Меншікті капитал есебі

Меншікті капиталдың негізгі элементі жарғылық капитал болады,ол кәсіпорынның қатысушыларымен бастапқыда салынған салымдардың сомасы болып табылады. Қосымша төленбеген капитал. Негізгі құралдарды және инвестицияларды қайта бағалау сомаларының қозғауы және бар болуы ақпаратты жалпылау үшін. Резервті капиталды құру ұйымның және оның кредиторларын шығындардан қосымша қорғауын қамтамасыз ету үшін заңдық актілермен және құрылтайшылық құжаттармен қарастырылады. Бөленбеген табыс-бұл табысты бөлгеннен кейін ары қарай қолдануға дайын кәсіпорынның таза табысының қалдығы.

15.Қаржылық есеп берудің элементтері және бухгалтерлік есеп объектілері.

16. Ағымдағы активтердің есебі: 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты»

17. Бухгалтерлік есептің пайда болуының тарихи аспектісі

18. Ағымдағы міндеттемелер есебі: 3010 «Қысқа мерзімді банктік қарыз»

19. Экономикалық ақпараттың көзі ретіндегі бухгалтерлік есеп беру және оны қолданушылардың жіктелінуі

Есеп беру- белгілі кезең ішіндегі кәсіпорындардағы есепті жұмыстардың қорытынды нәтижесі. Онда кәсіпорын жұмысының қаржылық нәтижелері, шаруашылық құралдары мен олардың көздерінің жағдайы, өндіріске жұмсалған шығындар туралы мәліметтер болады.

Кәсіпорын (шетелдік кәсіпорындармен жұмыс істейтін кәсіпорындардан басқа) тоқсандық және жылдық есеп беруді төмендегілерге тапсырылуы тиіс:

- Құрылтай құжаттарына сәйкес меншік иелеріне;

- Мемлекеттік салық инспекциясына;

- ҚР-ның заңдарына сәйкес кәсіпорын қызметінің жекелеген жақтарын тексеру мен есеп алу үшін жүктелген басқа мемлекеттік органдарға;

Мемлекеттік немес муниципалды меншікте толық немесе бөлшекті түрде болған, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар немесе олардың бөлімшелері толық сатып алғанға дейін кәсіпорын бухгалтерлік есеп беруді мемлекеттік немесе муниципалды мүлікті басқару өкілетті органдарына да тапсырады.

Шетелдік инвестициялары бар кәсіпорын бухгалтерлік есеп беруді кәсіпорынның әрбір қатысушысына мемлекеттік салық инспекциясының органына құрылтай құжаттарында қарастырылған тәртіпте жылдық бухгалтерлік есеп береді.

Тоқсандық есеп берудің негізгі үлгілерінің бірі кәсіпорынның балансы болып табылады. Оны толтыру үшін шоттар бойынша айналымдар есептеліп және еспті тоқсанның келесі айының соңына қалдықтар есептеліп шығарылады. Баланстан басқа, есепті тоқсан үшін қаржылық нәтижелер және оларды пайдалану туралы есеп толтырылады.

Жылдық есеп берудің алдында материалдық құндылықтар, ақша қаражаттары мен олардың есеп айырысулары түгенделуі керек. Оның мақсаты – дебиторлық қарыз бойынша талаптың мерзімін өткізіп алмау үшін материалдық құндылықтар мен ақша қаражаттарының нақтылығын анықтау және барлық есеп айырылысуларды салыстыру, сондай-ақ кредиторлық қарызы бар болған кезде өсім, айып, айыппұлдар төлеуден қорғау.

Жылдық есеп беру барлық қосымшаларымен бірге келесі жылдың 31 наурызын қоса есептеген мерзімде тапсырылады. Бухгалтерлік есеп берудің үлгілерін толтыру мен оларға қосымша түсініктерден басқа, кәсіпорын салық және статистикалық органдарға тиісті есепті материалдарды тоқсан сайын тапсырады.

20.Ағымдағы активтердің есебі: 1020 «Жолдағы ақша қаражаты»

1020 - «Мемлекеттік мекеменің ағымдағы шоты» шоты мемлекеттік мекеме ағымдағы шотындағы ақша қаражатын есепке алуға арналған;1020 - «Жолдағыақша қаражаты», онда жолдағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;

 

21.Қаржылық есеп берудің элементтері мен оларды бағалау

Қаржылық есеп беру мәміленің және басқа да оқиғаның нәтижесін класқа топтастырып, экономикалық мазмұнына сәйкес көрсетіледі. Экономикалық мазмұн қаржылық есеп берудің элементтері болып табылады.

Актив- бұл құндық бағасы бар субъекттің құқығы мен жеке мүліктік және мүліктік емес игілігі. Ұзақ мерзімді активтер: меншікті құралдар-материалдық емес активтер-ұзақ мерзімді инвестициялар. Ағымдағы активтер: -ақша қаражат-қаржылық инвестициялар-дебиторлық қарыз-товарлы материалдық қорлар

Міндеттемелер- бұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан қарызданушының міндеттемесінің пайда болғанын, белгілі бір әрекеттің кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді: қарызды төлеу немесе одан бас тарту, ал кредитор қарызданушыдан өз міндеттемесін орындалуын талап етуге құқығы бар. Ұзақ мерзімді міндеттемелер: ұзақ мерзімді банктік несие-облигациялар төлеуге ұзақ мерзімді несиелік қарыз. Ағымдағы міндеттеме: бюджеттен жұмыскерлерге еіңбекақыны төлеу-шоттардан төлеу-қысқа мерзімді несиелік қарыз.

Меншік капиталы- бұл субъекттің міндеттемесі шегерілген активі. –Жарғылыө капитал-Міндетті қосымша төленген капитал-Қосымша төленбеген капитал-Қор

Қаржылық нәтижесі- бұл есепті жылдағы кәсіпорынның қаржылық- шаруышылық қызметінің нәтижесі (шығыс пен табыстың айырмасы). Қаржылық нәтижесін өлшеу элементі: табыс пен шығыс болып табылады.

Табыс- бұл есепті кезеңдегі активтердің өсуі, не міндеттемелердің азаюы; Негізгі қызметтен табысы-Негізгі қызметтен емес табысы. шығыс- бұл есептік кезеңде активтердің азаюы, не міндеттемелердің көбеюі (өсуі). Тасмалданған тауарлардың негізгі құны, тасымалдау бойынша шығындар, жалпы адменистраторлық шығындар, пайыз бойынша шығындар, негізгі қызметтен емес шығындар

2 22. Ағымдағы активтердің есебі: 1100 «Қысқа мерзімді қаржы инвестициялар»

 

1100 "Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары" кіші бөлімі қысқа мерзімді қаржы инвестицияларын есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
1110 - "Қысқа мерзімді ұсынылған қарыздар", онда ұйымдардың мерзімі бір жылға дейін берген қарыздары есепке алынады;
1120 - "Саудаға арналған қысқа мерзімді қаржы активтері", онда бағалардың қысқа мерзімді ауытқуларынан пайда алу мақсатында сатып алынған қысқа мерзімді активтер есепке алынады. Қаржы активтерін егер ол құрылымы қысқа мерзімді перспективада пайда алуға ынталандыру туралы куәландыратын портфельдің бір бөлігі болып табылса, оны сатып алу себептеріне қарамай саудаға арналған ретінде жіктеген жөн. Туынды қаржы активтері хеджерлеудің тиімді құралдары ретінде анықталған жағдайларды қоспағанда саудаға арналған ретінде қаралады;
1130 - "Өтеуге дейін ұсталынатын қысқа мерзімді инвестициялар", онда ұйым берген қарыздар мен дебиторлық берешекті қоспағанда өтеу мерзімі басталғанға дейін ұйым иелік етуге берік ниетті және қабілетті тіркелген немесе анықталатын төлемдері және тіркелген өтеу мерзімі бар қысқа мерзімді қаржы активтері есепке алынады;
1140 - "Сату үшін қолда бар қысқа мерзімді қаржы инвестициялары", онда мынадай санаттарға кірмеген қысқа мерзімді қаржы инвестициялары есепке алынады:
ұйым берген қарыздар мен дебиторлық берешек;
өтеуге дейін ұсталатын инвестициялар;
саудаға арналған қаржы активтері;
1150 - "Өзге қысқа мерзімді қаржы инвестициялары", онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді қаржы инвестициялар есепке алынады.

 

27.Бухгалтерлік баланс құрылымы мен мазмұны. Кәсіпорынның шаруашылық құралдары өндіріс саласына үздіксіз қатысады. Оның барлық шаруашылық құралдарының шамасымен анықтау үшін, қаржы шаруашылық қызметін жедел басқару үшін әрбір кәсіпорынның өзінің шаруашылық құралдары мен мүлкі туралы жалпылама мәліметтері болуы керек. Бухгалтерлік баланстың сан алуан түрлері бар. Бухгалтерлік баланстар мынандай белгілері бойынша жіктеледі: Құру уақыты бойынша. Құрудың қайнар көзі бойынша. Ақпараттар көлеміне байланысты. Қызметінің сипатына байланысты. Меншік нысандары бойынша. Бейнелеу көлемі бойынша. Тарату тәсілдері бойынша. Бухгалтерлік баланстар құру уақыты бойынша мынандай болуы мүмкін: А) кіріспе Б) ағымдағы В) таратылу Г) бөлу Д) қосылу Кіріспе – кәсіпорын алғаш құрылған кезде жасайды. Ол кәсіпорынның өз қызметін бастаған тұстағы құндылықтарын анықтайды. Ағымдағы баланстар– кәсіпорынның барлық қызмет ету уақыты бойында жасалады. Олар өз кезегінде бастапқы, аралық және соңғы болып бөлінеді. Бастапқы баланстар есепті кезеңнің басына, ал соңғы балансы аяғына құрылады. Осыған орай, есептік кезеңнің соңғы балансы келесі жылдың бастапқы балансы болып саналады. Аралық баланстар жылдың басы мен аяғы арасындағы межеге құрылады. Олардың соңғы баланстан айырмашылғы, біріншіден, соңғы балансқа баланстың қандай да бір баптарын ашатын есеп беру нысандарын көпшілік белгісі қоса тіркеледі. Екіншіден, аралық баланстар тәртіп бойынша ағымдағы бухгалтерлік есеп мәліметтерінің негізінде ғана құрылады. Ол кезде соңғы балансты құрардың алдында баланстың барлық баптарына міндетті түрде түгендеу жасалуы керек. Таратылу балансы – кәсіпорын таратылған және жабылған кезде жасалады. Бөлу баланстары – ірі кәсіпорынның бірнеше шағын құрылымдық бірліктерге немесе құрылымдық бөлімшелерді басқа бір кәсіпорынға берге кезде жасалатын баланс. Бұл жағдайда балансты беру балансы деп атауға болады. Қосылу балансы – бірнеше кәсіпорындарды біріктірген кезде жасайды. Балансты оны жасаудың қайнар көзі бойынша былай бөлуге болады: А) инвентарлық Б) кітаптық В) бас баланстық Инвентарлық – шаруашылық ққұралдарының тізімі негізінде ғана құрылады. Мұндай баланстар бұрынғы қызмет еткен мүлік негізінде кәсіпорынның құрылу кезінде немесе кәсіпорынның өз нысанын өзгертуі кезінде (мемлекеттік нысанынан акционерлік,біріккен нысандарға ауысу) талап етіледі. Кітаптық – тек қана ағымдағы бухгалтерлік есептің мәліметтері негізінде оларды тексермей – ақ алдын – ала түгендеу, жүргізу жолымен жасалады. Бас балансты есеп мәліметтерін және түгендеу, жүргізу деректерінің негізінде жасайды. Баланстар ақпарат көлеміне байланысты былай бөлінеді: А) біртекті Б) жинақ

28. Қысқа мерзімді міндеттемелер есебі: 3310 «Жеткізушілер мен меділерлерге Қысқа мерзімді кредиторлық берешек» ҚММ ағымдағы активтерді немесе жаңа пайда болған қысқа мерзімді міндеттемелерді пайдалану нәтижесінде өтеледі. Жеткізушілер мен мендігерлермен есеп айырысуға ашық шот бойынша сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер нәтижесінде кәсіпорын міндеттемелері жатады. Төлеуге қысқа мерзімді вексельдердің екі түрі бар: 1.саудалық 2.саудалық емес немесе қысқа мерзім займды вексельдер.Вексельдер қамтамасыз етілмеген, проценттерді бөлгенді – проценттік және проценттерді бөлінбеген - дисконттік болуы мүмкін.егер берешек сатушы алдында жай вексельмен рәсімделген жағдайда, төлеуге саудалық вексельдер негізгі құралдарды, тауарларды және көрсетілген қызметтерді сатып алғанда пайда болады.мұндай берешек көлемі вексельдің номиналды соммасымен анқталады.

29.Синтетикалық және аналитикалық есеп. Тәптіштеудің дәрежесі бойынша шоттар синтетикалық, аналитикалық және субшоттар болып бөлінеді.Синтетикалық шоттар, бұл — есептегі қорытындылаудың ең жоғарғы деңгейі. Синтетикалық шоттарда құралдар немесе олардың көздерінің түрлері бойынша есеп тек қана құндылық көрінісінде

жүргізіледі.

Қазақстан Республикасында есептегі бірлікті қамтамасыз ету үшін 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап кәсіпорындарда қолданылып жүрген синтетикалық шоттардың арнайы тізімі (номенклатурасы) келтірілген, субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас жоспарына енгізілген болатын. Одан соң, 2003 жылдың 1 қаңтарынан оның орнын шоттардың Типтік жоспары басты. Ал, 2006 жылдың 5 қаңтарынан бастап олардың ор-

нын бухгалтерлік есеп шоттарының Жұмыс жоспары басты. 20 Құралдар мен олардың көздерін одан әрі тәптіштеу үшін аналитикалық шоттар қолданылады. Мысалы, № 1310 «Шикізат

пен материалдар» синтетикалық шотында кәсіпорында бар барлық материалдар ақшалай түрде есепке алынады. Бірақ, бұл шоттан біз алатын ақпарат жеткіліксіз, өйткені қоймада қандай материалдар бар екенін, мөлшsерде дұрыс жұмыс жүргізу үшін дәл қандай материалдар және қанша жетіспейтіндігін біз біле алмаймыз.Бұл сұрақтарға жауабын алуға мөлшерлі сипаттары, бірліктің бағасы мен т.б. көрсеткіштермен қоса, шаруашылық құралдардың(немесе олардың көздерінің) әрбір аталуына жүргізілетін (ашылатын) аналитикалық шоттар жәрдем етеді.

30. Меншікті капитал есебі Қазакстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.

Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.

Кәсіпорын мүлкінің құрамы

Ұйымның барлық мүлкі (қызмет атқарушы капиталы) айналыстан тыс және айналыстағы активтер болып екіге болінеді. Мүліктерді қызмет атқару мерзіміне қарай «.негізгі (айналымнан тыс) активтер» және «айналымдағы активтер» деп екіге бөледі.

Негізігі (айналымнан тыс) активтер негізгі құралдардан, материалдық емес активтерден, қаржылық (ұзақ мерзімді) инвестициялардан, аяқталмаған құрылыстан құралады. Жалпы айналымнан тыс активтер кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады.

Ал айналымдағы активтер кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында пайда табуға негізделеді. Соған сәйкес олардың қатарына ақша қаражаттары, қысқа мерзімдік қаржылық салымдар, тауарлық-материалдық қорлар, дебиторлық борыштар және басқа да активтер жатады.

2

 

 











Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: