Радионуклидті зерттеулер

Цифрлы технологиялар

● компьютерлік томография (КТ, МСКТ)

● сонография, допплерография

● магнитті-резонансты томография (МРТ)

● есептеуші рентгенография

● есептеуші ангиография (АГ)

● есептеуші сцинтиграфия

● позитронды эмиссионды томография (ПЭТ)

Рентгенологиялық диагностиканың әдістері

  1. Негізгі әдістер – рентгенография және рентгеноскопия.
  2. Томография (қабатты зерттеу) –сызықтық томография және компьютерлік томография.
  3. Контрасты зерттеу әдістері
  4. Интервенционды рентгенология

Компьютерлік томография

Компьютерлік томография кезінде детекторлар дененің зерттелуші бөлігінің әрбір бөлшекті көлемімен жұтылған рентгендік кванттардың сандарын тіркейді. Ерекшеленген кесінді тіннің кішкентай тікше пішіндері (вокселдер) түрінде қарастырылады.Әрбір детектор осы жағдайдағы тікше пішіндегі сәуленің жұтылуын бағалайды. Компьютер жұтылған энергияның орташа көлемін санап,былайша айтқанда,барлық тікше пішіндердегі сәуленің жұтылу коэффициенттерінің картасын жасайды.

Жұтылудың салыстырмалы көлемдерін бағалау үшін Хаунсфилд шкаласы қолданылады. Хаунсфилд шкаласы бойынша 0-ге тазартылған су тығыздығы, +1000-ға – тұтас сүйек тіні тығыздығы,-1000-ға – ауа тығыздығы тең деп саналады.

Көпқатпарлы КТ алу негізі.

  1. Шешілуге жоғары қабілеттілік
  2. Кескін алудың жоғары жылдамдығы
  3. Зерттелуші аумақтың үлкен созылғыштығы

● Кішкене құрылымды кескіндерді алуда жақсы нәтиже

● Сүйек тінінің минералдық қанығуын зерделеу

Ультрадыбысты диагностика

Ультрадыбысты диагностика тіндердің ультрадыбысты толқынды бейнелеу қабілетіне негізделген.Ең үлкен ультрадыбысты қарсылық, яғни импеданс, екі ортаның шекарасында туындайды – сұйықтық және тығыз тін, ауа және тығыз тін. Қабылдағышта бейнеленген сәулелену сигналы электрлік сигналға ауысады, одан соң ол мониторда жарықтанушы нүктелер түрінде пайда болады.Жарықтанушы нүктелердің жарықтығы эхосигнал қарқындылығына байланысты.

Негізінен- тығыз орталар ультрадыбысты бейнелейді, сұйық орталар ультрадыбысты өткізеді, газотәрізді орталар ультрадыбысты өшіреді.Осылайша, ультрадыбыс сұйықтық пен тығыз тіндерді дәл ажыратуға мүмкіндік береді.Сұйықтықты визуализациялау мүмкіндігі ультрадыбысты диагностиканың басқа әдістермен салыстырғанда үлкен артықшылығы болып табылады.

УДЗ кезіндегі кескінді сипаттаушы негізгі белгілер болып эхогенділік немесе анэхогенділік табылады. УДЗ кезіндегі патологиялық өзгерістердің симптомдары болып қалыпты тіннің гипер-, гипо- и анэхогенді түзілістері табылады.

УДЗ-ның 3 әдісі клиникада кең тараған:

  1. Бір өлшемді зерттеу (эхография)
  2. Екі өлшемді зерттеу (сканирлеу, сонография)
  3. Допплерография.

Негізгі клинико-эхографиялық синдромдар:

● ағзаның паренхимасының диффузды қалыңдауы;

● тығыз ошақ;

● қуыс.

Магниттік – резонансты томография

Компьютерлік томографиямен салыстырғандағы магнитті-резонансты томографияның артықшылықтары:

  1. Жоғары шешу қабілеті.
  2. Сәулелік әсері жоқ.
  3. Ақ-қара кескіннің әртүрлі түстілігі.
  4. Алдын-ала дайындалуды қажет етпейді (премедикация және контрасты заттар).
  5. Кескіндер қалыңдығы 5-6 см,кескіндер араларындағы қашықтық 1 мм.

Салыстырмалы қарсы көрсеткіштері: жүктіліктің бірінші триместрі, бірақ тератогенді әсер анықталмаған.

Абсолютті қарсы көрсеткіштері:

● бөгде металлды денелердің болуы

● электрокардиостимулятордың болуы

● инсулинді помпаның болуы

Магниторезонансты томография кезінде радиожиілікті толқындардың (және статикалық магниттік аудандардың) атомды ядромен қарым-қатынасы болады.

Магниторезонансты визуализация физикалық эффект нәтижесінде болады –ядролардың күшті кернеулікті (тұрақты) магнитті аудан векторы айналасындағы процессиясы.

Сыртқы электромагнитті сигналды өшіргеннен кейін ядролар өздерінің алғашқы қалыптарына келеді және бұл кезде электромагнитті толқынды шашады.

МР-антенна немес қабылдаушы катушкамен тіркелетін сигнал қарқындығы,МР-кескінді алудың негізі ретінде қолданылады.

Рентгенодиагностикадағы контрасты заттар

Рентгенонегативті контрасты заттар:

● ауа, көмірқышқыл газы, оттегі және басқа газ тәрізді заттар.

Рентгенопозитивті контрасты заттар:

● Иодты су ерітінділер;

● иодты майлы ерітінділер;

● өлшемдер (взвеси)

Суда еритін контрасты заттар

● Ионды – урографин,гипак

● Ионды емес – ультравист,омнипак, магневист, визипак

Контрастылау әдістері:

  1. Тура, ол кезде контрасты зат тікелей тамыр немес қуыс ішіне енгізіледі.
  2. Концентрация және элиминация принциптері бойынша контрастылау, ол кезде контрасты заттың немесе мүшеде таңдамалы жиналып, одан кейін функциональды анатомиялық жолдар арқылы шығарылады.

РАДИОНУКЛИДТІ ЗЕРТТЕУЛЕР

  1. Гамма-сцинтиграфия
  2. Бірфотондық эмиссионды томография
  3. Позитрондық эмиссионды томография

Позитронды эмиссиялы томография (ПЭТ) – сәулелі диагностиканың жаңа функциональді әдісі, ол радиофармпрепараттарды (РФП), таңбаланған қысқа өмір сүруші сәулелеуші радионуклидтерді пайдалануға негізделген.

Денситометриялық зерттеу

Сүйек тінінің минералды тығыздығын анықтайтын инвазивті емес зерттеу тәсәлі.

Денситомерия түрлері:

Сандық ултрадыбыстық денситометрия

Екіэнергиялы рентгендік абсорбциометрия

Сандық МРТ

Сандық КТ

 

 

2. Қосымша физикалық зерттеу әдістері: рентгеноскопия және рентгенография, электромиография және радионуклидтік зерттеу әдістері. Көрсетілімдері, қарсы көрсетілімдері, зерттеуді жүргізу шарттары.

Рентгеноскопия (рентген сәулесімен ағзаны көзбен көре отырып тексеру) және рентгенография (рентгенге түсірілген сурет алу) ең көп тараған және классикалық зерттеу әдістері, бұлардың маңыздары өте зор. Рентгеноскопия кезінде ауруды түрлі бағытта (проекцияда-тіке, бүйірінен, қиғаш және т.б.) немесе орында (тұрғанда, жатқанда, бір бүйіріне аунағанда және т.б.), яғни бірнеше проекцияда зерттеуге толық мүмкіншілік береді.

Рентгеноскопияның түрлері:

флюороскопия − рентген түтігін электр энергиясын беретін жүйеге қосқан кезде флюоресценция беретін экранда зерттеулі адамның позитивтік (оң) көлеңкесінің жалпақ суреті пайда болады (ыңғайсыз жері-көзді қараңғыға жақсы үйретіп алып экранға қарау керек);

флюоресценция беретін экранның орынына денеден өткен сәуленің жарықтығын үдететін аспап (РСҮ-рентген суретін үдеткіш электронды-оптикалық құрал) қолдану арқылы көлеңкеден тұратын суреттің жарықтығын 1-2 мың есе көбейтуге болады (пайдасы-бөлмені қараңғылау керегі жоқ, аурудың жағдайын байқап отыруға болады; ыңғайсыз жері көрінетін сурет оптикалық бірнеше рет кішірейтілген, зерттеуші аурудан алшақталған, ауру адамға өз қолымен тексеру жасай алмайды);

рентгенотелевизиалық скопия − рентген сәулесін үдететін аспапқа теледидардың камерасын жалғастыра орналастыру арқылы аурудың мүшелерінің рентгендік позитивті көлеңкесінің жалпақ суретін теледидар арқылы зерттеу

Рентгенография − рентген сәулесінің көмегімен жарық сезгіш (рентгенпленка − екі жағына күмістің тұздары жағылған қабыршақ, электрондық жартылай өткізгіштер; газды немесе фотодиодты сцинтиляторлар және т.б. жарық сезгіштер, яғни детекторлар) құрал қолдану арқылы зерттелуші адамның мүшелерінің рентген суретін алу әдісі. Рентгенография мүшенің рентгеноморфологиясын зерттеуге мүмкіндік береді. Рентгенограмма – заңды құжат, дерттің өзгерістерін уақыт өткеннен кейін салыстырып зерттеуге болады, оның сезімталдығы рентгеноскопияға қарағанда бірнеше саты жоғары. Тыныс алу мүшелерін рентгенография жасағанда зерттелуші адамды рентген түтігінен 1,8-2,0 метр қашықтықтан түсірген жөн (мүшенің көлеңкесі мен оның көлемінің мөлшері теңесуге жақындайды), түсіретін уакыт 0,05 секундтен аспауы керек,түсіру кезінде ауру демін ішіне толық алып демін тоқтатқан жөн. Түсіру бағыттары-тікелей, бір бүйірінен, қиғаш, кейбір кезде нысанаға алу (рентгеноскопия кезінде көздеп түсіру тәсілі). Рентгенографияның озық (прогрессивтік) түрі – санды (цифрлы) рентгенография. Жүректі стандарттық бағыттарда (тікелей, оң қиғаш, сол қиғаш, сол бүйірінен) зерттейді. Рентгенограмманы түсіретін уақыт 0,01-0,02 секундтен аспауы керек

Цифрлы рентгенографияның артықшылықтары мен кемшіліктері

АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:

● Жоғары нәтижелілік (кассеталар мен химиялық өңдеудің болмауы).

● Қоршаған орта мен денсаулыққа жақсы әсер етуі (химикалийлермен қарым-қатынас жоқ).

● Қайта түсірілімдер санының азайтылуына байланысты, науқастың сәулеленуінің азаюы.

● Телемедицинаны және PACS қолдануда артықшылықтары.

КЕМШІЛІКТЕРІ:

● Жабдық бағасының қымбаттығы.

 

Электромиография — бұлшық еттің электрофизиологиялық белсенділігін анықтау мақсатында биопотенциалын жазу. Бұлшық еттің сау және сырқат қалпын тексеретін ортодонтиялық тәсіл.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: