География

1. Жер бетіндегі кез келген нүктенің басқа бір нүктеден биіктік айырмасы: A) Жер бедері B) Салыстырмалы биіктік C) Абсолюттік биіктік D) Жазықтықтар E) Горизонтальдар
2. Мұхиттық аралдардың халқын зерттеген ғалым A) Ф.Нансен B) Р.Амундсен C) Р.Пири D) Н.Пржевальский E) Н.Миклухо-Маклай
3. Температуралары бірдей барлық нүктелерді қосатын қисық сызықтар: A) изобара B) горизонталь C) изосызық D) изотерма E) бергштрих
4. Жезқазѓандаѓы мыс кенін ашқан A) Л.Берг B) Қ.Сәтбаев C) Ш.Уәлиханов D) П.Семенов E) И.Мушкетов
5. Алюминий зауыты бар қала: A) Жезқазған B) Ақтау C) Павлодар D) Зырян E) Көкшетау
6. Жер бетіндегі ең үлкен ойпат: A) Батыс-Сібір. B) Мексика. C) Амазонка. D) Шығыс-Еуропа. E) Каспий.
7. Африка қанша мұхитпен шектеседі? A) 1 B) 5 C) 4 D) 2 E) 3
8. Қаратопырақ Қазақстанның … A) батыс бөлігінде. B) оңтүстік бөлігінде. C) орталық бөлігінде. D) шығыс бөлігінде. E) солтүстік бөлігінде.
9. Батыс Сібірдің Қазақстан жеріндегі өзендері: A) Ертіс, Тобыл, Есіл. B) Сырдария, Арыс, Шу. C) Жем, Жайық, Сағыз. D) Іле, Қаратал, Арыс. E) Ойыл, Нұра, Жетісу.
10. Қазақстандағы миллионер-қала. A) Қарағанды. B) Астана. C) Орал. D) Алматы. E) Тараз.
11. Отын өнеркәсібі құрамына кіретін: A) Көмір, мұнай және газ. B) Мұнай, фосфорит, көмір. C) Көмір, темір рудалар, газ өндіру. D) Тұз, мұнай, көмір. E) Шымтезек, асбест, газ.
12. Еліміздегі ірі кондитер фабрикалары... қалаларында орналасқан. A) Ақтау, Атырау B) Алматы, Қарағанды C) Қызылорда, Талдықорған D) Тараз, Қостанай E) Балқаш, Жезқазған
13. Озон қабатының бұзылуы, климаттың өзгеруі – бұл: A) Энергетикалық проблема. B) Шикізат проблемасы. C) Соғыс-бейбітшілік проблемасы. D) Азық-түлік проблемасы. E) Экологиялық проблема.
14. Қырғызстанның астанасы: A) Пекин. B) Душанбе. C) Бішкек. D) Улан-Батор. E) Тегеран.
15. Қылқан жапырақты, ірі жыртқыштар мен жұп тұяқтылар кездесетін табиғат зонасы: A) Аралас орман. B) Тайга. C) Орманды тундра. D) Тундра. E) Дала.
16. Балқаш көлінің ең терең жері. A) 26 метр. B) 18 метр. C) 32 метр. D) 50 метр. E) 16 метр.
17. Марқакөл қорығы ұйымдастырылған жыл. A) 1974 жыл. B) 1975 жыл. C) 1977 жыл. D) 1973 жыл. E) 1976 жыл.
18. Қазақстанның машина жасау өнеркәсібі негізі қалыптасқан кезең: A) I дүниежүзілік соғыс кезінде. B) Азамат соғысы кезінде. C) II дүниежүзілік соғыс кезінде. D) Алғашқы бесжылдық кезінде. E) Қазан төңкерісі кезінде.
19. Оңтүстіктегі тау зонасында өсірілетін қой тұқымдары: A) Биязы, жартылай биязы жүнді. B) Еділбай қойы. C) Қаракөл D) Арқар-меринос. E) Қылшық жүнді.
20. Батыс Қазақстанды Солтүстік Кавказдың аудандарымен байланыстыратын жол. A) Мақат-Бейнеу. B) Ақтау-Жаңа Өзен. C) Орынбор-Ташкент. D) Орал-Соль-Илецк. E) Атырау-Астрахань.
21. Семей, Өскемен, Зыряндағы ЖЭС-ның отын көзі: A) Қарағандыдан. B) Кендірліктен. C) Зайсаннан. D) Шудан. E) Екібастұздан.
22. Дүние жүзіндегі ең биікте орналасқан елдер. A) Ауғанстан, Беларусь. B) Перу, Боливия. C) Эквадор, Австралия. D) Эфиопия, Қазақстан. E) Мексика, Тәжікстан.
23. Батыс Еyропаның ең «ұзын» елі: A) Франция. B) Финляндия. C) Италия. D) Норвегия. E) Швеция.
24. Асуан су қоймасы (плотина) салынған мемлекет: A) Гвинея-Бисау. B) Кения. C) Конго. D) Египет. E) Лесото.
25. Атмосферада бұл қабаттың биіктігі 50-55 шақырым. A) Мезосфера. B) Стратосфера. C) Тропосфера. D) Термосфера. E) Ионосфера.
26. Аталғандардың ішіндегі ұлттық дін - A) синтоизм, конфуциан, индуизм. B) ислам, христиан. C) будда, ислам. D) христиан, ислам, синтоизм. E) будда, индуизм, ламаизм.
27. Әр түрлі ауа массаларының аралығындағы өтпелі аймақтар. A) Антициклон. B) Ауа массалары. C) Атмосфералық фронт. D) Ылғалдану коэффициенті. E) Циклон.
28. Химиялық жолмен алынатын синтетикалық материалдар: A) Тыңайтқыштар. B) Улы химикаттар. C) Газ. D) Полимерлер. E) Кокс.
29. Термалды суды кең көлемде пайдаланатын ел: A) Исландия. B) Франция. C) Финляндия. D) Швейцария. E) Бразилия.
30. Үлкен Тұзды көл орналасқан мемлекет: A) Мексика. B) Никарагуа. C) АҚШ D) Панама. E) Канада.

96-вариант


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: