Асырады

4. Орталық атқарушы органдар әзірлейтін, халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі

мәселелерін тікелей немесе жанама түрде қозғайтын нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік

құжаттар уәкілетті органмен міндетті түрде келісілуге жатады.

5. Денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілер ведомстволық тиесілігіне

қарамастан, органдар мен ұйымдардың орындауы үшін міндетті болып табылады.

6. Ведомстволық медициналық қызметтері бар мемлекеттік органдар ведомстволық бағынысты

денсаулық сақтау ұйымдарының (бөлімшелерінің) қызметі және бекітіп берілген контингенттің

денсаулық жағдайы жөніндегі ведомстволық есептіліктің денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың

жергілікті органдарына табыс етілуін қамтамасыз етеді.

7. Мемлекеттік органдардың ведомстволық медициналық қызметтерінің басшыларын тағайындауды

тиісті мемлекеттік органдардың басшылары уәкілетті органмен келісім бойынша жүзеге асырады.

8. Денсаулық сақтаудың электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерінің,

ақпараттық-коммуникациялық желілерінің басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстарымен

және ақпараттық жүйелерімен, ақпараттық-коммуникациялық желілерімен ақпарат алмасу мәселелері

жөніндегі өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына

сәйкес жүзеге асырылады.

9. Ведомстволық медициналық қызметтері бар мемлекеттік органдар ведомстволық медициналық

ақпараттық жүйелердің техникалық параметрлерін, сондай-ақ электрондық ақпараттық ресурстардың

мазмұнын уәкілетті органмен келісуді қамтамасыз етеді.

Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.03.19 № 258-IV; 11.04.2014 № 189-V

(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

Заңдарымен.

3-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЛИЦЕНЗИЯЛАУ,

АККРЕДИТТЕУ ЖӘНЕ АТТЕСТАТТАУ

13-бап. Медициналық және фармацевтикалық қызметті,

сондай-ақ адамның ағзаларын (ағзаларының

бөліктерін) және (немесе) тіндерін, қан мен оның

компоненттерін әкелуді, әкетуді лицензиялау

Медициналық және фармацевтикалық қызмет Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы

заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиялануға жатады.

Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін

өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық және ғылыми мақсаттарға арналған немесе

биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық

сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және

патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін қоспағанда,

адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін, қан мен оның компоненттерін

Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан

Республикасының аумағынан осы елдерге әкету уәкілетті орган беретін лицензиялар негізінде жүзеге


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: