Кредит саны: 4 кредит 22 страница

Сабақтың мақсаты: Студенттерге етістік туралы түсінік бере отырып, оның өзіндік лексика-грамматикалық ерекшеліктерін меңгерту.  

Сауалнама: 1. Тұйық етістік дегеніміз не?

                2. Тұйық етістіктің білдіретін мағынасы қандай?

Әдістемелік нұсқау: Тұйық етістік, оның білдіретін мағынасы (конспектілеу)

Ұсынылатын әдебиеттер: 1. А.Ысқақов Қазіргі қазақ тілі. Морфология.- Алматы,1991ж.

                             2. Қазақ тілінің грамматикасы. – Астана,2002ж.

                             3. И.Маманов. Қазіргі қазақ тілі. Етістік. – Алматы, 1966.

 

Тақырып 25. «Етістіктің көсемше және есімше категориялары»

Сабақтың мақсаты: Студенттерге етістіктің көсемше және есімше категориялары туралы түсінік бере отырып, оларды етістіктің жақ категориясымен байланыстыра қарастыру.

Сауалнама: 1. Етістіктің жақ категориясы - қандай категория? Мән-мағынасын ашыңыз.

Әдістемелік нұсқау: Етістіктің жақ категориясы (конспектілеу).

Ұсынылатын әдебиеттер: 1. А.Ысқақов Қазіргі қазақ тілі. Морфология.- Алматы,1991ж.

                             2. Қазақ тілінің грамматикасы. – Астана,2002ж.

                             3. И.Маманов. Қазіргі қазақ тілі. Етістік. – Алматы, 1966.

 

Тақырып 26. «Сыпат категориясы»

Сабақтың мақсаты: Студенттерге етістіктің сыпат категориялары туралы түсінік бере отырып, оның мән-мағынасын меңгерту.

Сауалнама: 1. Сыпат категориясы дегеніміз не?

Әдістемелік нұсқау: Етістіктің сыпат категориясы (конспектілеу)

Ұсынылатын әдебиеттер: 1. А.Ысқақов Қазіргі қазақ тілі. Морфология.- Алматы,1991ж.

                             2. Қазақ тілінің грамматикасы. – Астана,2002ж.

                             3. И.Маманов. Қазіргі қазақ тілі. Етістік. – Алматы, 1966.

 

Тақырып 27. «Шақ категориясы»

Сабақтың мақсаты: Студенттерге етістіктің шақ категориялары туралы түсінік бере отырып, оның түрлерін меңгерту.

Сауалнама: 1. Етістіктің қандай шақтары бар?

                2. Олардың мағынасына сипаттама беріңіз.

Әдістемелік нұсқау: Етістіктің шақтары, олардың семантикасы (конспектілеу).

Ұсынылатын әдебиеттер: 1. А.Ысқақов Қазіргі қазақ тілі. Морфология.- Алматы,1991ж.

                             2. Қазақ тілінің грамматикасы. – Астана,2002ж.

                             3. И.Маманов. Қазіргі қазақ тілі. Етістік. – Алматы, 1966.

 

Тақырып 28. «Үстеу, оның лексика-грамматикалық сипаты»

Сабақтың мақсаты: Студенттерге үстеу туралы түсінік бере отырып, оның өзіндік лексика-грамматикалық ерекшеліктерін меңгерту, морфологиялық құрылымы туралы мағұлмат беру.   

Сауалнама: 1. Үстеу морфологиялық құрылымы жағынан қандай бөліктерге бөлінеді?

                2. Туынды түбір және күрделі үстеулердің жасалу жолдарын мысалдармен дәлелдеңіз.

Әдістемелік нұсқау: Күрделі үстеулер, олардың жасалу жолдары (конспектілеу)

Ұсынылатын әдебиеттер: 1. А.Ысқақов Қазіргі қазақ тілі. Морфология.- Алматы,1991ж.

                                         2. Н.Оралбаева. Қазақ тілінің сөзжасамы.- Алматы, 2002ж.

                                         3. Қазақ тілінің грамматикасы. – Астана,2002ж.

 

Тақырып 29. «Еліктеу сөздердің лексика-грамматикалық сипаты»

Сабақтың мақсаты: Студенттерге еліктеуіштер туралы түсінік бере отырып, оның өзіндік лексика-грамматикалық ерекшеліктерін меңгерту, морфологиялық құрылымы туралы мағұлмат беру.   

Сауалнама: 1. Еліктеу сөздер морфологиялық құрылымы жағынан қандай бөліктерге бөлінеді?

2.Туынды түбір және күрделі еліктеуіштердің жасалу жолдарын мысалдармен дәлелдеңіз.

Әдістемелік нұсқау: Еліктеу сөздер - өз алдына сөз табы (дискуссия)

Ұсынылатын әдебиеттер: 1. А.Ысқақов Қазіргі қазақ тілі. Морфология.- Алматы,1991ж.

                                         2. Н.Оралбаева. Қазақ тілінің сөзжасамы.- Алматы, 2002ж.

                                         3. Қазақ тілінің грамматикасы. – Астана,2002ж.

 

Тақырып 30. «Шылау және оның түрлері. Одағай»

Сабақтың мақсаты: Студенттерге шылау және одағай сөздер туралы түсінік бере отырып, олардың өзіндік лексика-грамматикалық ерекшеліктерін меңгерту, түрлерін түсіндіру.

Сауалнама: 1. Шылаудың атқаратын қызметі не?

                2. Одағайдың қандай түрлері бар?

Әдістемелік нұсқау: Одағайдың түрлерін көркем әдебиеттегі мысалдармен түсіндіру

Ұсынылатын әдебиеттер: 1. А.Ысқақов Қазіргі қазақ тілі. Морфология.- Алматы,1991ж.

                                             2. Қазақ тілінің грамматикасы. – Астана,2002ж.

 

XI. ОҚУ, ӨНДІРІСТІК ЖӘНЕ ДИПЛОМ АЛДЫ ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

 

«Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы мен сөзжасамы» пәні бойынша оқу, өндірістік, диплом алды тәжірибе қарастырылмаған.

 

XII. СТУДЕНТТІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ МАТЕРИАЛДАРЫ

 

Қорытынды бақылауға (емтиханға) дайындық сұрақтары.       

                                                        

1. Сөзжасам пәні, оның мақсаты мен мазмұны

2. Сөзжасамның зерттеу объектісі

3. Сөзжасамның зерттелу жайы

4. Сөзжасамның тіл білімінің басқа салаларымен байланысы

5. Сөзжасамның морфологиямен байланысы

6. Тіліміздегі сөзжасамдық тәсілдер

7. Сөзжасамдық бірліктерге

8. Түбір сөздердің сөзжасамдық қызметі

9. Конверсиялық жұрнақтың қызметі

10. Инверсиялық жұрнақтың қызметі

11. Синоним жұрнақтар

12. Өлі, тірі жұрнақтар

13. Өнімді, өнімсіз жұрнақтар

14. Сөзжасамның синтетикалық тәсілі

15. Сөзжасамның аналитикалық тәсілі

16. Сөзжасамның лексико-семантикалық тәсілі

17. Сөзжасамдық мағына

18. Сөзжасмдық тізбек

19. Сөзжасамдық ұя

20. Туынды сөздер

21. Туынды түбір мен туынды сөздің арақатынасы

22. Күрделі сөздер, олардың түрлері

23. Біріккен сөздер, олардың жасалу жолдары

24. Қос сөздер, олардың жасалу жолдары

25. Тіркескен сөздер, олардың жасалу жолдары

26. Қысқарған сөздер, оларды жасалу жолдары

27. Синтетикалық тәсілмен жасалған туынды түбір сын есімдер

28. Аналитикалық тәсілмен жасалған күрделі сын есімдер

29. Синтетикалық тәсілмен жасалған туынды түбір сан есімдер

30. Аналитикалық тәсілмен жасалған күрделі сан есімдер

       31. Синтетикалық тәсілмен жасалған туынды түбір есімдіктер

       32. Аналитикалық тәсілмен жасалған күрделі есімдіктер

33. Синтетикалық тәсілмен жасалған туынды түбір үстеулер

34. Аналитикалық тәсілмен жасалған күрделі үстеулер

35. Синтетикалық тәсілмен жасалған туынды түбір етістіктер

36. Аналитикалық тәсілмен жасалған күрделі етістіктер

37. Тірек компонент

38. Күрделі етістіктерді байланыстырушы элементтер

39. Құранды етістіктер

40. Грамматика және оның салалары

41. Морфология және синтаксистің зерттеу объектісі

42. Тілдің грамматикалық құрылысы туралы түсінік

43. Морфологияның зерттелу жайы

44. Негізгі грамматикалық ұғымдар туралы түсінік

45. Грамматикалық мағына және оның түрлері

46. Грамматикалық мағынаның берілу жолдары мен тәсілдері

47. Грамматикалық форма

48. Грамматикалық категория

49. Сөздерді таптастырудың негізгі принциптері, ол принциптердің мәні мен сипаты

50. Сөз таптарының шығуы мен дамуы

51. Қазақ тіліндегі сөз таптары

52. Зат есімнің анықтамасы

53. Зат есімнің лексико-семантикалық, грамматикалық топтары

54. Зат есімнің морфологиялық құрылысы

55. Зат есімнің синтаксистік қызметі

56. Көмекші есімдер

57. Зат есімнің көпше түрі

58. Зат есімнің жіктелуі

59. Зат есімнің тәуелденуі

60. Зат есімнің септелуі

61. Сын есім, оның анықтамасы

62. Сын есімнің өзге сөз таптарынан лексика-грамматикалық ерекшелігі

63. Сын есімнің түрлері

64. Сын есімнің морфологиялық құрылысы

65. Сын есімнің шырайлары

66. Сын есімнің синтаксистік қызметі

67. Сан есімнің лексика-грамматикалық ерекшелігі

68. Сан есімдердің түрлері

69. Сан есімнің морфологиялық құрылысы

70. Сан есімдердің түрленуі

71. Синтаксистік қызметі

72. Есімдіктің лексика-грамматикалық ерекшелігі

73. Есімдіктің мағыналық түрлері

74. Есімдіктің морфологиялық құрылысы

75. Есімдіктің түрлену ерекшелігі

76. Етістік, оның өзге сөз таптарынан лексика-грамматикалық ерекшелігі

77. Етістіктің лексика-семантикалық топтары

78. Етістіктің морфологиялық сипаты және жасалу жолдары

79. Салт-сабақты етістіктер

80. Болымды-болымсыз етістіктер

81. Көсемше және оның жасалу жолдары

82. Есімше, оның жасалу жолдары

83. Есімшенің етіктікке және есімдерге жақындастыратын белгілері

84. Есімшенің көсемшеден айырым белгілері

85. Етістіктің рай категориясы

86. Рай түрлері

87. Етістіктің етіс категориясы

88. Етіс түрлері

89. Етістіктің шақ категориясы

90. Шақ түрлері және оның атаулары жөніндегі қазақ тіл біліміндегі ғалымдар пікірлері

91. Үстеудің лексика-грамматикалық ерекшелігі

92. Үстеудің мағыналық түрлері

93. Үстеудің морфологиялық құрылысы

94. Үстеудің синтаксистік қызметі

95. Еліктеу сөздердің лексика-грамматикалық ерекшелігі

96. Еліктеу сөздердің мағыналық түрлері

97. Еліктеу сөздердің фонетика-морфологиялық сипаты

98. Еліктеу сөздердің синтаксистік қызметі

99. Шылаулардың лексика-семантикалық сипаты

100. Шылаулардың түрлері, олардың қызметі

101. Одағай, оның сөз табы ретіндегі ерекшелігі

102. Одағайдың мағыналық түрлері

103. Одағайдың синтаксистік қызметі

 


Тест тапсырмалары

 

Грамматика дегеніміз

А) Жеке сөздердің нақты мағыналарын, олардың қайдан шығып, қалай қалыптасқандығын зерттеп сипаттайды

В) Сөздердің функциянальды-стильдік сипаттарын қарастырады

С) Сөздердің түрлену жүйесі мен грамматикалық мағыналарын, олардың арасындағы байланыс,сөздердің бір-бірімен тіркеске түсіп, сөйлем құрау сияқты қасиеттерін қарастырады

D) Тіліміздегі дыбыстарды, олардың түрлерін, дыбыстардың бір-біріне үндестігін, буын т.б. мәселелерді қарастырады

Е) Тіліміздегі сөздердің жасалуын, сөзжасам тәсілдерін, туынды сөздер, олардың түрлерін зерттеп,қарастырады

2 Грамматика зерттеу объектілерінің ерекшеліктеріне қарай неше салаға бөлінеді?

А) 4

В) 3

С) 2

D) Бөлінбейді

Е) 5

3 Негiзгi грамматикалық ұғымдар көрсетiлген қатар

A) Грамматикалық мағына, лексикалық мағына, сөзжасам

B) Грамматикалық тәсiл, грамматикалық құрылыс, грамматикалық ұғым

C) Грамматикалық категория, грамматикалық форма, грамматикалық мағына

D) Грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық тәсiл, грамматикалық категория

E) Грамматикалық құрылыс, грамматикалық мағына, грамматикалық тәсiл

4 Жалпы грамматикалық мағына дегеніміз

А) Грамматикалық форма арқылы берілетін мағына

В) Лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы пайда болатын мағына

С) Сөздің басқа сөздермен тіркесуі арқылы пайда болатын мағына

D) Негізгі сөзге көмекші сөздің тіркесуі арқылы пайда болатын мағына

Е) Дауыс ырғағы, интонация арқылы берілетін мағына

5 Грамматикалық форма арқылы берілетін мағына қай тәсілмен жасалады?

А) Синтетикалық тәсіл

В) Аналитикалық тәсіл

С) Семантикалық тәсіл

D) Аралас тәсіл

Е) Синтаксистік тәсіл

6 Грамматикалық категория дегеніміз

А) Белгілі топтағы сөздердің қосымшалар, грамматикалық тұлғалар арқылы белгілі жүйелі парадигма бойынша түрленуі болып табылады

В) Грамматикалық мағыналар жиынтығының белгілі грамматикалық формалар жүйесі сияқты арнайы грамматикалық тәсілдер арқылы берілуі

С) Айналадағы заттар мен құбылыстардың біздің санамызда бейнеленуінің нәтижесінде пайда болатын ұғым

D) Лексикалық мағынаның жалпыланып, абстракциялануы арқылы жалпы грамматикалық мағынаның пайда болуын айтамыз

Е) Ешбір грамматикалық тұлғасыз – ақ белгілі бір грамматикалық мағынаның берілуін айтамыз

7 Түбір дегеніміз

А) Сөздердің морфологиялық тұрғыдан әрі қарай бөлшектеуге келетін бөлігі

В) Сөздердің ең түпкі мағынасыз бөлігі

С) Сөздердің морфологиялық тұрғыдан әрі қарай бөлшектеуге келмейтін мағыналы бөлшегі

D) Сөздерді морфемаларға ажыратуға болатын бөлшегі

Е) Білмеймін

8 Аналитикалық тәсіл арқылы мағына берілетін сөзді табыңыз

А) Қып – қызыл

В) Қызыл

С) Қызылдау

D) Қызғыш

Е) Қызанақ

9 Сөздердi топтастыруға негiз болатын семантикалық, морфологиялық, синтаксистiк белгiлердiң қайсысы негiзгi?

A) Үшеуi бiрдей дәрежеде

B) Морфологиялық

C) Синтаксистiк

D) Семантикалық

E) Морфологиялық және синтаксистiк

10 Сөздерді таптастырудағы морфологиялық принципі

А) Сөздердің зат атауын, сапалық сынын, санын, әр түрлі қимыл, іс - әрекетін білдіруі

В) Сөздердің сөйлемде өзіне тән белгілі қызмет атқаруы

С) Сөздердің тіркесу сипаты

D) Сөздердің түрлену жүйесі

Е) Сөздердің қолданылу аясы

11 Атауыш сөздер қатарын табыңыз

А) Туралы, ағайын, сары

В) Туыс, бауыр, көңіл

С) Жаз, кет, себебі

D) алды, түбі, кейін

Е) Және, алты, алыс

12 Зат есiмдер семантикалық және грамматикалық сипаты жағынан қандай топқа бөлiнедi?

A) Жеке және көптiк мәндi зат есiмдер

B) Конкреттi және абстракты зат атаулары

C) Эмоционалды – экспрессивтi зат есiмдер

D) Жалпы, жалқы есiмдер

E) Бәрі де дұрыс

Абстрактілі зат есім

А) Жаңбыр                

В) Төбешік

С) Каспий теңізі

D) Зұлымдық

Е) Аспан

14 Бір – біріне ұқсас нәрселер мен құбылыстардың, жан – жауарлардың жалпылама атауышы, ортақ атауы ретінде жұмсалатын есім

А) Жалқы есім

В) Жалпы есім

С) Көптік мәнді есім

D) Ғаламзат есім

Е) Адамзат есім

15 Жіктік жалғауының II жағында тұрған сөзді табыңыз

А) Азаматсың

В) Азаматпыз

С) Азаматқа

D) Азаматпен

Е) Азамат

16 Табыс септігіндегі сөзді табыңыз

А) Көрді

В) Келісті

С) Қатты

D) Мені

Е) Жеді

17 Қатыстық сын есім дегеніміз

А) Семантикалық жағынан заттың әр алуан сын – сипатын, сапалық белгілерін, түр – түсін білдіретін сын есім

В) Бір заттың белгісін басқа бір заттың, іс - әрекеттің, сынның қатысы арқылы білдіретін сын есім

С) Бір заттың сынын, белгісін күшейтіп, не асыра көрсететін сын есім

D) Бір заттың сынын, я сипатын, түсін, екінші заттың сынымен салыстырып білдіретін сын есім

Е) Басқа тілдерден енген сын есім

18 Сын есімнің салыстырмалы шырай категориясындағы сөз

А) Көкшіл

В) Көгер

С) Көген

D) Көк ала

Е) Көк

19 Сын есімнің негізгі атқаратын қызметі

А) Бастауыш

В) Толықтауыш

С) Анықтауыш

D) Пысықтауыш

Е) Баяндауыш

20 Қазір қолданыстан түсіп қалған сан есім

А) Мың

В) Миллиард

С) Түмен

D) Он мың

Е) Жетпіс

21 Бірлік сандар қатарын табыңыз

А) Қырық, сексен

В) Алты жүз, тоғыз жүз

С) Бес мың, бір мың

D) Он, тоғыз

Е) Отыз, төрт

22 Сөздердің тіркесуі арқылы жасалатын сан есімдер қалай аталады?

А) Негізгі сан есім

В) Реттік сан есім

С) Күрделі сан есім

D) Дара сан есім

Е) Түбір сан есім

23 Қосылмалы тәсілмен жасалған күрделі сан есімді табыңыз

А) Жиырма

В) Екі жүз

С) Үш жүз он

D) Алпыс бес

Е) Бес - алты

24 Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

А) 8                                                          

В) 7

С) 6

D) 5

Е) 4

25 Есімдіктерді өзге сөз таптарынан бөліп, жеке даралап тұратын морфологиялық ерекше белгісі

А) Сөзжасам жұрнақтарының барлығы

В) Сөйлемде синтаксистік қызмет атқаруы

С) Есімдіктердің бәріне ортақ белгілі бір формалар немесе өзгеру тәсілдерінің жоқтығы

D) Лексика – семантикалық жақтан бөлінуі

Е) Жалғаулар арқылы түрленуі

26 Белгiсiздiк есiмдiгiнен тұратын қатар.

A) Мен, анау, сол, өз

B) Бұл, қай, кiм

C) Қайсыбiр, бiреу, әлдекiм

D) Әлденеше, неше, сен

E) Біз, неге, мiне

27 Атрибутивтік есімдіктер қай сөз табының орнына қолданылады?

А) Зат есімнің

В) Сын есімнің

С) Етістіктің

D) Үстеудің

Е) Еліктеуіштің

28 Күрделі есімдікті табыңыз

А) Барша

В) Күллі

С) Әлдеқашан

D) Өздері

Е) Осынау


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: