Ежелгі Египет мектебі 3 страница

Славян халқының ұлы педагогы Ян Амос Коменскийдің еңбектері дүние жүзінің барлық елдерінің педагогикалық ойы мен мектеп тәжірибесіне күшті әсерін тигізді. Ол жаңа өмірді байқай білген практик-оқытушы, өз дәуірінің мектептері мен мұғалімдерінің алдыңғы қатарлы тәжірибесін дарындылықпен қорыта білген жаңашыл-педагог болды. Бірнеше елдің тілдерінде аударылған Коменскийдің оқулықтары XVII ғасырдың өзінде көп елдерге кеңінен тарады, олар 150 жыл бойы бастапқы оқытудың ең жақсы оқу кітаптары ретінде басқа прогресшіл педагогтарға үлгі болды.

Коменский Россияға XVII ғасырдың аяғында-ақ белгілі еді. XVIII ғасырдың екінші жартысында оның оқулықтарын Москва университеті және басқа ғылыми орындар бірнеше рет кайта бастырып отырды.

Коменскийдің еңбектерін орыстың алдыңғы қатарлы өкілдері педагогика ғылымына қосылған асыл қазына ретінде қабылдады. Қазақтың тұңғыш демократ-педагогы Ы. Алтынсарин де және оның замандастары болған басқа халықтардың Гогебашвили, Чавчавадзе сияқты прогресшіл педагогтары да өз еңбектерінде Коменскийдің идеяларын насихаттап отырды.

Бірақ орта ғасырлық дәстүрлердің ұзақ уақыт тәрбие мен мектеп өміріне кең түрде қатаң үстемдік кұруына байлаиысты, Коменскийдің жаңашыл педагогикалық идеялары мектеп тәжірибесіне тым шабан, ескі мектеппен тірескен күрес үстінде еніп жатты. Сөйте тұрса да Коменский жаңа заман педагогикасының қалыптасуында, әсіресе дидактиканы дамытуда, өте зор тарихи роль атқарды.

Джон Локктың (1632—1704) педагогикалық көзқарастары

XVII ғасырда Англия экономикалық жағынан даму үстіндегі ел еді, дворянствоның біраз тобы мұнда өз мүдделерін өрлеу жолындағы капитализмнің мүдделерімен ұштастырды.

XVII ғасырда Англияда өндіріс төңкерісін әзірлеген буржуазиялық революция болды. Бұл революция феодалдық құрылысда қарсы бағытталды да жаңа заманның, яғни капиталистік шаруашылықтың жүйесі мен буржуазиялық үстемдіктің орнай бастағандығын көрсетті. Бірақ бұл революцияның ерекшелігі сол — ол буржуазиялық революциялардың бастамасы еді, сондықтан ол іри бастаған феодалдық қоғамның негізінде дамыды. Ол кезде әлі ірі машиналы капиталистік өндіріс те, пролетариат та жоқ еді. Революция буржуазия мен феодалдардың арасындағы ымырамен аяқталды. XVII ғасырдың ортасында, революция кең етек ала бастағанда, оған қарсы реакцияның шабуылы басталды.

Осындай тарихи жағдайлар Джон Локктың саяси-әлеуметтік, философиялық және педагогикалың көзқарастарының қалыптасуына әсер етті.

Ф.Энгельстің айтуынша, Джон Локк «1688 жылғы таптық ымыраның перзенті». К. Маркс Локкты бүкіл сипаттамаларымен жаңа буржуазияның өкілі болды деді.

Джон Локк буржуазиялық семьяда өскен, адвокаттың баласы. Оксфорд университетін бітірісімен 1658 жылдан бастап, сонда сабақ берді, кейіннен жаратылыстанумен әуестенді, медицинаны зерттеді.

Локктың философиялық көз-қарастарының қалыптасуына Бэкон мен Декарттың шығармалары күшті әсер етті. Ол таным теориясын зерттей отыра, Бэкон негізін салған ағылшын материализмін ілгері дамытты.

Өзінің «Адам ақылы жөніндегі тәжірибе» (1690) деген негізгі философиялық еңбегінде елестеулер мен идеялардың адамның туысынан пайда болмайтындығын дәлелдеуге тырысты. Бала жаны, оның ойынша, табиғатынан ақ тақта сияқты тап-таза болады.

Елестеулер біздің санамызга түйсінулер және сезім мүшелері арқылы пайда болады. Демек, дүниені біліп танудағы басты құрал — біздің түсініктеріміз бен сезім мүшелеріміз. Осылай дүниетаным мәселесінде Локк материалистік сенсуализм жолын ұстады.

Локктың осы сенсуалистік философиясындағы материалисті көзқарастар феодалдық аристократия идеологтары айтқан гедеялардың және адамгершілік қасиеттерінің туа бітетікдігі екеніндегі, мемлекет билеу қабілетінің туғаннан болатындығы жөніндегі дәлелдеріне қарсы бағытталды. Идеялардың туысынан пайда болмайтындығы жөніндегі Локктың ойлары адамның дамып жетілуіндегі тәрбиенің мәнін жоғары бағалауға мүмкіндік берді.

Идеялардың туа пайда болуы жөніндегі теорияны Локктың сынауы осы мәселелердегі материализм мен идеализмнің арасындагы күреске дұрыс ықпал етті. XVIII ғасырдағы материалистер өз күрестерінде Локктың пікірлеріне арқа сүйеді. Осылай Локк көзқарастарының сол кезде прогресшіл мәні болды:

Бірақ Локк табанды материалист бола алмады. Оның философиясы дуалистік (екі жақтылық) ерекшелікте еді. Оның ойынша, сыртқы тәжірибемен бірге ақылдың өзіндік әрекеті болып саналатын ішкі тәжірибе де болады. Объективтік дүниенің; біздің санамызда елестеуі ақиқат-шындық бола алмайды деш куәнданды ол.

Локк өзінің саяси көзқарастарында өз заманындагы буржуазияның өкілі екендігін көрсетті. Ол Англиядағы жаңа мемлекеттік құрылысты теориялық жағынан негіздеуге тырысты.

Локк өзінің педагогикалық көзқарастарын «Тәрбие жөніндегі ойлар» (1693) және «Ақылды тәрбиелеу туралы» деген еңбектерінде баяндады.

Ол адамның туысымен бірге бітетін идеяларға қарсы шыға отыра, адамды қалыптастырудағы, оның көзқарастары мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы тәрбиенің шешуші мәнін мойындады. Он адамның тоғызы тәрбие арқылы жетіледі деген қорытындыға келді.

Локктың ұсынған тәрбиесінің мақсаты — өз ісін ойластыра отырып сантықпен жүргізе алатын, өз мүдделерінің реттілігін қамтамасыз ете алатын үстем таптың жас өспірімін тәрбиелеу. Сөйтіп Локк тәрбие арқылы қарапайым адамдардың балалары емес, дворян балаларын жетілдіруді, тәрбие арқылы оларға буржуазиялық пысық іскерлік сапалар мен ерекшеліктер сіңіруді арман етті. Демек, Локк ұсынған тәрбиенің негізінде Англия үкіметінің басына келген жаңа буржуазияның болашагы — үстем таптың жас өспірімін қалыптастыру мақсаты болды.

Локктың ойынша, бұл үстем таптың жас өспіріміне тәрбиенің бір ғана саласы емес, оған дене және адамгершілік тәрбиелері берілуге тиіс.

Локк оқу-тәрбие жұмысының мектепте жүргізілуіне қарсы болды. Оның дәлелінше, мектеп — балаларды теріс және келіссіз тәрбиелейтін ұя, сондықтан буржуазия табының перзенті үй тәрбиесінен етуге тиіс, себебі өз кемшіліктері бар үй тәрбиесі мектептің беретін білімдері мен дағдыларынан да артық деп есептеді. Ол өз заманындағы аристократиялық семьялардың тәжірибесіне сүйене отыра, буржуазия табының перзентін тәрбиелеуді жақсы даярлығы бар тәрбиешілерге жүктеуді жақтады. Сөз жоқ, Локк ұсынган тәрбиені ұйымдастыру жолдарының өрісі тар болды: ол буржуазия табының перзентін семьяда ғана тәрбиелеуді және тәрбиені гувернерлік түрде ғана жүргізуді көздеді. Мұнан, әрине, Локктың буржуазия идеологы екендігі айқын көрінеді.

Локк дене тәрбиесін басқа тәрбиелердің негізі деп есептеп, оның мәнін жоғары көтерді. Ол «мықты денеде мықты рух»,— болады дей отыра, дене тәрбиесінің өз заманына сәйкесті жүйесін ұсынды. Бала денесін ерте жастан бастап шынықтыру керек, оның денесіндегі бостық, сылбырлықтар жойылуы тиіс. Локк баланы ауа райының барлық түріне үйретудің, қатаң режимге қалыптастырудың қажеттілігін көрсетті. Баланың ішетін тамағы мен киетін киімі жөнінен де құнды кеңестер ұсынады.

Дұрыс ұйымдастырылған дене тәрбиесі,— деді Локк,— баланы ерлікке және табандылыққа үйретуге әсер етеді.

Локк адамгершілік тәрбиесін кеңірек қарастырды. Ол адамгершілік қасиеттер мен сапалар ретінде адамдардағы кіші пейілділікке, ұстамдылыққа, сақтыққа және әділеттілікке ерекше мән берді. Осы қасиеттер мен сапалардың барлығы ақылға бағындырылуы қажет. Бірақ Локктың түсінігіндегі ақылдылық Коменскийдің ұсынған жоғары және кең ұғындағы ақылдылық дәрежесіне жете алмады. Локк түсінігіндегі ақылдылық құр тәжірибеге сүйенді, тар практикалық шеңберде ғана болды. Сөйткенмен де Локктың педагогикалық пікірлерінде гуманизм және адамды сыйлап құрметтеу элементтері орын алды.

Локктың ойынша адамға қажетті тағы бір сапа — мінез-құлықтағы мәдениеттілік. Дөрекілік, мысқылшылдық, әдепсіздік, кекшілдік — мінез-құлық мәдениеттілігіне сыйыспайтын қасиеттер деп есептелді.

Локктың дәлелінше, адамгершілік тәрбиесінің нақты тәсілдері мен құралдары мынадай принциптерге негізделуі тиіс:

1) табиғатқа сәйкестілік;

2) бала табиғатын жете зерттеу және балаға даралық қатынас орнату;

3) тәрбиедегі қаталдықты балаға сүйіспеншілік білдірумен ұштастыру. Локк балалардың табиғатын терең және ұқыпты түрде зерттеуге және

тәрбиенің олардың мінез-құлқын жүйелі түрде байқауға негізделу қажеттілігін баса айтты. Балаларды зерттеп білудің негізінде балалардың табиғи ерекшеліктерін, талаптары мен талғамдарын, қызығушылықтарын дұрыс пайдаланудың, соларға дер кезінде арқа сүйей білудің қажеттілігін көрсетті.

Локк тәрбиедегі қаталдықты балаларға сүйіспеншілікпен қарау, оларға жақындық сезім білдірумен байланыстыру II принципін ұстанды. Бала өзіне жылы, нәзік мерейлілікті, сүйіспеншілікті, сүйкімді қатынастарды талап етеді, бірақ бұл қатынастар ұстамдылықпен, байсалдылықпен, белгілі мөлшермен ұштасуы тиіс. Балада жас кезінде-ақ тәртіптілік қалыптасуы тиіс деді.

Локк ата-аналар мен балалардың арасында мейлінше туыстық, шынайы достық қатынастардың болуын жақтады. Сіздің балаңыз Сізге өз сырын іркілмей айтып, Сізден ақыл-кеңес алатын болсын деді ол. 1

Локк іріктеп ұсынған тәрбиенің жолдары мен құралдары:

1) үлгі-енеге көрсету,

2) әдеттендіру,

3) балалармен пікір алысу және олардың әуестенушілік ынталарын

ңанағаттандыру,

4) намыс және теріс ұғымдарына назар аудару.

Локк бала табиғатының ерекшеліктерін негізге ала отыра, баланың айналасын қоршаған өмірден алатын үлгілер мен өнегелерінің мықты тәрбиелік ықпалы болады деп есептеді.

Баланың айналасын қоршаған ортаның тәрбиелік әсері кездейсоқ процесс емес. Оны да басқарып бағыттаған және Сондықтан балаларға көзге түсетіндей үлгі-өнегелер көрсету керек, оларға қандай нәрселерге үйренуді, қандай нәрселер ден сақтануды үйрету керек. Локктың ойынша, үлгі өнегелер қарағанда тәрбие ісіндегі құрғақ сөз, жалаң үгіт, өсиеттер дәрменсіз болады.

Балаларды жағымды әдеттерге тәрбиелегенде ұрысып зекірмей, еппен келу керек.

Локк балалардың еркіндікке, бостандыққа ынталы келетіндігімен санасуды талап етті. Бұл мәселеде ол кейін Руссо дамытқан еркіндік тәрбие ұғымының негізін сала бастады. Оның ойынша, балалар бостаншылықтан гөрі, өктемдікті сүйеді, бұл көптеген теріс әдеттерге негіз болады, сондықтан балалардың үстемдікке, деспотизмге ынтызарлықтарын басып, оларды аластап жою қажет деген пікірде болды.

Оқудың мазмұнын да Локк «буржуазия табының перзенті» тұрғысынан шешті. Буржуазия табының мүддесін көздегеніне оның мына сөздері дәлел: «Оқудың мақсаты — білім, ал білімнің мақсаты — тәжірибе немесе басқаларға білім беру». Локк практикалық мәні жоқ, құрғақ, схоластикалық білімдерге қарсы болды.

Бірақ Локк бұл мәселеде үнемі буржуазия табы перзентінің ғана мүдделерін көздеумен болды, сондықтан оған берілетін білім оның практикалық істерін дұрыс құра білуге, айналасын қоршаған өмірден дұрыс бағыт алуға, өздігінше ойлауға, кез келген қиын жағдайлардан дұрыс жол табу мақсатында болды.

Оқытудың әдістері жөніндегі мәселелерді қарастырғанда Локк ең бірінші орынға баланың ойлауын тәрбиелеуді қойды. Бұл жөнінде өзінің «Ақылды тәрбиелеу туралы» және «Оқу туралы» атты еңбектерінде бірнеше нақты кеңестер ұсынды.

Ол ойлау операциясының саласы — жинақтап топшылау жөніндегі мәселені көтере отыра, жинақтап топшылауды деректермен және қорытындылаумен байланыстыру жөн деді.

Өздігінше ойлау дағдыларына үйрету — Локктың оқыту әдістерінің негізгі принциптерінің бірі. Демек, Локк құр жаттауға қарсы келді, ол ойлауды дамытатын методиканы жактаушы болды. Құр жаттап оқу есті де, ақылды да дамыта алмайды, сондықтан мақсатты түрде балаларды өздігінше ойлау жұмысына үйрету қажеттігін дәлелдеді.

Жалпы алғанда Коменский сияқты Локк та окуды күшпен зорлап жүргізуге қарсы болды. Оның ұсынған методикасының мәні — балалардың білімге деген ынтасы мен сүйіспеншілігін дамыту.

Сонымен Локк балаиың дұрыс мінез-құлқын қалыптастыру қабілеттіктерімен өздігінше ойлауын дамыту, оның рухани және дене шынықтыру жөніндегі тәрбие жүйесік зерттеді. 1688 жылғы таптық ымыраның перзенті болуына байланысты, оның адамгершілік жөніндегі түсініктері білім мен тәрбие кеніндегі идеялары сол өз заманының рухына жауап бере калыптасты.

Бірақ Локктың теориялық пікірлері, әсіресе оның орта ғасыр мектебін сынауы педагогикалық ғылымның дамуына әсер етті, европалық елдердің алдыңғы қатарлы педагогтары оны қолдады. Оның тәрбие жөніндегі пікірлері оқу мен тәрбиені тәжірибеге және балалардың өміріне негіздей жүргізудің қажеттілігін дәлелдеді. Коменский мен Локктан іріктелген педагогикалық мұра буржуазиялық революция кезеңінде зор маңызға ие болды.

Жан Жак Руссоның (1712-1778) педагогикалық теориясы

Атақты француз жазушысы, ағартушы философы және педагогы, ХҮІІІ ғасырдағы революция қарсақындағы буржуазиялық интеллигенцияның тамаша өкілдерінің бірі - Жан Жак Руссо.

1712 жылы 28 июньде Женевада сағатшының семьясында туған. Өзі дүниеге келген күні шешесі қайтыс болады да өмірінің бастапқы кезінде ғана әке тәрбиесін көреді. Балалық шағы тым ауыр жағдайда өтеді, жүйелі білім беретін еш бір оқу орнында оқи алмайды, 16 жасынан бастап ауыр өмір салдарынан ел елді кезушілік жолға түседі, Франция мен Швейцарияны бірнеше рет шарлап, әр түрлі мамандықта кәсіп ететді. Бірақ бұл жылдар болашақ атақты ойшы және қайраткер үшін зор өмір мектебі болған еді.

Отыз жасында Руссо Парижға келіп, онда сол кездегі француз интеллигенциясының ең алдыңғы қатарлы өкілдерімен (дидро, Даламбер, Вольтер т.б.) танысады.

1749 жылы Дижон академиясы «Ғылым мен өнер прогресі мінездің жөнделуіне немесе әлсіреуіне ықпал етті ме?» деген тақырыпта конкурс жариялаған болатын. Руссо Дидроның кеңесімен осы тақырыпта еңбек жазады, онда ол табанды түрде әлеуметтік теңсіздікке, аристократтар мен арамтамақтарға, феодалдық қоғамның мәдениетіне, халыққа ешбір көмегін тигізе алмай отырған ғылымына қарсы шығады. Еңбек зор табысқа ие болып, бірінші сыйлыққа бағаланады.

1754 жылы Руссоның «Адамдар арасындағы теңсіздіктің пайда болуы туралы» деген екінші кітабы, 1761 жылы «Жаңа Элоиза» атты романы, ал бір жылдан кейін «Қоғамдық шарт» деген атақты шығармалары жарық көреді.

1762 жылы Руссоның «Эмиль, немесе тәрбие туралы» деген романы басылып шығады. Бұл шығармада Руссо іріген феодалдық қоғамның шырмауынан арылып, бостандық алған жаңа адамды тәрбиелеудің жолын көрсетті.

Соңғы шығарма автордың есімін дүние жүзіне танытты, бірақ ондағы жаңа адам жөніндегі, оның тәрбиесі туралы пікірлері король чиновниктерінің, әсіресе дін иелерінің ызасын туғызды.

Париж парламенті «Эмильді» өртеу жөнінде қаулы қабылдайды да, кітапты үкімет қарақшылары қаланың бір алақында өртейді. Руссоның өзі Швейцарияға кетуге мәжбүр болады. Қуғын көреді, тек 1776 жылдан бастап Англияға ғана уақытша паналайды, осында «Насихат» деген ең соңғы өмірбаяндық шығармасын жаза бастайды. Тек 5 жылдан кейін ғана денсаулығы әлсіреп, көңілі қайтқан Руссо өз Отанына оралады, бірақ онда да басқа фамилиямен тұруға рұқсат алады. Ол 1778 жылы Париж түбінде қайтыс болады.

Француз буржуазиялық революциясы кезінде оның ең революцияшыл партиясы якобинцілер Руссоны өздерінің идеялық көсемі ретінде бағалады. Руссо өлгеннен кейін оның саркофагіне «Бұл жерде табиғат пен шындықтың адамы жатыр» деген сөздердің жазылуы кездейсоқ беріле салған баға емес еді. Француз бен швейцар еңбекшілерінің атынан ұлы ойшыға асқан құрмет ретінде әдейі сол екі елде де Руссоға ескерткіш орнатылған. Кейін оның аты бүкіл дүние жүзіне әйгілі болды.

Руссоның көзқарасы.

Саяси пікірлерінде Руссо батыл түрде ескі қоғамның негізіне қарсы, әділетсіздік, екіжүзділік атаулыға қарсы қажырлы күресші ретінде көрінді. Өзі төменгі сословиеден шыққан Руссо қарапайым еңбеккерлерді ғана сүйіп, басқалардың еңбегі арқылы өмір сүруші арамтамақтардан жаны түршіге жиіркенді.

Руссо өзінің саяси пікірлері баяндалған «Адамдар арасындағы теңсіздіктің пайда болуы туралы» атты еңбегінде теңсіздік цивилизацияның дамуымен күшейе бермек деп дәлелдеді. «Қоғамдық шарт» деген шығармасында Руссо мемлекеттің пайда болуы жөніндегі бұрыннан ұсынылып келе жатқан қоғамдық шарт теориясы дегенді қолдай отыра, феодалдық қоғамға өзінің болжаған бір қоғамы - «Адамдардың табиғи жағдайының болуы» дегенді ұсынады. Оның ойынша, бұл қоғамда адамдар бір бірімен тең және бостандықта болуы тиіс, ал олар кейіннен өздерінің «табиғи праволарын», еңбекке негізделген меншіктерін қорғап сақтау үшін ғана уақытша өз еріктерінше праволарынан бас тартқан. Осы ойымен байланыстыра отыра, Руссо асқан жігерлілікпен, бойды кернеген ызамен тирандықты, эксплуататорлардың озбырлығын, әшкереледі: халық тілегін қанағаттандырмайтын үкімет заңсыз, себебі ол қоғамдық шарт негізінде адамдардың өзі қалаған, халыққа қызмет ететді деп сенген үкіметті, сондықтан да ол үкіметке шарт бойынша адамдар өз праволарын тапсырған. Ал қазір сол бастапқы қоғамдық шарт бұзылып отыр, егер үкімет халыққа қызмет ете алмаса, үкіметтің халыққа қажеті де жоқ деп дәлелдеді.

Әрине, бұл ойлар көркем әдеби түрде баяндалған корольды тайдыру және феодалдықты жою жөніндегі жігерлі ұран еді.

Руссо адамды адам қанау болмайтын, барлық адамдар өз еңбектерімен өмір сүретін бостандық, теңдік және бауырмалдық орнаған қоғамдық құрылысты социалистік құрылыс емес еді, ол ұсақ жеке меншіктілердің, жер иелерінің және қол өнершілердің қоғамдық құрылысы еді.

Көзқарастарының осындай тар мағыналылығы мен тапшылығына байланысты Руссо адамдарды табиғатпен жақындасуға, мешеу ауылшаруашылығы мен қол өнерге шақырады. Осылай ол мәдениет пен техниканың прогресшілдік сипаттарына түсіне алмады, сөйтіп оның көзқарасының тұйықтығы байқалды.

Тәрбиенің мақсаты мен сипаты.

Жан Жак Руссоның педагогикалық теориясы негізінен көркем шығармасы «Эмиль» атты романында баяндалды, бірақ бұл әдеби мұра болуына қарамастан, онда ағартушы өзінің тәрбие жөніндегі пікірлерін жүйелі теория дәрежесіне жеткізді, тәрбиенің тым нәзік проблемаларына жете көңіл бөле отыра зерттеп, өз заманының арнасынан шығып жатқан топшылаулар жасап, ұсыныстар айтты.

Өз өмірінде гуманистік бағытты берік ұстаған ағартушы педагог Руссо жаңа қоғамды аңсауына байланысты феодалдық салт сананы түбірімен жою үшін, жаңа қоғамды орнату үшін, кімді қалай тәрбиелеу қажет деген сұрақпен тәрбиенің міндеті мен өзгешеліктері жөніндегі мәселені зор педагогикалық проблема ретінде ұсынды. Бұл мәселелер негізінен адам еңбек арқылы өмір сүреді, еңбексіз өмір жоқ деген пікірлерге саяды.

Ал азғындаған феодалдық қоғамда мықтылар басқа адамдар еңбегін пайдалануда, нағыз ерікті адам - өз еңбегімен өмір сүрушілер ғана. Мұнан шығатын қорытынды - өз еңбегінің жемісімен өмір сүретін, ешкімге тәуелсіз, бостандықты қадірлей де, қорғай да білетін адамдарды тәрбиелеу.

Демек, Руссоның педагогикалық концепциясының негізіне феодалдық әдет ғұрыптардан арылған, бостандықтағы, толық адамгершілігі бар адамды өсіру талабы жатады. Әрине, Руссоның педагогикалық теориясының шеңберінің кеңдігі, терең адамшылығы осындай жаңа адамды тәрбиелеу талабын ұсынуына болды.

Осындай келелі міндеттерді шешудің жолдарын қарастыра келе феодалдық қоғамдағы бала тәрбиесі табиғатқа қарсы қойылған, сондықтан жаңа тәрбие табиғатқа сәйкес, баланың табиғи дамуын ескеріп, оның жас ерекшеліктеріне лайықталып, жүргізілуі тиіс. «Табиғат балалардың кәмелетке жеткенше бала болуын талап етеді», дейді Руссо.

Тәрбие бағыты жөніндегі Руссоның негізгі педагогикалық талаптары - баланы қадірлей отыра, оның қызығушылықтары мен тікелей талаптарын зерттеу. Еріктілік, баланың табиғатын білу, баланың өзіндік әрекетін дамыту, тәрбиенің негізіне айналуға тиіс. Ал тәрбиеші баланың дамуын ұқыпты түрде дұрыс бағыттайтындай, ойланып толғануына жөн сілтейтіндей жағдайлар жасай білу ғана тиіс. Сөйтіп, Руссо жаңа тәрбиені балаға үстемдік етуге, оның еркінің дамуына, тек зәбірлік жасауға тырысатын феодалдық ескі тәрбиеге тікелей қарсы қойды.

Баланың өсу кезеңдері және әр кезеңдегі тәрбие ерекшеліктері:

Руссо баланың өмірін 4 кезеңге бөледі:

1-кезең - баланың туған күнінен 2 жасқа дейінгі;

2-кезең - 2-ден 12 жасқа дейінгі;

3-кезең - 12-ден 15 жасқа дейінгі;

4-кезең - 15 жастан ер жетуіне дейінгі өсу дәуірлері. Баланың осындай жетілу дәуірінің әрқайсысына тәрбиенің негізгі бір саласын кеңінен және негізгі түрде жүргізуді ұсынды.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: