоттарының дебеті, негізгі, көмекші өндіріс шоттарының кредитті деген жазба жазылса, келесі жаңа жылдық бір немесе екінші қаңтарында осыған кері жазба жазылады. Нәтижесінде алғашқы жазба кәсіпорын балансы мен бас кітабында аяқталмаған өндіріс қалдықтарын көрсетуге мүмкіндік береді, ал жаңа есептік жылда, кері жазбаның нәтижесінде аяқталмаған, өндіріс қалдықтары өндірістік есеп шоттарына қайтадан қайтарылады.

Баланстан тыс шоттардазаңдылықтарға сәйкес заңдылықтарға сәйкес кәсіпорын балансында есептелмейтін объектілерді есепке алуға болады. Олар: осы кәсіпорынға тиесілі емес, бірақ оның иелігіндегі бағалықтар. («Жалға алынған негізгі құралдар», «Өндеуге жіберілген шикізаттар мен материалдар», «Жауапты сақтауға алынған тауарлы-материалдық бағалықтар» шоттары).

- баланстық шотты есептелгенімен, қосымша бақылауды қажет ететін есеп объектілері. Олар: «Қатаң есеп бланкілері», «Төлем қабілетсіз дебиторлар қарызы зиянға қажетсіздендірілген».

Бухгалтерлік есеп шоттарындағы барлық операциялар екі жақты жазу әдісімен көрініс табады.

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1.Бухгалтерлік шоттарға анықтама беріңіздер?

2.Бухгалтерлік шоттардың қандай түрлері бар?

3.Транзиттік шоттар деген қандай шоттар?

4.Екі жақты жазудың принципі неде?

5.Активті шоттарда соңғы қалдық қалай анықталады?

6.Пассивті шоттарда соңғы қалдық қалай анықталады?

5.Тақырып Есептік кезең мен қаржылық есеп беруді дайындау

Дәріс сұрақтары:

  1. Есептік кезең.
  2. Қаржылық есеп беру
  3. Бухгалтерлік құжаттар және олардағы қателіктер

1. Есептік цикл- қаржылық есеп берушілікке апаратын оның алдында жасалатын бірізді қадамдардың сериясы. Бұл цикл әрбір есептік кезеңде қайталанады. Есептік циклдағы қадамдар және олардың мақсаттары:

- операцияларды немесе фактілерді тіркеу үшін тағайындау, мақсаты-операциялар немесе фактілер туралы алғашқы фактілер түрінде ақпараттар жасау;

- бухгалтерлік жазбаларды сәйкес журналдарда тіркеу, мақсаты- журналдан Бас кітапқа ақпараттарды көшіру;

- журналдардан Бас кітапқа көшіру, мақсаты-журналдан Бас кітапқа ақпараттарды көшіру шоттардағы ақпараттарды сақтау тәсілі;

- корректировка жасалған бақылау балансын дайындау, мақсаты-журналдағы жазбалардың дұрыстығы үшін материалдарды дебеті мен кредитінің теңдігін тексеру үшін ыңғайлы тізім жасау;

- Бас кітапқа журналдың жазбаларын тіркеу, мақсаты- аударымдардың мерзімі өткен қарыздары, яғни алғашқы құжаттарда көрсетілетін бағалау және басқа да фактілерді тіркеу;

- корректировка жасалған тексеру балансын дайындау, мақсаты- дебет және кредиттердің теңдігін тексеру және қаржылық есеп берушіліктерді дайындау;

- қаржылық есептерді дайындау, мақсаты- қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есепті балансты және бөлінбеген табыстың есептерін қолдана отырып шешімдер қабылдайтын сыртқы пайдаланушыларға жалпылынған қаржылық ақпараттар беру;

- бас журналда шоттардың жабылуынтіркеу;, мақсаты- уақытша шоттарды жабу және таза табыс сомасын бөлінбеген табысқа апарады;

- шоттарды жапқаннан кейін баланс дайындау, мақсаты- шоттарды жапқан соң дебеттердің және кредиттердің теңдігін тексеру;

бас кітапта тұрақты шоттардың қалдықтарын тіркеу.

2. Қаржылық есеп беудің мақсаты пайдаланушыларды есептік кезеңдегі қызметінің нәтижесі мен қаржылық жағдай туралы пайдалы, әрі мәнді және сенімді ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.

Қаржылық есеп берудің элементтері. Қаржылық есеп беру мәміленің және басқа да оқиғаның нәтижесін класқа топтастырып, экономикалық мазмұнына сәйкес көрсетіледі. Экономикалық мазмұн қаржылық есеп берудің элементтері болып табылады.

Актив – бұл құндық бағасы бар субъекттің құқығы мен жеке мүліктік және мүліктік емес игілігі. Активтер болашақта жүзеге асатын экономикалық олжа ретінде көрсетіледі.

Міндеттемелер – бұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан қарызданушының міндеттемесінің пайда болғанын, белгілі бір әрекеттің кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді: қазызды төлеу немесе одан бас тарту,ал кредитор қарызданушыдан өз міндеттемесін орындалуын талап етуге құқысы бар. Міндеттеменің осы шақтағысы мен болашақтағысының жігін ашу керек. Ұйымның болашақта активтерді алу ниеті міндеттеменің пайда болуына әкелмейді. Міндеттеме тек актив алынған кезде немесе ұйым келісім шарттық қатынасқа отырған кезде пайда болады. Міндеттеме оны өтеу жолымен өтеледі, немесе басқа бір активті бенген кезде жойылуы мүмкін.Сондай – ақ міндеттемеден кредиторлың өзі бас тартқан кезде ол өтелген болып саналады.

Меншік капиталы – бұл ұйымның міндеттемесі шегерілген активі. Бухгалтерлік есепте ол бірнеше классқа бөлінеді: жарғылық капитал, қосымша төленген капитал, резервтік капитал, таратылмаған табыс.Егер де баланс пассивінің құрылымында меншік капиталының үлесі көп болса, онда ол ұйымның қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсетеді.

Қаржылық нәтижесі – бұл есепті жылдағы кәсіпорынның қаржылық – шаруашылық қызметінің нәтижесі (шығыс пен табыстың айырмасы). Қаржылық нәтижесін өлшеу элементі: табыс пен шығыс болып табылады.

Табыс – бұл есепті кезеңдегі активтердің өсуі, не міндеттемелердің азаюы; шығыс – бұл есептік кезеңдегі активтердің азаюы, не міндеттемелердің көбеюі. Бұл жерде иеленушілердің жарғылық капиталына салған салымы ұйымның табысы болып саналмайды, ал ұйым иелеріне меншік капиталын таратып беру – шығыс болып танылады.

Қаржылық есеп беруде шаруашылық жүргізуші субъект қызмет түріне қарап табыс пен шығысты бөліп көрсетуіне болады.

Табыстар – бұл ұйымның негізгі және негізгі емес қызметінің нәтижесі. Негізгі қызметтен алатын табыстардың қатарына: өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан алынған табысы; сондай – ақ тауарлы-материалдық құндылықтардан, жалға беруден, инвестициялық қызметтен түсетін табыстары жатады. Ал негізгі емес қызметтен түскен табыстардың қатарына: негізгі құралды, материалдық емес активтерді, бағалы қағаздарды сатқаннан және бағамдық айырмадан түскен табыстары жатады.

Шығындар - өнімді өндірумен, жұмысты атқарумен, қызметті көрсетумен байланысты шығындар, негізгі және негізгі емес қызметтен шеккен зияндар және төтенше жағдайдан туындаған шығындары. Шығыстар, әдетте, шығыс нысанын қабылдайды немесе активтердің пайдалануын көрсетеді. Зиян экономикалық олжаның азайғанын көрсетеді. Зиян өз табиғаты бойынша, шығыннан айтарлықтай ерекшеленбейді және ол жеке элемент болып та саналмайды.

Қаржылық есеп берудің элементтерін тану – бұл бухгалтерлік балансқа енгізу процесі немесе қаржылық – шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің бабы, ал ол элементтерге берілген анықтамаларына сәйкес келеді және мынадай тану тұжырымдамасын қанағаттандырады.

· кез – келген болашақтағы олжаның осы баптарда көрініс табу ықтималдылығы бар, оның түсуі де, шығып кетуі де мүмкін;

· баптың құны бар,ол үлкен дәлдікпен өлшенуі мүмкін.

Қаржылық есеп берудің элементтерін бағалау. Бағалаудың көмегімен олардың құны анықталуы мүмкін, соның нәтижесінде олар (активтер мен міндеттемелер) танылады және қаржылық есеп беруге тіркеледі. Бағалаудың келесі түрлері бар: бастапқы құны, ағымдағы құны, сату құны, дисконтталған құны, баланстық құны.

Ұйым қаржылық есеп беруді жасау кезінде активтер мен міндеттемелерді бағалау үшін бастапқы құнын негізге алады және сонымен қоса басқа да бағалау әдістерін пайдаланады.

Қаржылық есеп беруді жасауға дейін есеп регистрлеріндегі барлық синтетикалық шоттар бойынша қалдық пен ауналым аналитикалық есеп мәліметтерімен салыстырылады. Жылдың басындағы және аяғындағы баланстардың деректерін салыстыру үшін жылдың басындағы бекітілген баланс баптарының номенклатурасы жыл аяғындағы бекітілген баланс номенклатурасы мен және бөлім топтамаларымен, әрбір баптарымен сәйкестендірілуі тиіс.

Сонымен, баланстағы ағымдағы активтер мен міндеттемелерді анықтау және олардың мазмұнын ашудың қаржылық есеп беру үшін маңызы зор, сондай – ақ пайдаланатындар үшін де ол өте қажет және олардың сол көрсеткіштері бойынша талдау жасалынады.

Баланс мәліметтері бойынша кәсіпорынның кәсіпорынның қаржылық жағдайы талданады.

3. Кәсіпорында жүргізілетін барлық шаруашылық операциялар ақтаушы құжаттармен өңделіп отыруы керек. Бұл құжаттар алғашқы есептік ақпараттар болып, бухгалтерлік құжат жасалған шаруашылық операцияны іс-әрекет деп танып, оған материалдарды жауапты адамды бекітетін жазбаша куәлік.

Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінде күніне көптеген және әртүрлі операциялар болып жатады. Әрбір шаруашылық операция өз кезесінде есептік құжатта тіркеледі. Есептік құжаттық объектілері болып жабдықтау, өндіріс және өткізу процестері, сонымен қоса, кәсіпорынның ішіндегі және сыртындағы қаржылық, шаруашылық, есептік қатынастар табылады.

Есеп процесінде қолданылатын бухгалтерлік құжаттар есеп регистрлері деп аталады.

Бухгалтерлік есептің даму тарихы осы есеп регисгрлерінің эволюциясымен тығыз байланысты. Бух.есептің дамуымен қатар есеп регистрлері де жетіліп, ықшамдалып, ақпаратты көп сыйдыратынымен ерекшеленіп келеді.

Шаруашылық операцияларының көптүрлілігіне байланысты, есеп регистрлерінің формалары да әртүрлі. Есеп регистрлары мына белгілері бойынша: сыртқы түрі, жазба түрлері және ақпарат көлеміне қарай жіктеледі.

Сыртқы түрі бойынша регистрлар бухгалтерлік кітапқа, карточкаларға және жеке беттерге бөлінеді.

Бухгалтерлік кітаптар - есептік кестелер бар беттердің бір мұқабаға бірігуі. Кітаптардың беттері басынан соңына дейін номерленеді. Кейбір маңызды кітаптар қосымша жіппен байланып, мөрмен бекіліп, мынадай жазба жазылады: "Бұл кітапта осынша бет номерленіп, тігілді", сонымен қоса жауапты адамдардың қолдары болады.

Кітап беттеріндегі ақпаратты тез табуы үшін, оның басында немесе соңында мазмұны болады немесе арнаулы алфавиттік көрсеткіш беріледі. Кітаптар көбінесе типографиялық тәсілмен басылып шығады.

Қазіргі бухгалтерлік есеп тәжірибесінде есеп регистрлері ретінде кітаптар шектеулі түрде қолданылады. Бұл оларда көптеген жетіспеушіліктердің болуымен түсіндіріледі. өйткені кітаппен бір мезгілде бір-ақ адам жұмыс істей алады да, есептік жұмысшылардың еңбек өнімділігін арттыруға кедергі келтіредіжәне жекелеген (бос) есеп регистрлерін талап ететін есепті автоматтандыруға мүмкіндік бермейді.

Бірақ, сонда да кітаптар бухгалтерлік ақпаратты сақтаудың қауіпсіз құралы болып табылады. Кітап формасындағы есеп регисгрлеріне мысал ретінде касса кітабын, материал қалдықтарының кітабын және әртүрлі тіркеу журналдарын айтуға болады.

Бос беттер - типографиялық жолмен жеке қағаз беттерінде басылған есеп регистрлері. Бос бет түріндегі есеп регисгрлерінің көлемдері және ондағы бағана мен жолдар саны әртүрлі болады және міндетті түрде сәйкес атауы бар (журнал-орден, тізімдеме, және т.б.)- Есеп регистрлері белгілі бір есептік кезеңге арналады (ай, тоқсан). Бос беттер жұмысқа өте, қолайлы, есептік жұмысшылар арасында еркін ауысып отырады, пайдалануы өте қарапайым.

Карточкалар - бос беттердің бір түрі болып саналады. Олар да типографиялық тәсілмен, үлкен емес форматқа қатты қағаздан жасалады. әрбір карточка жазбалардың белгілі санына арналған.

Картотека - карточкаларды сақтауға арналған арнайы жәшік. Материалдық бағалықтар есебі, есеп айрысу есебі және басқа да есеп түрлеріне жеке карточкалар пайдаланылған дұрыс. Картотекада карточкалар көрсетілген шот шифрларының ретімен орналасады.

Регисгрлардағы жазбалар түрлеріне қарай, олар хронологиялық және жүйелік болып бөлінеді.

Хронологиялық регистрлар операцияларды хронологиялық жазу үшін арналған, яғни, операцияларды бейнелеу толықтығын тексеруде бақылау функциясын атқарады.

Жүйелік регистрлар операцияларды жүйелі түрде жазуға арналған. Оларда операциялар белгілі белгілері бойынша топталады. Жүйелік регисгрдің нақты мысалы Бас кітап бола алады.

Сонымен, қазіргі бухгалтерлік есепте есеп регисгрлері ретінде бос беттер, карточкалар және кітаптар пайдалынылады. Олардың өзіндік айырмашылықтары мен жетіспеушілікгері және артықшылықтары бар. Есеп регистрларын таңдау құқығы бухгалтерлік есепті жүргізу талаптарына байланысты.

Бухгалтерлердің тәжірибесінде есеп регистрларында және басқа да есеп берушіліктерде қате мәліметгер жазып қою жағдайлары кездеседі. Бұл кезде қатені тауып алып қана қоймай, қтелік кеткен регисгрді де іздеп, қатенің мәні мен сипатын анықтау керек.

Қатені іздесгірудің көп тараған тәсілі регисгрдегі жазбаларды толықтай тексеру. Бұл тәсілдің мәні мынада: есеп регистрлеріндегі жазбалар құжаттармен бірізділікпен салыстырылады. Мұндай тексеруде қате жазба табылады.

Тәжірибеде қатені табудың басқа да тәсілдері қолданылады. Есеп деректерін өзара салысгырып тексеру негізінде қателерді жылдам анықтауға болады.

Қателік табылғаннан кейін, оны түзету жүргізіледі. Есеп жазбаларындағы қатені дұрыс түзету нақты есеп ақпаратын алуға мүмкіндік береді.

Қате жіберудің сипаты әр түрлі болады: қосарлы жазу принциптерінің бұзылуы, шоттар байланысгарындағы қателіктер, яғни шруашылық операция сомасы қажетті шотқа емес, басқасына түсіпкетеді. Сондықтан есеп регисгрларындағы қателіктерді түзетудің бірнеше тәсілдері бар.

Корректуралық әдіс - есеп регисгріндегі қателік жиындарды шығармай тұрып анықталады. Қатені тузету дұрыс емес жазбаларды сызып тасгап, дұрыс түзеткен адам "түзетілгені дұрыс" деп жазып, қолымен тастайды. Дұрыс жазба сызылып таталған қате жазбаның үстіне немесе мүмкін болатын жерде жазылады. Көп санды сомаларды түзеткенде бір сан ғана қате болса да, барлық сан сызылып тасталып, устіне дұрысы жазылады.

"Қызыл сторно" әдісі (теріс сандар әдісі).

Бұл әдіс тек соманы ғана емес, шотгар байланысын да өзгерткенде қолданылады.

"Қызыл сторно" әдісінің мәні мынада: шоттардың қате байланысы сторноланады (қызыл сиямен жазылады), яғни алынып тасталады, ал оның орнына дұрыс жазба жазылады.

Қатені түзетуді осы тәсілмен жүргізгенде бір мезгілде екі жазба жасалады: алдынғы қате жазу (шоттардың дұрыс емес байланысы) - қызыл сиямен, ал жаңа жазба (шоттардың дұрыс байланысы) - кәдімгі сиямен.

Егер қате емес, бірақ артық жазылып кеткен жазба сгорколанса (болмаған шаруашылық операция, екі рет жазылып кеткен сома) түзету бір ғана қызыл жазбамен түзетіліп, алынып тасгалады.

Жиындарды шығарған кезде қызыл жазбалардың сомасы қосылмайды, керісінше алынып тасталынады. "Қызыл сторно" әдісінің негізгі мақсаты дұрыс емес жазбаны жою: бір сома алғашқыда жиынды есептгенде плюс белгісімен, қатені анықтағаннан кейін есептегенде минус белгісімен шығады да, нәтижесінде жойылды (нөлге теңеледі).

Қосымша жазбалар тәсілі шаруашылық операция есеп регисгріне мүлдем жазылмай қалса немесе шоттарда (дебетте, кредитте) аз мөлшерде көрсетілген жағдайларда қолданылады. Егер шаруашылық операция омасы есепте мүлдем көрсетілмей қалса, ол сомаға бухгалтерлік шот байланысы беріледі, ал сома аз мөлшерде берілсе, қажетті сомаға жететін айырмаға қайтадан бухгалтерлік шот байланысы жасалады.

Егер есеп сомасы үлкен, көп мөлшерде көрсетілсе, артық сома мөлшеріне қосымша жазбажүргізіледі (қызыл сторно).

"Қызыл сторно" тәсілін мысалда қарастырайық:

Жабдықтаушылардан тауарлар 1330 шот) 50000 теңгеге келіп түсті.

Бұл операцияға қате бухгалтерлік байланыс берілген. Дебет 1310 "Дайын өнім" Кредит 3310 "Төленуге тиісті шоттар" Сомасы 50000 теңге

Қатені анықтап, тапқаннан кейін қызыл сиямен сторнолаймыз. Қызыл сиямен жазу мүмкін болмаған жағдайда, соманы қоршап қояды. Дебет 1310 "Дайын өнім" Кредит 3310"Тө ленуге тиісті шоттар"

Сомасы 50000

Одан кейін дұрыс жазба жазылады Дт 1330 'Тауарлар" КТ3310 Сомасы 50000 теңге

3) Бухгалтерлік есеп регисгрлеріндегі шаруашылық операциялардың жасалғанын құжаттары. Сондықтан да оларды құрастыруға талап жоғары.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: