Емдеу шараларын жоспарлау 4 страница

4- ісіктің негізгі және бөгелме өзгерістерін, сатысын айқындау,

5- науқастың созылмалы ауруларын анықтау.

    Сонымен клиникалық қорытынды диагноз қойғанда қатерлі ісіктің негізгі пайда болған жерін, анатомиялық өсу ерекшелігін, гистологиялық түрін, ұлғайу сатысын және созылмалы ауруларын көрсету керек. Осыған қоса қатерлі ісіктің биологиялық өлшемдерін (критерийлерін) білген жөн. Олар жергілікті және жалпы критерийге бөлінеді. Біріншісі – ісіктің жергілікті өзгерістерінің ерекшеліктерін, ал екіншісі – ісіктің пайда болуы мен дамуына - және де жеке науқастағы ісіктің өсу бағытындағы ерекшеліктерге әсер ететін жалпы жағдай (фон).

    Жергілікті биологиялық критерийлері:

· ісіктің орналасу орны (жері),

· анатомиялық өсу түрі (типі),

· гистологиялық құрылысы,

· өсу сатысы (клиникалық сатысы мен ТNМ жүйесі)

    Жалпы биологиялық критерийлері:

· жалпы иммунитеті,

· ісікке қарсы иммунитеті,

· эндокриндік жүйе жағдайларының ерекшеліктері,

· зат алмасу деңгейі.

    Жалпы патофизиологиялық  критерийлер:

· науқастың жасы,

· қосарланған созылмалы ауруының бар, жоғы,

· негізгі өмірге қажет мүшелер мен жүйелердің функциялық қызметтерінің жағдайлары (хал-ақуалы).

    Қатерлі ісікті тиімді - радикалды емдеу, қатерлі ісікті дер кезінде, ерте анықтап, толық клиникалық диагноз қойып, биологиялық критерийлерін анықтағанда ғана нәтижелі болатынын естен шығармау керек.

Қатерлі ісікті емдеу жолдарының қағидалары

Емдеу шараларын жоспарлау

    Қатерлі ісікті емдеу әртүрлі әдістермен жүргізіледі, ал оларды қолдану үшін тиісті жоспар жасалуы тиіс. Ол үшін қатерлі ісіктердің жоғарыда көрсетілген биологиялық және патофизиологиялық өлшемдерін білу керек. Сонымен қатар әр емдеу әдісінің өзіне тән көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері бар. Ең бірінші мақсат емді жоспарлау кезінде қандай емді қолдануға болады, ол радикалды не паллиативті ембе? соны ажырата алуымыз керек. Көпшілігінде, қатерлі ісіктің алғашқы даму сатысында (1-П) радикалды хирургиялық жолмен емдеу тәсілі, анатомиялық мүше мен ішкі ағзаларда орналасуына қарай көзделеді. Кейбір қатерлі ісіктің П-Ш даму сатысында арнайы емдер қолданылады (сәуле, химиялық препараттар). Қазіргі кезде барлық қатерлі ісікке қарсы стандартты ем жоспарланып, барлық онкологиялық ұжымдарда бірдей, өзгертілмей емдеу әдістері орындалып отыр.  

Осылай емдеу жоспары толық, өзгертілмей орындалса, қатерлі ісікпен ауырған адамның, тиісті емді алып, бітіргеннен кейінгі өмір сүру мерзімін салыстырмалы бір деңгейлік жүйедегі (унифицирленген) көрсеткішін анықтауға мүмкіндік тудырып, қай әдістің тиімділігін анықтап, одан әрі қалай қолдануға жол ашады. Қатерлі ісікті емдеу жоспарын түзген кезінде, олардың келесі топтарға бөлінуін білген шарт болады.

1- топқа – ісіктің негізгі ошағын, айналасындағы лимфа бездерімен түгел жоюға немесе олардың көлемін азайтуға бағытталған емдер (хирургиялық, сәулелік),

2- топқа – ағзаның кез келген жерінде жасырын орналасқан ісік ошақтарына жалпылай әсер ететін емдер (химиопрепраттар мен гормондар),

3-  топқа – ісікке қарсы әсерлерін жанамалап тигізетін емдер (әртүрлі дәрі-дәрмектер, радиоактивті сәулелер, гипотермия, гипергликемия, оксигенотерапия т.б.)

Қатерлі ісікті емдеу жолдары әр түрлі, олардың өзіне тән қағидалары бар.

    Негізгі әдістер: хирургиялық, сәулелік және дәрі-дәрмекті. Қатерлі ісіктің орналасуы мен даму сатысына байланысты осы аталған әдістерді қоспалы, қосарландырған (сәуле + операция) және кешенді (сәуле + операция + химио-гормонды әдістер) түрде қолданады. Осылардан басқа қосымша емдеу тәсілдері бар (гипергликемиялық, гипертермиялық, гипербарикалық, оксигенотерапиялық, иммундық және басқалар).

Хирургиялық әдіс. Радикалды және паллиативті болып бөлінеді. Хирургиялық операцияның түрлері:

1.  Резекция – мүшенің не ағзаның бір бөлігін, айналасындағы лимфа бездерімен қоса сылып алу.

2. Экстерпация - мүшені не ағзаны түгелдей, айналасындағы лимфа бездерімен қоса сылып алу.

3. Ампутация – белгілі бір көлемде мүшелерді кесіп тастау.

4. Экзоартикуляция – мүшені буыннан ажыратып кесіп тастау.

Қатерлі ісікті хирургиялық әдіспен емдеу қағидалары

1. Хирургиялық операцияның радикализмін сақтау. Ол ісікті айналасындағы қашықтықтан 4-5 см. сау жеріндегі деңгейде кесіп, оған қоса аймақтық лимфа бездерін түгел, бір блокпен тұтас сылып тастау,

2. Абластиканы сақтау – операция кезінде, қатерлі ісіктің клеткаларын қалдырмау жолдары: ісікті дәкелі орамалмен орау, ісікті мыжымау, операция кезінде ісікті тіліп ашып көрмеу, күре тамырларын байлау.

3. Антибластиканы қолдану – әртүрлі дәрі-дәрмекпен, операциядан кейін қалған клеткаларға әсер ету жолдары (операция алдында сәулемен қақтау, басты қан тамырларын байлау, диатермиялық токты қолдану (электрлі және лазерлік хирургия), қолғапты, хирургиялық аспапты ауыстырып отыру, не бір-ақ рет қолдану және де спирт, аутоцитовивакол, ацетон, химиопрепраттармен т.б, өңдеу),

4. Анатомиялық аймақ – ісікті алу кезінде, оның орналасқан анатомиялық аймағын анықтап, сол аймақты түгел қамтып, ісікпен бірге алу (Ванох, Дюкен, Холстед операциялары),

5. Анатомиялық қынап – қап, әрбір мүшелердің анатомиялық қынаптары (қабы) бар, операция жасау кезінде оны ашпай, сыртқы жағынан, қынаптың орналасу орнына қарай ажыратып, ісікті алып тастау.

    Соңғы кездерде онкологиялық хирургияда лазерлі, ісікті мұздату (криогенді) әдістерін  қолдануда. Бұлар беткей орналасқан қатерлі ісікті емдеуде қолданылады (тері, төменгі ерін, бастың шашты бөлігі, т.б.)

Қатерлі ісікті хирургиялық жолмен емдеуді жоспарлауда мынандай екі күрделі мәселені шешу керек:

1- ісіктің даму сатысын, анатомиялық өсу түрін, морфологиялық құрылысын,

2- науқастың қандай көлемдегі операцияны көтере алатындығын анықтау.

Ісіктің даму сатысына қарай әр түрлі көлемде операция жасалынады;

· жалпы қағидаға сай келетін қалыпты (типті) операциялар,

· кең жайылған ісікте – қоспалы операция,

· операция көлемі кеңейтілген операция.

Бұл кезде жалпы қабылданған қағидадан басқа да, аумақтағы лимфа бездерін қоса алу.

Қатерлі ісікті сәулелік  әдіспен емдеу қағидалары

Қатерлі ісікті сәулемен емдеу, басты емнің біріне жатады. Бұл кезде әртүрлі сәуле шығаратын заттарды қолданады, олар қатерлі ісіктің негізгі ошағына және аймақтық лимфа бездеріне әсер етеді. Сәулемен емдеу радикалды және паллиативті болып бөлінеді. Радикалды ем – ол қатерлі ісік клеткаларының өмір сүруін толық тоқтатып, одан айықтыруы, ал паллиативті емі – солардың өсуін тежеп, көлемін азайтып, қосарланған ауыр белгілерін жоғалтып, не басып, ауырудың өмірін ұзартып, оның сапалы өмір сүруіне мүмкіншілік жасау. Осы көрсетілген екі әдіс тек қатерлі ісік морфологиялық түрде зерттеліп, ісік құрамы анықталғаннан кейін ғана жүргізіледі.

Сондықтан, хирургиялық әдістің қағидасындай, бұл тәсілдің де өзіндік өзгешілігі бар.

Олар:

1. Иондағыш сәулемен қатерлі ісіктің құрылысын зақымдап, бұзуы,

2. Қатерлі ісік ошағына иондағыш сәуленің максимальді (басым) әсер етуі,

3. Қатерлі ісік айналасындағы қалыпты тіндерді иондағыш сәуленің зиянды әсерінен сақтау, яғни оны бұзбауы,

4. Сәуленің әсерінен болатын емдеу кезінде және емнен кейінгі асқынуларды азайту.

5. Иондағыш сәулені қолдану уақтысында, айналасындағы және емдеу ісіне қатынасатын адамдарды қорғау.

    Радиоактивті сәулелер өзінің зиянды тәсерін қатерлі ісік клеткалары мен тіндерге тікелей және жанама түрде әсер етеді.

    Сәуленің тікелей тигізетін зиянды тәсірінен болатын өзгерістер:

1. Клеткалардағы ДНК-тың ажырап,үзілуі,

2. Ісік клеткаларындағы хромосомды аппараттардың бұзылуынан, тұқым қуалаушылық қасиетін жоғалтуы,

3. Ісік клеткаларының қалыпты митоздық жолмен бөлінуінің тоқтауы,

    Сәуленің жанама тигізетін зиянды тәсірінен болатын өзгерістер:

1. Радикалды топтар пайда болып, клеткаларды уландыруы,

2. Зат алмасудың бұзылуы,

3. Ферменттердің белсенділігінің нашарлауы,

4. Нуклеидті қышқылдар мен нәр уыздардың физикалық және химиялық өзгеруі.

    Радиоактивтік сәулелердің қатерлі ісік ұлпаларына тигізетін биологиялық әсерлері:

1. Сәуле әсерінің, клеткалық өсу кезеңіне байланыстығы,

2. Сәуленің, клеткалық өсу кезеңіндегі, белсенді түрде бөлінетін клетка түріне айырықша әсер етуі,

3. Клеткалық өсу кезеңіндегі түрлерінің сәулеге сезімталдығының әртүрлі болуы,

Олар:

· бөлінуге даярланған (G2) және бөліну (митоз) үстіндегі (М) клеткалардың –өте сезімталдығы,

· бөлінгеннен кейінгі(G1) және құрылу-синтездік (S) кезеңде – сезімталдықтың төмендеуі,

· бөлінуге қатынаспайтын (Gо) клеткалардың – сезімталдықтарының жоқ болуы.

    Осы көрсетілген, клеткалық өсу кезеңіне байланысты сәулені қолданудың тиімділігі:

· ісік клеткаларына, сәуле G1 кезеңінде әсер етсе, онда РНК-ка  бұзылып, ДНК құрылуы кешігеді,

· ісік клеткаларына, сәуле S кезеңінде әсер етсе, онда ДНК құрылуы бұзылады,

·  ісік клеткаларына, сәуле G2 кезеңінде әсер етсе, онда клеткалардың бөліну кезеңі белгісіз бір мерзімге кешігіп, оның хромосомдық абберациясы (мутация әсерінен) бұзылады.

· ісік клеткаларына, сәуле М кезеңінде әсер етсе, онда клеткалардың бөлінуінде тоқталыс болмайды, бірақ сәуле энергиясының күші мен мөлшері көбейсе, клеткалардың көбі бөлінісімен өледі де, әрі қарай дамитын ісік клеткаларының саны мен сапасы азайып, бөлінушілік қасиеті төмендейді. 

Сонымен сәулемен емдейтін дәрігердің міндеті:

1. Қолданылатын сәуле энергиясының жалпы мөлшерін қатерлі ісік клеткаларының бөлінуін толық тежеп, оларды талқандауға жеткілікті болуын,

2. Ісікке қарсы белсенділігін сақтай отырып, айналасындағы сау ұлпаларға зиянды әсерін тигізбеуді,

3. Қосымша асқыну процесстерін болғызбауды қамтамасыз етуі,

    Қатерлі ісікті сәулемен радикалды емдеу жолдары. Ол үшін, әрбір мүшелер мен ағзалар сәуленің белгілі бір мөлшерін (дозасын) көтеретін өзіне тән деңгейі бар. Сол мөлшер, деңгейден асып кетсе, онда әртүрлі ауыртпалықтағы асқынулар байқалады. Сондықтан жоғарыда көрсетілген дәрігерлік міндеттерді қалтқысыз орындаған жөн.

Қолданылатын әдістер:

1- дүркіндік әдіс – мөлшері 16-20 Грей сәулені бір дүркін қолдану,

2- үздіксіз емдеу әдісі – 50-60 Грейге жеткенше үздіксіз қолдану,

3- фракциялы әдіс – толық мөлшердегі сәуле энергиясын (50-60 Гр), белгілі бір мерзім аралығында бірнеше фракциялық бөлшектерге бөліп, әрбір фракциялардың аралық уақытын, оның ырғақтығын сақтай отырып қолдану.

Фракциялық әдістің түрлері:

· классикалық (Кутордың) әдіс – 1,8-2,0 Гр, бір дүркін, 24 сағат аралығында, жұмасына 5-6 рет, жалпы дозасын 50-70 Грейге жеткізу.

· орташа фракциялы әдіс – 3,5-4,0 Гр бір дүркін, аралығы 48 сағат, жұмасына 3 рет, жұмалық мөлшері 10,5-12,0 Гр., емдеу ұзақтығы 32-35 күн, жалпы мөлшері 50-60 Гр.

· іріленген фракциялы әдіс – 6,0-8,0 Гр. Бір дүркін, аралығы 72 сағат, жұмасына 2 рет, емдеу ұзақтығы 24-28 күн, жалпы мөлшері 40-48 Гр.

· ұсақталған фракциялы әдіс – бір тәуліктік фракциядағы сәулені 2-3 тең бөлшектеп, әр бөлшектің аралығын 6-8 сағатқа жеткізіп, жұмасына 10-12 рет, емдеу ұзақтығы 35-40 күн, жалпы мөлшері 50-60 Гр.

· динамикалық фракцияландыру әдісі - әртүрлі фракциялар мен ырғақтарды қолдану,

· үзілісті немесе жарықшақтандырылған әдіс – жалпы мөлшерді екіге не үшке бөліп, 14-18 күн үзіліспен емдеу. Бұл кезде жалпы дозасы 10-15 пайызға жоғарылайды.

    Қатерлі ісіктің аса ұлғайған сатыларында, оның әрі қарай өсуін тежеп, көлемін азайтуға, қосымша зардаптарын бәсеңдету мақсатында паллиативті ем қолданылады.

    Қатерлі ісіктің сәулеге сезімталдығын әртүрлі тәсілмен жоғарлатуға болады:

Олар:

1. Гипербариялық оксигенация тәсілі – ісікті жоғарғы барометрлік қысыммен оттектендіру,

2. Гипергликемиялық тәсіл – анаэробтық гликолизді жеделдету мақсатында, қандағы глюкоза концентрациясын көтеріп, содан соң инсулин арқылы қалпына келтіру,

3. Гипертермиялық тәсіл - ісік орналасқан мүше мен ағзаның қызуын бір мөлшерге (41-42°), бір сағаттай көтеру.

4. Электронды акцепторлық қосылғыштарды қолдану тәсілі (метронидазол, нитрофурон, синкавит т.б.),

5. Қатерлі ісікке қарсы пайдалынатын арнайы химиопрепраттар - (алкилдік қосылғыштар, антиметоболиттер, виналколидтық қосылғыштар, антибиотиктер).

    Қатерлі ісікті емдеуде сәулелік және хирургиялық әдіс қоспалы түрде жүргізіледі. Бүл әдіс операция алдында не соңында жүргізіледі.

Операция алдында:

1- классикалық әдісті қолдану (35-40 Гр).

2- сәуле энергиясын молынан шоғырландыру әдісі – мұнда тәуліктік ырғақ 4,0-5,0 Гр., 4-5 тәулік, жалпы дозасы 20-25 Гр., 1-3 тәулік үзілістен кейін операция жасау.

Күнделікті тәжірибеде қолдану түрі:

· дистанциялық әдіс – белгілі бір қашықтықтан беру,

· ұласу әдісі – мұнда сәуле беретін заттар ісік ұлпасының ішіне енгізіліп және оларды сыртқы қапталдас аймағына орналастыру арқылы орындалады. 

    Қатерлі ісіктің емін жоспарлауда, міндетті түрде (ДСМ- бұйрығы) – онколог-хирург, радиолог және химиотерапевт қатынасуы керек.

Қарсы көрсеткіштері:

1. Белсенді туберкулезде,

2. Жүректің өлі еттенуі,

3. Жүрек-қантамырлардың жедел жетіспеушілігі,

4. Өкпе мен жүрек қызметінің Ш- дәрежелі қызметінің бұзылуы,

5. Қант ауруы,

6. Қан аздық, лейкопения мен тромбоцитопениялар,

7. Ісіктің ойық жараға айналып, қансырауында.

Қатерлі ісікті химиопрепараттармен емдеу қағидалары

    Қатерлі ісікті химиопрепараттармен емдеу, қазіргі кезде кең тараған әдістің біріне жатады. Бүл әдіс қатерлі ісіктің әбден ұлғайған, асқынған сатыларында пайдалынатын негізгі ем. Оларды табиғи және синтезді жолмен дайындалатын арнайы дәрілер мен әртүрлі гормондық препараттар. Қатерлі ісіктің бастапқы сатыларында химиялық дәрі-дәрмекті жеке әдіс ретінде қолдануға болмайды, себебі бұл әдіспен қазіргі кезде ісікті радикалды емдеу мүмкін емес. Сондықтан оны басқа емдеу әдістерімен үйлестіріп қолданады, ал кейбір қатерлі ісіктерге жеке ем ретінде де пайдаланылады (саркома Юнга, лимфогранулематоз, лейкоз т.б.). Қатерлі ісікті емдеуде ісікке қарсы препараттар мен гормонды заттар қолданылады. Химопрепараттардың қатерлі ісікке әсер ету жолдары мен оны қолдану қағидалары.

Олар:

1- цитостатикалық әсері – клеткалардың табиғи бөлінуіне кедергі келтіріп, оны тоқтатуы,

2- цитотоксикалық әсері – клеткаларды уыттандыруы, талқандауы,

3-  мутагендік әсері – тектік (гендік) өзгертуі,

4- тератогендік әсері – ұрықтың ісікті қоздыруы.

Негізгі қағидалары:

1- ісікке қарсы химиопрепаратты спектрлі әсерлеріне қарай таңдау,

2- оның тиімді мөлшері (дозасы) мен режімін және қолдану тәсілін таңдау,

3- емдеу кезінде, ауыр асқынуларды болдырмау үшін, әртүрлі факторларды есепке алып, оның дозасы мен режімін қалыптастырып түзету,

Ісікке қарсы препараттардың тиімділігі:

· оның дозасына байланыстығы (бір дүркін енгізгендегі және жалпы көлемі),

· енгізу не қолдану ретіне (тиімділігі, енгізу саны, аралық мерзімі, емдеу курсының ұзақтығы және олардың аралығы),

· ісіктің өсу қарқынына (жылдам өсетін ісік, баяу өсетін ісікке қарағанда сезімталды болады),

· алдында қолданған емге (сәуле, дәрі-дәрмек), ісіктің массасына байланыстығы (ісіктің сезімталдығын өзгертеді),

· жалпы науқастың жағдайына (аурудың соңғы ақтық жағдайы, өмірге керекті ағзалар мен жүйелердің бұзылуы).

Емдеу тәсілі:

1. Жүйелі (системалы)- тері астына, бұлшық етке, қантамыр және тік ішек арқылы.

2. Аймақты – цитостатиктерді басқа мүшелерге әсер еткізбей, тек ісікке шалдыққан белгілі бір аймаққа енгізу (инфузия, перфузия).

3. Бір жерге енгізу (жергілікті) – май не ерітінді түрде, беткей орналасқан ісіктерге, қуыстарға (іш, кеуде, қуық) жағып не енгізу.

Химотерапияның түрлері:

· монохимотерапия – бір препаратты қолдану,

· полихимиотерапия – бірнешеуін бір-біріне үндестіріп, не гармондармен бірге қолдану,

· адьювантты терапия, немесе профилактикалы ем – хирургиялық және сәулелік емнен кейін, оларды толықтыратын қосымша әдіс ретінде. Алғашқы ісік ошағын айықтырғаннан кейін, көрінбейтін кіші – гірім бөгелме ісіктерді эрадикациялау (болдырмау) үшін алдын алу жолдары. Бұл әдістің негізгі мақсаты - науқастың өмірін ұзарту, ісіктің қайта пайда болмауын тежеу, ісіктің қайталанбау мерзімін (рецидивсіз) ұзарту болып саналады.. 

    ДДҰ -ның (ВОЗ) шешімі бойынша, химиотерапияның емдік әсерін бағалау үшін мына 4 өлшем (критерий) қабылданған:

· ісіктің толық жойылуы,

· жартылай жойылуы – 50 пайыздан аса азайуы,

· ісіктің өсуін тұрақтандыру - 50 пайызына дейін азайуы,

· ісіктің одан әрі дамуы – бұрынғы ісік ошағының ұлғайып, басқа да зақымданулардың пайда болуы.

Химопрепараттардың жіктелуі:

1. Алкилдендіруші топ (хлорэтиламиндер, этилениминдер, эпоксидтер, алкилсульфонаттар) бензотэф, тиотэф, новоэмбихин, лейкоран, дегранол, допан, циклофосфан, сарколизин, этимидин, миелосан

2. Антиметаболиттер тобы – метатрексат, 5-фторурацил, фторафур

3. Алкалоидтар, өсімдіктен алған препараттар – колхамин, винбластин, винкрестин.

4. Антибиотиктер – актиномицин С, Д, оливомицин, рубомицин т.б.

5. Гормондар – метилтестесторон, синестрол, хонван т.б.  

1. Алкилді препараттар клетканың  ядросындағы дезоксирибонуклеин (ДНК) қышқылымен әрекеттесіп, химиялық алкилді реакция туғызып, олардың тіршілігін бұзып, өсірмей қояды. Бұлар қосымша тағы иммундық жүйені тежейді. Сонымен алкилді химиялық реакция деп, кез келген органикалық қосындыдағы сутегі атомының, бір валентті көмірсутегі май радикалымен алмасуын айтады. Кейінгіні алкилді топ дейді.

Алкилді топтағы негізгі дәрілер:

· циклофосфамид;

· сарколизин;

· тиофосфамид;

· гидрофосфамид;

· платин қоспалары:

· нитрозомочевиндер және т.б.

    Бұлардың көбісі жергілікті жерде, теріні тітіркендіреді, сондықтан тамыр арқылы егу керек.  

Алкилді топтағы химиопрепараттардың н егізгі зиянды әрекеттері:

1. Ас қорыту жолдарына,

2. Қан клеткаларына,

3. Бүйрекке,

4. Жүйке  жүйелеріне әсер етеді.

5. Кейбіреулері  мутациялық және тератогендік (клетканы мүлдем басқаша етіп өзгертуі) қасиеттері бар.

    Алкилді топтағы химиопрепараттардың бірнеше қосымша топтамалары бар, солардың бірі платин қоспалары, бұлар (цисплатин және карбоплатин) көптеген ісіктерде бірінші ретте (деңгейде-ақ) қолданады.

    Цисплатин  өте белсенді, әрі улы дәрі. Басқа алкилді дәрілермен қатар ол қанды, асқазанды, бүйректі, жүйкені, есту жүйелерін зақымдайды Карбоплатин кішкене жұмсақтау жүреді (цисплатинмен салыстырғанда.) Оксалиплатин -жаңа препарат, оны аурулар жеңіл көтереді, бүйрек және есту жүйелері аз зақымданады және ісікке қарсы қасиеті жоғары.

    Нитрозомочевина топтарындағы дәрілер (кармустин, ломустин, араноза, мюстофоран) меланомада, ұйқы без (стрептозотоцин) өкпе, лимфа бездеріндегі қатерлі ісіктерде пайдаланады. Бұлардың бәрі май бар жерде еріп кетеді,яғни қан, ми тосқауылдарынан өтеді, сондықтан олар орталық ми жүйесіндегі ісіктерде (мюстофоран, нидран) жиі қолданады. Қан жүйесіне кешіктіріп барып зиянды ықпал тигізуіне байланысты (емнен кейін 6-8 апта өткен соң) аталмыш дәрілерді алған ауруларға ем біткен соң екі ай ішінде қанға талдау жасалыну қажет.

      Антиметаболиттерге тән қасиет, ол клетка  ішіндегі зат алмасу үрдістеріне қажетті заттарға - метаболиттерге өте - ұқсас келеді. Бұларсыз зат алмасу үрдісі жүрмейді, ал антиметоболиттер осы заттарды үзіп тастайды да, алмасу үрдісін бұзады (пурин, пиримидин, тимидин қышқылдары өнбей қалады). Клиникалық тәжірибеде осы топтың негізгі дәрілері - метатрексат, 5-фторурацил, фторафур, меркаптопурин. Кейіннен пайда болғандарға гемцитабин, UFT, капецитабин, томудекс т.б. жатады.

    Ісікке қарсы антибиотиктер (ІҚА) -  нуклеин қышқылын тежейді, ал бұл қышқылсыз ДНК пайда болмайды. ДНК-мен химиялық реакцияға ІҚА түсіп, ферменттердің әрекеттерін тежеп, жоққа шығарады.

Ісікке қарсы антибиотиктер ге саңырауқұлақтың тіршілігінен өнген дәрілер кіреді. Олардың дәрілік қасиеттері 15-тен астам саңырауқұлақтарда табылған; жиі қолданылатындары: доксорубицин, эпирубицин, митомицин С, блеомицин, дактиномицин, митоксантрон.

          Антибиотиктердің ішінде доксорубицин (адриамицин) көптеген ісік ауруларында (өкпе, сүт, қалқанша бездері, өңеш, бауыр, жыныс-несеп мүшелеріндегі ракта, сүйек және жұмсақ тін дердегі саркомаларда, гемобластоздарда) қолданады. Қан және асқазан мен ішек клеткаларына  зиянды әрекет етумен  қатар антибиотиктер жүрек жұмысын нашарлатады, теріге тисе оны күйдіреді, өлі еттендіреді.

Өсімдіктерден өндірілген ісікке қарсы дәрілер:

· винбластин,

· винкрестин,

· навельбин,

· виндезин,


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: