Регистр – Регистр ( лат.registrar – тізім)

Резервный капитал – Сақтық капиталы

Рентабельность – Пайдалық фирманың, оның қызметінің пайдалылығы, табыстылығының көрсеткіші

Росход – Шығыс ақшалай қаражаттың жылыстауы нысанында немесе активтерінің тозуы істен шығуы немесе меншікті капиталдың азаюына апарып соқтыратын міндеттемелердің пайда болуы салдарынан есепті кезең бойына экономикалық пайданың азаюы.

Росходы периода – Кезең шығыстары

Сальдо (итал. Saldo – қалдық) белгілі бір күнгі жай-күй бойынша кез-келген есеп айырысуда ақшалай түсімдер арасындағы айырма

Себестоимость - Өзіндік құн (өнімнің, жұмыстардың, қызметтердің) фирманың өзінің тауарларын өндіруге, басқаруға және өткізуге жұмсалған ақшалай нысандағы шығындары

Собственный капитал – Меншікті капитал субъектінің міндеттемелерін шегеріп тастағаннан кейінгі оның активтері

Совокупный годовой доход – Жылдық жиынтық табыс

Стоимость – Құн

Срок службы – Қызмет мерзімі зат, нәрсе, негізгі құрал-жабдықтар өзінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қасиеті мен сапасын сақтайтын кезең

Субсчет – Қосалқы шот

Сомнительные требования – Күмәнді талаптар өнімді өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету нәтижесінде туындаған және табыс алынған сәттен бастап екі жыл бойына қанағат-маған (салық салу мақсатында) талаптар немесе үмітсіз борыштар, бухгалтерлік есеп мақсаттары үшін қуюу мерзімі бойына, яғни 3 жыл бойына талап етілмеген борыштар деп есептейді

Своевременность – Уақытылылық

Сопоставимость – Салғастырмалық

Существенность – Мәнділік

Стоимость чистых активов – Таза активтердің құны инвестициялық қорлар активтері құнының оның міндеттемелерінен асып түсуі

Текущий счет – Ағымдағы шот

Товарно – материальные ценности (ТМЦ) ТМЗ – Тауар – материалдық құндылықтар

Убытки – Залал субъектінің қаржы-өндірістік қызметі барысында экономикалық пайданың азаюына апарып соқтырған шығысы (қаржы, материалдық шығысы)

Удержание из зароботной платы – Жалақыдан ұстау әкімшіліктің өкімімен немесе фирманың «Еңбекке ақы төлеу туралы ережесінде» бекітілген жағдайларда ұстау.

Управленческий учет – Басқарушылық есеп  жоспарлау,бағалау және бақылау,сондай-ақ өз ресурстарының ұтымды пайдаланатын қамтамасыз ету үшін субъект басшысы пайдаланатын қаржы ақпаратын айқындау, өлшеу, жинақтау, талдау, түсіндіру және табыстау процессі

Уставный капитал – Жарғы капиталы құрылатын фирманың активтеріне құрылтайшылар салған салымдардың құны, қатысушы осы салымдар шегінде осы фирманың міндеттемелері бойынша жауап береді

  Учетная палитика – Есеп саясаты бухгалтерлік есепті ұйымдастыру, жүргізу және қаржы есеп – қисабын ашу тәсілдерінің, әдістерінің жиынтығы, ережелерінің жиынтығы

 Удельный вес – Меншікті салмақ (тығыздық) физикалық денелердің (қатты, сұйық, газ тәрізді денелердің) көлем бірлігінің салмағын (массасын) айқындайтын сапалық сипаттамасы   

Фонд – Қор (фран. Fond негіздеме)

Цена – Баға сатушы Тауар бірлігін сатуға, жұмыстарды орындауға мен қызметтерді көрсетуге келіскен, ал сатып алушы сатып алуға, ақысын төлеуге дайын тұрған ақша мөлшерін көрсететін экономикалық санат. Баға дегеніміз тауардың, жұмыстардың, қызметтерінің ақшалай құны

Ценные бумаги – Бағалы қағаздар

Чистые текущие активы – Ағымдағы таза активтер активтерді өткізуге байланысты жұмсалған шығындарды шегергенде ағымдағы активтердің құны немесе ТМБ қорлардың өткізудің таза құны, сату бағасына тең, одан жинақталымдауға және сатуды ұйымдастыруға байланысты жұмсалған шығын шегеріледі

Чистый доход – Таза табыс жалпы табыс пен төленген салықтарды қосқанда өндіріске жұмсалған шығындардың арасындағы айырма, яғни субъект есепті кезеңде алған қалдықтық нәтиже     

        Акции без номинальной стоимости – Номиналдық құны қойылмаған акциялар.

Обыкновенные акции – Дауыс беру құқығы бар акциялар. Дивидендтер төлеген кезе артықшылықтағы акцияларға қарағанда төменгі дәрежеде болады.

Акции, находящиеся вобращении – Шығарылған айналыстағы акциялар.

Артықшылықтағы акциялар – Дивиденттер төлеу барысында қарапайым акцияларға қарағанда артықшылықта болады.

Погашенные привилированных акции – Компанияның шешіміне қарай сатылып алынған немесе айналыстан алынған акциялар.

Остаточный капитал – Қалдық капитал: Қолда бар қарапайым акциялар, бөлінбеген пайда және резервтер сомасы.

Сертификат акции – Акционерлер меншігіндегі акциялардың санын көрсетіп жазылған құжат.

Номинал или номинальная стоймость - Әрбір акцияға жазылған сома. Корпорацияның жарғылық капиталын есепке алу барысында (анықтауда) қолданылады.

       Дивиденды – Дивиденттер: Акционерлерге ақша қаражаттарын бөлу (активтерді).

       Просроченные дивиденды – Артықшылығы бар акциялар бойынша тиісті жылдарда төленбеген акциялар.

      Ликвидационные дивиденды – бөлінбеген пайда сомасынан жоғары сомадағы дивидендтер. Корпорация өз қызметін қысқартқан немесе тоқтатқан жағдайда төленеді.

       Капитал, разрешенный к выпуску – Шығаруға рұқсат етілген акциялар: Өз жарғысын өзгертпестен корпорацияның шығаратын акцияларының ең жоғары саны.

       Конвертируемые привилегированные акции – Акция ұстаушылардың қалауына қарай артықшылықтағы акциялар қарапайым акцияларға айырбасталуы мүмкін.

        Прибыль на акцию – Акцияға шаққандағы пайда: Таза пайда сомасын айналыстағы қарапайым акциялардың жылдық орташа санына бөлу арқылы есептеледі. Сондай-ақ акцияға шаққандағы таза пайда деп те атайды.

       Эмиссионный доход – Шығарылған акциялардың номиналдық құнынан артық дәрежеде алынған табыс.

       Объявленная стоймость – Номиналдық құны қойылмаған директорлар кеңесінің тағайындаған акциялар құны.

       Собсвенный акции, выкупленные у акционеров – Айналыстан алынбаған немесе сатылмаған артықшылықтағы немесе қарапайым акцияларды компанияның өзінің сатып алуы.

       Балансовая стоимость акции – Міндеттемелерді шегергеннен кейінгі қалған компанияның активтер сомасы, яғни акционерлердің меншікті капиталы немесе акцияға шаққандағы таза активтер сомасы.

       Дробление акции – Акциялардың номиналдық құнын пропорциялап төмендету арқылы айналыстағы акциялар санын көбейту.

       Банковская выберка – банктік дәлелдеу: Банк көшірмесіндегі қалдықпен компанияның ақша қаражаттары счетындағы есепті қалдықты салыстырып дәлелдеу.

       Банковская выписка – Банк жазуы: Клиенттер счетының жағдайын көрсету банктік клиенттерге жіберетін есебі.

       Безнадежные или сомнительные счета – Сенімсіз немесе күмәнды счеттар: Төлей алмайтын немесе төлегісі келмейтін сатып алушыларға арналған алынатын счеттар.

       Бизнес – Клиенттерге тауарларсату және қызметтер көрсету нәтижесінде бизнес иесіне қажетті табыс әкелуші бағамен сатушы экономикалық құрылым.

       Клиент – компаниялардың тауарларын немесе қызметтерін сатып алушы тұлғалар.

       Валовые продажи – Сатудың жалпы сомасы: Есепті кезең ішінде ақша қаражаттарына және несиеге сатылатын тауарлардың жалпы құны.

       Векселя к оплате – Төлеуге қойылған вексельдер: Басқа тұлғаларға төлеу жөнінде уәде берушінің қолындағы қарапайым вексельдер.

       Векселя к получению – Алуға қойылған вексельдер: Төлеу уәдесін алған (вексельдер бойынша алушылар) тұлғалардан ұсталын қарапайым вексельдер.

ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ

1. Тақырып Нарықтық экономикадағы бухгалтерлік есептің концепциялары. (1сағат)

1.1.Бухгалтерлік есептің пайда болуының тарихи аспектілері.

1.2.Басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есеп.

1.3 Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есептің заң жүзіндегі реттелуі.

1.4.Бухгалтерлік есептегі этика.

1.5.Бухгалтерлік есептің концепциялары

 

1.1.Бухгалтерлік есептің пайда болуының тарихи аспектілері.

Шаруашылық есеп көптеген жүзжылдықтар бұрын пайда болып, бүгінгі күнге дейін дамып келеді. Бухғалтерлік есептің тек қана кәсіпорын жүмысының бір бөліғін атқарып қана қоймай, тұтас мемлекетті басқаруға қатысы бар екеңдігін дәлелдеуімізге болады. Сондықтан да болар көрнекті ғалым Б. Де Солозаноның "Бухгалтерлік есеп болмаса әлемді басқару мүмкін емес және онсыз адамдар бірін-бірі түсінбес еді" — деген.

Есептің дамуындағы жаңа кезең екі жақты немесе қосарлы бухгалтерияның пайда болуымен сипатталады.

Ең алғаш екі жақты бухгалтерияның тәжірибелі есеп кітаптары Италияда басылды. Екі жақты бухгалтерия жайлы жазған авторлар көпес Бенедитто Контрульи, және атақты итальян математигі Лука Пачоли болып табылады.

Лука Пачолидің шығармашылығындағы ең басты мәселе болып екі жақты жазу туралы жазбасы саналады. Онда Пачоли постулаты деген атауға ие болған екі негізгі ережесі жазылған:

- Барлық дебеттік айналымдардың сомасы сол шоттар жүйесіндегі кредиттік айналымдардың сомасына тең;

- Дебеттік қалдықтың сомасы әрқашан сол шоттар жүйесіндегі кредиттік қалдықтардың сомасына тең.

Постулаттарының мағынасы өте маңызды, өйткені олар шын мәнінде кәсіпорындардың шаруашылық өмірінің фактілерін қазір де тіркеу үшін кеңінен қолданылатын жазбалардың әмбебап сипатын нақты көрсетеді.

"Бухгалтер" термині XV ғ. Австрияда өмірге келді. Ең алғаш бухгалтер атағын алған лауазымды тұлға Инсбрук есеп палатасының іс жүргізушісі Христофор Штехер болып табылады.

Ғылым ретіндегі бухгалтерлік есеп -  баршамызға белгілі кез-келген саладағы бизнес табысы көбінесе бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуіне тікелей байланысты болып табылады. Шаруашылық субъектілеріндегі шаруашылық операциялары бизнес тілі болып табылады. Бизнес барлық қатынасушыларын бір мақсат біріктіреді, яғни бухгалтерлік мәліметтер жеткілікті және толық болуы шарт.

Бухгалтерлік есеп деп – кәсіпорындарды ақпараттар және мәлімттермен қамтамасыз ететін мәні мен пәні бар жүйені айтамыз. Нарықтық қатнастардың экономикалық өмірге етуіне байланысты, әсіресе коммерциялық бағыттағы және меншікті кәсіпорындар табыс табуды мақсат тұтады. Егер бухгалтерлік есепті кәсіби бухгалтерлер мен ақпараттарды пайдаланушылардың көз қарасы тұрғысынан қарайтын болсақ, онда бухгалтерлер үшін ақпараттардың қашан және қандай жұмыстарын жүргізумен қатар, қаражаттар мен олардың құралу көздерінің қозғалысын есептеп, қорытынды есепке түсіру мақсаты туындайды.

Бухгалтерлік есеп ерекше бір тілде жүргізіледі. Мысалы, «ұсталымдар», «шығындар», «шығыстар» сөздері бухгалтерлік есепте нақты бір жағдайды қалыптастыру, қолдану және оларды бағалау кезінде қолданылады.

Кәсіпкерліктің кейбір аспектілері тиімді экономикалық шешімдерді қолдану үшін сандық мәліметі жағынан анықталады және тіркеледі.

Кез-келген шаруашылық субектілері шаруашылық процесі кезінде шаруашылық активтері мен міндеттемелері және меншікті капиталда өзгерістерді қалыптастыратын көптеген шаруашылық операциялары мен қызметтерді орындайды.

Шаруашылық қызметтерін ұйымдастыруды қалыптастыру мақсатында ресурстар қолданылады, яғни материалдық және еңбек ресурстары, ғимараттар мен құра-жабдықтар, сондай-ақ әр түрлі қызмет көрсетулер. Ресурстар тек өздігінше қалыптаспайды, оларды әрдайым қаржыландыру қажет. Ресурстар ақша қаражаттарына алмасады. Нарықтық экономика жағдайларына байланысты ақша қаражаттары немесе ақша қаражаттарына алмасқан экономикалық ресурстардың белгілі бір қалыптасу көздері болуы қажет. Сонымен, бухгалтерлік есеп – бұл ресурстардың қолдану тиімділігін және шаруашылықтағы басқару процесін сипаттайтын ғылым болып табылады.

Нарықтық қатынастар жағдайында шаруашылық ұйымдары әр түрлі көздерден келіп түсетін капитал жиынтығынан қалыптасады, яғни оларға кәсіпорынның капиталына өз қорларын салатын инвесторлар қаржысынан, кәсіпорынның шаруашылық қызмет нәтижесінде қалыптасатын таысынан қалыптасуы мүмкін. Әр түрлі көздерден қалыптасқан кәсіпорын қорлары әр түрлі мақсаттарға жұмсалады: шаруашылық субъектілерінде негізгі қорларды қалыптастыруға, тауарлы босалқыларды қалыптастыруға, еңбек ақы төлеуге, дебиторлық қарыздарды қаржыландыруға және тағы басқаларға.

Қазіргі заманғы бухгалтерлік есептің мәліметтері бойынша дивиденд саясаты, негізгі және айналым қорларымен, ақша активтерімен жұмыс істеудің арнайы әдістері, салық есебінің ережелері мен әдістері анықталады. Осылайша бухгалтерлік есеп активтер мен пассивтердің, құрылымын, ақша қаражаттарының, тауарлы-материалдық қорлардың, негізгі қорлардың қозғалысын және басқа да бухгалтерлік есептің барлық объектілерін зерттейді.

Шаруашылық субъектілеріндегі шаруашылық операциялар экономикалық процесстің негізгі фазаларымен сәйкес тіркелуі қажет. Ол фазаларға келесілер жатады:

1.Активтер мен олардық көздерінің қалыптасуы;

2.Инвестициялар;

3.Қаржы активтерінің қалыптасуы /экономикалық ресурстардың/ және міндеттемелерді қабылдау;

4.Өндіріс процесімен байланысты активтерде өзгерістердің болуы;

5.Табыстардың қалыптасуы;

6.Табыстардың бөлінуі және қайта бөлінуі;

7.«Бөлінбеген пайданың» қалыптасуы және оның өндіріс процесін кеңейтуге қолданылуы;

Экономикалық процесстің жоғарыда көрсетілген фазалары бухгалтерлік есептің кезектілікпен жүргізілуіне және басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік береді.

Жалпы бухгалтерлік есептің жүргізілуі шаруашылық субъектілеріндегі активтер, міндеттемелер және меншікті капиталдың ақшалай түрде мәліметтерді ағымдағы қадағалау, жинау, тіркеу және оларды қалыптастыру және шаруашылық өмірдегі барлық операциялардың құжаттық операцияларын жүргізумен сипатталады, яғни бұл бухгалтерлік есеп пәнінің анықтамасы болып табылады. Есеп – бұл тек қана шаруашылық өмірдегі операцияларды тіркеу және қадағалау ғана емес, сонымен қатар кәсіпорынның мүмкіндіктерін сипаттайтын даму жолдарын анықтау болып табылады. Бухгалтерлік есеп экономикалық іс-әрекеттердің сандық мәліметтерді өлшеуімен айналысады.

Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты - ұйымдардың даму тенденциясын анықтау үшін мәліметтерді қолдану және оларды талдау, әр түрлі альтернативтерді таңдау, басқару шешімдерін қабылдау, сонымен қатар, болжау кезінде инвесторлар мен кредиторларға тиімді ақпараттар беру, потенциалды ақша ағымдарын салыстыру және оларды бағалау, ұйымдардың табыстылығын анықтау болып табылады.

Осы мақсаттарға сәйкес бухгалтерлік есеп келесі негізгі міндеттерді шешуге негізделеді:

- басқару шешімдерін қабылдауға қажетті ұйымдардың қызмет нәтижелері және шаруашылық процессі туралы толық ақпараттармен қамтамасыз ету, сонымен қатар, ол ақпараттардың инвесторлармен, кредиторлармен, қаржылық, салықтық және банк органдарымен қолданылуын қамтамасыз ету;

- экономикалық ресурстардың рационалды қолданылуы және мүліктердің нақты бары мен олардың қозғалысына бақылау жасауды қамтамасыз ету;

- кәсіпорынның басты мақсаты - табыстың өсіміне жету үшін бәсекелестік шартында қызмет ететін ұйымдардың бизнес – циклдарының дамуының орындалуын қадағалау;

- ұйымдардың активтерін тиімді қолдану есебінен өнім көлемінің есепте және есеп берулерде өсу жағдайы;

- ақпаратты қолданушылар үшін дер кезінде мәліметтерді беру;

- ҚР-ның «Салық және басқа тда бюджетке төленетін міндетті төлемдер» Кодексі және «Бухгалтерлік есеп туралы Заңды», сонымен қатар, басқа да заңдар мен нормативті актілерді сақтау жағдайын бақылау.

 

1.2.Басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есеп.

Бухгалтерлік есеп өрісіндегі көрсеткіштер жүйесін қалыптастырылып, бұл үрдісті дұрыс ұйымдастырудың басты мақсаты - сыртқы пайдаланушылар мен кәсіпорын басшыларын ақпараттармен қамтамасыз ету. Ақпараттармен қамтамасыз ету басқару жүйесінің элементіне жатады. Басқару дегеніміз – шешім қабылдау, ал тиімді басқару үшін ақпараттар жүйесін жинақтау арқылы көптеген берекесіздіктерді, түсінбеушілік пен орын алған қарама-қайшылықтарды дұрыс шешуге болады. Яғни ақпараттар өз бетінше қалыптаспайды, мұның үшін мәліметтер қажет, ал мәліметтер ақпараттар жүйесін құрайды. Ақпараттар деп шаруашылық өміріндегі фактілердің орын алғандығын хабарлау дейміз.

Нарықтық қатынастар жағдайында бухгалтерлік есеп ақпараттары мен мәліметтерін пайдаланушылардың мақсаты бәсекелестікті тұрғыда болатындығынан ақпараттарды пайдаланушылар арасында қарама-қайшылықтар да болуы мүмкін. Сондықтан ақпараттар жүйесі түсінікті әрі қарапайым жолдармен аса бір сапалы және жоғарғы деңгейде орындалуы крек. Ақпараттардың мағынасы мен көрсеткіштері логикалық санаға сиятындай болуы жөн.

Сонымен бухгалтерлік есеп аса көп ақпараттардан тұрады. Көптеген ақпараттарды жинақтап жүйеге түсіру кәсіби мамандардың ғана қолынан келеді. Ақпараттарды жинақтап, бухгалтерлік есеп жүйесіне түсіру үшін көптеген талаптар мен арнайы ережелер қажет. Бұларға: шындық, өз уақытында, қажетті дәлділік т.б. талаптар қойылады. Ақпараттар жүйесіне қойылатын талаптардың ең маңыздысы өз уақытындағы дер кезіндегі орындалатын талап.

Бухгалтерлер мен басқа да басқарушы тұлғалар үшін тек жалпы мерзім ғана емес, дәлме-дәл осы күні орындалған бухгалтерлік операциялары қажет. Мұның үшін қажетті көлемдегі және дәл осы күні орындалған операциялар ғана шындық талабымен ұштасады. Айта кететін бір жайт – бұл экономикалық немесе қаржылық талдауға байланысты. Ағымдағы талдау мәліметтері және статистикалық мәліметтер жинақталған күндерден соң, мүмкін көптеген уақыт өткеннен соң да пайдалануы мүмкін. Сондықтан қандайда болмасын мәліметтерді пайдаланып, экономикалық өмірге қосқан күнді өз уақытында орындалған күн деп анықтауға болады.

Келесі талап – қажетті дәлдік. Бұл талаптың негізгі мақсаты бухгалтерлік есеп ақпараттары мен мәліметтерін басқадай сырттағылардың пайдалануы мен кәсіпорынның өзішінде жан-жақты талдау қызметін жүргізуге арналған. “Бухгалтерия” мен “дәлдік” ұғымы бірімен бірі тығыз байланыста болады. Бухгалтерияда дайындалған есеп материалдары абсолюттік дәлдікті көрсетуі керек. Алайда, кейінгі жылдары кәсіпорын бухгалтерінің қарауына берілген есеп саясатына көрсетілген кейбір әдістемелік есептеулер әр түрлі жолдармен орындалып келеді. Мысалы, негізгі құралдарға амортизациялық тозу жарна есептеу тәсілдерінің көптігі, таза пайданы еептеудің бірнеше жолдары сияқты көптеген көрсеткіштерді аса бір дәлдікпен есептеу қиындық туғызып ауытқулар болуы мүмкін.

Бухгалтерлік есеп ақпараттарын пайдаланушыларды төмендегідей сипаттауға болады:

1) меншік иелері өз қаражаттарын салып, өздерінің меншігіндегі кәсіпорынды немесе шарушылық субъектісінің меншікті кәсіпорынды немесе шаруашылық субъектісінің меншікті капиталын қалыптастыра отырып, мұның нәтижесінде дивидент алуды мақсат тұтады.

2) Кәсіпорны әкімшілігі бухгалтерлік есеп негізіндегі ақпараттар жүйесін пайдалана отырып, экономикалық жағынан тиімді шешімдер қабылдап, мүның үшін тиісті еңбек ақымен қатар, сый ақы алуды мақсат тұтады. Бұлар кәсіпорынның қаржы-шарауашылық қызметін талдап, ішкі және сыртқы резерв көздерін шаруашылық өміріне енгізушілер болып табылады.

3) Кәсіпорында еңбек етуші жұмысшылар мен қызметкерлер еңбек объектілеріндегі жұмыстарды атқарып, еңбектің сапасы мен санына және атқарылатын қызметтердің жауаптылығына, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметтердің категорияларына қарай еңбек ақы алып, әлеуметтік жағдайларды пайдаланушылар болып табылады.

4) Қоюшылар мен сатып алушылар, басқалай клиенттер материалды құндылықтар мен ресурстар қойып, осы кәсіпорынның өнімдерін, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу жөніндегі экономикалық қатнастарды арнайы жасалған келісім шарт және екі жақты қойылған келісім бағаға қарай орындау үшін ақпараттар жүйесін пайдаланады.

5) Несие мен қарыз беруші жақтар кәсіпорынның капитал көздерін қалыптастыру ме айналым қаражаттарымен қамтамасыз ету мақсатында несиелендіріп, мұның үшін пайыздық төлемдер алып, кәсіпорынның қалыпты жұмыстар атқарып, экономикалық жағдайының жақсаруына қызмет атқарады.

6) Отандық экономиканың тұрақтануы мен элеуметтік салаларды қаржыландыру мақсатында салық және жарналар жинайтын органдарды ақпараттармен қамтамасыз етумен қатар, салық заңдылығын орыдау үшін қажетті ақпараттар жүйесін қолдану болып табылады.

 

1.3. Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есептің заң жүзіндегі реттелуі.

Бухгалтерлік есепті реттеу принциптері әрқашанда жаңару процесінде болады және өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отырады. Бухгалтерлік есеппен енгізілетін тапсырмалардың күрделілігі мен жауапкершілігі есеп саясаты принциптерінің айқындылығымен қамтамасыз етіледі. Бұл бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды реттейтін нормативті құжаттарға сүйенетін және шаруашылық шешімдер қабылдайтын субъектілердің көбеюімен байланысты. Егер әкімшілік-жоспарлық экономика аясында инвестициялар туралы шешімдерді жалғыз субъект – мемлекет қабылдаса, ал нарықтық жағдайларда мұндай шешімдер көптеген ұйымдар санымен қабылданады, тек мемлекет қарамағындағы ұйымлар ғана қатыса алмайды. Нарықтық экономикада мемлекеттің рольі айтарлықтай қысқарады және тек салық жинау мен нормативті құқықтық актілердің сақталуын қадағалайды.

Қазіргі таңда есептің негізгі міндеті компанияның есеп беруін ұсынатын қызметке мүдделі бизнеске қатысушыларды шынайы ақпараттармен қамтамасыз еут болып табылады.

Сондықтан бухгалтерлік есепті нормативті реттеудің мақсаты – қызығушылық танытқан тұлғаларды ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады. Осыған байланысты келесі мәселелер шешіледі:

1.шот жүргізуден (шаруашылық өмірдің фактілерін тіркеу) бухгалтерлік есеп беруге нормативті реттеуді қайта бағыттау;

2.қаржылық есепті халықаралық стандарттар негізінде реттеу;

3.ұлттық реттеуді халықаралық халықаралық стандарттарды өлшеп қолдану.

Нормативті қамтамасыз етудің маңызды құрушысы бухгалтерлік есеп жүйесінің тұрақты дамуын сақтау болып табылады.

Қазақстандағы бухгалтерлік есепті реттеуді басқа да мүдделес министірліктер мен ведомостволармен келісе отырып Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі іске асырады. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Заңмен жетекшілік ете отырып, ол министрлік Қазақстан Республикасындағы есеп беру мен бухгалтерлік есеп туралы жалпы ережелерді, әдістемелік нұсқаулар мен бухгалтерлік есептің жекелеген бағыттары бойынша рекомендацияларды, бухгалтерлік есеп стандарттарын, сонымен қатар, стандарттарды қолдану жөніндегі әдістемелік нұсқауларды, басқа да есепке байланысты мәселелерді бекітеді.

Сонымен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарын қолдануды және шоттардағы есептің әдістерін түсіндіретін нұсқаулықтарды, олардың типтік корреспонденцияларын бекітеді.

Қазақстандағы бухгалтерлік есепті реттеудің нормативтік жүйесі бухгалтерлік есеп жөніндегі келесі құжаттар деңгейін қамтиды:

«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Заңнан басқа, бухгалтерлік есептің жекелеген аспектілері ҚР Азаматтық Кодексімен, ҚР Салық Кодексімен және басқа да заңдармен реттеледі. Мысалы, ҚР Азаматтық Кодексінде талап ету мерзімінің уақыты белгіленген сату-сатып алу кезінде іске асатын мүліктік құқықтың ауысуының мерзімі анықталған.

Заң бухгалтерлік есептің және оны ұйымдастырудың әдістемелік және құықтық негіздерін, бухгалтерлік қызметтің негізі бағыттарын және есеп беруді құра білуді, сонымен қатар, бухгалтерлік есеп жүргізуге міндетті және бухгалтерлік есеп беруді құратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрамын анықтайды. Заң есептің негізгі мақсаттарын және оны жүргізудің басты талаптарын анықтайды. Бірінші деңгейге мүліктердің, міндеттемелердің және шаруашылық операцияларының түрлерінің салық салынуы мен есебін реттеуді регламенттейтін басқа да Заң актілері жатады. ҚР Президентінің Жарлықтары мен ҚР Үкіметінің Қаулылары – нормативті реттеу жүйелерінің бірінші деңгейіндегі құжаттар.

Бухгалтерлік есепті реттеудің екінші деңгейіндегі құжаттар – бұл ұйымдардың шаруашылық өмір фактілерінінің есебін жүргізу әдісін, ережелерін және принциптерін бекітетін ҚР Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп жөніндегі ережелері (стандараттары). Ережеге сай, олар ҚР Әділет министрлігінде тіркеледі және барлық ұйымдар үшін нормативтік күшке ие. Қазіргі таңда бухгалтерлік есеп жөнінде 29 қазақстандық стандарт бар. Ескерте кету керек, кейбір стандарттар басқа стандарттармен ауысуына байланысты немесе олардың ережелерінің басқа стандарттарға көшірілуіне байланысты алынып тасталған.

Үшінші деңгей құжаттары ҚР Қаржы министрлігінің заңдары мен ережелерінің (стандарттарының) қолданылу реттерін ашады және нақтылайды. Олар неғұрлым жоғары деңгейлердің нормативтік – құқықтық актілеріне қайшы келмейді. Бухгалтерлік есептің шоттар жоспары және меншік формасына, ұйымдастыру – құқықтық формаларына байланыссыз барлық кәсіпорындардағы есепті ұйымдастыру негіздерін құрайтын нұсқаулықтар үшінші деңгей құжатарына жатады. Сонымен қатар, үшінші деңгей құжаттарына бухгалтерлік есеп жөніндегі стнадарттардың жекелеген бөлімдерінде қолданысқа енетін және өңделетін нұсқаулықтар мен әдістемелік нұсқаулар жатады. Бұл деңгейдің құжаттары ҚР Қаржы министрлігі қарастырған ережелерге және қаржылық есеп беруді пайдаланушылардың қажеттіліктеріне сәйкес есепті рационалды түрде ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Төртінші деңгей құжаттарын ұйымның жетекшілері бекітеді. Бұған ұйымдағы операциялар мен объектілердің есебі жөніндегі нұсқаулар мен жұмысшы нұсқаулықтар жатады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: