Сот шешендігін жетілдіру негіздері

Сот шешендігі — сотта сөйлей алу шеберлігі сонау антикалық дәуірден бергі, көнеден келе жатқан асыл өнерлердің бірі. Прокурор мен адвокаттың сөздері бір-біріне қарама-қарсы сөз жарыстыру, пікір-таласқа құрылғандықтан, көз алдымызға ежелгі би-шешендеріміздің өзара сілкісін, батырлардың жекпе-жегін елестетерлік сот мәжілісін қып-қызыл майдан алаңына айналдыра алатындай қуаты күшті келеді. Қылмыстық, азаматтық, арнайы не әкімшілік іс бойынша орын алған оқиға, дәлелдемелерді тексеріп, жан-жақты ашып көрсетуге құрылған олардың сөздерінің дені соттың шығарар шешімі мен үкіміне ықпалды әсер ететіні сөзсіз. Кей кездері қылмыстық сот ісіне қатысушы тұлғалар іс бойынша дұрыс шешім шығаруға маңызы бар болған істің фактілері мен мән-жайларын біле, оған анық көзін жеткізе тұра, ойын қажетінше жатық тілдік тұрғыда жеткізе алмайды.

Кәсіби заңгерлер сөздерін мәнді етіп көпшілік алдында көлденең тарту үшін олар іс материалдарын жан-жақты талдап, тексеріп қана қоймай, заң кодекстерін ғана емес, сондай-ақ психологияны, педагогиканы, этика мен логиканы жетік білетін жоғары білікті мәдениетті адам болулары керек.

Соттағы айтылар төрелік сөздер қазақстандық азаматтар үшін тәрбиелік мәні бар конституциялық принциптерді сақтауда үлкен орын алады. Прокурор мен адвокаттар сөздерін төгілдіріп талдау үстінде сөйлеу сапасына әсер ететін мына жайттарды анықтадық: шешеннің биіктен шалар көсем ойлылығы, жалпы эрудициясы мен кәсіби шеберлігі; алқалы топ алдында ұтымды сөйлей алу қасиеті; сөйлеуге алдын ала тыңғылықты дайындықнен келуі. «Көпшіліқ алдындағы сөздің басқалармен байланыс орнату, тындаушының назарын аудару, сыпайылық таныту, тыңдаушының көңілін аулау, т. б. тәрізді функциялары бар». Ендеше, қазіргі сот шешендігіне қатысты тілге тиек етер зәру мәселе — заңгерлердің сот процесінде болсын немесе көпшілік алдында болсын сөйленер сөздің түрлі-түрлі ерекшеліктері, сөз мәтіндерін құру ережелері төңірегіне келіп саяды. Сөйлеу мәтіні бойынша жұмысты немесе сөйлеуге дайындық процесін риторика ғылымында бірнеше кезеңге бөліп қарау бар: бірінші кезең — бұл, ең әуелі тақырып пен оның мақсатын анықтап алу, екінші кезеңге — сөйленер сөздің кімге бағышталатынын, тыңдарман қауымын, аудитория ерекшеліктерін алдын ала аңдап алу жатады, үшінші — ой жүйелілігі үшін сөйленер сөз мәтініне жоспар құру және дәйектемелік, теориялық материалдармен қарулану кезеңі, төртінші — мәтіннің толық үлгісін жазып шығу, бесінші — мәтінді дауыстап оқу, ауызекі оқу жаттығуларымен жұмыс, алтыншы — екі ұдай, анықтамалық сұрақтар жүйесін алдын ала білуге ұмтылып, оларға ұғынықты, ұтымды жауаптарды дайындап қою, жетінші — бәсекелік пікірталасын ұйымдастыра алу, сөйлеп болғаннан соң, мәтінге толыққанды талдау жасау кезеңдері жатады. Сөз сөйлеуге дайындықтың классикалық үлгісіне жататын бұл кезеңдердің әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, ондағы көзделер мақсаттарды айқындап көрелік.

Сөз сөйлеуге дайындық кезеңдері.

1) Сөйлеу тақырыбы. Сот процесінде тақырып жасалған қылмыс материалдары, ҚР ҚК, ҚІЖК, АІЖК, ӘҚБТК баптары негізінде айқындалады. Мұны жоғарыда сөз еттік. Ал көпшілік алдында сөйленер сөздің мәтінін жазудың негізгі алтын арқауы ой қай мәселенің төңірегінде құрылатынымен тікелей байланысты. Дәлірек айтқанда, бірінші кезекте күн тәртібінде тұрған өзекжарды көкейкесті мәселені ортадан ойып алып таңдау мәселесі тұрады. Оны сөйлеушінің өзі белгілейді. Мұндағы қойылатын бірден-бір талап — тақырып сотқа қатысушы тараптар, яғңи тындарман қауым жете түсінетіндей ҚК-нің баптарына сүйенген қарапайым, ұғынықты болумен бірге, көптің ықылас, ынта, зейінін өзіне лезде аударып, елітіп алып кететіндей ерекшеленуі тиіс. Яғни сөйленер сөздің идеясын, проблемасын, қылмыстық істің мазмұнын терең түсініп алу керек.

Әдетте сөйлеу тақырыбы алдында тындаушыға белгілі бір өзекті, зәру мәселеден мағлұмат беріп, ой-санасына түрткі салу, руахни байытып, таным-түсінігін кеңейту, тереңдету сипатты келелі мақсаттар қойылады. Тақырып мақсатының көпсатылығы дейтініміз осы. Кейде жіңішке сүрлеу жолды жеке мақсаттар да көзделуі мүмкін. Мәселен, сот ісінде белгілі бір адамның іс-әрекетін заң аясында ақтап шығу, т. б. с. с.

Сөйлеу тақырыбының көтерер жүті, мақсатына сәйкес сөйленер сөздің көлемі де әртүрлі болады. Көпсөзділікті көтермейтін, лақ еткізе нөсерлете төгіп, тоқ етерін бір-ақ айтып салатын митингілік қысқаша қайырып, уытты, отты сөйлеу бар да, ғылыми, әлеуметтік-саяси ыңғайда кеңінен жазып, емін-еркін көсіле сөйлеу бар.

2) Тыңдармандар құрамын аңдаусот процесіндегі сөз сөйлеуге дайындықтың келесі кезеңі. Айыптаушы да, қорғаушы да сот процесіне қатысушы тұлғалармен, тындарман көпшілікпен, ал зангер-шешен аудиториямен тікелей байланысты болғандықтан тындаушылардың әлеуметтік құрамын алдымен біліп алудың еш артықтығы жоқ. Шешендік өнердің бір шарты — сөйлеушінің тыңдармандар туралы алдын ала жан-жақты мағлұматтар жинап, хабардар болуын талап етеді: олардың жас ерекшеліктерін, қызметін, біліктілік деңгейін, білім саласын, біртектілігін, әртектілігін, сөз болатын мәселеге олардың алыс-жақын қарастырылған, наным-сенімін есепке алмай болмайды. Бір қарағанда бұл жайттар «салмағы білінбейтін бір мысқалдай» елеуге тұрмайтындай болса да, сөйленер сөздің сәтті, мәнді өтуін болжап білуге мүмкіндік туғызатын қажетті арттар. Ұсақ-түйек нәрсе жоқ. Тіпті сөз сөйлеудің өтетін жерін де, онда мінбенің, микрофонның бар екендігі, мезгіл-уақыты, кімнен кейін шығып сөйлейтінін, әлгінде ғана сөз болған мәселеге көшшіліктің ықылас-зейіні қандайлығын қадағалап отырмай болмайды. Бұлардың бәрі-бәрі шешеннің назарынан тыс қалмауға тиіс дүниелер.

3) Жоспар құру. Дәлелдемелік, дәйектемелік, теориялық материалдармен жұмыс. Айыптаушы мен қорғаушының сөздері, үлкенді-кішілі жазу жұмысының қандайы да жоспарсыз жазылмайтыны кәдік. Кейде алдын ала күні бұрын құрылған жұмыс жоспары дәйектемелік-дәлелдемелік материалдардың жинақталу ыңғайына қарай әуелгі қалпынан мүлдем танымастай өзгеріп кетуі де әбден ықтимал. Бір анығы сотқа қатысушы қауымның ақиқатка көзін жеткізу үшін, оларды иландыру, сендіру, мойындату мақсатындағы сот процесі барысында қорғап не айыптай сөйлеу көптеген дәлелдемелік дерек-айғақтар келтіруді қажет етсе, ал мерейтойда, дастарқан басында сөйленер сөздің табиғаты мүлдем басқаша, онда эмоциялық көңіл-күй реңктерін білдіретін сөздер басым келеді, той иесінің жеке басына, мереке күніне қатысты жайттар қана мысал ретінде пайдаланылады. «Фактілерғылымныц негізгі өзегі» деп әйгілі И. П. Павлов айтатындай келтірілетін дәйектемелер мен дәлелдемелер өз орнында, иінді қолданылса ғана сөз соғұрлым әсерлі, сом алтындай салмақты шығары хақ.

Дәйектемелік, теориялық материалдармен жұмыс кезінде негізге алынатыны — дәлел-айғақтардың шынайылығы, өмірдің қайнап жатқан ортасынан алынып, соқырға таяқ ұстатқандай айқын да нақты болуы. Десек те олардың көп болғанының зиянды жағы жоқ емес, өйткені дәлелдемелердің көптігінен негізгі айтылар ой төркіні көмескіленіп, тыңдаушының көкейіне жетпей қалатыны болады.

Жазба нұсқалармен жұмыс істей білудің бірнеше әдістері бар. Оларды сатылай берсек, біріншіден, қылмыстық іс томдарына, газет-журнал, ғылыми еңбектерге алдымен үстірт қана көз жүгіртіп өткен жөн. Бұлай оқу барысында бұрынғы тәжірибе, оқып-білгенің жадыңда қайта жаңғырып, есіңе кей тұстары түсіп жатады, екіншіден, сөйленер тақырыпқа үзінді пайдалану үшін материалды талдап таңдап, әрбір жолына үңіле оқу бар, үшіншісіне еңбектерден циталалар келтіру үшін үнемі конспектілеп жазып отыру тән.

Мұндағы жазылып алынған үзінділер не үшін, не мақсатпен қолданылады дегенге келсек, ең әуелі, цитаталар шешеннің айтатын ойын жинақтап, басқаша түрде қайталап береді. Бір түсінік бірнеше рет бірнеше түрде қайтанылса, тындаушының ойында мықтап орын тебетініне сенім мол. Сондай-циталар бірізділіктен, жалықтырудан сақтандырады. Біреудің сөзін бұрмалау шешенге абырой әпермесі анық, сондықтан жолма-жол үзінді келтіргенде оны бұрмалауға өз сөзіңмен өзгертуге әсте де болмайды. Цитаталардыңқуаты оны көп қолданудан көрінбейді, оларды орынды-орынсыз, келсін-келмесін қолдана беру сөйлеуші сөзін әрсіз етеді, әсерлілігін кемітеді, ажарын тайдырады.

Әсілінде мақала, қылмыстық іс материалдарын, ғылыми әдебиет, көркем әдебиет кітаптарын оқу барысында пайда болған ойларды ізін суытпай жеке қағазға бөлек-бөлек жазып отыруды әдетке айналдырған дұрыс. Иінді жерінде, сәтті пайдалануға болатын мұндай үзіктерді арнаулы бір дәптерге әр бетіне бір ғана үзіндіден түсіріп, жоғарғы жағына тақырыпты, соңында қай нұсқадан алынғандығын келтіріп отырғаны ләзім. Осындай үлгіде газет-журнал қиындыларында жүйелі түрде жинап, бір ізге түсіріп, жүрген абзал. Әрбір шығып сөйлеуші қажетті материалдарды мол жинаудың артықшылығы - қосымша уақыт табылып қалған жағдайда қосымша деректер пайдаланылады.

4. Сөз мәтінінің толық нұсқасын жазу қажеттігі. Сөйленер сөз мәтінін толық жазу керек пе деген мәселе туындауы да мүмкін. Кейбір шешендер мәтінді толық жазғанды үзілді-кесілді жақтайды. Сот шешендігінің ірі өкілі П. С. Пороховщиков сөзінің «Сот шешенінің өнері» атты кітабында былай дейді: «Жазған дұрыс па, бұрыс па деген әбден жауыр болған, бітпейтін дауды қайталамай-ақ қоялық. Бір анығы тең-тең бума қагазды жазып тауыспайынша күрделі қиын істе пәтуалы қуатты сөз айта алмайсың. Сондықтан сөйлеуге қаламмен дайындалған дұрыс. Сөйлегенде оны жатқа айтасың ба, оны өзің білесің». Автор мәтін толық жазылу керек деп талап етсе де, қысқаша түрде егжей-тегжейлі логикалық жүйелікті сақтай отыра, конспект жазумен шектелуге болады деген де уәжді айтады. Ашығында, мәтінді толық жазбай, конспектілемей, жүйелі жоспар жазумен шектелу, шын мәнінде, ілуде бір майталман шешендердің ғана талайына біткен өнер. Мәселен, көп алдына жиі-жиі шығып, сөйлеуге тура келгендіктен А. В. Луначарский өзіне ғана түсінікті майда жазумен қойын дәптеріне қажетті ой өзегін түртіп алып, сол жүйе бойынша сөйлеуге ысылып, дағдыланып үйренген. Бұлай сөйлеу әрине, шешеннің тәжірибелілігі мен біліктілігіне байланысты. Әділіне жүгінсек, мәтіннің толық жазылмауы кейде тәжірибелі шешендердің өздерін де дегбірсіздікке ұшыратып, сөзінің сапасын төмендетіп алатынын кездестіріп қалып жүрміз.

5. Сөйлеп жаттығу кезеңі. Сөйленер сөздің мәтінін толық немесе қысқаша тезистік түрде жазып шыққаннан кейін, оның қанша уақыт алатынын білу қажеттілігін сөйлеу нормасына сәйкес мәтінді алдын ала оқып шыққан абзал. Оқудың екі түрі бар сыртқы монологты (дауыстап оқу) және ішкі монологты (іштен оқу). Жазба жұмысты көз жүгіртіп іштен оқумен дауыстап, нақышына келтіріп оқып, жаттығудың нәтижелі тыңдаушыға ықпалы мен әсері бірдей болмайды. Дауыстап мәнерімен оқығанда жазылғанның мазмұны мен идеясы, көркемдік ерекшеліктері, қажетті дауыс кідірісі мен интонациясы, тиісті ырғақ, дауыс күші мен созылыңқылығы, дауыс әуені мен жылдамдығы арқылы ажарлана, көріктене түссе, сәтіне қарай иінді жерде шешеннің қимыл-қозғалысы, ым-ишарасы, яғни өзін-өзі ұстауы да сөзді нақтылата, шынайылата түседі. Шешеннің мәнерлеп оқуы немесе айтып түсіндіруі оның дауыс ырғағымен тікелей байланысты, өйткені дауыс ырғағының сан түрлі құбылысы адам көңілінің айнасы, соның тікелей көрінісі. Кейде сөзбен жеткізе алмаған ойды дауыстың сан түрлі құбылыстары арқылы түсіндіру әлдеқайда жеңіл болып тұрады. Керісінше, мазмұнды көркем жазылған мәтін тиісті дауыс ырғағымен айтылмаса, немесе оқылмаса, өзінің құнын жоғалтып, алтын пікір мысқа айналады. Мазмұнға лайықты дауыс ырғағымен оқығанда мәтінге жан біткендей болады. Демек, сөйлеген сөздің де, оқылатын мәтіннің де әсерлі құлаққа жағымды, көңілге қонымды болуы — оның өз мәнерімен оқылуына, айтылуына байланысты.

Сөзді нақышына келтіріп сөйлеу — дыбыстан басталып, сөзге, фразаға дейін қажет болып қоймастан сөйленетін сөз атаулының бәріне тиісті. Пікірді толық түсіндіруде дауыс ырғағының ықпалы күшті, оның мағынасына қарай сөйлеу сазының сан түрлі өзгеріп отыруы — ішкі сезімін тыңдаушысына жеткізуіне жәрдемдеседі. Керісінше, терең мағыналы пікірлер дұрыс дауыс сазымен айтылмаса, оның әсері аз болады. Ол үшін шешеннің дауысы ашық, дикциясы анық, оның әр сөзді өз әуенімен айтатын, әдеби тілде дұрыс сөйлей білетін болуы керек. Демек, шешен айтатын ойының мазмұнын, оның идеясын толық меңгеріп қана қоймай, оны барлық жан дүниесімен, сезімімен қуантып та, қиналып та, тебіреніп те, қобалжыл та тындаушыға жеткізе алуы қажет. Осыған байланысты әрбір сөйлемнің өз интонациясы болады, интонация сөйлемнің лексико-грамматикалық құрылысымен тығыз байланысты. Интонация сөйлемді сан түрлі типтерге бөліп, әрбір сөйлем өз бояуымен айтылады.

Шешендік өнерге енді ғана ден қойып, жаңадан бастап жүргендерге мәгінді дауыстап оқып, дайындалғаны ләзім. Өйткені «көкейдегі ойдың ауыздан шыққанда көркі қашады» деп Абай айтпақшы, сөздің мағынасы дыбысталу (естілу бейнесі) арқылы жанданады, Қандай сөзді болсын терең мағына, мән беріп, белгілі мазмұнда, айрықша мәнерлеп айтуға болады. Айтқанда тыныстың, дем алудың дұрыс болуы, оның қалыптасып, үйреншікті дағдыға айналуын сөйлеу аппаратының шынығуына байланысты. Ол арнайы жаттығулар арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ оқығанда не сөйлегенде дем алу мен дем шығару процесін оқушының (айтушының) өзіне қадағалату тәсілі де қолданылады. Сондай арнайы жаттығудың бірі ретінде әдістемеші Л. А. Горбушина қолданған жаттығуларды басшылыққа алуға болады:

1—жаттығу.

а) қысылмаңдар, еркін, тура тұрыңдар. Иықтарыңды түзу, кеуделеріңдіі жазып ұстаңдар.

ә) өкпені ауадан босатыңдар, дем шығарыңдар.

б) іштен 1-ден 5-ке дейін санай отырып, дем алыңдар, сол сәттегі диаграмма мен қабырга қозғалысының тым жиілеп не өте баяулап кетпеуін және өкпеге ауаның толып кетпеуін бақылаңдар.

в) 1-ден 3-ке дейін санап болғанша жұтқан ауаны тежей тұрыңдар (бұл — өкпедегі ауаны сыртқа шығару алдындағы әзірлік).

г) 1-ден 5-ке дейін санап тұрып, ішке жұтқан ауаны біртіндеп шығарыңдар.

Бұл тәрізді жаттығулар тілдегі дыбыстарда сөздерді айтқанда, оқығанда дұрыс дем алу дағдысын жетілдіреді, дыбыстау мүшелерін шынықтырады. Сондықтан оны үнемі болмағанымен оқта-текте жүргізіп отырудың артықшылығы жоқ.

2-жаттығу.

Жаттығуға жеке сөйлемдер немесе шағын мәтін алынады. Оларды оқығанда демді ішке алып, сыртқа шығаратын жері белгіленеді. Оқитын адам сол белгіге қарап оқиды. Мысалы «Оқыған (демді ішке алу)білгір (демді сыртңа шыгару), оқымаған (демді ішке алу)ділгір (демді сыртқа шығару)».

Жаттығуға мақал-мәтелдер, бунақ саны аз өлеңдер шумақтары, құрамы мен құрылысы жағынан жеңіл сөйлеммен жазылған әңгімеден үзінділер алынған жөн.

Ал кейбір сөзді айтқанда шешенннің түр-әлпетінің бұзылатынын аракідік болса да ұшыратып жүрміз. Мұндай көріксіз мимиканы, басы-артық қимыл-қозғалысты, ым-ишараны болдырмаудың кепілі — күнбе күн айна алдында жаттығып дайындалу. Шешеннің өзін-өзі ұстауының маңызы ерекше. Өзіңді еркін ұстайтын қалыпты іздеу керек. Сөздің өте-мөте әсерлі жерлерін ым-ишара толықтырады. Әр сөзді айтқанда үнемі қолды сермей бермей, белгілі бір оқиға, сөзге көпшіліктің көңілін аудару үшін екпін түсірерде ғана қолданады. Бір анығы, театр, кино, радио, теледидар арқылы көркем сөз шеберлерінің оқуына арнайы зер салып, қадағалап отыруға әдеттену — сөйлеу мәнерін жетілдіре түсетін фактор екені даусыз.

6. Мәтінді оқып жаттығу. Сөйлеуге дайындықтың бірнеше процесінен өтіп, мәтін пісіп-жетіліп болғаннан кейін тыңдаушылар алдына шығатын кез туды. Осындайда қалай сөйлеу керек деген ой көкейді тесері анық. Сөйлеудің үш түрлі тәсілі бар, бірі— мәтінді мәнерлеп оқу, екінші түрі — ауызша айтып, кейбір үзінділерді оқып берумен шектелу де, үшіншісі — еркін импровизация.

Сөйлеу тәсілі сөздің тегі мен түріне тікелей қатысты. Сот процесінде, ресми дипломатиялық, салтанатты жиында немесе мерейтойлар мен құттықтау сөздерде мәтінді оқыған дұрыс. Ал дәріс кездерінде қағаздан бас көтермей оқығанда аудиториямен байланыс үзіледі, осыдан сөздің әсері, ықпалы кемитіні сөзсіз. Басқаша айтқанда, сөйлеуші ойын мәтін арқылы оқыса, қағаз оны аудиториядан бөліп тастап, олардың ортасында қорған болуы мүмкін. Бұндай жағдайда шешен көпшілікті көрмейді, олармен байланыс үзіледі. Соның салдарынан аудитория мен шешен бірге ойлай да, сезімдерін бірге бөлісе де алмайды.

Парламенттік шешендік талабы бойынша негізгі, қосалқы баяндамалар оқылады да, жарыссөзге шыққандар пікірлерін ауызша білдіреді. Басқа жағдайда бүкіл залдың қолдауымен өрелік етуші олардың сөзін бұзып, кезегін алып қоюға хақы бар. Жарыссөзге шығушылар қағазды екі жағдайда ғана сандық көрсеткіштерді дәлелге келтіргенде және негізгі, қосалқы баяндамалардан немесе басқа құжаттардан үзінді оқығанда пайдаланылады.

Сотқа қатысушы тараптар оқығаннан гөрі ауызекі айтқанды жақсы қабылдайды. Қағазбен сөйлейтін шешендер сөздерінің ұтымды болмай шығуы — мәнді жерлерін сырғытып тез оқуында, дауыс ырғағының кісіні жалықтыратындай бір қалыптылығында. Ауызекі сөйлеу өнерін меңгеру бір күннің ісі емес, ұзақ уақыт жаттығуды керек етеді. Қолға конспектіні не тезисті, не мәтін жоспарын алуға болады, бірақ оған басыбайлы берілмеу керек. Сөйлеуге жан-жақты ыждағатты дайындалғанда ғана көп кемшіліктен ада боларың сөзсіз.

7. Сотта сөйлеп болғаннан кейін сөз мәтініне талдау жасау кезеңі. Сөйлеп болғаннан кейін сөз мәтіні міндетті түрде жеке талдалуы тиіс. Алдымен келешекте жіберілмеуте тиісті кемшіліктер анықталады. Шешендік өнерін үнемі ұштай түсіп, жетілдіріп отыру шешендерге қажет қасиет-ақ. Мәселен, әдеби-проза кеңістігін алсақ, Л. Н. Толстой шығармаларын теруге жібергенше өңдей келіп, корректурасын оқығанда, өзі тағы қараумен болады екен. Соның нәтижесінде кей жері бірнеше рет жөнделеді.

Мәселен төл тарихымыздан белгілі — би-шешендеріміз сөзін әсерлі-ықпалды ету күшін арттыратын көркемдік әдіс-тәсілдерді емін-еркін молынан пайдаланған. Қазақтың шешен-билерінің тұлғасы, болмысы, сөйлеу процесіндегі өзін-өзі ұстауы, қимыл-қозғалысы туралы әдеби-тарихи деректерді табу болашақтың ісі. Десек те кешегі ұланғайыр ұлыстың төресі мен төлеңгітін, тентегі мен телісін тосыннан ұтқыр айтылар орамды сөз, уәжді ойымен бірдей ұйыткан дуалы ауызды билеріміздің әр даудың өзіндік табиғатына сәйкес қолданатын көркемдік тәсілдері болғанына ешкім де шек келтіре алмас.

Сонымен сөз сейлеуге дайындықтың кезең-сатылары:

1-кезең — тақырыпты таңдау, (сотта болған істің мән-жайын) оның мақсат-мұраттарын анықтау;

2-кезең — тыңдарман құрамын, (отта сот алқасының құрамын) аудитория ерекшеліктерін аңдау;

3-кезең — алдын ала жоспар құру, дәлелдемелік, дәйектемелік және теориялық материалдармен жұмыс жасай алу үлігісі;

4-кезең — сөз мәтінін толық жазу қажеттілігі;

5-кезең — сөйлеу жаттығулары;

6-кезең — дәрісті оқып жаттығу;

7-кезең — сөйлеп болған соң, мәтінді талдау кезеңі.

Соттағы айтылар төрелік сөздер қазақстандық азаматтар үшін тәрбиелік мәні бар конституциялық принциптерді сақтауда үлкен орын алады. Прокурор мен адвокаттар сөздерін төгілдіріп талдау үстінде сөйлеу сапасына әсер ететін мына жайттарды анықтадық: шешеннің биіктен шалар көсем ойлылығы, жалпы эрудициясы мен кәсіби шеберлігі; алқалы топ алдында үтымды сөйлей алу қасиеті; сөйлеуге алдын ала тыңғылықты дайындықпен келуі.

Соттағы сөйлеуші сөзі монологты, диалогты болып екіге бөлінетіні белгілі. Бұл сөйлеудің екі түрі де шешендік өнердің этос, пафос, логос деп аталатын элементтерінен құралады.

Этос — құқықтық, моральдық, адамгершілік нормаларынан тұрады. Сөйлеуші сөйлеген сөзінде осыларды негізге алып отырады. Әр топтың алдында сөйлегенде сол топқа лайық қолданар сөйлеу мәнері, стилі, этикеті болады. Бұлар — этостың негізгі құрамдары.

Пафос — көптің көңіл-күйін аңдап білу, шешеннің эмоционалды бағалауы.

Логос — сөйлеу стилінің мәдени, логикалық, психологиялық зандылықтардың бірлігінен тұрады.

Әсілінде, сөйлеу сапалығы — сөздің бейнелілігіне, мақсатының айқындылығына, эстетикалық тұрғыдан сапасының жоғарлылығына тікелей тәуелді. Осындай орайынан алғанда, сот төрелігінің тілмарлығы — иландыру, дәлелдеу, әдіс-тәсілдерінің құрылымдарын да жүйелейтін өнер.

Соттағы сөйлеу сапасын арттыру тәсілдері.

Соттағы шеберліктің негізгі сыры — тілдік амал-тәсілдерді орынды қолдана білуде, шешеннің талғампаздығында, сөз қолдану мәдениетінде. Тек тілдің көркемдеу тәсілдерін орынды қолдану арқылы шешен көздеген нысанасына жете алады. «Шешендік. сөзде сөйлеу айшықтары мол қолданылады. Сөйлеу айшықтары дегеніміз — тыңдаушыға әсерлі болып, сөйлеудің әсемдігін, мәнерлілігін, экспрессивті мәнін күшейтіп беретін синтаксистік құрылымдардың ерекшеленген формаларына шендестіру (антитеза), градация (дамыту), қайталау, параллелизм, риторикалық сұрау, риторикалық қаратпа сөздер, дауыс ырғағы т. б. жатады. Шешендік сөздерге бейнелі эпитеттер, образды теңеулер, аллитерация, ассонанстар молынан қолданылады». Сөйлеу сапасын арттыру тәсілдерін сөз өнері ғылымында қалыптасқан үлгі бойынша троптар мен фигуралар деп үлкен екі топқа бөліп қарастырамыз.

1. Троптар. Шешендік сөзді көркейтетін көптеген әдеби тәсілдер бар. Солардың бірі — сөздердің ауыспалы мағынада қолдану. Сөздерді тура мағынасынан бұрмалап, бейнелеп қолдануды әдеби тілде ауыстыру (троп) дейді. Троп гректің бейне, бейнелеу деген сөзінен шыққан. Бір затты, уақиғаны, екінші затқа, уақиғаға ұқсата бейнелеуді метафора (ұқсату) дейміз, Заттың немесе уақиғаның жайшылықта еленбейтін, көптің көзіне іліне бермейтін қасиетін, ерекшелігін баса көрсету қанатты сөзге жаңа мағына береді, оның ғибраттық күшін арттырады. Прокурордың сотта қолданған Ауыр жолерге сын дейтін тіркесте «ауыр жол» өз мағынасында емес, адам өмірі, өмірде болатын қиын уақиғалар мағынасында қолданылған. Би-шешендердің сөздерін көркем ететін осындай бейнелі қолданыстар.

Адвокат сөзінде кездескен «Көлден кетсе жалбыз мұң, Елден кетсе жалғыз мұң» деген жолдардағы, ет жақындарынан айырылған жалғыз ерге ұқсата суреттеу — жансызға жан бітіре ауыстыруды — кейіптеу (олицетворение)дейді.

Зат, уақиға үнемі ұқсастығына қарай ауыстырылмайды, кейде тұрақты белгісіне қарай ауыстырылады. Ондай тәсілді алмастыру (метонимия) дейді.

Тұяқты тұяқ жібермейді, Іштен шыққан шұбар жылан. Бұл өткір сөз иірімдерінде тұяқ «жылқы» орнында жылан «бала» орнында алмастрылған. Бір ұғымды меңзеп тұспалдап жеткізу — шешендік сөздердің сөйлеу үлгісіне жатады. Мысалы, Қазыбек әкесінен рұқсат алып, біраз жолдасымен Төле бидің алдына сәлем беріп келіпті.

- Шырағым, «баз бала әкесінен өтіп туады, баз бала әкесіне жетіп туады, баз бала кері кетіп туады» деген. Сен соның қайсысың? дейді Төле би сынай.

- Өткенімді алдымдағы өмірім біледі. Өз ойымша әкеме жетіп тудым-ау деймін, — дейді Қазыбек сөзден тосылмай.

- Ә, шығарым, жарайсың, — деп Төле би балаша жадырап ризалығын білдіреді.

Ауыстырудың бір түрі — меңзеу (синехдоха). Меңзеуде бүтіннің орнынан бөлшегі, көптің орнына жекеше алынады. Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді, Бір жаман мың қолды ірітеді, — мұнда жекеше (бір), көпше (мың) санына қарсы қойылған. Мөңке би Сырымның «Алты шаңырақтың іргесі ажырамасын» деген батасының сырын былайша түсіндіреді: Екеуіміздің балаларымыз қосылып, ата жолын ілгері жалғастырмақшы. Сенің балаң маған келін боп түседі. Ол үш шаңырыққа ие болады. Біріншісі — қайын жұрты, екіншісі — нағашы жұрты, үшіншісі — төркін жұрты. Сол сияқты менің балам саған күйеу болады. Ол да үш шаңыраққа ие. Олар — өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты. Демек, екі бала қосылғанда алты шаңырақ шығып тұр. Осы алты шаңырақтың іргесі ажыраспаса — онда біздің ағайындығымыздың мәңгіге кеткені. Осы аталған алты шаңырақ ажыраспаса — сол алты шаңырақты құрап отырған алты рулы елдің татулығы. «Құда мың жылдық» деп осындай тамырлы жарастықты атаса керек. Осындағы үш шаңырақ, алты шаңырақ, алты рулы ел, құда мың жылдық деген ұғымдар меңзеуге жатады.

Ауыстырудың ендігі бір түрі — екі нәрсені бір-біріне салыстыру, теңеу. Салыстыру — ойды айқындаудың, анықтаудың таптырмас тәсілі. Көптеген қиындықтар заттық атаулармен, ұғымдармен салыстыру арқылы айқындалады, тыңдаушының қабылдау сезіміне тез әсер етеді, есте ұзақ қалады. Өнерағып жатқан бұлақ., Білім жанып тұрған шырақ.

Шешендік сөзде троптың жиі кездесетін екі түрі — үлкейте әсірелеу (гипербола) мен кішірейте әсірелеу (литота). Халық айтуға оқталған ой-пікіріне көпшіліктің көңілін аударып, сөзін әсерлі ету үшін белгілі бір затты, уақиғаны әлденеше есе өсіріп, ұлғайта әсірелеп, «түймедейді түйедей» етіп көрсетеді: Сырдың суы сирағымнан келмейді. Жігіт бір күнде бір кісілік, Бір күндерде мың кісілік.

2. Фигуралар. Қазақ шешендік сөздерін көркейтуде ауыстырудың алуан түрлі тәсілдерімен бірге мәнерлеу (фигура) түрлерінің де атқаратын қызметі зор. Мәселен, «Күлдір, күлдір кісінетіп, Күреңді мінер ме екенбіз» — деген үзіндіде қайталау сөздердің (күлдір-күлдір) өлең жолдарының мағынасын ашып, көркемдігін арттыруда атқарып тұрған қызметін, орнын ауыстыру қиын. Шешендік сөздерді тартымды, ұтымды ететін мәнерлеу тәсілдерінің ендігі біреуі — бірімен-бірі қарсы мағыналас сөздерді, ұғымдарды қарсы қою (антитеза): Дос жылатып айтады, Дұшпан күлдіріп айтады.

Сөзімізді қорытындылай келсек, болашақ шешен заңгерге мынадай ескертпелер айтқымыз келеді: тіліміздегі көркемдік мүмкіншілігі мол жекелеген сөздер мен сөз тіркестеріне қосымша мән үстеп, ой иірімдеріне түсіріп, айрықша келбет, бейне жасау шеберлігі ертедегі шешендерден қалыптасқан. Ана тілімізді терең меңгеріп, оның астарлы сырларына үңілемін, шешендік өнерден тәлім аламын деген бүгінгінің прокуроры мен адвокаты қазіргі шешендер сөзімен қоса, кешегі билер сөзінің көркемдігіне де назарларын аударғаны жөн.

Сот сөйлеу сөзінің құрылымы

Көпшілік алдындағы сот сөйлеу- ораторлық өнердің ежелгі бір түрі, бұған әрбір ғасыр ір бір мемлекет өзінің өзгерістерін енгізеді. Сот шешендігінің туған жері деп ежелгі греция болып табылады. Мемлекеттің дамуына байланысты әсіресе греция мен персия арасындағы соғстардан кейін, саяси күрестердің нәтижесіне байланысты демократиялық топтардың әсері нығайтылған сәттерде грецияның ішік құбылысында, халқтың көпшіліктің қызметі нығайтылады ораторлық өнердің дамыу да көріне бастады. Ол қоғамдық өмірдің маңызды факторы болып, алға шығумен байлыққа жеткізудің әдісі болып табылады.

Саяси қызметкерлегре өздерінің мүделерін көпшіліктің алдында қорғауы қажет болады және Афин азаматтарының саяси тағдырлары көбінесе көпшіліктің алдында сөйлеуді білуден тәуелді болды.Осыған үйренгілері келіп ол үшін көп ақша- қаражат төлеу қажет болды.

Сот сөйлемінің негізгі сапасы болып оның сенімділігі табылады - ол қорытындылармен болымдардың негізділігі. Сендіру дегеніміз - логикалық негіздерде әр - бір болымды дәлелдеу немесе жоққа шығару, тезистің (болымның) шындылығы дәлелденгенге сенім туғызу, яғни билерді өз ой пікіріне қарай бұрмалау.

Сот сөйлемінің сенімділігінің маңызды факторы болып оратордың өз позициясының шындылығына сену әне оның ойлау мәдениетінің биіктігі. Сенімділік іс бойынша құжаттарды жақсы білуден пайда болады.

Мысалы: Казаринов деген оратор айтқанындай "Сот маған қорғау міндетін жүктеді" сондықтан менім сотталушымның кінәсіз екендігіне сенгенім менім міндетімді жеңілдетті.

Заңгерге ойлаудың логикасымен қолдануы өте маңызды - процессуалдан аппрнентің тезисін (болымын) жоққа шығарып өзінің шындығын дәлелдеу. Ойды дұрыс құру үшін, шын қорытындыға жету үшін - логикамен қалыптасқан ойлау заңдарын білу қажет - олар кемсілер: 1. теңдестіру заңы, 2 қарамақайшы заңы, 3 жоққа шығару заңы және жеткілікті негіз заңы.

1 Т ереңдету заңы - ол ойдың негізігі белгісін білдіреді - оның анықтылығын: осы заң бойынша: әр бір ой осы ойлау процесінде өзінің анық бір мазмұнына ие болу керек, қанша рет ол қайталанбасада оның мазмұны өзгермеуге тиіс

2 Қарсылық заңы - екі, бір-біріне қайшы ой, бір пәнге байланысты, бір уақытта алғанда, бір қатынастар бойынша, екуі де бірдей шындықты білдірмейді.

3 Жоққа шығару заңы, екі бір-біріне қайшы ойдың біреуі шындық, екіншісі жалған, үшіншісі болуға тиісті емес. Бұл заңда қарсылық заңы сияқты ойдың қайшылығына жол бермейді, бұл нақты, анық жауаптарды талап етеді, әсіресе нақты шешім қабылдау қажет болған дағдайда, және ол жанама дәлелдәрге негіз болып жоққа шығаруға көмегін тигізеді.

4 Жеткілікті негіздеу заңы - әрбір айтылған болымдар нақты фактілермен дәлелденуді талап етеді. Әрбір дұрыс ой, басқа шындылығы дәлелденген ойлармен негізделу керек. Мысалы: адвокат өз қорғауындағы адамның кінәсіздігі жөніңде айта отырып, қажетті дәлелдер келтіруге міндетті. Айыптау үкімінде, оны қабылдауға жеткілікті дәлелдемелер болуы қажет.

Логика заңғдарын сақтамау дәлелді ой білдірмеу, сөйлемнің сенімділігін әлде қайда төмендетеді, логикалық қателіктерге әкеп соғады, істі анықтауға қиындықтар тудырады, кейбір жағдайларда теріс қорытындыларға әкеп соғып және әділсіз шешім қабылдаудың себебі болаад.

Дәлелденулердің логикалық операциялары(яғни әрбір болымның шындылығын негіздеу) өз ара байланысты элементтерден тұрады: тезис, аргумент, декмонстрация.

Ойдын дұрыстығын негіздеу үшін дәлелдеменің негізгі пункті тезис екендігін ұмытпау қажет.

Тезис дегеніміз - ол бір өзінің шындығын дәлелдеуді талап ететін болым.

Тезиске байланысты дәлелді ой келесі екі ережені сақтауды талап етеді.

1) Тезистің нақтылығы және анықтылығы, оның логикалық анықтылығы, логикалық қарсылықтын жоқтығы.

2) Тезистің өзгермеуі, ой білдіру пролцесіне оның өзгеруіне тиым салынуы.

Өз ойының дұрыстығын қалай дәлелдеуге болады? Сенімді аргументтер қолдану арқылы, білімді пікірлер арқылы сенімділікті тудыруға мақсатталған. Сот сөйлемінің сенімділігі көбінесе аргументтердің сапасына байланысты.

Сот, прокурор мен адвокаттың, ойларының дұрыстығын ал дегенде құжаттарының маңыздылығын және құндылық дәрежесіне қарай бағалайды.

Соттардаң толық ішік сенімдеріне аргументтердің күші және сенімділігі ғана маңызды болады.Аргументтерге қандай талатар қойылады? Тындаушыларға сенімді болу үшін олар қандай сапаға ие болулары қажет? Аргументтер шындықты білдірулері қажет, және олар бір біріне қайшы келмеу керек олардың шындылығы тәжірибиемен анықталған. олар дәлелдемелер үшін жеткілікті болу керек. Аргументтердің, жеткілігі - ол оның саны емес, сапасы. Риториканың үйретуі бойынша - дәлелдемелерді көбейту қажет емес, оларды өлшеу қажет жейді, жоққа шығарылатын аргументтерді алып тастау керек дейді. Ал енді, оратор өзінің мақсатын анықтап тезисті құрады, аргуметтерін жинақтайды. Енді оларды сөйлемде қалай орналастыру аргументацияның тәсілдерімен әдістері жөнінде ойлану қажет- демонстрация дейміз. Демонстрация дегеніміз- дәлелдеудің әдісі- ол аргументтер мен тезистің арасындағы логикалық байланыстың нысаны болады.

Демонстрациялау дегеніміз- ол тезистің аргументтер арқылы логикалық негізделуі сондықтанда ол шындық болып табылады.

Тезисті негіздеу- дәлелдердің тікелей немесе жанама түрлерімен жүзеге асырылуы мүмкін.

Тікелей дәлелдеу аргументтер арқылы жүргізіледі, тезиске қайшылық білдіретін болымдарсыз, аргументтерге тікелей сілтеме жасалады, әр-бір жағдайларды растайтын фактілер арқылы, жалпы қабылданған нормаларға сілтеме жасалады.

Сот ораторының сөйлемінде тікелей дәлелдеме аргументтердің рөлін куәгерлердің жауаптары, жазбаша құжаттар, заттай дәлелдемелер атқарған кездерде қолданылады.

Мәліметті дәлелдемелер (куәгерлердің жауаптары жазбаша құжаттар) міндетті түрде тексерілуі қажет, және олардың дұрыстығы дәлелденуі қажет.

Жанама дәлелдеме (қарсылықтан дәлелдеме) антитезисті қолдану арқылы жүзеге асырылады және оның жалғандығын анықтау арқылы содан кейін, үшіншіні жоққа шығару занының негізінде қортынды жасалады: Тезиспен антитезис бір бірін жоққа шығарғандықтан, антитезистің жалғандығы тезистің шындық екендігін білдіреді.

Аргументациялау өнері жоққа шығаруды білуді қажет етеді.

Жоққа шығару дегеніміз - ол логикалық, операция, ол алдында құрылған аргументациялау процесін қиратуға бағытталған; ол тезистің жалғандығын анықтау, ол процессуалдық аппоненттің тергеу органдарының, сотталушының т.б. тезистерінің қателігін негізсіздігін білдіру көрсету.

Сөйлеу процесінде логикамен құрылған ережелерді сақтау қажет екендігі анықталады. Аталған ережелерді сақтамау логикалық мәдениеттің жеткіліксіздігіне әкеп соғып, логикалық қателік ретінде қабылданады.

Сот сөйлемінде келесі логикалық қателіктер болу мүмкін. Егер де оратор бір ойды құрастырып алып содан оны ұмытып, басқа ойға ауысатын болса ол жерде тезистің жоғалуы орын алады. Соның салдарында оратор сот сөйлемі бойынша өз мақсаты, бастамалы ойын жоғалтады. Толық немесе ішінара тезистің жоғалуы кездеседі. Мысалы: оратор белгілі бір болымды көздеп басқа бір болымды негіздейді.

Дұрыс, білікті аргументациялаудың салдарынанда логикалық қателіктер пайда болады. Егер аргументтер дұрыс емес болса, мүмкіндікті ғана білдіретін болса онда олардың көмегімен дұрыс құртындыны негіздеуге мүмкіндік болмайды. Бұл қателік, негізгі адасу деп аталады, бұл жерде аргументтер ретінде көрнеу жалған болымдар қолданады, болмаған фактілер, мықты оратор, процессуалдық аппонентінің сөйлемінен жоқ дегенде бір тексерілмеген немесе негізсіз аргумен анықтайтын болса, онда ол оның бүкіл сөйлем жүйесін жоққа шығарады.

Демонстрациядағы қателіктер аргументтер мен тезистің арасындағы логикалық байланыстың жоқтығынан пайда болады.

Сөз арасындағ логикалық байланысты жоғалту түсініксіз, күлкілі жағдайларға әкеп соғады: Мысалы, сот қайтыс болған адамның талабын қанағаттандыра алмайды. Немесе, сотталушы Миров қайтыс болған Мирова екеуі ішімдікті тұтынуды жалғастырды.

Дұрыс: (қайтыс болған адамның тустарының талабын қанағаттандыра алмайды) (сотталушы Миров, Мирова екеуі, кәзіргі уақытта марқұм).

Сөздерді дұрыс таңдамау сөйлемде алогизмнің- пайда болуына әкеп соғады.

Алогизм дегеніміз- салыстырылмайтын түсініктерді салыстыру.

Сот сөйлемі- ол соттарға әсер етуге бағытталған шығарма. Әсер ету дегеніміз-ол сөйлемнің пәніне тыңдаушылардың назарын аудару оның мақсаты. Тыңдаушылардың ойларына өзгерістер енгізу, ол елдің ой -пікіріне әсер ету. Риториканың айтуы бойынша- аргументтерді таңдау өте маңызды.

Сот сөйлемі нағыз әсерлі болуы үшін, соттың назарына әсер ететіндей оның нысанын таңдау қажет.

Ораторлық өнердің аса таралған түрі болып сот сөйлемдері табылған. Афинада соттасу ол жеңіл жұмыс болмаған, прокурорлық институттар болған жоқ, сол себептен айыптаушы ретінде әр-бір адам бола берген.солонның атақты заңдарына сәйкес, әр-бір афиндық өз мүдделерін өздері сотта қорғауға қажет деп көрсеткен. Сотталушы өз кінәсіздігін дәлелдегеннен бұрын билерді өз жағына қаратып алуын талап еткен. Бірақ, барлық афиндіктер сөйлеу өнеріне ие болмағандықтан олар логографтардың (сот сөйлемін құрайтын адамдардың) көмектерін сұраған.

Сөйлеушінің өнері сот сөйлемінің мазмұнынан кем ролін атқармаған. Сол себептен әр-бір сот сөйлемі кіріспеден, (билерге алдын-ала әсерін тигізу мақсатында істің мәні бойынша сөйлеу). Кіріспеден кейін іспен байланысы бар болымдар туралы әңгімелер жүреді. әңгіменің басты мақсаты-сөйлеушінің шындығына билерді сендіру. Бұл бөлікте сөйлеудің көркем белгілері қолданған. Арықарай дәлелдемелер жүреді. Соңынан эпилог жүред, бұл жерде сотталушыға жан ашуды туғызатын сөйлемдер айту және ол тыңдаушыларға қатты әсерін тигізу қажет. Афиндегі сот қоғамдық мінбе болып шектелген, бұл жерде және әр-түрлі саяси сенімдер қарсыласқан, және оратор адамдарды сендіру білімімен біліктілігіне ие болуы қажет болған. Бұл білікті Платон «Үлкен ақылдың өнері» деп атаған.

Ең алғашқы сот шешендері –Горгий, Лиссий, Исократ, Трасимах. Горгий (мөлшері 480-380 біздің эраға дейінгі жылдарда өмір сүрген), ораторлық өнердің софистік бағытының өкілі болған. (Софистік-өнерлі, ақылды деген). Софистер мықты ораторлар болған, олар логиканың заңдарымен таныс болған, дауласу өнеріне ие болып, тыңдаушыларға әсерін тигізе білген. Бірақ, олардың ораторлық шеберлері тек формальдық мінездемеде болған. Сол себептен софистер ораторлық өнердің мақсатын шындықты анықтаудан емес, тек ттыңдаушыларды бір нәрсеге, болымға сендіруден тұратындығынан көрген, олар әр-бір болымды дәлелдеу не жоққа шығаруға болады деп есептеген.

Горгий мықты шешен болған, ол қорқыныштыда тудырып және уайымдыда жойып, қуаныштыда қондырып, және жан ашуды да тудырып жіберу өнеріне ие болған. Сонымен қатар горгий логограф ретінде де атақты болған.

Атақты логограф болып Лисий танылған (мөлшері 435-380 ж.ж біздің эраға дейін) белгілі сот ораторы, 200 ден астам сөйлем жазған. Оның Эратосфенге қарсы атақты сөйлемі. Бірақ Лисий әліде дәлелдемелердің қиын техникаларына ие болған жоқ, ол іс бойынша мән жайларды сенімділік тез жеткізуге көбірек назар аударған, тұлғаны әңгімелеген.

Лисий тұлғаларды құруды білген, клиенттердің мінездерін айтудан, олардың психологияларымен стильдері туралы Лисийдің сөйлемдері басынан аяғына дейін ойланылған; қарапайым кіріспе, тұлғалы сөйлеу; жалғандығы жоқ, қысқа қатаң қорытынды. Лисий сот сөйлемінің композициясының негіздерін енгізді.

Исократ (436-338 б.э. ж.) Горгийдің оқушысы. Ол сот сөйлемін басқаларға жазып жастарды ораторлық өнерге үйреткен. Исократтың пікірі бойынша, оратор өте білімді адам болуы қажет және сот сөйлемін құруда қатты еңбектену қажет деген. Исократ ашқан ораторлық мектепте, ораторлық шығарманың композициясы құрылған. Оған біріншіден 1) кіріспе, -оның мақсаты тыңдаушылардың назарларын өзіне аудару болып табылған; 2) сөздің мәнін сенімді айту; 3) опененттің сөйлемін жоққа шығарып, өзінікін дәлелдеу; 4) қорытынды.

Атақты грек ораторларының тағы біреуі Демосфен болған (384-322 б.э.ж) өмір сүрген оның аты нақты негізді болған. Сөйлемнің басты бөлігі болып іс бойынша мән-жайларды айтудан тұрған.

Ежелгі Римде ораторлық өнердің дамуы Республиканың соңғы кездерімен сәйкестендіріліп сонымен бірге аяқталды. Заңтану еңбектерінің иесі болып және Римдегі атақты оратор болып Мрак Порций Катон Старший (234-149 б.э.ж.) Тарихшы және агроном, ме,млекет қызметкермен Марк Порций сотта айыптаушы ретінде сөз сөйлегенде, ол істің мән-жайынан бастайды, ойларын анық білдіріп, болымдарға объективті баға берген. Оның қай-бір апоненті (оған қарсы шыққан оратор) женіліп қалатын. Оның сөйлеуінің негізгі сапасы-ол қысқалық, нақтылық.

Тағы бір Римдік оратор Гальба, ол заңгерлік ойға ие болып, сөйлеуінде дәлелдемелерді жинақтауды білген.

Гальбаның ораторлық шеберлігі тыңдаушыларды нақты сөйлемімен сендіретін Цицеронның ораторға деген талабына толығынан сәйкес келген. Гальбаның қорғау сөйлемдері көбінесе тыңдаушылардың қол соғударымен аяқталатын.

Біздің эраға дейінгі ІІ ғасырдың орталығында Ежелгі Рим сот сөйлеу шешендігінің маңызы үлкейген. Сот сөйлемі бес бөлімнен тұрады.

1) Кіріспе

2) Істің мән-жайларын айту

3) Өзінің сөйлеміндегі болымдарды дәлелдеу

4) Апоненттің сөйлеміндегі болымдарды жоққа шығару

5) Қорытынды

Сол уақыттағы белгілі сот ораторларының бірі Гай Папирий Карбон болған (б.э. дейін 82 жылы) қайтыс болған. Ол азаматтық және қылмсытық істер бойынша өзін өте жақсы көрсеткен. Цицерон оны беделді және ең мықты ораторлардың санына енгізген.

Сол уақытта атақты адвокат Гай Скрибоний Курион-дед болған. Цицерон оның Сервий Фульвийдің қорғау жөніндегі сот сөйлемін –шешендіктің тұлғасы деп айтқан.

Марк Антоний (143-87 б.э. дейінгі жылы) сот сөйлемі саяси белгіге ие болған. Тағы бір сот ораторының бірі Крисс болған. Оның сөйлемдері мұқият дайындалғандықтан ерекшеленген. Ал дегенде ел заңмен негізделгендігі байқалған. Сондықтанда оны Цицерон «Оратордың арасындағы ең мықты заңгер деп» айтқан. Сол сияқты Квинт Гортензий Гортал римнің сот шешендерінің тағы бір өкілі болған.

Ежелгі римнің ораторлық өнерінің жақсылықтары Марк Рулий Цицеронның ораторлық шеберлігінен көрінеді. (106-44 біздің эраға дейінгі ж.ж.). Ол табиғаттан білімді бола отырып, сонымен қатар ол кемел білім алған: ол Рим құқығын атақты заңгер Сцеволадан үйренген, ол диалектикаға даумен дәлелдеу өнеріне үйренген, греция философиясымен танысқан, грек шеберлердің ораторлық өнеріне Крас пен Антонийдан үйренген. Бірақ Цицерон бірінші жоспарға еңбекті қойған. Ол өзінің дауысына қатысты көп жұмыс істеген, дауысының нашарлығын жою мақсатында. Ол өзінің сөйлеміне мұқият дайындалып, өзінің ораторлық шеберлігін тұрақты жақсартқан.

Ораторға көбінесе пайдалы деп Цицерон этика және логика, философия, тарих және әдебиет қажет деген. Себебі логика сөйлемді дұрыс құруға көмегін тигізді. Этиканы білу-тыңдаушылардың қажетті назарын аударуға көмектесетін қажетті тәсілді таңдауға көмек теседі. Ал философия, тарих және әдебиет белгілілі қызықты қылады деген. 4-5 ғ.ғ сот сөйлемінің өнері Ежелгі Грузияда дамығаны байқалады. Фартадзе атақты Колхида риторикалық мектебінің көрнекті қызметкері 6 ғ.ғ Ежелгі армян философы Давид Анахт фаторлық өнердің ішінде сот шешендігін ерекшелеген.

Орыс сот шешендік 19 ғасырдан бастап дамығаны байқалады. Кони,Спасович, Карабчевский, Арсеньева, Урусов т.б.

ІІ сұрақ.: Сот сөйлемінің қажеттілігі. Сот өндірісі-ол қылмсытық, азаматтық (басқа істер бойынша) қарау, барлық құжаттарды зерттеу, оның мақсаты шындыққа енгзу және ол апоненттердің пікірлерінің күресуінен тұрады. Оның түпкілікті мақсаты іс бойынша заңды және негізді шешім қабылдау, әр қылмыс жасаған адам әділетті жазаға тартылу мақсаты және еш бір кінәсіз адам қылмыстық жауапқа тартылыеп заңсыз сотталмауы.

Сот өндірісінің қажетті бөлігі болып сот жарысы табылады, бұнда сон анықтаушымен қорғаушы өздерінің сот тергеуінің нәтижесі бойынша қорытындыларын айтады.

Сот сөйлемінің қажеттілігі ол іс бойынша шындықты анықтау, билердің ой пікірлеріне қалыптастыруға көмек ету, сот залында отырған азаматтарға тәрбие әсерін тигізу. Психологтардың айтуы бойынша Прокурор мен адвокаттын сот сөйлемдері. 1)сот тергеуінде қабылданған фактілерді зерделеуіне байланысты билердің ойлану қызметін нығайтуды қамтамасыз етеді. 2) даулы фактілерді анықтауға көмек етеді. 3) іс бойынша шешетін сұрақтардың тізімін дұрұс анықтауды қамтамасыз етеді.

Конидің айтуы бойынша сот тергеуі сііздердің алдарыңызға істің мән-жәйін ашты, ал біздің сот жарысымызда біз сіздерге оның маңызымен мінезін ашуға тырысамыз. Сондықтанда, сот сөйлемінің негізгі функциясы ол әсер ету. Осыны есіне ала отырып білімді сот ораторы, билердің белсенді ойлау қызметіне, сонымен қатар, алқа билерге және барлық қатысушыларға қатысты барлық жағдай жасайды. Сөйлемнің мазмұны ораторлардың қойған мақсатымен анықталады, ол мақсат әр-бір сот өндірісінде нақты мән-жайларға байланысты және оратордың іс бойынша позициясына байланысты.

Мысалы, Максименконің ісі бойынша өзінің жұбайын өлтірді деп айыптағалған Плевако деген атақты ресей адвокаты өз клиентінің кінәсіздігіне сенімсіз болғандықтан, тыңдаушылардың назарына өз клиентінің кінәсін дәлелдеуге жеткілікті құжаттардың жоғына аударды. Н.И.Холев деген адвокат осы іс бойынша басқа мақсат қойған: ол Максименконің өлуіне себеп болған сұрақтарды көтерді, ал іс бойынша сотталушы өзінің жұбайын уландырып өлтірді деп айыптаған.

Дұрыс қойылған мақсатпен және сөйлемнің сенімділігінен істің нәтижесі тәуелді болды.

Адвокаттың процессуалдық міндеті іс бойынша құжаттарды қорғау тарапынан зерделеу. Қылмыстық іс жүргізу кодексі реттеу бойынша сот үкім шығарған сәтте келесі сұрақтарды анықтауы қажет. Сотталушыға тағайындалып отырған айып бойынша оқиға орын алдыма жақпа, ол әрекет қылымстың қ&


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: