1. Мазмұнына қарай карталар...бөлінеді:
A) 3
B) 2
C) 4
D) 5
E) 1
|
2. Тәуліктегі ауа құбылысы:
A) Ауа массалары
B) Ауа райы
C) Климат
D) Жергілікті желдер
E) Жауын шашын
|
3. Жер бетіндегі мемлекеттер саны.
A) 345
B) 420
C) 230
D) 100
E) 510
|
4. Төрт мұхитпен ұласып жатқан материк:
A) Солтүстік Америка
B) Еуразия
C) Оңтүстік Америка
D) Африка
E) Аустралия
|
5. Қазақстанмен шектесетін елдер:
A) Түркменстан, Үндістан
B) Ресей, Иран
C) Қытай, Монғолия
D) Ресей, Үндістан
E) Өзбекстан, Қытай
|
6. Жердің ішкі құрылысы:
A) Ядро, мантия, жер қыртысы.
B) Атмосфера, биосфера, гидросфера.
C) Атмосфера, ядро, биосфера.
D) Мантия, гидросфера, литосфера.
E) Литосфера, биосфера, атмосфера.
|
7. Солтүстік мұзды мұхитқа құятын өзендер:
A) Инд, Ганг, Тигр.
B) Янцзы, Хуанхэ, Амур.
C) Әмудария, Еділ, Іле.
D) Дунай, Днепр, Висла.
E) Обь, Енисей, Лена.
|
8. Қазақстанның батысында орналасқан ойпат.
A) Тұран.
B) Каспий маңы.
C) Батыс Сібір.
D) Құлынды.
E) Есіл.
|
9. Ауа райын болжайтын адамдар.
A) Экологтар.
B) Геологтар.
C) Синоптиктер.
D) Гидрологтар.
E) Гляциолоролог.
|
10. Обь өзенінің ірі сол жақ саласы.
A) Үлкен өзен.
B) Арыс.
C) Ойыл.
D) Ертіс.
E) Аягөз.
|
11. Отын-энергетика байлықтары.
A) Фосфорит, никель.
B) Апатит, мыс.
C) Көмір, темір.
D) Жаңғыш тақтатас, хромит.
E) Газ, мұнай.
|
12. Солтүстік Қазақстанда мал шаруашылығының басым өркендеген бағыты:
A) Етті, сүтті-етті.
B) Етті-жүнді.
C) Етті-сүтті, мүйізді ірі қара.
D) Сүтті-етті.
E) Сүтті.
|
13. Табиғатты қорғау туралы халық мақалы.
A) “Еңбектің наны тәтті”.
B) “Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей”.
C) “Не ексең, соны орасың”.
D) “Өз ұясын ластаған құс жаман”.
E) “Еңбегіне қарай - өнбегі”.
|
14. Латын Америкасындағы аса ірі кофе өндіруші елдер:
A) Бразилия, Колумбия.
B) Чили, Аргентина.
C) Аргентина, Уругвай.
D) Куба, Венесуэла.
E) Венесуэла, Перу.
|
15. Солтүстік Американың Атлант мұхиты жағалауындағы отырықшы халық... қоныс аударғандар.
A) Скандинавия елдері мен Исландия аралынан
B) Аустралиядан
C) Қытайдан
D) Орталық және Оңтүстік Еуропа елдерінен
E) Үндістаннан
|
16. Жетісу өзендері.
A) Ойыл, Сағыз.
B) Сырдария, Амудария.
C) Қаратал, Лепсі.
D) Есіл, Тобыл.
E) Жем, Жайық.
|
17. Өндіргіш күштер дегеніміз -
A) Өндіріс процесінде жұмыс процесін өзара бөлісу.
B) Қоғамдық еңбек бөлінісі.
C) Еңбек нәтижесі.
D) Өндіріс құралдары мен оларды іске қосатын адамдар.
E) Өндірістік қатынастар.
|
18. Ақтау химия зауытынан... өндіріледі.
A) пластмасса
B) жасанды тамақ
C) жуу заттары
D) синтетикалық каучук
E) тыңайтқыштар
|
19. Қарақұмық жармасын шығаратын зауыт:
A) Текеліде.
B) Семейде.
C) Алматыда.
D) Аягөзде.
E) Өскеменде.
|
20. Үндістан Қазақстанға... береді.
A) шәй, дәрі-дәрмек, тұрмысқа қажетті заттар
B) автомашиналар
C) мұнай және газ
D) тоқыма бұйымдарына арналған құрал-жабдықтар
E) пайдалы қазбалар
|
21. Батыс Қазақстандағы бағалы балық тұқымы-
A) Бекіре.
B) Алабұға.
C) Шортан.
D) Қызыл балық.
E) Жайын.
|
22. Халқының көбі ауылдық жерде тұратын елдер
A) Шығыс және Оңтүстік Азия
B) Латын Америкасы
C) Батыс Еуропа
D) Шығыс Еуропа
E) Аустралия
|
23. Парсы шығанағында мұнай өндіруден алдыңғы орында:
A) Катар.
B) Кувейт.
C) Ирак.
D) Сауд Аравиясы.
E) ОАР
|
24. Дүние жүзіндегі гүл өсіруге жақсы маманданған ел:
A) Исландия.
B) Италия.
C) Германия.
D) Франция.
E) Нидерланды.
|
25. Гималай тауларындағы субальпілік биік шөптесін шалғындар... биіктікті алып жатыр.
A) 3000 м - 3500 м
B) 2500 м - 3000 м
C) 5000 м - 5500 м
D) 3500 м - 4500 м
E) 4000 м - 5000 м
|
26. Қазақстан... қорынан дүниежүзінде бірінші орында.
A) қорғасынның
B) мырыштың
C) хромның
D) никельдің
E) марганецтің
|
27. Өнеркәсіптің «Б» тобының құрамына... кіреді.
A) транспорт және байланыс
B) тоқыма және полиграфия
C) жылу және металлургия
D) мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы
E) орман және химия
|
28. Ғылыми-техникалық прогресстің негізгі бағыттарының бірі:
A) Ауыл шаруашылығын дамыту.
B) Халық шаруашылығын электрлендіру.
C) Топырақ эрозиясымен күресу.
D) Халық шаруашылығын мелиорацияландыру.
E) Халық шаруашылығын химияландыру.
|
29. Демографиялық проблеманың мәні:
A) Болар-болмас халықтың өсуі.
B) Халық өсімінің жылдамдығы.
C) Халықтың ұдайы өсуінің бұзылуы.
D) Демографиялық жарылыс.
E) Демографиялық дағдарыс.
|
30. Қытайда мұнайды 50%-тен астам өндіретін кен орны:
A) Чэнду.
B) Юйминь.
C) Чуньцын.
D) Далянь.
E) Дацин.
|