Ерiк жайлы негiзгi теориялар. 3 страница

Ал француз ғалымы Рене Декарт (1596-1650) жануар сыртқы ортаның әсеріне рефлекс (жүйке жүйесінің қызметі) арқылы десе, Голонд ғұламасы Бендикт Спиноза (1632-1667) адамның еркі мен эмоциясы (аффект, құмарлақ т.б.) дене қызметімен тығыз байланыста болатындығы жайлы терең түйін айтқан.

Шығыс әлемінде жан туралы ғылыми пікірлерді ұлы ғұламалар Әбу Нәсір әл – Фараби (870-950) мен Әбу Әлі ибн Сира (980-1037), Ж.Баласағұнй, әл-Ғазали, Ибн Рүшд, Ита Баджа т.б. тоқтаған.

Екіншіден, психологияның өз алдына дербес ғылым ретінде (XIXғ-дың 60-шы ғ.ғ-қазіргі уақытқа дейін) көрінуі өте беріде, яғни 1870 жылдан басталады. Сол жылы неміс ғалымы Вильгельм Вундт (1832-1920) Лейпциг қаласында тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, психикалық құбылыстарды арнаулы құрал-сайман, аспаптардың көмегімен зерттеуге болатындығын дәлелдеп, мұның дербес эксприменттік (тәжірбиелік) ғылым болуына жол ашты.

XIX ғ-дың аяғы XX ғ-дың басында атақты психолог Г.Эббингауз психология тарихына қысқаша және нақты анықтама берген. Ол психология ғылымының зерттеу пәні бойынша психикалық құбылыстардың тарихи даму процестерін қарастырды. Осы көзқарас бойынша психология тарихын шартты түрде төрт кезеңге бөлуге болады: Бірінші кезеңде – психология жан туралы ғылым болып қалыптасады, екіншіден – сана туралы ғылым, үшіншіден – мінез-құлық туралы ғылым, төртіншіден – психика туралы ғылым. Осылардың әрқайсысын нақтырақ қарастырып көрейік.

Психология ғылымының дамуының негізгі кезеңдері

    4-кезең  

     
 
XX-ғасырдыњ екінші жартысынан басталады.

 


3-кезең                                                                          

     
 
XX.психология –адамныњ мінез-ќұлќын реакциясын т.б. баќылап отыру.

 

 


2-кезең

     
Психология –сана туралы ғылым.

 


1-кезең

 

 

 


    

  Мұнда бірінші кезеңде психология “жан туралы ғылым” болғандықтан ежелгі замандардан бері, біріншіден психика бейнесі “рух” пен материяның өзара байланысынының жалпы проблемасын шешу барысында да қалыптасты. “Рух” материядан тыс бола ала ма, “жан” денеден бөлек өмір сүре ала ма? Осындай және осы тектес философиялық және идеологиялық проблемаларды талдау барысында психикаға адамдардың қиялында бейнеленетін қасиеттерді басқа қасиеттерге байланысты анықтаса, екінші жағынан нақты осы қасиеті арқылы барша табиғатты мифологиялық тұрғыдан түсіндіруге мүмкіндіктер ашады.

  Екінші кезеңде психологияның зерттеу объектісі – сана деп қарастырылып мұнда ұзақ уақыт интроспекция әдістемесі негізгі ғана емес жалғыз психологиялық әдіс болды. Ол екі негізгі бағытпен тұжырымдалады; біріншіден, сана процесі сыртқы бақылау үшін “жабық”, ал екіншіден сана процесі субъектінің өзінде ашылады. Бұл тұжырымдардан сана процесі басқаға түсініксіз нақты адамның өзінде ғана оқылады. Осы интроспекция әдісінің негізін қалаған Дж. Локк. Психология ғылымының дамуы үшін интроспектифті психология айтарлықтай мәнді әсер қалдыра отырып, мынандай теориялар қатарын ұсынды;

· В.Вундт және Э.Титченер негізін қалаған сана элементтерінің теориясы;

· Ф.Брентано атымен байланысты дамыған сана актілерінің психологиясы;

· У.Джемсом құрған сана қарқыны теорясы;

· В.Дильтеяның түсіндірмелік психологиясы.

Қазіргі психологияда интроспекция ұғымын өзін-өзі бақылау әдістемесі

ретінде қолданылып жүр.

Үшінші кезеңде – психолгияның зерттеу объектісі мінез-құлық деп қарастырылып, сонымен бірге американ психологы Джон Уотсон (1878-1958) негізін салған бихевиоризім бағыты еді. Олар “психология бихевиористің” көзқарасы тұрғысында деген еңбегінде ескі псиология тіліндегі сана, ерік, эмоция, қабылдау, бейнелеу, т..с.с. терминдерден бас тарту дұрыс деп есептеді. Оның орнына “бихевиоур” –ағылшын сөзі, қазақша ”мінез –құлық” деген мағынаны білдіреді. Бихевиористер психиканы мінез-құлықтың әр түрлі көріністері, организімнің сыртқы әсерге (ұ ) стимул қайраттан жауап (R ) реакцияларының жиынтығы деп түсіндіреді. Бихевиористер мынадай анайы тұжырымға келді: мінез-құлықта белгілі бір стимулдар жинағына қатаң белгіленген реакциялар сәйкес келеді, түптеп келгенде, стимул мен реакциялардың арасындағы өзара байланысты дәл сипаттауға болады. Сол арқылы адамның мінез-құлқын зерттеу мәселесі шешіледі.

Төртінші кезеңде – психикалық құбылыстардың   механизмдері мен заңдылықтарын зерттелінеді. Қазіргі психология ғылымының негізін қалаған атақты ғалымдар С.Л.Рубинштейн, Л.С.Выготский, А.Р.Лурия зерттеулері айрықша айтылса және XX ғ-дың 30-60-шы жылдардағы психологтар Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин; А.В.Запорожец, Д.Б.Эльконин т.б. еңбектерімен байланысты қаралады.

 

Психология ғылымының негізгі салалары

Ќазіргі кезде психология ғылымы – көптеген салалар мен тармаќтарға бөлініп, ілгері дамып отырған өрісі кең ғылыми пән. Бұл салалар мен тармаќтар дамуы мен ќалыптасуы жағынан адамның түрлі тәжірибелік іс – єрекеттерін ќамтитын єр ќилы сатыда тұр. Оларды топтастырып, жік – жікке ажырату жіктеу деп аталады. Енді осы мәселенің сырын ашуға кірісейік. Біз психиканың дамуын жіктегенде, ең бірінші, осы пєннің зерттейтін обьектісін, екінші, адамның іс – әрекет түрлерін негіз етіп аламыз. Үшінші, адамның өзін даму мен іс – әрекет иесі деп санап, оның әлеуметтік ортаға ќатынасын алып ќарастырамыз.

Адамның наќты іс – әрекеттеріне сүйене отырып, оның психикасының дамуын төмендегіше жіктейміз.

Тәлім – тәєрбие психологиясы.

Бұл пәннің зерттейтіні – адамды оќыту мен тєрбиелеу ісіндегі психологиялыќ заңдылыќтар. Ол оќушылардың аќыл – ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын ќалыптастырудың, олардың тиісті оќу материалдарын меңгеруі мен ұстаз – шәкірт арасындағы өзара ќарым – ќатынастарды реттеудің түйінді мәселелерін ќарастырады. Сөйтіп, оќушылар ұжымындағы өзара ќатынастармен, олардың психологиялыќ даралыќ ерекшеліктерімен санасып отырудың мүмкіндіктерін іздестіреді. Оќу – тәрбие жұмыстарын жєне балалардың психологиялыќ ерекшеліктерін ескерiп, бірќалыпты даму заңдылыќтарынан ауытќыған балалармен тәлім – тәрбие жұмысын жүргізу әдіс – тәсілдерінің психологиясын зерттейді.

Тәлім – тәрбие психологиясының мынандай тармаќтары бар: а) Оќыту психологиясы – дидактиканың психологиялыќ негіздерін, оќыту мен білім берудің жекелеген әдістеме мәселелерін, бағдарлап оќыту мен балалардың аќыл – ойын ќалыптастыру сияќты өзге де мәселелермен шұғылданады. Є) Тәрбие психологиясы – гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің психологиясын зерттеп, оќушылар ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының психологиялыќ негіздеріне ќатысты мәселелерді іздестіреді. Бұлардан басќа мұғалімдер психологиясы және кемтар балаларды оќытудың тәрбиелеуi мәселелерін ќамтиды.

Жас ерекшелiк психологиясы – әр ќилы психикалыќ процестердің табиғи негізі мен үнемі дамып отыратын азаматтыќ ќасиеттерін, психологиялыќ сапаларын зерттейтін бұл сала мынадай тармаќтардан ќұралады: балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жастар психологиясы, ересектер психологиясы, ќарт адамдар психологиясы. Бұл сала оќыту мен аќыл - ойдың дамуын жєне олардың өзара байланысы мен іргелі мәселелерін зерттеп, оќыту ісіндегі адамның аќыл – ойын, сана – сезімін жетілдірудің тиімді жолдарын нендей әдістер арќылы өрістетуге болады деген мәселелерді іздестіреді.

  Арнаулы психология -бұл адам дамуының бірќалыпты даму жолынан ауытќуын, ми ауруына ұшырағандардың психикалыќ күйзелістері мен осы саладағы әр ќилы аурулардың себептерін ќарастырады.

  Арнаулы психологияның мына тармаќтары, атап айтќанда: олигофренопсихология – ми заќымы ауруымен туған адам психологиясының дамуын, сурдопсихология – саңырау не керең болып туған балалар психикасын, тифлопсихология – нашар көретіндер мен соќырлардың психологиялыќ дамуын зерттейді. Ал туа пайда болған ауру адамдар психологиясын зерттейтін тармаќ патопсихология деп аталады. Бұл сөз грек тілінде “патос” – зардап шегу, ауру деген мағынаны білдіреді. Патопсихология медицина ғылымымен оќу – тәрбие істерін зерттейтін пән – педагогика мен жан дүниесінің сырын ќарастыратын психология ғылымының түйіскен торабына жатады.

  Еңбек психологиясы – адамның іс – әрекет түрлерінің психологиясын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастыру мәселелерін ќарастырады.

Еңбек психологиясының маќсаты – әр түрлі еңбектегі мамандыќ ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының ќалыптасуын, өндірістік – кәсіптік жағдайдың адамға тигізетін әсерін, ќұрал – аспаптардың ќұрылысы мен орналасуын, хабар жүйелерінің ќажетті заттарын ќарастыру. Бұл салалардың єрќайсысының өзіндік ерекшеліктерімен бір-бірімен – байланысты болып келетін мынадай тармаќтары бар: инженерлік психология – бұл, негізінен, автоматталған жүйелерді басќару мен әр түрлі операторлардың жұмысын зерттейді. Инженерлік психологияда ең өзекті мәселе эргономика деп аталады. Бұл термин гректің “эргон” – жұмыс жєне “номос” – заң деген екі сөзінің бірігуі нәтижесінде пайда болған. Бұл орайда, өндіріс пен адам арасында ќатынас орнатудың түйінді мєселелері болып саналатын еңбек єрекетіндегі адамның өнімді ісі, оның психологиялыќ ерекшеліктері, жүйке жүйесінің ќызметі мен еңбек гигиенасы, адамның өнім өндірудегі жетекші рөлі, техникалыќ ќұрал – жабдыќтар эстетикасы және автоматтанған тетіктер теориясына ќатысты мәселелер ќарастырылып, олардың сыр – сипаты зерттеледі. Эргономика, негізінен, “адам – машина – орта жағдайын” ќарастыра отырып, олардың неғұрлым өнімді болуы мен нєтижелерін жүйелі түрде үйлестіруді басты міндет етіп ќояды.

Авиациялыќ психология - ұшќыштарды оќыту мен ұшу кезінде орындалатын істердің жай – жапсарын, жалпы адам психикасының әуе кеңістігіне бейімделудегі ерекшеліктерін зерттеп, жоғары дәрежеде ысылған мамандар мен кадрларды даярлап шығару маќсаттарын көздейді.

Ғарышкерлік психология – адамның салмаќсыздыќ пен әлем кеңістігінің айдынында бағдарсыз жағдайда жұмыс істеу сәтіндегі аса ќиыншылыќ жағдайлардағы психологиясын, оның шектен тыс әсерден кейінгі көңіл – күйі мен төзімділік көрсету шараларын зерттейді.

Еңбек психологиясында арнайы зерттелуге тиісті күрделі тармаќтар да бар. Олар ауыл шаруашылығына ќатысты болып келеді.

   Медициналыќ психология – дәрігерлердің ќызметі мен аурулардың мінез – ќұлќын зерттейді. Бұл сала бірнеше тармаќќа бөлінеді, әрбір тармаќтың адам психикасын зерттеуге ќатысты маќсат – міндеттері бар. а) Нейропсихология психикалыќ ќұбылыстыр мен жоғары жүйке ќұрылысының физиологиясын жєне олардың өзара ќатынасын зерттейді; є) Психотерапия – ауру адамға психикалыќ әдіс – айла және емдік тєсілдер ќолдану мәселелерін ќарастырады; в) Психопрофилактика және гигиена адамның денсаулығы мен оны нығайтуға арналған шараларды жүзеге асыру жүйесін, оның єдіс – тәсілдерін айќындаумен шұғылданады.

Әскери психологияның ең басты міндеті – азаматты ел – жұрты мен Отанын ќорғайтын ќалќан болуға психологиялыќ тұрғыдан даярлау. Мұнда жауынгердің мінез – ќұлќы мен отаншылдыќ ќасиетін тәрбиелеп ќалыптатыру жағдайлары, бастыќтар мен бағынушылар арасындағы ќарым – ќатынастар, үгіт – насихат жұмыстарын жүргізу, дұшпанға деген өшпенділік сезімдерінің оянып, оған ќарсы барлау істерін ұйымдастыру және соғыс техникасын меңгеру мен басќару әдістері зерттеледі.

Әлеуметтік психология -адам мен ќоғам арасындағы ќатынас мәселелерімен айналысады. Бұл сала адамдардың белгілі бір негізде ұйымдасќан топтары мен кездейсоќ топтары арасындағы өзара ќарым – ќатынастағы психологиялыќ ќұбылыстардың сырын зерттейді. Ќазіргі кезде әлеуметтік психология шеңберінде мынандай үш түрлі мәселе ќамтылды:

А) Үлкен, ірі топтардағы психологиялыќ – әлеуметтік жағдайлар. Бұл проблеманың ќұрамына жалпы бұќаралыќ байланыстыр: радио, теледидар, баспасөз т.б. кіреді. Әр түрлі топќа жататын адамдарға осы ќұралдар арќылы алуан түрлі хабарлар, көпшілікке тән талғамдар, әдет – ғұрыптар мен дәстүрлер, иланулар мен сенімдер, ќоғамдыќ көңіл – күйлер жайлы әсер етудің психологиялыќ астарлары жеткізіледі. Бұған таптыќ психологияға ќатысты мәселелер, этностыќ жєне ұлттыќ психология сипаттары, дін психологиясының өзекті мәселелерін зерттеу де жатады.

Є) Кіші топтардағы психологиялыќ – әлеуметтік жағдайлар. Оңашаланып тұйыќталған топтардағы адамдардың бірігуі, олардың өзара ќарым – ќатынастарының сыры мен хал – жағдайы, топ ішіндегі жетекшінің алатын орны, әр түрлі топтыќ типтері болып саналатын ассоциациялар, корпорациялар, ұжымдар, ресми және бейресми топтар арасындағы ќатынастар, сол топтардың шеңбері, олардың бірігуінің себептері мен маќсат – мүдделері, шоғырлану деңгейі зерттеледі. Бұл мәселеге отбасындағы ата – ана мен баланың өзара ќарым – ќатынасы, үлкендерді сыйлау сияќты да мәселелер енеді.

Б) Ќоғамдағы адамның ќасиеті мен әлеуметтік – психологиялыќ орны. Азамат – әлеуметтік психологияның зерттеу обьектісі. Осы ретте олардың жоғырыда аталған топтарда ќандай рөл атќаратыны жєне соларға бейімделу ерекшеліктері де зерттеледі. Сондай – аќ, ќоғамдағы азаматтың өзін - өзі бағалай білуін, оның ұстамдылығы мен бағыт – бағдарын, табандылығы мен көнбістігін, ұжымшылдығы мен менмендігін, тұраќтылығы мен болжампаздығын зерттеуге мән беріледі. Әрине, бұл аталған үш топќа ќатысты күрделі мәселелер єлеуметтік психологияда біріне – бірі ќарама – ќайшы не бір ќатарға ќойылмайды. Азамат пен ќоғамның тұтастығы тұрғысынан бұл мєселелер барлыќ ќарым – ќатанастардың жиынтығы деп ќарастыралады жєне адамның азаматтыќ бейнесі мен оның ішкі мєнін ашып көрсетеді. Әлеуметтік психологияның тармаќтары: этностыќ психология, ұлт психологиясы, таптар психологиясы және дін психологиясы әлеуметтік өмір тынысын жан – жаќты ќамтиды.

Спорт психологиясы -спортшылардың іс – әрекетіндегі психологиялыќ ерекшеліктерін ќарастырады. Спорт жетекшілері мен бағынушылардың өзара ќарым – ќатынасын, оларды даярлаудың жағдайын, ќұрал- жабдыќтармен ќамтамасыз етілуін, психологиялыќ даярлығын іздестіре келе, оларды жаттыќтыру және күш – ќуатын жинаќтау деңгейін, жарыстарды ұйымдастыру, өткізу мәселелерінің психологиялыќ факторларын зарттейді. Әрбір ел мен халыќтың спорт өнеріндегі ерекшеліктерінде ескере отырып, оларды жаттыќтыру міндеттері аныќталды.

Сауда психологиясы – ќазіргі заманда кеңінен дамып отырған сала. Бұл сала бойынша әрбір елдің саяси – экономикалыќ және мєдени – материалдыќ ќажеттіліктерін өтеу маќсаттарына ќарай дамыту шаралары белгіленеді. Сонымен ќатар, әсіресе, жарнамалардың психологиялыќ ыќпалы, елдегі адамдардың жас ерекшеліктері, сатып алушылардың мұќтаждығы, оларға ќызмет көрсетудің факторлары ќарастырылады.

Ғылыми – шығармашылыќ психологиясы – соңғы кездерде зерттеле бастаған сала. Бұл салада шығармашылыќ адамның жасампаздыќ ќызметі, өзіндік ерекшеліктері, белсенділігі айќын көрініп, ғылыми жаңалыќтарды ашудағы интуициясы, сезімдік рөлі т.б. сипаттары зерттеледі. Осы бағыттағы ерекше маңызды заңдылыќ – эвристика тәсілі.

Көркемөнер, әдебиет пен шығармашылыќќа ќатысты психология -бұл сала бойынша ќарастырылатын мәселелер – әсемдікті ќабылдау және оның адам жан дүниесін байытуға ыќпал ету факторлары. Бұл саланың өзекті мәселелері әлі күнге дейін жүйелі түрде өз дәрежесінде зерттеле ќойған жоќ.

Салыстырмалы психология психиканың филогенетикалыќ түрлерін ќарастырады. Мұнда адам мен хайуанаттар психикасын салыстыра отырып зерттейді. Олардың психикасындағы айырмашылыќтары мен ерекшеліктері ажыратылады. Бұл саланың жануарлар психологиясын зерттейтін тармағы әрбір түр мен тектің, олардың тобындағы жан – жануар, жәндіктердің ќұлќын, әрќилы механизмдерін ќарастырады. Мысалы, өрмекші, ќұмырысќа, ара, ит, ќұс, жылќы және маймылдың психикасы едәуір деңгейде зерттелген. Ќазіргі кезде бұл тармаќќа биология мен психологияның тоќайласќан жер інде этология деп аталатын тамаќ ќосылып отыр. Бұл орайда, киттер сияќты дельфиндердің де ќылыќтары баќылауға алынып, хайуанаттар ќұлќындағы туа пайда болатын механизмдер зерттелуде.

Заң психологиясы хұќыќќа ќатысты мєселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде ќолданудың психологиялыќ мәселелерін зерттейді. Бұл сала сот психологиясы, ќылмыс психологиясы, еңбекпен түзету психологиясы деп аталатын тармаќтардан ќұралады. Сот психологиясы сот, айыпталушылар, куєлар, сот тергеуін жүргізу, олардан жауап алу тәрізді т.б. жайттардың психологиялыќ астарларын ќарастырады. Ќылмыс психологиясы ќылмыскердің жеке басы мен оның зиянды әрекеттерінің сырын ашады. Еңбекпен түзету психологиясы тұтќындағы адамдарды сендіру не күштеп істету арќылы тәрбиелеудің жолдарын іздестіреді.

 

 

ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕОРИЯСЫ

Іс-әрекеттің жалпы психологиялық сипаттамасы. Іс-әрекет түсінігі. Іс-әрекеттің қоздырушы себептері. Іс-әрекеттің мақсаты. Іс-әрекеттегі ерік және зейін. Тұлға іс-әрекетінің ерекшелегі және оның атрибуттары. Тұлға іс-әрекетінің түрлері. Іс-әрекет және тұлғаның дамуы. Іс-әрекет психологиялық теориясының негізгі түсініктері. Операциялық-техникалық аспектілері. Ресей ғалымдарыныңеңбектеріндегі іс-әрекет теориясының зерттелуі және дамуы. Іс-әрекет құрылымы. Іс-әрекеттің орталық құраушысы ретіндегі әрекет. Әрекеттің негізгі сипаттамалары. Іс-әрекет психологиялық теориясының негізгі принциптері. Іс-әрекеттің шарттары. Операция туралы түсінік. Автоматты әрекеттер және дағды. Іс-әрекеттің психофизиологиялық функциялары.

Іс-әрекет теориясы. Тірі организмдердің белсенділігінің алғашқы формасы ретіндегі қажеттілік. Қажеттілік қалыптасуының және дамуының негізгі кезеңдері. Іс-әрекеттің мотиві. Жетекші мотив және ынталандыру-мотиві. Бейсаналық мотивтер: эмоциялар және тұлғалық мағына.Мотивтердің пайда болуының механизмдері. Ішкі іс-әрекет туралы түсінік.

Әрекет физиологиясы және белсенділік физиологиясы. Психомоторика туралы жалпы түсінік. И.М.Сеченов әрекет физиологисы туралы.Әрекеттің рефлекторлы концепциясы. Сенсомоторлық процестердің түрлері. Идеомоторлық процестер және сенсоречевті реакциялар. Әрекет ұйымдастыруының механизмдері. Н.А. Бернштейн және оның физиологиялық әрекет теориясы. Сенсорлық коррекцияның принципі. Әрекеттің орындалу барысына әсер ететін факторлар. Кері байланыс дабылдары. Рефлекторлы сақина. Бернштейн бойынша әрекет құрылымының деңгейлері. Қозғалу дағдысының қалыптасу процесі және белсенділік принципі. Ерікті әрекеттер.

Іс-әрекеттің жалпы психологиялық сипаттамасы

Iс-әрекет – адамның қоршаған ортаға деген белсендi қатынасының бiр формасы немесе қоршаған орта мен субъектiнiң өзара қатынасының динамикалық жүйесi.

Тiрi материяның өлi материядан, жоғары формалардың төмен формалардан айырмашылығы – белсендiлiкте. Адамның белсендiлiгi өте көп қырлы. Жануарға тән түрлi формаларға қоса, адамда белсендiлiктiң ерекше формасы – iс-әрекеттi айтуымызға болады. Iс-әрекеттi адам белсендiлiгiнiң ерекше түрi ретiнде анықтауға болады: ол мәдениеттiң материалды және рухани дүниесiн құрайды, өзiнiң қабiлеттерiн дамытады және адам қол мен сана арқасында құрал жасап, оны iс-әрекетте қолдануы – жануар белсендiгiнен айырмашылығы болып табылады. Яғни, адам iс-әрекетi продуктивтi, өнiмдi сипатқа ие. Жануар белсендiгiнен тағы бiр ерекшелiгi: егер жануар белсендiгi тек биологиялық қажеттiлiктерден туса, адам iс-әрекетiне өнер,танымдық қажеттiлiктер түрткi болады. Сонымен қатар, адам iс-әрекетiнiң формалары жануарға тән емес, күрделi қимылдық үйренулермен, дағдылармен байланысты. Мәселен, баланы кiшкентайынан бастап тұрмыстық заттарды дұрыс қолдануды (қасық, пышақ, орындық, сабын) үйретедi. Соның нәтижесiнде жануар белсендiгiнен өзгеше заттық iс-әрекет пайда болады.

Сонымен, адам iс-әрекетiнiң жануар белсендiгiнен негiзгi айырмашылықтарын тоқталатын болсақ:

1. Адам iс-әрекетi продуктивтi, творчестволық сипатқа ие. Ал жануар белсендiгi табиғатта берiлгеннен басқа ешнәрсе жасай алмайды

2. Адам iс-әрекетi құрал немесе әдiс ретiнде қолданатын мәдениеттiң материалды және рухани дүниемен байланысты.

3. Iс-әрекет адамды, оның қабiлеттерi мен қажеттiлiктерiн, өмiр шарттарын дамытады. Ал жануар белсендiлiгi негiзiнен олардың өзiнде және өмiр шарттарын өзгертпейдi.

4. Адам iс-әрекетi, оны орындаудағы түрлi формалар мен әдiстер – тарихи өнiмi болып табылса, жануардың белсендiгi биологиялық эволюция нәтижесi болып табылады.

5. Заттық iс-әрекет адамға туыла берiлмейдi, ол заттарды қолдануда мәдени түрде белгiленiп қойған. Бұндай iс-әрекеттi оқу және тәрбие барысында қалыптастырып, дамыту керек. Ал жануар белсендiгi алдын-ала, яғни генотиптiк тұрғыда берiген.

            Адамның басты ерекшеліктерінің бірі – адамның еңбекке қабілеттілігі, ал кез-келген еңбек түрі іс-әрекет болып табылады. Кез-келген қарапайым іс-әрекеттің актісі субъекттің белсенділік формасы болып табылады, сондықтан кез-келген іс-әрекеттің қоздырушы себептері бар іс-әрекеттің қоздырушы себептері және де ол белгілі жетістіктерге бағытталады.






Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: