Постреквизиттері

Курс-3, семестр-5

Астана, 2015

МАЗМҰНЫ

    бет
4.9.1 Типтік бағдарлама  
4.9.2 Оқу жұмыс бағдарламасы  
4.9.3 Оқу бағдарламасы (силлабус)  
4.9.4 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі  
4.9.5 Пәннің оқуәдістемелік қамтамассыздандырылу картасы  
4.9.6 Дәрістік кешен  
4.9.7 Практикалық (семинарлық) сабақтар жоспары  
4.9.8 Пәнді игеру бойынша әдістемелік нұсқаулар  
4.9.9 Типтік есептеулер, есептемеграфикалық, зартханалық жұмыстарды, курстық жұмыстарды (жобаларды) орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар  
4.9.10 Студенттің өзіндік жұмыстарына арналған материалдар  
4.9.12 Студенттердің оқу үлгерімін қадағалау және бағалау бойынша материалдар (жазбаша бақылау жұмыстары, тесттік тапсырмалар; өзінөзі тексеруге арналған сұрақтар тізімі, емтихан билеттері және т.б.)  
4.9.13 Оқу сабақтарын программалық және мультимедиялық сүйемелдеу (пәннің мазмұнына байланысты)  
4.9.14 Арнайыланған аудиториялар, кабинеттер және зертханалар тізімі  

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қазақ технология және бизнес университеті

«Менеджмент және туризм» кафедрасы

4.9.2 Оқу жұмыс бағдарламасы

«Экскурсиятану»

пәні бойынша

Міндетті компонент

МАМАНДЫҚ

В090200 «Туризм»

Астана, 2015

«Экскурсиятану» пәнінің оқу жұмыс бағдарламасы 2015 жылдың «___» _____________ №___ хаттамамен ҚазТБУ Ғылыми кеңесінде бекітілген 5В090200 «Туризм»мамандығының оқу жұмыс жоспарына сәйкес құрастырылған

Құрастырушы: Жайлаубаев Е.Н. магистр, оқытушы

Оқу жұмыс бағдарламасы Қазақ технология және бизнес университетінің Ғылыми-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде бекітілген

«____» ___________2015 ж. Хаттама № _____

Төрағасы ______________ Имашева Б.С.

Оқу жұмыс бағдарламасы Қазақ технолдогия және бизнес университетінің «Менеджмент және туризм» кафедрасының мәжілісінде талқыланып мақұлданған

«____» __________2015 ж. Хаттама №_____

Кафедра меңгерушісі: _____________ Жуманова Б.К.

ОҚЫТУШЫ ЖАЙЫНДА МӘЛІМЕТТЕР

Жайлаубаев Ерболат Нурахметович, магистр, оқытушы

Кафедра: Менеджмент және туризм, 307 аудитория

Кеңес беру уақыты: бейсенбі 14.00 – 15.00 сағ.

Курстың аталуы: «Экскурсиятану»

3 курс, 2 кредит

ПРЕРЕКВИЗИТТЕРІ

«Туризм тарихы», «Мамандыққа кіріспе», « Туризмология негіздері», «Туристік- өлкетану жұмысының негіздері».

ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ

«Туристік іс-әрекеттің психологиясы», «Туризм менеджменті», «Туризм маркетингі» «Туристік бизнесті жоспарлау және ұйымдастыру»

ПӘННІҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ

Мақсаттары:

Туризм мамандығының студенттерін экскурсияның теориялық негіздерімен таныстыру. Экскурсия туристік бизнестің белігі болғандыктан «Экскурсиятану» курсы туристік пәндер кешенінде маңызды орын алады. Экскурсиялық және туроператорлық фирмалар білім алу, тәрбиелеу, ой-сана қалыптастыру функңияларын орындайтын экскурсиялық қызметпен айналысады. Сондықтан туризм мамандары экскурсиялардың өткізу техникасы, дайындалуы, саласы, аталған қызметті атқаратын қызметкерлерді бақылау формалары жөнінде нақты хабардар болуы қажет.

Курс міндеттері:

-Экскурсияларды дайындау және өткізуде қолданылатын қазіргі тәсілдерді игеру;

-Қазақстандағы экскурсия қызметінің ерекшеліктері, даму жағдайлары және болашағы жөнінде білім беру;

-студенттерге экскурсиялық текстерді құрастыру әдістемесі туралы, әртүрлі экскурсияларды өткізу әдістемесі туралы хабар беру;

-әдістемелік, өлкетанымдық, тарихи және т.б. әдебиеттерді талдау және пайдалана білу;

-экскурсиялық жұмысты ұйымдастыру әдістерін зерттеу;

-экскурсия өткізу техникасы жөнінде терең білім беру;

-қызмет бойында жеке текстерді және технологиялық карталарды құрастыру;

-экскурсиялық обьектілерді іріктеу және зерттеу, обьектілерді көрсету және экскурсиялық талдау әдістерін білу;

-Қазақстанда экскурсиялық істі насихаттау.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: