Мастит. Классификациясы, клиникасы, диагностикасы, емі

Жедел мастит –сүт безінің қабынуы. Ауру жедел және созылмалы түрінде өтуі мүмкін. Әдетте мастит бір жақтағы сүт безінде дамиды. Екіжақты мастит 10% жағдайда кездеседі..

Мастит пайда болуы себебі (этиологиясы): Мастит қоздырғышы болып стафилококк, ішек таяқшасы, кандида типіндегі саңырауқұлақ.

Жедел маститтің клиникалық көрінісі: Ауру сүт безіндегі аурсыну, қатаюмен басталады. Онымен бірге дене температурасының көтерілуі де қосылады. Дерт дами келе ауырсыну күшейе түседі, сүт безінің ісінуі күшейе түседі, онда тығыз ауырсыну ошақтарын анық сезуге болады, тері гиперемиясы пайда болады. Қолтықасты лимфа түйіндері үлкейіп, ауырсынатын болады, дене температурасы жоғарылап, тоңазыту (озноб) пайда болады. Қанда лейкоцитоз, ЭТЖ (эритроциттер тұну жылдамдығы) жоғарылайды. дене температурасы 39 С дейін жоғарылайды, пульс 100-130 соқ/мин. дейін көтеріледі, тыныс алу жиілігі жоғары, сүт безі қатты ауырсынады, көлемі үлкейеді. Қабынған аймақ терісі қызарған, цианоз және эпидермис түлеу аймақтары пайда болады. Қанда лейкоцитоз анықталып қана қоймай, лейкоцитарлы формула солға жылжиды. Қанға себінді жасағанда бактерияларды анықтауға болады. Зәрде белок анықталады.

Жедел маститтің жіктелуі: Қабынудың ағымына байланысты жедел маститтің жіктелуі: Жедел серозды мастит. Жедел инфильтративті мастит. Флегмонозды мастит Абсцесті мастит. Гангренозды мастит.

Созылмалы іріңді және іріңді емес мастит.

Маститке диагноз қою: Маститтің бастапқы кезеңінде дұрыс диагноз қойылып, тиісті ем жүргізілсе, қабыну тоқтап, кері қайтуы әбден мүмкін. Жедел маститті лактостаздан ажырата білу өте маңызды. Лактостазда екі омырау бірдей сүтке толып, керіп ауырады, пальпация ауырсынусыз, сүт жеңіл сауылады, омырау сүттен босағаннан кейін керіп ауырғаны басылады. Қанның анализдерінде өзгерістер байқалмайды.

Жедел серозды маститте науқас аяқ астынан қалтырап тоңады, дене қызуы күрт жоғарлап, терлейді, әлсірейді, қабынған омырау қатты ауырады, ісінеді, пальпациялағанда ауырсыну күшейе түседі, шектелмеген инфильтрат анықталады. Сүтті сауғаннан кейін де жағдайы жеңілдемейді. Қанның анализінде лейкоцитоз, эритроциттердің тұну жылдамдығы өседі.

Жедел инфильтративті маститте қабынудың клиникалық көріністері ауырлай түседі, дене қызуы 38 – 39°С дейін жоғарылайды, пальпациялағанда шекарасы айқын инфильтрат анықталады. Микроскопиялық зерттеуде сүт құрамында көптеген лейкоциттер кездеседі, қандағы сілтілі фосфатазаның белсенденуіне байланысты сүттің қышқылдығы жоғарылайды.

Флегмонозды, абсцесті маститтерде қабынудың жалпы және жергілікті белгілері күшейе түседі. Дене қызуы үнемі жоғары немесе тәулігіне бірнеше рет жоғарылап, күрт төмендеп (гектикалық температура), науқасты қатты әлсіретеді. Бездің инфильтрациясы, гиперемиясы үлкейіп, инфильтраттың ортасы жұмсарады, флюктуация (бүлкілдеу) симптомы анықталады.

Гангренозды маститте науқастың жағдайы өте төмен, дене қызуы 40-41°С, тахикардия 120-130, тыныс алуы 22-25 рет/минутына, сүт безі үлкейеді, терісінде геморрагиялық көпіршіктер, некроздар пайда болады. Бездің айналасындағы тіндер ісінеді, қанның анализдерінде лейкоцитоз, лейкоциттік формула солға жылжиды, зәрде белок анықталады. Маститтің іріңді, гангренозды түрлері лимфангиит, лимфаденит, жыланкөзбен (свищ) жиі асқынады, кейбір жағдайда сепсиспен асқынады.

Мастит емі: Маститтің бастапқы сатысында консервативті ем қолдану керек. Сүт безін көтеріп қою (возвышенное положения), сүтті сүтсорғышпен (молокоотсос) сорып алу. Қоздырғыш түрін анықтағанға дейін кең спектрлі антибиотикпен емдеу жүргізу керек. Кейін бактериологиялық себінді нәтижесінде қоздырғыш түрі анықталғаннан кейін емді соған орай тағайындайды. Осымен паралелльді түрде метаболитикалық бұзылысты қалпына келтіруге бағытталған интенсивті ем жүргізіледі. Маститтің кез келген формасында балаға инфекция тарамас үшін, омыраумен емізу тоқтатылады. Маститті емдегенен кейін бірнеше рет сүтке себінді жасап тексеріс жасалады. Микрофлора өсу жоқ болса омыраумен баланы емізуіне рұқсат етіледі. Жедел маститтің ауыр түрлерінде сүт бөлінуін (лактацияны) тежеуге бағытталған шаралар жүргізіледі. Ол үшін пролактин деңгейін төмендететін препараттар: бромокриптин, комбенирленген эстроген андрогенді перепараттарды тағайындайды. Сұйықтық ішуді азайтады. Серозды, инфильтративті түрлерінде кең спектрлі антибиотиктермен (пенициллин, аминогликозидтер, цефалоспорин, макролидтер) бірге сульфаниламидтер тағайындалады, инфузиялы терапия ретінде қан алмастырушы сұйықтықтар, гемодез, белок препараттары, тұз ерітінділері құйылады. Иммундық жүйені реттеуде гамма – глобулин т.б. иммунопрепараттар қолданады. Міндетті түрде баланы уақытымен емізіп, қалған сүтті сауып отыру өте маңызды. Қабынуды тоқтату, кері қайтару мақсатында 70-80 мл. 0,5% новокаин ерітіндісіне 500мг. канамицин, 10 мг. трипсин қосып, ретромаммарлы майлы клетчаткаға блокада жасалады және физиотерапия жүргізіледі (УЖЖ, ультрадыбыс, ультракүлгін сәулесі). Кейбір ауыр жағдайларда эстроген, андрогендер гормодарын бірге тағайындап, омыраудың сүт қорытуын тежеуге тура келеді. Іріңді, деструктивті маститтерде наркоз беріліп іріңдіктерді кеңінен тіліп ашып, іріңін толық шығарып, өліеттерден мұқият тазартады. іріңдіктерді ашады, іріңді қуысты тазартып, антисептиктермен жуып, дренаждайды. Абсцедирлеуші, іріңді мастит кезінде хирургиялық ем қажет. Хирургиялық ем мақсаты: абсцесті ашу, іріңді жою, өмір сүруге қабілеті бұзылған тіндерді алып тастау, іріңді қуысты кейіннен жуып отыру үшін дренаж қою. Операция жалпы наркоз астында жасалады. Тек кейбір тері астылық кіші абсцесстерде ғана жергілікті жансыздандыру қолданылады.

Әсіресе бірінші рет босанатын әйелдерге баланы емізу, омырауды күту, денешынықтыру ережелерімен таныстыру өте маңызды. Жаңа туған нәрестелерді, олардың аналарын іріңді хирургиялық инфекциядан сақтауда, перзентханада санитарлы – эпидемиологиялық тәртіптің қағидалары мұқият сақталуы керек. Медперсонал арасында жасырын эндогенді іріңді хирургиялық инфекциялармен ауыратындарын анықтап, санациялау, күнделікті палаталарды жуу, дезинфекциялау, желдету, бактерицидты лампаларды пайдалану, т. б.

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: