Кіріспе

МЕДБИКЕЛІК ІСІ НЕГІЗДЕРІ

Мамандығы: 0302000 – «Медбикелік іс»

Біліктілігі: 0302011– «Жалпы практикадағы медбике»

Көлемі -228 сағат

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігі

Астана 2014

Мазмұны

1. Түсіндірме жазба
2. Пәнді оқытудың жоспарлы нәтижелері
3. Пәннің мазмұны және тақырыптық жоспары
4. Білім беру үрдісін ұйымдастыру және жүзеге асыруға қойылатын талаптар
5. Жоспарланған білім беру нәтижесін бақылау
6. Ұсынылған әдебиеттер және оқыту құралдары

Осы үлгілік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсатынсыз басып шығаруға және таратуға болмайды.

Алғы сөз

1. Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасымен «Көкшетау медицина колледжі» тарапынан МҚКМ «Орта медициналық және фармацевтік қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау жөніндегі республикалық колледжінің» жалпы жетекшілігімен ӘЗІРЛЕНГЕН ЖӘНЕ ЕНГІЗІЛГЕН

2. Алғаш рет енгізілді.

3. ҮЛГІЛІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 0302000 - «Медбикелік іс» мамандығы, -030203 3 «Жалпы практикадағы медбике» біліктіліктері бойынша 2013 ж. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес әзірленді.

4. Үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы ____ ____________ № ______ бұйрығымен бекітілген.

1. Түсіндірме жазба

Кіріспе

Медбике ісі (ДДСҰ) - халықтың денсаулын нығайтуға, аурулардың алдын алуға физикалық және психикалық аурулары бар адамдарға, сондай-ақ еңбекке жарамсыз науқастардың барлық топтарына психо-әлеуметтік көмекті және күтімді көрсетуге бағытталған денсаулық сақтау жүйесінің бір бөлігі.

Осы үлгілік оқу бағдарламасын МЖБС сәйкес жүзеге асыруда 0302000 – «Медбикелік іс» мамандығы бойынша III семестрде қорытынды бақылау тест түрінде, ал IV семесстрде - іріктеулі сынақ, осы пәнге берілген оқу уақытысында өткізіліледі. (формасы білім мекемесімен анықталады).

Құзыреттілік тараулар және оқыту модульдер тізімі оқыту үшін міндетті болады және оларды азайтып өзгертуге болмайды, бірақта оқитын модульдерді (тарауларды) кеңейтіп және тереңдетіп өзгертуге болады.

Жұмыс оқу бағдарламасын құрастырғанда білім беру мекемесінің құқығы бар:

- пәнді оқытуға үлгілік оқу жоспарында бөлінген оқу сағатының көлемін 25% өзгертуге, оларды игеруге бөлінген оқу сағатының барлық көлемін сақтағанда;

Пән мақсаты: болашақ маманға кәсіптік құзыреттілікті қалыптастыру.

Пәннің міндеттері: Дағдылар мен іскерлікті игеру бойынша:

- Медбике еңбегін ұйымдастыру және кәсіби дайындау;

- Ағзаға дәрілік заттарды енгізу;

- Ағзаның әр түрлі қызметтері бұзылған кезде медбикелік процессті ұйымдастыру және іске асыру;

- Реабилитациялық шараларды ұйымдастыру және іске асыру;

- Пациенттерді аспаптық зерттеу әдістеріне дайындау;

- Гериатриялық пациенттердің күтімін ұйымдастыру және жүзеге асыру;

- Паллиативті көмекті ұйымдастыру және жүзеге асыру;

- Шұғыл жағдайларда көмекті ұйымдастыру және жүзеге асыру;

- Қарапайым жүрек-өкпелік реанимацияны жүргізу.

2. Оқу пәнінің жоспарланған нәтижелері

Модуль: негізделген пациент күтімі

Стандартта жоспарланған білім беру нәтижелері Үлгілік оқу бағдарламасында жоспарланған нәтижелер
Білім алушылар келесі құзыреттіліктерге ие болулары керек: Кәсіби БҚ-1. оқыту БҚ-1.1. Өзі даму: оқуды ұзақ уақытқа жоспарлау кәсіптік даму дағдыларын қолдана білуді; БҚ-2. Этика. БҚ-2.1. Этикалық принциптер. Кәсіптік этикалық принциптер жолын ұстаушылығын көрсетеді;. БҚ-3. Коммуникация және командада жұмыс істеу. БҚ-3.1. Коммуникациялық (қарым-қатынас) дағдылар. Жағдайды есептей отыра әртүрлі адамдармен әсерлі қарым-қатынасты көрсете алады. БҚ-3.2. Командада жұмыс істеу. Әртүрлі командада жұмыс істей отыра, жауапкершілікті көрсете алады. КҚ-4. Денсаулықты нығайту КҚ-4.1. Кеңес беру: науқасқа (клиентке) және оның жанұясына денсаулықты сақтау және нығайту сұрақтары бойынша кеңес беру дағдыларын меңгеруді. КҚ-5. Қауіпсіздік және сапа КҚ-5.1. Қауіпсіздік технологиясы және сапа: Көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту және қауіпсіздік деңгейінің жоғарлату үшін инновациялық технологияларды қолдануды: КҚ-5.2. Стандарттар: Қауіпсіздікті және медициналық қызмет сапасын қамтамассыз ету үшін стандарттарға сәйкес емшараларды орындауды ҚҚ-6 Клиникалық құзыреттілік Медбикелік күтім: ҚҚ-6.1студент негізделген пациент пен оның отбасы мен айналасындағылардың қатысуымен медбикелік күтімді жүзеге асырады: Физикалық тексеру және медбикелік сұхбаттасу арқылы пациент туралы ақпарат жинайды; - Зерттеу нәтижелерін қорытындылай келе пациент мәселелерін анықтайды; - Медбикелік күтім жоспарын құрайды; - медбикелік күтімнің жоспарына құжат толтырып, іске асырады; - пациент күтімінің эффективтілігін бағалайды. Реабилитация: ҚҚ-6.2студент пациенттің функционалдық мүмкіндіктерін эффективті реабилитацияға негізделе отырып жақсартады. Дәлелденген медбикелік практика: ҚҚ-6.3 Өзінің күнделікті іс-әрекетінде дәлелденген медбикелік практиканы қолданады. Пәнді оқып білу нәтижесінде білім алушы: Біледі: - Медбике еңбегін ұйымдастыру және кәсіби дайындау негіздерін; - Ағзаға дәрілік заттарды енгізу әдістері және ерекшеліктерін; - Инвазивті манипуляцияларды орындау ерекшеліктері - Ағзаның әр түрлі қызметтері бұзылған кезде медбикелік процессті ұйымдастыру және іске асыру; - Медициналық реабилитация негіздерін; - Пациенттерді аспаптық зерттеу әдістеріне дайындаужәне пациент еміндегі диагностика маңызын; - Қарт және егде жастағы пациенттерді бақылау және күтімін ұйымдастыру және жүзеге асыру; - Паллиативті көмек көрсетудің ерекшеліктері, - Шұғыл жағдайларда көмек көрсету принциптері; - Қарапайым жүрек-өкпелік реанимацияны жүргізу.   Істей білуі: - Постық, емшаралық медбикенің жұмыс процессін ұйымдастыру, кезекшілікті тапсыру және қабылдау, пациент демалыстарын ұйымдастыру, медициналық құжаттармен жұмысын және санитарлық- ағарту жұмыстарын жүргізу; - Дәрілік заттарды қолдану туралы пациенттерді ақпараттандыру; - Инфузия мен қан алуы, иньекция, венепункцияны дәрілік затты енгізу мақсатында қолдану; - венозды катетрлармен жұмыс жасау; - иньекциядан кейінгі асқынуларда пациенттерге көмек көрсету; - тыныс алу, жүрек қан-тамыр, асқорыту, эндокриндік, зәр шығару жүйесінің қызметі бұзылғанда пациенттер күтімі. - пациент мәселесін анықтау және медбикелік картаны жүргізу; - асқазанды шаю, клизмаларды қою, стомалар күтімі, уретральді катетрлерді қою; - аспапты зерттеу әдістеріне пациенттерді дайындау; - гериатриялық пациенттер күтімі; - паллиативті көмек көрсету; - шұғыл жағдайларда көмек көрсету; - қарапайым жүрек-өкпелік реанимацияны жүргізу.   Қатынас (іс-әрекет): - пациенттерді бақылауды жүргізу; - пациенттермен әңгімелесу жүргізуді жаттығу - пациент мәселелерән анықтап жаттығу; - пациентпен, туыстарымен және отбасымен, айналасындағылармен эффективті қарым қатынас принциптерін қолдану; - медициналық сұхбаттасудың конфиденциалдылық принциптердің сақталуын іске асырады; - пациенттермен және отбасы мүшелерімен қарым-қатынас кезінде уайым, қайғысымен бөлісу; - конфликті жағдайлардың жойылуына және өндірістік конфликтердің шешілуіне әсер етеді.  

Пәннің пререквизиттары және постреквизиттары

Пререквизиттары: Модуль базалық медбикелік күтім:

- коммуникативті дағдылар және психология негіздері;

- анатомия;

- физиология;

- латын тілі;

- медициналық биология генетикамен;

- медбикелік ісі негіздері.

Постреквизиттары: Модуль пациент-центрированный күтім жалпы практикада:

- коммуникативті дағдылар және психология негіздері;

- жалпы патология;

- терапиядағы медбиелік іс;

- педиатриядағы медбикелік іс;

- хирургия и реанимациядағы медбикелік;

- психиатриядағы медбикелік іс;

- неврологиядағы медбикелік іс;

- офтальмологиядағы медбикелік іс;

- оториноларингологиядағы медбикелік іс;

- физиотерапия;

- емдік денешынықтыру, массаж;

- өндірістік оқу;

- кәсіби практика;

- емтихандар;

- МҰ-дағы (медицинская организация) жұмыс

Пән сағаттарын бөлу

Жалпы сағат саны Теория Практика
  -  
I семестр – 112 II семестр – 116 - -  

3. Пәннің мазмұны және тақырыптық жоспары

№ п/п Бөлімдер мен тақырыптар Барлығы Теория Практика
  Бөлім 1 Медбике еңбегін ұйымдастыру және кәсіби дайындау   -  
  Тема 1.1 Медбике еңбегін ұйымдастыру және кәсіби дайындау   -  
  Бөлім 2 Дәрілік терапия тәсілдері және әдістері   -  
  Тақырып 2.1 Дәрілік заттардың негізгі топтары: жаздырып алу, сақтау, тарату, қолдану әдістері   -  
  Тақырып 2.2 Дәрілік заттардың энтеральді және сырттай қолдану әдістері   -  
  Тақырып 2.3 Дәрілік заттарды парентеральді енгізу жолдары. Емшара бөлмесінің жұмысын ұйымдастыру.   -  
  Тақырып 2.4Аспаптармен жұмыс және өңдеу этаптары кезінде медбикенің қауіпсіздігі.Ампуладан, флаконнан дәрілік заттарды алу.   -  
  Тақырып 2.5 Тері ішілік және тері астына егу жасау техникасы   -  
  Тақырып 2.6 Бұлшықет ішіне егу жасау техникасы   -  
  Тақырып 2.7 Көктамырға егу жасау техникасы   -  
  Тақырып 2.8 Көктамырдан қан алу техникасы   -  
  Тақырып 2.9 Көктамыр ішілік тамшылы жүйені жинау техникасы. Тамыр ішіне тамшылап құюдың техникасы   -  
  Тақырып 2.10 Венозды катетрлармен жұмыс істеу ережелері.   -  
  Тақырып 2.11 Кей дәрілік заттарды енгізу ерекшеліктері.   -  
  Бөлім 3 Жасанды тамақтандыру   -  
  Тақырып 3.1Жасанды тамақтандырудың әдістері   -  
  Бөлім 4 Ағзаның әр түрлі қызметтері бұзылған кездегі медбикелік үрдіс.   -  
  Тақырып 4.1 Медбикелік үрдіс. Медбикелік күтімін ұйымдастыру мен орындаудың ғылыми әдісі.   -  
  Тақырып 4.2 Тыныс алу қызметі бұзылған кездегі медбикелік үрдіс. Оксигенотерапия.   -  
  Тақырып 4.3 Жүрек қан тамыр жүйесінің қызметі бұзылған кездегі медбикелік үрдіс.   -  
  Тақырып 4.4 Асқорыту жүйесінің қызметібұзылған кездегі медбикелік процесс. Асқазанды шаю.   -  
  Тақырып 4.5Ішек қызметі бұзылған кездегі медбикелік үрдіс. Стомаларды күту   -  
  Тақырып 4.6 Клизмалар: тазарту және сифонды.   -  
  Тақырып 4.7 Клизмалар: майлы, гиперто­ниялық, дәрілік.   -  
  Тақырып 4.8 Зәр шығару жүйесінің қызметі бұзылған кездегі медбикелік үрдіс.   -  
  Тақырып 4.9 Қуыққа катетеризация жүргізу техникасы.   -  
  Тақырып 4.10 Эндокриндік жүйе қызметі бұзылған кездегі медбикелік үрдіс.   -  
  Бөлім 5 Реабилитология негіздері   -  
  Тақырып 5.1 Тірек-қимыл аппаратының жарақаты кезіндегі реабилитация.   -  
  Тақырып 5.2 Жүрек –қантамыр жүйесінің аурулары кезіндегі реабилитация.   -  
  Тақырып 5.3 Неврологиядағы реабилитация   -  
  Бөлім 6 Пациентті зертханалық зерттеу әдістеріне дайындау.   -  
  Тақырып 6.1Зертханалық зерттеу әдістері.   -  
  Бөлім 7 Пациентті аспаптық зерттеу әдістеріне дайындау.   -  
  Тақырып 7.1 Рентгенологиялық зерттеу әдістері.   -  
  Тақырып 7.2 Эндоскопиялық зерттеу әдістері.   -  
  Тақырып 5.7 Ультрадыбысты, радиоизотопты ЯМРТ, КТ зерттеу әдістері.   -  
  Бөлім 8 Гериатриялық пациенттерді бақылау және күту.   -  
  Тақырып 8.1 Гериатриялық пациенттердің өзін-өзі сезіну динамикасын бақылау   -  
  Тақырып 8.2 Гериатриялық пациенттердің күтімін ұйымдастыру және жүргізу.   -  
  Бөлім 9 Паллиативті көмек   -  
  Тақырып 9.1 Паллиативті көмекті ұйымдастыру. Стационар жағдайында паллиативті пациенттерді күту және бақылау.   -  
  Тақырып 9.2 Үй жағдайындағы паллиативті пациенттерді күту ерекшеліктері.   -  
  Бөлім 10 Шұғыл жағдайлар   -  
  Тақырып 10.1Әр түрлі оқыстық жағдайлар кезіндегі диагностика және дәрігерге дейінгі көмек.   -  
  Тақырып 10.2 Қан ағу кезіндегі диагностика және дәрігерге дейінгі көмек.   -  
  Тақырып 10.3 Терминальді жағдай. Қарапайым жүрек-өкпелік реанимация.   -  
  Тақырып 10.4 Қарапайым жүрек-өкпелік реанимация. Мәйітпен жұмыс істеу ережесі.   -  
  ҚОРЫТЫНДЫ:   -  

3.1. Пән мазмұны

Бөлім 1

Медбике еңбегін ұйымдастыру және кәсіби дайындау

Тақырып 1.1

Кәсіби бағытта дамуында медбикенің өзін ұстау ережелері

Этико-деонтологиялық принциптерді сақтау. Биомедициналық этика. Медбикенің ішкі және сыртқы мәдениетті сақтау. Медбикенің жағдайының және еңбек талабы. Медициналық постың тағайындалуы және жұмыс орнының ұйымдастырылуы. Жұмысты қабылдауға және тапсыруға қойылатын талаптар. Дәрігерлік тексеріске палаталарды және пациенттерді дайындау. Дәрігерлік жиналысқа дайындалу ережелері. Бөлімшеден пациенттерді шығару ережелері. Санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар және пациенттердің демалысын ұйымдастыру.

Бөлім 2

Дәрілік терапия тәсілдері және әдістері

Тақырып 2.1

Дәрілік заттардың негізгі топтары: жаздырып алу, сақтау, тарату, қолдану әдістері

Дәрілік заттардың негізгі топтары. Ағзаға дәрілік заттарды енгізу жолдары, олардың артықшылықтары мен жетіспеушіліктері. МҰ емдеу бөлімшелерінде дәріханадан дәрі жаздырып алу ережелері. Бөлішелердегі дәрілік заттардың сақталуына қойылатын жалпы талаптар. Қатты әсер ететін, наркотикалық және психотропты дәрілік заттарды тіркеу және сақтау ережелері. Емдеу бөлімшелерінде дәрілерді пациенттерге тарату ерекшеліктері және ережелері. Медикаментозды терапияны тіркеу және бақылау.

Тақырып 2.2

Дәрілік заттарды энтеральді және сырттай қолдану әдісі

Дәрілік заттарды энтеральді қабылдау әдісі, артықшылығы және жетіспеушілігі. Дәрілік заттарды ауыз арқылы, тіл асты арқылы, транссбукальді, ректальді қабылдау ережелері. Энтеральді және ингаляционды әдіспен енгізу кезіндегі қолданылытын дәрілік заттардың формалары. Дәрілік заттарды қабылдауды бақылау.

Дәрілік заттарды сырттай қолдану әдістері: сүрту, жағу, емдік пластырь қолдану, сеппе, дымқыл дәке басу, мазьді және тамшыны құлаққа, көзге және мұрынға тамызу. Артықшылығы және жетіспеушіліктері.

Тақырып 2.3

Дәрілік заттарды парентеральді енгізу жолдары. Емшара бөлмесінің жұмысын ұйымдастыру

Дәрілік заттарды парентеральді енгізу жолдары. Артықшылығы және жетіспеушілігі. Шприцтер мен инелердің түрлері, жұмыс істеу ережесі. Егу жасау кезінде асептиканы сақтау ережелері. Емшара бөлмесінің жұмысын ұйымдастыру: ғимаратқа, жиһаздарға, құрылғыларға қойылатын талаптар. «Дезинфекция зонасы» және «шартты стерильді зона» түсінігі. Емшара бөлмесін жұмысқа дайындау. Емшара бөлмесінің санитарлық-эпидемиологиялық тәртібі, жинастыру түрлері және оларды жүргізу ережелері. Емшара бөлмесінің жинау инвентарьларын қолдануға қойылатын талаптар. Кәсіби қауіпсіздікті және ауруханаішілік гигиенаны сақтау талаптары.

Тақырып 2.4 Аспаптармен жұмыс және өңдеу этаптары кезінде медбикенің қауіпсіздігі. Ампуладан, флаконнан дәрілік заттарды алу. Аспаптармен жұмыс және өңдеу кезеңдерінде мүмкін болатын жарақаттар. Медициналық аспаптармен, құралдармен жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік ережелері. Жарақат кезіндегі шұғыл көмек көрсету принциптері.

Ампуладан, флаконнан дәрілік заттарды алу техникасы. Манипуляцияны орындау кезіндегі асептика ережелерін сақтау.

Тақырып 2.5

Тері ішілік және тері астына егу жасау техникасы.

Тері ішілік және тері астына егу жасауда көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері. Тері ішілік және тері астына егу жасаудағы анатомиялық орындыры. Медбикенің және пациентті иньекцияға дайындау. Тері ішілік және тері астына егу жасау техникасы. Егуден кейін болатын асқынулар. Алдын алу және емі. Қолданылған жабдықтарды өңдеу.

Тақырып 2.6

Бұлшықет ішіне егу жасау техникасы.

Бұлшықет ішіне егу жасаукөрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері. Бұлшықет ішіне егу жасауда анатомиялық орындыры. Медбикенің және пациентті иньекцияға дайындау.Тері ішілік және тері астына егу жасау техникасы.Егуден кейін болатын асқынулар. Алдын алу және емі.

Қолданылған жабдықтарды өңдеу.

Тақырып 2.7 Көктамырішілік егу жасау техникасы.

Көктамыр пункциясы туралы түсінік. Көктамырішілік инъекция жасаудын көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері. Көктамыр пункциясының анатомиялық орындары және көктамыр типтері. Көктамыр пункциясына медбике мен пациентті дайындау. Дәрілік заттарды көктамырішіне еңгізу техникасы. Көктамыр пункциясын жасау кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау. Егуден кейін болатын асқынулар. Алдын алу және емі.Қолданылған құралдарды өндеу.

Тақырып 2.8 Көктамырдан қан алу техникасы

Қанды биохимиялық зерттеуге алудағы медбикенің рөлі. Қанды зерттеуге көрсеткіштері. Көктамыр пункциясын қою орындары және көктамыр типтері. Қан алуға медбике мен пациентті көктамыр қанын түрлі зерттеулеріне: (биохимиялық, серологиялық, иммунологиялық, гемостаз, гематологиялық, ПЦР, ИФА гормондарына) дайындау. Көктамырдан шприц және жабық вакуумді жүйесі арқылы қан алу техникасы. Көктамыр пункциясын орындау кезінде қауіпсіздік техникасы. Көктамырдан қан алуға бағыттама жазу ережелері және анализ қорытындыларымен жұмыс істеу. Көктамырдан қан алу кезіңде пайда болатын асқынулар және оларды алдын алу. Қанды зертханаға тасмалдау ережелері. Қолданылған құралдарды өндеу.

Тақырып 2.9 Көктамырішілік – тамшылы жүйені жинау техникасы. Көктамырішілік тамшылы құюдын техникасы.

Көктамырішілік тамшылы құюдын көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері. Көктамырішілік құюдын түрлері. Тамшылатып енгізу үшін қолданылатын дәрілік заттар, оларға қойылатын талаптар. Инфузия өткізудің жұмысын ұйымдастыру. Тамшылы жүйені жинау техникасы. Көктамырішілік құюға медбике мен пациентті дайындау. Көктамырішілік тамшылы құюдын техникасы. Дәрілік ерітінділерді еңгізу жылдамдығы және температурасы. Емшараны және пациент жағдайын қадағалау.Егуден кейін болатын асқынулар. Алдын алу және емі.

Тақырып 2.10 Көктамыр катетерлерімен жұмыс істеу ережелері.

Көктамыр катетерлерін қою көрсеткіштері. Медбикені және пациентті орталық көктамыр және перифериялық катетерлерін қоюға дайындау. Перифериялық катетерді қою техникасы. Көктамыр катетерлері арқылы дәрілік заттарды еңгізу және қан алу техникасы. Көктамыр катетерлеріне күтім жасау ережелері. Қолданылған құралдарды өндеу.

Тақырып 2.11

Кейбір дәрілік препараттарды еңгізу ерекшеліктері.

Кейбір дәрілік заттардын еңгізу ерекшеліктері: инсулин, гепарин, бициллин, магний сульфат, хлорды кальции, майлы ерітінділер, жүрек гликозидтері, антибиотиктері. Инъекция жасау техникасы. Пункция (плевралды, абдоминалды, стерналды, люмбалды, буын ішіне) өткізу кезінде медбикенің рөлі.

Бөлім 3 Жасанды тамақтандыру

Тақырып 3.1 Жасанды тамақтандырудың әдістері

Жасанды тамақтанудың ұғымы. Жасанды тамақтанудың түрлері. Пациентті зонд, гастростома, арқылы тамақтандырудың мақсаттары, көрсеткіштерімен қарама қарсы көрсеткіштері. Пациентті зонд, гастростома, арқылы тамақтандыру техникасы. Парентеральдық тамақтанудың қолдану көрсеткіштері. Парентеральдық препараттар. Қолданылған құралдарды өндеу.

Бөлім 4

Ағзаның әр түрлі қызметтері бұзылған кездегі медбикелік үрдіс.

Тақырып 4.1 Медбикелік үрдіс. Медбикелік күтімін ұйымдастыру мен орындаудын ғылыми әдісі.

Медбикелік үрдіс түсінігі. Медбике ісінің қазіргі заманға сай моделдері. Медбикелік үрдістің кезендері. Адамның негізгі қажеттілігі. «Медбикелік үрдістің» әр кезеніндегі медбикенің міңдеттері. Медбикелік құжаттарды жүргіу.

Тақырып 4.2 Тыныс алу қызметті бұзылған кездегі медбикелік үрдіс.

Тыныс алу функциясының бұзылуының көріністері: еңтігу, демікпе, жөтел (құрғақ, қақырықты бөлінуімен), кеуде торының ауыруы, қан түкіру, өкпелі қан кету. Тыныс алу функциясының бұзылуы кезінде пациенттке күтім көрсету ерекшеліктері. Пациенттін халін жеңілдететін жағдай жасау. Дымқыл оттегімен немесе таза ауамен пациентті қамтамасыз ету. Қалта ингаляторы және жеке түкіргішпен қамтамасыз ету. Көп мөлшерде сілті сусын ішуді қамтамасыз ету. Оң дренаж үйрету. Қарапайым физиоемшараларын орындау. Тыныс алу мүшелерін аспапты зерттеу әдістері. Оксигенотерапия туралы түсінік. Көрсеткіштері. Оксигенотерапия өткізуге арналған жабдықтар және орындау техникасы (оттегі баллоны, жастық, орталықтандырылған беру). Огсигенотерапия өткізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы. Жабдықтарды өндеу.

Тақырып 4.3 Жүрек қан тамыр жүйесінің қызметі бұзылған кездегі медбикелік үрдіс.

Жүрек қан тамыр жүйесінің бұзылуының көрінісі: еңтігу, демікпе, жүрек түсының ауруы, жүрек соғысы, жүрек жұмысы кезіндегі іркіліс, перифериялық ісіктер, асцит, АҚ күрт көтерілуі және төмендеуі, талып қалу.

Жүрек қан тамыр жүйесінің бұзылуы кезінде пациентке күтім көрсету ерекшеліктері. Пациенттін халін жеңілдететін жағдай жасау. Артериалды қысымды өлшеу, пульсты қадағалау. Тәулік диурезді өлшеу және су балансын анықтау. Тері мен сілемейлі қабықтарға күтім көрсету.

Тақырып 4.4

Асқорыту жүйесінің қызметі бұзылған кездегі медбикелік үрдіс. Асқазанды шаю.

Ас қорыту жүйесінің бұзылуының көрінісі: іштін ауыруы, тенезмалар, асқазан деспепсиясы: қыжыл, дисфагия, кекіру, тәбеттін бұзылуы, жүрек айну, құсу, «кофе қою» тәрізді құсу. Ас қорыту жүйесінің бұзылуы кезінде пациентке күтім көрсету ерекшеліктері. Ас қорыту жүйесі мүшелерін аспапты зерттеу әдістері.

Медбикелік тексеру әдістері және тәуелсіз араласу. Асқазан шаюдын көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері. Белсенді және пассивті пациенттерге емшараны өткізу техникасы. Емшара кезінде пациенттін жағдайын бақылау. Жабдықтарды өндеу.

Тақырып 4.5 Ішек қызметі бұзылған кездегі медбикелік үрдіс. Стомаларды күту.

Ішек функциясының бұзылуының көріністері: ішек диспепсиясы: іш өту, іш қату, метеоризм, нәжісті ұстамау; қарамайлы нәжіс «мелена». Ішек функциясының бұзылуы кезінде пациентке күтім көрсету ерекшеліктері. Ас қорыту жүйесі мүшелерін зертханалық және аспапты тексеру әдістері. Медбикелік тексеру әдістері және тәуелсіз араласу. Газ шығырғыш түтікті орнатудын көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері. Медбике мен пациентті емшараға дайындау. Емшараны орындау техникасы. Стомалар орнатудын көрсеткіштері. Стомаларды күту ерекшеліктері. Пациентті және онын туыстарын стомаға өздік күтім көрсетуді үйрету. Зәржинағыш және памперсттерді қолдану. Нәжісті саусақ арқылы шығаруды. Жеке гигиенаны және шап аралық терінің тазалығын сақтауды қамтамасыз ету.

Тақырып 4.6 Клизмалар: тазарту және сифонды

«Клизма» түсінігі. Клизма түрлері. Клизма қою мақсаттары. Тазарту және сифон клизмаларын қою көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері. Медбике мен пациентті емшараға дайындау. Тазарту және сифон клизмаларын өткізу техникасы. Қолданылған жабдықтарды өндеу.

Тақырып 4.7 Клизмалар: майлы, гиперто­ниялық, дәрілік.

Майлы, гиперто­ниялық, дәрілік клизмаларын қою көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері. Медбике мен пациентті емшараға дайындау. Майлы, гиперто­никалы, дәрілі клизмаларын өткізу техникасы. Қолданылған жабдықтарды өндеу.

Тақырып 4.8 Зәр шығыру жүйесінің бұзылған кездегі медбикелік үрдіс.

Зәр шығыру жүйесінің бұзылуынын көріністері: зәрдің болмауы, зәрді ұстай алмауы, ісіктер, дизурия, полиурия, анурия, олигурия, гематурия, поллакиурия. Зәр шығыру жүйесінің бұзылуы кезінде пациентке күтім көрсету ерекшеліктері. Медбикелік тексеру әдістері және тәуелсіз араласу. Қуықты катетерлеу түсінігі. Емшараны өткізу көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері. Әйелдерде және ер адамдарда қуықты катетерлеу техникасы. Зәржинағыш және дәрет ыдысымен қамтамасыз ету. Жеке гигиенаны және шап аралық терінің тазалығын сақтауды қамтамасыз ету.

Тақырып 4.9 Қуыққа катетеризация жүргізу техникасы.

Қуықты катетеризациялау түсінігі. Емшараны өткізудің көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері. Емдік және диагностикалық мақсатпен әйел және ер адамдардын қуығына катетеризация жүргізу техникасы. Қолданылған жабдықтарды өндеу.

Тақырып 4.10 Эндокриндік жүйе қызметі бұзылған кезіндегі медбикелік үрдіс.

Эндокриндік мүшелері бұзылуының көріністері. Эндокрин мүшелері функциясының бұзылуы кезінде пациентке күтім көрсету ерекшеліктері: диабетикалық табан синдромы (подиатриялық күтім), емдік тамақтану, семіздік. Медбикелік тексеру әдістері және тәуелсіз араласу. Салмақты және күндізгі диурезді санау әдістері. Инсуллинді еңгізу ерекшеліктері. Пациенттің жағдайын бақылауды. АҚ өлшеуді, пульсты қадағалауды қамтамасыз ету. Жеке гигиенаны сақтауды қамтамасыз ету.

Бөлім 5


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: