ЖЖЖИ жиі кездесетін белгілері

КІРІСПЕ

ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ НЕГІЗДЕРІ табиғи және антропогендік қауіптерді зерттейтін және олардан қорғану әдістерін жасауға үйрететін ғылыми білімдердің жүйесі.

Қауіпсіздік деп қандай да бір заттың немесе қайсыбіреудің толығымен қорғалған жағдайда болуын айтамыз.

Адамның тіршілік дегеніміз – оның өмір сүру тәсілі, күнделікті қалыпты іс-әрекеттері және дем алысы.

Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері курсының мақсат-міндеттері:

ТҚН пәнінің мақсаты оның анықтамасынан туындайды, яғни, адамның өз өмір сүру ортасындағы қауіпсіздігіне қол жеткізуінде болып табылады

ТҚН пәнінің зерттеу нысаны ретінде адамның өмір сүру ортасы мен жағдайлары қарастырылады.

Қауіп дегеніміз – адамның қандай да жағымсыз факторлар әсеріне ұшырау мүмкіндігі. Қауіптер потенциалдық немесе жасырын сипатта болуы. Энергия бөлетін барлық жүйелер, сондай-ақ химиялық және биологиялық белсенді заттардың (нысандар) түрлі қауіп көздері болып табылу ықтималдығы жоғары.

ҚАУІПТЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ

Шығу тегіне қарай: Пайда болу уақытына қарай: Әсер ету орнына қарай:
Физикалық Химиялық Биологиялық Психофизиологиялық Импульстік (лездік) Кумулятивтік (жинақталып келетін) Ғарышпен байланысты Атмосферамен байланысты Гидросферамен байланысты Литосферамен байланысты
Салдарына қарай: Келтіретін зияндарына қарай: Пайда болу аясына қарай:
Шаршаңқылыққа әкелетін Ауру туғызатын (жалпы және кәсіби) Жарақаттар туғызатын Өлімге әкеп соқтыруы мүмкін Өрттің шығуына әкелуі мүмкін Апаттар туындататын Әлеуметтік (халыққа зиян тигізетін) Техникалық Экологиялық (қоршаған ортаға зиян тигізетін) Өндірістік Тұрмыстық Жол-көліктік Спорттық Әскери

Тіршілік қауіпсіздігі пәнін оқытудың негізгі мақсаты:

адамдарды сырт ортамен қауіпсіздіқ қарым-қатынаста болып, өмір сүруге қолайлы(камфортты) жағдайларды жасауға уйрету.

Міндеті:

қауіпті жағдаларды зерттеу, анықтау, оларға баға беру;

> қауіпті және зиянды фаторлардан қорғану және оларды жою жолдарын уйрету;

> болашақ мамандарға сыртқы ортамен қауіпсіз өмір сүру жөнінде жаңа сана-сезім қалыптыстыру;

> ТЖ жағдайларда адамдардың өзін өзі үстау және саналы шешім қабылдауға уйрету;

Қауiптердiң жүйеленуi, принциптері.

- Техногенді – адамның техникалық құрал-жабдықтарды қолдануы негізінде туындайтын қауіп.

1) Физикалық - қозғалмалы машина мен механизмдер, өндірістік қондырғының жылжымалы бөлігі, қозғалмалы бұйымдар, бұзылатын құрылымдар, бұзылған тау-кендер жұмыс жасау аумағының ластануы, шаңдануы УК, ИҚ дыбыстары, вибрация, шу жоғары дәрежесі, жоғары және төменгі барометрлік қысым, ылғалдылық, ауа қозғалысы, табиғи жарықтың болмауы және жетіспеуі, жұмыс орнының жерге қатысты биіктіктегі жоғарлығы жатады.

2) Химиялық – химиялық заттардың адам ағзасына әсер етуіне байланысты улы, тітіркендіргіш, концерогенді, мутогенді т.б болады. Адам ағзасына түсу жолына байланысты: тыныс алу, асқазан қорыту мүшесі, тері және шырышты қабықшаға әсер етеді.

3) Биологиялық – потогенді микроағзалардың барлық түрі жатады.

4) Психофизикалық – физикалық (статистикалық және динамикалық) және жүйке психикалық (ой күштілігі, еңбектің бір қалыптылығы, шамадан тыс жүктеу) жатады


2-дәріс

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР

Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашлық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.

Табиғи сипаттағы ТЖ – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар.

Техногендік сипаттағы ТЖ - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ.

Төтенше жағдай аймағы бұл ТЖ туындаған белгілі бір аумақ. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ таралу аумағына және келтірген нұқсанның көлеміне қарай, объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық болып бөлінеді.

Авария бұл технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың бұзылуы.

Зілзала бұл ТЖ-дың пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс.

Дүлей зілзала – ТЖ-дың пайда болуына әкеп соғатын зілзала.

Апат – аймақтық және ірі ауқымды ТЖ пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс.

ТЖ-дың алдын алу – алдын ала жүргізілетін және ТЖ пайда болу қатерін мүмкін болғанынша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге арналған шаралар кешені.

Экологиялық ТЖ – атмосфераның шектен тыс ластануы, озонқабатының бұзылуы, жердің құрғап, шөлейтке айналуы, жердің сортаңдауы, қышқыл жаңбырлар және т.б.

Биологиялық ТЖ – түрлі індеттер (эпидемия)

Әлеуметтік ТЖ – қоғамда пайда болатын уақиғалар – ұлтаралық жанжалдар, терроризм, қарақшылық (тонау) геноцид, соғыстар және т.б.

Төтенше жағдай аймағы бұл ТЖ туындаған белгілі бір аумақ. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ таралу аумағына және келтірген нұқсанның көлеміне қарай, локальдық, объектілік, жергілікті, ұлттық, өңірлік және жаһандық болып бөлінеді.

Локальдық — таралу масштабтары қандай да 1 өндірістік қондырғымен немесе тасымал желісімен, цехпен, кіші-гірім өндіріспен кәсіпорынның жекеленген жүйесімен ғана шектелетін ТЖ. Оның зардаптарын жоюға сол нысанның өз күші мен қаражаты жеткілікті болады.

Объектілік — салдары зауыттың, комбинаттың, өнеркәсіптік-өндірістік кешеннің, мекеменің, оқу орнынының шекарасымен ғана шектеліп, одан тыс тарамайтын ТЖ. Зардаптарын жоюға өз күші мен қаражаты жеткілікті болады.

Жергілікті — таралу масштабтары жекеленген ауылдың, қаланың, ауданның немесе облыстың аймағымен шектелген ТЖ. Әдетте зардаптарын жоюға (олардың күштілігіне байланысты) жергілікті басшылықтың, жергілікті Азаматтық қорғаныс (АҚ) басшылығының және оның ТЖ жөніндегі комиссиясының өз күші мен қаражаты жеткілікті болады. Кей жағдайларда ТЖМин-гінің бөлімшелерінің немесе АҚ әскери бөлімдерінің көмегіне мұқтаждық болуы мүмкін.

Ұлттық — 1 елдің өз ішіндегі бірнеше аудан немесе облыстарды қамтитын, бірақ мемлекет шекарасынан тысқары шықпайтын ТЖ. Салдарын жою үшін елдің жеке күш-қаражаты жұмсалады, шет елдер көмегінің қажеттілігі де жиі ұшырасады.

Өңірлік — бірнеше облыстың, республиканың, ірі аймақтың территориясын қамтуы мүмкін ТЖ. Салдарын жоюға ТЖМин-гінің өңірлік орталықтары немесе үкіметтің арнайы құрған оперативтік топтары атсалысады. Құтқару немесе басқа да шұғыл жұмыстармен АҚ барлық құрылымдары, ТЖМин-гінің бөлімшелері, Ішкі Істер Мин-гі және Қорғаныс министрлігі де жұмылдырылады.

Жаһандық — таралу аймағы да салдары да орасан зор, яғни, бірнеше республикалар мен өлкелерді қамтитын ТЖ. Сол себепті құтқару жұмыстарымен айналысу АҚ барлық құрылымдары, ТЖМин-гінің бөлімшелері, Ішкі Істер Мин-гі және Қорғаныс министрлігінің мойнына жүктеледі, әрі үкіметпен арнайы құрылған комиссия, және АҚ басшысы – Премьер-Министрдің өзі тікелей бақылауында ұстайды.

Пайда болу себебіне қарай — алдын-ала жоспарланған және аяқ асты пайда болған (стихиялық);

Даму (өршу) жылдамдығына (қарқынына) қарай — шұғыл түрде, кенет, күтпеген жерден пайда болатын, өткінші, жайлап өршитін

Болдырмау (алдын-алу) мүмкіндігіне қарай - шарасыз (болмай қалмайтын) - табиғи, алдын-алуға болатын (техногендік, әлеуметтік), антропогендік.

1) Қоршаған ортаға қауіпті заттардың шығарылуымен сипатталатын ТЖ:

* АЭС-тердегі авариялар;

* Көлік авариялары салдарынан аймақтардың радиоактивті ластануы;

* Ядролық ғылыми-зерттеу орталықтарындағы құрылғыларда болатын авариялар салдарынан аймақтардың радиоактивті ластануы;

* Өндірістік ядролық сынақтар жүргізу салдарынан болатын қоршаған ортаға радиоактивті заттардың шектен тыс мөлшерде шығарылуы;

* Химиялық қауіпті нысандардағы қоршаған ортаға күшті әсер етуші улы заттардың бөлінуімен сипатталатын авариялар;

* Шекті мөлшерлемеден әлдеқайда артық концентрациялардағы бактерологиялық заттардың қоршаған ортаға шығуымен сипатталатын авариялар.

2) Жарылыс, өртпен және олардың салдарымен байланысты ТЖ:

пожары и взрывы:

• елді мекендердегі жарылыстар немесе өрт;

• Экономикалық объектілердегі жарылыстар немесе өрт;

• Көлік коммуникацияларындағы жарылыстар немесе өрт;

• Тұрғын үйлердегі жарылыстар немесе өрт.

3) Көлік коммуникацияларында пайда болатын ТЖ: (адам шығыны, аймақтың немесе судың мұнай өнімдерімен, әлде химиялық заттармен ластануы)

• авиациялық апаттар;

• темір жол апаттары;

• су коммуникацияларындағы апаттар;

• құбырлардағы апаттар;

• энергия желілеріндегі немесе инженерлік желілердегі (су, жылу) апаттары.

4) Әскери-саяси сипаттағы ТЖ:

• Байқаусызда белгісіз кемелерден зымыран-ядролық соққы немесе тасымалдаушыдан ядролық қарудың құлап, жарылуы;

• тасымалдаушыдан ядролық қарудың құлауы (жарылыс болуы да, болмауы да мүмкін);

• штабтарға, басқару пунктілеріне, байланыс тораптарына, әскери бөлімдер (АҚ) қоймаларына қарулы шабуыл жасау;

• қоғамға қарсы немесе ұлтшылдық топтардың қимыл-әрекеттерінің әсерінен туындаған толқулар, радио станцияларын, мемлекеттік және қоғамдық-саяси мекемелерді басып алуға талпыныстар.

5) Сұрапыл апаттармен байланысты ТЖ:

• геологиялық сипаттағы СА (жер сілкінісі, вулкандар, сырғымалар, селдер, қар көшкіндері);

• метрологиялық сипаттағы СА (дауыл, боран, құйын);

• гидрологиялық сипаттағы СА (су тасқыны, өзендердегі мұз кептелістері, цунами);

• табиғи өрттер.


3-дәріс

ТАБИҒИ ҚАУПТЕР. ЖЕР СІЛКІНІСІНІҢ СИПАТАМАЛАРЫ (ОШАҚ, ГИПОЦЕНТР, ЭПИЦЕНТР, ТОЛҚЫНДАР). МАГНИТУДА ЖӘНЕ ҚАРҚЫНДЫЛЫҚ, ӨЛШЕМ БІРЛІКТЕРІ.

ТАБИҒИ ҚАУІПТЕР дегеніміз — адам өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін және зардаптарын тигізетін сұрапыл апаттар.

Сұрапыл апаттар дегеніміз-адамдармен жануарлардың өліміне, халықтың өмірінің күрт бұзылуына, материалдық құндылықтардың жойылуына әкелетін құбылыстар.Сұрапыл апаттар көбінесе адамның қолынан келмейтін табиғат күштерінің әсерінен болады. Мысалы: су басу, жер сілкінісі, ормандағы өрттер, қар көшкіні, т.б.

ЖЕР СІЛКІНІСІ - бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жаратылыс нәтижесінде пайда болған, елеулі ауытқу түрінде, үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы

12-балльная шкала интенсивности землетрясений Медведева — Шпонхойера — Карника была разработана в 1964 году и получила широкое распространение в Европе и СССР. С 1996 года в странах Европейского союза применяется более современная Европейская макросейсмическая шкала (EMS). MSK-64 лежит в основе СНиП II-7-81 «Строительство в сейсмических районах» и продолжает использоваться в России и странах СНГ. В Казахстане в настоящее время используется СНиП РК 2.03-30-2006 «Строительство в сейсмических районах».

в странах Латинской Америки принята 10-балльная шкала Росси-Фореля (1883)

Жер сілкінісінің негізгі сипаттамаларына: ошақ, гипоцентр, эпицентр, магнитуда қарқындылық жатады.

Сейсмикалық энергияны бөліп шығаратын жер аймағы жер сілкінісінің ошағы деп аталады.

Жер сілкінісінің ошағы әр түрлі тереңдікте орналасуы мүмкін, әдетте ол 60 км тереңдікке дейін болады, сирек жағдайларда жоғарғы мантия қабатында 500-700 км. Тереңдікте де пайда болуы мүмкін.

Гипоцентр – алғашқы сейсмикалық толқынның басталуы болған ошақтың негізгі нүктесі.

Эпицентр – бұл гипоцентрдің тікелей үстіндегі жер қабатының негізгі нүктесі.

Жер сілкінісінің магнитудасы — сейсмикалық толқындар түрінде таралатын энергияны сипаттайтын шама. Ол арнайы шкаламен өлшенеді. Магнитуда шкаласын ғылымға алғаш енгізген американдық сейсмолог-ғалым Чарльз Рихтер болатын (1935 ж.).

Рихтер шкаласы шартты түрде 1 - 9,5 аралығында жатқан бірліктерден тұрады, жер сілкінісінің қарқындылығы болса, 12 баллдық жүйе бойынша бағаланады. Ол жер асты дүмпулерініғ жер бетінде сезілу күшімен анықталады.

Балл Жер сілкінісінің аталуы Қысқаша сипаттамасы
  Жер сілкінісі сезілмейді. Тербелістің үдемелілігі адамдардың сезіну денгейінен төмен болады, жер қабатындағы сілкіністі тек сейсмографтар байқап тіркейді.
  Сәл ғана сезілетін жер сілкінісі. Тербелісті ғимараттың ішіндегі тыныштықта, әсіресе жоғарғы қабаттарда болатын жекелеген адамдап ғана сезеді.
  Әлсіз жер сілкінісі. Үй ішінде болған адамдардың 50% шамасында, ашық жерлердегі адамдардың кейбіреулері ғана жер сілкінісін сезеді.
  Елеулі жер сілкінісі. Ғимараттардың ішіндегі көп адамдар сезеді, ал ашық жерлерде аз ғана адамдар сезеді. Ұйықтап жатқандардың кейбіреуі оянып кетеді, бірақ оларды қорқыныш сезімі билемейді. Теңселу сезіледі,ол жүріп бара жатқан айыр жүк машинасы тудырған солқылдауға ұқсас болады.Терезе, есік,ыдыстар сылдырлайды. Еден мен қабырғалар шықырлайды.Мебельдер дірілдейді.Ілулі заттар жеңіл түрде тербеледі.Тұрған автомашиналар да серпіліс сезіледі.
  Біршама күшті жер сілкінісі Жер сілкінісін ғимараттың ішіндегі барлық адамдар, ашық далада көптеген адамдар сезеді.Ұйықтап жатқандар тегіс оянады.Кейбіреулері ғимараттан жүгіріп шығады, жануарлар тынышсыздана бастайды.Ілулі тұрған заттар қатты шайқалады.Кейбір қатты бекітіліп ілінген заттардың өзі құлап түседі,орнынан жылжиды, ыдыстардағы судың бір бөлігі шайқалып төгіледі, кей жағдайларда су көздерінің көлемінде өзгерістер болады.
  Күшті жер сілкінісі Жер сілкінісін барлық адамдар сезеді. Көп адамдар қорқып көшеге жүгіріп шығады.Үй жануарлары да қора-қопсыдан шығып кетеді.Тербеліс жүруге кедергі келтіреді. Ғимарат қозғалысқа ұшырап, босаңсиды. Полкалар, сөрелердегі заттар құлайды.Ыдыстар құлап, сына бастайды. Ауыр заттардың өз орнынан қозғалуы мүмкін.Әк, сылақтар түсе бастайды, сылақтарда ұсақ-жарық сызаттар пайда болады. Құдықтардағы су деңгейі мен су көздерінің көлемінде өзгерістер байқалады.
  Өте күшті жер сілкінісі Ғимараттар зақымданады. Көптеген адамдардың бойын үрей қорқыныш билеп-үй жайлардан жүгіріп шығады, кейбір адамдар үшін аяқпен тұру қиындайды. Көптеген темір бетонды, каркасты ғимараттарда жеңіл зақымдану болады. Ірі блокты ғимарратар мен кірпіштен салынған үйлердің қабырғаларында шамалы жарық-сызаттар пайда болып, түтін тартатын трубалардың бір бөліктері құлай бастайды.кейбір реттерде тіке баурайлардағы жолдардың өтетін бөліктеріндегі құмды жағалауларда құлау, көшкін, ал жолдағы тастарда жарықтар пайда болады, су лайланып, бетінде толқын пайда болады. Су көздері мен құдықтағы сулар деңгейі өзгеріске ұшырайды.
  Қатты зақымдайтын жер сілкінісі Ғимараттар қатты зақымданады. Қорқыныш пен үрей билейді. Кейбір жерлерде ағаш бұтақтары сына бастайды. Ауыр жиһаздар жылжып, кейде құлайды. Саманнан және саз балшықтан тұрғызылған көптеген үй-жайлар мен қора-қопсылар қирайды. Кірпіш үйлердің көпшілігінде түтін тартатын трубалар құлап, қабырғаларда саңылаулар пайда болады. Ғимараттардың кез-келгенінде зақымдану, кейде аралық бөліктердің кейбіреулерінде қирап-бүліну байқалады. Трубалардың жалғастырлған жерлері ажырайды. Ескерткіштер жылжып қозғалады, құлпытас белгілер, тас дуалдар, қоршаулар құлайды.Көп жағдайда құдықтағы және су көздеріндегі су көлемі үлкен өзгеріске ұшырайды. Ойпандардың тіке баурайлары мен жолдардың үйінді баурайларында шамалы шөгінділер құралады, жердегі сызат-жарықтар бірнеше см-ге жетеді.
  Жаппай зақымдайтын жер сілкінісі Ғимараттардың жаппай зақымдануы. Жаппай үрей,адамдардың көпшілігі аяғымен тұра алмай,құлайды. Жануарлар азан-қазан, сергелдеңге түседі. Кірпіш және ірі блокты үйлердің көпшілігінің қабырғалары ойылады, ішкі қабырғалары құлайды, ғимарратардың жеке бөліктері бүлініп қирайды. Ағаштан салынған, темір бетонды және паенльді ғимараттарды түтін тартатын трубалар құлайды. Жалғанған трубалар ажырап кетеді, темір жол рельстері майысады. Сонымен бірге 10 см-ге жететіндей жарықтар пайда болады. Құздар құлап,көшкін жиіленеді.тегістік жерлерде – су басып кету, құм мен ылайдың салындылары жиі байқалады. Су бетінде үлкен толқындар пайда болады.
  Қиратып-бүлдіретін жер сілкінісі. Көптеген панельді, темір бетонды және ағаштан салынған ғимараттардың жеке бөліктері қирап құлайды.Көпір, бөгеттер едәуір зақымдалады.Темір жол рельстері мен жер астындағы трубалар майысып, ажырап кетеді.Жер бетінде 1 м-ге дейін жарық пайда болады.Өзен жағалауларында үлкен шөнінділер пайда болады.Көлдер мен каналдардағы су шайқалып төгіледі.Жаңадан көлдер пайда болуы мүмкін.
  Апат. Барлық ғимараттар, темір жол және автомобиль жолдарының көпірлері, жер асты трубалары, тас жолдар қирап, бүлінеді.Жер бетінің тіке жарылуы және ажырауы, кең жарық саңылау түрінде елеулі өзгеріске ұшырайды.Таулар қайта-қайта опырылп құлайды.
  Жер бедерінің озгеруі. Жер бетіндегі және жер астындағы барлық құрылыстар іс жүзінде күшті бүлінеді немесе қирайды. Жаңа көлдер пайда болып, өзендер бағытын, саласын өзгертеді.Үлкен аймақтарда таулар құлап-қирайды.

4-дәріс

ТАБИҒИ ҚАУПТЕР.

СЕЛ – тау өзендерінің арнасы мен ойпаттарында тосыннан пайда болатын уақытша су тасқыны мен тау жыныстары сынықтарының саз бөлшектерден бастап ірі жыныстар мен тастарға дейінгі көп мөлшері.

Сел тасқыны мол және ұзақ уақыт жауған жаңбырдан, қар мен мұздықтардың қарқынды еруінен, су қоймасының тасуы, жер сілкінісі, вулканның атқылауынан кейін туады. Ол кенеттен пайда болып, үлкен (10 м/с дейін және одан да көп) жылдамдықпен қозғалады және ондаған минуттардан бірнеше сағаттарға дейін көбінде бірнеше толқын түрінде келеді. Сел толқынының алдыңғы ірі фронтының биіктігі 15 метр және одан да биік болуы мүмкін. Қозғалып келе жатқан сел тасқынының сарқыры мен гүрілі алыс қашықтықтан естіледі. Апатқа адамдар (саяхатшылар, геологбарлаушылар, шекарашылар, жергілікті тұрғындар) тұрғын үйлер, инженерлік және жол имараттары ұшырауы мүмкін.


Селге қалай дайындалуға болады

Әдетте сел тасқыны қай жерден шығатыны белгілі. Тауға шығар алдында, әсіресе мол жауған жаңбырдан соң өзіңіздің қозғалыс бағытыңыздағы бұл жерлерді зерделеп, олардан аулақ жүріңіз. Тап болған сел тасқынынан аман қалу мүмкін еместігі әрқашанда есіңізде болсын. Сел тасқынынан тек қашып құтылуға болады. Күні бұрын көшу кезінде, үйді қалдырар алдында электр, газ және суқұбырын өшіріңіз. Есік, терезе мен желдеткіш тесіктерді тығыз жабыңыз.

Селдің алдын алу шаралары

Сел қаупі бар аудандарда селге қарсы тосқауылдар мен бөгеттер орнатылып, суасты каналдары жабдықталады, ағаштар отырғызу арқылы беткейлердегі топырақты бекітіп, тау өзендерінің деңгейін төмендетеді, қадағалау жүргізіліп, құлақтандыру жүйесі ұйымдастырылады және көшіру жоспарланады.
Сел тасқыны кезінде қалай әрекет ету керек

Жақындап келе жатқан сел тасқынын ести салысымен, дереу ойпат жерден 50-100 м-ден кем емес жоғары жерге көтерілу керек. Сонымен қатар гүрілдеген тасқыннан үлкен қашықтыққа өмірге қауіпті ауыр салмақты тастар ұшуы мүмкін екенін есте сақтау керек.
Сел тасқынан кейінгі әрекет

Зардап шеккендерге және сел жүріп өткен жолы мен селдің негізгі үйінділер мен құрылымдар мен органдарға көмек көрсетіңіз Егер сіз зардап шексеңіз-өзіңізге дәрігер келгенге дейінгі көмек көрсетіңіз. Денеңіздің зақымдалған жерлерін мүмкіндігінше көтерілген қалпында ұстап, ол жерлерге мұз (дымқыл шүберек) қойыңыз. Дәрігерге қаралыңыз.

Сырғыма – ауырлық күшінің ықпалымен өзендер мен көлдер, теңіздердің тік жағалауларынан, таулар мен сайлардың жыраларынан топырақ массасы мен тау жыныстарының төмен қарай тайғанап ығысуы (сырғанауы). Көбінесе жыралардың сумен шайылуы, оның мол жауын-шашынмен шектен тыс ылғалдануы, жер сілкіну немесе адамның іс-әрекеті (жарылыс жұмыстары және т.б.) болып табылады.
Сырғанау кезінде топырақ көлемі ондаған және жүздеген мың текше метрге дейін жетіп, кейбір жағдайларда одан да көп болуы мүмкін. Сырғыманың тайғанап ығысуының жылдамдығы жылына бірнеше метрден, секундына бірнеше метрге дейін ауытқуы мүмкін. Сырғыманың тайғанауының ең көп жылдамдығы жер сілкіну кезінде байқалады. Топырақ массасының сырғуы тұрғын үйлер мен өндірістік ғимараттардың, инженерлік және жол құрылымдарының, магистральді құбырлар мен электр тасымалдау желілерінің қирап және құлауына, сондай-ақ адамдардың зақымданып және мерт болуына әкеліп соғуы мүмкін.

Сырғымаға қалай дайындалу керек

Сырғымалардың мүмкін болу жерлері мен мөлшермен шекарасы туралы ақпаратты зерделеңіз, сырғыманың пайда болу қаупі туралы хабарлау дабылын, сонымен қатар осы дабыл берілген кездегі іс-әрекет тәртібін есте сақтаңыз. Ғимараттардың есіктері мен терезелерінің ашылмай қалуы, сырғымақауіпті жартастар судың шығуы - бұл келе жатқан сырғыманың белгілері болып табылады. Жақындап келе жатқан сырғыма белгілері пайда болған кезде жақын маңдағы сырғыма станциясы бекетіне хабарлап, олардан ақпарат күтіңіз, ал өзіңіз ахуалға байланысты әрекет жасаңыз.
Сырғыма кезінде қандай әрекет жасау керек

Сырғыманың пайда болу қаупі туралы дабыл алған кезде электрқұралдарын, газ аспаптары мен су құбырлары желісін ажыратып, алдын ала әзірленген жоспар бойынша дереу көшуге дайындалыңыз. Сырғыма станциясының анықтаған сырғыманың ығысу жылдамдығына байланысты, қауіпті есепке ала отырып, әрекет етіңіз. Ығысудың әлсіз жылдамдығында (айына метр) өзіңіздің мүмкіндіктеріңізге қарай әрекет етіңіз (құрылысты алдын ала дайындаған орынға көшіріңіз, жиһазды, заттарды тасыңыз және т.б.). Сырғыма ығысуының жылдамдығы тәулігіне 0,5 – 1,0 метрден көп болса алдын ала өтелген жоспарға сәйкес көшіңіз. Көшу кезінде өзіңізбен бірге құжаттарды, құндылықтарды, ахуалға байланысты және әкімшіліктің нұсқауымен жылы заттар мен азық-түлік алыңыз. Дереу қауіпсіз жерге көшіңіз, және қажет болса құтқарушыларға қазуға, опырылымдардың астынан зардап шеккендерді алып шығуға және оларға көмек көрсету үшін жәрдемдесіңіз.

Сырғыманың ығысуынан кейінгі әрекет

Сырғыманың ығысуынан кейін сақталып қалған құрылымдар қабырғаларының, жабындарының жағдайы тексеріледі, электр-, газ-, сумен жабдықтау желілерінің зақымдануы анықталады. Егер де Сіз зардап шекпесеңіз, онда құтқарушылармен бірге зардап шеккендерді үйінделерден алып шығыңыз және оларға көмек көрсетіңіз.

СУ ТАСҚЫНЫ - бұл қардың еруі, жауын-шашын, суды желмен айдаған және кептелу кезінде өзендердегі, көлдер мен теңіздердегі су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде жерді айтарлықтай су басу.

Өзендер арнасына суды желмен айдау арқылы болған су тасқыны ерекше түрге жатады. Су тасқыны көпірлер, жолдар, ғимараттар, құрылымдардың қирауына, елеулі материалдық шығынға, ал судың көп жиналуы (4 м/с астам) және су үлкен биіктікке көтерілсе (2 м көп) адамдар мен жануарлардың опат болуына әкеліп соқтырады. Қираудың негізгі себептері ғимараттар мен құрылымдарға су массасының, жоғары жылдамдықта жүзіп жүрген мұздардың, әртүрлі сынықтар мен жүзіп жүрген заттардың, т.б гидравликалық соққысы болуы мүмкін. Су тасқыны кенеттен пайда болып және бірнеше сағаттан 2-3 аптаға дейін созылуы мүмкін.


Су тасқынына қалай дайындалу керек

Егер де Сіздің аумағыңыз су тасқынынан жиі зардап шексе, су басу мүмкін жерлердің шекарасын, сондай-ақ тұрғылықты жеріңізге жақын тұрған дөңестеу сирек су басатын жерлерді, оған баратын ең қысқа жолды зерделеп, еске сақтаңыз.

Отбасы мүшелерін ұйымдасқан және жекелей көшіру кезінде әрекет ету, сонымен қатар кенеттен және буырқанып келе жатқан су тасқыны кезіндегі ережелерімен таныстырыңыз. Қайықтар, салдарды және оларды жасау үшін құрылыс матеиалдарын сақтау орындарын еске сақтаңыз. Көшіру кезінде алып шығатын құжаттар, мүлік және дәрі-дәрмектердің тізімін алдын-ала жасап қойыңыз. Арнайы чемодан немесе рюкзакқа құндылықтарды, қажетті жылы затарды, азық-түлік қорын, су және дәрі-дәрмекті салыңыз.

Су тасқыны кезінде қалай әрекет ету керек

Су тасқыны қаупі және көшіру туралы дабылды алғаннан кейін күттірместен, белгіленген тәртіп бойынша өзімен бірге қажетті заттар мен бұзылмайтын азық-түліктің екі күндік қорын алып апаттық су басуы ықтимал қауіпті аумақтан белгіленген қауіпсіз аумаққа немесе дөңестеу жерлерге барыңыз (шығыңыз). Көшіру пунктіне жеткеннен кейін тіркеліңіз.

Үйден кетер алдында электр қуаты мен газды сөндіріңіз, отын жағу пештеріндегі отты өшіріңіз, ғимараттың сыртындағы барлық қалқитын заттарды бекітіп қойыңыз немесе қосымша жайларға орналастырыңыз. Егер де уақытыңыз болса үйдегі құнды заттарды шатырға немесе жоғарғы қабаттарға орналастырыңыз. Есңктер мен терезелерді жауып, қажет болса және уақыт жеткілікті болса бірінші қабаттың терезелері мен есіктерін сыртынан тақтайлармен жабыңыз. Оған қоса, үнемі апат туралы дабылды беріңіз: күндіз – жақсы көрінетін шүберекті ағашқа байлап іліп немесе бұлғау, ал түнде жарықтық дабылмен және дауыс беру қажет. Құтқарушылар келген кезде дүрбелең тудырмай, сақтық шараларын сақтай отырып, жүзу құралдарына көшіңіз. Құтқарушылардың талаптарын мүлтіксіз сақтап, жүзу құралдарының шамадан тыс жүктелуіне жол бермеу керек. Қозғалу кезінде белгіленген орындардан кетпей, бортқа отырмаңыз, экипаждың талаптарын мүлтіксіз орындаңыз. Су басқан ауданнан тек қана зардап шеккендерге медициналық көмек қажет болғанда жағдайлар, су деңгейінің көтерілуінің жалғасуы, жоғарғы қабаттарды (шатырларды) су басу қаупі болу сияқты себептер болған кезде ғана өздігінен кетуге кеңес береді. Бұл кезде сенімді жүзу құралы болып және қозғалыс бағытын білу керек. Өздігінен шығу кезінде апат дабылын беруді тоқтатпау керек. Суда малтып жүрген және батып жатқан адамдарға көмек көрсетіңіз.
Егер адам батса

Батып жатқан адамға жүзетін зат лақтырып, оны сергітіңіз, көмек шақырыңыз. Зардап шегушіге бару кезінде өзен ағысын ескеріңіз. Егер батушы адам өзінің іс-әрекеттерін бақыламаса, оның артынан жүзіп барып, шашынан ұстап алып, жағалауға сүйреңіз.
Су тасқынынан кейін қалай әрекет ету керек

Ғимаратқа кірер алдында қандай-да болмаса бір заттың құлау немесе қопарылу қаупі бар ма жоқ па тексеріңіз. Жайды желдетіңіз (жиналып қалған газдан тазарту үшін). Жайларды толық желдетпейінше және газбен қамту жүйесінің жарамдығын тексермейінше электрді қоспаңыз, ашық отты пайдаланбаңыз және сіріңкені жақпаңыз. Электр өткізгіштердің, газбен қамту, су және канализация құбырларының жұмысқа жарамдылығын тексеріңіз. Олардың мамандардың көмегімен тексеріп жарамдылығына көз жеткізгенбейінше қолданбаңыз. Жайларды кептіру үшін есіктер мен терезелерді ашыңыз, едендегі және қабырғалардағы кірді жуып, подвалдардағы суды шығарыңыз. Сумен тікелей жанасқан тамақ өнімдерін пайдаланбаңыз. Құдықтарды тазартуды ұйымдастырып ондағы лас суды шығарыңыз.

ҚАР КӨШКІНІ – бұл таудың құламалы беткейлерінен құлайтын немесе сырғыйтын және секундына 20-30 метр жылдамдықпен қозғалатын қар жиыны. Көшкіннің түсуімен бірге көп бұзушылық әкелетін көшкіннің алдында болатын ауа толқыны болады.

Қар көшкінінің түсу себебі ұзақ уақыт қардың жаууы, қардың қарқынды еруі, жер сілкінісі, жарылыстар және тағы басқа тау беткейлерінің қозғалуы мен ауа кеңістігінің толқуын тудыратын адамдардың әрекеті. Қар көшкіндері ғимараттарды, инженерлік имараттарды қиратуы мүмкін, қалың қармен жолдар мен тау соқпақ жолдарын алып қалуы мүмкін. Қар көшкініне тап болған адамдар жарақат алып, қалың қардың астында қалуы мүмкін.


Қауіпті аймақта тұрсаңыз қандай әрекет жасау керек?

Көшкін шығатын аудандардағы негізгі әрекет ережелерін сақтаңыз:
- тауға қар жауып тұрғанда және қолайсыз ауа-райында, тауда жүрсеңіз ауа райы өзгерістерін бақылаңыз;

- тауға шығарда, жолыңыздағы немесе қыдыратын ауданыңызда көшкін түсуі мүмкін жерлерді біліңіз;

Көшкін түсуі мүмкін жерлерден алшақ жүріңіз. Олар көбінде 30 градусқа құлама беткейлерден, егер беткейде ағаш, бұталар болмаса, 20 градустық құламадан түседі. 45 градустық құламада көшкін әрбір қар жауған сайын құлайды.

Есіңізде болсын, көшкін түсу қаупі бар уақытта тауларда құтқару жасақтары құрылады.

Алдын-алу шаралары

Көшкін түсу қауіпті жағдайында көшкін қаупі бар жерлерде қардың жиналуына бақылау ұйымдастырылады, түзіліп келе жатқан қар көшкінін жасанды құлатады, көшкін түсу қаупі бар жерлерде қорғаныс имараттары салынады, құтқару құралдары дайындалып, құтқару жұмыстары жоспарланады.

Есіңізде болсын, көшкін түсу ең қауіпті мерзімдер көктем мен жаз, таңертеңгі сағат 10-нан күн батқанға дейін.

Ернеудің үстінде жүргенде, олардан алшақ жүріңіз. Суретте ернеулердің құлауы мүмкін сызықтары көрсетілген. Беткейдің қырынан көрінісі. Томпақ беткейлер түзу немесе ойыс беткейлерден қауіптірек. Ең жоғарғы томпақ жері – көшкіннің жиі құлайтын жері.
Егер сізге қар көшкіні құласа не істеу керек?

Аузыңыз бен мұрыныңызды қолғаппен, бөкебаймен, жеңмен жауып, көшкінмен келе жатып, қолыңызбен жүзу қимылымен көшкіннің бет жағында, шет жағына жылжып жылдамдығы аздау жерде болуға тырысыңыз. Көшкін тоқтаған уақытта бетіңіз бен кеудеңіз тұсынан ашық жер жасаңыз, бұл дем алуға көмектеседі. Егер мүмкіндік болса жоғары қарай жылжыңыз. Көшкін арасында жатып айғайламаңыз, себебі қар дауысты жібермейді, айғай мен бос қимылдар сізді күшіңізден, ауа мен жылудан айырады. Өзіңізге ие болыңыз, ұйықтауға жол бермеңіз, есіңізде болсын сізді іздеп жатыр (көшкін астынан бесінші, тіпті он үшінші күні адамдарды құтқарған оқиғалар белгілі)
Көшкін түскеннен кейін не істеу керек

Егер сіз көшкіннің түскен орнынан тыс жерде болсаңыз, болған оқиға туралы қалай да болсын жақын жердегі елді мекеннің әкімшілігіне хабарлаңыз да, адамдарды іздеуге, құтқаруға кірісіңіз. Қардың астынан шыққан соң өзіңіз немесе құтқарушылардың көмегімен денеңізді қарап шығыңыз және қажет болса өзіңізге алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз. Жақын елді мекенге жеткеннен кейін, жергілікті әкімшілікке болған жағдай туралы хабарлаңыз. Деніңіз сау деп ойлап тұрсаңыз да медпунктке немесе дәрігерге барыңыз. Ары қа арай дәрігердің немесе құтқару жасағының нұсқауы бойынша жасаңыз. Туған туысқандарыңызға жағдайыңыз бен қайда екеніңізді хабарлаңыз.


5 -дәріс

Экологиялық қауіптер

Экологиялық қауіптер дегеніміз – экономиканың бақылаусыз дамуы, технологиялардың артта қалуы, сондай-ақ, табиғи жән еантропогендік апаттар мен зілзалалар салдарынан адамның, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік ортасының бүліну мүмкіндігі және мүның нәтижесінде тірі жүйелердің тіршілік жағдайларына бейімделгіштігініе не нұқсан келеді.

Ластану – қоршаған ортаға тән емес, жаңа физикалық, химиялық, биологиялық сипаттағы агенттердің әкелінуі.

Ластануға тікелей ұшырайтын нысандар:

ЛАСТАҒЫШ ЗАТТАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ

А) Энергетикалық (физикалық): виброакустикалық әсер ету деңгейлерінің жоғары болуы (шу, діріл, инфра-, ультрадыбыстар), электромагниттік сәуле шығарулар, радиоактивтік ластанулар, т,б.

Б) Материалдық (химиялық) – түрлі химиялық заттармен ластану (өнеркәсіп және тұтыну заттарының қалдықтары)

В) Биологиялық – бактериялық-вирустық флорамен ластану.

Ғылымға 10 млн-нан астам органикалық қосылыстар белгілі екен. Оның 100000-ға жуығы кең ауқымды түрде қолданылады. Жыл сайын осы қатарға тағы да 1000-ға жуық жаңа атаулар қосылып, тізім толығып отырады. Бұл тізімдегілердің 1500-ға таяу түрлері барлық әлемдік өндірістің 95%-н құрайды. Міне, осы себепті де материалдық (химиялық) ластану мәселесінің өзкетілігі басқалармен салыстырғанда жоғарырақ болып есептеледі.

Материалдық (химиялық) ластағыш заттардың жіктелуі.

Токсиканттар – улы, денсаулыққа зиянды заттар.

Мутагендер - тірі ағзаға әсер етуі нәтижесінде тұқым қуалаушылық қасиеттеріне (генотипке) зақым келтіріп, мутациялық өзгерістерге де ұшыратады.

Онкогендер – қатерлі ісіктердің пайда болуына әкелетін гендер.

Тератогендер – ата-анасының ағзасына әсер ете отырып, олардың ұрпағының туа біткен даму кемістіктеріне немесе ауытқушылықтарына әкеп соқтыруы мүмкін заттар.

КСЕНОБИОТИКТЕР (гр. “xenos” – бөтен, “bios” - өмір) – жасанды жолмен алынған, әрі табиғи орта мен адамға зиян келтіретін, яғни, “өмір үшін жат (бөтен) заттар”.

Ауыр металдар.

Hg, Pb, Cd, Co, Ni, Zn, Sn, Sb, Cu, Mo, V, As сынды 40 шақты химиялық элементтер жатады.

Биосфераға келу жолдары:

- қара және түсті металлургия;

- минералды отынды өртеу, т.б.

Қасиеттері:

- сыртқы ортада тұрақты;

- суда ерігіш;

- топыраққа және өсімдіктерге сіңірілгіш (сорбциялану).

- Аса маңызды қасиеті – үлкен масштабтарға тез тарап кете алу.

Жүрек-қан тамыры ауруларына әкеледі, жүйке жүйесін зақымдайды (зияны темекі шегу, ішімдік ішуден келетін зияндардан кем емес).

2) Пестицидтер - ауыл шаруашылығы өсімдіктерін зиянкестерден, аурулар мен арамшөптерден қорғау үшін қолданылатын улы химиялық препараттар.

Түрлері:

Гербицидтер - өсімдіктерді жою үшін қолданылады (толығымен немесе тек арамшөптерді ғана);

Дефолианттар - өсімдіктер жапырақтарын түсіру үшін қолданылады (мақта теру);

Зооцидтер – зиянкес жануарлардың көзін құрту үшін қолданылады.

Инсектицидтер – зиянкес жәндіктермен күресу үшін қолданылады.

Фунгицидтер – ауру тудыратын саңырауқұлақтарды жою мақсатында қолданылады.

Пестицидтер суспензиялар, аэрозольдер, ұнтақ, көбік, газ, т.б. түрінде қолданылады. Өте үлкен аймақтарды қамтиды. Тиімділігін арттыру үшін өте жоғары концентрацияларда және көп мөлшерде қолданылады. Тек зиянкестерді ғана жойып қоймай, басқаларына да (адамға да!!!) кері әсер етеді.

Өте тұрақты, қиын ыдырайтын заттар болып табылатындықтан, қоршаған ортада ұзақ жылдар бойы сақталады.

3) Диоксиндер – арнайы өндірілмейтін, басқа химиялық заттар өндірісі кезінде қосалқы өнім ретінде түзілетін күрделі органикалық қосылыстар. (Құрамына Cl- атомы кіретін ароматты органикалық қосылыстар).

Қоршаған ортаға өндірістік қалдықтарды дұрыс өңдемеу салдарынан да түсуі мүмкін.

Диоксин – өте улы зат, оны «ХХІ ғасырдың суперэкотоксиканты» деп те атайды. Себебі ол өте аз концентрацияда болған күннің өзінде тірі материяның барлық формаларына (бактериялардан бастап – жылы қандыларға дейін) өз зардабын тигізе алады. Көбінесе, ол бауырда жинақталады.

Сондай-ақ, гормондық жүйеге жауапты жасушаларға да кері әсер ете алады: диабет ауруына шалдығу қаупі артып, жыныстық жүйенің дамуына да зақым келеді. Ағза түрлі жұқпалы ауру қоздырғыштарына қарсы тұру қабілетінен айрылып, аллергиялық реакциялар көбейеді, онкологиялық аурулардың да қозуы мүмкін.

Ауыр улану кезінде тәбет жоғалады, физикалық және жыныстық тұрғыдан әлсіздік байқалады, құлазу, депрессия, сонымен қатар, өте жылдам және көп мөлшерде салмақ жоғалту байқалады. Өлімге алып келу қаупі уланудың алғашқы бірнеше күнінде-ақ немесе бірнеше он күннен кейін ғана (удың жалпы дозасы мен ағзаға түсу жылдамдығына байланысты) байқалуы мүмкін.

(Хлоракне, Порфирия сынды аурулар пайда болуы мүмкін)

4) Азот, фосфор, күкірт

Азот – тыңайтқыштар құрамына кіреді (нитрат, нитрит, селитра); тірі ағзалардағы амндермен әрекеттесу нәтижесінде нитрозаминдер түзіледі (канцерогенді, хромосомдық аппаратты бүлдіріп, тұқым қуалайтын ауруларға әкеледі).

Фосфор мен азот су экожүйелеріне әсерін тигізеді. (Эвтрофтану немесе су нысандары мен топырақтың биологиялық өнімділігінің айрықша (қалыпты жағдайдан тыс) артып кетуі) Бұл «ауруға» шалдығудың белгілері: тұщы суқоймалардағы су ішуге де, өнеркәсіптік мұқтаждықтарға да жарамсыз болып, «гүлденіп» кетеді (жасыл-сары түсті су асты балдырлары қаулап өседі де, су астындағы тіршілік иелері үшін оттегі тапшылығы пайда болады).

http://mylect.ru/bgd/bgd/148-2011-06-05-01-21-12.html?start=21


6-дәріс

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПТЕР

Биологиялық қауіптер дегеніміз – дені сау адамға, жануарларға немесе өсімдіктерге тікелей (жұғу) немесе тікелей емес (қ-о бүлінуі арқылы) потенциалды түрде қауіп төндіруі мүмкін инфекциялық агенттер. (Жұқпалы аурулар, улы өсімдіктер, жануарлар немесе жәндіктердің шағуы, т.б.)

Ауру қоздырғыштарына тән ерекшеліктер:

- Қысқа мерзімде үлкен аймақтарға тарап кете алады;

- Зақымдаушы әсері және улылығы өте жоғары;

- Контагиоздылық (жұқпалы болуы) – қозд-штардыі 1 түрден 2-түрге ауысуы (берілуі);

- Инкубациялық кезеңінің болуы,

- Сыртқы ортада аңғару өте қиын.

Адамның ауру қозд-штарына қарсы тұратын табиғи қорғаныш жүйелері:

а) тері қабаты – табиғи барьер;

б) мұрынның ішкі қабатындағы түк – ағзаның ауа фильтрі;

в) сілекей, көз жасы – лизоцим атты бактерицидтік фермент бөле отырып, иммунитетті нығайтады;

г) асқазан – сөлінің рН<7 б-тан (HCl ер-дісі),оған түскен бактериялар өмір сүре алмайды.

д) лейкоциттер – қанның ақ түсті түйіршіктері – ішек жолына түсуі мүмкін зиянды бактерияларды жояды;

е) ИММУНДЫҚ ЖҮЙЕ

«иммунитет» (лат. «immunitas» - «бостандыққа шығу», «құтылу») – ағзаның қорғаныш реакциясы; қандай да сырттан әсер етуші залалды агенттердің әсерлеріне қарсы тұруға қабілеттілігі.

иммундық жүйенің мақсаты ағзаға түскен жат агенттердің (ауру тудырушы микроағзалар, улы заттар т.б.) көзін жою.

Адам ағзасына ауру қозд-штарының түсу жолдары:

  1. Құрамында қозд-ш жасушалары бар ауамен тыныс алу;
  2. Шырышты қабат немесе жарақаттанған тері арқылы;
  3. Сапасыз су немесе тағам арқылы(сақтау мерзімі өткен, дұрыс даярланбаған т.б.);
  4. Жәндітердің шағуы немесе кенелер арқылы;
  5. Ауру адаммен қарым-қатынаста болу, оның жеке заттарын қолдану арқылы;
  6. Бактериологиялық заттармен оқталған қарулардан жарақат алу;
  7. Иммунитеттің төмендеуі.

Бактериялар – өсімдік тектес, әдетте, 1 жасушалы болып келетін өте ұсақ микроағзалар.

Қолайлы жағдайларда әрбір 20-30 мин. сайын бөліну арқылы көбейе алады. Күн сәулесі, дезинфекциялаушы з-р, қайнату арқ. Жойылып кетулері де жеңіл. Кейбір түрлері спроаға айналып, өлтіру қиынға соғады. Төмен температураларға төзімді. (оба, холера, бруцеллез сынды ауру қозд-штары.)

Вирустар – өлшемдері б-ша бакт-рдан 1000 есе кіші микроағзалар.

Тірі ұлпаларда ғана көбейе алады. 100°С-қа дейін төзімді б.к. (безек, сүзек ауруларын тудырады).

Риккетсиялар – өлшемдері мен пішіндері жағынан бакт-рға ұқсас, бірақ олар тек өздері зақымдаған дене мүшелерініңұлпаларында ғана тіршілік етіп, дами алады.

Саңырауқұлақтар – өсімдік тектес ағзалар.

Сау ағзада да болады. Егер адам ауырса, қолайлы жағдай туып, тез көбейеді. (кандидоз атты жұқпалы инфекция таратушысы)

Токсиндер – кейбір бакт-рдың тіршілік әрекеті нәтижесінде түзілетін күшті улы заттар.

Ағзаға ену нәтижесінде ауыр улануға ұшыратады. Бірнеше айлар бойы сыртқа шықпайды. (Ботулизм атты жүйке жүйесін зақымдайтын, ағзаны жалпы уландыруға алып келетін ауру туғызады).

Жұқпалы ауру қозд-штарының алдын-алу, салдарын жою, емдеу іс-шаралары

Карантин – зақымдану ошағынан тыс аймаққа ауру қозд-штарының таралуына жол бермеу және сол ошақтағы қозд-штарды жою мақсатында ұйымдастырылатын іс-шаралар.

- Кіріп-шығуға қатаң тыйым салынады;

- Қызметтер тоқтатылады;

- Қарыи-қатынасқа түсуге жол берілмейді.

Обсервация – инфекцияның басқа аймақтарға таралуына жол бермеу мақсатында ұйымдастырылатын іс-шаралар.

- Кіріп-шығуға максималды шектеу қйылады;

- Эпидемиологтар мен медицина қызм-рінің рұқсатынсыз тағам және суды өз бетінші пайдалануға болмайды.

Дезинфекция – жұқпалы ауру қозд-штарының көзін құртуға бағытталған шаралар кешені.

Хмиялық улы з-р қолдану арқ. микроағзалар мөлшерін барынша азайтады (толық құрта алмайды), залалсыздандырудың 1 түріне жатады. 3 түрі бар:

- Профилактикалық – эпидем-қ жағд-рға т-сіз, үнемі жүргізіліп отыратын шаралар (арнайы бактерицидтік қоспалары бар жуғыш, тазартқыш з-р қолдану, тазалық сақтау);

- Ағымдағы – ауруға шалдыққан адамның айналасында үнемі сақталуы тиім гигеналық іс-шаралар (хлорлы ер-дімен жуу-сүрту, кварцтеу, т.б.);

- Қорытынды – ауруға шалдыққан адам жазылғаннан немесе өлгеннен кейін жүргізілетін ақтық іс-шаралар.

Дератизация – кеміргіштердің көзін жою.

Дезинсекция – жәндіктерді құрту.

Егу (вакцинация) – ауруға қарсы иммунитетті қалыптастыру мақсатында ағзаға антигенді материал енгізу. Нәт-нде ауру жұқтырудың алдын-алуға болады немесе әсері төмендейді. Антигенді материал рет


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: