Инфильтрациялы анестезия 6 страница

Қарап тексергенде жегімен бұзылған тісті көруге болады, аздап ауырады. Тіс деңгейіндегі қызыл иек қызарып, ісінген, сирегірек өзгеріссіз.

Егер оны қысқышпен (пинцет) немесе шүқығышпен басып көрсе, осы құралдардың ізі қалады және қызарады, бұл сау шырышты қабыққа қарағанда ұзақ уақыт сақталады. Жиі-жиі созылмалы гранулденген периодонтит өршіп тұрса қызыл иекте ісінген грануляциясы бар жыланкөздерді көруге болады.

Осы өршулер нәтижесінде гранулденуші периодонтит ошағы біртіндеп ұяшықтың жаңа бөліктеріне таралады, көбінесе вестибулярлық жағына, нәтижесінде альвеолды өсіндінің сүйек қабырғасында өрнектер түзіледі. Егер осы процеске қоршаған жұмсақ тіндер қосылатын болса, онда қызыл иекте жыланкөз пайда болады (нүктелік тесіктер немесе ісініп шыққан грануляци-ялар түрінде). Ремиссия кезеңінде қызыл иектегі жыланкөз белгілі бір уақытта жабылады. Бірақ кезекті өршу кезінде бұрын болған жыланкөз орынында шырышты қабық ісініп, қызарады да жыланкөз қайта ашылып, одан ірің бөлінеді. Кей кезде созылмалы гранулденуші периодонтит ошағы үлкейіп жақ маңындағы жұмсақ тіндерге өтеді, осы кезде беттің теріасты одонтогенді гранулемасы дамиды.

Рентгенологиялық созылмалы гранулденуші периодонтитте тіс түбірі ұшының сүйек тінінде шекарасы анық емес, шеттері тегіс емес деструкция ошағы анықталады.

Патологиялық анатомиясы. Түбір ұшы аймағында грануляциялық тін периодонт сыртына шығып өсіп кеткен. Осылай созылмалы гранулденуші периодонтит ошағының өсуі қабыну аймағындағы сүйек тінінің сорылуына және сүйек кемігінің грануляциялық тінмен ауысуына әкеліп соғады. Осымен бірге түбір дентині және цементінің кейбір бөліктерінің резорбциясы анықталады. Грануляциялар арасында лейкоциттер, гистиоциттер шоғырлары, плазматикалық, эпителиоидты клеткалар болады. Кей жағдайларда ошақтың шет жақтарында сүйек тінінің жаңа түзілуі жүреді.

Емі. Консервативті. Егер нәтижесіз болса, хирургиялық ем жүргізіледі.

26. Созылмалы периододтиттерді емдеудің хирургиялық әдістері

Созылмалы периодонтиттің хирургиялық емдеу тәсілдері. Созылмалы периодонтитте консервативті ем қолдануға болмайтын жағдайда немесе қолданған емнен күткен нәтиже болмаса, хирургиялық ем тәсілдерінің бірін қолдану қажет:

1. Тіс жүлу; 2. Тіс түбірінің ұшын кесу (резекция) гранулемамен бірге; 3. Тіс түбірінің ұшын кеспей (резекциясыз)/гранулеманы алу; 4. Реплантация (тісті жұлып емдегеннен кейін қайтадан өз ұясына қондыру); 5. Гемисекция (тісті жартылай кесіп алып тастау); 6. Апикотомия (ампутация) яғни емдеуге келмеген түбірін кесіп алу.

Тіс жұлу операциясы арнайы тарауда толық берілді.

Тіс түбірінің ұшын кесу операциясы гранулемамен бірге. Осы операцияны жасауға болатын жағдайлар:

1. Тіс түбірін емдегенде түбір ұшына дейін бара алмаса, ұшы қисық не болмаса түбір өзегінің саңылауының болмауы; 2. Тіс түбірі ұшында үлкен гранулеманың болуы; 3. Бордың немесе пульпоэксртактордың тіс түбірі өзегінде сынып қалуы; 4. Тіс түбірі ұшының бормен жұмыс істегенде тесіліп қалуы; 5. Тіс түбірі ұшының сынуы; 6. Пломбалық затты тіс түбірі ұшынан көп мөлшерде шығарып жіберуі; 7. Сарысулы ісікті алған кезде.

Тіс тубірінің ұшын кесу операциясын жасауға болмайтын жағдайлар:

1. Тіс босаңдау болса; 2. Жүрек-қан тамырлар ауруы болса; 3. Нерв жүйесі нашарласа; 4-. Геморрагиялық диатезде.

Резекция — көбінесе біртүбірлі тістерге жасалынатын операция. Операцияға тісті алдын ала дайындау қажет, ол үшін операция жасайтын күні немесе біркүн бұрын тіс түбірі өзегін механикалық, химиялық жолдармен тазалап, өзекті фосфат цементпен пломбылайды, содан кейін рентгенге түсіріп тексеру қажет.

Жансыздандыру жасалғаннан соң кілегей және сүйектің сыртқы қабықтарын сүйекке жеткізіп трапециялы не болмаса доғалдап кеседі. Кесілген тіндердің көлемі гранулема орналасқан сүйек қуысының көлемінен үлкен болуы керек. Кесіндіні тегістегішпен сүйектен сыдырып дөңгелек бормен тіс түбірі ұшы проекциясының айналасынан бірнеше жерден тесіп, фиссурлы бормен тесіктерді қосып, сыртқы кортикальды қабатын алып тастап, тісті ұстап тұрып оның ұшын кеседі де гранулемамен бірге алып тастайды. Пайда болған сүйек қуысын кюретаж жасайтын қасықпен жақсылап тазалап, антисептиктермен өңдегеннен кейін тіс түбірі ұшына дейін пломбылаған ба, жоқ па соны тексереді. Егер пломба тіс түбірінің кесілген жеріне дейін жетпесе, онда оның өзегін кеңітіп теріс конус тәрізді бор арқылы күміс амальгамасымен пломбылайды. Сүйек қуысы жиегінің тегістігін тексеріп, оны антисептикпен жуып, қан ұйығымен толтырады. Егер, сүйек қуысы үлкен болса, сүйектенуді жылдамдататын брефоматериалмен немесе сүйектің ұнтағымен толтырады, содан кейін кілегей және сүйектің сыртқы қабықтар қиығын орнына қойып кетгутпен тігеді.

Резекция операциясының артықшылығы — ұзақ уақытқа дейін тісті сақтап қалуға мүмкіншілік береді. (16-сурет)

 

16- сурет. Тіс түбірін кесу операциясының кезеңдері: а,б) түбірді кесу, тегістеу, в) амальгамамен пломбыдау; г) жараға тігіс салу.

 

Кемшілігі: 1) Тістің тұрғылықтығы нашарлайды; 2) Операция зақымды деп есептеледі; 3) Кейде кесілген қиындының көлемі кішігірім болса сүйек жеткілікті ашылмайды да, операцияның уақытын ұзартады.

Екінші операция тіс түбірінің ұшын кеспей гранулеманы алу. Бұл операцияның техникасы жоғарыда айтылған тіс түбірінің ұшын кесу операциясымен бірдей, айырмашылығы түбірдің ұшы кесілмейді. Оның ұшындағы гранулеманы немесс гранулденген тіндерді кюретажды қасықпен түгелдей қырнап тазалап, антисептиктвр мен жуып, құрғатып, содан кейін түбірдің ұшын фуропластпен перхлорвинилмен бірге немесе БФ—6 клеймен жауып, 1—2 минуттан кейін клей қатайған соң пайда болған сүйектегі қуысты қан ұйығымен толтырып, кесілген қиындыны орнына қойып, кетгутпен тігеді.

Фуропласт, перхлорвинил және БФ—6 клей тіс түбірінің ұшындағы өзектердің өлген ұлпа микробтарының шығуына кедергі жасайды.

Бұл операцияның артықшылығы: 1) Тістің тұрақтылығы өзгермейді; 2) Резекция операциясына қарағанда зақымдылығы аздау.

Тісті реплантация жасау, яғни тісті жұлып өңдегеннен кейін ұясына қайта отырғызу. Бұл ерте кезден қолданып келе жатқан тәсілдердің түріне жатады. Бірінші рет 1794 жылы Амбруаз - Паре ұсынған болатын. Кейбір мәліметтерге қарағанда бұл операцияны Гиппократ уақытында қолданған. Тарихи мәліметтерге қарасақ тісті қайта қондыру операциясы басқа органдарды қайта қондыру операциясынан әлдеқұрлым ерте қолданыла бастаған. Соңғы кездерде емдеу мекемелерінің техникалық жаб-дықталуының жақсаруына және антибиотиктерді кеңірек қолдануға байланысты бұл операцияға көзқарас өзгеріп, жиі пайдаланыла бастады.

Реплантация жасау операциясы төменгі жағдайларда қолданылады: 1. Қателікпен сау тісті жұлғанда; 2. Зақымның әсерінен сау тіс ұядан шығып қалғанда; 3. Гранулденген, грануломатозды созылымалы периодонтитте. Бұл операцияны көп жағдайда көптүбірлі тістерге қолданады.

Жансыздандырғаннан кейін тегістегішпен айналасындағы жұмсақ тіндерді көп зақымдамай сыдырып, тіс ұясының қабырғасын, түбірлерін зақымдамай тісті жұлу қажет. Егер де жұлған тіспен бірге гранулема шықса, кюретажды қасықпен қырнап тазалайды, бірақ периодонтқа көп зақым келтірмеу керек. Тістің ұясын антисептикпен жуып стерилді тампонмен жауып, тістің қу-ысын ашып, түбірлерінің өзегін кеңейтіп, тазартып, жуып, қүрғатып пломбылағаннан соң түбірлер ұшын кесіп тастайды. Осыдан кейін тісті антибиотик ерітіндісіне салып қою керек. Ұясындағы қан ұйығын жуып, тісті өз ұясына отырғызады. Реплантация жасалған тісті айналасындағы тістерге тез қататын пластмассадан жасаған қаппа арқылы немесе құрсау яғни шина арқылы бекітеді. Кейбір авторлардың пікірінше, егер тіс өз ұясына мықты отырса оны айналасындағы тістерге бекіту қажет емес. Құрсаулар 3—4 апта бойы тұруы қажет. Операциядан кейін науқасқа ауырғанды басатын, қабынудың алдын алатын дәрі-дәрмектер беру қажет.

В. А. Козловтың (1962) пікірінше өз ұясына отырғызылған тіс пен сүйектің өзара байланысы "периодонтты түрде" болған кезде (операция болғанда периостит пен периодонт көп зақымдалмаған жағдайда) тістің функциясы жақсы сақталып 10—15 жыл өз қызметін атқарады. Реплантация жасаған тістің бітуі „остеоидты" түрде болуы мүмкін, яғни тістің түбірі мен сүйектің байланысы сүйектің бітісуі сияқты болады. Бүл жағдайда тістің функциялық қабілеті өте төмен болады.

Үшінші түрі — аралас немесе фиброзды деп аталады.

Кей кездерде тісті өз ұясына қайта қондыру операциясын жедел ағымды қабыну процестерінде (жедел ағымды остеомиелит, периоститте немесе жедел ағымды периодонтитте) қолдануға болады (И. К. Широков, 1967). Мұндай жағдайда реплантация операциясын екі кезеңде өткізеді, яғни кейінге қалдырылған реплантация.

Бірінші кезеңі: тісті жұлғаннан кейін оның ұясын антибиотик ерітіндісі сіңген тампонмен толтырып қояды. Бірнеше күн бойы жедел ағымды қабыну кезінде болған өзгерістерді қалпына келтіру үшін ем жүргізеді. Осы аралықта жұлынған тісті антибиотик ерітіндісіне салып тоңазытқышта сақтайды. Қабыну процесі басылған соң (15—20 күн аралығында) тіс ұясындағы жетілмеген дәнекер тіндерді кюретажды қасықпен алып тастап, антибиотик ерітіндісімен жуады да тісті пломбылап өз орнына отырғызады. Сонымен қатар операцияның екінші кезеңінде қабыну процесі кері қайтқанда тіс өз ұясына отырғызылады.

Тісті қайта отырғызу операциясының тағы бір түріне трансплантация жатады, яғни тісті өз ұясынан алып басқа ұяға (сол аурудың) отырғызу.

Гемисекция негізінде көптүбірлі тістерге қолданылады. Бұл операция кезінде әртүрлі себептермен консервативті емдеуге болмайтын жағдайда жасалынады: 1. Түбір өзегінде саңылаудың болмауы; 2. Емдеу кезінде түбір өзегінің қабырғасы немесе түбірлерінің бифуркациясын (айрықшасын) тесіп алу; 3. Түбір өзегінде пульпоэксрактордың, бордың қалып қоюы.

Гемисекция операциясы эндотониялық емдеу мен тіс сауытының қуысын пломбылағаннан кейін жасалады. Жансыздандыру жасағаннан кейін сепарациялық дискімен төменгі жақ сүйегіндегі тістің сауытын екіге бөледі де түбірімен бірге элеватормен немесе қысқашпен жұлады. Тіс түбірі аралық пердесін және тіс сегментін қоршаған сүйек тінін сақтап қалу керек. Егер жоғарғы азу тістің таңдай түбірін алу қажет болса, тіс сауытын сагитальды жазықтықта кеседі, ал ұрт түбірін алу қажет болса „Г" әрпі тәрізді кеседі. Операциядан кейін қалған тістің жартысы жасанды сауытпен қапталуы тиіс.

Ампутация- бұл операция көптүбірлі тістерде бір түбірін бифуркацияға дейін кесіп алу.

Бұл операцияны жасауға болатын жағдайлары жоғарыда айтылған гемисекция операциясындай, сондықтан қайталамаймыз.

Жансыздандыруды жасағаннан кейін жақ сүйектің ұрт не болмаса таңдай, тіл жағынан кілегей және сүйектің сыртқы қабықтарын кесіп, трапеция не доғалдап сүйектен сыдырып, тіс ұясының сыртқы қабырғасын бормен ойып алады. Жалаңаштанған тіс түбірін фиссурлы алмаз бормен бифуркациясының деңгейінен кесіп, элеватормен не қысқашпен алады, гранулденген тіндерді

қырнап алып, антисептикпен жуып кілегейлі жақ сүйек, арты қабықтарының қиындысын қыйып кеттугпен тігеді.

27. Стационарда хирургиялық бөлімшені ұйымдастыру

Стоматология емханаларында хирургия бөлімшесін ұйымдастыруда «стоматологияны профильді мекемелерде ұйымдастыру, жабдықтандыру және пайдалану санитарлық ережелерін» қолдану керек. Ереже бойынша хирургия бөлімшесін ашу кемінде 5 бөлме керек. Олар:

1. Дәрігер қабылдауын күтетін бөлме (көлемі бір ауруға 1,2 м2 орта есеппен 4 ауруға арналуы керек). Аурулар дәрігер қабылдауын емхананың жалпы дәлізінде күтулеріне болады.

2. операция алдындағы бөлме (көлемі 10 м2).

3. операциялық бөлме (бір креслоға немесе бір операция жасайтын столға 23 м2 , ал келесі әрбір кресло немесе стол қою үшін 7 м2 –тан қосылады).

4. Стерилизация жасайтын бөлме (көлемі 8 м2 ).

5. Операциядан кейін аурулар уақытша жататын бөлме.

Стоматология емханаларында тек хирургиялық бөлімше болса, оған 3 бөлме керек:

4. Дәрігер қабылдауын күтетін бөлме.

5. Залалсыздандыру жасайтын, қол жуатын, материал дайындайтын көлемі кемінде 10 м2 ауа соратын шкафпен жабдықталған бөлме.

6. Операция жасайтын бөлменің көлемі бір креслоға 14 м2 ал келесі қойылатын әрбір креслоға 7м 2 болуы қажет.

Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша Қазақстанда және басқа елдерде инфекциялық аурулар мөлшері өршу үстінде. Дәрігер-стоматологтар өзінің қызметіне байланысты көптеген жұқпалы аурулар бар науқастарменен қатынаста болуға мәжбүр. Европа елдерінде 15% стоматологтар, өзінің қызметіне байланысты инфекцияланылған, ал 50% инфекциялануға жоғарғы дәрежеде (K. Bossmann, 1997). Стоматологтар және сол бөлімшелерде істейтін қызметкерлер инфекциялық ауруға шалдығуда. Үлкен дәрежелі мамандар қатарында ден саналады.

Хирургиялық стоматологияда асептика және антисептика қағидалары инфекцияға қарсы, оның алдын алу мәселелері жөнінде ең жоғарғы орында тұрады. Бұл аса қауіпті туберкулез, мерез, гепатит, ВИЧ – инфекция сияқты инфекциялардың мол мөлшерде тарауына байланысты. (Тарасенко С.В., 1998).

Асептика дегеніміз инфекцияланауға қарсы алдын ала жасалатын кешенді шаралардың жинағы болып табылады.

Антисептика организмдегі инфекцияға қарсы күрес шараларының жинағы болып есептелінеді. Олар операция алдында хирургтің қолын жуып тазалау әдістері, операция жасалатын аймақты заласыздау, іріңді ошақты бактериоцидті дәрі-дәрмектермен өңдеу, т.б.

Хирургиялық стоматологияда асептика және антисептика кеденді шаралар жинағы, Қазақстан республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсанда қабылданған №36-2 «Халықты санитарлық-эпидемиологиялық сақтандыру заңы» және оған қосымша 2010 жылғы 23 шілдеде жарияланған № 533 бұйрығына сай орындалады. Уақыт және кешенді шараларына сай бұл заңға өзгерістер енгізіліп отырады.

Құрамында стоматология бөлімшелеріндегі хиругия бөлмелерінің қабырғалары тегіс, полихлорвинилді немесе жылтыр плиткалармен төселуі қажет. Бөлме төбелері сулы эмульсиямен немесе майлы бояулармен боялуы керек. Есік-терезелер майлы бояулармен сырланып, әрі тегіс болулары қажет. Хирургия бөлмелері ыстық-суық сумен және орталық жылыту жүйесімен қамтамасыз етіледі.

Хирургия бөлмелердің температурасы 18-25' болып, олар ауа сорғыштар, фромуга және форточкалармен қамтамасыз етілулері қажет.

Барлық бөлмелер жарық болуы керек. Қолдан жасалатын жарықтың екі түрі пайдаланылады: жалпы жарық жүйесі, көлеңке түсірмейтін электр жарығы. Бөлмелердегі жиһаздар нитроэмальды ашық бояулармен боялынып, жұмыс столдары шынымен жабылу керек.

Бөлімшелерді (бөлімдерді) тәулігіне екі рет ылғалды тазалап тұрады: смена аралығында, жұмыс күнінен кейін. Жиһаздардың, қабырғаның төменгі жағын, терезе алдын, еденді ыстық сумен жуады. Барлық бөлмелерді, тәулігіне 1 рет бактериоцидті шаммен өңдейді. Бөлімшені (бөлмеде) жетісіне 1 рет жалпы тазартудан өткізеді. Бактирялық бақылау бөлімшелердің (бөлмелер) санитарлық жағдайының сыншысы болып есептеледі.

28.Стоматология емханаларындағы медицина қызметкерлерінің штаттық нормативі

Қазақ Республикасының денсаулық сақтау министрінің бұйрығы бойынша 10000 тұрғынға 4 дәрігер – стоматолог бөлінген.

Стоматология емханаларында 7-12 штаттан тұратын хирургия бөлімшелерінде

0,5 ставкаға бөлім меңгерушілері тағайындалады. Егер бөлім 12 штаттан тыс болса, онда оған қосымша меңгеруші тағайындалады. Хирург – стоматолог бөлім меңгерушісіне немесе емдеу –профилақтикалық бөлімінің меңгерушісіне бағынады.

Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы бойынша 20 дәрігерге 1 дәрігер-анестезиолог 25 дәрігерге 1 дәрігер-рентгенолог тағайындалған. Бір дәрігерге бір медбике және бір санитарка тағайындалады.

Бөлімдерді /бөлімшелерлі/ керекті құралдар, төсек-орындар, жиһаздармен жабдықтауда, «ауруханалар және емханалар жабдықтау тізімі» және «Бір дәрігер-стоматолог және тіс технигіне жұмсалатын стоматологиялық материалдардың уақытша мөлшері» туралы бұйрықтарды нұсқау етіп алған жөн.

29.Стоматология емханаларында хирургия бөлімшесінің керекті құжаттары

043-Стоматологиялық науқастар үшін емханалық сырқатнама, 39-Дәрігер стоматологтың күнделікті есеп кітабы, 027-Ауруханаға жатқандағы туралы сырқатнамадан көшірме, 028-Кеңес алуға және қосымша зерттеу жүргізу үшін басқа бөлімдерге жолдама қағазы, 069-Отаның нобайын жазу журналы, 094-1- Уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы 030-Науқасты диспансерлік есепке алу,013, 14, 37, 095

30.Хирургиялық стоматология бөлімшесінің (бөлмесінің) жабдықталуы.

Құрамында стоматология бөлімшелеріндегі хиругия бөлмелерінің қабырғалары тегіс, полихлорвинилді немесе жылтыр плиткалармен төселуі қажет. Бөлме төбелері сулы эмульсиямен немесе майлы бояулармен боялуы керек. Есік-терезелер майлы бояулармен сырланып, әрі тегіс болулары қажет. Хирургия бөлмелері ыстық-суық сумен және орталық жылыту жүйесімен қамтамасыз етіледі.

Хирургия бөлмелердің температурасы 18-25' болып, олар ауа сорғыштар, фромуга және форточкалармен қамтамасыз етілулері қажет.

Барлық бөлмелер жарық болуы керек. Қолдан жасалатын жарықтың екі түрі пайдаланылады: жалпы жарық жүйесі, көлеңке түсірмейтін электр жарығы. Бөлмелердегі жиһаздар нитроэмальды ашық бояулармен боялынып, жұмыс столдары шынымен жабылу керек.

Бөлімшелерді (бөлімдерді) тәулігіне екі рет ылғалды тазалап тұрады: смена аралығында, жұмыс күнінен кейін. Жиһаздардың, қабырғаның төменгі жағын, терезе алдын, еденді ыстық сумен жуады. Барлық бөлмелерді, тәулігіне 1 рет бактериоцидті шаммен өңдейді. Бөлімшені (бөлмеде) жетісіне 1 рет жалпы тазартудан өткізеді. Бактирялық бақылау бөлімшелердің (бөлмелер) санитарлық жағдайының сыншысы болып есептеледі.

31.Хирургиялық бөлімдер алдына қойылатын негізгі міндеттер

Стоматология емханаларында хирургия бөлімшесін ұйымдастыруда «стоматологияны профильді мекемелерде ұйымдастыру, жабдықтандыру және пайдалану санитарлық ережелерін» қолдану керек. Ереже бойынша хирургия бөлімшесін ашу кемінде 5 бөлме керек. Олар:

1. Дәрігер қабылдауын күтетін бөлме (көлемі бір ауруға 1,2 м2 орта есеппен 4 ауруға арналуы керек). Аурулар дәрігер қабылдауын емхананың жалпы дәлізінде күтулеріне болады.

2. операция алдындағы бөлме (көлемі 10 м2).

3. операциялық бөлме (бір креслоға немесе бір операция жасайтын столға 23 м2 , ал келесі әрбір кресло немесе стол қою үшін 7 м2 –тан қосылады).

4. Стерилизация жасайтын бөлме (көлемі 8 м2 ).

5. Операциядан кейін аурулар уақытша жататын бөлме.

Стоматология емханаларында тек хирургиялық бөлімше болса, оған 3 бөлме керек:

7. Дәрігер қабылдауын күтетін бөлме.

8. Залалсыздандыру жасайтын, қол жуатын, материал дайындайтын көлемі кемінде 10 м2 ауа соратын шкафпен жабдықталған бөлме.

9. Операция жасайтын бөлменің көлемі бір креслоға 14 м2 ал келесі қойылатын әрбір креслоға 7м 2 болуы қажет.

32.Ота жасалатын бөлменің жұмысын ұйымдастыру

Операция алдында дәрігер медбикені жасалтын операциялардың тізімімен таныстырып, оған керекті құралдар мен материалдарды дайындауға тапсырма береді. Залалсыздандырған заттарды екі столға бөледі, бірі таңу жабдықтары, екіншісі құралдар үгшін. Хирургке операция жасауға көмекші қажет. Оның қызметін,тәжірибелі мейіркеш, дәрігер немесе жоғарғы курс студенттері атқарады. Операциядан кейін ауруды 30 мин-тен 1 сағатқа дейін уақытша демалатын бөлмеге жатқызған жөн.

Әдетте күрделі стоматология емханалары кеңес беру – методикалық орталық болып есептеледі. Оларға басқа мекеме, аудан дәрігерлері ауруларды кеңес алу үшін жібереді. Бұл емханаларда кеңес беруші болып ғылыми атағы бар дәрігерлер істейді. Осымен қатар оларға облыстық, аудандық, емханалар бекітіледі.

Әрине, хирургия бөлімдері жұмысының ішінде дерттің алдын алу қызметі жоғары орында болуы қажет.

Денсаулық сақтау министрінің бұйрығында «Дәрігер-стоматологтың бақылауында болатын науқастардың диспансерлік үлгісінің жобасы» берілген.

33.Ота бірлестігінің санитарлық-гигиеналық талаптары

Операциялық блоктың санитарлық-гигиеналық талаптары. Операциялық блоктың тиісті құжаттарға сәйкес болуы тиіс. Операциялық блок операция жасайтын, операция алдындағы, стерилизация жасайтын, наркоз аппараттары тұратын, құралдар сақталған, хирург және мейіркеш отыратын, материалдар тұратын, гипс салатын, душ қабылдайтын бөлмелерден тұрады.

Мүмкіндігіне қарай операция жасайтын екі бөлме болуы қажет. Бірі жақ-бет аймағында пластикалық операциялар, екіншісі ауыз қуысына және іріңді операциялар жасайтын бөлме. Олараға кіретін есіктер бөлек болуы қажет. Егер екі бөлме болмаған жағдайда, бірінші кезекте «таза» операция жасалынып, екінші кезекте іріңді операцияларды жасауға болады. Осыдан кейін бөлмені, ондағы жиһаздарды антисептикалық (хлоамин, лизол, сулема т.б.) ерітінділермен тазалап жуғаннан кейін, бактиоцидтік шаммен тазартады. Клиникадағы оперция бөлмесіне көп студенттер, курсанттар кірмеуі үшін, операцияны телевизор арқылы алыстан көрсететін бөлме дайындаған жөн немесе операциялық бөлменің төбесін жақсы көрінетін әйнекпен жабу керек.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: