Жалпы емдеу принциптері

Хирургиялық әдіс. Ісік қантамырға, жүйке талшықтарына, сүйекке көшсе және оның көлемі ұлғайып асқынса: қан кету, іріп-шіру, айналасындағы тіндер бұзылып, тұрақты ауырсыну сезімі болса, онда мүше сақталатын операцияны қолдануға болмайды. Мұндайда, аяқ, қол мүшелері түгелімен буын деңгейінде сылынады.

 Сәуле әдісі операцияға қосымша көмек ретінде, ол операциядан кейін, немесе оның алдында қолданады. Сәуле мөлшері операциядан кейін 50-60 Гр аспайды. Тиімдісі- оны операция алдында қолдану болып табылады. Жұмсақ тін саркомасы сәуле шоқтарына әртүрлі сезімтал келеді. Өте сезімтал келетіндер- ангиосаркомалар және қатерлі гистиоцитомалар.

Химиотерапия әдісі жұмсақ тін саркомасында жиі қолданылады. Адьювантты химиотерапия, ісіктің қайта қозуы мен бөгелме ісік санын кемітуге әсер етеді. Бұл мақсатта доксорубицинді, ифосфамид, цисплатин, дакарбазин қолданады, бұлардың қосарланып қолдануы өте нәтижелі келеді.

  Қазір мына үлгілер тәжірибеде жиі қолданады:

АД (адриамицин мен дакарбазин),

CyVaDic (циклофосфан, винкристин, адриамицин және дакарбазин),

CAPO (цисплатин, адриамицин, винкристин және циклофосфан).


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: