Ежелгі Египет мектебі 14 страница

Мақсат –идеал немесе іс - әрекеттің нәтижесінің өте оңды тамаша моделі аралық мақсаттарға жету арқылы қол жетеді, оларды мақсат- міндеттер деп анықтауға болады. Басқаша айтқанда, педагогикалық процеске сай мақсат идеалға жету осы нақтылы бөлікке шешуге көздейтін кейбір шартты сатыларға бөлумен байланысты.

Мақсат – міндеттер арасындағы айырмашылықтарына қарамастан міндеттер қойылған мақсат бағытында жасалған ерекше қадам болады және белгіленген нәтиже алу үшін не істеу керек деген сұрақтарға жауап береді. Ұстаз үшін оқушылармен бірге тек қана қандай нәтижелерге жетудегі қозғалыс қайтып ұйымдастыру ғана емес,сонымен бірге алда істелінетін жұмыстың (не істеу керек) міндеттерін мұқият үйілестіру арқылы қойылған мақсатқа саналы қозғалысын қамтамасыз ету өте маңызды.

Педагогикалық мақсатты ұйымдастырылған іс - әрекет олардың творчестволық белсенділігін қалыптастыру жағдайы. Әдеттегі іс - әрекеттер түрлері қарым - қатынас; ойын, еңбек ортаның белгілі бір жақтарына бағытталған. Сондықтан педагогикалық ықпал деңгейінің қалыптасу барысындағы тұлғаның ортамен (тек қана әлеуметтік қана емес, сонымен қатар табиғаттық, материалдық, рухани) алдын – ала қойылған мақсатқа байланысты өзара әрекетін реттеу. Бізге тұлғаның қалыптасуы іс - әрекет барысында қалыптасуындағы, іс - әрекет қандай болса тұлға да сондай. Әртүрлі жас ерекшелік кезеңдерінде бірғана іс - әрекет маңызды болып қалмайды, іс - әрекеттің маңызын барлық адамның саналы өмір кезеңдерінде байқауға болады.

Бұл айтылғандардан мынадай қорытынды жасаймыз:

- қандайда болмасын аяқталған салыстырмалы мектеп жұмысының формасы болатын уақыт жағынан шектелген педагогикалық процесте (сабақ, экскурсия, мектеп кештері және т.б.) жұмыс міндеттерінен туатын педагогикалық ықпал етудің әртүрлі құралдарының қарым - қатынас, еңбек, ойын тәсілдері және т.б. объективтік алғы шарттарын көруге болады;

- комплексті түрде педагогикалық ықпал ету құралын қолдану мақсатпен міндеттерді мұқият үйлестіруді жұмыстың барлық ауыртпалығының ортасын негіздеуді, демек жетекші, негізгі, өзекті іс - әрекетті анықтауды талап етеді;

Педагогикалық процесс компонентерінің ерекшеліктерін талдау олардың арасында ішкі бірліктері мен өзара байланыстылығының бар екендігі көрсетіледі, оны ескерілмейінше педагогикалық процестің жүйе ретіндегі құрылымы туралы мәселені шешу мүмкін емес. Бұл әрине бөліктер арасындағы байланыстар анықтаумен бірге, белгілі бір нәтижеге әкелетін, яғни процеске тән заңдылықтарды ақылы білім жағдайларды да анықтауды шамалайды.

Педагогикалық процестің заңдылықтары дегеніміз “ұстаздар – оқушылар” жүйе байланысын көрсету болады: жүйенің өзінің ішіндегі кейбір жеке қосымша жүйелердің және сыртқы басқа одан жоғары сатыдағы жүйелер (мектепті қоршаған әлеуметтік орта, қоғам). Көрсетілген себеп бойынша педагогикалық процестің қызмет істеуінің ерекшелігін жағдай,байланыс, қатынас көрсететін процестің қасиеті мен оның сапасын, заңдылықтары анықталады.

Педагогикалық процестің негізгі мынадай заңдылықтары болады:

1. оқу орнының педагогикалық процесі қоғамның әлеуметтік экономикалық қажеттілігіне сай болады;

2. педагогикалық процестің мақсатқа бағытылығы қоғамның мақсатын көрсетеді,ол әлеуметтік тапсырыс ретіндегі,білім беру заңдары арқылы талап етіледі;

3. педагогикалық процесс екі жақты процесс, ол ұстаздармен оқушылардың өзара тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің әрекетімен байланысты, міндетті түрдегі екі жақты іс - әрекет;

4. оқушылардың творчестволық белсенділігі мұғалімнің мұқият ойластырған және ұйымдастырылған іс - әрекетінің нәтижесі;

5. педагогикалық процестің қызметі оның жасалуымен ұйымдастырудың оқушылар коллективі, сонымен қатар жеке оқушылардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейлеріне сай келуіне байланысты;

6. педагогикалық процесс бөліктерінің мағынасы маңыздылығы әртүрлі, олардың бір – біріне бағыныштылығы (иерархия) мен бір – біріне әсері бар;

7. педагогикалық процесс бір қас қағым сәттік емес,ұзақ мерзімге уақытқа бағытталған;

8. педагогикалық процестің ішіндегі қосымша жүйелердің ортасы мен өзара қиылысқан бағыттарының әсері көптеген факторларды тудырады, соның ықпалы негізінде ең ақырғы нәтиже қалыптасады.

Заңдылықтар педагогикалық процестің ішкі және сыртқы байланыстарын көрсетеді,олар өз арасында жеткілікті дәрежедегі күрделі байланыстарын құрайды. Сондықтан, егер ұстаз нақтылы педагогикалық процесс негізгі жағдайда заңдар мен заңдылықтарды ескермей ұйымдастырса, бұл ең ақырында оқу- тәрбие жұмысының сапасынан бағалауына әкеледі.

Барлық педагогикалық процестің заңдары мен заңдылықтарын айқындалғандарды ескере отырып, баланың тұлға ретінде дамуының тиімді жағдайын нақтылы әлеуметтік – экономикалық жағдайларда өзіндік дамыту және өз орнын таба алу қабілетін қамтамасыз еткізетін мұғалімнің басшылыққа алуға тиісті сол анықтамаларды принциптері.

Принциптер мұғалімнің іс- әрекетін ұйымдастыруға қойған негізгі талаптар болып есептеледі, олар тұрақты нысаналар болып және педагогикалық процестің қызмет істеуінде творчестволық ықпал көрінеді. Негізінен принциптерде педагогикалық процестің заңдары мен заңдылықтары жүзеге асады. Бұл мұғалімнің теориядан практикалық әрекетке көшуі болады:

- педагогикалық процестің ізеттілігі, тұлғалық нысандық бағыттылығы;

- іс - әрекеттің санамен мінез - құлық бірлігін қалыптастыруға бағыттылығы;

- педагогикалық процестегі іс - әрекеттерді оқушылар тұлғасын дамытудың көкейкесті қажеттілігін ескере отырып ұйымдастыру;

- педагогикалық талап қоюшылықты оқушының көзқарасын оны адамдарға, құбылыстарға, процестерге қарым - қатынасын сыйлаумен ұйымдастыру;

- оқушы мен ұжымның дамуында жеке даралықты (индивидуалдық) психологиялық физиологиялықты жас ерекшелік пен ұлттық ерекшеліктерді ескеру;

- педагогикалық басшылықты оқушылардың инциативасымен, қайраткерлігімен ұластыру;

- оқушылардың іс- әрекеттерде тиімді нәтижелерге жетуге көмектеседі;

- ұстаздардың, оқушылар ұжымыныңжәне отбасыларының оқушыларға қоятын талаптарының үйлесімділігі;

- әрбір бала үшін тиімді психологиялық ахуалдың әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- оқушы тұлғасы мен ұжымның дамуындағы жаңа құрылымды үздіксіз бақылау.

Заңдылықтар және педагогикалық процесті ұйымдастыру принциптері өзара байланыста болады. Бұл өзара байланыстылықты процестің мәнінен оған қатысушылардың практикалық әрекеттерінен көрінеді. Педагогикалық процестегі мұғалімдер мен оқушылардың іс- әрекеттерін ұйымдастыру моделі ретінде ұсынылады. Оны 1 кестеден көреміз.

Жалпы практикада мұғалімнің екі тәуелсіз оқыту және тәрбиелеу іс - әрекеттер саласы бар деп есептелінеді. Осыған сай мұғалім екі роль атқарады: пән мұғалімі және сынып жетекшісі. Оқытудың тәрбиелік мүмкіншілігін жоспарда қарастыру әрекеті көбінесе оқылатын материалдың мазмұнымен байланыстырады,немесе оқушыларда қайсарлықты, мақсаттылықты, жауапкершілікті және т.б. қалыптастыруға ықпалын тигізеді.

Бұл екі мәселемен байланысты: біріншіден меңгерілетін пәннің мазмұны қаншалықты қоғамның даму деңгейіне,оның мүддесіне сай келетіндегіне; екіншіден бұл мазмұнның оқушыларды қаншалықты табиғаттың, қоғамның және адам ойлауының, дамуының объективтік заңдылықтарын түсінуімен қаруландырады, яғни көзқарастарының қалыптасуына ықпал етуімен байланысты.

А.С. Макаренко, тұлға кемшілігін оның қоғамдағы қатынастарындағы кемшіліктерімен байланысты деген болатын. Демек процестің негізгі тәрбиелік тетіктерін оқушылардың қалыптасқан қатынастары кеңестерінен іздестірген жөн. Жалпы білім беретін мектептің педагогикалық процесінде оқушы үшін екі маңызды қатынастың маңызы бар. Ол мұғалімдер мен оқушылар арасындағы өзара қатынастар және оқушылардың бір – бірімен өзара қарым - қатынастары. Сондықтанда жалпы білім беретін мектептің педагогикалық процесіне сәйкес екі бір – бірін өзара толықтыратын және өзара әрекетте болатын тәрбиелеуші тетіктері туралы айтуға болады.

Тіпті бірінші сыныптың өзінде бала үшін оның мектеп мұғалімдерімен, әсіресе өз мұғалімімен қатынасы тартымды және маңызды болады. Бастауыш мектептерде мұғалімнің оқушыларға қатынасының маңыздылығының арта түсуі кездейсоқ емес: себебі кішкентай оқушы өмірінде мұғалімнің маңызы зор,ол үшін мұғалім білімінің беделінің, оның тәжірибесінің, даналығының маңызы зор,оның жетістіктері қандай мұғаліммен кездескендігінен қатты байланысты оқушыларды бірте – бірте өзінің білім көлемі, тәжірибесі жинақталады,тұрақты қатынас өрісі қалыптасады, мұғаліммен қатынасының маңыздылығы төмендемейді. Бірақ жоғары кластардың өзінде де толық жойылмайды.

Бірақта зерттеулердің мұғалімнің оқушылармен іскерлік ынтымақтастығында балаларға еркіндік берумен іс - әрекет тәсілдерін оқу барысында тактикалық көмек көрсету арасында тепе- теңдіктің керектігі анықталған. Онда балалар мұғалімнің біліміне, тәжірибесіне сенеді, алдымен ақылдауға келеді, себебі олар өздерінен үлкен адамдар тарапынан шексіз сыйластықты, қадыр құрмет (тіпті олар қателесіп жақсылық жасаса да және шебер тактикалық көмегі болатындығына сенімді, бұл мұғалім мен оқушылардың өзара қатынастарының тәрбиелік әсерінің ықпалының негізгі мәнін құрайды, одан оқушының мектепке сол мұғалім беретін пәнге, оның өнегесі, тәрбиеге көзқарастарға, сенімдеріне, өмір принциптеріне қалайша қарайтындығы байланысты болады.

Оқушылар арасындағы өзара қарым - қатынастары Н.К. Крупская өзінің мақалаларында бірнеше рет балалар ұжымындығы қатынастардың тәрбиелік ролі туралы ойды айтқан болатын. Ал А.С. Макаренко нақтырақ болды ол: “ұстаздың жұмысы бастапқы ұжымға тым жақын жүруі керек. Оның жұмысының мәні ұжымның жеке тұлғаларға талабын тудыруға бағытталған болуы керек” дейді.

Оқушылардың бір – бірімен өзара әрекеттерімен байланысты тәрбиелеуші механизмінің мәні сол бұл тетік бірінші көрсетілген тетік сияқты тек қана іс – әрекет болғанда ғана пайда болады және қызмет атқарады. Сонымен қатар іс - әрекет ұжымдық және мұқият ұйымдастырылған болуы керек, сонда ғана іскерлік ынтымақтастықпен жауап керектігін қатынастарды қалыптастыру үшін алғы шарттар жасалынады.

Олай болса бірінші және екінші тәрбиелеуші тетіктері арасындағы жалпы ұқсастық (іс - әрекетпен оның ерекшеліктері) өте маңызды қортынды жасауға мүмкіндік береді. Егер негізгі тәрбие сайманы болып балалар ұжымын қалыптастыру үшін ұстаз әртүрлі іс - әрекеттер арқылы балалардың айнала қоршаған ортамен белсенді өзара әрекетін ұйымдастыра алса онда оған ұжымдық іс - әрекетті ұйымдастыру барысында балалардың өз арасындағы қатынасты кәсіби сауатты қолдануы керек.

СОӨЖ тақырыбы: Студенттердің оқытушымен бірігіп атқаратын өзіндік жұмыстарыны

1. Педагогикалық үрдістің заңдылықтарының мәні мен мазмұны.

2. Педагогикалық үрдістің компоненттерінің орны.

3. Педагогикалық үрдістің ерекшеліктері.

4. Мақсат және міндеттің педагогикалық үрдістегі маңыздылығы.

5. Тұлғалық қарым-қатынастың іс-әрекеттегі алатын орны.

Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар.

1. “Заң”, “ заңдылық”, “принцип” деген ұғымдарының мазмұнын анықтаңыз. Бұл ұғымдарды “ тәрбие”, “педагогикалық процесс” деген ұғымдарымен не байланыстырады?

2. Мұғалімнің педагогикалық процесті ұйымдастырудың, заңдылықтарын және принциптерін білуі неге қажет?

3. Педагогикалық процестің заңдылықтарының ролін нақты жағдай арқылы көрсет..

4. Ұстаздар мен оқушылардың іс - әрекетін педагогикалық процестің қай бөліктері көрсетеді?

5. Қоғамдық тәжирбенің мазмұны неден тұрады?

6. Жеке тұлға әлеуметтік нормативтік мәдениетті қалай меңгереді?

7. Педагогикалық процестің тәрбиелеуші тетіктеріне сипаттама беріңіз.

8. Оқушылардың бір-бірімен өзара әрекетінің механизмі қандай.

Өз бетімен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар

1. Педагогикалық ұғымдарының дамуының мазмұндық хронологиялық кестесін жасаңыз.

2. Педагогикалық процестің заңдылықтарына ситуацияларды талдап алыңыз.

3. Өзін талдау схемасын мұғалімнің педагогикалық процесті ұйымдастыру принциптерін басшылыққа алып жасаңыз.

4. Оқушылардың сыныптары мен өзіне қатынасын бағалау үшін керекті тапсырмаларды құрастырыңыз.

5. Социометриялық зерттеу жүргізу үшін анкета, талдау дайындаңыз.

6. Социограмма негізінде сыныптағы тәрбиелеуші тетіктердің әсерінің педагогикалық міндеттерін үйлестіріңіз.

Реферат тақырыптары.

1. Мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттерінің мәні және маңызы..

2. Заңдылықтардың педагогикалық процестегі ролі.

3. Заңдар мен заңдылықтардың өзара байланыстылығы.

4. Іс-әрекеттер тәсілдерін меңгерудің оқушылардың педагогикалық процестегі белсенділігін дамытуға әсері.

5. Педагогикалық үрдістің компоненттері.

Әдебиеттер

1. Педагогика. Дәріс курсы. Авторлар ұжымы – Алматы; 2003.

2 Вопросы обучения и воспитания / сост. Э.Г. Костеликин. М., 1972.

3. Ленин В.И. Философские тетради ПСС, т. 29.

4. Макаренко А.С. Проблемы школьного советского воспитания. Собр. Соч. В 7 т. Т.5 М., 1958г.

5. Проблемы методологии педагогики, методологического исследования / Под ред. М.А. Данилова и Н.И Болдырева М., 1971.

6. Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. – Алматы; Ғалым, 1985

15-лекция. Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі

Жоспар

1. Педагогикадағы тәрбие мақсаты мәселесінің тарихы.

2. Тәрбие және әлеуметтік келісім.

3. Қоғамдық мәдениеттің тәрбие кеңістігі ретінде қалыптасуы.

Негізгі ұғымдар: тәрбие мақсаты, қоғамдық мәдениет, жеке тұлғаны әлеуметтендіру және дербестендіру, жан-жақты үйлесімді дамыған жеке тұлға, жеке тұлғаны” шығармашылық мүмкіншілігі.

Қоғамның даму барысында тәрбие және мақсаты төңірегіндегі пікір-талас ежелгі дәуірдің өзінде-ақ басталған. Ертедегі ойшылдар тәрбиенің мақсаты ізгі, рақымшыл азаматтарды тәрбиелеу деп түсінді. “Рақым” туралы пікірде олардың ойлары бір жерден шықпады. Мысалы, Сократтың түсінігінше, тәрбиенің мақсаты- заттардың табиғатын зерттеу емес, өз-өзіңді тану, аса құлықтылықты жетілдіру, ал Платон ақыл-ой, ерік және сезімді тәрбиелеуге көп ықылас білдірді. Ол тәрбиені өкіметті” өзі ұйымдастыру керек, үстемдік етуші топтар – философтар мен жауынгерлерді” талап-тілегіне сай жұмыс істеу деп түсінді. Аристотель, тәрбиенің мақсаты жан рақымы – ақыл-ес пен ерік-жігерді дамыту деп білді.Ұлы педагог Я.А. Коменский тәрбиенің күшіне сенді, оның ойынша тәрбие үш мақсатқа жетуге бағытталуы қажет: өзіңді және қоршаған ортаны тану (ақыл-ой тәрбиесі) және құдайға сиыну (діни тәрбие). Дж. Локтың ойынша, тәрбиенің негізгі мақсаты азаматты қалыптастыру, өз істерін ақылмен және байыппен жүргізу, ал Ж.Ж. Руссо қоғамдық құндылықтарды қалыптастыруға тәрбие мақсаттарының алатын орнын айтты.

И.Гербарттың ойынша, тәрбие мақсаты, рақымды адамды қалыптастыруға, қалыптасқан қарым-қатынастарға бейімделе алатын, қоғамдағы белгіленген тәртіпті сыйлайтын, оған бой ұсынатын адамдар десе, А.Дистерверг тәрбиенің мақсаты “ақиқат, сұлулық және мейірімділікке өз ынтасымен қызмет” ету деп анықтаған.

Ұлы орыс педагогы К.Д. Ушинский: “Егер сізге айтса, тәрбие мақсатымен адамды бақытты етуге болады деп, онда сізді” дауласуға әбден қақыңыз бар, ал тәрбиеші “бақыт” дегенде нені түсінеді; өйткені, бәрімізге белгілі, әлемде бақытқа ұмтылмайтын пенде жоқ: біреуге бақыт болып көрінетін жағдай, ал ол басқа адамға жай бір оқиға сияқты көрінеді, кейбіреуі тіпті бақытсыздық” - деп тұжырымдайды..

Тәрбие мақсаты көп уақытқа дейін идеалды адам мұратына, жан-жақты үйлесімді дамыған, рухани байлығы мол, моральдық қылықтары таза және дене күші дамыған тұлға ретінде түсінді. Әрине, бұл позиция – тәрбиені” негізгі мақсаты. Бірақ, тәрбиені” мақсаты біржақты қарастырылып, күнделікті тәжірибеде тәрбие жұмыстарыны” нәтижелері алға қойған мақсаттан біршама ерекшеленуіне әкеп соғады.

Тәрбие мақсаты – педагогиканың ең маңызды мәселесі. Мақсат-тәрбиенің жалпы мақсаттылығынан, тәрбие жүйесінің сипатын айқындаушы ретінде көрінеді. Мақсат пен міндет бүтін және бөлшек ретінде ара қатынаста болады, жүйесі мен оны” компоненттеріне тәуелді. Қорыта айтқанда, тәрбиені” мақсаты нақты тәрбие міндеттеріні” жүйесі.

Тәрбие мақсаты жалпы және жеке болып келеді. Тәрбиенің мақсаты жалпы болып келгенде, яғни барлық азаматтарда сапалы құндылықтарды”, ал жекеленіп келуі, яғни жеке тұлғаны” қалыптасуын көздейді. Қазіргі заманда тәрбие жүйесіне қарай тәрбие мақсаты әр алуан болып келеді. Тәрбие мақсатының әр алуандығы тәрбиенің өте күрделілігін көрсетеді. Мақсаттылыққа объективтік себептер әсер етеді. Олар, дененің физиологиялық жетілу заңдылығы, адамның психикалық дамуы, философия мен педагогикалық ойды” жетістігі, ортаны” үнемі қоғамның мүддесіне орай өзгеріп отыруы.

Мақсатқа ұмтылу, ұстазға айқын мақсаттар белгілеп, кәсіптік іс-әрекеттерінің нәтижелерін оқушылардың тәрбиеге бой ұсынуынан, құлшынысынан байқауға болады. Нақты мақсаттар туралы сөз қозғағанда, олардың анықтамасының негізгілерін бөліп алу қажет. Ең алғашқы әлеуметтік негізі әрбір индивидтің дамуы табиғаттың адамға генетикалық тұрғыдан берген әлеует мүмкіншілігін дамытумен қатар, оның даралығын қалыптастырумен байланысты. Баланың дараланып дамуында белсенділік, күш-қуат артуымен қатар, еркі мен ақыл-сезімінің қалыптасуы, оның болашақ кәсібінің бейімін, қабілетін интегралдап, іс-әрекетке қолданудың амалы күні-бұрын қарастырылады. Жеке бастың дамуы белгілі бір әлеуметтік жағдайға байланысты.

Мақсат- іс-әрекет нәтижесін күні бұрын идеалды ой-тұжырым арқылы болжау.

Тәрбие-әлеуметтік институт ретінде қалыптасуын әлеуметтендіру, мәдениет және әлеуметтік ереже, әлеуметтік тәрбие мақсатында жүргізу, сол арқылы қоғам мүшелеріні” әлеуметтік қажеттілігін өтеуге жағдай жасау.

Әлеуметтендіру – мәдени элементтерді түсіндіру, әлеуметтік мұраттар мен құндылықты игеру негізінде жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыру әлеуметтендіру жүйесінің мазмұны қоғам талабымен айқындалады, яғни оның мүшелері қоғамның маңызды салаларын білу, өндірістік қызметке қатысу, берік үйелмен, заңды басшылыққа алатын азамат болуы қажет. Адамдардың мінез-құлқы әлеуметтендірудің объектісі ретінде қалады. Бірақ, адам бұл процестің объектісі ғана емес, субъектісі болған жағдайда ғана әлеуметтенеді.

Әлеуметтендіру қоғам талаптарын жеке тұлғаны” қалыптасу кезе”інде бірте-бірте игеруі, сана мен тәртіпті” ма”ызды әлеуметтік мінездері, оны” қоғаммен қарым-қатынасын реттейді.

Әлеуметтендіру – тұлғаны” белгілі бір бейнесін дәріптейді, оны” негізгі белгілері: адамны” әлеуметтік қарым-қатынасы, достық, сүйіспеншілік, отбасы, өндірістік, саяси т.б. көрінеді. “Адамны” адам болып қалыптасуы жалғыздықта өмір сүрмейді, бірліктерді” арқасында адам болып қалыптасады, өзін қоршаған басқа субъектілермен бірдей жағдайда тұрмайды, бірақ әркім-әрқайсысыны” жан-жақты ықпалынан осы жерлерге үздіксіз жауап қайтаруынан”.

Әлеуметтендірудің алдына қойған міндеттерінің екі тобы болады:

а. тұлғаның әлеуметтік бейімделуі,

б. әлеуметтік кемелденуі.

Бұл міндеттердің шешімі ішкі және сыртқы факторларға байланысты. Соның ішінде, сыртқы ортаның қайшылықтары баланың бойында дамып келе жатқан ішкі қарсыластық күшіне сай келуге тиіс. Адамның орталыққа ұмтылыс күші, сыртқы мәдениеттің жерінен әлдеқайда басым болуы қажет, сонымен қатар, оның жаңа ағымын үздіксіз сезінуі керек.

Адамды әлеуметтендіру нәтижелері әлеуметтік белсенділік, адамның әлеуметтік қарым-қатынасы байланысында көрініс беретін әрекетшілдігі. Әлеуметтендірудің көрсеткіштері: әлеуметтік ортаға бейімделу, әлеуметтік дербестік және әлеуметтік белсенділік.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: