Выведение (экскреция) лекарственных веществ из организма 15 страница

Жанама әсерлері: бас ауруы, жүрек айнуы, құсу, бас айналу, кеуде тусының ауыруы, кейде қышқыл-негіз балансының бұзылуы (алкалоз және ацидоз болуы мүмкін).

Қарсы көрсеткіштері: бүйректің зәр шығару функциясының бұзылуы. Жүрек жеткіліксіздігі және бүйрек жеткіліксіздігінен туындаған ісіну кезінде қолданылмайды.

Өсімдіктекті зәр айдағыш препараттар ретінде: аюқұлақ жапырақтары, қайың бүршігі, бүлдірген, дала қырықбуыны және т.б. өсімдіктерден алынған заттар пайдаланылады.

МИОМЕТРИЙГЕ ЭСЕР ЕТЕТІН ЗАТТАР

Рефлекторлы және нейрогуморалды факторлар жатырдың тонусы мен моторлық белсенділігін қамтамасыз етеді. Жатыр бұлшықеттері автоматты және ырғақты түрде жиырылады. Жүкті жатыр жоғарғы жиырылғыштық қасиетімен сипатталады. Жатыр бұлшықетінің спонтанды белсенділік негізінде жасуша мембранасының натрий иондарына деген өткізгіштігінің жоғары болуы жатыр.

Миометрий тонусы мен жиырылғыштық белсенділігіне әсер ететін дәрілік заттар мынадай топтарға бөлінеді:

• Негізінен миометрийдің жиырылғыштық белсенділігіне әсер ететін заттар.

-  Күшейтетін:

· биогенді заттар: окситоцин, дезаминоокситоцин, питуи­трин, динопрост (простагландин Ғ2а), динопростон (про- стагландин Е2);

· нейрогенді: а-адреномиметиктер, М — холиномиметик- тер және т.б.

-  Әлсірететін:

· негізінен β2-адренорецепторларды ынталандыратын зат­тар: фенотерол, сальбутамол;

· наркозға арналған заттар: натрий оксибутираты;

· әр түрлі: магний сульфаты.

• Негізінен миометрий тонусын арттыратын заттар:

Атқарушы ағзалар мен жүйелердің қызметін реттеуші дәрілік заттар

- Өсімдіктекті препараттар: эргометрин малеаты, қара күйе сығындысы, эрготал.

- Синтетикалық заттар: котарнин хлориді.

•  Жатыр мойны тонусын азайтатын заттар: атропин сульфаты, динопрост, динопростон.

Окситоцин — гипофиздің арқы бөлігінде түзілетін гормон. Мембраналардың К ионына деген өткізгіштігін арттырады, мио­метрий жасуша мембранасының қозғыштығы артады (жатырдың тегіс салалы бұлшықетіне тікелей әсер етпейді). Окситоцин жатыр денесінің жиырылуын тудырады, бірақжатыр мойыны босаңсиды. Оған, негізінен, жүкті жатыр сезімтал, препарат әсері жүктілік мерзімі артқан сайын өседі және босану кезінде ең жоғарғы деңгейге жетеді. Жоғары дозада миометрий тонусын арттырады. Сондай-ақ, сүт секрециясына ықпал жасап, (гипофиздің алдыңғы бөлігінің лактогенді гормоны — пролактиннің босап шығуы артады) оның бөлінуіне ықпал жасайды. Селективті әсері бар, текәлсіз литидиуретикалық әсер көрсетеді. АҚ-на айтарлықтай әсері жоқ, тек біраз көтеруі мүмкін. Әсері 1—2 минутта дамып, ұзақтығы — 20—30 минутқа созылады. Босануды ынталандыру және қоздыру үшін, көп мөлшерде — босанғаннан кейінгі қан кету мен жатыр атониясында, лактацияны күшейту үшін қолданады. Көктамырға тамшылатып енгізеді.

Қарсы көрсеткіш: жатырдың жыртылуына қауіп туғызатын ұрық мөлшерінің жамбас өлшемімен сәйкес болмағанында, ұрықтың қиғаш және көлденең орналасуында, кесарь тілігінен кейін жатырдағы тыртықтардың болуында.

Сонымен қатар, окситоциннің синтетикалықпрепараттары да пайдаланылады: дезаминоокситоцин — окситоцинге қарағанда белсенді. Буккалды немесе сублингвалды қолданады. Жақсы сіңеді. Ол жатыр инволюциясын жеделдету және лактацияны ынталанды­ру үшін пайдаланылады.

Питуитриннің әрекет жасаушы заттары окситоцин және вазопрессин болып табылады. Бұл ірі қара мал гипофизінің артқы бөлігінің сулы сығындысы болып табылады. Артериялық қан қысымың (АҚ) арттырады.

Бұл топ препараттарынан простагландиндердің препараттары — динопрост және динопростон жақсы танымал.

Динопрост (простагландин Ғ2α) эндогенді окситоцин бөлінуін ынталандырады, тікелей гипофизге әсер етіп, миометрийдің окситоцинге деген сезімталдығын арттырады. Динопрост жүкті және жүкті емес жатырдың жиырылуын және тонусын арттыра­ды, жатыр мойынының ашылуына ықпал етеді. Оның окситоцинмен
салыстырғанда жанама әсерлері аз және толықкөпіршікті ұрық қаптың босануын ынталандыру үшін қолданылады. Жүрек шығарымын және жүрек ырғағын жылдамдатады. Акушерлік тәжірибеде қолданылатын дозада жүйелі артериялық қан қысымына әсері жоқ, ал көп дозада оны арттырады. Қан тамырларының өткізгіштігін арттырады. Сары дененің дегенерациясын туғызады (лютеолитикалық әсері).

Жеке фармакология

Пайдалану көрсеткіштері: медициналык аборт, босануды жеделдету. Көктамырға, бұлшықетке, экстра, интраамниалды, интравагиналды, интрацервикалды енгізеді.

Жанама әсерлері: жүрек айнуы, кұсу, диарея, тахикардия, бронх тонусын арттырады, әсіресе бронх демікпесі (бронхоспазм) бар науқастарда көктамырға енгізгенде — флебиттер (тітіркендіргіш әсері), дене қызуының жоғарылауы мүмкін.

Қарсы көрсеткіштер: жатырында тыртығы бар жүкті әйелдер, анатомиялық және клиникалық таржамбастылық, қан айналым жүйесінің ауыр аурулары; қан айналу жүйесі, бауыр, бүйрек аурулары, бронхоспазмға бейімділікте, глаукомада көз ішілік қысымды арттыруы мүмкін).

Динопростон (простагландин Е2) динопрост сияқты әсер етеді, бірак оған қарағанда, артериялық қан қысымын төмендетеді (жалпы перифериялық қарсылықты азайтады), компенсаторлықтахикардия туғызады, өкпе тамырлары мен бронхты кеңейтеді, капиллярлардың өткізгіштігін арттырады. Асқазан бездерінің секрециясын тежейді. Ішке тағайындауға болады.

Простагландиндердің окситоциннен айырмашылығы: жатыр мойының босаңсытады, жаңа туылған сәбилерде сарғаюды болдырмайды, ағзада суды ұстап қалмайды. Әсері салыстырмалы ұзақ (миометрий жиырылуын шектен тыс ынталандыруы мүмкін, ал ол жатыр мен плацентаның қанмен қамтамасыз етілуін бұзады).

Кейінгі кездері простагландин Е2 — простенон препараты ойлап табылған. Әсері жағынан динопрост және динопростонға ұқсас. Сонымен қоса гипотензивті әсер көрсетеді. Босануды ынталандыру және қоздыру үшін қолданылады, сондай-ақ гипертониялықауруларды емдеу және гипертониялықкриздерді тоқтату үшін, жедел бүйрек жеткіліксіздігі кезіндегі кешенді терапияда (несеп шығаруды қалпына келтіру үшін) қолданылады. Жанама әсерлері: простагландиндердің басқа препараттарына ұқсас.

Миометрий жиырылу белсенділігін әлсірететін заттарға (токолитикалықзаттар) β-адреномиметиктер — фенотерол, сальбутамол жатады. Олардың әсері өте жоғары болып табылады, бірақ олар селективті әсер етеді. Сондықтан, β-рецепторларды
ынталандырумен байланысты жанама әсерлер дамиды — ана мен ұрықтағы тахикардия, ұрық гипергликемиясы.

Атқарушы ағзалар мен жүйелердің қызметін реттеуші дәрілік заттар

Фенотерол (партусистен) — көктамырға тамшы және ішке таблеткалар түрінде тағайындайды. Энтералды қабылдағанда сальбутамолға қарағанда жылдам және қысқа мерзімді әсер етеді. Жанама әсерлері: тахикардия, қол треморы, бұлшықет әлсіздігі, АҚ төмендеуі, тершеңдік, жүректің айнуы, құсу.

Қарсы көрсеткіштер: жүрек кемістігі, тиреотоксикоз, глаукома.

Кейінгі кездері клиникалық практикада сальбутамолды әрекеті ұқсас сальбупрат қолданылады. Жүкті жатырдағы операцияларда, мерзімінен бұрын босанудың қаупін тоқтату үшін қолданылады. Сонымен қатар, мерзімінен бұрын босануға қауіп болғанда, өткір жатыр ішілік ұрықтың асфиксиясында, босану кезіндегі дискоординация кезінде, операция алдындағы араласуларда (жатыр мойнын кескенде, кесарь тілігінде) ішке және көктамырға гинипралды (гексопреналин) енгізеді.

Сондай-ақ, босануды әлсірету үшін Са2+ иондарының антагонисі — магний сульфаты да колданылады, ол миометрий жасушаларына аталған иондардың енуін бұзады. Миометрийге тікелей ингибиторлык әсер көрсетеді. Осы мақсатта миометрий қозғыштығын басатын гестагендер (оксипрогестерон капронаты) жиі колданылады.

Негізінен, миометрий тонусын арттыратын заттар миометрий тонусының тұрақты артуын және ұсақ тамырлардың тарылуын қамтамасыз етеді, нәтижесінде қан кету тоқтайды. Бұл топтың препараттары қара күйе алкалоидтары болып табылады — пайдаланылатын есірткі осы топты бастаушы — эргометрин малеаты, қара күйе қою сығындысы,эрготал (алкалоидтардың коспасы). Бұл топ алкалоидтарының эрготамин және эрготоксинді жоғары дозада ішке қабылдағанда α-адреноблокаторлық қасиеттері көрінеді. Эргометриннің осы топтағы баска препараттарынан айырмашылығы, ішке қабылдау кезінде тиімді және α-адреноблокаторлық әсер көрсетпейді, қантамырларына зиянды әсері аз. Препаратты жатырдың субинволюция кезіндегі қан кетуін тоқтату үшін қолданады. Эрготал мигрень кезінде қолданылады (тамырлардың пульстік тербелісін азайтады).

Қара күйе алкалоидтары ОЖЖ әсер етеді: тыныштандырғыш, вазомоторлық орталықты тежейді, тамыр тарылтатын рефлекстерді басып тастайды, құсу орталығының триггер аймағын және кезбе нерв орталықтарын ынталандырады.

Жанама әсерлері: жүрек айнуы, кұсу, іш өту, бас ауыруы. Жедел улану кезінде: қозғалыс бұзылыстары, құсу, іш өту, эпигастрий аймағындағы ауырсыну, тахикардия, сезгіштік бұзылыстары.

Ұзақ пайдалануда эрготизм (созылмалы улану) дамиды. Қарсы көрсеткіштер: жүктілік және босану.

Жеке фармакология

Синтетикалық препарат — котарнин хлориді қазір сирек пайдаланылады. Оны босанудан және аборттан кейінгі жатырдың субин- волюциясында, меноррагияларда және басқа да менструалды цикл бұзылысына байланысты емес қан кетулерде колдан уға болады.

Клиникалық тәжірибеде, сондай-ақ, өсімдіктекті препараттар қолданылады: бөріқарақат жапырақтарының тұнбасы т.б. пайдала­нылады.

АЛМАСУ ҮДЕРІСТЕРІНЕ ЭСЕР ЕТЕТІН ДӘРІЛІК ЗАТТАР

ҚАН ЖҮЙЕСІНЕ ӘСЕР ЕТЕТІН ЗАТТАР

•  Қан жасалуын реттейтін препараттар.

•  Гемостазға әсер ететін заттар.

Қан жасалуға әсер ететін заттар

Қан мүшелер арасындағы өзара байланысты камтамасыз етеді, оның сұйық бөлігі — плазмадан және формалық элементтерден (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер) тұрады. Эритроциттердің негізгі кызметі өкпе альвеоласына тіндерден көмірқышқыл газын әкеліп, альвеолалардан оттегіні тасымалдау болып табылады. Өкпеде оттегі гемоглобиннің теміріне қайтымды қосылып, оксигемоглобин қалыптастырады. Үлкен қанайналым жүйесіндегі капиллярда оттегіні тіндерге беру үдерісі жүреді. Эритроциттердің санының өзгеруі қан түзуші мүшелердің ауруларында пайда болуы мүмкін. Эритроциттердің санының азаюы анемия, ал көбеюі — полицитемия деп аталады.

Анемияның ішінде, негізінен, дәрілік заттармен түзетуге гипохромды және гиперхромды анемиялар ұшырайды. Гипохромды анемия гемоглобин концентрациясы мен түсінің төмен көрсеткіштерімен сипатталады (эритроциттердің гемоглобинмен қанықтығын сипаттайды). Анемияның бұл түрі темір тапшылығына негізделген. Гиперхромды анемия эритроциттердің саны жағынан азаюымен, түс көрсеткіштерінің артуы және эритроциттердің патологиялық түрлерінің пайда болуымен сипатталады.

Қан жасауды реттейтін препараттар мынадай топтарға бөлінеді:

•  Эритропоэзге әсер ететін заттар.

- Эритропоэзді ынталандыратын заттар:

v гипохромды анемияларда (темір тапшылығы) колданылады: темір препараттары, темірдің тотыққан

сульфаты, ферроплекс, ферамид, ферковен, феррум-лек; кобальт-коамид препараты;

Алмасу үдерістеріне эсер ететін дәрілік заттар

❖ кейбір созылмалы аурулардан туындайтын анемияларда қолданылатын препараттар: эпоэтин альфа;

❖  гиперхромды анемияларда қолданылатын: цианокобаламин, фолий қышқылы.

- Эритропоэзді тежейтін заттар: натрий фосфатының ерітіндісі, фосфор-32, имифос.

• Лейкопоэзге әсер ететін заттар.

- Лейкопоэзді ынталандыратын заттар: натрий нуклеинаты, пентоксил, метилурацил.

- Лейкопоэзді тежейтін заттар: цитостатиктер («Ісікке қарсы заттар» қараңыз).

Аталып өткендей, темір тапшылыкты гипохромды анемияны емдеу үшін темір препараттары қолданылады. Темір ағзаға өмір сүру үшін өте қажет элемент болып табылады. Темір ішекте тек екі валентті (оксид) түрде ғана сіңіріледі. Оның калыпты сіңуі үшін асқазанның тұзкышкылы болуы тиіс, ол темірді иондық түрге түрлендіреді. Содан кейін, аскорбин кышқылының қатысуымен темір қайтадан қалпына келеді, яғни оксид түріне ауысады. Аш ішек пен он екі елі ішекте темір оксиді апоферритинге қосылып, ферритин қалыптасады. Ферритин қаі іға сіңіріледі де, ақуыздармен қосылыс түзіп, қан ағымымен сүйек кемігіне, көкбауырға және бауырға жеткізіледі. Осы темір қоры эритропоэз ынталандыру үшін пайдаланылады.

Негізінен, темір препараттарынан пайдаланылатындары: темір оксидінің сульфаты, ферроплекс (құрамында темір сульфаты мен аскорбин қышқылы бар), феррамид (темірдің никотинамидпен түзген кешенді препараты), ферковен (қүрамында темір мен кобальт бар, ол темірдің гемоглобин молекуласына енуіне көмектеседі), феррум-лек (темірдің мальтозамен құрған кешені).

Темір препараттар темір тапшылықты анемияда, жұкпалы ауруларда (темірдің шығыны көп) және т.б. тағайындалады. Көктамырға немесе бұлшықетке енгізіледі. Таблеткаларды шайнамай жұту қажет. Ішке қабылдаған кезде диспепсиялық бұзылыстар, іш қату болуы мүмкін, себебі темір ішектегі күкіртті сутегін (ішектің табиғи коздырғышы) байланыстырады. Темір препа­раттары ауыз қуысындағы күкіртті сутекпен әрекеттесіп, темір сульфидін қалыптастырады да, тістерді қарайтады. Сондықтан, оларды қабылдағаннан кейін ауызды мұқият шаю керек. Қазіргі уақытта препараттарды, негізінен, парентералды қабылдау арнайы нұсқаулар бойынша жүзеге асады (асқазан, ішек резекциясынан кейін; созылмалы энтероколитте; оларды ішке қабылдау кезіндегі кәтере алмаушылық және сол сияқты жағдайларда).

Созылмалы аурулардан туындайтын кейбір анемия кезінде адамның рекомбинантты эритропоэтині — эпоэтин альфа қолданылады (созылмалы бүйрекжеткіліксіздігі, ЖҚТБ-мен, катерлі ісіктер, ревматоидты артрит), олар қанның қызыл клеткаларыныц пролиферациясын және дифференциациясын ынталандырады.

Гиперхромды анемияларда: цианокобаламин және фолий қышқылын колданады.

Цианокобаламин ағзаға қоректік заттармен (жануартекті) түседі және аш ішекте сіңеді. Қалыпты сіңірілу үдерісі асказанның шырышты қабаты бөліп шығаратын гастромукопротеин болып табылатын, ішкі Касл факторына тәуелді. Осы фактордың болмауынан цианокобаламин сіңірілу бұзылыстары туындайды. Осындай пациенттерде эритроциттердің пісіп жетілу үдерісі бұзылады, қан көрінісі өзгереді. Жүйке жүйесінің патологиялық өзгерістері байқалады, асқазан сөлінің ахлоргидриясы байқалады.

Қолданылуы: цианкобаламин гиперхромды (қатерлі) анемияда пайдаланылады. Ол қанның көрінісін қалыпка келтіреді, жүйке жүйесінің бұзылуларын жояды. Сондай-ақ радикулитте (миелин, холин синтезін арттырады) және бауыр ауруларында пайдаланы­лады. Жанама әсерлері: аллергиялық реакциялар, жүйкенің козуы, жүрек тұсындағы ауыру, тахикардия.

Фолий қышқылы организмде тетрагидрофолий (фолий) кышкылы түрінде қалыпқа келеді. Фолий қышқылы эритро-, лейко және тромбоцитопоэзді ынталандырады. Макроцитарлы гиперхромды және перницинозды (қатерлі) анемия кезінде фолий қышқылын В12 дәруменімен бірге тағайындайды.

Эритропоэзді тежейтін заттардан казіргі таңда имифос қолданылады, ол миелоидты тіндегі нуклеин қышқылдарының синтезін басып, жасушалардың бөлінуін тежейді. Оны полицитемияда (эритремия) қолданады. Фосфор-32 таңбаланған натрий фосфатының ерітіндісі, лейкозогенді әсеріне байланысты іс жүзінде қолданылмайды.

Лейкоциттер организмде фагоцитарлы рөл атқарып, организмнің қарсы тұру қабілетін арттыратыны белгілі. Вирусты және ауыр бактериялық инфекциялар кезінде, В12-жеткіліксіздікті анемия немесе кейбір дәрілік заттарды (мысалы, сульфаниламиды препараттарды, антитиреоидты заттарды және т.б.) қолданғанда лейко­циттер санының төмендеуі лейкопения деп аталады. Лейкопения кезінде лейкопоэзді ынталандыратын заттарды қолданады, оларға: натрий нуклеинаты, пентоксил, метилурацил жатады.

Натрий нуклеинаты - ашытқыдан алынған, нуклеин қышқылының натрий тұзы. Препарат лейкопоэзді ынталандыра­ды, иммунитетті жоғарылатады.

Алмасу үдерістеріне эсер ететін дәрілік заттар

Метилурацил және пентоксил лейкопоэзді ынталандырады, қабынуға қарсы әсері бар, жасушалардың регенерациясын және жарақаттыңжазылуына ықпал жасайды. Организмніңттөзімділігін жоғарылатады. Пентоксил диспепсиялық бұзылыстарды болдыруы мүмкін, ал метилурацил ондай әсер көрсетпейді. Соңғы кездері лейкопенияда лейкопоэзді ынталандыру үшін, лейкопоэзді реттейтін өсу факторын қолданады. Молграмостим сияқты рекомбинатты препараттар ойлап табылды. Оны ісікке қарсы дәрілерді пайдаланған кезде, сүйек кемігін трансплантациялаудан кейін, ЖИТС-ті емдеу кезінде және басқа да жағдайларда пайдаланады.

Гсмостазға әсер ететін дәрілік заттар

Гемостаз — бір жағынан канның сұйық күйін қамтамасыз ететін, екінші жағынан, қан тамырларының құрылымдық тұтастығын сақтай отырып, қан кетудің алдын алатын және тоқтататын биологиялық жүйе. Тромбоциттердің агрегация үдерісі және қанның ұюының бұзылуы, сондай-ақ фибринолитикалық жүйе белсенділігінің артуы қан кетуге әкелуі мүмкін, ал осы жүйелердің шектен тыс белсенуі мен фибринолиздің тежелуі — тромбтардың (тромбоз) пайда болуына әкеледі.

Осыны негізге ала отырып, гемостазға әсер ететін барлық препараттар 2 топқа бөлінеді: гемостатикалык және тромбқа қарсы. Сондай-ақ, олардың қарама-қарсы бағытта негізгі 3 үдеріске: тромбоциттер агрегациясы, қан үюы және фибринолизге әсер ететінін ескере отырып, мынадай жіктелу ұсынылады.

•  Гемостатикалық заттар.

-  Агреганттар: кальций препараттары, серотонин адипина- ты,адроксон.

-  Коагулянттар:

v жергілікті әсер ететін — тромбин, гемостатикалык губка;

v жүйелік әсер ететін — викасол, фибриноген.

-  Фибринолиз ингибиторлары (антифибринолитикалык зат­тар) — аминокапрон кышкылы, контрикал.

•  Тромбқа карсы заттар.

-  Антиагреганттар:

v тромбоксан А2синтезін ингибирлеуші заттар — ацетил­салицил кышкылы;

v простациклиндік рецепторларды ынталандыратын зат­тар — карбациклин, эпопростенол;

v АДФ тромбоциттергеәсер етуін тежейтін заттар — тиклопидин, клопидогрел;

v гликопротеинді рецепторларды тежейтін заттар — абциксимаб;

v тромбоциттердің фосфодиэстеразаларын ингибирлейтін заттар — дипиридамол.

Жеке фармакология

-  Антикоагулянттар:

· тікелей әсерлі — гепарин, фраксипарин, натрий гидро­цитраты;

· тікелей емес әсерлі — неодикумарин, синкумар, фенилин.

- Фибринолитикалық заттар:

· тікелей әсерлі — фибринолизин;

· тікелей емес әсерлі — стрептодеказа, урокиназа, альтеплаза.

Тромбоциттер агрегациясы тромбоксан — простациклин жүйесімен реттеледі. Арахидон қышқылынан циклооксигеназа (ЦОГ) әсері аркылы түзілген тромбоксан А2 тромбоциттер агрегациясын арттырады және айқын вазоконстрикцияны тудырады. Тромбоциттер агрегациясының стимуляторлары болып сондай-ақ қан тамырлары қабырғасының коллагені, тромбин, серотонин, простагландин Е2, катехоламиндер (адреналин) табылады.

Агреганттар — тромбоциттер агрегациясын (жабысуын) ынталандырушы заттар. Бұл топ препараттарынан кеңінен қолданылатыны кальций препараттары — кальций хлориді және кальций глюконаты. Олардың негізгі мәні (цитратты қан және плазма ауыстырғыштарды үлкен мөлшерде құюдан кейін) қандағы кальций тапшылығынан орын алатын қан кетулерді тоқтатуында жатыр. Кальций препараттары тромбоциттердің қалыптасуын ынталандырып қана қоймай, фибринді тромбтарды да түзеді.

Кальций хлоридін тек көктамырға енгізеді (баяу, жүрек тоқтауын болдырмау үшін), себебі тері немесе бұлшыкетке түскен кезде күшті тітіркендіргіш әсер көрсетіп, тіндердің некрозын тудыруы мүмкін. Кальций глюконатының тітіркендіргіш әсері аз, сондықтан оны бұлшықетке енгізуге болады.

Адроксон — адреналин препараты, тромбоциттер агрегациясымен қатар, капиллярлардың өткізгіштігін төмендетеді, сондықтан жарақаттардан кейін, аңқа жұтқыншақ операциясында, тіс жұлғызғанда және т.б. туындаған капиллярлық және паренхиматозды қан кетулерде жергілікті қолданылады.

Коагулянттар — қанның ұюына ықпал ететін заттар. Бұл топқа қан ұюының табиғи компоненттері болып табылатын — тромбин, фибриноген немесе осы факторлардың қалыптасуына ықпал жасайтын препараттар жатады. Олар қан ұюдың төмендеуімен жүретін ауруларда және де хирургиялық араласу кезіндегі қан кетуді төмендету үшін ота алдында қолданады.

Алмасу үдерістеріне эсер ететін дэрілік заттар

Жоғарыда айтылғандай, қан кетуді тоқтату үшін тек жергілікті тромбинді, гемостатикалық губканы пайдаланады. Тромбинді қан плазмасынан алады. Тромбин ерітіндісін операциялық араласулар кезінде папиллома мен аденоидты ісіктерді алып тастағанда, бауыр, бүйрек және басқа да паренхиматозды ағзалардан және ұсақ капиллярлардан қан кеткенде колданады. Стерильді дәкеге тромбин ерітіндісін сіңіріп, оны қансыраған жерге қояды. Тампонды қан кету тоқтаған сон бірден алып тастайды. Тромбинді көктамырға, теріге және бұлшықетке енгізуге болмайды, себебі таралмалы тамыр ішілік тромбоз дамуы мүмкін.

Жүйелік әсері бар препараттарды акушерлік тәжірибеде жаппай көлемді қан кетулерде, асқазаннан қан кеткенде және т.б. қолданады.

Фибриноген адам қанының плазмасынан алынады. Ағзада тромбин әсерінен ол фибринге түрленеді. Фибриноген өзінің жетіспеуіне байланысты туындаған қан кетулерде тиімді болып табылады. Мысалы, бауыр ауруларында, жаппай қан жоғалтуда; әр түрлі шокта, өкпе, ұйқы безі, қуық асты және қалқанша бездеріне операциялар жасаған кезде.

Викасол — К дәруменінің суда еритін синтетикалық аналогы, бауырдағы протромбин синтезіне ықпал етеді және басқа да қан ұю факторларын қалыптастыруды ынталандырады. Ішкі ағзалардан қан кетулерде, жарақаттан немесе ойықжара негізінде операциялық араласулардан кейін, тікелей әсерлі антикоагулянттармен артық дозаланғанда қолданылады.

Қанның жоғары фибринолитикалық белсенділігіне байланыс­ты қан кетулерде (тіндердің жарақаттан кейінгі зақымдануында, хирургиялық араласуларда және т.б.) антифибринолитикалық заттар қолданылады. Осы топтың препараттары профибринолизиннен фибринолизинге ауысуын тежейді немесе тікелей фибринолизиннің өзін тежейді. Синтетикалық препарат амино- капрон қышқылы: жүрек, өкпе, миға және акушерлік операциялар жасағанда, фибринолитиктерді артық дозаламен қабылдағанда кеңінен колданылады. Фибринолиз үдерісін тежейтін заттарға сондай-ақ, контрикал да жатады. Ол тек фибринолиз үдерісін (тікелей фибринолизинді қоса алғанда) тежеп қана қоймай, сондай-ақ протеолитикалық кейбір ферменттерді тежейді (трипсин, калликреин), соған байланысты оны осы ферменттерге «бай» (өкпе, жүрек, ұйқы безі) ағзалардың ауруларында қолданады.











Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: