Емдеу шараларын жоспарлау 1 страница

АЛМАТЫ- 2010.

Мазмұны:

1. Онкологиялық көмектің КССРО мен Ресейде және Қазақстандағы қалыптасуы, даму кезеңдері. Деонтологиялық ережелер. Қазіргі Қазақстан Республикасындағы онкологиялық көмектің көрсеткіштері.

2. Қатерлі ісіктерді анықтау мен емдеу әдістері.

3. Өкпе рагы

4. Асқазан рагы.

5. Бауыр-ұйқы без -ұлтабар аймағының қатерлі ісіктері.

6. Лимфогранулематоз

7. Ходжкиндік емес лимфома.

8. Сүйек ісіктері. Сүйек саркомасы

9. Бүйрек рагы

10. Қуық рагы.

11. Тері рагы

12. Тері меланомасы

13. Ауыз қуысы мен жұтқыншақ аймағының ісіктері.

14. Төменгі ерін рагы

15. Тілдің рагы

16. Жоғарғы және төменгі жақ рагы

17. Өңеш рагы.

18. Тоқ ішек рагы.

19. Тік ішек рагы

20. Қалқанша без рагы.

21. Сүт безі рагы.

22. Ата без рагы

23. Жатыр мойын рагы

24. Жатыр денесінің рагы

Қолданған әдебиеттер

№ 1- дәріс.

Онкологиялық көмектің даму жолдары, оның Қазақстандағы кезеңдері. Деонтологиялық ережелер. Қазақстан Республикасындағы онкологиялық көмектің қазіргі көрсеткіштері.

Жалпы онкологиялық көмекті ұйымдастыру қағидалары.

Жоспар:

1. Кіріспе.

2. Онкология пәнінің анықтамасы,

3. Онкологиялық көмектің қалыптасуы мен даму тарихы,

4. Онкологиялық көмек көрсетудің мемлекеттік ұжымдары,

5. Онкологиялық аурулардың есеп-шоты мен оларға толтыратын құжаттары,

6. Онкологиялық ауруларды дер кезінде анықтау жолдары, диагноз қою әдістері мен түрлері,

7. Онкологиялық аурулардың алдын алу шарттары мен жолдары,

8. Ракка қарсы күрестің басты бағыттары,

9. Онкологиялық деонтологияның негіздері,

10. Қазақстан Республикасындағы онкологиялық көмектің қазіргі көрсеткіштері.

11. Онкологиялық аурулардың еңбекке жарамды ету жолдары (реабилитациясы),

12. Дәріс қорытындысы.

    Кіріспе. Студенттердің онкология пәнінің анықтамасын, даму тарихын, онкологиялық көмек көрсететін мемлекеттік ұжымдарын, олардың міндеттерін, керекті толтыратын құжаттардың үлгілерін, оның негізгі көрсеткіштерін анықтап, талдауы – маңызды іс. Бұларға қоса, онкологиялық ауруларды дер кезінде анықтау мен  диагноз қою әдістері мен түрлерін, рактың алдын алу шарттары мен оған қарсы күрестің бағытын, онкологиялық деонтологияның ерекшеліктерін,Қазақстан Республикасындағы онкологиялық көмектің қазіргі көрсеткіштерін және еңбекке жарамды ету жолдарын (реабилитациясы) баяндап, түсіндіру керек. Себебі осы уақытқа дейін халыққа онкологиялық көмек көрсетудің басты мақсаттары оқулықта, оқу-әдістемелік құжаттарда негізделініп, жан-жақты көрсетілмеген. Сондықтан осы дәрістер арқылы айтылған олқылықтарды қалыптастыру негізгі мақсат болып саналады.

Онкология пәнінің анықтамасы.

Онкология – ісік аурулары туралы ғылым.

Оның басты мақсаты:

· ісік ауруларының пайда болу себептері мен даму заңдылықтарын зерттеу,

· ғылыми-тәжірибелік деректерге сүйене отырып рактың алдын алу шараларын пәрменді жолмен ұйымдастыру,

· ісікті дер кезінде ерте анықтаудың, емдеудің белгілі әдістерін жетілдіре отырып, жаңа шипалы емдеу тәсілдерін  іздестіру болып саналады.

Онкологиялық көмектің қалыптасуы мен даму тарихы.

    Адам баласы ерте кезден-ақ ісік ауруларымен ауыратыны белгілі болған. Біздің дәуірімізге дейінгі неше мың жылдар бұрын ағзаның ісік ауруына шалдығатыны ғылымда мәлім болған.

· Египетте 5600 жыл бұрын (ХУШ-Х1Х ғасырдағы дерек бойынша), Некрополь қаласындағы Гизаға жақын жерде, қазба жұмыстары кезінде, өлген адамдардың сүйектерінен қатерлі ісік аурулары табылған.

· Үндістан мен Қытай қолжазба деректерінде де ісік туралы мәліметтерді кездестіруге болады.

· Ерте кездегі медицинада онкология жөнінде пікір айтқан адамдарға -Гален, Гиппократ, Авицена, Аль-Фараби, Әз-Захраби т. басқаларын айтуға болады.

· Осы аталған оқымыстылар ісік ауруларының көптеген белгілерін анықтап, олардың кейбір сипаттары бүгінгі күнге дейін маңызын сақтауда.

· Гиппократ пен Авицена алғашқы онкологиялық мәтін «рак», «саркома» деген түсінікті енгізсе, біздің бабамыз Аль-Фараби «саратан» деген ұғымды енгізген.

· Авицена операция кезінде ісік түйінін толық сылып алған соң, оның орнын қызған темір мен күйдіру керектігін көрсеткен, ал әль-Фараби болса тері рагын қыздырған темір аспаппен күйдіруді қолданған. Әз-Захраби қымбат металдардан (алтын, платина) хирургиялық аспаптар жасап, қолдана білген Осы ісікті емдеу қағидалары әлі күнге дейін тәжірибеде қолданылуда.

· Рак аурулары және оның сыртқы ағзадағы белгілері туралы қолжазбалар Ресейде ХУШ- ғасырдан бері белгілі болған.

·  ХУШ- ғасырда – рак көбінде бездерде пайда болатын ауру, қатты түйін салып, олар өсе келе жараға айналатынын анықтап, оның ашық және жабық түрде кездесетіндігі, көбінде жарақаттан және сыртқы ортаға байланыстығы белгілі болған.

· 1739- жылы Вяземский еңбектерінде «рак түйіні жан-жағына тарамай тұрған кезінде толық сылып алынса, ауру адам толығымен жазылады» деп мәлімдеген. Бұл ісікті емдеу қағидаларының бірі.

· ХУШ- Х1Х – ғасырларда Ресейде рак туралы ғылыми қолжазбалар пайда бола бастады. Оған себеп болған жәй –сол кездегі адам өлігін сойып (прозектура), өлім себебін анықтау жолдарының басталуына байланысты болды.

· 1839 жылы Теодор Шван – клеткалар теориясын ашты, ал Рудольф Вирхов клеткалардағы ауруларды микроскоп арқылы тауып, олардың пайда болу себептерін зерттеп, рак ауруының гистологиялық құрылысын және рак клеткасының негізгі белгілерін анықтады.

Олар:

1. ісік клеткаларының автономды (өз бетінше, дербес) өсуі және оның еріксіздігі, яғни басқарушы әсерге бағынбай, қалыпты клеткаларды тежеп, не оның өсуін тоқтатуы,

2. ағзаның басқа бір мүшесіне бөгеме ісік (метастаз) беруі,

3. ісіктің айналасындағы сау клеткаларға жайылып, ену арқылы олардың тіршілік етуін бұзып, тоқтатуы.

·  Х1Х- ғасырдың ортасында онкология ғылым ретінде қалыптаса бастады.

· Экспериментті онкологияның негізін қалаушылардың бірі орыс ғалымы М. М. Руднев (1837-1878) есептелінеді. Ол ісіктердің микроскопиялық құрылысын зерттеп, тіндердің қатерлі ісікке айналу (малигнизация) туралы тұжырымын және рактың тұқым қуалаушылық бағытын айқындады.

· 1876 жылы онкологиядағы ең жоғарғы нәтижеге (төңкеріске) жеткен М. А. Новинскийдің еңбегі еді. Ол алғаш рет «көшпелі қатерлі ісіктер» туралы алғашқы ғылыми еңбегін жариялады. Сондықтан ол экспериментальды онкологияның атасы – деп есептелінеді.

· 1889 жылы М. А. Новинскийдің еңбегін, шет ел оқымыстылары В Вер мен А. Ганау дәлелдеп, оның алғашқы экспериментатор екенін атаған.

· М. А. Новинскийдің еңбегіне сүйене отырып және одан кейін зерттеулердің нәтижесінде, бірнеше көшпелі ісіктердің түрлері анықталды. Олар: Иенсен саркомасы (1903), Эрлих аденокарциномасы (1905), Крокер саркомасы (1914), эпителиальды Браун-Пирс ісіктері (1923), Герен рагы (1934).

· Онкологияның қалыптасуына елеулі үлес қосқан В. В. Подвысоцкий (1857-1913), ол рак ауруының себептерін жан-жақты тексере келіп, бұл аурудың сыртқы ортаға байланыстығын, яғни химиялық рак туғызғыш заттардың әсерінен болатынын жәнеде ісіктерді дәрі-дәрмек арқылы емдеу мүмкіншілігіне алғаш жол салған ғалым.

· 1895 жылы В. К. Рентгеннің Х(икс) сәулесін ашуы, онкологияның екінші даму кезеңін бастайды, бүл ғылыми төңкерістің бірі еді.

· Х1Х ғасырдың соңы мен ХХ – ғасырдың басында, қатерлі ісіктерді дәрі-дәрмекпен емдеу жүргізілген мен тиімді нәтиже болмады, соның себебінен ракты хирургиялық жолмен емдеу кең өріс ала бастады.

· 1913 жылы В.Ф. Снегирев – алғаш рет қатерлі ісіктерді рентген сәулесімен емдеу туралы ғылыми баяндама жасады. Бұл болашақ медициналық радиологияның қалыптасуына, дамуына көп ықпал етті.

· 1919 жылы В.М. Зыков алғаш рет асқазан рагын хирургиялық жолмен, оны толық алуды (гастроэктомия) жүзеге асырды.

· Х1Х ғасырдың бірінші жартысында онкологияға зор үлес қосқан ғалымдарға Н.Н. Петров пен П.А. Герценді атауымыз керек.

· Н.Н. Петров онкологияның атасы деп саналады. Ол 1926 жылы Петерборда онкология институтын ашып, оны 40 жыл басқарды. Бұл институт бұл күнде үлкен онкологиялық орталыққа айналып, қатерлі ісікке қарсы жұмыс пен онкологиялық ауруларды емдеудегі ең зор мекемеге айналған орын болып саналады.

· П.А. Герцен 1922 жылы Мәскеуде ісік ауырумен ауратындарды емдеу институтында жұмыс істеп, осы институтты ракка қарсы күрестердің әдістерін зерттейтін үлкен ғылыми-әдістемелік және ұйымдастыру орталығына айналдырды.

· Онкология ғылымының дамуына ерекше ықпал еткен ғылыми мекеменің бірі – Петербордағы рентген-радиология ғылыми-зерттеу институты (1918) болып саналады. М.И. Неменовтың басқарумен радиология саласы өрістеді.

· 1931 жылы Харьковте 1- Бүкілодақтық онкологтардың құрылтай съезі өтіп, онда онкологияның өзекті проблемаларымен қатар, алғаш рет онкологиялық жұмысты ұйымдастыру мәселесі талқыланды.

· 1934 жылы Денсаулық сақтау халық комиссариатының онкология жөніндегі үкімдері мен жарлықтары шықты, бірақтың оның орындалуына Ұлы Отан соғысы кедергі етті.

· 1934 жылы ракка қарсы күрес жүргізуге арнайы жүйе ұйымдастырылса да, оны жүзеге асыру Ұлы Отан соғысы біткен соң ғана іске асырыла бастады.

· 1945 жылы халыққа онкологиялық көмек көрсетуге түбегейлі жүйе қалыптасып, сол кездегі одақтас республикаларда онкологиялық мекемелер жұмыс істей бастады.

· 1947 жылы 1- Бүкілодақтық онкологиялық конференциясы өтті.

· 1952- жылы экспериментальды және клиникалы онкология институты ашылды (қазіргі Н. Н. Блохиннің атындағы Ресейдің Ғылыми Онкологиялық Орталығы).

· 1959-1974 жылдарда барлық одақтас республикаларда онкология және радиология ғылыми зертеу институттары, соның ішінде Қырғызстанда (1959) және Казахстанда (1960) ашылды.

· Қазақстандағы онкологиялық көмек көрсету, сол кездегі Кеңес өкіметінде жүргізілген жүйе бойынша іске асырылды.

Қазақстандағы онкология ғылымының даму кезеңдері

1- кезең 1936 жылға дейінгі мезгіл. Бұл мезгілде халыққа онкологиялық көмек жүйелі ұйымдастырылған түрде жүргізілмеді. Осы уақытта әдебиетте үш мақала ғана жарияланған еді: «Бауырдағы қатерлі ісік ауруын анықтау әдістері» (Д. Ермекова, 1935), «Тоқ ішектегі лимфа бездерінен шыққан қатерлі ісік» (С. Қашқынбаева, 1935) және «Солтүстік Жетісу мен Сырдария өлкелеріндегі қазақ тұрғындарының ісік ауруы» (Г. Вознесенский, 1936).

2- кезең -1936-1945 жылдар, бұл кезеңде де Қазақстанда онкологиялық көмек айтарлықтай деңгейде болған жоқ. Онкологиялық ауруларға көмек медицина институтының клиникаларында немесе жалпы ауруларға арналған емханаларда көрсетіліп келді. Сол кездегі ғылыми мақалалар саны 10-нан аспаған. Бірақта ісік ауруынан өлген адамдардың есеп-шотын алғаш рет И. С. Баккал (1940) және П. Д. Подволоцкий (1942) көрсеткен.

3-  кезең 1946-1959 жылдар жатады, бұл мезгілде де, Қазақстанда ісік ауруына қарсы ұйымдастыру жұмыстары мен ғылыми еңбектердің көлемі шектеулі болса да, осы уақытта 90-ға жуық ғылыми мақалалар жарық көріпті және онкологиялық көмек жоғарғы екі кезеңге қарағанда едәуір жоғары екені сөзсіз. 1951-53 жылдары (С. Н. Гордина) «көшпелі жасанды ісіктерді» қолданды. 1953-55 жылдары (С. Н. Нугманов) «Жүйке жүйесінің, тәжрибе кезінде пайда болған ісіктерге ықпалын» зерттеген, ал О.С. Есютина (1955) «Қорғасынмен уланудың тәжрибе арқылы алынған ісіктерге тигізетін әсерін» жан-жақты тексерген. 1955-58 жылдары рентгенологтар өңештің, асқазан мен тоқ ішектің және сүйектердегі қатерлі ісік ауруларының белгілері зерттеліп, оларға толығымен сипаттама берілген (С. Б. Балмуханов т.б.), осы көрсетілген ісік түрлерінің клиникалық белгісін (М. И. Брякин, Т. П. Денягина, 1954), ал әйелдердің жыныс мүшесінің қатерлі ісігін анықтау мен емдеуде елеулі үлес қосқан алғашқы қазақ қызы К. Д. Өтегенова (1948-1955) болды. Алғашқы ісік ауруына көмек көрсететін онкологиялық пункт Алматы қаласындағы № 1 емханада А. Н. Сызгановтың басқаруымен жұмыс істеген. Бұл пункт, кейін 1947 жылы республикалық онкологиялық диспансерге айналды. 1947-58 жылдарда Қазақстанда 14 облыстық, бір республикалық, бір қалалық онкологиялық диспансер, 2 онкологиялық бөлім, 3 пансионат және 22 онкологиялық кабинет ұйымдастырылған. 

4- кезең 1960-1991 жылдар арасы, бүл жылдары Қазақтың онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты ашылып (1960), онкологиялық көмек көрсету жүйелі жұмыспен көптеген жетістіктерге жетіп, шарықтаған кезең (С.Н. Нугманов, С.Б. Балмуханов). Барлық облыстарда онкологиялық диспансерлер, аудандарда - онкология кабинеттер ашылып онкологиялық аурулардың есеп-шоты жиналып, қатерлі ісіктің өлкелік, аймақтық ерекшеліктері айқындалып, онкоэпидемиологиялық зерттеулер, экспериментальды және клиникалық онкология мен радиология қызметі қалыптасып, ұлттық ғалымдар дайындалып, әлемге танылған кезең. 1972 жылдан бастап медициналық институттарда онкология кафедрасы ашылып, онкология пәні оқулыққа енді.

5-  кезең, 1991 жылдан Қазақстан тәуелсіз, егеменді ел болғаннан басталады. Егеменділік алғаннан кейінгі тоқырау, әлеуметтік жағдайдың нашарлау кездерінде онкологиялық көмек көрсету біраз бәсеңдеді, алайда 1997 жылдан бастап Қазақстанның экономикалық жағдайы түзеле бастауына қарай, онкологиялық көмек жандана түсті (Ж.Н. Абдрахманов, Ж.А. Арзықұлов т. б.). ХХ1 ғасырдың басынан бастап, онкология пәні мемлекеттік тілде өтуіне мүмкіндік туды. Алайда бұл бағыттағы жұмыс әлі де болса көңіл толмайтын кезеңнің бірі, себебі мемлекеттік тілде сөйлеп, онкология пәнінен дәріс пен тәжірибе сабақтарды жүргізетін мамандар санаулы болғандықтан және де қазақ тіліндегі оқулықтар мен оқу-әдістемеліктердің тапшылығынан туындап отыр.

    Сонымен онкологияның медицина саласынан өз алдына бөлінуі ғылымда және тәжірибеде елеулі табыстарға жеткізуге мүмкіндік туғызды, ракка қарсы ұйымдастыру жұмыстарын жүргізетін мемлекеттік ұжымдар пайда болды.

Онкологиялық көмек көрсетудің мемлекеттік ұжымдары

· денсаулық сақтау министрлігі,

· онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты,

· облыстық, қалалық онкодиспансерлер,

· аудандық онкологиялық кабинеттер.

Қазіргі кезде Қазақстанда (2008) – 1 ғылыми-зерттеу институты, 17 онкодиспансер, 2 онкологиялық бөлімшелер, 255 онкологиялық және 523 әйелдерді тексеретін бөлімшелер бар. Онкологиялық орын – 3275 төсекті құрап, халықты қамтамасыз ету көрсеткіші 2,1%оо құрады (қалыпты көрсеткіш 3,0 болуы керек). Соны мен қатар елімізде 372 онколог (2007 -366), 95 радиолог (2005 - 113) жұмыс істеуде. Бұлардың саны төмендеген, сондықтан аталған мамандар жеткіліксіз.

Онкологиялық аурулардың есеп-шоты мен оларға толтыратын құжаттары.

   Қазақстанда барлық денсаулық сақтау мекемелерінде қатерлі ісіктердің таралуы туралы мәліметтерді беру және онкологиялық көмекті пәрменді ұйымдастыру үшін, онкологиялық аурулар (1953) және қатерлі ісіктен өлгендер (1956) есепке алынып, тиісті ұжымдарда топталып, талданады. Ол үшін мына төмендегі құжаттар пайдаланады:

· № 090/У үлгісі хабарлама. Ол алғаш рет ракпен не қатерлі ісікпен ауырған адамға, оның 2 данасын толтырып, 3 күн ішінде, аурудың тұрған аудандық онкобөліміне жіберіліп, есепке алынады.

· №025/У үлгі – емханалық аурудың медициналық кітапшасы, бұл барлық ауруларға толтырылады, онкологиялық хабарламаның 1 данасы осы кітапшаға тіркеледі. Онкологиялық емханалық кітапша аудандық тіркеу бөлімшесінде бөлек болғаны тиімді.

· №030-6/У үлгісі – диспансерлі бақылауға арналған карта. Бұл хабарлама мен бірге онкологиялық кабинетпен диспансерлерде сақталады. Диспансерлік бақылау бірінші жылы 3 айда бір, екінші жылы - 6 айда, үшінші жылдан бастап, жылына бір рет шақырылып, тексеруден өтеді. Осы көрсетілген мерзіміне қарай бұл карта жылжымалы картотека бойынша арнаулы қорапта орналасуы керек. Бұлай орналасуы, тексеруші қызметкерлердің жұмысын жеңілдетеді. Жоспарлы түрде оларды онколог шақырып отыруына мүмкіндік жасайды. Науқастың келген күні жазылып, келесі тексеру мерзімі көрсетіліп, тиісті картотеканың ұяшығына салынады. Бұл карта осылай динамикалық қозғалыста өзгеріп отырады, ал өлген адам есептен шегеріліп, санақтан шығады.

· № 027-1/У үлгісі – қатерлі ісікпен жалпы аурухана мен онкологиялық диспансер және институтта (басқада ТМД елдерінде де) емделген науқасқа қысқаша сырқаттамасынан көшірме жазылып, тиісті онкологиялық ұжымға жіберіледі де, ондағы мәліметтер диспансерлі картаға ретімен жазылады. Бұл үлгі емханалық кітапшаға мезгілімен тіркеледі.

· № 027-2/У үлгісі, қатерлі ісікпен алғаш рет ауырып, оның асқынған сатысында (ішкі аурулардың -1У- ал, көзге көрінетін ісіктерде Ш-1У сатысында) анықталған науқасқа толтырылады. Бұл хаттама 2 дана болып толтырылып, оның бірі тиісті онкологиялық ұжымға жіберіледі де, онкологтың қатынасуымен сол тіркелген медициналық мекемеде дәрігерлік конференцияда талқыланады. Ауырудың асқыну себептері анықталып, тиісті ұйымдастыру шаралары қаралып, онкологиялық жұмыстың жақсартуына көмектеседі. Бұл құжатты толтыру кезінде мына төмендегі сұрауларға жауап жазылуы тиіс:

1. ісік ауруының ең алғашқы белгілерінің дәл мезгілі, күні мен айын?

2. дәрігерге алғаш көрінген күні, мекеменің аты, қолданған тексеру әдістері, алғашқы қойылған диагнозы, емі және дәрігердің аты-жөнін?

3. осы хаттаманы талқылау кезінде төменгі негізгі себептерді анықтау?

Олар:

· науқасты қабылдау кезінде немқұрайлық пен білімсіздіктің салдарынан, жан-жақты қарамай, барлық мүмкіндік тексеру әдістерін толық қолданбауынан (13,2%),

· дәрігердің жауапсыз салақтығынан бар мүмкіндік тексеру әдісін қолданбай, ұзақ тексеруден, аурудың асқынуына, яғни рактың соңғы сатысына жетуіне жол беруінен (8,2%),

· алғашқы диагноз қоюдағы қателіктер (16,1%):

а) клиникалық (10,2%),,

б) рентгенологиялық (5,6%),

в) патогистологиялық (0,3%),

· қатерлі ісіктің адам денесінде жасырын өсіп білінбеуінен (22-25%),

· науқастың онкологиялық ауруы туралы мәліметтерді жақсы білмей, одан хабарсыздығы мен сауатсыздығынан (8,0%),

· науқастың өз денсаулығына немқұрайлығынан (21,5%),

· науқастың рак туралы қабар жоқтығынан (5,0%),

· халықты тексерудің толық қамтылмауынан (3,5%)

Жалпы рактан асқыну сатысындағы (1У) науқастардың меншікті салмағы 22,3% (1975) дан 16,5% (2008) төмендеген. Ең жоғарғы көрсеткіш 2008 жылы Атырау (19,4%), Қарағанды (21,7%) және Павлодар (21,3%) облыстарында тіркелген. Көзге көрінетін рактың Ш-1У сатысындағы анықталған ауру көрсеткіші бойынша бірінші орында тік ішек (57,4%), одан соң ауыз қуысы мен жұтқыншақ (51,1%), сүт безі (33,3%), қалқанша безі (31,3%) және жатыр мойыны (30,8%) рагы орын алады.

Осы көрсетілген құжаттар арқылы жалпы жылдық есеп-шот шығарылып, Денсаулық сақтау министрінің санақ департаментіне есеп беріледі.

· № 7 – үлгісі, ол аурулар туралы есеп-шот, мұнда жалпы ауру санына қарай жыныс пен жасына қарай бөлініп толтырылады.

· № 35 үлгісі, мұнда жалпы ауру адам санына қарай толтырылады. Ол үш бөлімнен тұрады:

1- бөлімде, жыл бойынша алғашқы рет қатерлі ісікпен ауырған адам саны мен бұрын басқа жерде тіркеліп, жаңа қоныс аударып келіп тіркелген науқас адамдардың сандық көрсеткіштерімен толтырылады,

2- бөлімде, жыл бойынша қатерлі ісіктен өлгендердің саны, бүл құжаттан жалпы өлім мен бір жыл ішіндегі өлім көрсеткіші анықталады.

3- бөлімде, П- клиникалық топтағы науқастарға қолданған емдеу әдістері көрсетіледі.

·   № С-5 үлгісі, қатерлі ісіктен өлген адам санына қарай толтырылады, ол №25/У үлгісі бойынша АЖАЖ-ы (ЗАГС) толтырған мәліметтер бойынша жасалады.

Онкологиялық ауруларды дер кезінде анықтау жолдары, диагноз қою әдістері мен түрлері.

    Қатерлі ісікпен аурған адамды дер кезінде, оның бастапқы сатысында (1-П) анықтау онкологиялық көмектің ең маңызды ісінің бірі болып саналады. Бүл сатыдағы ауруларға ең тиімді көмек көрсетуге болады, сондықтан олардың 5 жылдық өмір сүру мерзімі 100% жетуі мүмкін. Ол үшін:

    Біріншіден, халық арасына рак туралы үгіт-насихат жүргізу арқылы, олардың онкологиялық күдіктену сезімін жоғарлату жолы,

    Екіншіден, жалпы медициналық қызметкерлердің (дәрігер мен мейір бикелердің) онкологиялық күдіктену сезімін жоғарлату, оларға арнайы онкологиялық семинар өткізу, онкология бойынша білімділігін жоғарлату институтта дәріс алуы, оларды әртүрлі рак түрлеріне арналған ескертпе, буклет, жарнамалар мен қамтамасыз етіп, ақпарат құралдары арқылы қатерлі ісіктің белгілері мен тексеру әдістерін баяндау. Олар онкологиялық күдікке не жататынын біліп, оны орындау, бұл қағида олардың қатерлі ісікке деген психологиялық ойлы талпынысын орындау арқылы оны жүзеге асыруын білу.. Ол үшін дәрігер мен мейірбике әрқашанда науқасты тексерер алдында рак туралы ойлану керек, одан соң тиянақты сыр тартпаны, эпидемиологиялық факторларды ескере отырып, толық жинап, қолда бар диагноз қоя алатын тәсілдерді түгел қолдануы тиіс.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: