Келесі мысалы: 9 7 10 8 11 9 12. 11 страница

72.Драмкружокқа қатысуға,сахнадан өлең оқуды ұнатасың ба?(8)

73.Себепсіз бұртыйып,ешкіммен сөйлеспей жүретін кездерің болады ма?(5)

74.Болашаққа көңілсіз қарайсың ба? (3)

75.Қуаныштан бірден қайғы-қасіретке ауысатын кез кездеседі ме?(10)

76.Қонақ күте аласың ба?(1)

77.Ашуың ұзаққа созылады ма? (7)

78.Достарыңның қайғысын бөліп аласың ба?(6)

79.Жіберген қатені жөндеу үшін дәптердің бір бетін көшіріп жазасың ба? (4)

80.Өзіңді сенімсіз адам деп есептейсің бе?(7)

81.Қорқынышты түсті жиі көресің бе?(2)

82.Өзіңді терезеден тастағың келген кез болды ма?(4)

83.Қоршағандар уақытын көңілді өткізіп жатса,сенің көңілің көтеріледі ме?(9)

84.Жағымсыз жағдайды уақытша ұмыта аласың ба?(8)

85.Сәтсіздіктерді ойыңнан шығармай жүресің бе?(8)

86.Әдетте аз сөйлейсің бе?(3)

87.Орындаған роліңе беріліп кеткенде өзіңнің кім екеніңді ұмытасың ба?(8)

 

 

Жеткіншектер агрессиясын диагностикалау. (Басса-Дарки әдістемесі)

Мақсаты: Бала агрессиясының түрін және оның көрініс беру ерекшелігін анықтау.

Бала агрессиясын зерттеушілер оған әр түрлі анықтама береді.Біреулері ол адамның қоршаған орта құбылыстарынан өзін қорғауға арналған тұқым қуалаушылыққа негізделген қасиет деп көрсетсе (Лоренд,Анри),екіншілері жетекші роль атқаруға бағытталған әрекет (Моррисон) деп түсіндіреді. Агрессияны фрустрация мен байланыстыратын теорияларда бар(Маллер,Дуб,Доллард)

Агрессия терминімен жеке тұлғаның субьект-субьекттік қатынаста деструктивтік әрекетке жақындығын белгілейді. Деструктівтік әрекет дегеніміз -адамның алдында тұрған бөгетке шабауыл жасап қиындықты жеңуге деген белсенділігі. Сондықтан агрессияның оң және теріс көріністері бар екенін жақсы түсіну қажет.Мысалы, адам өз өмірін, немесе басқа адамдардың өмірін сақтауға,табыс көзіне төнген қауіпті жоюға бағытталған агрессияны ақтауға болады.Сонымен қатар, ешқандай ақтауға болмайтын агрессия байқалуы мүмкін.Жеткіншек жас кезеңінде себепсіз агрессия, немесе жалған қауіпке бағытталған шабуылшылық орын алуы мүмкін. Бұл құбылыстың түрлерін, себебін және мөлшерін анықтауға болады. Психолог осы мәселені зерттеп, агрессиясы нормадан тыс дамыған балалармен түзету жұмысын жүргізуі керек.

А.Басс және А.Дарки агрессияны сипаттағанда оны негізгі екі топқа бөледі. Бірінші – мотивациялық агрессия, осы құбылысты туғызған себеп –сылтаулар. Психолог ең алдымен агрессияның осы түрін анықтап алуға тиіс. Екіншісі – инструменталдық агрессия, немесе өзін қорғау үшін, басқаларды зәбірлеуге қолданылатын әрекеттері. Бұл қасиеттің көрініс беруі сегіз формада болуы мүмкін.

Агрессияны зерттеуге қолданылатын әдістемелердің бірі Басса-Дарки сауалнамасы. Бұл әдістеме көмегімен агрессияның орын алуын және оның түрін, көрініс беру формасын диагностикалауға болады.Авторлар сауалнаманы келесі ұстанымдарға сүйене отырып жасағанӘр сұрақ агрессияның бір түрін анықтауға арналған.

Сұрақтарға берілген жауаптарға басқалардың пікірі әсерін тигізуін төмендету жолдары ойластырылған.

 

Бағалау шкаласы.

Жауаптар сегіз шкала бойынша бағаланады.

Физикалық агрессия: ия-1, жоқ-0 келесі тұжырымдамаларға: 1,25,31,41,48,55,62,68; Жоқ – 1, ия – 0, келесілерге: 9,7.

Жанама агрессия: ия-1, жоқ-0: 2,10,18,34,42,56,63; Жоқ – 1,ия – 0: 26,49.

Тітіркенушілік: ия-1, жоқ-0; 3,19,27,43,50,57,64,72; жоқ – 1, ия – 0:11,35,69.

Негатевизм: ия-1, жоқ-0; 4,12,20,28;, жоқ – 1, ия – 0: 36.

Өкпелегіштік: ия-1, жоқ-0; 5,13,21,29,37,44,51,58.

Күдіктелушілік: ия-1, жоқ-0; 6,14,22,30,38,45,52,59; жоқ – 1, ия – 0: 33,66,74,75.

Вербалды агрессия: ия-1, жоқ-0; 7,15,23,31,46,53,60,71,73; жоқ – 1, ия– 0: 1,33,66,74,75.

Кінәлі сезіну: ия-1, жоқ-0; 8,16,24,32,40,47,54,61,67.

Көрсетілген шкала бойынша жауаптарды баллға айландырып, барлық жиналған ұпайлардың екі түрлі қосындысы шығарылады.

Біріншісі қастандық индексі деп аталады да ол 5 және 6 шкалалардың қосындысы арқылы анықталады.

Ал екіншісі, агрессия индексі – 1,3,7 шкалалар қосындысы ретінде анықталады.

6,5 плюс-минус 3 – қастандық көрсеткіші нормада екенінің белгісі;

21 плюс-минус 4 – агрессияның нормадағысын көрсетеді.

Баланың агрессиясын анықтағанда бір әдістемені қолданып, сол бойынша қорытынды жасауға болады. Міндетті түрде Кеттел, Шмишек, Спилбергер т.б. проективтің әдістемелердің нәтижесімен салыстырып анықтау қажет.

 

 

Жеткіншектер агрессиясын диагностикалау. (Басса-Дарки әдістемесі)

Орындау ережесі: Тест сауалнамасында 75 тұжырымдама берілген. Оларға «ия» немесе «жоқ» деп жауап беріңіз.

Сауалнама.

  1. Менің кейде басқаларға зиян келтіргім келеді.
  2. Кейде өзім жақтырмайтын адамдар туралы өсек айтамын.
  3. Мен тез ренжіп, жылдам басыламын.
  4. Егер маған жақсылап өтініш жасамаса, тапсырманы орындамаймын.
  5. Өмірде маған қажетті нәрселерді толық ала алмаймын.
  6. Басқалар менің сыртымнан мен туралы не айтатынын білемін.
  7. Мен достарымның қылықтарын ұнатпасам, пікірімді оларға білдіремін.
  8. Егер біреуді алдаған кезім болса, мен ар-ожданымның алдында қатты қысыламын.
  9. Мен басқа адамға қол жұмсауға қабілетті емес сияқтымын.
  10. Мен еш уақытта, заттарды лақтыратындай болып, қатты ашуланбаймын.
  11. Басқалардың кемістігіне барлық уақытта кешірімдімін.
  12. Егер маған орныққан ереже ұнамаса, мен оны бұзғым келеді.
  13. Басқалар қолайлы жағдайды пайдаланып қалады.
  14. Егер маған күтпеген жерде сый-сияпат көрсетсе, мен одан сескеніп қаламын.
  15. Менің басқалармен келіспей қалатын кезім жиі болады.
  16. Кейде менің ойыма өзім ұялатын нәрселер келеді.
  17. Мені біреу бірінші болып ұрса, мен оған жауап бермеймін.
  18. Мен ашуланғада есікті тарс еткізіп жауамын.
  19. Мен сыртқы көрінісімнен әлде қайда ашушаңырақпын.
  20. Егер біреу маған үкімін жүргізгісі келсе, мен оған әрқашан қарсы тұрамын.
  21. Менің тағдырым мені онша қанағаттандырмайды.
  22. Көп адамдар мені ұнатпайды деп ойлаймын.
  23. Басқалар менімен келіспесе, мен олармен дауласпай тұра алмаймын.
  24. Жұмыстан қашатын адамдар өздерін кінәлі сезіну керек.
  25. Менің отбасымды әбіржіткендер – жұдырыққа жығылғысы келгендер.
  26. Дөрекі әзілге мен бармаймын деп ойлаймын.
  27. мені сықақ жасағандарға қатты ашуланамын.
  28. Егер біреулер өздерін бастық сымақ санаса, олар менменсіп кетпес үшін бар күшімді саламын.
  29. Апта сайын мен өзіме үнамайтын адамдардың біреуін жолықтырамын.
  30. Адамдардың көбісі маған қызғаншақтықпен қарайды.
  31. Басқалардан өзімді сыйлауды талап етемін.
  32. Ата-анам үшін ештеме жасамағаныма қамығамын.
  33. Сізді әрқашанда ызаландырған адамдардың «тұмсығын бұзуға» тұрады.
  34. Мен еш уақытта ашуға бөленіп, тұнжырап жүрмеймін.
  35. Егер басқалардың маған деген көз қарасы мәртебеме сай келмесе, мен оларға ренжімеймін.
  36. мені біреу ренжіткісі келсе, мен оған көңіл бөлмеймін.
  37. Ешкімге байқатпауға тырыссам да, қызғаншақтық «ішімді ит жегендей» етеді.
  38. Кейде мені күлкіге келтіретіндер бар сияқты.
  39. Мен қатты ызалансам да балағат сөз айтпаймын.
  40. Менің күнәларымның бәрі кешірілсін.
  41. Маған біреу қол көтерсе, менің жауап қайтаруым сирек болады.
  42. Айтқаным болмай қалса мен ренжимін.
  43. Кей кезде адамдарды көргенде мен жынданамын.
  44. Шынымен жек көретін адамым жоқ.
  45. Бөтендерге еш уақытта сенім білдірмеу – менің ұстанымым.
  46. Егер біреу мені ызаландырса, мен ол туралы не ойлайтынымды айтуға даярмын.
  47. Кейін өкінетін нәрселерді жиі жасаймын.
  48. Ашуланған кезімде қол жұмсауым мүмкін.
  49. Кішкентай кезімнен бастап долылық көрсеткен емеспін.
  50. Мен өзімді атылуға дайын оқтай жиі сезінемін.
  51. Қандай екенімді жұрттың бәрі білсе, олар мені, бірге жұмыс істеуге қиын адам, деп есептер еді.
  52. Қандай себепке байланысты басқалар маған жағымды нәрселер істейді, деп ойланамын.
  53. Маған біреу дауыс көтерсе, мен де оған айқайлаймын.
  54. Сәтсіздіктер мені мазасыздандырады.
  55. Төбелескенде басқалардан артық-кемім жоқ.
  56. Қатты ашуланғанда бірінші қолыма түскен затты сындырғаным есімде.
  57. Кейде төбелесті бірінші болып бастаймын.
  58. Өмір маған әділетсіз екенін кейде анық сеземін.
  59. Мен бұрын адамдар тек шынын айтады, деп ойлайтын едім.
  60. Ашуланғанда ғана ұрсамын.
  61. Егер қателік жасасам қысылып жүремін.
  62. Өз құқығымды жұдырықпен қорғау керек болса – күшімді көрсетемін.
  63. Өзімнің ашуымды кейде, стол төбелеп көрсетемін.
  64. Өзіме ұнамайтындарға дөрекілік көрсетемін.
  65. Маған зиян келтіргісі келетін дұшпандарым жоқ.
  66. Дөрекілерді өз орнына қоя алмаймын.
  67. Өзім дұрыс өмір сүрген жоқпын, – деген ой маған жиі келеді.
  68. Мені төбелеске дейін апаратындарды білемін.
  69. Кішкентай нәрсеге бола ренжімеймін.
  70. Басқалар намысыма тиіп,ызаландырғысы келеді,деген ойға сирек бөленемін.
  71. Мен, көбінесе адамдарды тек қорқытамын.
  72. Соңғы кезде мен жабысқақ болып кеттім.
  73. Дау барысында мен дауысымды жиі көтеремін.
  74. Басқаларға теріс көзқарасымды көрсетуге тырысамын.
  75. Мен дауласпастан келісімге келгенді ұнатамын.

Кеттелдің 16-факторлық тесті

(балаларға арналған қысқартылған варианты)

Мақсаты – жеке тұлға ерекшеліктерін 16 биополярлық көрсеткіштерді (факторларды) талдау арқылы анықтау.

Кеттел жасаған 16 факторлық тест адамның кісілік қасиеттерін көптеген бір-бірімен байланысты көрсеткіштер көмегімен бағалауға мүмкіндік беретін әдістемеге жатады. Оның үлкендерге және жеткіншектер мен жас өспірімдерге арналған варианттары бар. Бұл кітапта орта және жоғары сынып оқушыларына арналған варианттар берілген.

Орындау ережесі: «Сіздерге бірнеше сұрақтар берілген. Жауаптарыңызды арнайы шкала бойынша өңдеу арқылы әрқайсыңыздың өзіңізге тән ерекшеліктеріңізді анықтауға мүмкіндік туады. Тесттің әр тапсырмасына үш вариант жауап берілген. Олардың ішінде дұрыс немесе қате жауап жоқ. Әр адамның өз жауабы өзіне дұрыс. Сондықтан, тапсырманы орындау барысында онша көп ойланбастан, сұрақтарға бірінші дұрыс деп тапқан жауапты тауып, оның әріптік белгісін параққа жазып беру керек.

Жауап парақ үшке бөлінген. Егер сіз жауаптардың ішінен «А» вариантын дұрыс деп тапсаңыз, онда бірінші бағанға белгі қоясыз, «В» вариантын дұрыс деп тапсаңыз – орта бағанға белгі соғып, ал «С» вариантын дұрыс десеңіз – үшінші бағанға белгі қоясыз.

Тестті орындау ережесі түсіндірілгеннен соң әр балаға сұрақтар жинағы мен жауап беру бланкісі таратылып беріледі.

Орындау уақыты – 30 минут.

 

Жауаптарды өңдеу ережесі.

Жауап парағы төрт бағанға бөлінген болу керек. Біріншісінде сұрақтар номерлері жазылған, ал қалған үшеуі «А», «В», «С» жауаптардың бағандары. Тексерілуші «А» вариантты таңдап алса біріншісіне, «В» – екіншісіне, ал «С» жауап дұрыс десе үшінші бағанға белгі қояды.

Жауап парақтағы белгілерді өңдеу үшін оларды 16 фактордың көрсеткіші бойынша жүйеге келтіру қажет. Өйткені әр фактордың көрсеткіші сұрақтардың ішінде шашыранқы орналасқан. Оларды төменде берілген кесте бойынша жүйеге келтіріп өңдеп шығу керек.

 

Бағалау шкаласы:

Жауап кілтпен сәйкес келгенде:

А-0,1,2 балл;

В-0,1 балл;

С-0,1,2 балл болып бағаланады.

 

Кеттелдің 16-факторлық тесті

Сауалнама

  1. Менің еске сақтау қабілетім бұрынғыдан жақсарды деп ойлаймын.

А.ия

В.білмеймін

С. Жоқ

  1. Мен басқалардан қашық жерде бір өзім өмір сүре аламын.

А. Ия

В. кейде

С. Жоқ.

  1. Егер мен, аспан «жерде» орналасқан және қыста «ыстық» емес десе, онда мен қылмыскерді.... деп атаймын.

А. бандит

В.әулие

С.бұлт

  1. Мен төсекке жатқаннан соң.

А. Тез ұйықтаймын.

В. әр түрлі

С.қиындықпен.

  1. Егер мен басқа көліктер көп жерде машина айдап келе жатсам.

А. Машиналардың көбісін алдыма өтікізіп жіберер едім.

В.білмеймін

С.алдымда келе жатқан машиналарды басып озар едім.

  1. Компанияда отырғанымда басқалардың күлкілі әңгімелер айтып, әзілдеп отыруына мүмкіндік беремін.

А. ия

В. кейде

С. жоқ

  1. Мені қоршаған ортада міндетті түрде ұқыптылық сақталу керек.

А. Дұрыс

В. Айтуым қиын

С.дұрыс емес.

  1. Менімен бірге болатын адамдардың көпшілігі мені көруге қуанышты.

А.ия

В.кейде

С.жоқ

  1. Мен айналысар едім:

А.фехтование және бимен

В.жауап беруге қиналамын

С.күрес және баскетболмен

  1. Адамдардың істеген істері мен ол туралы айтқандары бір-біріне сәйкес келгендігі мені таңдандырады.

А.ия

В.кейде

С.жоқ

  1. Болған оқиға туралы оқығанда мені оның мән жайы түгел қызықтырады.

А.барлық уақытта

В.кейде
С.сирек

  1. Достарым мені әзілдеп, мазақтағанда, мен олармен бірге күлемін және еш уақытта қапа болмаймын.

А.ия

В.білмеймін

С.жоқ

 

  1. Егер маған біреу дөрекі сөйлесе мен оны тез ұмытамын.

А.ия

В.білмеймін

С.жоқ

  1. Іс-әрекетті орындаудың жаңа жолдарын іздеп тапқанға құмармын.

А. дұрыс

В.білмеймін
С.дұрыс емес

  1. Бір нәрсені жоспарлағанда мен ешкімнің көмегінсіз өзім дербес орындағанды жақсы көремін.

А.дұрыс

В.кейде
С.дұрыс емес

  1. Мен өзімді көптеген адамдардан гөрі ұстамсыздау, сезімталдығым төмен деп ойлаймын.

А.дұрыс

В.кейде
С.дұрыс емес

  1. Тез шешім қабылдай алмайтындар менің жынымды келтіреді.

А.дұрыс

В.білмеймін
С.дұрыс емес

  1. Кейде қысқа уақыт ішінде болса да, менің өз ата-анама көңілім толмағандай сезім кернейді.

А.ия

В.білмеймін
С.жоқ

  1. Мен өз асыл арманымды... баяндап берер едім.

А.қимас достарыма

В.білмеймін
С.өз күнделігіме

  1. Менің ойымша, «нақты емес» деген ұғым қарама-қарсы мағына беретін сөз.

А.ұқыпсыз

В.егжей-тегжей
С.шамамен

  1. Маған қажетті уақытта менің энергиям жеткілікті болады.

А.ия

В.айтуға қиналамын
С.жоқ

  1. Маған бәрінен де мынандай адамдар ұнайды:

А. Орынсыз әзілімен адамдарды қызартып қоятын

В.айтуға қиналамын
С.белгіленген уақытта келместен мені қинайтындар

  1. Мен қонақтар шақырып, олардың көңілін көтеруді қатты ұнатамын.

А.дұрыс

В.білмеймін

С.жоқ

  1. Менің ойымша:

А.барлық нәрсені ұқыпты орындаудың қажеті жоқ

В.айтуға қиналамын

С.мойныңызға алған жұмыстың барлығын ұқыпты орындау керек

  1. Мен бар уақытта өзімнің қысылған күйімді жеңіп жүруім керек.

А.ия

В.білмеймін

С.жоқ

  1. Менің достарым көбіне:

А.менімен ойласады

В.екеуінде бірдей істейді

С.маған кеңес береді

  1. Егер жолдасым мені майдалап алдап жатса, мен оны байқамаған сыңай танытамын.

А.ия

В.кейде

С.жоқ

  1. Маған ұнайтын дос:

А.Қызығушылығы өмірде қажетті нәрсемен байланысты болса

В.білмеймін

С.өмірге көзқарасы өте терең және мағыналы болса

  1. Мен толық сенетін идеяларға қарама-қарсы ой айтып жатқанда оған араласпай тыныш тұра алмаймын.

А.дұрыс

В.айтуға қиналамын

С.дұрыс емес

  1. Өткен кездегі қателіктерім мен қылықтарым мені қатты қобалжытады.

А.ия

В.білмеймін

С.жоқ

  1. Егер менің қолымнан барлығы жақсы келетін болса, онда мен:

А. Шахмат ойнар едім

В. айтуға қиналамын

С. «қалашық»ойынын ойнар едім

  1. Маған ашық-жарқын адамдар ұнайды.

А.ия

В.білмеймін

С.жоқ

  1. Мен соншалықты сақ және тәжірибелі болғандықтан, басқа адамдармен салыстырғанда, күтпеген сәтсіздікке көбірек ұшырамаймын.

А.ия

В.айтуым қиын

С.жоқ

  1. маған қажет болғанда өзімнің жұмысымды да басқа міндеттерді де ұмыта аламын.

А.ия
В.кейде

С.жоқ

  1. Өзімнің қатемді мойындау мен үшін өте қиын.

А.ия
В.кейде

С.жоқ

  1. Жұмыс орнында мені ерекше қызықтыратын нәрселер:

А.Машиналармен механизмді басқару және негізгі өндіретін заттарды жасап шығару
В.айтуға қиналамын

С.адамдармен әңгімелесу және қоғамдық істерді ұйымдастыру.

  1. Өзара байланысы жоқ сөзді тап.

А.ай
В.ауа

С.күн

  1. Менің назарымды қайсыбір дәрежеде аударатын нәрсе

А.мені түршіктіреді
В.әр түрлі

С.мені тіптен ойландырмайды

  1. Егер менде көп ақша болса:

А.Мені басқалар көре алмайтындай жағдай тудырмауды ойластырар едім
В.білмеймін

С.ешнәрседен қысылмай өмір сүрер едім

  1. Мен үшін ең үлкен жаза:

А.ауыр жұмыс
В.білмеймін

С.бір өзімді қамап қою

  1. Адамдар моралдық нормаларды сақтауды қазірден қаталырақ талап етуі керек.

А.ия
В.кейде

С.жоқ

  1. Мен кішкентай кезімде мынандай болған екенмін.

А.байсалды және жалғыз қалғанды ұнататын
В.білмеймін

С.өте тынымсыз және қозғалғыш

  1. Мені күнделікті машиналармен және неше түрлі қондырғылар мен атқаратын жұмыс қанағаттандырар еді.

А.ия
В.білмеймін

С.жоқ

  1. Менің ойымша, куәгерлердің басым көбі, оларға қанша қиын болса да, шынын айтады.

А.ия
В.айтуға қиналамын

С.жоқ

  1. Кей кезде маған өз ойым қол жетпес шың болып көрінгендіктен мен оны орындаудан бас тартамын.

А.дұрыс
В.айтуға қиналамын

С.дұрыс емес

  1. Мен әзілге басқаларша қатты күлмеуге тырысамын.

А.дұрыс
В.білмеймін

С.дұрыс емес

  1. Мен өзімді жылардай бақытсыз бын деп сезінген емеспін.

А.дұрыс
В.білмеймін

С.Дұрыс емес

  1. Мен мынандай музыка тыңдағанда рахаттанамын:

А.әскери оркестр марштарына

В.білмеймін

С.скрипкамен орындалған әуендерге

  1. Мен жазғы екі айды осылай өткізгім келеді:

А.бір немесе бірнеше достарыммен ауылда
В.айтуға қиналамын

С.туристік лагерде топты басқарып

  1. Жоспар түзуге кеткен күш:

А.ешқашан артық болмайды
В.айту қиын

С.ешнәрсеге тұрмайды

 

  1. Жолдастарымның ойластырылмаған қылықтары мен әзіл-әңгімелері мені ашуландырмайды.

А.ия
В.білмеймін

С.жоқ

  1. Менің қолымнан бәрі келіп тұрса, мен ол істерді майда әрекет деп есептеймін.

А.барлық уақытта
В.кейде

С.сирек

  1. Мені мына жұмыстар қызықтырады:

А.мекемеде,көптеген адамдардың ісәрекеттерін басқарып барлық уақытта солардың арасында болу
В.айтуға қиналамын

С.архитектор болып өз бөлмемде тыныш жұмыс атқару

  1. Үй мен бөлме арақатынасы ағаш пен........сияқты

А.орман
В.өсімдіктер

С.жапырақ

55.Мен істеген нәрселерім көңілден шықпайды

А.сирек
В.кейде

С.жиі

56.Көптеген жұмыстарды бастағанда мен:

А.тәуекелшілікке барамын

В.білмеймін
С.мүмкін сәтті болар деймін

57.Мені кейбіреулер сөзшең дейтін шығар

А.солай шығар

В.білмеймін
С. ондай емес деп ойлаймын

58.Маған көбінесе ұнайтын адам:

А.өте ақылды адам,егер ол тұрақсыздықпен сенімсіздік білдірсе де

В.айтуға қиналамын

С.қабілеті орта болса да өзін жақсы ұстайтын,сенімді адам

59.Мен шешімді

А.басқалардан жылдам қабылдаймын

В.білмеймін

С.басқалардан соң қабылдаймын

60.Маған үлкен әсер ететін нәрсе

А.шеберлік пен әсемдік

В.айтуға қиналамын

С.күш пен қуат

61.Мен өзімді серіктестікке бекем адаммын деп санаймын

А.ия

В.орташа

С.жоқ

62.Мен тікмінезділерден көрі мәнерлі,сыпайы,астарлап сойлейтіндермен сұхбаттасқанды жақсы көремін

А.ия

В.білмеймін

С.жоқ

63. Мен қалаймын:

А.өзіме тиіс мәселелерді өзім шешкенді

В.айтуға қиналамын

С.күш пен қуат

64.Мен қойған сұрағыма бірден жауап алмасам,онда мен ыңғайсыз нәрсе айттым ба деп қысылып қаламын.

А.дұрыс

В.білмеймін

С.дұрыс емес

65.Оқушы кезімде мен үшін білімнің негізгі көзі болған

А.сабақтар

В.айтуға қиналамын

С.кітаптар

66.Мен қоғамдық жұмыстан және онымен байланысты жауапкершіліктен бас тартамын.

А.дұрыс

В.кейде

С.дұрыс емес

67.Егер алдымда тұрған сұрақты шешу өте қиын болса және менен үлкен күшті салуды қажет етсе,онда мен

А.басқа мәселелермен айналысуға тырысамын

В. Айтуға қиналамын

С.оны шешуге бар күшімді саламын

68.Менде күшті эмоциялар,қобалжу,ашу,ыза,қысу,күлкі және т.б.ешқандай себепсіз пайда болады.

А.ия

В.кейде

С.жоқ

69.Кейде менің түсінігім тар болып кетеді

А.дұрыс

В.білмеймін

С.дұрыс емес

70.Біреудің кездесуге тағайындаған уақыты маған ыңғайсыз болсада сол өтінішін орындасам,өзім одан жақсы әсер аламын.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: