Ерiк жайлы негiзгi теориялар. 12 страница

       Ассоциация принципiнiң нағыз ғылыми негiздемесi мен олардың заңдылықтарын ашқан И.М.Сеченов пен И.П.Павлов болды. Павлов бойынша асаоциациялар дегенiмiз бiр немесе бiрнеше тiтiркендiргiштердiң бiр уақытта немесе бiрiнiң артынан бiрi әрекет етуiнен пайда болатын уақытша байланыс. Қазiргi кезде көптеген зерттеулер ассоциацияларды естiң негiзгi емес, бiр ғана феноменi деп қарастырады.

       Ес зерттеулерi психология ғылымындағы эксперименттiк әдiс қолданылған алғашқы бөлiмдерiнiң бiрi болды. CIC ғасырдың 80 жылдары немiс психологы Г.Эббингауз ойлау iс-әрекетiнен тәуелсiз “таза” естiң заңдарын зерттеуге болатын әдiстi ұсынды.Ол мағынасыз буындарды жаттау әдiсi едi. Ол өз зерттеулерiнiң негiзiнде материалды есте сақтаудың негiзгi қисықтарын тапты және ассоциациалардың пайда болу механизмдерiнiң кейбiр ерекшелiктерiн ашты. Мысалы, ұзақ қатарды еске сақтаған кезде соңында тұрған материал тез еске түсетiнiн тапты (“шеткi эффектсi”). Г.Эббингауздың маңызды жетiстiктерiнiң бiрi ұмытудың заңдылықтарын ашу болды. Бұл заңдылық мағынасыз үш әрiптен тұратын буынды есте қалдыру тәжiрибесi негiзiнде ашылды. Алғашқы 1 сағаттан соң алынған ақпараттың 60% ұмытылады, ал алты күннен кейiн бастапқыда да жатталған буындардың 20%-дан аз бөлiгi ғана есте сақталады екен.

Г.Эббингаузбен қатар басқа да ғалымдар зерттеулер жүргiздi.Атап айтқанда, немiс психиатры Э.Крепелин психикалық ауру адамдарда есте сақтау қалай жүретiнiн зерттеген. Келесi немiстiң белгiлi ғалымы - Г.Э.Мюллер адамдағы естiң қайта жаңғыруы мен есте қалудың негiзгi заңдылықтарына фундаменталды зерттеулер жүргiздi. Адамдағы ес процестерiн зерттеудiң алғашқы кезеңiнде арнайы саналы мнемикалық iс-әрекеттi зерттеуге (материалды арнайы жаттап, қайта жаңғырту процесi) бағытталды, кейiнiрек iздердiң өз бетiнше есте қалу механизмдерiне талдау жасалынды

CIC ғасырдың аяғында ассоциациалық теорияның орнына гештальттеория келдi. Бұл теорияның негiзгi түсiнiгi заттар немесе құбылыстардың ассоциациясы емес, олардың бастапқы, тұтастай ұйымдасуы - гештальт болды. Бұл теорияны жақтаушылардың пiкiрiнше ес процестерi гештальт қалыптасуымен анықталады. “Гештальт” сөзi “тұтастық“,“құрылым”,“жүйе” деген мағынаны бередi. Бұл терминдi XX ғасырдың алғашқы ширегiнде Германияда пайда болған бағыттың өкiлдерi ұсынған. Бұл бағыттың негiзгi постулаты тұтастың жүйелi ұйымдасуы ол құралған бөлшектердiң қасиеттерi мен қызметiн анықтайды. Сондықтан бұл теорияның өкiлдерi естi зерттегенде есте сақтау және қайта жаңғыру материалы ассоциациалардың негiзiнде элементтердiң кездейсоқ жиналуы арқылы емес, тұтастай құрылым түрiнде болады дейдi.

Гештальтпсихология тұрғысынан есте сақтау мен қайта жаңғыртудың динамикасы былай жүредi. Адам үшiн сол мезетте өзектi болатын кейбiр күйлер есте сақтау мен қайта жаңғыртуға белгiлi нұсқаулар туғызады. Сәйкес нұсқау адам санасында белгiлi тұтастық құрылымдарды белсендiредi. Өз кезегiнде, олардың негiзiнде материал есте сақталады немесе қайта жаңғырады. Бұл нұсқау есте сақтау мен қайта жаңғырудың жүру жолын бақылайды, қажет ақпаратты таңдауды анықтайды.

Гештальтпсихология негiзiнде жүргiзiлген кейбiр зерттеулерден көптеген қызықты фактлер алынған. Осылай Б.В.Зейгарниктiң зерттеулерiнде сыналушыларға бiреуiн соңына дейiн орындауға рұқсат беретiн, екiншiсiн соңына дейiн аяқтамай бiтiретiн тапсырмалар сериясын ұсынған. Нәтижесiнде сыналушылар аяқталмаған тапсырмаларды соңына дейiн жеткiзген тапсырмаларға қарағанда екi есе жиi есiне түсiре алған. Бұл құбылысты былай түсiндiруге болады. Тапсырманы алғанда сыналушыларда оны орындауға деген қажеттiлiк пайда болады. К.Левин квазиқажеттiлiк деп атаған бұл қажеттiлiк тапсырманы орындау барысында күшейедi. Тапсырма орындалса ол жүзеге асады, ал тапсырма соңына дейiн жетпесе ол қанағаттанбайды. Сәйкесiнше мотивация есте аяқталмаған тапсырманың iзiн сақтап, естiң таңдамалығына әсер етедi.CC ғасырдың басында естiң мағыналық теориясы пайда болды. Бұл теорияның өкiлдерi сәйкес процестердiң жұмысы мағыналық байланыстардың бар немесе жоқ болуына тәуелдi деп пайымдады. Мағыналық байланыстар есте сақталған материалды азды-көптi көлемдi мағыналық құрылымдарға бiрiктiредi. Бұл бағыттың көрнектi өкiлдерi А.Бине мен К.Бюлер болды. Олар есте сақтауда, қайта жаңғыртуда материалдың мағыналық мазмұны басты орын алатынын көрсеткен.

Алғаш балалардың есiнiң жоғары формаларын жүйелi түрде зерттеген көрнектi кеңес психологы Л.С.Выготский болды. Ол өзiнiң шәкiрттерiмен бiрге естiң жоғары формалары шығу тегi жағынан әлеуметтiк және психикалық әрекеттiң күрделi формасы екендiгiн көрсеттi. Выготский ұсынған жоғары психикалық функциялардың шығу тегi туралы теорияның шеңберiнде естiң фило- және онтогенетикалық даму сатылары анықталды.

Выготскийдiң жұмыстары француз ғалымы П.Жаненiң зерттеулерiне ықпал еттi. Француздардың психологиялық мектебi барлық ес процестерiнiң әлеуметтiк келiсiлгендiгiн, адамның практикалық iс-әрекетiне тiкелей байланыстылығын дәлелдедi.

Кеңес психологтары ерiктi мнемикалық iс-әрекеттiң күрделi формаларын зерттеудi жалғастырды. Онда ес процестерi ойлау процесiмен байланыстырылды. Осылайша, А.А.Смирнов пенП.И.Зинченконың iс-әрекеттiң психологиялық теориясы позициясынан жүргiзiлген зертеулерi естiң заңдылықтарын мағыналанған адам iс-әрекетi ретiнде ашуға жол бердi, есте сақтаудың қойылған тапсырмаға тәуелдiлiгiн және күрделi материалды есте сақтаудың негiзгi тәсiлдерiн тапты. Мысалы, Смирнов ойларға қарағанда әрекеттер жақсы есте сақталатындығын, ол әрекеттердң iшiнде қиындықтарды жеңумен байланыстылары ұзақ есте сақталатындығын тапты.

Естiң физиологиялық теориясын жасағанИ.П.Павлов және П.К.Анохин зерттеулерi бойынша жүйкелiк импульстар нейрон арқылы өткенде, өзiнiң iзiн қалдырады – бұны нейрондық модель теориясы деп те атайды. Жүйке клеткаларынан таралатын аксондар басқа клеткалардағы дендриттермен жанасады немесе өзiнiң клетка денесiне қайта оралады.Жүйке клеткаларында осындай құрылымдарға сәйкес байланыс пайда болады. Сөйтiп, клеткалардың өз-өзiнен жанауы iске асады. Мұндай құбылыстар жүйесiн iздердiң сақталып қалудың физиологиялық субстраты деп есептейдi.

Естi нерв клеткаларының iшiндегi биохимиялық реакциялармен түсiндiретiн ХХ ғасырда терең зерттелiне басталған биохимиялықтеория. Еске сақтау екi сатылы сипатта болады деген жорамал бар. Сонда алғашқы сатыда тiтiргендiргiштер тiкелей әсер еткеннен кейiн мида электрохимиялық қысқа реакциялар пайда болады. Олар нейронда физиологиялық өзгерiстерге әкеледi. Екiншi сатыда, бiрiншi реакциядан кейiн жаңа белоктiк заттар (протейiндер) пайда болады. Бiрiншi сатыдағы реакция секунттар мен минуттарға созылады содан оны қысқа мерзiмдi естiң физиологиялық механизiмi деп есептейдi. Ал екiншi кезеңдегi клеткада болатын химиялық өзгерiстердi ұзақ

мерзiмдi естiң механизiмi деп есептейдi. Бұны атжалманндарға өткiзiлген эсперименттерде тексерген және адамдардан байқаған. Мысалы, егер адамға бiр әсерден кейiн мидағы электрохимиялық iзi биохимиялық өзгерiстерге айналмай түрғанда (10 секунттың iшiнде) бұл әрекет үзiлсе (мысалы, есiнен танып қалғанда, эпилепсия жағдайында), онда соңғы әсердi адам есiне түсiре алмайды.

Естiң зерттеулерiнiң iшiнде кибернетикалық модельдеу де бар. Бұл арқылы естiң биокибернетикалық теориясы пайда болады. Әр түрлi ЭВМнiң (электро-есеп машина) iшiндегi мәлiметтердi сақтау және солармен жұмыс iстеудi ойластырған кезiнде, адам есiнiң механизмдерiне сүенген. Сонда бұл теория бойынша адамның миының әрекеттерi бағдарламалардан (алгоритмдердiң жиынтығынан) түрады деген. Сөйтiп адам миын, сонымен бiрге естi де, кибернетикалық модельдеу арқылы зерттейдi. Бұл бағытта копьютерлердiң электронды есте сақтауларын, қайта жаңғыртуын қарастырады. Адамның есте сақтау қабылетi ЭВМнiң есiнен әлде қайда асып кетедi, бiрақ адам бұл қабылетiн саналы түрде қолдана бермейдi. Сөйтiп, ЭВМнiң адамға толық ұқсас болуы мұңкiн ба деп сұрағанда, жасанды интеллектiсi бар машиналар, мұңкiн сол деңгейге жетер, дейдi. Естi психологиялық зерттеудiң табыстарына қарамастан iздердiң есте қалуының физиологиялық механизмдерi мен естiң табиғаты толығымен зерттелмеген.

Естiң негiзгi түрлерi

Естiң түрлерiн жiктеуiнде белсендiлiкке, мақсаттың бар немесе жоқ болуына, негiзгi психикалық әрекеттiң сипатына, есте сақтау мерзiмiне орай келесi түрлерi болады. 

1. Ерiктi және ерiксiз ес түрлерi. Сонда, белгiлi мақсат қоймай-ақ, арнайы есте қалдырмай-ақ есте сақтауды мен жаңғыртуды, ерiксiз ес деп атайды. Ерiксiз ес көбiнесе балаларда балалық шағында кездеседi бiрақ өсе жоғалып кетпейдi. Мысалы, жаңадан әсер еткен, қызықтырған бейнелер, адам арнайы мақсат қоймасада, ерiксiз есте қалып отырады.

       Мақсат қойып, арнайы әрекеттердi қолданып жатып есте сақтағанды ерiктi ес деп атайды. Адамға қажеттi деп тапқан нәрселердi еске сақтау үшiн арнайы амалдарды қолданады, ерiктi есте қалдырғанды жиi қажет етедi. Осы арнайы амалдарды мнемиқалық әрекеттер дейдi. Осыған орай, есте сақтаудың сапалылығы, нәтежиелiгi келесi факторлардан тәуелдi болады. Мысалы, алдына мақсатты қалай қоюлығынан. Егер адам әр кезде керек болатын мәлiметтi жақсылап есте сақтағысы келсе, онда бұл мәлiмет жақсы сақталады. Керiсiнше, мәлiметтi онша керектi есмес деп санаса, ол жаман сақталады. 

       Арнайы амалдарды қолданып есте сақтауыда, келесi ес түрлерi болады:

       Механикалық ес. Мұндай есте қалдыру ешбiр өзгерiссiз, дәлме-дәл қайталауды коздейдi. Мысалы, түрлi ережелердi жаттау барысында механикалық сақтауды қолданады. Бұған көп күш кетедi және сапасы төмен болады.

       Логикалық ес. Бұл есте сақтау амалында логикалық түсiнұ, жүйелеу, негiзгi логикалық компоненттердi бөлiп шығару, солардың араларында мәндiк байланыстарды табу жасалынады. Сонда есте сақтаудың нәтежиелiгi, механикалық еске сақтаудан, 20 есе өседi екен.Бiздегi ой, ұғым, пiкiр ой қорытындылары сияқты түрлi формалар арқылы iз қалдыруын сөздiк-мағыналық ес деп атайды, ойiткенi ойдың қандай формасы болмасы да тiлмен, сөзбен байланысты болады.

       Бейнелi-көрнекiлiк ес. Мәлiметтердi бейнелерге, схемаларға, графиктерге, сүреттерге айландыру. Бейнелеу естiң бiрнеше түрлерiн ажыратуға болады: көру, естү, дәм, сипау, иiс естерi болып бөлiнедi (түйсiктердiң түрлерi сияқты). Бейнелi ес, әсiресе көркемөнер кәсiбiмен шұғылданатын адамдарда өте жақсы дамыған. Мысалы Рафаэль өзiнiң сүреттерiн салғанда көз алдында оның бейнесiн көрiп тұрады екен. Осы бейнелеу естiң түрлерiн эйдетикалық ес (''эйдос'' грек сөзi - бейне) дейдi. Мұндай адамдарда әсерлер мен бейнелер көз алдында нақты елестетiп, олардың жеке қасиеттерi мен бөлшектерi айқын ажырата алады. Осы ес түрiнде адам бәрiнде өте жақсы есiне сақтай алады. Бұны тағы феноменалды ес дейдi. Әйгiлi композиторларда В.Моцартта, С.В.Рахманиновта, сүретшiлерде – Н.Ге, Г.Доре, Дж.Рейнолдста, колбасшыларда- Юлий Цезарда, Александы Македонскийда, Наполеон Бонапарртта осы ес түрi болған.

       Ал соқыр, саңырау адамдарды алатын болсақ, бұларда жоқ сезiмдердiң есесiне сипау, иiс, дәм естерi өте жақсы дамиды, басқа естердiң кемiстiктерiн толықтырады.

       Бейнелi-көрнекiлiк естiң сонымен бiрге қимыл-қозғалыс, эмоциялық-сезiмдiк түрлерi болады. Қимыл-қозғалыс есi дегенiмiз ойын, спорт, еңбек, оқу әрекеттерiне байланысты әр түрлi қимыл-қозғалыстар мен әрекеттердi есте қалдырып, оларды қайта жаңғыртып отыру. Естiң бұл түрi қозғалыс дағдыларын қалыптастырудың негiзi болып табылады. Мысалы, әрiптердi, сөйлемдердi жазу, суда шомылу, машинаны айдау. Калыптасқан дағдылар өмiр бойы есте сақталып келедi.

       Эмоциялық-сезiмдiк ес дегенiмiз бастан кешiрген түрлi сезiмдер мен эмоциялық күйлерiн есте қалдырып отыруы және қайта жаңғыртуы. Бұл естiң түрi, басқалармен салыстырғанды, әлде қайда күштi болады. Адам есiне ең жақсы сақталатыны ол бакстан кешiрген ең құанышты немесе өте қайғылы оқиғалары болады, өйiткенi сол кездегi сезiмдер мен күйлер өте қатты есте қалады. Бұл ес түрiнiң кәсiптiк жағынан театр немесе кино актерлардың жұмысына маңызы өте зор.  

       Есте сақтау, мерзiмiне қатысты: қысқа мерзiмдi, ұзақ мерзiмдi (түпкiлiктi ес) және оперативтi ес деп бөледi. Әсер еткен әр түрлi тiтiркендiргiштердiң немесе мәлiметтердiң бейнесi адамда алдыменен тұрақсыз, құбылмалы болып тұрады (көз алдында тұрғандай, құлағында әлi естiлiп тұрғандай, оқиға бiтседе ойымызда жалғасып жататындай). Еске қалдыру үшiн ең алдыменен бұл мағлуматтар жинақталынып алынуы керек. Оған бiр шама уақыт кетедi. Бұл уахытты iздердiң консолидациясы дейдi. Есте сақтаудың ерекше бұл түрiн қысқа мерзiмдi ес дейдi. Өмiрде уақытша ғана есте сақталатын әсерлер туралы ''алғашқы ес'' немесе ''шапшаң қөрiнiс'' деп те айтады. Көбiнесе бiр әрекетте ғана керектi болатын мағлүматты қысқа мерзiмде сақталуды оперативтi ес деп айтады. Мысалы, есеп шығарғанда ойда бiр сандарды үстау. Бұл сақталған нәрсе керектi болып саналатын болса, онда ұзақ мерзiмге есте қалады немесе мұлде ұмытылады. Оперативтi естiң көлемi 7-,+ 2 белгi болады.

       Ал қабылданған бейнелердi, құбылыстарды, тиiстi мағлуматтарды ерiксiз немесе арнайы амалдар арқылы ұзақ уақыт бойы есте сақтауды ұзақ мерзiмдi немесе түпкiлiктi ес дейдi. Бұл ес түрiнде адамның ең маңызды деп бағаланған (өзiнiң өмiрiне, кәсiбiне қатысты) нәрселер сақталынады. Мысалы, ''өзiнiң аты жөнi'', ''мектеп аяқтау күнi'', ''жақындарының тұған күндерi''. Бiрақ, ұзақ мерзiмдi есте саналы түрiнде жаңғыртылатын, маңыздылығын жоғалтқан, қосымша және керектi мәлiметтердiң де бiр процентi ұмытылып отырады.

 

 Естiң негiзгi процестерi мен механизмдерi

       Естiң негiзгi процестерi: есте қалдыру, есте сақтау, қайта жаңғырту, тану және ұмыту. Есте қалдыру дегенiмiз - жаңадан қабылданған бейнелер мен мәлiметтердi және олардың мәнiн есте бұрыңғы сақталғандармен байланыстырып отыруды айтамыз. Жаңа бiлiмдердi алуда және iс-әрекеттердiң жаңа түрлерiне ие болуда ол орын алады. Бiрақ есте қалдыруда әр нәрсе сақтала бермейдi. Бiр экспериментте адамдарға карточкалар берiлдi. Ол жерде сүреттер мен сандар болған. Бiрiншi зерттелiнүшiлiрге сол сүреттерде заттарды танысын деп тапсырма бердi, ал екiншiлерге сандарға қарап карточкаларды реттерiмен қойсын деген. Тапсырма бiткеннен кейi, карточкадағыны есiңiзге түсiрiңiзшi дегенде, бiрiншiлер тек сүреттердi, екiншiлер сандарды ғана түсiрiптi. Осыған орай, еске қалдыру әрекеттердiң мақсаттарыменен, мотивтерiменен және тәсiлдерменен айқындалынып отырады. Бұл есте қалдырудың таңдамалығын көрсетедi. Өйткенi адам бастан көшiргеннен және болмыстан өмiр мен тiршiлiкке қажеттi әсерлердi, бiлiмдердi және мәлiметтердi жадысына қалдыруды мақсаттайды. Арнайы есте үшiн мынадай шарттар қажет:

· Арнайы мақсат қою, оны меңгеруге ұмтылу;

· Есте қалдырудың қоғамдық, эксперименталдық мәнiнiң адам қажетiне байланысты болуы;

· Есте қалдыруды жоспарлап, iшiндегi ой түiндiлердiң мәнiн ашу, бiрiн бiрiмен байланыстыру;

· Мән-мағыналарды түсiну үшiн ойлау құбылысы мен ұштастыру;

 

· Қабылдаған нәрселердi өз сөзiмен құрастыру және өз ұғымдарыменен байланыстыру;

· Сапалы түрде қайталау. Мысалы, керектi мәлiметтi жаттағаннан кейiн, сақтау үшiн 40 минуттан кейiн тағы қайталау керек. Өйiткенi бiр сағаттан кейiн есте оқылған мәлiметтiң 50% ғана қалады екен. Содан, бiрiншi күнi 2-3 рет, екiншi күнi 1-2 рет, 3-7 күннен кейiн бiр рет қайталаса, бiрiншi күнi 100 рет қайталағаннан да артық болады екен.

Мұндай талаптарды орындау адамның есте сақтауын дамытып отыруына ықпалын көрсетедi.       Психологияда естi дамытуға арналған жаттау тәсiлдерiн – мнемоника немесе мнемотехникалар деп атайды. Солардың кейбiреулерi тақырыптың соңында берiледi.

Есте сақтаудың ерекшелiктерi болады. Психологтардың зерттеулерi бойынша мәлiметтiң басындағысы мен аяқталғандағысы есте жақсы сақталады екен. Сол үшiн маңызды және керектi нәрселердi жақсы есте қалдыру үшiн, мысалы, баяндаманың басына немесе соңына қою керек.

өзақ мерзiмдi есте сақталған мәлiметтердi қайта санаға келтiрудi қайта жаңғырту дейдi. Ол ерiктi және ерiксiз бола алады. Ерiксiз қайта жаңғырту дегенiмiз – мақсатсыз өзiмен өзi есiне түсұдi айтады. Арнайы қайта жаңғыртуда белгiлi мақсат болады және ерiк-күш жұмсалынып, арнайы әдiс-тәсiлдер қолданады. Қайта жаңғыртудың iшiнде тануды мен есте қайта елестетудi ажыратады.

Тану естiң бұрын қабылдағандарға кезiккенде көрiнетiн қайта жаңғыртудағы қарапайым түрi. Тану ұқсатумен байланысты болады. Мысалы, бiр нәрсенi есiне түсiргiсi келгенде, басқаларға ұқсатып барып есiне түсiредi. Тану айқын, айқын емес, толық,толық емес болады.

Есте қайта елестету  - бейне түрiнде жаңғыртуда айтамыз. Бұрын қабылданған нәрселер мен қазiр жоқ көрiнiстiң бейнесi еске түседi. Соған орай қабылданған нәрсенiң бейнесi елестейдi. Бұл елестетулердi сөз айтып та, пiкiрлем мен ой қорытындылары арқылы тудыруға болады және олар белгiлi уақытқа және белгiлi жерге байланысты болады. Елестер қайта жаңғырғанды, бiз қашан, қай жергде, қай кезде екенiн де есiмiзге түсiремiз.

Ұмыту. Кезiнде еспен айналысқан психолог А.Р.Лурия өзiнiң ''Үлкен естiң кiшкентай кiтабы'' деген жұмысында феноменальдi естiң иесi С.В.Шерешевский туралы әңгiмелейдi. Сонда ол кiсi 50-100 саннан түратын қатарларды және сөздердi еске сақтай алатын екен. Қалаларда сол қабылетiн елге көрсетiп сахынаға шығатын. Бiрақ оның кемшiлiгi, еске сақтағанды ұмыта алмайды екен. Бұл әрекеттке ол әдеi үйренүге мәжбүр болды. Сонымен, еске сақталғандардың кей бiреүлерi жақсы сақталады, кейбiреүлерi оңай ұмытылады.

ұмыту дегенiмiз - қабылдағанды, еске қалдырғандарды қажет болғанда еске түсiре алмау, танымау немесе еске түсiру мен танудың қателесiп жаңылысуы. Сонда миға келген мәлiметтiң барлығын есте сақтай бермей, керегiн қалдырып, маңызы жоғын ұмытамыз. З.Фрейдтiң айтуы бойынша, адамның атына кiр келтiретiн, адамгершiлiкке қарсы тұрған, ар-намысқа сәйкес келмейтiн өткен уақиғалар ұмытылады екен. Олар әр кезде мазасыздану немесе адам жанына ауырлық әкеледi де адам есiнен ығыстырылады екен.

өмытудың себептерiн көбiнесе жүйке қызметiнiң қүйлерiне және мәлiметтiң эмоцианалдылығымен байланыстырады. Мысалы, көп жұмыс iстеп шаршағанда, көп уақыт үйықтай алмағанда немесе ауырғанда, адам өте ұмытшақ болады. Қартайғанда да адам жүйесiнiң нашарлауна орай, склероз деген ұмытшақтың аурыу дамуы мүңкiн.

Бiрақ ұмыту дегенiмiз ол тек қана еске сақтаудың нашарлауы емес. Егер мұғалiм сабақты түсiндiргенде оқытушының берiлген бiлiмге қызығуы болмаса, бала көбiсiн ұмытып кетедi. Өйiткенi эмоцияға байланысқан мәлiметтер жақсы сақталады және қайта жаңғыртылынады. Бұның табиғи себебi болады. Эмоция тәнмен тығыз байланысты болғанымен, ми адамға керектiсiн қана сақтап отырады, басқасын ұмытуға жiбередi. Агата Кристи айтқанындай: ''Сенсациялар тез құрап қетедi, қорқыныш болса ұзаққа қалады''.

Әр түрлi травмалар немесе ауралар естiң бұзулуына әкелүi мүңкiн. Сол кезде естiң жоғалуын – амнезия дейдi. Бұл құбылыстар мидағы тежеу, өшу заңдылықтарына байланысты. Бiрақ өшкен, ұмытылған байланыстар бiр кезде жаңғырып, еске түседi. Бұны – реминисценсия дейдi. өмыту – жүйке клеткаларындағы тежелеу процестерiнiң дамуы. Осыған орай, уахытша ұмытуды сақтық тежеу дейдi. Адамның бұрынғы iс-әрекетi қазiргi есте сақтау жұмысына бөгет болып ұмытуға әкелсе, оны проактивтiк (тежелеу ''алдын ала әрекет ету'') дейдi. Ал кейiнгi iс-әрекеттiң бұрыннан есiнде сақталғандарына керi әсер етсе, ретроактивтi тежелеу (''артқа қарай әрекет ету'') дейдi. Мұндай ұмытудың көрiнiстерi бiр-бiрiне жақын материалдарды үйренуде жиi кездеседi. Оқу жұмысында, сабақ кестесiн жасауда осы мәселенi ескеру қажет.

 

Естiң индивидуалды ерекшелiктерi және дамуы

       Естiң генетикалық және иммунитеттiк түрi адамға туылғанында берiледi, ал нервтiк түрi өмiр бақи қалыптасады және дамиды. Бiр-екi айлық балалар ең алдыменен анасын, соңынан басқаларды тани бастайды. Сол кезiнде үй iшiндегiлердiң бiреусi үш немесе көп күнге дейiн көрiнбесе, бала оны ұмытып кетедi екен. Балада естiң тану түрi бiрiншi дамиды екен. Зерттеулерге қарағанда, 3 жасар бала, жарты жыл бұрын көрген заттарын тани алса, 4 жасар бала бiр жыл бұрын, 6 жасар бала бiр жарым жыл бұрын көрген заттарын танитын көрiнедi. Мектеп жасына дейiн балаларда көбiнесе эмоциялық және эйдетикалық есi болады. Есте сақтағандарының көбiсi ұзақ мерзiмдi сақталады. Жастайынан балаларға тақпақтарды, өлеңдердi жаттатып, қайталау, айтылған ертегiлердi, әңгiмелердi айтып берүдi сүрау – естi дамытуының басты шарттары. Бұл балалардың есте сақтау және қайта жаңғыртулары ерiксiз болып келедi. Ал мектепке келгеннен кейiн балаларда ерiктi, сөздiқ -мағыналық, логиқалық естi мұғалiмдер түрлi шаралармен дамытады. Естi тәрбиелеу дегенiмiз, есте қалдыру, қайта жаңғырту жаттығуларының әдiстерiн дұрыс жолға қойып орындауымен байланысты және сонымен естiң көлемiн нығайту. Егер жаттаудың жүесiн жақсы бiлсе және орындаса, жаттағанды еске түсiруi де еске қалдыруда зор нәтижелi болмақ.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: