Психодрама техникалары 7 страница

9-12 балл жинағандар. Ұялшақ, жуас, қымсынғыш, жасық,

жағдайды ескерместен өзіненкүштілерге бағынады

13-16 балл жинағандар. Қарапайым, бағынышты, жасық, өзін-өзі төмендеткіш, кез келген уақытта барлық адамдарға өз жолын бергіш, өзін-өзі ең соңғы орынға қояды, сол үшін өзін-өзі кінәлайды, өзінен күштілерден қолдау іздейді.

6. Тәуелді—ымырашыл.

0-8 балл жинағандар.Конформды, жұмсақ мінезді, өзгелерден көмек, кеңес күтетін, сенгіш, өзгелерге таңырқағыш, басқалардың қолданғанын күтеді.

9-12 балл жинағандар. Тіл алғыш, көнгіш, жалтақ, жасқаншақ, ақкөңіл болғандықтан басқалардың айтқанының бірі дұрыс, бәрі жөн деп есептейді, әрқашанда ешкімге қарсылық білдіре алмайды, дәрменсіз

13-16 балл жинағандар. Өзіне сенімі өте төмен, жабысқақ қорқыныш сезімі дамыған, абайлағыш, кез-келген нәрсеге мазасызданады, тәуелді, басқаларға әрқашанда бағынышты, конформдылығы өте жоғары.

7. ынтымақтас –ықласты

1-8 балл жинағандар. Бірлесіп жұмыс істегенге бейім, икемді, дау дамай проблемаларды шешуде ымыралы келісімге келеді, саналы түрде конформды, барлық адамдармен қатынаста дұрыстық этикалық ұстанымдар мен ержелерді сақтайды, топ мақсатына жетуде ынталы, бастамшыл,көмек көрсетуге дайын, басқалардың өзіне көңіл аударып олардың махабатына бөленгісі келеді, ашық-жарқын, қарым-қатынаста мейрімділік пен тілектестік білдіреді.

9-16 балл жинағандар.Баршамен сыпайы және ықылас танытқыш, қарым қатынаста әлеуметтік қолдау көрсетілген және қабылданған болуға бағытталған, баршаның талабына сай келуге, жағдайға қарамастан барлық адамдарға жақсы көрінуге тырысады, микротоптың мақсатына бағытталған, ішкі реттеу механизмдері жақсы қалыптасқандықтан эмоционалдық жағынан өте икемделгіш.

8. Қамқоршы -альтруист

0-8 балл жинағандар. Адамдарға жауапкершілікпен қарайды, өте әдепті, сыпайы, кең пейіл, жұмсақ мінезді, адмдарға эмоциналдық қатынасын мейірімділікпен, қамқорлықпен, жанашырлықпен көрсетеді, айналасындағыларды сергітіп, тыныштандыра алады.

9-16 балл жинағандар. Шамадан тыс жауапкершілікке ие, әрдайым өз қызығушылықтары мен мүмкіндіктерін басқалар үшін құрбандыққа қияды, басқаларға көмек көрсетуде үлкен белсенділікпен, кейде жабысқақтыққа дейін көрініс береді, өзгелер үшін барлық жауапкершілікті өз мойнына алуға даяр (бұл кейде қарама –қарсы бейнесін жасыруға пайдалынатын «маска» болуы мүмкін)

 

 

Екінші кезеңде зерттелінушілерге 128 қысқаша тұжырымдамалар берілген тапсырмалар жинағы ұсынылады. Оларды мұқия оқып әркім өздерінің мінездемелеріне сай келеді деген тұжырымдама тұсына (+) плюс белгісін қойып шығады.

 

Тұжырымдамалар.

  1. Басқаларға ізгі ниетпен қарайды.
  2. Қоршағандарға әсерлі
  3. Басқаларға билігін жүргізе алады
  4. Өз пікірін қорғай алады.
  5. Ар-намысы бар
  6. Тәуелсіз
  7. өз-өзіне қамқор бола алады.
  8. Парықсыздық білдіреді
  9. Қатал бола алады
  10. Қатал, бірақ әділетті
  11. Адалдық білдіреді
  12. Өзгелерге сын көзбен қарайды.
  13. Жыламсырауды жақсы көреді
  14. қабағынан қар жауып жүреді.
  15. Сенімсіздік білдіреді.
  16. Жиі көңілі қалады.
  17. Өзін сынауға қабілетті.
  18. Өзінің қателерін мойындайды
  19. Шын көңілмен бағынады
  20. Жолын бергіш
  21. Ризашыл
  22. Еліктегіш,таңданғыш
  23. Сыйлағыш
  24. Қолдауды іздейді
  25. Ынтымақтас,өзара жәрдемдескіш
  26. Басқаларға сыйысымды болғысы келеді.
  27. Ықылас танытқыш,ізгі ниетті
  28. Ілтипатты,сүйкімді
  29. Әдепті
  30. Жігерлендіруші
  31. Көмек сұрағандарға қайырымдылық көрсеткіш
  32. Риясыз
  33. Таңқалдыра алады
  34. Басқалар оны сыйлайды
  35. Басшы болуға қабілетті
  36. Жауапкершілікті жақсы көреді
  37. Өзіне сенімді
  38. Өзіне өзі сенген, қайсар мінезді
  39. Іскер, пысық
  40. Бәсекелестікті жақсы көреді
  41. Қажет болғанда тұрақты және қатал
  42. Ымыраға бармайды, алаламайды
  43. Кейігіш
  44. Ашық, тік мінезді
  45. Басқалардың басқарғанын қаламайды
  46. Еш нәрсеге сенбейді.
  47. Әсер ету қиын
  48. Реншігіш,кінәмшіл
  49. Ұялшақ
  50. Өзіне сенімсіз
  51. Көнгіш
  52. Қарапайым
  53. Өзгелерден көмек күткіш
  54. Беделділерді ерекше сыйлайды
  55. Кеңестерге құлақ салғыш
  56. Басқаларға сенгіш және қуантуға құмар
  57. Барлық уақытта сыпайылық білдіреді
  58. Өзгелердің пікірін бағалайды
  59. Сыйысымды ашық
  60. Ақкөңіл
  61. Мейірімді,сенімділік орнатады
  62. Жұмсақ мінезді, мейірімді
  63. Басқаларға қамқорлық көрсетуге құмар
  64. Адал, мырза
  65. Кеңес бергіш
  66. өзін бағалы ертіп көрсетеді
  67. Әміршіл,бұйрық бергіш
  68. Өктемшіл
  69. Мақтаншақ
  70. Мен-меншіл,тәкаппар
  71. Тек өзінің қамын ойлайды
  72. Есепшіл, қу
  73. Өзгелердің қатесін кешірмейді
  74. Тек өз пайдасын ойлайды
  75. Турашыл
  76. Ықылас танытпаушылығы жиі орын алады
  77. Ызақор
  78. Арызқой
  79. Қызғаншақ
  80. Өкпелеу сезімі ұзақ сақталады
  81. Өзіне-өзі наразы
  82. Жасық
  83. Ынжық
  84. Ұяң
  85. Тәуелді дербес емес
  86. Бағынғыш
  87. Өзгелерге шешім қабылдауға мүмкіндік береді
  88. Қиын жағдайға ұшырағыш
  89. Достарының әсеріне бөленгіш
  90. Өзгелерге сенім артқыш
  91. Талғамсыз, баршаға сеніммен қарайды
  92. Баршаны ұнатады
  93. Кешірімді
  94. Жанашырлығы шексіз
  95. Кең пейілді, кешірімді
  96. жұртқа қорғаныш болады
  97. Табысты болғысы келеді
  98. Басқалардан таң қалуды күтеді
  99. өзгелерге үстемдік көрсетеді
  100. Қатыгез
  101. Өзгелерді лауазымдық орнына және қалталылығына қарай сыйлайды
  102. мансапқор
  103. Өзімшіл
  104. Суыққанды, қатыгез
  105. сықақшыл, ащы тілді
  106. Ашулы, қатал
  107. Жиі ызаланғыш
  108. мейірімсіз, қатыгез
  109. Кек сақтағыш
  110. Қарама-қарсылыққа бөленген
  111. Қырсық
  112. Күдіктенгіш
  113. Именшек
  114. Ұялшақ
  115. Бағынышты болуға ерекше даярлықта
  116. Жұмсақ мінезді
  117. Ешкімге қарсы сөйлемейді
  118. Жабысқақ
  119. Қамқоршысының болғанын ұнатады
  120. Сенгіш
  121. Өзгелерге жағынышты болуға тырысады
  122. Барлығын мақұлдайды
  123. барлық уақытта мейірімді
  124. Баршаны жақсы көреді
  125. Өзгелерге қамқорсынғыш
  126. Баршаны жұбатқысы келеді
  127. Өз пайдасын ойламастан өзгелерге қамқор болады
  128. Ерекше мейірімділігімен басқаларды бұзады

 

Бағалау шкаласы

 

Әр плюс (+) бір балл деп бағаланады.Жалпы бағасы октанттар бойынша шығарылады. Ол үшін келесі кестеде көрсетілген сұрақтарға берілген жауаптар көрсеткіштерінің қосындысы шығарылады

 

 

  1-октант: Өктемшіл     1-4   33-36     65-68   97-100
2-октант: Өзімшіл-бастамашыл   5-8 37-40 62-72 101-104
3-октант: Агрессивті-басқыншыл 9-12 41-44 73-76 105-108
  4-октант: Күдікшіл-сенбейтін   13-16 45-48 77-80 109-112
5-октант: Көнгіш-ұялшақ   17-20 49-52 81-84 113-116
6-октант: Тәуелді –ырымшыл   21-24 53-56   85-88 117-120
7-октант: Ынтымақтас-ымырашыл   25-28 57-60 89-92 121-124
8-октант: Қамқоршыл- альтруистік   29-32 61-64 93-96 125-128

 

 

Бағалаудың деңгейінің жоғары ұпайы 16 баллға тең, ол 4 деңгейге бөлінеді:

0-4 балл-қасиет төмен дамыған, айқын емес

5-8 балл- қасиет қалыпты нормада

9-12 балл- қасиет жоғары дамыған, айқын байқалады

13-16 балл –патологияға дейін жоғары көрсеткішке ие

 

Нәтижесін талдау ережесі

Әр октант бойынша жиналған баллдар психограммадағы нөмері сай келетін секторына түсіріледі. Жиналған баллдар санына байланысты октант секторының координатасына доға түсіріледі

Шеңбер ортасымен жаңадан түсірілген доға арасына штрих сызықтарымен түс беріледі.Зерттеу барысында барлық жиналған баллдар октанттар бойынша психограммаға түсіріледі.Нәтижесінде психограмманың біршама аймағыштрихталған болады да, ол аймақ зерттелінушінің тұлға аралық қатынасында көбірек орын алатын стилін көрсетеді. Егер мінездемелердің басым көпшілігі 8 баллдан жоғары болмаса, бұл көрсеткіш зерттелінушінің жеке тұлғалық қасиеттерінің үйлесімділігінің белгісі және оның қарым-қатынасқа икемділігінің көрсеткіші болады, 8 ден жоғары болған баллдар сол октанттағы қасиеттердің акцентуациясын байқатады.Егер бұл октант бойынша 14-16 балл жиналса, ол адамның әлеуметтік адаптациялану мәселесі бойынша қиындықтары бар екендігін анық байқатады,көрсеткіштер өте төмен болса (0-3) зерттелінушінің сыр сақтайтындығының, өте тұйық екендігінің белгісі.Ал егер барлық октанттар бойынша 4 баллдан жоғары көрсеткіш тіптен болмаса, онда зерттелінушіні өзін ақиқатқа сай бағалағысы келмегені.

Тұлға аралық қатынастың бірінші төрт типінің өкілдері (1,2,3,4 октант) канформды емес, дау-дамайға жақын, қатал,тәуелсіз, өздеріне сенімі күшті, пікірлерін қорғағыш, жетекші, басшы болуға құмарлар.

Қалған 4 тип өкілдері (5,6,7,8) тұлға аралық қатынаста жоғарыдағы аталғандарға қарама қарсы мінездемелер иесі: конформды, өзіне сенімі төмен, басқаларға ергіш, ымырашыл.

Арнайы жасалған екі формула көмегімен негізгі екі фактордың көрсеткіші анықталады: басымдылық пен татулық.

Басымдылық: (1-5) + 0,7х (3+2-4-6)

Татулық: (7-3)+07х(8-2-4+6)

Осы көрсеткіштерді салыстыру арқылы зерттелінушінің тұлға аралық қатынасының типі анықталады. Жоғарыда берілген типологилық мінездеме бойынша зерттелінушінің барлық ерекшеліктеріне толығырақ сипаттама жасауға болады.

 

 

Сіз өзгелермен тіл табыса аласыз ба?

Мақсаты: Қарым-қытынастағы басқаларға ұнамдылық, сыйсымдылық көрсетуге икемділікті бағалау.

Бағалау шкаласы.

«Иә» жауабы – 2 балл,«Кейде – 1 балл,«Жоқ» - 0балл

Нәтижесін талдау;Барлық баллдар қосындысы бойынша қарым-қатынаста Сіздің мінез-құлқыңыз қандай өзгешіліктерге ие екені анықталады.

30-32 балл. Сіз ешкіммен тіл табыса алмайсыз, ешкімді менсінбейсіз, сондықтан оқшауланып жападан жалғыз жүресіз. Көкірек мінезіңіз өзіңізге де, жақын адамдарыңызға да өте қиын жағдай туғызады. Көпшілікпен араласуға және тіл табысуға тырысыңыз, өзіңізді өзіңіз бағалаңыз.

25-29балл. Сіз аз сөйлесесіз, томаға-тұйықсыз, жалғыз болғанды қалайсыз, сондықтан сіздің достарыңыз аз. Жаңа жұмыс және басқалармен араласу сізді тұйыққа тіремесе де, аз уақытқа болса да тыныштығыңызды бұзады. өзіңіздің осы мінезіңізді білесіз және оған риза емессіз. Сіз мұндай назарлық пен шектелместен мінезіңізді жеңуге күш саласыз. Оған Сіздің күшіңіз жетеді. Кейде жұмысқа беріліп кеткенде ашық-жарқын болып, өзгелердің барлығымен тіл табысып кетесіз. Сондықтан тек қана өзіңіздің тұйықтығыңызды өзгерту керек.

19-24балл. Сіз белгілі дәрежеде көпшілсіз, таныс емес ортада өзіңізді емін-еркін сезінесіз. Жаңа мәселелер сізді қорқытпайды, оны орындауға шешімді жылдам қабылдайсыз. Дегенмен, жаңа адамдармен араласуға, бәсекеге түсуге пікірталастарға қатысуға асықпайсыз. Өзіңізді жоғары бағалайсыз, сондықтан Сіздің сөздеріңізде басқаларды кемітушілік кездеседі. Бұл кемшілікті түзетуге болады.

14-18балл. Сіз басқалармен қарым-қатынасыңызды дұрыс құра аласыз. Сіз өте әуесқой, әңгімешіл адамсыз, басқаларды жақсы тыңдайсыз, қарым-қатынаста ұстамдылық көрсетіп, өз пікілеріңізді, көзқарасыңызды асықпай дәлелдейсіз. Жаңа адамдармен тез араласып, тіл табысып кетесіз. Шулы ортаны ұнатасыз. Ойда-жоқтағы (экстреваганттық) қылықтарды, көп сөйлегенді жақтырмайсыз.

9-13балл. Сіз ашық-жарқынсыз (кейде шектен тыс). Өте әуесқой, құмар болғандықтан олар туралы көп айтқандығыңыз сонша, кейде айналадағылар жалығып кетеді. Жаңа адамдармен танысу сізге қиын емес. Әр уақытта көпшілік ортасында болғанды ұнатасыз, ешкімнің өтініш-сұрансысына жоқ деп айтпайсыз, тек ол сөзіңізді орындамауыңыз да мүмкін. Тез ашуланғышсыз, бірақ қайтымыңыз да тез. Егер істі өзіңіз орындағаныңыз келсе, алған беттен қайтпайсыз. Жауапты мәселелерді шешуді Сізге сабырлық, батырлық, орындаушылық жетпіспейді.

4-8 балл. Сіз өте көпшіл, іскер, білгір, күрделі тақырыптар басыңызды ауыртса да жарыс сөздерге қатысуды ұнатасыз. Қандай да бір сұрақтарды үстіртін білсеңіз де, өз ойыңызды айтпай қалмайсыз. Барлық жерде өзіңізді суда жүзген балықтай, емін-еркін сезінесіз. Барлық іс-шараларға белсенді қатысып, мойыныңызға алған істерді аяғана дейін жеткізе алмасаңыз да, оны орындауға белсенділікпен кірісесіз. Сондықтан да сіздің басшыларыңыз бен әріптестеріңіз сенімсіздікпен қарайды. Бұл мәселеге көңіл аудырыңыз.

3 балл. Сіз ашық-жарқын, көп сөйлейтін адамсыз, басқалармен өте тез тіл табысып кетесіз, бірақ бұл бұл мінезіңізді көпшілік ұнатпайды. Сізге қатысы жоқ істердің барлығына араласып, тиісті емес мәселелердің барлығын сынап-мінейсіз, сондықтан саналы немесе санасыз түрде айналадағылардың ұрыс-жанжалының себепкері боласыз. Өзіңіз тез ашуланғыш, өкпелегіш, сын көтермейтін болғаныңызға қарамастан өзіңіз кейде ешкімнің көңіліне қармайсыз. Жауапты жұмыстардан бас тартасыз. Әріптестеріңіздің, отбасы мүшелерінің сіздің осы мінездеріңізден өте қиналатын сәттері болады. Сіз өзіңіздің мінезіңізді жөндеуге үлкен көңіл бөлуіңіз керек. Ең алдымен өзіңізді шыдамды болуға, өзіңізді ұстай білуге, адамдарды сыйлауға үйрету қажет. Сонан соң өзіңіздің денсаулығыңызды ойлаңыз, өйткені мұндай мінез-құлықтар міндетті түрде із қалдырады.

Сіз өзгелермен тіл табыса аласыз ба?

Орындау ережесі. Төмендегі сұрақтарға «иә», «кейде», немесе «жоқ» деп жауап беріңіз.

 

Сауалнама.

1.Сізді қызмет бабымен кездесу күтіп тқр. Күту сізді шаршатады ма?

2.Ауру әбден асқынға дейін дәрігерге бармай жүресізбе?

3.баяндама жазу, хабарлама жасау, т.б. сияқты іс-шараларды орындау сізге қиындық туғызады ма?

4.өзіңізге таныс емес қалаға іссапармен баруды ұсынса сіз оған бармаудың бар әрекетін жасайсыз ба?

5.Сіз өзіңіздің уайымыңызды басқа адамдармен бөлісуді ұнатасыз ба?

6.көшеде таныс емес адам бір нәрсе сұрағанда (жол көрсету, уақытты айту, т.б.) ашуланасыз ба?

7. «Әке және бала» мәселесі барлығына сенесіз бе және әр жас кезіңіндегі адамдардың бір-бірін түсінуі қиын ба?

8.осыдан бірнеше ай бқрын 300 теңге алып, оны қайтаруды ұмытқан танысыңыздан ақшаңызды сұрауға ұяласыз ба?

9.Ресторанда немесе асханада сізге сапасыз тамақ берді. Сіз үндемей, тарелканы ысырып қоясыз ба?

10.Танымайтын адаммен жеке қалғанда онымен сөйлеспейсіз және ол бірінші болып сөйлесе оны жақтырмай қаласыз. Солай ма?

11.Сізге қай жерде болмасын (дүкенде, кітапханада, театр кассында, т.б.) ұзақ кезек керек болса Сіз кезекке тұрудан бас тартасыз ба?

12.Талас-тартыс мәселелерін қарастыратын комиссия мүшесі болудан қорықпайсыз ба?

13.Әдебиетті, өнер мен мәдениетті бағалауда Сіздің өзіңізге ғана тән пікіріңіз бар, сіз «бөтен» пікірлерді ескермейсіз. Солай ма?

14.Сізге анық мәселе туралы біреулердің басқаша пікір айтқанын естісеңіз, Сіз үндемейсіз бе, жоқ турасын айтасыз ба?

15.Қызметтегі сұрақтар, оқу тақырыптарын меңгеруде басқа біреулер көмектессе, Сіз қысылмайсыз ба?

16.Сіз өз пікіріңізді (ойыңызды, бағалауыңыз) ауызша айтқаннан гөрі, жазбаша түрде баяндауды ұнатасыз ба?

 

Сіз және Сіздің айналаңыздағылар.

Мақсаты: Сіздің басқалармен тіл табысуыңызды бағалау.

 

Орындау ережесі: Өзгелер Сізбен достасқысы келеді ме, жоқ болмаса Сізден қашқақтап жүреді ме? Сіз басқалардың көңілін табуға мән бермей жүрген шығарсыз? Осы сұрақтарға жауап беруге ұсынылып отырған тест көмектеседі. Сұрақтарды мұқият оқып шығыңыз да «а» немесе «б» әріптерімен белгіленген жауаптардың біреуін таңдап алыңыз.

Кілті

Берілген кілтке сай жауап бір баллмен бағаланады.

1а,2б,3а,4а,5а,6б,7б,8б,9а.

 

Нәтижесін талдау

0-3 балл--: Сіздің шыншылдығыңызды айнадағылар түсінбей қалады, сондықтан өз ойыңызды өзгелерге айтудан бұрын ойланып алсаңыз қарым-қатынастағы проблемаларыңыз азаяды.

4-6 балл: басқалармен тіл табысуға икемсіз,бірақ Сіз шыншылдық білдіргенде айналадағылармен түсінбеушілік орын алуы мүмкін, сондықтан сын айтуға құмарлығыңызды басып жүріңіз.

7-9 балл: өзгелерді өте жақсы түсінесіз, сондықтан қарым- қатынас мейірімділік пен ынтымақтастық жолымен жүреді.сізді барлығы сыйлайды, шын достарыңыз көп.

 

 

Сіз және Сіздің айналаңыздағылар.

 

 

Тапсырмалар.

1. Сіз қонаққа барғанда неге көбірек көңіл бөлесіз?

А)Ыңғайлы киінуге

Б)Жағдайға қарай киінуге.

2. Сіз досыңыздың құмарлығын қолдамайтын болсаңыз оның сұрағына:

А)Шыныңызды айтасыз

Б) Бүктірмелеп жауып бересіз.

3.Бір уақытта екі кездесуге баратындай жағдай болып қалса, қайсысына барасыз?

А)Бұрын айтылған кездесуге

Б)Өзіңізге ұнайтын адаммен кездесуге

4.Сіздің досыңыздың отбасындағы орын алған түсінбеушілік бойынша кеңес беру керек болса:

А)Бас тартасыз

Б)Сіздің ойыңызша кімдікі дұрыс екенін ашық айтасыз.

5.Танысыңыз сіздің сіздің балаларға арналған телебағдарлама деп бағалайтын көрсетілім туралы үлкен қызығушылықпен пікірін айтқанда Сіз оған:

А) Мен оны көрген жоқпын көру керек екен

Б)Бір рет көрген едім, бірақ маған ол ұнамады.

6.Танысыңыз «Жаңа машинаны өте қымбат алдым-ау» - деген ойымен бөліссе, Сіз шынында да ол артық төледі деп есептесеңіз:

А)Оны аяғына дейін жеткізесіз

Б)Жаңа машинамен құттықтайсыз.

7.Қонақтардың біреу Сіз білетін анекдотты айтуды бастап, аяғын есіне түсіре алмаса:

А) оны аяғына дейін жеткізсіз.

Б)үндемейсіз.

8.Атын ұмытып қалған адамды кездестіргенде:

А)Жағдайдан шығу жолын іздейсіз.

Б)Есіңізге түсіре алмағаныңызды айтасыз.

9.Бас қатыру немесе отбасыңыздағы түсінбеушілік сізді мазаласа:

А) сыр сақтайсыз

Б) кездейсоқ адамдарға дейін сырыңызды ақтарып саласыз

 

Қарым қатынасқа икемділігін зерттеу тесті.

Мақсаты: зерттелінушінің ашық- жарқындығы мен қарым-қатынасқа икемділігін бағалау.

Орындау ережесі: Ұсынылғын 20 тұжырымдаманы мұқият оқып, оның әрқайсысына «ия», немесе «жоқ» деп жауап беріңіз.

Кілті: Жоғарыдағы тапсырмаларға жауаптарыңыз төмендегі кілтке сай келсе 1 балл деп бағалайсыз.

«Иә» болса-5,6,9,11,12,13,14,15,16,19

«жоқ» болса-1,2,3,4,7,8,10,17,18,20

 

Нәтижесін талдау

10 баллға дейін-тұйықсыз, қарым-қатынасқа икемсіздік білдіресіз

11-14 балл –амбивертсіз, қарым-қатынасқа икеділігіңіз орта

15-20 балл – ашықсыз, қарым-қатынас жасауға икемсіз

 

Басшы болуға икемділікті бағалау тесті

 

 

Нәтижесін талдау

1,2,4,5,7,10,11,12,15,20,21,22,23,24,26,28,31,32,33,34,37,39,41,42,43,44,46,48- сұрақтардың «А» жауабы 0 баллдан,

3,6,8,9,13,14,16,17,18,19,25,27,30,35,36,38,40,45,47,49,50- сұрақтардың «б»жауабына 1 балдан есептеп барлық баллдарды қосу керек

25 және одан төмен – жетекшілік қасиеті әлсіз байқалады

26-35 балл-жетекшілік қасиеті белгілі бір дәрежеде көрініс береді

36-40 балл- жетекшілік қасиет күшті,жоғары көрсеткішке ие

40 баллдан жоғары –үстемділікке бейімділіктің көрсеткіші

 

 

Қарым қатынасқа икемділігін зерттеу тесті.

 

 

Тапсырмалар.

  1. Мен өзге адамды ұнататынымды ашық айтамын.
  2. Маған достасудан гөрі қолдау көрсеткен керегірек
  3. Мен жолдасымның табысқа жеткені туралы естісем абыржып қаламын
  4. Достарымның алдында менің міндетімнен құқығым басым екенін сеземін.
  5. Өзіме-өзім қанағаттану үшін мен біреуге көмектесуім керек
  6. Достарымның арасында мен ешнәрседен қам жемемеймін
  7. Достарым мені әбден жалықтырды
  8. Мен бір нәрсе істеп жатқанымда басқалардың қарап тұрғанын ұнатпаймын
  9. Мен қанша қиналсам да басқаларға көмектескеніме риза боламын
  10. Досым қателессе де оны сыйлағанымнан келісе саламын
  11. Өзім жеке қалғанда қорқыныш сезімге жиі бөленемін
  12. Өмірдегі ең үлкен қуаныш-басқалармен қарым-қатынас жасау
  13. Мен достарды ең жақын және сенімділермен шектеймін
  14. Көпшілік арасында болғанды ұнатамын
  15. Жақындарыммен ұрысып қалсам ұзақ уақыт мұңайып жүремін
  16. Басқаларға қарағанда менің достарым көп
  17. Өзгені бағалағанда мен басқалар берген мінездемеге емес, өз сезімім мен ойыма көбірек жүгінемін
  18. Мен қарым-қатынастан ләззаттанудың орнына адамдардың лауазымды және қалталы болғанына көбірек көңіл аударамын
  19. Жақын достары жоқтарға жаным ашиды
  20. Менің жақсылық істегенімді көпшілік бағаламайды

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: