Негізделеді

Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.05.2013 № 95-V (алғашқы ресми жарияланғанынан

кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

28-бап. Жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерін

қорғауды қамтамасыз ету

1. Жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерін қамтитын электрондық ақпараттық

ресурстар құпиялы электрондық ақпараттық ресурстар санатына жатады, олардың жиналуы, өңделуі

жинау мақсаттарымен шектеледі.

2. Егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше

белгіленбесе, жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерін қамтитын электрондық ақпараттық

ресурстарды қалыптастыру үшін дербес деректерді жинау, өңдеу жеке тұлғаның (пациенттің) немесе

оның заңды өкілінің келiсiмімен жүзеге асырылады.

3. Жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерін қамтитын электрондық ақпараттық

ресурстарды алған ақпараттық жүйелердiң меншiк иелерi немесе иелерi оларды қорғау жөнiнде

шаралар қолдануға мiндеттi. Мұндай мiндет жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерiн

қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар алынған кезден бастап оларды жойып жiбергенге дейін не

иесіздендiргенге дейiн немесе осы дербес деректер өзiне қатысты адамнан оларды жария етуге

келiсiм алынғанға дейiн туындайды.

4. Жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерiн қамтитын электрондық ақпараттық

ресурстарды мүлiктiк және (немесе) моральдық зиян келтiру, Қазақстан Республикасының заңдарында

кепiлдiк берiлген құқықтар мен бостандықтарды iске асыруды шектеу мақсатында пайдалануға жол


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: