Ерiк жайлы негiзгi теориялар. 1 страница

Шымкент 2016 жыл

Психология ғылымының жалпы мєселелері.

Психология пәні, оның міндеттері мен әдістері

Қысқаша мазмұны

Психология ғылым ретінде. Психология гуманитарлы ғылым ретінде. Тұрмыстық және ғылыми психологиялық білімдер. ңПсихологияң терминінің мағынасы. Психология психика және психикалық құбылыстар жөніндегі ғылым ретінде. Психология пәні. Психикалық процестер, психикалық күйлер, психикалық қасиеттерден тұратын психикалық құбылыстарды жіктеу. Психикалық процесстер: танымдық, эмоционалды, ерікті. Психикалық күй психиканың жалпы күйін сипаттау ретінде. Психикалық күйлердің негізгі сипаттамалары: ұзақтығы, бағытталғандығы, тұрақтылығы, қарқындылығы. Тұлғаның психикалық қасиеттері: бағытталғандық, темперамент, қабілеттілік, мінез.

Адам және адамзат туралы ғылымдар. Адамды биологиялық түр ретінде зерттеу, К.Линней еңбектері. Антропология жөніндегі жалпы түсінік. Адамды биологиялық түр ретінде зерттеудің психологиялық аспектілері: салыстырмалы психология, зоопсихология, жалпы психология. Адамның жануарлар әлемінен әлеуметтік ортаға өтуін зерттеудің жалпы мәселелері. Адамның социогенезін зерттейтін ғылымдар. Адамның табиғатпен қарым-қатынасын зерттейтін ғылымдар. Адамды индивид және оның онтогенезі ретінде зерттеудің жалпы мәселелері.

Психологиялық зерттеулердің негізгі әдістері. Ғылыми зерттеудің әдістері жайлы жалпы түсінік. Психологиялық әдістердің негізгі топтары: объективті және субъективті. Психологияның негізгі субъективті әдістері: бақылау, қосылған бақылау, өз бетінше бақылау, сауал (жазбаша, ауызша, еркін) қою. Психологиялық тесттердің негізгі түрлері. Тесттерді жасаудың тарихы. Жобалық тесттер мен эксперимент (зертханалық, табиғи). Моделдеу әдістері жайлы жалпы түсінік.

Психологияның даму тарихы. 

Психология ғылымының негізгі салалары.

 

Психология ғылым ретінде

 

Басқа адамның мінез-құлқын қалай түсінуге болады? Адамдардың әр түрлі қабілетке ие болуының себебі неде? ңЖанң дегеніміз не және оның табиғаты қалай? Осындай және басқа да сұрақтар адамдардың ойында болған, сонымен бірге уақыт озған сайын адам және оның мінез-құлқына деген қызығушылық артып отырған.

Жалпы психология – психика дамуының жалпы заңдылықтарын, зерттеу әдістерін, теориялық принциптерін және оның ғылыми негіздерінің қалыптасу жүйесін зерттейді. Психика жоғары дәрежеде ұйымдасқан материяның нақты формасының қызметін, әрекет тәсілін бейнелейді, адам психологиясы жаңғырту арқылы пайда болады.

Ресейлік атақты психолог Борис Герасимович Ананьв адам танымының жүйесін 4 негізгі ұғымға бөліп қарады: индивид, іс-әрекет субъктісі, тұлға және жеке даралық.

Индивидң түсінігінің бірнеше мәні бар. Алдымен, индивид - ол табиғи жалғыз тіршілік иесі адам, Homo sapiens түрінің өкілі.  Мұнда адамның биологиялық жағы айтылған. Кейде бұл түсінікте адамды адамзат қауымының жеке өкілі, еңбек құралдарын пайдаланатын әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қолданады. Алайда бұл жағдайда да адамның биологиялық тұрғысы ұмытылмайды.

 Б.Г.Ананьев индивидтің бірінші және екінші қасиеттерін бөліп көрсеткен. Бірінші қасиетке адамның барлығына ортақ жас ерекшеліктерін (белгілі бір жасқа сай болу), жыныстық диморфизм (белгілі бір жынысқа сай болу), сонымен қоса, жеке-типтік сипаттамалар, оның ішінде конституционалды ерекшеліктер (дене бітімінің ерекшеліктері), мидың нейродинамикалық қасиеттері, үлкен жартышарлардың функционалды геометриясының ерекшеліктерін жатқызады.

Индивидтің бірінші қасиеттерінің жиынтығы оның екінші қасиеттерін анықтайды, олар: психофизиологиялық функциялардың динамикасы және органикалық қажеттіліктердің құрылымы. Осы қасиеттердің барлығы қосыла келіп, темперамент пен адам нышандарының ерекшеліктерін жасайды.

Тұлғаң ретінде адамды әлеуметтік тіршілік иесі деп сипаттайды. Осы ұғымның аясында тұлғаның мынадай психологиялық қасиеттері қарастырылады. Олар: мотивация, темперамент, қабілеттік және мінез.

 

 


ТЕМПЕРАМЕНТ
НЫШАНДАР МЕН ҚАБІЛЕТТЕР

 

МОТИВАЦИЯ (БАҒЫТТАЛҒАНДЫҒЫ)

 

 

МІНЕЗ

 

ЕРІК

 

СЕЗІМ

 

 Тұлғаң ұғымының құрылымы (Б.Г.Ананьев бойынша)

 

Адамды тануда Б.Г. Ананьев бөліп қараған тағы бір ұғым ңіс-әрекет субъектісің. Бұл ұғым өзінің мазмұны бойынша ңиндивидң және ңтұлғаң ұғымының ортасында. Іс-әрекет субъектісі адамның биологиялық бастауы және әлеуметтілігін біріктіреді.

Адамды субъект ретінде басқа тіршілік иелерінен ажырататын басты белгі – сана (1.3 сурет).

Сана – психикалық дамудың ең жоғары сатысы, ол тек адамға ғана тән. Ол адамның объективті шындықты тану, бағытталған мінез-құлықты қалыптастыру, сондай-ақ айналаны өзгерту мүмкіндігін анықтайды. Қоршаған ортаны саналы түрде өзгерте алу іс-әрекеті адамның субъект ретіндегі тағы да бір белгісі. Осылайша, субъект – іс-әрекет ете алу қабілеті бар саналы жеке тұлға.

Сонымен, біріншіден адам тірі табиғат өкілі – биологиялық объект, екіншіден, саналы іс-әрекет субъектісі, үшіншіден, әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қарастырыла алады. Яғни адам – саналы және қызметке қабілетті биоәлеуметтік тіршілік иесі. Осы үш деңгейдің бір бүтінге бірігуі адамның интегралды сипаттамасы – оның жеке тұлғалылығын қалыптастырады.

Жеке тұлғалылық – бұл нақты адамның өзгешелігі және қайталанбастығыкөзқарасынан психикалық, физиологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерінің жиынтығы болып табылады. Адамның жеке тұлғасының қалыптасуындағы алғышарттарына қоғамдық сипаты бар тәрбие процесінде өзгеретін анатомия-физиологиялық бастамалар жатады. Тәрбиелеу жағдайлары мен туа біткен мінездердің әр түрлілігінен жеке тұлғалылықтың көп түрлілігі пайда болады.

Сондықтан, адам – нақыт өмірдің ең күрделі объектісінің бірі деп қортынды шығаруға болады. Адамның құрылымдық ұйымдасуы көп деңгейлі сипаты мен оның табиғи, әлеуметтік мәнінен көрінеді. Сол үшін де адам және оның іс-әрекетін зерттейтін көптеген ғылымдардың болуы ғажап емес.

  Дүниені танудағы рационалды көзқарас бізді қоршаған шынайы өмір санамызға байланыссыз өмір сүретіндіктен, оның тәжірибелік жолмен зерттелуі мүмкіндігіне, ал бақыланатын құбылыстарды ғылыми тұрғыдан толығымен түсіндіруге болатындығына негізделеді. Ғылымның әр түрлі салаларында ғалымдар бірнеше мәрте адам жайлы бүтіндей түсінік қалыптастырғысы келді. Әрине, мұндай ұғым психологияда да бар.

Ғылымда пәндердің негізігі ќұрылымына байланысты үшке бөлінеді: жаратылыстану, гуманитарлыќ, техникалыќ. Адам- әлеуметтік тірі организм, оның барлыќ психикалыќ ќұбылысы ќоғамдыќ ортада ќалыптасады, сондыќтан психология гуманитарлыќ пєндерге жатады.

“Психология” ұғымы ғылыми жєне тұрмыстыќ мағынаға ие.

Әрбір адам практикада ќарым-ќатынасќа түсе отырып психологиялыќ заңдылыќтарды үйренеді. Осылайша біз келесі адамның пікірін оның сыртќы келбетінен - мимикасынан, жестінен, дауыс ырғағынан, эмоционалдыќ көңіл күйінен, мінез-құлқынан ажыратамыз. Сондықтан әрбір адам өзінше психолог, себебі қоғамда адамдардың психикасы жайлы білмей өмір сүру мүмкін емес. 

Алайда, тұрмыстық психологиялық білімдер айқын емес және де ғылыми білімнен ерекшеленеді.

 

Бұл ұғымдарды мынандай екі бағытта көрсетуге болады: 

 

Тұрмыстыќ технологиялыќ білім   Ғылыми психологиялыќ білім
Наќты білім Интуициялыќ мінез білімі Білім беруде бөгеттер болуы Білімнің көзі- баќылау Берілетін білім- шектеулі Талдап ќорытылған білім Аќыл- парасаттылыќ білім Білім жинаќталады жєне беріледі. Білімнің көзі- эксперимент Білім єрќашан кеңейіп отырады.

 

 

Біріншіден, тұрмыстық психологиялық білімдер нақты жағдайда, адамдармен оларға қатысты міндеттер айналасында болады. Ғылыми психология жалпылауға бағытталған, ол үшін сәйкес ұғымдар пайдаланылады.

Екіншіден, тұрмыстық психологиялық білімдер интуициялық сипатқа ие. Бұл себепті алу тәсіліне - кездейсоқ тәжірибе және санасыз деңгейде субъективті талдауға бағытталған. Бұған қарағанда ғылыми таным экспериментке негізделген, ал алынған білімдер толық рационалды және түсінікті.

Үшіншіден, білімді беру тәсілдерінде айырмашылықтар бар. Әдетте, тұрмыстық психологиялық білімдер қиындықпен беріледі немесе көбінесе беріле алмайды да. Ю.Б.Гиппенрейтер жазғандай “әке мен балалардың” мәңгі проблемасы да осында, өйткені балалар әкелерінің тәжірибесін қабылдай алмайды және қабылдағысы келемейді де”. Ал ғылымда білім жинақталып, оңай беріледі.

Сонымен психология негізінен грек сөзінен аударғанда ”жан туралы ғылым”, ал “психология” термині ќолданысќа алғаш рет XVI-ғ. енді. Алғашќыда ол ерекше ғылым ретінде “жанды” немесе психикалыќ болмысты єрбір адам өзін баќылау нєтижесінде аныќтап отыруға қолданса, кейіннен XVII- XIX ғ.ғ. психология - бұл психика жєне психикалыќ ќұбылыстар туралы ғылым болды.

Психикалық құбылыстар үшке бөлінеді;

1. Психикалыќ процестер дегеніміз - сыртќы дүние заттары мен ќұбылыстарының мидағы түрлі бейнелері.

2. Психикалыќ ерекшеліктер дегеніміз - бір адамды екінші адамнан ажырытуға нгегіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктер.

3. Психикалыќ күй дегеніміз - адамның түрлі көңіл күйінің тұраќты компоненттері.

 

1.6 Психикалыќ ќұбылыстардың ќұрылымы былай аныќталады.

 

           
   

 

 


Психикалық процестер адам мінез-құлқының алғашқы регуляторы болып шығады. Оның белгілі бастамасы, ағымы және соңы болады, яғни, алдымен психикалық процестердің ұзақтығы мен тұрақтылығын анықтайтын өлшемдер кіретін белгілі бір динамикалық сипаттарға ие болады. Осы процестердің арқасында адам өзі және қоршаған орта жайлы ақпарат алады. Бұл психикалық процестердің аясында аффекттер, эмоциялар, сезімдер, көңіл-күйлер және эмоционалды  стрестер қарастырылады. Сонымен қатар тұлғаның психикалық қасиеті дегенде белгілі бір сандық және сапалық қызмет деңгейі мен адамның мінезін қамтамасыз ететін оның ең басты ерекшеліктерін түсінген жөн. Психикалық қасиеттерге бағытталуы, темперамент, қабілеттік, мінез-құлық жатады. Осы қасиеттердің даму деңгейі, сонымен бірге психикалық процестің даму ерекшеліктері және басыңқы (адамға тән) психикалық күйлер адамның қайталанбастығын, және оның жекелігін анықтайды.

 

 

Адам және адамзат туралы ғылымдар

Қазіргі заман ғылымында адам біріншіден, биологиялық түрдің өкілі ретінде, екішіден, қоғам мүшесі, үшіншіден, адамның пәндік қызметі зерттеледі, төртіншіден нақты адамның даму заңдылықтары зерттеледі.

Адамды биологиялық түр ретінде бағытты түрде зерттеу Карл Линнейдің еңбектерінен басталады, ол адамды приматтар отрядындағы Homo sapiens жеке түрі ретінде бөліп көрсетеді. Осылайша алғашқы рет адамның тірі табиғаттағы орны анықталды. Бірақ бұл адамға деген қызығушылық бұған дейін болмады деген сөз емес. Адамды ғылыми тұрғыдан тану натурфилософиядан, тіршіліктанудан және медицинадан бастау алады. Алайда бұл зерттеулердің аясы тар, жүйелілігі жеткіліксіз, бастысы қарама-қарсы сипатта, мұнда адам көбенсе тірі табиғатқа қарсы қойылған. К.Линней адамды тірі табиғаттың элементі ретінде қарастыруды ұсынды. Бұл адам зерттеудегі оң бетбұрыс болды.

Ерекше биологиялық түр ретінде адам туралы арнайы ғылым антропология деп аталады. Қазіргі антропологияның құрылым үш негізгі бөлімнен: адам морфологиясы (физикалық типтің жеке өзгергіштігін, жас ерекшелігін – шала кезден кәрілікке дейін, жыныстық диморфизмді қоса, өмір мен қызметтің өзгеруіне қарай адамның физикалық дамуының өзгеруін зерттейді), антропогенез жайлы зерттеу (ширек кезеңде адамның жақын аталары мен адам табиғатының өзгеруі), ол приматтарды тану, адамның эволюциялық анатомиясы және палеоантропология (адамның қалдық түрлерін зерттейтін) және нәсілтанудан тұрады.

Адамды биологиялық түр ретінде антропологиядан басқа, онымен байланысты ғылымдар да зерттейді. Мысалы, адамның физикалық типін оның жалпы соматикалық ұйымы ретінде адам анатомиясы және физиологиясы, биофизика және биохимия, психофизиология, нейропсихология секілді нақты ғылымдар зерттейді. Осы қатарда ерекше орын алатын медицинаға көптеген тараулар енеді.

Адамның пайда болуы және дамуы жайлы антропогенез ілімі Жер бетіндегі биологиялық эволюцияны зерттейтін ғылымдармен де байланысты, өйткені адам табиғатын жануарлар әлемінің жалпы және тізбекті даму процессінен тыс түсіну мүмкін емес. Бұл ғылымдар тобына палеонтология, эмбриология, сондай-ақ салыстырмалы физиология және салыстырмалы биохимия жатады.

Антропогенез жайлы ілімнің дамуына жеке пәндердің әсер етуін атап кеткен жөн. Бұған алдымен жоғарғы нерв қызметінің физиологиясын жатқызамыз. Жоғарғы нерв қызметінің физиологиясының генетикалық проблемаларына аса қызыға қараған И.П.Павловтың арқасында салыстырмалы физиологияның антропоидтардың жоғарғы нерв қызметінің физиологиясы жеке бөлім болып қалыптасты.

Биологиялық түр ретінде адам дамуын түсінуде зоопсихология мен адамның жалпы психологиясын біріктіре қарастыратын салыстырмалы психология маңызды рөл атқарады. Зоопсихологияда приматтарды эксперименталды түрде зерттеу бойынша В.Келер және Н.Н. Ладыгина-Котс еңбектері бар. Зоопсихология саласындағы жетістіктер арқасында адамның көптеген мінез-құлық механизмдері мен оның психикалық даму заңдылықтары белгілі болды.

Антропогенез ғылымымен тікелей түйіспейтін ғылымдар да бар, бірақ олар оның дамуында маңызды рөл атқарады. Оларға генетика және археология жатады. Тілдің пайда болуын, оның дыбыстық құралдарын және басқару механизмдерін зерттейтін палеолингвистиканың орны бөлек. Тілдің пайда болуы социогенездің орталық кездеріне, ал сөйлеудің пайда болуы -антропогенездің орталық кезіне жатады, өйткені, бөліп сөйлеу адамды жануарлардан ерекшелейтін басты белгі.

Социогенездің проблемалары жайлы сөз қозғауымызға орай, антропогенез проблемаларымен тығыз байланысты қоғамдық ғылымдарды айту қажет. Оларға адам қоғамының дамуын және алғашқы қауым мәдениетінің тарихын зерттейтін палеосоциологияны жатқызуға болады.

Осылайша биологиялық түрдің өкілі ретінде адам көптеген ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады, соның ішінде психологияның да. 1.7 суретте Б.Г.Ананьевтің Homo sapiens жайлы ғылымның негізігі проблемалары классификациясы көрсетілген. Дербес биологиялық түр ретінде адамның пайда болуы мен дамуын зерттейтін ғылымдардың ішінде орталық орынға антропология ие болады. Адам дамуына орай қазіргі заман антропологиясы туралы жасаған қортындыны былайша келтіруге болады: биологиялық дамудың белгісіз бір кезеңінде адам жануарлар әлемінен бөлініп шықты (ңантропогенез бен социогенездіңң шекаралас кезеңі) және адам эволюциясында биологиялық дағдылы және табиғи ортаға аса бейімделген түрлердің өмір сүруіне негізделген табиғи таңдау қызметі тоқтап қалды.

           Адамның жануарлар әлемінен әлеуметтік әлемге өтуіне байланысты, оның биоәлеуметтік тіршілік иесіне айналуына қарай табиғи таңдау заңдары дамудың басқа сападағы заңдарымен ауысты.

Адамның жануарлар әлемінен неге және қалай бөлініп шықты деген сұрақтар антропогенез ғылымын зерттейтін ғылымдардың арасында орталық орынға ие болып, осы күнге дейін бұл сұрақтарға біркелкі жауап табылмай тұр. Осы проблемаға орай бірнеше көзқарас бар. Олардың бірі мынадай болжамда: мутация салдарынан адам миы супермиға айналып, жануарлар әлемінен бөлініп шығып, қоғам құруға жеткізді. Бұл П.Шошардың көзқарасы. Ол бойынша тарихи кезеңде мутациялықтың әсерінен ми органикалық түрде дами алмайды.

Тағы да мынадай көзқарас бар. Ол мидың органикалық дамуы мен түр ретінде адамның дамуына байланысты мидың сапалы құрылымды өзгерісіне әкелді де, содан соң даму табиғи таңдаудан өзгеше заңдармен жүре бастады. Алайда, дене мен ми өзгеріссіз қалғанмен, даму тоқтап қалмайды. И.А.Станкевичтің зерттеулеріне қарағанда, адам миында құрылымдық өзгерістер болады, жартышарлардың әртүрлі бөлімдерінде прогрессивті даму, жаңа иірімдердің бөлінуі, жаңа жолдардың қалыптасуы байқалады. Сондықтан адам өзгеріп отыра ма деген сауалға ңиәң деп толық жауап беруге болады. Дегенмен мұндай эволюциялық өзгерістер адам және оның тұлғалық дамуының әлеуметтік өмір сүру жағдайына әсер етеді, ал Homo sapiens түрінің биологиялық өзгеруі қосымша мәнге ие болады.

Осылайша, адам әлеуметтік тіршілік иесі, қоғам мүшесі ретінде ғылымға қызықты, себебі Homo sapiens түріндегі қазіргі заман адамы биологиялық заңдармен емес, әлеуметтік даму заңдарына сай өмір сүреді.

Социогенез проблемасын қоғамдық ғылымдарсыз қарастыру мүмкін емес. Оларды зерттейтін құбылыстарына немесе солармен байланыстыларын бірнеше топқа бөлуге болады. Мысалы, өнермен, біліммен, техникалық прогресспен байланысты ғылымдар.

Адам қоғамын зерттеуде жинақталу дәрежесіне қарай бұл ғылымдар екі топқа бөлінеді: қоғам дамуын барлық элементтердің өзара қатынасында бүтіндей қарастыратын ғылымдар, адамзат қоғамы дамуының жеке аспектілерін зерттейтін ғылымдар. Ғылымдарды осылайша бөлу адамзат өзіндік заңдарымен дамитын бүтіндей, сонымен бірге, көптеген жекелеген адамдар боп танылады. Сондықтан барлық қоғамдық ғылымдар не адамзат қоғамы жайлы ғылым, не социум элементі ретіндегі адам жайлы ғылымға жатады. Бірақ бұл жіктемеде әр түрлі ғылымдардың нақты шекарасы анықталмаған, өйткені көптеген қоғамдық ғылымдар қоғамды бүтіндей, сондай-ақ жеке адамды зерттеумен байланысты бола алады.

Ананьевтің пікірінше, адамзат (адамзат қоғамы) жайлы ғылым жүйесіне қоғамның өндірістік күші жайлы, адамзаттың қоныстануы мен құрамы жайлы, өндірістік және қоғамдық қатынастар жайлы, мәдениет, өнер жайлы ғылымдар және де ғылымның өзін танымдық жүйе ретінде, қоғамның әртүрлі даму кезеңдеріндегі формалары жайлы ғылымдар енуі қажет.

Мұнда адамның табиғатпен және адамзаттың табиғи ортамен қарым-қатынасын зерттейтін ғылымдарды ерекше атап өту керек. Осыған байланысты биогеохимиялық ілімді жасаушы В.И.Вернадскийдің пікірі қызықты – онда ғалым өзара қатынастағы және еркін оттегі О2 молекуласының тарихымен байланысты қарама-қарсы екі биогеохимиялық қызмет жайлы сөз етеді. Бұл тотығу және қайта қалпына келу қызметтері. Бір жағынан олар тыныс алу мен көбеюге және екінші жағынан өлген организмдерді бұзумен байланысты. В.И. Вернадскийдің пайымдауынша адам және адамзат өздері өмір сүретін планетаның белгілі бөлігі биосферамен байланысты, себебі олар Жердің материалды-энергетикалық құрылымымен геологиялық заңдылықта байланысқан.

Адам табиғаттан бөліне алмайды, бірақ жануарларға қарағанда адамның өмір сүру мен қызметтің оңтайлы жағдайларын қамтамасыз етуге орай табиғи ортаны өзгертуге бағытталған белсенділгі бар. Мұнда ноосфераның пайда болуы жайлы айтылып тұр.

Ноосфераң ұғымын 1927 ж Ле-Руа және Тейяр де Шарден біріге отырып енгізді. Олар 1922-1923 жж Сорбондағы В.И. Вернадскийдің ұсынған биогеохимиялық теориясын негізге алды. В.И. Вернадскийдің анықтамасы бойынша ноосфера немесе ңойлаушы қабатң - біздің планетамыздағы жаңа геологиялық құбылыс. Мұнда алғашқы рет адам планетаны өзгерте алатын ірі геологиялық күш ретінде көрсетіледі.

Зерттеу пәні нақты адам болатын ғылымдар да бар. Бұған жеке организмнің даму процессі онтогенез жайлы ғылымды жатқызуға болады. Осы бағытта адамның жас, жыныстық, конституционалды және нейродинамикалық ерекшеліктері зерттеледі. Бұдан бөлек тұлға және оның өмір жолы жайлы психология ғылымы да бар, олардың аясында адам іс-әрекетінің мотиві, дүниеге көзқарасы және құндылық бағдары, қоршаған ортамен байланысы зерттеледі.

Адамды зерттейтін ғылымдар немесе ғылыми бағыттар бір-бірімен тығыз байланысты, олар біріге отырып, адам және адамзат қоғамы жйлы бүтіндей көрініс береді. Алайда қай бағытты алып қарасақта, оларда психологияның әр түрлі тараулары келтірілген. Бұл кездейсоқ емес, өйткені психологияның зертейтін құбылыстары бисоциалды тіршілік иесі ретіндегі адамның іс-әрекетін анықтайды.




Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: