Препараттарын дайындау

1. Қан мен оның компоненттерінің донорлығы (бұдан әрі - донорлық) - қан мен оның

компоненттерін медициналық мақсаттар үшін тапсыру (донациялау) арқылы азаматтардың денсаулығын

сақтауға донорлардың ерікті түрде қатысуы.

2. Донорлық донорды медициналық куәландыру, одан қан алып дайындау, қанның компоненттерін

бөлу және сақтау жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтиды.

3. Қан мен оның компоненттерін дайындау процесі мыналарды қамтиды:

1) қан тапсыру (донациялау) - донор тапсыратын қанды біржолғы бөліп алу;

2) плазма тапсыру (донациялау) - қан плазмасын плазмаферез әдісімен біржолғы бөліп алу.

Алынатын плазманы иммундық сипаттамаларына қарай былайша ерекшелеп бөледі:

қан препараттары мен диагностикалық реагенттер өндіру үшін пайдаланылатын, белгілі бір

концентрациядағы өзіндік белок құрылымдары (изоиммундық қарсы денелер) бар изоиммундық плазма;

құрамында табиғи немесе жасанды түрдегі белгілі бір концентрациядағы өзіндік белок

құрылымдары (изоиммундық қарсы денелер) бар, ауруларды қоздырғыштардың белгілі бір түрлеріне

нысаналы түрде емдік өзара іс-әрекет жасау қасиеті бар иммундық плазма. Иммундық плазма

реципиентке құю немесе қан препараттарын өндіру үшін пайдаланылады;

3) жасушалар тапсыру (донациялау) - донор қанының жасушаларын цитаферез әдісімен біржолғы

бөліп алу.

4. Қанды дайындау және өңдеу процесінде:

1) қан компоненттері - қанның одан жасушалар және жасушасыз орта түрінде бөлініп алынған

құрамдас бөліктері;

2) қан препараттары - қан компоненттерін өңдеу кезінде алынған дәрілік заттар алынады.

5. Қанды, оның компоненттерін дайындау, өңдеу, сақтау, өткізу номенклатурасын,

қағидаларын, сондай-ақ қанды, оның компоненттері мен препараттарын сақтау, құю қағидаларын

уәкілетті орган бекітеді.

163-бап. Донорлық, қанды, оның компоненттері мен

препараттарын дайындау саласындағы қызметті

жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары мен

өзге де ұйымдар

1. Қан мен оның компоненттерін дайындауды, өңдеуді, сақтауды және өткізуді тиісті

лицензиясы бар мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асырады.

2. Қан препараттарын өндіруді тиісті лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асырады.

3. Донорлық, қанды, оның компоненттері мен препараттарын дайындау саласындағы қызметті

жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары мен өзге де ұйымдар олардың сапасы үшін Қазақстан

Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады.

4. Қазақстан Республикасының аумағында төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген жағдайда,

донорлықты ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

164-бап. Донорлық қанның, оның компоненттері мен

препараттарының қауіпсіздігі мен сапасын

қамтамасыз ету

1. Донорлық қан мен оның компоненттерінің қауіпсіздігі карантиндеу, вирусинактивациялау,

радиациялық сәулелендіру және Қазақстан Республикасының аумағында рұқсат етілген басқа да

әдістер арқылы қамтамасыз етіледі.

2. Донорлық қан мен оның компоненттері уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен сапасын

бақылауға жатады.

3. Тиісінше таңбаланбаған донорлық қанды, оның компоненттерін, препараттарын пайдалануға

және өткізуге тыйым салынады.

4. Донорлық қанды, оның компоненттерін және препараттарын құюды жүзеге асыратын денсаулық

сақтау ұйымдары мен медицина қызметкерлері оларды қауіпсіз қолдану жөніндегі тиісті талаптардың

сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

165-бап. Донор, оның құқықтары мен міндеттері

1. Тиісті медициналық зерттеп-қараудан өткен және қарсы айғақтары жоқ, медициналық

мақсатта қан мен оның компоненттерін тапсыруды (донациялауды) жүзеге асыруға ерікті түрде ниет

білдірген он сегіз жастан асқан жеке тұлға донор болуға құқылы.

2. Донор:

1) қан мен оның компоненттерін тапсыруды (донациялауды) өтеусіз жүзеге асыруға;

2) қан мен оның компоненттерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде ақылы

тапсыруды (донациялауды) жүзеге асыруға;

3) медициналық зерттеп-қарау нәтижелерімен танысуға;

4) осы Кодекске сәйкес көтермеленуге құқылы.

3. Донор қазіргі немесе бұрын ауырған барлық аурулары туралы өзіне белгілі мәліметтерді,

сондай-ақ есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды пайдаланғаны туралы хабарлауға


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: